Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес ұйымдар қайта аталсын.
      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.
      5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
1-қосымша    

Қайта аталатын кәсіпорындардың тізбесі

      1. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
      2. «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
      3. Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
      5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      6. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Республикалық спорт колледжi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Республикалық спорт колледжi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      8. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      9. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      11. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      13. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      14. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.
      15. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      16. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      17. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      18. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      19. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      20. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      21. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      22. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Сарыарқа» республикалық велотрегi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      23. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      24. «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлiк қоғамы «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлiк қоғамына.
      25. «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамы «Қазспортинвест» акционерлік қоғамына.
      26. «Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкімет құрамына кірмейтін, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесi салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де арнайы атқару және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының КонституциясынаҚазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады.
      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. Агенттік өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. Агенттіктің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33.
      9. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» мемлекеттiк мекемесi.
      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Агенттіктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      12. Агенттікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Агенттіктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Агенттікке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Агенттіктің негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      13. Агенттіктің негiзгi мiндеттері:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
      14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқаруды, үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      3) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
      4) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекітеді;
      5) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;
      6) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      7) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      8) спорт түрлерi, оның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
      9) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға дайындауды әрi қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      10) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн дене шынықтыру мен спорттың практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiреді;
      11) спорттағы допингке қарсы iс-шараларды жүргiзуге бақылауды жүзеге асырады;
      12) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      13) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасасады және орындайды, халықаралық спорттық ұйымдарда және халықаралық спорттық iс-шараларда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
      14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды береді: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, спорттан жоғары санатты ұлттық төреші, спорттан ұлттық төреші;
      15) спорт түрлерiнен республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуді жүзеге асырады;
      16) Президенттік тестілерді өткізу ережесін әзiрлейдi;
      17) спорттық ғимараттарды пайдаланудың нормалары мен қағидаларын, спорттық ғимараттарға техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзiрлейдi және бекiтедi;
      18) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз етудің және республикалық спорттық іс-шаралардың қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің нормативтерін әзірлейді;
      19) дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      20) жаттықтырушылар, нұсқаушылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      21) спорт түрлерiнен жоғары дәрежелi спортшыларды даярлау жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;
      22) спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу тәртібін айқындайды, спорттық киiмдер мен басқа да спорттық жабдықтарды безендiру кезiнде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
      23) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды берудің тәртібін айқындайды;
      24) Дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорттық) қозғалысы субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастыру қағидасын бекiтедi;
      25) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерi мен спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру қағидасын бекiтедi;
      26) Спорт түрлерi бойынша жарыстар қағидасын бекiтедi;
      27) Спортшының бiр дене шынықтыру-спорттық ұйымынан, дене шынықтыру-спорттық қоғамынан (спорттық клубтан) басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымына, дене шынықтыру-спорттық қоғамына (спорттық клубқа) өту қағидасын бекiтедi;
      28) дене шынықтыру-спорттық және балалар мен жасөспiрiмдер спорттық ұйымдарында оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесiнiң кезеңдерiн бекiтеді;
      29) жыл сайын түрлi спорт түрлерiнен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамын бекiтеді;
      30) спорт түрлерi бойынша бас және мемлекеттiк жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және босатады;
      31) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бағалау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру  парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлейді және бекітеді;
      32) Қазақстан Республикасының спорт түрлерiнен құрама командаларының мүшелерiне, олар республикалық жарыстардан жарақат алған және мертiккен кезде бюджет қаражаты есебiнен өтемақы төлеудi жүзеге асырады;
      33) Қазақстан Республикасының спорт түрлерiнен құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға дайындау мен қатысу кезiнде бюджет қаражаты есебiнен сақтандыруды жүзеге асырады;
      34) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді;
      35) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      36) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;
      37) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      38) ойын бизнесі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      39) спорттық ғимараттар құрылысына арналған жобалық құжаттаманы келіседі және спорттық мүкәммалды жасау кезінде әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      40) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында сертификаттау мен стандартттауға қатысады;
      41) тұрғын үй аудандарын, мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарының әкімшілік ғимараттарын қолданыстағы қала құрылысы нормалары негізінде спорттық ғимараттармен қамтамасыз етудің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      42) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
      43) гендерлік саясатты жүзеге асырады.

3. Агенттіктің қызметiн ұйымдастыру

      15. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағаның орынбасарлары болады.
      Төраға Агенттікке басшылықты жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
      16. Агенттік Төрағасы:
      1) Агенттікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіреді;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      3) Агенттікте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ережесін, құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      17. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiсiм бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
      18. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң, Агенттік Төрағасының орнынан түсуi жауапты хатшының өкiлеттiгiнiң тоқтауына әкелмейдi.
      19. Жауапты хатшы:
      1) Агенттік Төрағасы қалыптастыратын саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Агенттіктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
      3) Агенттіктің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      4) Агенттік Төрағасымен келiскеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Агенттіктің құрылымы мен штат санын бекiтедi;
      5) Агенттік Төрағасымен келiскеннен кейiн Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Агенттіктің тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметiнiң жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Агенттіктің қызметiн қамтамасыз ету және оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудi ұйымдастырады;
      8) Агенттіктің Төрағасымен келiскеннен кейiн Агенттік департаменттерiнiң және басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      10) Агенттік Төрағасымен келiсiм бойынша Агенттіктің қызметкерлерiн iссапарға жiберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;
      11) Агенттік Төрағасымен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Агенттік қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;
      12) Агенттіктің Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Агенттік Төрағасы бекiтетiн стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Төрағаға бекiтуге ұсынады;
      14) Агенттіктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, бюджеттiк өтiнiмдi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн Агенттік Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;
      15) Агенттік Төрағасымен келiсілгеннен кейiн Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi;
      16) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      17) Агенттіктің құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Агенттікке келiсуге келіп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      19) өз өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттікті бiлдiредi;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттар мәтіндерін дәйектейді, қол қояды және қабылдайды;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      20. Жауапты хатшы:
      1) Агенттік аппаратының қызметкерлерiне орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттiк органдан, лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актiлер қабылдауға құқылы.
      21. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.
      22. Агенттіктің Төрағасы жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттік Төрағасы бекiтедi.
      23. Агенттік қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыреттерi мен өкiлеттiктерi Агенттік жұмысының регламентiмен және Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелері туралы ережелерімен белгiленедi.

4. Агенттіктiң мүлкi

      24. Агенттіктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Агенттіктің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге мүлiк есебінен қалыптасады.
      25. Агенттікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      26. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің өзiне бекiтiлген мүлiктi және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Агенттікттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.09 N 435 Қаулысымен.

1. Республикалық мемлекеттiк мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
      4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесi.

2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      6. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      7. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Республикалық спорт колледжi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      8. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      9. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      10. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      11. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      12. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      13. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      14. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      15. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      16. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      17. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      18. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      19. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      20. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      21. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      22. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Сарыарқа» республикалық велотрегi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      23. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      23-1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер

      24. «SPORT&кs» газетiнiң редакциясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
      25. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

4. Акционерлiк қоғамдар

      26. «Орталық жүзу бассейнi» акционерлiк қоғамы.
      27. «Су спорты түрлерiнiң республикалық орталығы» акционерлік қоғамы.
      28. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы.
      29. «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі».
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіңде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірлері 21-72, 21-73-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-72. «Қазспортинвест» АҚ
      21-73 «Спорт индустриясын материалдық техникалық қамтамасыз ету» АҚ»;
      «Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 123-116-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «123-116. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» ЖШС.
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне»;
      реттік нөмірлері 297, 298 және 298-2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «297. «Қазспортинвест» АҚ
      298. Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ»;
      298-2. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» ЖШС»;
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетіне» деген бөлімнің тақырыбы алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 15 2006 ж., 145-құжат):
      1-тармақтың 1), 2) тармақшалары, 5-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген бөлім алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      52. «Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамы 100%
      52-1. «Су спорты түрлерінің республикалық орталығы» акционерлік қоғамы 100%
      51-2. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы 100%»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі»;
      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы 100%»;
      реттік нөмірі 23-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-2. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына  
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігі тиісті саланың уәкілетті органы болып табылатын
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Республикалық спорт колледжi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      6. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      7. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      8. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      9. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      10. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      11. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      12. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      13. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      14. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      15. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      16. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      17. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      18. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Сарыарқа» республикалық велотрегi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      19. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
3-қосымша    

Акцияларының мемлекеттік пакеттеріне жарғылық капиталындағы
қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігіне берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі

      1. «Орталық жүзу бассейнi» акционерлiк қоғамы.
      2. «Су спорты түрлерiнiң республикалық орталығы» акционерлік қоғамы.
      3. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы.
      4. «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы.
      5. «SPORT&кs» газетiнiң редакциясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
      6. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.