Фильмдердің мемлекеттік қорын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қантардағы № 82 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 551 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 551 қаулысымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы ұлттық фильмдерді, бірлесіп түсірілген фильмдерді, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын Фильмдердің мемлекеттік қоры болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов