"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 98 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
      15-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "33-1) геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік геодезиялық бақылауды жүзеге асыру;";
      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "37) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау мен есепке алу;";
      мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "37-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен геодезиялық және картографиялық қызметпен айналысуға лицензиялар берілген (тоқтатылған) салық төлеушілер туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрында қамтылған жер пайдаланушылар және жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді салық қызметі органдарына беру;";
      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "38) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру;".
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов