"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 Қаулысы

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 87 қаулысымен   
бекітілген     

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
      2. Осы Санитариялық қағидалар:
      1) құрылысқа жер учаскесін таңдау;
      2) жобалау, салу, қайта жаңарту;
      3) үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау;
      4) медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму;
      5) науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ медицина персоналының еңбек жағдайлары;
      6) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялауды жүргізу;
      7) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
      3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) антисептик – микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент;
      2) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
      3) асептикалық режим – микробтардың жараға түсуінің алдын алатын санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені;
      4) асептикалық бөлімше – науқаста іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жай;
      5) бокс – сырттан науқас келіп түсуіне арналған, жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;
      6) жеке босандыру палатасы немесе бірге болу палатасы – босанатын бір әйелді босандыруға арналған, санитариялық торабы бар, босанған әйел жаңа туған нәрестесімен стационардан шыққанға дейін болатын, жабдықталған үй-жай;
      7) медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК) – медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет қолданылатын сыйымдылықтар;
      8) медициналық қалдықтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық мапипуляциялар жүргізу үдерісінде пайда болатын қалдықтар;
      9) қауіпті емес қалдықтар – қатты тұрмыстық қалдықтарға ұқсас, пациенттердің биологиялық сұйықтықтарымен, инфекциялық науқастармен жанаспайтын қалдықтар (тұтынушылық қасиетінен айырылған кеңсе құралдары, қаптама, жиһаз, мүкәммал, аумақты жинағаннан қалған қоқыс, орталық ас блоктарының, сондай-ақ инфекциялық, оның ішінде фтизиатриялық қызметтен басқа, медициналық қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымның барлық бөлімшелерінің тамақ қалдықтары) – А сыныбы;
      10) эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар (қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар, патологоанатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар: ағзалар, тіндер, инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары, патогендігі 3-4 топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммундық биологиялық өндірістердің қалдықтары, виварийлердің биологиялық қалдықтары, пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар) – Б сыныбы;
      11) төтенше эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – (инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен жанасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында төтенше жағдайлардың пайда болуына алып келуі мүмкін және аумақты санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін материалдар, патогендігі 1-2 топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін зертханалардың, фармацевтикалық және иммундық биологиялық өндірістердің қалдықтары, фтизиатриялық стационарлардың емдеу-диагностикалық бөлімшелерінің қалдықтары, туберкулез қоздырғыштарымен жұмысты жүзеге асыратын микробиологиялық зертханалардың қалдықтары) – В сыныбы;
      12) токсикологиялық қауіпті қалдықтар – пайдалануға жатпайтын қалдықтар (дәрілік, оның ішінде цитостатика, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары), құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдық, фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары, жабдықты, көлікті, хабарландыру жүйесін пайдалану қалдықтары) – Г сыныбы;
      13) радиоактивті қалдықтар – (құрамындағы радионуклидтер белгіленген радиациялық қауіпсіздік нормаларының рұқсат етілген деңгейлерінен асатын, кез келген агрегаттық күйдегі қалдықтардың барлық түрлері) – Д сыныбы;
      14) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым – сырқаттанушылықтың алдын алу және оны төмендету, науқастарды анықтау, ауруханаға жатқызу, науқастарды стационарлық қадағалаумен, тексерумен, емдеумен және оқшаулаумен байланысты емес білікті медициналық көмек көрсету бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық етуші денсаулық сақтау субъектілері;
      15) санитариялық-эпидемияға қарсы режим – денсаулық сақтау объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және таратылуы жөніндегі іс-шаралар кешені;
      16) жылжымалы медициналық объект – арнайы медициналық жабдық орнатылған, дәрігер мамандардың кабинеттері бар көлік құралдары автомобиль, теміржол, теңіз, өзен) базасында орналасқан ұтқыр консультациялық-диагностикалық денсаулық сақтау объектісі;
      17) серіктестік босандыру – босанатын әйелге жақын адамдардың босану барысында бірге болуы және қатысуы;
      18) денсаулық сақтау объектілері – денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің қызметін жүзеге асыратын объектілер және денсаулық сақтау саласында медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;
      19) шлюз – үй-жайдың палата, бөлімше және жалпы дәліз арасындағы бөлігі.

2. Денсаулық сақтау объектілерін жобалауға, салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған жобалау құжаттамасын бекітуге, жаңадан салынған, қайта жаңартылған денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беруге осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды болған кезде рұқсат беріледі.
      5. Құрылысты жобалау кезінде топырағында органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластанулары бар, бұрын қоқыс үйінділеріне, ассенизация алқаптарына, мал қорымдарына, бейіттерге пайдаланылған аумақтардағы жер учаскелерін бөлуге жол берілмейді.
      6. Денсаулық сақтау объектілері тұрғын үй құрылысының аумағына, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден қашықтағы көкжелек немесе табиғи аймақтарға, қалалық, кенттік және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес орналасуы тиіс.
      7. Мамандандырылған денсаулық сақтау объектілері немесе ұзақ уақыт бойы науқастардың келуіне арналған қуаты 1000 төсектен артық кешендер, ерекше режимі бар, көрсетілген қуаттағы стационарлар (психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық және басқалары) қоныстану аумағынан кемінде 500 метр (бұдан әрі – м) қашықтықты сақтай отырып, қаладан тыс аймақта немесе шеткері аудандарда орналастырылады.
      8. Денсаулық сақтау объектілерін қоныстану аймағында орналастырған кезде емдеу және палаталы корпустар құрылыстың қызыл сызығынан 30 м және тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 м және темір жолдардан, әуежайлардан, жылдам жүруге арналған автомагистральдардан және басқа да су көздерінен алыста орналастырылады.
      Денсаулық сақтау объектілерінің аумағы арқылы қалалық (ауылдық) пайдаланудағы магистральдық инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау) өтпеуі тиіс.
      9. Денсаулық сақтау объектілері палаталарының және үй-жайларының ауданы осы Санитариялық қағидаларға 12 және 3-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
      Ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік-акушериялық пункттерді, медициналық пункттерді бір немесе бірнеше елді мекенге қызмет көрсетуді есепке ала отырып, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда орналастыруға жол беріледі. Тұрғын үй ғимараттарында орналастырған кезде көшеден кіретін бөлек есік көзделуі қажет.
      Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, оларға ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларға жеке кіру есігі болған кезде қуаты ауысымына 100 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде инфекциялық аурумен ауыратын науқастарға және алколголь мен есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған үй-жағдайларды қоспағанда, күндізгі стационарлары бар ұтымдарды орналастыруға жол беріледі.
      10. Тұрғын үй ғимаратында пациенттер тәулік бойы болатын стационарды, микробиологиялық (вирусологиялық, паразитологиялық) зертханаларды, магниттік-резонанстық томография бөлімшелерін орналастыруға жол берілмейді.
      Магниттік-резонанстық томографияға арналған үй-жайды жүкті әйелдерге, балаларға және кардиологиялық ауыратын науқастарға арналған палаталармен аралас (көлденең және тігінен) орналастыруға жол берілмейді.
      11. Көп бейінді ауруханалардың құрамына кіретін инфекциялық, психиатриялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелер жеке тұрған ғимараттарға орналастырылады.
      Жоспарлы оқшаулау кезінде және дербес желдету жүйесі бар болғанда туберкулезге қарсы бөлімшені қоспағанда, көрсетілген бөлімшелерді басқа бөлімшелермен бір ғимаратта орналастыруға жол беріледі.
      12. Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімшелерде көлік кіретін (адам кіретін) есік және көлікті дезинфекциялауға арналған алаң көзделуі қажет.
      13. Ғимараттардың цоколды және жертөле қабаттарында науқастарға арналған қабылдау және палаталы бөлімшелерді, электрмен-жарықпен емдеу кабинеттерін, босандыру бөлімшесін, операциялық, таңып-байлау, емшара, манипуляциялық, рентген кабинеттерін, шеберханаларды, улы, қатты әсер ететін, жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қоймаларын орналастыруға жол берілмейді.
      14. Ішкі үй-жайлары қатаң түрде аймаққа бөлінетін (стерилді аймақ, қатаң режим аймағы, «лас» үй-жайлар аймағы) септикалық және асептикалық операциялық блоктар (бөлімшелер) оқшауланған ғимаратта, ғимараттың жапсарлас блогында немесе оқшауланған секцияларында орналастырылады. Операциялық блокты басқа емдеу корпустарынан тыс орналастырған кезде жылытылған өтпелер көзделуі қажет. Кезек күттірмейтін хирургияға арналған операциялық бөлімшелерді қабылдау бөлімшесінің құрамында орналастыруға болады.
      15. Операциялық блоктарды бірінің үстіне бірін орналастырған кезде септикалық операциялық блоктар асептикалықтан жоғары орналастырылады.
      16. Операциялық блоктар (бөлімшелер) әрі-бері өтетін жолда болмауы тиіс. Персоналдың кіруі санитариялық өткізгіштер арқылы, науқастар үшін шлюздер арқылы көзделеді.
      17. Персоналға арналған санитариялық өткізгіштер үш көршілес үй-жай құрамында жобаланады. Бірінші үй-жай себезгімен, санитариялық тораппен жабдықталады. Екінші үй-жай таза хирургиялық костюмдер, аяқ киімдер, бахилалар кию үшін пайдаланылады. Операция өткізгеннен кейін персонал үшінші үй-жай арқылы пайдаланылған киім-кешекті жинауға арналған санитариялық өткізгішке қайта оралады.
      18. Операциялық блокта (бөлімшеде) мынадай үш бөлек ағынның қозғалысы қамтамасыз етілуі тиіс: «стерилді» (хирургтар мен операциялық мейірбикелер), «таза» (науқасты жеткізу, анестезиологтардың, кіші және техникалық персоналдың, таза киім-кешектің, дәрі-дәрмектердің өтуі), «лас» (медициналық қалдықтарды, пайдаланылған киім-кешекті, таңу материалын шығару).
      19. Асептикалық бөлімшелерді (блоктарды) немесе палаталарды қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды қарқынды химиялық емдеумен, алдын ала иммундық-депрессивтік емдеу фонында сүйек кемігі мен басқа да ағзаларды трансплантациялаумен, жіті сәуле ауруларымен, агранулоцитозбен, иммун жетіспеушілік жағдайымен өтетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеумен айналысатын денсаулық сақтау объектілерінде ұйымдастырады.
      20. Асептикалық бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді: науқастарға арналған гардеробы, ваннасы, себезгісі, дәретханасы бар санитариялық өткізгіш; персоналға арналған санитариялық өткізгіш, бір төсекке арналған боксталған палата, емшара, дәрігер кабинеті, буфет, стерилді материалды сақтауға арналған үй-жай.
      21. Бір науқасқа арналған боксталған палатаға бокс алдындағы бөлме, дәретханасы, жуынатын раковинасы, ваннасы және себезгісі бар палата кіреді. Бокс алдындағы бөлмеде персоналға арналған жуынатын раковина орнатылады.
      22. Асептикалық режимі бар бөлімшелерде, сәулелік диагностика және терапия бөлімшелерінде, технологиялық айналымы жабық бөлімшелер: зертхана, ас блогы, орталықтандырылған стерилдеу бөлімшелері (бұдан әрі – ОСБ), дәріхана, кір жуатын орын әрі-бері өтетін жолда болмауы тиіс.
      23. Микробиологиялық зертхана үй-жайлары зертхананың басқа үй-жайларынан оқшауланады. Микробиологиялық зертханаға келушілерге арналған кіретін есік сырт жақтан болуы тиіс.
      24. Қан қызметі ұйымдарында жұмыс түрлері бойынша технологиялық байланысқан өндірістік үй-жайлар функционалдық блоктар бойынша жобаланады. Донорларды медициналық куәландыру, зертханалық тестілеу және өнім сапасын бақылау, қан алу, өңдеу, сақтау және қан тапсыру үшін жеке үй-жайлар көзделеді. Нақты функционалдық блоктар үшін тұрмыстық үй-жайлар (гардероб, дәретханалар, персонал бөлмесі) көзделеді.
      25. Ана мен баланы қорғаудың дербес объектілері мен көп бейінді ауруханалар бөлімшелерінде бөлімшелерді аймаққа бөлу, олардың толу және санитариялық өңдеу кезеңділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
      26. Гинекологиялық, босандыру бөлімшелерінің қабылдау бөлімшелерінде және балалар стационарының қабылдау бөлімшесінде гардеробы мен себезгісі бар, персоналға арналған санитариялық өткізгіштер жабдықталады.
      27. Инфекциялық бөлімшелерде жалпы палаталардан басқа бокстар мен жартылай бокстар көзделуі қажет. Бокстар мен жартылай бокстардың құрамына дәретхана мен ваннадан тұратын санитариялық торап, палата мен дәліз арасындағы шлюз кіреді. Бокста сыртқа шығатын тамбур болуы тиіс.
      28. Стационарлық көмек көрсететін барлық объектілердегі палаталы секция әрі-бері өтетін жолда болмауы тиіс.
      29. Палаталарда төсектер алаңға қатаң сәйкес, бірақ әр палатада төрт төсектен асырмай орнатылады. Мультирезистентті және суперрезистентті туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелердегі туберкулездің микобактерияларын бөлетін және туберкулезді  микобактерияларын бөлмейтін науқастарға арналған палаталарда екі төсектен асырмай орнатылады.
      30. Балалар бөлімшелерінде үш жастан асқан балаларға арналған асхана көзделуі қажет.
      31. Күндізгі стационар жеке блокта орналастырылады және мынадай үй-жайлар жиынын қамтиды: күту аймағы 10,0 шаршы метр (бұдан әрі - м2 ), дәрігер кабинеті 10,0 м2 , емшара кабинеті 10,0 м2 , ересек адам үшін бір төсекке 6,0 м2 , бала үшін 4,5 м2 есебінен күндіз болатын палаталар, санитариялық торап.
      32. Туберкулезге қарсы ұйымның әрбір бөлімшесінде қақырық жинауға арналған бөлме бөлінеді, оның тікелей қақырық жинауға арналған бір бөлігі үй-жайдың барлық биіктігі бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған қалқамен бөлінеді.
      33. Туберкулезге қарсы стационардың әрбір бөлімшесі арасында шлюз құрылғысы бар «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді. Шлюз тез жуылатын, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалады және мыналармен: жасанды жолмен іске қосылатын автономды сору желдеткіш жүйесімен, екі бактерицидті экрандалған сәулелегішпен (әр есіктің үстінде), қол жууға арналған раковинамен жабдықталады.
      Шлюздің есіктері барлық периметрі бойынша саңылаусыз, диагональ бойынша орналасқан, бөлімшенің «лас» аймағы жағына қарай ашылатын және өздігінен жабылатын механизмдермен жабдықталған болуы тиіс.
      34. Туберкулезге қарсы диспансерлердің бактериоскопиялық зерттеулерді орындауға арналған зертханаларында (бөлімшелерінде) үш жеке секция болуы тиіс: бірінші – үстел үстіндегі сору шкафында жұғындыларды дайындауға және жұғындыларды бояуға арналған екі бөлікке бөлінген үстелі бар жұғындыларды дайындауға және бояуға арналған, екінші – микроскопияға арналған, үшінші – препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған секция.
      35. Медициналық ұйымдарды туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге арналған стационарларға қайта бейіндеуге жол берілмейді.
      36. Физиотерапия бөлімшелері «құрғақ» (электрмен, жарықпен, жылумен емдеу кабинеттері) және «ылғал» (сумен емдеу, балшықпен емдеу) аймаққа бөлінеді. Емшара жүргізу үшін емдеудің әрбір түрі бойынша жеке үй-жайлар жабдықталады. Электрмен емдеуге және жарықпен емдеуге арналған жабдықтарды бір үй-жайда орналастыруға жол беріледі.
      37. Инемен емдеу бөлімшесінде: дәрігер кабинеті, емшара кабинеті, науқастарға арналған демалыс бөлмесі және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар көзделуі қажет.
      38. Ыстық-салқын су ванналары үшін өлшемдері 1,75 м х 1,75 м және тереңдігі 1,2 (1,3) м болатын екі жапсарлас бассейн көзделуі қажет. Бір бассейннен екінші бассейнге өту бассейндер арасындағы баспалдақ бойынша жүзеге асырылады.
      39. Балшықпен емдеу залы оларға жалғасқан себезгі кабиналары бар жеке кабиналардан және науқастардың шешінуіне арналған екі кабинадан тұрады. Науқастарға арналған кіретін есік тек шешінуге арналған және себезгі кабинасы арқылы болады.
      40. Электрлі балшықпен емдеу емшаралары балшықпен емдеу үй-жайының құрамына кіретін бөлек оқшауланған үй-жайда өткізіледі.
      41. Емдеу-жүзу бассейндері суының айнасының өлшемдері бір жүзетін адамға 6,0 м2 есебінен қабылданады.
      42. Объектілерде орталықтандырылған стерилдік бөлімше (бұдан әрі – ОСБ), үй-жайлар жиыны мен ауданы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көзделуі тиіс. ОСБ үй-жайлары мынадай үш аймаққа бөлінеді:
      1) лас (лас материалды қабылдау, сұрыптау, дезинфекциялау-жуу машинасына салу);
      2) таза (дезинфекциялау-жуу машинасынан тазаланған, дезинфекцияланған және кептірілген материалды шығару, қаптау, стерилизаторға салу). Медициналық киім-кешекті қаптамалау үшін жеке үй-жай болуы тиіс;
      3) стерилді (стерилизатордың стерилді материалының түсуі және оны сақтау).
      Таза және стерилді аймақтарға кіру санитариялық өткізгіш арқылы жүзеге асырылады.
      Қосымша үй-жайлар: экспедиция (стерилді материалды беру), медициналық персоналға арналған санитариялық тораптар және тұрмыстық үй-жайлар.
      43. Кір жуу орнын жобалау кезінде оның өнімділігі стационардағы бір төсекке тәулігіне құрғақ төсек әбзелдерінің 2,3 килограмын (бұдан әрі – кг) және амбулаториялық-емханалық ұйымға бір рет келуге 0,4 кг құрғақ төсек әбзелдерін жуу есебінен қабылданады.
      Қуаты аз денсаулық сақтау объектілерінде құрамында екі үй-жай бар (біреуі жинауға және жууға арналған, екіншісі кептіруге және үтіктеуге арналған) шағын кір жуу құрылғысына (арнайы киімді, орамалдарды, сулықтарды жууға арналған) жол беріледі.
      44. Стационарларда дезинфекциялық бөлімше көзделеді (құрамы мен аудандары стационардың қуатымен анықталады). Өзінің дезинфекциялық бөлімшесі болмаған кезде, төсек жабдықтарын дезинфекциялау дезинфекциялы  камералары бар ұйымдарда жүргізілуі мүмкін.
      45. Биіктігі екі қабаттан артық ғимараттар лифтілермен жабдық алады.
      Бұл ретте лифтілер «лас» және «таза» ағындардың қиылысуын болдырмау, науқастарды, келушілерді тасымалдау, науқастарға тамақ жеткізу үшін «шартты лас» және «шартты таза» болып анықтау қажет.
      46. Объектілердің қабылдау бөлімшесінде түсетін науқастар мен персоналға арналған бөлек санитариялық өткізгіш көзделуі тиіс.
      Инфекциялық стационардың қабылдау бөлімшесінде кемінде екі қабылдау-тексеру бокстарын көздеу керек (ішек және ауа-тамшы инфекцияларына күдікті науқастар үшін).
      Сонымен қатар туберкулезге қарсы қабылдау бөлімшесінде науқастардан қақырық жинауға арналған кемінде екі қабылдау-тексеру боксы және бөлмесі (кабинасы) көзделуі қажет. Қабылдау бөлімшесіне соқпай, науқастарды боксқа, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқызуға жол беріледі. Бұл жағдайда науқастарды санитариялық өңдеу осы үй-жайларда жүргізіледі.
      47. Науқастарға арналған палаталардың, емдеу-диагностикалық және емшара кабинеттерінің жанына шу мен діріл көзі болып табылатын медициналық және инженерлік жабдықты орнатуға жол берілмейді.
      48. Арбамен жылжитын мүгедектер үшін пандустар жабдықталады.
      49. Соқыр және нашар көретін адамдар үшін баспалдақтың жоғарғы және төменгі жағы, баспалдақтың бірінші және соңғы сатысы тұтқаларының учаскелері кедір-бұдырмен және қарама-қарсы бояулармен белгіленеді.
      50. Объектілерде науқастар мен персонал үшін бөлек дәретханалар көзделуі тиіс.
      51. Соматикалық ауруханадағы палаталы бөлімшелердің науқастарына арналған санитариялық аспаптар (шүмектер, раковиналар, ванналар, унитаздар, писсуарлар) саны, егер олар палаталарда қарастырылмаған болса ерлердің санитариялық торабында он бес адамға бір аспап, әйелдердің санитариялық торабында он адамға бір аспап есебінен қабылданады. Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар саны бойынша қабылданады.
      Әйелдердің палаталы секцияларында араластырғыш арқылы ыстық және салқын су келіп тұратын раковинасы және себезгі кабинасы немесе ваннасы, унитазы және бидесі бар санитариялық торап болуы тиіс.
      52. Персоналға арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда:
      1) әр бөлімшеде санитариялық аспаптар саны әйелдер үшін кемінде екі аспап және ерлер үшін бір аспап;
      2) инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) он адамға бір себезгi кабинасы, орта және кіші персоналдың неғұрлым көп ауысымында жұмыс істейтін басқа бөлімшелерде он бес адамға кемінде бір себезгі кабинасы көзделуі қажет. Персонал саны аз болған жағдайда бір бөлімшеге бір себезгi кабинасы болуы тиіс.
      53. Гирудотерапия кабинетінде мынадай үй-жайлар болуы тиіс: қабылдауды күтуге арналған, емдік емшаралар жасауға арналған кабинет, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар (санитариялық торап, жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жай).
      54. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту кезінде жағажай құрылғысына жол беріледі.
      55. Балаларға арналған орталықтың жатын үй-жайлары оқшауланған палаталы секциялардан тұрады. Секция құрамында: ойын бөлмесі, ұйықтайтын палата, кептіру шкафы бар гардероб, буфет болуы тиіс.
      Мектеп оқушыларына арналған жатын палаталардың сыйымдылығы бес орыннан аспауы тиіс. Екі секцияға үтіктеуге және киім тазалауға арналған бөлме, балалардың заттарын сақтауға арналған үй-жай болуы тиіс.
      56. Ересектерге арналған орталықтың жатын бөлмелерінің әрқайсысы бір-екі орынға есептеледі.
      Мүгедектерге арналған жататын бөлмелер бірінші қабатта орналасады. Мүгедектерге арналған тұрғын бөлмелер мен тұрмыстық үй-жайлардың есік жақтауларының ені 1,2 м-ден кем болмауы тиіс. Кіретін есіктер автоматты ашылатын және жабылатын (не жылжитын) есіктермен, дәліздерде қабырғалардың бойы мүгедектердің қозғалуы үшін тұтқалармен жабдықталады.
      57. Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектер үшін дәретханаларда  ені кемінде 1,65 м және тереңдігі кемінде 1,8 м қабырғаға қағылған тұтқа түрінде арнайы құралдармен жабдықталған кабина көзделеді. Себезгі бөлмелерде еден деңгейінен 90-130 см биіктікте тік тұтқа, ваннада көлденең тұтқалар орнатылады.
      58. Орталықтың тұрғын корпусында мыналар: емшара бөлмесі, таза және лас киім-кешекке арналған бөлек қоймалар, тұрмыстық бөлме, кезекші персоналдың бөлмесі және жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді.
      59. Патологиялық-анатомиялық бөлімшеде және мәйітханада үш кіріп-шығатын, екеуі мәйіттерді бөлек қабылдауға және беруге арналған, үшіншісі персоналдың пайдалануына арналған есік болуы тиіс.
      60. Мәйітханада мынадай үй-жайлар: мәйіттерді қабылдау және сақтау бөлмесі, секциялық (кемінде екеу), оның ішінде бөлек сыртқы есігі мен кіретін жолдары бар инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашып қарауға және беруге арналған кіші секциялы, жерлеу рәсімдері және мәйіттерді беруге арналған бөлме, тіркелген материалды, киімді, табыттарды және басқа да мүліктерді сақтау бөлмесі, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар көзделуі қажет.
      61. Ғимарат ішінде мәйіттерді тасымалдауға, ашуға, тіркелмеген секциялық материалды өңдеуге және сақтауға байланысты үй-жайлар гистологиялық зертханадан, дәрігерлер мен қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жайлардан, мұражайдан және тұрмыстық үй-жайлардан тамбур немесе дәліз арқылы бөлінеді.
      62. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жайлардың, секция алдындағы, секциялық, мәйіттерді киіндіруге арналған бөлменің және қаза рәсімі өтетін залдың есіктерінің жақтауларын және құрылымын жоспарлау зембілдердің және арбаның еркін өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
      63. Сот-медициналық сараптама орталықтарында тірі адамдарды сараптау бөлімшесі жеке кіретін есігі бар оқшауланған бөлікте орналасады.
      64. Терапиялық, ортопедиялық, хирургиялық, ортодонтиялық стоматологиялық кабинеттердің ауданы негізгі стоматологиялық креслоға 14 м2 және әр қосымша кресло үшін 7 м2 есебінен анықталады. Қосымша креслода әмбебап стоматологиялық қондырғы болған жағдайда аудан 10 м2-ге дейін үлкейтіледі.
      65. Ағымдық ылғалды дезинфекция жасалатын, ылғалды жұмыс режимі бар үй-жайларда (операциялық, таңып-байлау, босандыру, операция алды, наркоз беретін, емшара, манипуляциялық, микобактериялары көптеген дәрілерге тұрақты туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған стационар үй-жайлары, сондай-ақ ванна, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, клизма жасайтын, лас киім-кешекті сақтауға және бөлшектеуге арналған үй-жай) қабырғалары әшекейлі тақталармен немесе басқа да ылғ лға төзімді материалдармен барлық биіктігі бойынша қапталады.
      66. Палаталардың, дәрігерлер кабинеттерінің, холлдардың, вестибюльдердің, асханалардың, физиотерапиялық, емдік-диагностикалық кабинеттердің қабырғаларын бояу үшін нитробояуларды қолдануға жол берілмейді.
      67. Вестибюльдерде еденді жабу үшін механикалық әсерге төзімді материал, операциялық, наркоз жасайтын, босандыру үй-жайларында антистатикалық қасиеттерге ие материал пайдаланылады.
      68. Үй-жайлардың едені су өтпейтін, сіңірмейтін және уытты емес, сырғанауды болдырмайтын, оларды санитариялық өңдеуге бейім материалдардан жасалады.
      69. Пайдаланылуы қабырғалар мен қалқаларды ықтимал ылғалдаумен байланысты раковиналар мен басқа да санитариялық-техникалық аспаптар, жабдықтар орналасқан орындарда соңғыларын еденнен 1,6 м биіктікте және жабдық пен аспаптың әр жағында енін 20 см асырмай әшекейлі тақталармен немесе басқа да ылғалға төзімді материалдармен әрлеу көзделеді.
      70. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде), ана мен баланы қорғау объектілерінде кіру есіктері, баспалдақтар науқастарды қабылдау және олардан шығару үшін бөлек көзделуі қажет.
      71. Денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттары орталықтандырылған суық, ыстық сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қосылады.
      Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті жүйе құрылғысына рұқсат беріледі немесе су объектілері қауіпсіздігінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келуі тиіс әкелінетін су пайдаланылады.
      72. Палаталарда, кабинеттерде, дәретханаларда, емшара, таңып-байлау және қосалқы үй-жайларда араластырғыштар арқылы ыстық және суық су келіп тұратын қол жуғыштар орнатылады. Құрал-сайманды өңдеу жүргізілетін кабинеттерде қол жууға және құрал-сайманды өңдеуге арналған жеке раковина көзделеді.
      73. Операция алды, таңып-байлау, босандыру залдары, реанимация залдары, емшара кабинеттері, жаңа туған нәрестелер палаталары жанындағы мейiрбикелер постылары, хирургиялық, гинекологиялық кабинеттер, бокстар, жартылай бокстардың шлюздері, зертханалар шынтақ крандары қондырғысы бар қолжуғыштармен, сұйық антисептикалық сабыны мен антисептиктер ерітіндісі бар шынтақ дозаторларымен жабдықталады.
      Ана мен баланы қорғау ұйымдарында хирургиялық және инфекциялық стационарларда әрбір бөлімшеге кіреберісте қолды өңдеу үшін антисептігі бар шынтақ дозаторлары орнатылады.
      Медицина персоналының қолды өңдеу үшін антисептігі бар жеке дозаторларын пайдалануына қосымша жол беріледі.
      74. Жаңа туған нәрестелер палаталарында балаларды жуындыру үшін кең тостағаны бар және араластырғыш арқылы ыстық және суық су келіп тұратын раковина орнатылады.
      75. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда, санитариялық өткізгіштерде, операция алды және босандыру залдарында, емшара, таңып-байлау, егу кабинеттерінде, стерилдеу, жаңа туған нәрестелер және бір жасқа дейінгі балалар бөлімшелерінде, санитариялық-тұрмыстық бөлмелерде, жуу, буфет, тарату, ас блоктарында, кір жуатын орындарда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнатылады.
      76. Объектіні кәрізделмеген және ішінара кәрізделген елді мекенге орналастырған жағдайда жергілікті кәріз жүйесі және шығарылатын тазарту жүйесі көзделеді. Сарқынды суларды қабылдауға арналған су өткізбейтін сыйымдылық (ор) қақпақпен жабдықталады, шаруашылық аймағында орналастырылады және көлемінің үштен екісі толуына қарай тазартылады.
      77. Объектілердің сарқынды суларын тазалау және зарарсыздандыру жалпы қалалық кәріздік тазалау құрылыстарында жүзеге асырылады.
       Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) жергілікті тазарту құрылыстары көзделуі қажет.
      Инфекциялық, туберкулез, тері-венерологиялық бөлімшелерде бокстардың, жартылай бокстардың шлюздерінде және дәретханаларда персоналға арналған шынтақты немесе жанаспай ағатын шүмектері бар қол жуғыштар орнатылуы қажет, сондай-ақ барлық дәретханаларда жуғыш бактар үшін педальды ағызғыш көзделеді.
      78. Балшықпен емдеудің балшық емшаралары мен балшық асүйлері үй-жайларының сарқынды суларын ағызу балшық тұндырғыштардағы арнайы жолдар арқылы жүзеге асырылады. Гипс дайындауға арналған үй-жайлардағы қол жуғыштың астына гипс тұндырғыш жабдықталады. Гипс дайындауға арналған үй-жайларда қол жуғыш астында сыйымдылығы 0,1 м3 болатын қондырғы көзделуі керек.
      79. Ас блогының өндірістік сарқынды суларын тазалау үшін объектілерде май жинағыштар орнатылады.
      80. Едендегі сарқынды суға арналған траптар дәрет ыдыстарын жууға және дезинфекциялауға, жинау мүкәммалын, ас блогының негізгі цехтары мен кір жуу орындарын өңдеуге арналған еңіспен жарақталады.
      81. Су құбыры және кәріз жүйелерінің құбырлары ұзындығы бойынша қаптармен жабылады және жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалады.
      82. Объектілердің үй-жайларында табиғи жарықтандыру көзделеді. Қойма үй-жайларын, санитариялық тораптарды, клизма, жеке гигиена бөлмелерін, персоналға арналған себезгі және гардеробты, термостат, микробиологиялық бокстарды, операция алды және операциялық, аппарат, наркоз бөлмелерін, фотозертханаларды және пайдалану қағидалары табиғи жарықтандыруды талап етпейтін басқа да үй-жайларды екінші жарықпен жарықтандыруға немесе тек жасанды жарықтандыруға жол беріледі.
      Палаталы секциялардың (бөлімшелердің) дәліздерінде ғимараттың жанындағы қабырғасындағы және жарық қалталарындағы (холлдардағы) терезелер арқылы жүзеге асырылатын табиғи жарықтандыру болуы тиіс. Жарық қалталары арасындағы арақашықтық 24 м және қалтаға дейін 36 м аспауы тиіс. Емдеу-диагностикалық және қосалқы бөлімшелердің дәліздері жанынан және бүйірден жарықтандырылуы тиіс.
      83. Көкжиектің оңтүстік румбаларына бағытталған терезелер күннен қорғау құрылғыларымен (күнқағарлар, жалюздер) жабдықталады.
      84. Жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді.
      85. Төбелерге орнатылатын жарықтандыру шамшырақтары тұтас (жабық) плафондармен жабдықталады.
      86. Палаталарды жарықтандыру үшін (балалар мен психиатриялық бөлімшелерді қоспағанда) әрбір төсектің жанына еден деңгейінен 1,7 м биіктікке орнатылатын, қабырғаға ілетін құрамдас шамшырақтар (жалпы және жергілікті жарықтандыру) қолданылады.
      87. Табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қабылданады.
      88. Объектілер үй-жайлары ауасының температурасы, ауа алмасу жиілігі, табиғи ауа алмасу кезінде осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген параметрлерге сәйкес келуі тиіс.
      89. Объектілер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады немесе дербес жылу көзі пайдаланылады.
      90. Ғимараттар жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйелерімен жабдықталады. Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) әрбір бокстар мен жартылай бокстардың палаталы секцияларында гравитациялық іске қосылатын дербес сору жүйесі орнатылады, ауаны зарарсыздандыру құрылғысымен және дефлектормен жабдықталады. Инфекциялық бөлімшелерде жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіші болмаған жағдайда әрбір бокс пен жартылай боксты ауаны рециркуляциялық түрде зарарсыздандыру құрылғысымен жарақталған табиғи желдеткішпен жабдықталады.
      91. Операциялық үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларда механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішінен басқа табиғи желдеткіш болуы тиіс.
      92. Туберкулезге қарсы ұйымның желдету және ауа баптау жүйелері  үшін сырттан ауа жинау жер бетінен кем дегенде 3 м биіктіктегі таза аймақтан, ауаны шығару кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.
      93. Операциялық, наркоз, босандыру бөлмесіне, реанимациялық, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі науқастарына арналған палаталарға берілетін ауа тазалау дәрежесі жоғары бактерицидті ауа сүзгілерінің көмегімен зарарсыздандырылады (кемінде 95%).
      94. Операциялық, қарқынды терапия, реанимация, босандыру палаталарында, емшара, зертханаларда медициналық жабдықты пайдалану ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін үй-жайларда жергілікті сорғы құрылғысы немесе сору шкафы қондырғысы қарастырылады. Препараттардың әртүрлі бояудың күрделі әдістемесін қолданатын зертханаларда биологиялық қауіпсіздік шкафтары орнатылады.
      95. Массаж кабинеттері сағатына ауаны бес рет алмастыратын сору-сыртқа тарату желдеткішімен қамтамасыз етіледі.
      96. Үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдануы және тазалық сыныбы, сондай-ақ дәрілік заттардың қауіптілік сыныбы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада келтірілген рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.
      97. Операциялық, наркоз, босандыру бөлімшелерінде, операциядан кейінгі палаталарда, қарқынды терапия палаталарында, онкогематологиялық науқастар, ЖИТС-пен ауыратын науқастар, тері күйігі бар науқастар палаталарында, реанимациялық, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге, емшектегі сәбилерге, шала туған балаларға, жарақат алған балаларға арналған палаталарда ауаны баптау көзделеді. Кювездермен толығымен жабдықталған палаталарда ауа баптауға жол берілмейді.
      98. Эпидемияға қарсы ерекше режимді сақтауды талап ететін үй-жайларда тиімділігі жоғары сүзгілер болған жағдайда сплит-жүйені пайдалануға жол беріледі.
      99. Ауа алмасу жиілігі белгіленген тазалықты қамтамасыз ету есебінен және ауаның газ құрамын ұстап тұруына қарай таңдалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/сек аспауы тиіс.
      100. Ауа өткізгіштер, торлар, желдеткіш камералары және басқа да құрылғылар механикалық зақымдалмай, тотығу іздері болмай, тұмшалануы бұзылмай, таза күйінде ұсталады. Сору-сыртқа тарату желдеткіші (ауа баптау) ауа өткізгіштерінің үй-жайға ауа өткізгіш материалы немесе қорғаныш жабынының бөлшектерін шығаруды болдырмайтын ішкі беттері болуы тиіс. Ішкі жабынның сіңіру қасиеттері болмауы тиіс.
      101. Жалпы алмасу сору-сыртқа тарату және жергілікті сору қондырғылары жұмыс басталардан бес минут бұрын қосылады және жұмыс аяқталған соң бес минуттан кейін ажыратылады.
      102. Барлық үй-жайларға ауа жоғарғы аймаққа, стерилді үй-жайларға ламинарлық немесе әлсіз турбулентті ағынмен 0,15 м/сек жылдамдықпен беріледі.
      103. Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарату және сору жүйелері үшін бөлек және дәрігерлер кабинеттеріне, операциялық бөлімге, палаталарға және адамдар үнемі болатын басқа да үй-жайларға жалғаспайтын арнайы үй-жайларда орналастырылады.
      104. Сору жүйелеріне арналған үй-жайларда бір сағатта бір мәрте ауа алмасуы бар сору желдеткіші, сыртқа тарату жүйесіне арналған үй-жайларда екі мәрте ауа алмасуы бар сыртқа тарату жүйесі болуы тиіс.
      105. Асептикалық үй-жайларда ауа өткізгіштердің, құбырлардың,  арматураның жасырын төсемі жүзеге асырылады.
      106. Автоклав, себезгі, дәретханаларда, санитариялық бөлмелерде, лас киім-кешектерді, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда және дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған қоймаларда ұйымдастырылған ауа ағымының құрылғысы жоқ жасанды іске қосылатын сору желдеткіші жабдықталады.
      107. Желдеткіш және ауа баптаудың дербес жүйелері таза және іріңді операциялық, босандыру блоктарында, реанимациялық, онкогематологиялық, күйік бөлімшелерінде, таңып-байлау, жекелеген палаталық секцияларда, рентген кабинеттерінде жабдықталады.
      108. Туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде):
      1) желдету жүйесі палаталарда сағатына кемінде алты еселік ауа алмасуды және аэрозоль құратын емшараларды орындауға арналған үй-жайларда (қақырық жинау бөлмесі, бронхоскопия) он екі еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі және тұрып қалған аймақтардың пайда болуын болдырмауы тиіс;
      2) роторлық немесе пластиналық рекуператорларды пайдалануға жол берілмейді;
      3) қауіптілігі жоғары аймақтарға және 1-2-сыныптағы биологиялық қауіпсіздік шкафтарына (бұдан әрі – БҚШ) қызмет көрсететін сору қондырғылары НЕРА-сүзгілерді немесе жеткілікті қарқындылықтағы бактерицидті ультракүлгін сәулеленуді қолдану арқылы ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады;
      4) қабатаралық желілерді бір тік коллектормен біріктіруге жол берілмейді;
      5) ауаны беруге және шығаруға арналған жабдықтар қарама-қарсы қабырғаларда орналастырылады;
      6) үй-жайлардың және шлюздердің барлық есіктері автоматты түрде жабылатын құрылғылармен, палаталардың және бокстардың есіктері (есіктің төменгі жағынан) ауа кіруі үшін желдеткіш торлармен жабдықталады;
      7) көптеген дәрі-дәрмекке тұрақты микобактериясы бар туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелердегі дербес сору желдеткіші әр палатада гравитациялық іске қосылатын және дефлектор қондырғысымен орнатылады. Осы бөлімшелердегі сору желдеткіші механикалық іске қосылатын және дәлізге ауа беру арқылы көзделеді;
      8) сору ауасының шығыны бір төсекке сағатына кемінде 80 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ) құрауы тиіс. Бактерия бөлмейтін науқастарға арналған палаталар сору ауасы көлемінің 80%-ын ауаны сыртқа тарату шығындайтын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;
      9) баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, көтергіштердің діңгектері ауаны сыртқа шығаруы басым дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
      109. Электрмен емдеу, жарықпен емдеу және ультрадыбыстық терапия бөлімшелерінде (кабинеттерінде) кабиналардың ауданы бір стационарлық аппаратқа кемінде 6 м2 болуы тиіс.
      110. Электрмен ұйықтататын кабинет дыбыс дірілі жағдайларында терезесі тыныш аймаққа бағытталу есебімен өтпелі емес аймаққа орналастырылады. Кабинетте бақылауға арналған қарайтын терезесі бар өтетін аппарат бөлмесі болуы тиіс.
      111. Топтық ингаляциялау үй-жайы қалған үй-жайлардан оқшауланады.

3. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары мен жабдықтарын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      112. Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет (операция жасалатын орындарда операциялар арасында) жүргізіледі.
      113. Медицина жиһазының сыртқы және ішкі беті тегіс болуы және жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан жасалған болуы тиіс.
      114. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып палаталы бөлімшелердің үй-жайларын, функционалдық үй-жайларды және кабинеттерді күрделі жинау қабырғаны, еденді, жабдықтарды, мүкәммалды, шамшырақтарды өңдей отырып, айына бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
      115. Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін, ауыстырылғаннан, қайтыс болғаннан кейін босатылған палатада қорытынды дезинфекция типі бойынша жинау жүргізіледі, төсек жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялауға және дезинфекциялау ерітіндісімен өңдеуге жатқызылады.
      116. Операциялық блокты, таңып-байлау, босандыру залдарын, емшара, манипуляциялық, стерилдеу үй-жайларын, қарқынды терапия палаталарын, асептикалық режимді үй-жайларды ауқымды жинау жабдықты, жиһазды, мүкәммалды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі.
      117. Операциялық, таңып-байлау, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара, инфекциялық бокстарда, сүт бөлмелерінде, асептикалық режимді үй-жайларда әрбір жинаудан кейін отыз минутқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады.
      118. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті сәулелендіргіш үй-жайдың бір текше метріне (бұдан әрі - м3) 2,0-2,5 вт қуат есебінен орнатылады. Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіштер үй-жайдағы адамдарға сәуленің бағытталмауы жағдайында үй-жай көлемінің 1 м3-не 1,0 вт қуат есебінен еденнен 1,8-2,0 метр биіктікте орнатылады. Қарқынды үздіксіз жүктемесі бар үй-жайларда ультракүлгін рециркуляторлар орнатылады.
      Шамдарға арналған ажыратқыш үй-жайға кіреберісте орналасады және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Кіруге болмайды, бактерицидті сәулелегіш қосылып тұр!» деген жарық берілетін тақтамен блокталады.
      119. Науқастардың киімдерін ауыстыру жеті күнде кемінде бір рет және ластануына қарай жүргізіледі. Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын, іш киімдері, сүлгі және төсем сулықтар күнсайын жүргізіледі.
      120. Операциялық, босандыру блоктарында, асептикалық режимдегі үй-жайларда ауруханалық стерилді немесе бір реттік киім-кешек пайдаланылады.
      121. Пайдаланылған киім-кешекті жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка, полиэтилен қаптар, жабдықталған киім-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді бөлуге жол берілмейді.
      122. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (он екі сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде, осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс істеу үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.
      123. Таза киім-кешектер арнайы бөлінген үй-жайларда стеллаждарда, шкафтардағы сөрелерде сақталады.
      124. Киім-кешектің ауруханадан тыс киім-кешекпен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желілер бөлінген жағдайда, барлық меншік нысанындағы кір жуу орындарында киім-кешекті жууға жол беріледі. Инфекциялық, іріңді хирургиялық және патологиялық-анатомиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады.
      125. Стационардың таза және лас киім-кешектерін тасымалдау қаптамаланған күйде арнайы бөлінген көлікте жабық таңбаланған ыдыста («таза» немесе «лас» киім-кешек) жүзеге асырылады.

4. Медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын талаптар

      126. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау объектісінде қабылданған, қалдықтармен жұмыс істеу схемасына сәйкес орындалады, ол мынаны көздейді:
      1) пайда болатын қалдықтардың сандық және сапалық құрамы;
      2) қалдықтарды жинау тәртібі;
      3) қалдықтарды зарарсыздандыру (залалсыздандыру) мен жоюдың қоданылатын тәсілдері;
      4) персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқыту.
      127. Персонал алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтеді және В вирустық гепатитіне қарсы егіледі. Қалдықтармен жұмысқа 18 жасқа толмаған адамдар жіберілмейді.
      128. Персонал арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен (халаттар, комбинезон, қолғап, бетперде, респираторлар, арнайы аяқ киім, алжапқыштар, жеңқаптар) жабдықталады.
      129. Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ЖҚКЖК) пайдаланылады.
      Қалдықтардың әрбір сыныбын жинауға арналған қаптардың, пакеттердің түсі әртүрлі (А сыныбы қалдықтары - ақ, Б сыныбы - сары, В сыныбы - қызыл, Г сыныбы – қара), контейнерлерде, сыйымдылықтарда таңба болуы тиіс. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластикалық сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылуы тиіс.
      130. А сыныбының қалдықтарын жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір рет қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады.
      Бір рет қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе көп рет қолданылатын контейнердің ішінде орналасады. Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбалар таңбалануы тиіс.
      Арнайы бөлінген тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тағам қалдықтарын жиырма төрт сағаттан асырмай уақытша сақтауға жол беріледі.
      131. Б сыныбының қалдықтары міндетті зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады.
      132. Б сыныбының қалдықтары түсі сары немесе сары түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады.
      133. Б сыныбының шанышпалы және үшкір қалдықтарын жинау үшін бір рет қолданылатын, тесілмейтін, ылғалға төзімді контейнерлер пайдаланылады. Контейнердің өздігінен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын тығыз жабылатын қақпағы болуы тиіс.
      Пайдаланылған шанышпалы, үшкір заттар (инелер, қауырсындар, ұстаралар, бір рет қолданылатын киім-кешек, гемакондар) медициналық қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек алдын ала бөлшектенбей және дезинфекцияланбай ЖҚКЖК-не жиналады.
      134. Б сыныбының органикалық, сұйық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар бір рет қолданылатын, тесілмейтін, ылғалға төзімді контейнерлер пайдаланылуы тиіс.
      135. ЖҚКЖК көлемінің үштен екісінен асырмай толтырылады және пайда болған орындарында тәуліктен асырмай сақталады.
      136. Аппараттық тәсілдерді пайдалана отырып қалдықтарды зарарсыздандыруды ұйымдастырған кезде, эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілген жағдайда Б сыныбының қалдықтарын алдын ала зарарсыздандырмастан, пайда болған орындарында жинауға, уақытша сақтауға, тасымалдауға рұқсат етіледі.
      137. Б сыныбының паталогоанатомиялық және органикалық операциялық қалдықтары (ағзалар мен тіндер) өртеуге немесе бейіттерде көмуге жатады.
      138. В сыныбының қалдықтары міндетті зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады. В сыныбының қалдықтары түсі қызыл немесе қызыл түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады. Сұйық биологиялық қалдықтар, пайдаланылған бір рет қолданылатын шанышпалы (кесетін) аспаптар мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – ММБ) қатты (тесілмейтін), ылғалға төзімді тұмшаланған контейнерлерге салынады.
      139. Пайдаланылған люминесценттік шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдық қара түсті тығыз жабылатын қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады. Сыйымдылықтар толтырылғаннан кейін тығыз жабылады және медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған жайда сақталады.
      140. Қысқа мерзімдік айналымы бар (қатты, сұйық және газ түріндегі) Д сыныбының радиоактивті медициналық қалдықтары тиісті сақтау қоймаларында олар толық ыдырағанға дейін сақталады, содан кейін олар А сыныбының медициналық қалдықтары тәрізді жойылады. Д сыныбының «ұзақ мерзімдік» радиоактивті медициналық қалдықтары арнайы полигондарға (қорымдар) көмуге жіберіледі.
      141. Медициналық ұйымның жауапты адамы осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қалдықтарды күн сайын есепке алу журналын жүргізеді.

5. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға қойылатын талаптар

      142. Б, В, Г сыныбының медициналық қалдықтарын уақытша сақтау үшін денсаулық сақтау объектісінде жеке үй-жай бөлінеді.
      143. Тамақ қалдықтарын, Б сыныбының зарарсыздандырылмаған қалдықтарын жиырма төрт сағаттан артық сақтау тоңазытқыштарда немесе мұздату камераларында жүзеге асырылады.
      Медициналық ұйымдарда (денсаулық сақтау пункттері, кабинеттер, медициналық пункттер) Б және В сыныбының қалдықтарын қосалқы үй-жайларда орналасқан сыйымдылықтарда уақытша сақтауға (жиырма төрт сағаттан артық сақтаған кезде тоңазытқыш жабдығы пайдаланылады) жол беріледі.
      144. А сыныбының қалдықтары бар контейнерлер арнайы алаңда сақталады.
      145. Контейнерлер объектіден жиырма бес метр қашық орналастырылуы тиіс. Мұндай контейнерлерге арналған алаң үш жағынан 1,5 м биіктікте қоршалуы тиіс.
      146. Медициналық қалдықтарды сақтауға арналған бөлме сору желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады.
      147. А, Б, В сыныбының қалдықтары пайда болған орнында бір тәуліктен асырылмай, арнайы алаңдардағы контейнерлерде немесе қалдықтары бар сыйымдылықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктен асырылмай сақталады. Б сыныбының биологиялық қалдықтары +5оС-тан аспайтын температурада сақталады.
      148. Уақытша сақтау үй-жайынан медициналық қалдықтарды автокөлік құралына тиегеннен кейін, үй-жай, пайдаланылған мүкәммал және жабдық дезинфекцияланады.
      149. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жай шығаруға арналған кіретін жолдары бар денсаулық сақтау объектісі корпусының шығатын жеріне тікелей жақын жерде орналастырылады.

6. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар

      150. А сыныбының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы пайдаланылады.
      151. Сұйық медициналық қалдықтарды зарарсыздандырмай кәріз желісіне құюға жол берілмейді.
      152. Патогенді биологиялық агенттердің қалдықтары, пайдаланылған ыдыс, зертханалардың «жұқпалы» аймағының қатты медициналық қалдықтары сыйымдылықтарға жиналады және автоклавтарда немесе дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.
      153. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы жеңіл дезинфекциялық өңделетін, су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталады.
      154. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға санитариялық эпидемиологиялық қызмет органдары берген оң санитариялық эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлік құралына рұқсат беріледі.

7. Медициналық қалдықтарды жоюға қойылатын талаптар

      155. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағында қалдықтарды өртеуге жол берілмейді. Қалдықтарды термиялық әдіспен залалсыздандыру (өртеу) медициналық қалдықтарды +800-10000С төмен емес температурада термиялық әсер ету жолымен жүргізіледі.
      156. А сыныбының медициналық қалдықтары пайда болған орындарынан денсаулық сақтау объектісінің аумағында орналасқан контейнерге жіберіледі және контейнерлердің толуына қарай, үш күнде бір реттен сиретпей қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.
      157. Қалдықтарды кәдеге жаратудың ақырғы өнімдері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

8. Денсаулық сақтау объектілерінде науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      158. Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа корпустармен және бас корпуспен қолайлы жер асты және жер бетіндегі көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады.
      159. Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік үдерістің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол беруге болмайды. Шикізатты, тағам өнімдерін тауар көршілестігі қағидаларын сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға жол берілмейді.
      160. Күнсайынғы таратылатын ас мәзірін жасау кезінде «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысымен бекітілген тамақ нормалары ескеріледі.
      161. Ас мәзiрiн әзірлеген кезде өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндерінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын (құнарлылығын) есептеу жүзеге асырылады.
      162. Күнсайын ас блогында дайын тағамның тәуліктік сынамасы қалдырылуы тиіс. Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамның жарты үлесі қалдырылады, үлесті екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі – гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады. Тәуліктік сынамалар тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 - +6 градус Цельсий (бұдан әрі – оС) температурада қақпақ ары жабылған банкаларда сақталады. Жиырма төрт сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.
      163. Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізген кезде термостар немесе қақпақтары тығыз жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы таңбаланған арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.
      164. Дайын тағамды таратуды буфетшілер және бөлімшенің кезекші мейірбикелері «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған халаттарда жүргізеді. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейірбике жүзеге асырады.
      165. Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура +75оС, екіншілерде +65оС төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14оС дейiн болуы тиіс. Тарататын сәтке дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған сәтінен бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұруына болады. Тамақты бір күн бұрын дайындалған тамақтың және сол күнi ертерек мерзімдерде дайындалған тамақтың қалдықтарымен араластыруға жол берілмейді.
      166. Буфет бөлімшелерінде: тамақ таратуға арналған және үш ұялы ванна қондырғысы бар ыдыс жууға арналған екі үй-жай көзделеді.
      167. Буфеттерде жуу ванналарына су келтірілген резервтік су ысытқыштар, инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерінің буфеттерінде асхана ыдысын өңдеуге арналған ауа стерилизаторлары орнатылады.
      168. Ыдысты өңдеуді мынадай тәртіппен жүргізеді: тамақты механикалық алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.
      169. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы стационарлардың (бөлімшелердің) буфеттерінде, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша басқа бейін бөлімшелерінде:
      1) ыдысты тамақ ішкеннен кейін буфеттерде бөлек үстелде жинайды, тамақтың қалдықтарынан босатады, зарарсыздандырады, жуады және кептіреді. Зарарсыздандыру химиялық (дезинфекциялық құралдардың ерітіндісімен, оның ішінде жуғыш машинада) немесе термиялық тәсілмен (қайнату, ауа стерилизаторында өңдеу арқылы) жүргізіледі;
      2) тамақ қалдықтарын қақпағы бар арнайы таңбаланған бакқа тастайды және бестен бір ара қатынасындағы (экспозициясы бір сағат) құрғақ дезинфекциялық құралды себу тәсілімен тиісті инфекцияға арналған режим бойынша зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысқа арналған үстел, щеткалар, ысқыштар әрбір қолданыстан кейін дезинфекцияланады. Үстелдер мен ыдысты жууға арналған шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырады, шаяды және кептіреді.
      170. Науқастарға арналған сәлемдемелер науқастың тегі, аты, берiлген күнi көрсетілген целлофан пакеттерде беріледі. Сәлемдемелерді беру орындарында, бөлімшелерде беруге рұқсат етілген (олардың саны көрсетіле отырып) және тыйым салынған өнімдердің тізімдері iлiнеді.
      171. Бір жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету кезінде, балалар бөлімшелерінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларында қаптамасы ашылғаннан кейін ашылу күні және уақыты көрсетілген таңбасы болуы тиіс. Қоспаларды араластыру стерилді ыдысты қолдана отырып жүзеге асырылады.
      172. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша жабдықталады және олардың құрамына мыналар кіреді: киім ілетін орын, себезгі бөлмесі, қол жуғыштар, дәретхана, арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жай. Киім ілетін орындар арнайы және жеке киімді сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталады.
      173. Персоналды тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін асханалар мен буфеттер көзделуі қажет, барлық бөлімшелерде ауданы 12,0 м2 (инфекциялық бөлімшелер үшін – 14,0 м2), тоңазытқышпен, су жылытуға арналған құрылғымен, қол жууға арналған раковиналармен жабдықталған персоналға арналған бөлме бөлінеді. Жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді.
      174. Медициналық персонал ауысымдық жұмыс киімінің үш жиынымен: халаттармен, қалпақтармен (орамалдармен), ауысымдық аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Санитариялық киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады. Санитариялық киімді жуу бір орталықтан, науқастардың киім-кешегінен бөлек жүзеге асырылады.
      175. Консультациялық көмек көрсететін медициналық персонал, стационарлардың бөлімшелерінде уақытша жұмыс атқаратын техникалық, әкімшілік-шаруашылық персоналы ауысымдық киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
      176. Көптеген дәрі-дәрмекке тұрақтылығы бар микобактериялар бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс жүргізген кезде қорғау дәрежесі жоғары қорғаныш бетперделері мен респираторлар пайдаланылады.
      177. Инфекциялық, туберкулезге қарсы бөлімшелердің, ана мен баланы қорғау ұйымдарының мейірбике постыларында оларды ауыстыруды есепке ала отырып, таза бетперделер мен респираторлардың тәуліктік қоры көзделеді. Пайдаланылған бетперделер осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сай кәдеге жаратылады.

9. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу мен дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      178. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-сайман алдын ала дезинфекциялаусыз кәдеге жаратуға жатады.
      179. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – КМБ) пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерилдеу алдында тазаланады, кептіріледі, қапталады және стерилденеді.
      180. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде әртүрлі тәсілдермен (қайнату, бумен, ауамен, химиялық) жүргізіледі.
      181. КМБ-ны дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, сілемейдің, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Алмалы-салмалы бұйымдар бөлшектелген күйінде өңделеді.
      Биологиялық сұйықтықтарға қатысты бекітуші әсері бар дезинфекциялық құралдарды пайдаланған кезде құрал-сайман суды кейіннен зарарсыздандыру арқылы алдын ала жеке сыйымдылықта жуылады.
      182. Дезинфекциялық ерітінділер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралды пайдалану жөніндегі нұсқауда (әдістемелік нұсқаулықта) көрсетілген мерзімдерге сәйкес пайдаланылады.
      183. КМБ-ны стерилдеу алдында тазалау қолмен немесе механикаландырылған (ультрадыбыстық) тәсілмен жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған кезде стерилдеу алдында тазалау дезинфекциямен бірге жүргізіледі.
      184. Стерилдеу алдында өңдеудің сапасы қанның және синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне оң сынаманың болмауымен бағаланады. Әр атаудың (кемінде 3-5 бірлік) медициналық бұйымының кемінде 1%-ы бақылауға жатады.
      185. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу алдында тазалау мен стерилдеу орталықтандырылған стерилдеу бөлімшесінде, ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау бөлімшесінің арнайы бөлінген орнында жүргізіледі.
      Стерилді материал бөлімшеге жабық көлік контейнерлерінде, арнаулы қаптарда, көлік лифтілерімен жеткізіледі.
      186. КМБ-ны стерилдеу жабдықтың тиісті стерилдейтін агенттері мен типтерін пайдалана отырып, физикалық (бумен, ауамен, инфрақызыл, глассперлен), химиялық (химиялық заттардың ерітінділерімен, газбен, плазмалы) әдістермен жүргізіледі.
      187. Стерилдеуді нақты құралды қолдану жөніндегі нұсқаулықта, стерилизаторды пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген режимдер бойынша жүзеге асырады.
      188. Стерилдеу аппаратурасының жұмысын бақылау физикалық (бақылау-өлшеу аспаптары), химиялық (термохимиялық индикаторлар), биологиялық тесттермен жүзеге асырылады.
      189. Стерилизаторлармен жұмысқа он сегіз жастан асқан, медициналық тексеріп-қараудан, курстық оқудан өткен және техникалық минимум тапсыру туралы куәлігі бар адамдар жіберіледі.
      190. Балалар бөлімшелерінде ойыншықтар күн сайын жұмыс күнінің соңында сабынды-содалы ерітіндінің 2%-ы пайдаланыла отырып жуылады, ағынды сумен шайылады, кептіріледі. Қуыршақтың киімі жуылады және аптасына бір рет үтіктеледі. Жұмсақ ойыншықтарды пайдалануға жол берілмейді.
      191. Ультракүлгін шамдармен жарақталған бактерицидті камералар тек стерилді құрал-сайманды сақтауға ғана пайдаланылады.

10. Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      192. Қабылдау бөлімшесінде барлық келіп түсетін науқастардың жұтқыншағын қарау, температурасын өлшеу, сырқатнамасына белгі қоя отырып, педикулезге, қышымаға, дерматомикозға тексеру жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін көрсеткіштер бойынша биоматериал алу жүргізіледі.
      193. Инфекциялық ауруға күдіктену кезінде пациентті инфекциялық аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстырғанға дейін қабылдау бөлімшесінің жанындағы диагностикалық палатаға оқшаулайды.
      194. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, пижама, аяқ киім жиыны беріледі. Стационарда, туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда, науқастардың үй киімімен жүруіне жол беріледі.
      195. Босанатын әйелге айғақтар бойынша тексеруден кейін немесе әйелдің қалауы бойынша санитариялық өңдеу жүргізіледі.
      196. Науқастарды емдеуге жатқызу кезінде палаталардың (үш күн ішінде) толықтырылу циклі сақталады.
      197. Іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастарды іріңді хирургия бөлімшесіне, ол болмаған кезде бөлек оқшауланған палатаға жатқызған жөн.
      198. Ірің бөлінетін пациенттерді таңу септикалық таңу бөлмесінде, ол болмаған кезде ірің бөлінбейтін пациенттерді таңып-байлағаннан кейін асептикалық таңу бөлмесінде жүргізіледі.
      199. Пайдаланылғаннан кейін жинау мүкәммалы дезинфекцияланады, құрғатылады және кейіннен арнайы бөлінген орында сақталады.
      200. Жеке босандыру палатасы сұйық сабынмен, антисептикпен, бір рет пайдаланылатын сүлгімен, қол жуу техникасы бойынша қабырғалық көрнекі құралмен, кілемшемен, доппен, швед шкафымен қамтамасыз етіледі. Палаталарда ылғалды жинауға болатын заттарды қолданған жағдайда еркін интерьерге, ана мен бала үшін өзінің таза киімін қолдануға жол беріледі.
      201. Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +250С болуы тиіс. Егер мерзімінен бұрын босану күтілетін болса, ауаның температуры кемінде +280С болуы тиіс.
      202. Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде үш-бес күн болудан аспайтындай етіп толықтырылуы тиіс, үй-жайдың температурасы кемінде 250С болуы тиіс.
      203. Ана мен бала бірге болатын палатада жаңа туған нәрестелер үшін жеке балалар төсектері және жаңа туған нәрестелерге арналған құндақтайтын үстел орнатылады.
      204. Шала туған балаларға арналған палатада ауаның температурасы +250С – +280С болуы тиіс.
      205. Балалар бөлімшесінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларының қаптамасы ашылғаннан кейін ашылған күні мен уақыты көрсетілген таңбасы болуы тиіс.
      206. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жай +2оС - +4оС температураны қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен, мәйіттерді тасымалдауға арналған механикаландыру құралдарымен, стеллаждармен, сөрелермен немесе арнайы сейфтермен жабдықталады. Мәйіттерді еденде сақтауға жол берілмейді. Мәйіттерді әртүрлі қабаттарда сақтаған кезде лифт жабдықталады.
      207. Секциялық үстелдерге салқын және ыстық су жүргізіледі. Секциялық үстел сарқынды суларды жинауға және кәрізге құю алдында зарарсыздандыруға арналған сыйымдылықпен жабдықталады. Секциялық үстел жанындағы жұмыс орны ағаш тормен жабдықталады.
      208. Секциялық үстелдер, каталкалар, зембілдер және мәйіттерді тасымалдауға арналған басқа да құрал-жабдықтар жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, су өткізбейтін материалмен қапталады.
      209. Еден күн сайын жуу құралдарымен жуылады, қабырға панельдері, есіктер ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жуылады.
      210. Айына бір реттен сиретпей және инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашқаннан кейін үй-жайларда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы күрделі жинау жүргізіледі.
      211. Секциялық материалмен жұмыс жеке қорғаныш құралдарын (халат, қолғаптар, алжапқыштар, көзілдіріктер) пайдалана отырып жүргізіледі. Туберкулезді жоққа шығармайтын жағдайларда қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделер, респираторлар пайдаланылады.
      212. Бөлімшелердің жұмысы палатада пациенттерге қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету қағидаты бойынша ұйымдастырылады.
      213. Персоналдың боксқа кіру есігі арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюздер арқылы инфекциялық емес «шартты таза» дәліз арқылы көзделеді.
      214. Инфекциялық аурулар бөлімшесінің бокстарында палатаға шлюздерден әйнектелген жақтаулар, шлюзден палатаға тамақ, дәрілік заттар мен киім-кешекті жеткізуге арналған беру шкафы көзделеді. Боксталған палаталарда осы шкафтар дәлізден палатаға ұйымдастырылады. Науқастардың тамақтануы палатада жүзеге асырылады.
      215. Ішек инфекциялары бар науқастар жеке таңбаланған түбектермен (астыға төселетін төсеммен) қамтамасыз етіледі, олардың таңбасы науқастың кереуетінің нөміріне сәйкес келеді. Науқастың бөлінділері зарарсыздандырылады.
      216. Нозологиялық түрлер бойынша палаталарды (үш күн ішінде) толтыру циклдігі сақталады.
      217. Мәжбүрлеп емдеу бөлімшелерінде мамандандырылған тәулік бойы күзеттің болуы қамтамасыз етіледі.
      218. Мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшеде науқастардың дәріге сезімталдығына және жынысына (ер және әйел) байланысты туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі.
      219. Симптомдық емдеуді қажет ететін, тұрақты бацилла бөлетін туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар бацилла бөлуді тоқтату кезеңіне дейін туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы мамандандырылған ұйымдарда немесе бөлімшелерде оқшаулануға жатады.
      220. Туберкулезге қарсы диспансерлерде мульти (поли) резистентті штамм бөлетін науқастарды амбулаториялық қабылдауға арналған жеке кабинеттер бөлінеді.
      221. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, антисептикалық сабыны және антисептика ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар (бикстер, мырыш және тот баспайтын құрыштан жасалған тұтқалары бар металл жәшіктер) контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жабдық алады, үй-жай ауасын алмастыру жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлемдегі жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.
      222. Ауыр жағдайларды қоспағанда, стационарлық науқастарға баруға жол берілмейді. Келушілер қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделерді пайдалануы тиіс.
      223. Туберкулездің микобактерияларын бөлетін науқастары тамақтануды палаталарда жүзеге асырады.
      224. Қан компоненттерін дайындауға арналған үй-жайлар қатаң түрде мақсатына байланысты пайдаланылуы тиіс. Осы үй-жайларға кіру персонал үшін шектеледі.
      225. Өндірістік және зертханалық үй-жайлар басқа үй-жайлардан бөлек орналастырылады, тек арналған мақсаты үшін пайдаланылады және санкцияланған рұқсаты болады.
      226. Қанды және қанның компоненттерін сақтау және тасымалдау үшін мынадай «салқын тізбек» шарты сақталады:
      1) қан өнімдерін сақтау және жеткізу шарттарына сәйкестігін қамтамасыз ететін тоңазыту жабдығы – термоконтейнерлер немесе авторефрижераторлар;
      2) тиісті температураны сақтауға, өнімді физикалық зақымданудан және микробиологиялық ластанудан сақтауға мүмкіндігі бар қаптама;
      3) барлық кезеңдерде температуралық режимнің сақталуын тұрақты бақылау.
      227. Қан алу асептика қағидаларын сақтау арқылы жүргізіледі.
      228. Жылжымалы медициналық объектінің құрамында медициналық және қызмет көрсететін персоналға арналған жатын бөлмелер, санитариялық тұрмыстық үй-жайлар, тамақ дайындауға және ішуге арналған үй-жайлар (ас үй, асхана) көзделеді.
      229. Арнайы медициналық жабдық орнатылған жерлерде бекіткіштер көзделеді.
      230. Қызмет көрсететін персоналға арналған жатын үй-жайлар ұйықтайтын сөрелермен, киімдерге арналған ілгектермен, жоғары сөреге көтерілу үшін баспалдақтармен, қосалқы тұтқалармен, үстелшелермен жабдықталады. Тоңазытқыш жабдығы, қысқа толқынды пеш, диспенсерлер көзделеді.
      231. Медициналық кабинеттер шалқаймалы үстелмен, жылжымалы шкафтармен, дәрігер үстелімен, кеңсе креслосымен, медициналық кушеткамен, медициналық аппаратурамен жабдықталады.
      232. Кабинеттерде араластырғыштар арқылы ыстық және суық су келтірілген қол жуғыштар орнатылады.
      233.Санитариялық торап таза дәретхана кешенімен, тұрмыстық араластырғышпен, айнамен, сабын салғышпен, дәретхана құралдарына арналған шағын сөремен, сүлгі ұстағышпен, киімдерге арналған ілгектермен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитазға арналған қыл щеткамен, еденге төсейтін сырғанамайтын жабынмен жабдықталады.
      234. Төбеге ілінетін, моноблокты ауа баптау жүйесі көзделеді.

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-   
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына  
1-қосымша         

Денсаулық сақтау объектілерінің палаталарындағы бір төсекке арналған аудан

Үй-жайлардың атауы

Ауданы, 1 төсекке м2 (кемінде)

1

2

3

1

Ересектерге арналған инфекциялық және туберкулез

7,5

2

Балаларға арналған инфекциялық және туберкулез:


аналардың орны жоқ

6,5

аналар күндіз болатын

8,0

аналар тәулік бойы болатын

10

3

Ортопедиялық-травматологиялық (оның ішінде қалпына келтіру емі), күйік, радиологиялық:


ересектерге және аналары күндіз болатын балаларға арналған палаталарда

10

аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған

13

4

Қарқынды терапия, операциядан кейінгі

13

5

Балалардың инфекциялық емес:


аналардың орны жоқ

6,0

аналары күндіз болатын

7,5

аналары тәулік бойы болатын

9,5

6

Психоневрологиялық және наркологиялық:


жалпы үлгідегі

5,0

инсулиндік және наркологиялық 

6,0

7

Балаларға арналған психиатриялық:


жалпы үлгідегі

5,0

бақылау

6,0

8

Патологиясы бар жаңадан туылған сәбилер үшін (кювездерде)

6,0

9

Жаңадан туылған, шала туылған (кювезсіз) және 1 жасқа дейінгі балалар үшін

4,5

10

Басқа палаталар

7,0

11

Күндізгі стационар палатасы


ересектерге арналған

6,0

балаларға арналған

4,5

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-  
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына  
2-қосымша          

Денсаулық сақтау объектілерінің палаталы бөлімшелеріндегі үй-жайлардың ауданы

Үй-жайлардың атауы

Ауданы, м2 кемінде

1

2

3

1

1 төсекке арналған бокс

22

2

Қарау бөлмесі:


гинекологиялық креслосы жоқ

12

гинекологиялық креслосы бар

18

3

Санитариялық өткізгіш:


киім ауыстыратын орын

6

себезгісі бар ванна

10

науқасқа арналған құрал-саймандар бар ванна

12

киім киюге арналған үй-жай

6

4

Ваннаны 200 және одан аз төсегі бар ауруханалардағы киім киюге арналған үй-жаймен біріктіруге жол беріледі

12

5

Емшара

12

6

Таңып-байлау

22

7

Шұғыл операцияларға арналған операциялық:


операциялық

36

операция алдындағы

10

стерилизациялық

10

гипсті дайындауға және сақтауға арналған үй-жай

6

8

Мейірике үй-жайы (посты)

6

9

Кезекші дәрігердің кабинеті

10

10

Дәрілік заттардың апталық қорын сақтау үшін үй-жайы бар аға мейірбике бөлмесі

10+6

11

Шаруашылық бикесінің бөлмесі

10

12

Науқастарға арналған киім ауыстыратын орны бар себезгі

6+12

13

Науқастарға арналған жуынатын тұрмыстық бөлме

12

14

Түкіргіштерді, қол орамалдарды, салынатын қалталарды, сауыттарды жинауға, зарарсыздандыруға арналған бөлме

10

15

Персоналдың жеке гигиена бөлмесі

5

16

Персонал бөлмесі

12

17

Таза киім-кешектерді сақтауға арналған үй-жай

4

18

Персоналға арналған санитариялық өткізгіш:


үй және жұмыс киімдерін ілетін орын

1 шкафқа 0,4 м2

себезгі

4

19

Инфекция жұқтырылған киім-кешекті және төсек керек-жарақтарын уақытша сақтауға арналған үй-жай

4

20

Буфет

12

21

Жинау мүкәммалына және дезинфекциялау ерітінділерін дайындауға арналған үй-жай

4+4

22

Лас киімді сұрыптау және оны уақытша сақтауға арналған үй-жай

4

23

Дәрет ыдысын жууға және стерилдеуге арналған, клеенкаларды жууға және кептіруге арналған үй-жай

8

24

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жай

10

Күндізгі стационардың ауданы

2-кесте

Үй-жайлар атауы

Үй-жайлардың ауданы, кемінде м2

1.

2.

3.

1.

Күндіз болатын палаталар (шлюздер мен санитариялық тораптарсыз):


2.

1 төсекке арналған палата:



медициналық-әлеуметтік, қалпына келтіріп емдеу және кресло-арбалардың көмегімен қозғалатын науқастарға арналған

12


басқалар

10

3

2 төсекке арналған палата:



медициналық-әлеуметтік, қалпына келтіріп емдеу және кресло-арбалардың көмегімен қозғалатын науқастарға арналған

20


басқалар

15

4

3 төсекке арналған палата:



медициналық-әлеуметтік, қалпына келтіріп емдеу және кресло-арбалардың көмегімен қозғалатын науқастарға арналған

30


басқалар

21

5

Палата жанындағы дәретхана (унитаз, қолжуғыш)

3

6

Себезгі


7

Тағамды ысытуға арналған бөлмесі бар науқастардың тамақ ішуіне арналған үй-жай

12+6

8

Манипуляциялық

18

10

Шағын операциялығы бар хирургиялық кабинет

12+24

11

Күту залы

10

12

Қалған үй-жайлар жобалауға арналған ғимаратпен айқындалады


Аудандық емхананың негізгі бөлімшелері үй-жайларының ауданы

3-кесте

Үй-жайлар атауы

Ауданы, кемінде м2

1

2

3

Әкімшілік үй-жайлар

1

Вестибюль

12

2

Келушілердің киім ілетін орны

8 (бір орынға 0,1)

3

Персоналға арналған сырт киім ілетін орын

8 (бір орынға 0,06)

4

Тіркеу орны

10

5

Қабылдау бөлмесі бар бас дәрігердің кабинеті

18

6

Емдеу-профилактикалық жұмыс бойынша бас дәрігердің орынбасарының кабинеті

10

7

Бас мейірбике кабинеті

10

8

Медициналық статистика кабинеті

12

Жалпы практика, учаске қызметі бөлімшесі

1

Бөлімше меңгерушісінің кабинеті

10

2

Жалпы практика, учаскелік терапевт, педиатр кабинеті

12
(кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады)

3

Жалпы практика мейірбикесі, учаскелік қызмет кабинеті

10
(кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады)

4

Профилактика және диспансерлеу кабинеті

12

5

Дені сау бала кабинеті

10

6

Емшара кабинеті

12

7

Егу кабинеті:


картотекаға арналған үй-жай

15

егуге арналған үй-жай

10

8

Физиотерапевтік емдеу кабинеті

12
(кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады)

9

Емдік дене шынықтыру кабинеті

12

10

Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кабинеті

8

Мамандандырылған көмек бөлімшесі



Бөлімше меңгерушісінің кабинеті

10



Бейіндегі мамандар кабинеті:

(кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен және ұйымның штаттық кестесімен айқындалады)

уролог кабинеті

10

акушер-гинеколог кабинеті

18

дерматологтың кабинеті

10

дерматовенерологтың кабинеті

10

венерологтың кабинеті

10

дәрігердің кабинеті

10

емшара кабинеті

18

дерматолог кабинеті жанындағы люминесценттік диагностикаға арналған кабина

8

оториноларингологтың кабинеті

18

дыбыс оқшаулау кабиналары бар аудиометриялық зерттеулерге арналған кабинет

18+8

офтальмологтың кабинеті

18

қараңғыланған кабинеттері бар офтальмоневролог кабинеті

18+8

дыбыс оқшаулау кабинасы бар нейрохирург кабинеті

18+8

хирургтың, травматологтың, фтизиатрдың, онкологтың, педиатрдың кабинеттері

10

басқа мамандықтардағы дәрігерлердің кабинеттері

10

3

Емшара кабинеті

12

4

Таңып-байлау кабинеті таза және іріңді

2х22

5

Изолятор

8

Зертханалық-диагностикалық көмек бөлімшесі


Ультрадыбыстық диагностика кабинеті

10


Функционалдық диагностика кабинеті

10
(кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен және ұйымның штаттық кестесімен айқындалады)


Эндоскопиялық кабинет (ФГДС):


дәрігердің кабинеті

10

емшара

12


Қақырық жинауға арналған бөлме

8

Шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар

1

Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасардың кабинеті

8

2

Шаруашылық бикесінің бөлмесі

10

3

Қойма үй-жайы

20

4

Медициналық мұрағат

4

5

Дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай

4

6

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған бөлмелер

10-нан

7

Шаруашылық мүкәммал қоймасы

6

8

Келушілер мен персоналға арналған дәретханалар

ерлер дәретханасында 15 адамға 1 аспап және әйелдер дәретханасында 10 адамға 1 аспап (дәретханалар саны жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады)

9

Буфет

10

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-  
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына 
3-қосымша         

Дәрігерлік амбулатория үй-жайларының ауданы

1-кесте

Үй-жайлардың атауы

Ауданы, кемінде м2

1

2

3

1

Вестибюль

10

2

Келушілердің гардеробы

8

3

Меңгеруші кабинеті

10

4

Дәрігерлік және дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті

2х12

5

Изолятор

8

6

Емшара кабинеті

12

7

Егу кабинеті:


Картотека үй-жайы

10

Егу үй-жайы

8

8

Физиотерапиялық емдеу кабинеті

12 (кабинеттер саны жобалауға арналған тапсырмамен айқындалды)

9

Күндізгі стационар

жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады

10

Қақырық жинауға арналған бөлме

6

11

Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кабинеті

8

12

Медициналық мұрағат

4

13

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған бөлме

4

14

Қойма үй-жайы

10

15

Персонал мен пациенттерге арналған дәретхана

ерлер дәретханасында 15 адамға 1 аспап және әйелдер дәретханасында 10 адамға 1 аспап

16

Жинау мүкәммалына арналған үй-жай

4

17

Дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған үй-жай

6

18

Стерилдеу үй-жайы

8

19

Персоналға арналған үй-жай

10

Фельдшерлік-акушериялық пункт үй-жайларының ауданы

2-кесте

Үй-жайлардың атауы

Ауданы, кемінде

м2

1

Фельдшер кабинеті

10

2

Акушер кабинеті:

10


тексеріп-қарау

18

3

Вестибюль күту аймағы

8

4

Емшара бөлмесі

18

5

Егу кабинеті

8

6

Стерилдеу бөлмесі

10

7

Химизатор кабинеті

8

8

Қақырық жинау кабинеті

6

9

Ақпараттандыру кабинеті

10

10

Шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар

12

11

Дәретхана

3

Медициналық пункт үй-жайларының ауданы

3-кесте

Үй-жайлар атауы

Ауданы, кемінде

м2

Жалпы үй-жайлар

1

Дәріхана мен анықтамасы бар вестибюль

10

2

Орта медициналық персонал кабинеті

12

3

Акушериялық қабылдау кабинеті

12

4

Емшара кабинеті

12

5

Егу кабинеті

8

6

Шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар

11

7

Дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай

4

8

Қол жууға арналған раковинасы (қол жуғышы) бар дәретхана

3

Объектінің мамандандырылған үй-жайларының ауданы

4-кесте

Үй-жайлардың атауы

Ауданы, кемінде м2

1

2

3

Дәрігер-мамандардың кабинеттері

1

Уролог, гинеколог, акушер-гинеколог, дерматолог, дерматовенеролог, венеролог кабинеті:


дәрігер кабинеті

10

емшара бөлмесі

18


дерматолог кабинеті жанындағы люминесцентті диагностикаға арналған кабина

8


оториноларинголог кабинеті

18+8


дыбыс оқшаулау кабиналары бар аудиометриялық зерттеулерге арналған кабинет

18+8


қараңғыланған кабинеттері бар офтальмоневролог кабинеті

18+8


дыбыс оқшаулау кабинасы бар нейрохирург кабинеті

18+8


офтальмолог кабинеті

18+8

2

Хирург, травматолог, фтизиатр, онколог, педиатр кабинеттері

10

3

Логопедиялық кабинет (топтық сабақтар үшін)

10

4

Аллергологиялық кабинет


дәрігер кабинеті

10

емшара бөлмесі

8

5

Наркологиялық кабинет:


дәрігер кабинеті

10

емшара бөлмесі

12

6

Басқа мамандықтардағы дәрігерлер кабинеттері

10

7

Алкоголь мастығын сараптау кабинеті (жеке есігі бар):


дәрігер кабинеті

10

зертхана бөлмесі

10

күту аймағы

6

персонал бөлмесі

10

дәретхана

3

Емшара, таңып-байлау, шағын операциялық үй-жайлар

1

Инъекцияларға арналған емшара: тамырға айдауға, қолқаға құюға, парацентезге арналған емшара

12

2

Басқа да емшаралар

10

3

Гематрансфузиялық терапия кабинеті

12

4

Таңып-байлау, гипстік таңып-байлау

10

5

Офтальмологиялық, оториноларингологиялық бейіндегі таңып-байлау

10

6

Гипсті және гипстік бинттерді сақтауға арналған бөлме

6

7

Шағын операциялық:


жалпы бейінді операциялық

24

операциялық гинекологиялық

24

офтальмологиялық, оториноларингологиялық операциялық

18

операция алдындағы

8

науқастардың киім ауыстыруына арналған кабина (шлюз)

2

дәретханасы бар демалыс бөлмесі

12+3

8

Күйік палаталы бөлімшелердің мамандандырылған үй-жайлары:


көтергіші бар ванна-таңып-байлау

30

гемосорбция кабинеті (дайындық бөлмесі бар емшара)

39 (24+15)

лазерлі қондырғысы бар таңып-байлау

22

дезинфекциялық

12

басқарылатын орта қондырғысын орнатуға арналған бөлме

18

Туберкулезге қарсы стационар үй-жайларының ауданы

5-кесте

Үй–жайлардың атауы

Ауданы, кемінде м2

1

2

3

1

1 төсекке арналған бокс

22

2

Қарау үй-жайы:


гинекологиялық креслосы жоқ

12

гинекологиялық креслосы бар

18

3

Санитариялық өткізгіш:


киім ауыстыратын орын

6

себезгісі бар ванна

10

науқасқа арналған жабдығы бар ванна

12

киім киюге арналған үй-жай

6

4

200 және одан да аз төсектік ауруханаларда ваннаны киім киюге арналған үй-жаймен біріктіруге жол беріледі

12

5

Емшара

12

6

Таңып-байлау

22

7

Жедел операцияларға арналған операциялық:


операциялық

36

операция алды

10

стерилизациялық

10

гипсті дайындауға және сақтауға арналған үй-жай

6

8

Мейірбике үй-жайы (посты)

6

9

Кезекші дәрігер кабинеті

10

10

Дәрілік заттардың апталық қорын сақтауға арналған үй-жайы бар аға мейірбике бөлмесі

10+6

11

Шаруашылық бикесінің бөлмесі

10

12

Науқастарға арналған киім ауыстыратын орны бар себезгі бөлмесі

6+12

13

Науқастарға арналған жуынатын-тұрмыстық бөлме

12

14

Түкіргіштерді, қол орамалдарды, қосымша қалталарды, қаптарды жинауға, зарарсыздандыруға арналған бөлме

10

15

Персоналдың жеке гигиена бөлмесі

5

16

Персонал бөлмесі

12

17

Таза киім-кешекті сақтайтын үй-жай

4

18

Персоналға арналған санөткізгіш:


үй және жұмыс киім ілетін орын

1 шкафқа 0,4 м2

себезгі

4

19

Инфекция жұқтырылған киім-кешек пен төсек керек-жарақтарын уақытша сақтауға арналған үй-жай

4

20

Буфет

12

21

Жинау мүкәммалы мен дезерітінділерді дайындау үй-жайы

4+4

22

Лас киім-кешекті сұрыптау мен уақытша сақтау үй-жайы

4

23

Дәрет ыдысын жууға және стерилдеуге, клеенкаларды жууға және стерилдеуге арналған

8

24

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жай

10

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-   
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына  
4-қосымша          

Орталықтандырылған стерилизациялау бөлімшесінің, қуаты ауысымына 500 келушіден кем амбулаториялық-емханалық ұйымдарға арналған үй-жайлардың ауданы

1-кесте

Үй-жайлар атауы

Ауданы м2

Ауысымына келуші қуаты төмендегідей амбулаториялық-емханалық ұйымның



100

150

200

250

300

450

1

2

3

1

Құрал-саймандар мен материалдарды қабылдау және дайындау үй-жайы

9

9

9

9

9

12

2

Жуу бөлмесі

10

10

10

10

10

10

3

Стерилизациялық 

12

12

15

15

18

18

4

Материалдарды сақтау және беру үй-жайы

9

9

9

9

9

12

Денсаулық сақтау объектілерінің орталықтандырылған стерилизациялау бөлімшесінің үй-жайларының ауданы

2-кесте

Үй-жайлардың атауы

Ауданы, м2

Ауруханалар (төсектер)

Перзентханалар (төсектер)

Емханалар (келу/ауысымына)

120 дейін

120

180

240

300

360

480

540

100 дейін

100

150

200

250

300

500

750

1200

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

1

Стерилді емес материалдарды, киім-кешекті, хирургиялық аспаптарды, шприцтерді, инелерді, катетерлерді қабылдау және сақтау


8

8

12

12

16

18

24

12

12

16

20

20

24

8

12

16

2

Хирургиялық аспаптарды, шприцтерді, инелерді, катетерлерді бөлшектеу, жуу және кептіру

12

10

10

26

26

34

34

46

10

26

26

34

34

46

10

16

20

3

Таңып-байлау материалдарын дайындау, жинау және киім-кешекті қаптамалау

-

-

-

12

18

24

28

40

18

18

28

28

40

52

12

48

24

4

Хирургиялық аспаптарды, шприцтерді, инелерді, катетерлерді бақылау, жинақтау және қаптамалау

8

8

8

10

10

12

12

12

8

8

8

12

12

12

8

8

10

5

Қаптамалау материалдары қоймасы

4

4

4

6

6

12

12

15

4

6

6

12

12

15

4

4

6

6

Стерилизациялық* (стерилді және стерилді емес жартылардан)

15

15

20

20

28

28

40

40

10

20

26

34

34

46

24

28

28

7

Стерилді материалдар қоймасы

12

15

18

18

21

21

24

28

18

18

21

24

28

42

15

18

21

8

Экспедициялық

-

-

6

6

9

9

12

12

6

6

6

12

12

12

6

6

в

9

Меңгеруші кабинеті

-

-

-

-

-

-

10

10

-

-

-

-

-

10

-

-

10

10

Аға мейірбике бөлмесі

-

10

10

10

10

10

10

10

-

-

10

10

10

10

-

-

10

11

Санитариялық өткізгіш

3

3

6

6

6х2

6х2

6х2

6х2

6

6

6

6х2

6х2

6х2

3

3

3

12

Жинау заттары қоймасы

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

2+2

13

Дәретхана

Бір унитазға 3 (шлюзі мен қол жуғышы бар)

14

Жеке гигиена бөлмесі

-

-

-

5

5

5

5

5

-

-

-

6

5

5

-

-

5

15

Персонал бөлмесі

-

-

-

9

9

9

12

12

9

9

9

12

12

12

-

9

9

Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-  
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 
5-қосымша         

Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейлері

Үй-жайлардың атауы

Жұмыс беті және ТЖК нормалау және жарықтандыру жазықтығы (К-көлденең, Т-тік) және жазықтықтың еден үстіндегі биіктігі

Көретін жұмыстың разряды мен шағын разряды

Табиғи жарықтандыру

Бірлестірілген жарықтандыру

Жасанды жарықтандыру

ТЖК, е11, %

ТЖК, е11, %

Жалпы жарық кезіндегі жарықтандыру, лк

Жайсыздық көрсеткіші М артық емес

Жарық соғысының коэффициенті Кп, %, артық емес

Жоғарғы немесе құрамдас жарық кезінде

Бүйірден жарықтандырған кезде

Жоғарғы және құрамдас жарық кезінде

Бүйірден жарықтандырған кезде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Операциялық

К-0,8

А-2

-

-

-

-

400

40

10

2

Операция алды

К-0,8

Б-1

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

3

Таңып-байлау

К-0,8

А-1

4,0

1,5

2,4

0,9

500

40

10

4

Қан сақтауға арналған үй-жай

К-0,8

VIIIa

-

-

-

-

200

40

20

5

Гипс сақтауға және дайындауға арналған үй-жай

К-0,8

VIIIб

-

-

-

-

75

-

-

6

Хирургтар, акушер-гинекологтар, травматологтар, педиатрлар, инфекционисттер, дерматологтар, аллергологтар, стоматологтар қабылдау кабинеттері, қарау кабинеттері

К-0,8

А-1

4,0

1,5

2,4

0,9

500

40

10

7

Басқа мамандар қабылдайтын кабинеттер

К-0,8

Б-1

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

8

Офтальмологтардың қараңғы бөлмелері

К-0,8

-

-

-

-

-

20

-

10

9

Функциональдық диагностика кабинеті, эндоскопиялық кабинет

К-0,8

Б-1

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

10

Фотария, физиотерапия, уқалау, ЛФК кабинеттері

К-0,8

Б-2

2,5

0,7

1,5

0,4

200

60

20

11

Гидротерапия кабинеттері, емдік ванналар, себезгі залдары

К-0,8

Б-2

2,5

0,7

1,5

0,4

200

60

20

еңбекпен емдеу

К-0,8

Б-1

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

ұйқымен емдеу

К-0,8

Ж-2

-

-

-

-

50

-

-

12

Парафин, озокерит дайындауға, төсемдерді өңдеуге, ласты регенерациялауға арналған үй-жай

К-0,8

VIIIб

-

-

-

-

75

-

-

13

Күндіз болатын палаталар

К-0,0

В-2

2,0

0,5

-

-

100

25

15

14

Дәрілік және таңып-байлау құралдарын сақтау үй-жайы

К-0,8

VIIIб

-

-

-

-

100

-

-

15

Дезинфекциялау құралдарын сақтау үй-жайы

К-0,8

VIIIб

-

-

-

-

75

-

-

16

Емшара бөлмесі, манипуляциялық

К-0,8

А-1

4,0

1,5

2,4

0,9

500

40

10

17

Мейірбике кабинеттері, посттары

К-0,8

Б-1

3,0

1,0

1,8

0,6

300

40

15

18

Науқастар күндіз болатын үй-жай

К-0,8

Б-2

2,5

0,7

1,5

0,4

200

60

20

19

Науқастар тамақ ішетін үй-жай

К-0,8

Б-2

-

-

1,5

0,5

200

60

20

20

Аппарат (басқару пульттері) бөлмесі, жуу, стерилдеу, сұрыптау және сақтау үй-жайы, киім-кешек тұратын жер

К-0,8

Б-2

-

-

-

-

200

60

20

21

Тіркеу орны

К-0,8

Б-2

-

-

1,5

0,4

200

60

20

22

Дәліздер

К-0,0

Е

-

-

-

-

150

90

-

23

Тасымалданатын аппаратураны сақтау үй-жайы

К-0,8

VIIIб

-

-

-

-

75

-

-

24

Санитарялық-тұрмыстық үй-жайлар:
- қол жуатын орын, дәретханалар;
- темекі тартатын орындар,
- себезгі, сыртқы киімді ілетін орын


 
 
 

К-0,0
 

К-0,0
 

К-0,0


 
 
 

Ж-1
 

Ж-2
 

Ж-1


 
 
 

-
 

-
 

-


 
 
 

-
 

-
 

-


 
 
 

-
 

-
 

-


 
 
 

-
 

-
 

-


 
 
 

75
 

50
 

75


 
 
 


 

-
 

-


 
 
 

-
 

-
 

-

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-  
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына  
6-қосымша          

Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты

Үй-жайлардың атауы

Ауаның есепті температурасы, оС

1 сағатта ауа алмасу жиілігі

Үй-жайдың тазалығы бойынша санаты

Табиғи ауа алмасу кезіндегі сору жиілігі

ішке сору

сыртқа шығару

1

2

3

4

5

6

7

1

Ересек науқастарға арналған палаталар, балалар бөлімшелерінің аналарға арналған үй-жайлары, гипотерапия үй-жайлары

20

1 төсекке 80м3

100%

т

2

2

Туберкулезбен ауыратын науқастарға (ересектер, балалар) арналған палаталар

20

1 төсекке 80м3

л

2

80%

л

3

Гипотиреозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар

24

1 төсекке 80м3

100%

т

2

4

Тиреотоксикозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар

15

Сол сияқты

т

2

5

Операциядан кейінгі палаталар, реанимация залы, қарқынды терапия палаталары, босандыру бокстары, операциялық, наркоз, күйікпен түскен науқастарға арналған 1-2 төсектік палаталар

Барокамералар

22

Есеп бойынша, бірақ кемінде он еселік алмасу

ӨТ

жол берілмейді

100%
 
 

80%

80%- асептикалық (20% наркоз, стерили зация арқылы) 100% - септикалық 

6

Босанудан кейінгі палаталар

25-28

100%

100%

т

жол берілмейді

7

Күйік науқастарға, балаларға арналған 2-4 төсектік палаталар

22

100%

100%

т

жол берілмейді

8

Шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелер және зақымданған балаларға арналған палаталар

25-28

Есеп бойынша, бірақ кемінде

өт

жол берілмейді

100%

100%

80% ассептикалық

100%-септикалық

9

Бокстар, жартылай бокстар, сүзгі-бокстар, бокс алды

22

2,5 дәлізден беріледі 100%)

2,5

л

2,5

10

Инфекциялық бөлімшенің палаталы секциялары

20

1 төсекке 80м3

1 төсекке 80м3

л

-

11

Босандыру алды, сүзгілер, қабылдау-қарау бокстары, қарау таңып-байлау, манипуляциялық операция алды, 1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған бөлмелер, егу үй-жайы

22

2

2

л

2

12

Операциялық жанындағы стерилизациялық

18

-

3- септикалық бөлімшелер

3- асептикалық бөлімшелер

л
 
 
 

т

2

13

Шағын операциялық, оның ішінде күндізгі стационарларда

22

10

5

т

1

14

Дәрігерлер кабинеттері, рефлексотерапия кабинеттері, науқастар күндіз болатын үй-жайлар

20

Дәлізден ағыс

1

т

1

15

ЛФК залдары

18

Залда айналысатын бір адамға 50 м3 80%

100%

л

2

16

Функциональдық диагностика кабинеттері, ректороманоскопия кабинеті

22

-

3

л

2

17

Емдік дене шынықтыру, механотерапия кабинеті, зондтау кабинеті

20

2

3

л

2

18

Вестибюльдер, тамақ ішуге арналған үй-жай, компрессорлық ингаляторлар, киім-кешек және қойма үй-жайы

18

-

1

л

1

19

Қысқа толқынды және ультражоғары жиілікті терапия кабинеттері, жылумен емдеу, ультрадыбыспен емдеу кабинеттері

20

4

5

л

жол берілмейді

20

Лас киім-кешекті, жинау құралдарын, дезинфекциялау құралдарын сақтау қоймалары

18

-

5

л

3

21

Сантораптар

20

-

1 унитазға 50м3 және 1 писсуарға 20м3 

л

3

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-   
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына  
7-қосымша          

Денсаулық сақтау объектілерінің функционалдық мақсатына және олардың тазалық сыныбына байланысты үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдалуының рұқсат етілген деңгейлері

      Ескерту. 1-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 40 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-кесте


 
 
 
 
 
 

Тазалық Сыныбы



Үй-жай атауы
 
 
 
 
 
 

Санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштер

Ауаның 1 м3микроорганизмдердің жалпы саны (КОЕ/м3)

Ауаның 1 м3Staphylococcus aureus колониялар саны (КОЕ/м3)

Ауаның 1 дм3 зең және ашытқы грибоктарының саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Өте таза (А)

Операциялық, босандыру залдары, гематологиялық, күйігі бар пациенттерге арналған асептикалық бокстар, шала туған балаларға арналған палаталар, дәріханалардың

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде



асептикалық блогы, стерилизациялық (таза бөлігі), бактериологиялық зертханалардың бокстары, диализдік залдары

200 артық емес

500 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

2

Таза (Б)

Емшара, таңып-байлау, операция алды, реанимация залдары мен палаталары, балалар палаталары, емшек сүтін жинау және пастерлеу бөлмелері, ассистент және дәріханалардың өлшеп-орау бөлмесі, бактериологиялық және клиникалық зертханалардың зерттеу жүргізуге арналған үй-жайы, хирургиялық және стоматологиялық қабылдау кабинеттері

500 артық емес

750 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

3

Шартты таза (В)

Хирургиялық бөлімшелер палаталары, операциялық, босандыру залына жалғасатын дәліздер, қарау кабинеттері, инфекциялық бөлімше бокстарымен палаталары, ординаторлық, материалдық, таза киім-кешек қоймасы

750 артық емес

1000 артық емес

болмауы тиіс

2 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

Объектілер үй-жайларының ауасындағы дәрілік заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы және қауіптілік сыныптары

2-кесте

Анықталатын зат

Қауіптілік сыныбы

РЕШШ мг/м3

1

2

3

4

1

Ампициллин

II А

0,1

2

Аминазин (Диметиламинопропил 3-хлорфенотиазинхлоргидрат -)

II А

0,3

3

Бензилпенициллин

II А

0,1

4

Диэтилді эфир

IV

300

5

(1,1-дифтор-2,2-дихлорэтилметилді эфир)

IV

200

6

Азоттың шала тотығы (О2 қайта есептегенде)

-

5 (О2 қайта есептегенде)

7

Оксациллин

I A

0,05

8

Стрептомицин

I A

0,1

9

Тетрациклин

II А

0,1

10

Трихлорэтилен

III

10

11

Фторотан (1,1 1-Трифтор-2-хлорбромэтан)

III

20

12

Флоримицин

II A

0,1

13

Формальдегид

II A

0,5

14

Хлорлы этил

IV

50

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-  
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына 
8-қосымша        

___________________________________ 20 ___ жылға арналған
(Денсаулық сақтау объектісінің атауы)

медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналы

Медициналық қалдықтардың түрлері

Денсаулық сақтау объектілеріндегі бөлімшелердің атауы

Уақытша сақтау үй-жайына тапсырылған медициналық қалдықтардың көлемі

Медициналық қалдықтарды қабылдаған медицина қызметкерінің қолы

Тапсыру күні

Кәдеге жаратуға жіберілді (кәдеге жаратылды)

Кәдеге жаратуға жауапты адамның қолы

1

2


3


4


5


6


7


8

1

Б сыныбының медициналық қалдықтары







2

В сыныбының медициналық қалдықтары







3

Г сыныбының медициналық қалдықтары







4

Д сыныбының медициналық қалдықтары