Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
"33-1) геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік геодезиялық бақылауды жүзеге асыру;";
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"37) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау мен есепке алу;";
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
"37-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен геодезиялық және картографиялық қызметпен айналысуға лицензиялар берілген (тоқтатылған) салық төлеушілер туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрында қамтылған жер пайдаланушылар және жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді салық қызметі органдарына беру;";
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"38) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру;".
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов