«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары;
2) Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары;
3) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 30 және 31-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1718 қаулысымен
бекітілген
Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленген және тіркелген телефон байланысы қызметтерін (бұдан әрі – телефон байланысы қызметтері) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалар ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желісіне шыға алмайтын, жылжымалы радиотелефон немесе радиобайланыс желісі, корпоративтік және бөлінген телекоммуникация желілері арқылы телефон байланысы қызметтерін көрсетуді реттемейді.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) абонент – байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
3) абоненттік жол – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
4) абоненттік нөмір – телефон байланысы қызметін көрсетуге шарт жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі, ол арқылы басқа терминалдарды қосу кезінде телефон желісіне қосылған терминал сәйкестендіріледі;
5) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
6) автоматты қызмет көрсету жүйесі – тапсырысты қызмет көрсету жүйесінсіз телефондық қосылу тәсілі, бұл кезде пайдаланушы шақырылатын терминалмен қосылуға қажетті абоненттік нөмірді өз бетімен тереді;
7) аймақішілік телефон байланысы – жергілікті телефон желісіне қосылған және бір нөмірлеу аймағы шеңберінде орналасқан пайдаланушылық (ақырғы) жабдықтың арасындағы телефон қосылуы;
8) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде телекоммуникация құралдарының арасында немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар телефондық, телеграфтық, деректерді беру арналары болып, ал аумақтық белгілері бойынша – халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
9) байланыс желісі – байланыс құралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;
10) байланыс желісін басқару – байланыс желісінің қызмет істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағысын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
11) байланыс жолдары – тарату жолдары (кабельдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кабельдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар;
12) байланыс қызметтері – почта жөнелтімдері мен арнаулы жөнелтімдерді, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
13) байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсетуге негізделген қызметі;
14) байланыс қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – байланыс қызметін алатын жеке немесе заңды тұлға;
15) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
16) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторының телефон байланысы қызметтерін көрсету аумағы;
17) биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ, оларды трафиктеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
18) жалғау жолы – телекоммуникацияның жалғайтын және жалғанатын желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтау бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;
19) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық деп бөлінеді;
20) жергілікті телефон байланысы – телекоммуникацияның бір жергілікті желісі шеңберіндегі абоненттер, пайдаланушылар арасындағы телефон қосылуы;
21) жергілікті телефондық қосылыс құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі – жергілікті телефондық қосылысты уақытпен есепке алу) – жергілікті телекоммуникация желісінің қызметін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефонды қосылысты есепке алудың әдістері технологиясының жиынтығы;
22) тапсырысты қызмет көрсету жүйесі – белгілі уақыт ішінде жартылай автоматты және қол арқылы, бір және/немесе бірнеше оператор-телефоншылардың көмегімен, қолмен қызмет көрсету жабдығын пайдалана отырып, телефон қосылуларын ұсыну барысында телекоммуникация қызметтерін тұтынушыларға олардың өтініші бойынша әртүрлі телефон қосылуларын (халықаралық, қалааралық, жергілікті, ұялы байланыс және т.б.) және басқа да қосымша қызмет түрлерін ұсыну үшін қызмет көрсету жүйесі;
23) қызметке ақы төлеудің аралас жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы:
тұрақты құрамдас бөліктен – абоненттік жолдың түріне қарамастан оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғаулардың тарифтеу бірлігінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;
уақытына қарай құрамдас бөліктен – телефондық қосылыс берілгені үшін оның тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты уақытына карай төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
24) қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефондық қосылыстың берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі;
25) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі – жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
26) тарифтеу бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;
27) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтардан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік, жалғау жолдары мен арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
28) телекоммуникация желісінің иесі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) телекоммуникацияның бірыңғай желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
29) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, іздеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар;
30) телекоммуникация хабарламалары – телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;
31) телекоммуникациялар желісіне абоненттік қол жетімділікті ұйымдастыру – телефон байланысы қызметтерін көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісіне қосу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар;
32) телефондық қосылыстар қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі – қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) – байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефондық қосылыстың бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі;
33) терминал – пайдаланушы берген ақпаратты байланыс арналары бойынша тарату және (немесе) қабылдау үшін дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді және өзге де сигналдарды қалыптастырудың әдістерін қалыптастыру құралы ретіндегі абоненттік желіге қосылатын шеткі жабдық;
34) терминалдарды қосудың қосарланған схемасы – екі терминалды бір абоненттік желіге қосу тәсілі, бұл кезде осы екі терминал үшін оларды бір уақытта байланыстыру мүмкін емес;
35) трафик – байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар легі;
36) тікелей сым-өткізгіш – телекоммуникация құралдарының арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;
37) үкіметтік байланыс – мемлекетті басқару қажеттілігі үшін арнайы қорғалған байланыс;
38) физикалық желі – телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;
39) шағын автоматты телефон станциялары (бұдан әрі – шағын АТС) – абоненттік жолына 0,15 Эрл-ден аспайтын жүктемесі, 128-ден аспайтын абоненттік нөмір санымен тұратын терминал;
40) ірі апат – сыйымдылығы 100 және одан да көп абоненттік жолдардан тұратын байланыс жолдарының немесе коммутациялық жабдықтардың зақымдануы;
41) электр байланысы (телекоммуникация) – белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үкіметтік байланысты қоспағанда, кез келген желілер мен байланыс құралдарын басым пайдалануға, сондай-ақ жұмыстарын тоқтата тұруға құқығы бар.
5. Телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде туындайтын телефон байланысы операторының абоненттермен өзара қарым-қатынасы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен осы құқықты шектеу жағдайларын қоспағанда, телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылатын телефон сөйлесулерінің, сондай-ақ олар туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
7. Телефон байланысы қызметі байланыс операторы мен абонент арасындағы шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде көрсетіледі.
2. Телефон байланысы қызметін көрсету тәртібі
8. Мыналар:
1) жергілікті телефон байланысы қызметтері;
2) аймақішілік және қалааралық телефон байланысы қызметтері;
3) халықаралық телефон байланысы қызметтері телефон байланысы қызметтері болып табылады.
Телефон байланысы қызметтері терминалдан және таксофоннан жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қосылуларын, сондай-ақ басқа да байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен автоматтық әдіспен немесе тапсырысты қызмет көрсету жүйесімен жүзеге асыру мүмкіндігінің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
9. Телефон байланысы қызметтері барлық санаттағы абоненттерге және пайдаланушыларға тең жағдайда көрсетіледі.
10. Мыналарға:
1) байланыс операторының абонентке телефон байланысы қызметін көрсеткенде оған өзге ақылы қызметтерін күштеп жүктеуге;
2) байланыс операторының абонентке телефон байланыс қызметін көрсету кезінде ол өзге қызметтерді алу шартын орындамаған жағдайда оның құқығын шектеуге жол берілмейді.
11. Абонент:
1) егер ол жеке тұлға болып табылса, қызметке ақы төлеудің абоненттік, уақытпен есепке алу немесе аралас жүйесін таңдайды;
2) телефон байланысы қызметін рұқсат етілген жүктемелер шегінде өзіне қажет көлемде пайдаланады;
3) қалааралық немесе халықаралық телефон қосылысына лимит қоя алады;
4) абоненттің келісімінсіз өзге ақылы қызметтерді көрсеткені үшін телефон желілеріндегі авариялар кезінде, абоненттің кінәсінен емес байланыстың болмаған кезінде төленген телефон байланыс қызметі үшін төлемдерді қайта есептеуді жазбаша талап етеді;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесіне сәйкес жедел шұғыл қызметтерін шақырту үшін телефон байланысын тегін пайдаланады;
6) бұл туралы байланыс операторына Шартты бұзу күніне дейін отыз күн бұрын жазбаша хабарлап, Шартты бір жақты тәртіппен бұзады;
7) оның нөмірін анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің абоненттер тізіміне енгізуден жазбаша бас тартады;
8) жергілікті телекоммуникациялар желісінде пайдалануға рұқсат етілген, техникалық жүктемелердің мүмкін шегінде терминалды пайдаланады;
9) оған телефон байланыс қызметін көрсеткен үшін уақтылы және толық көлемде төлемді іске асырады;
10) байланыс операторына телефон байланыс желісіндегі ақау туралы тез арада хабарлайды;
11) байланыс оператор өкілдеріне терминалдар және байланыс құралдары орналасқан бөлмелер мен аумақтарға, оларды тексеруге, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
12) байланыс операторына айлық мерзімде өзінің шығуы туралы, телефондандырылған бөлмені сатуы туралы, тегін өзгерту туралы, мекенжайын өзгерту туралы хабарлайды;
13) өзінің бөлмесінде абоненттік желіні және терминалды жарамды жай-күйде күтіп ұстайды.
12. Байланыс операторы:
1) абонент, пайдаланушы Шарттың талаптарын, осы Қағидаларды бұзған жағдайда, сондай-ақ апаттық жағдайда не азаматтардың өміріне және қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде телефон байланыс қызметін көрсетуді тоқтатады немесе шектейді;
2) телефон байланысы қызметін төлеу бойынша жеңілдіктерді жоғалту немесе алу кезінде телефон байланыс қызметтерінің құнына біржақты тәртіппен қайта есеп айырысуды жүргізеді;
3) абонент телефон желісіне қосылу құнын төлегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде абоненттік терминалдың нөмірін тағайындаумен телефон байланыс қызметін көрсетуін бастайды;
4) көрсетілетін телефон байланысы қызметінің сапасы мен санына есеп пен бақылау жүргізеді, бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
5) есеп құралдарына техникалық қызмет көрсету және тексеру жүргізеді;
6) абонент телефон байланысы қызметінің сапасы нашарлағаны туралы өтінішті берген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапасын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдайды және абоненттік төлемнің қайта есебін жүргізеді;
7) байланыс саласындағы техникалық нормаларға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес телефон байланысы қызметін көрсетеді;
8) абоненттің өтініші бойынша станциялық және желілік зақымдануды жояды;
9) көрсетілген телефон байланысы қызметтері үшін айына бір рет шот ұсынады;
10) абоненттің кінәсінен емес терминалдың нақты әрекетсіздік кезеңінде абоненттік төлемдерге қайта есеп жүргізеді;
11) абонентті телефон желілеріндегі авариялар туралы және осы аварияларды жоюдың болжанатын мерзімі туралы хабардар етеді;
12) абонентті абоненттік нөмірді алмастыру туралы және (немесе) себептерді көрсетумен терминалды ажырату туралы 15 күн бұрын жазбаша хабардар етеді;
13) абоненттерді телефон байланысы қызметтеріне тарифтердің өзгеруі туралы, оларды қолданысқа енгізгенге дейін 15 күн бұрын хабарлайды;
14) уақтылы төлемегені үшін ажыратылған телефон байланысы қызметіне қолжетімділікті, берешекті өтеген кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тегін қайта іске қосады;
15) абоненттің талабы бойынша оған телефон байланысы қызметін көрсетуге байланысты ақпаратты ұсынады.
13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай нөмірлерді теру арқылы шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апатты (104), құтқару (112), анықтамалық (118) қызметтерді шақыру пайдаланушылар үшін тегін болып табылады. Көрсетілген нөмірмен байланысты өшіріп тастауға және (немесе) шектеуге жол берілмейді.
3. Қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы
операторын таңдау кезінде қалааралық және/немесе халықаралық
телефон байланысы қызметтерін көрсетудің ерекшеліктері
14. Байланыс операторлары өз желілерінде байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы операторын еркін таңдауда техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
15. Қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланыс операторын еркін таңдау мынадай жолдармен ұйымдастырылады:
1) алдын ала таңдау;
2) операторды әрбір шақыру кезінде таңдау.
4. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі кезінде қалааралық
телефон байланысы қызметтерін көрсету тәртібі
16. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі кезінде қалааралық телефон қосылуына тапсырысты қабылдағанда, шақырушы тұлғаға тапсырысты орындау мерзімі хабарланады.
Тапсырыс шақырушы тұлғаның қалауы бойынша немесе тапсырысты орындау мерзімінің өтуіне байланыстың күші жойылуы мүмкін.
Орындалмаған немесе күші жойылмаған тапсырыстардың қолданылу мерзімі тапсырыс қабылданғаннан бастап 24 сағаттан кейін аяқталады.
17. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі кезінде қалааралық телефон қосылуы көрсетілетін уақытты байланыс операторының өзі анықтайды, бірақ көрсетілетін тапсырысты қабылдау уақытынан немесе шақырушы тұлға белгілеген уақыттан бастап 2 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген мерзім өткен соң, шақырушы тұлғаның келісімі бойынша орындалмаған тапсырыс басқа уақытқа ауыстырылады немесе жойылады.
Шақырушы тұлғаның талабы бойынша қалааралық телефон қосылуы тапсырыс берілген кезден бастап 30 минуттың ішінде (шұғыл тапсырыс) берілуі мүмкін.
18. Абонентке, пайдаланушыға қалааралық телефон байланысы қызметтерін ұсынудың техникалық мүмкіндіктері шектелген кезінде байланыс операторы телефон қосылыстарына (тапсырыстар саны мен қосылулардың ұзақтығы бойынша) тапсырыстар қабылдауды реттейді, ал байланыс толық болмаған жағдайда – тапсырыстар қабылдаудан бас тартады.
Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі кезінде қалааралық телефон байланысы қызметтеріне шектеулер енгізілгендігі туралы абонентке, пайдаланушыға тапсырысты қабылдау алдында немесе телефон қосылуын беру алдында хабарланады.
Егер телефон байланысын пайдалануда ұзақ мерзімді шектеулер туындаған жағдайда, байланыс операторы ол туралы пайдаланушыларды бұқаралық ақпарат құралдарын, анықтамалық қызметтерді, ұжымдық пайдаланымдағы байланыс қызметтері пункттерінде хабарландыруларды пайдалану арқылы және басқа да әдістермен хабардар ету шараларын қабылдайды.
5. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі кезінде халықаралық
телефон байланысы қызметтерін көрсету ерекшеліктері
19. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесінің көмегімен халықаралық телефон қосылуларына тапсырыс беру кезінде байланыс операторы келесі қосымша қызметтерді көрсете алады:
1) конференц-байланыс – үш немесе одан да көп терминалдардың телефон қосылулары;
2) факсимильдік хабарламаларды тарату – құжаттарды және басқа да графикалық ақпараттарды телефон желісіне қосылған телефакстар көмегімен тарату;
3) шақырылушы абоненттің есебінен қосылу – тапсырыс беру кезінде шақырушы абонент қосылуының шақырылушы абонент есебінен төленуі тиіс екендігін көрсеткен телефон қосылу;
4) анықтамалық сұраныс – шақырылушының тегі мен мекенжайы (немесе сәйкестендіруге басқа да қажетті деректер) белгілі болғанда, оның абоненттік нөмірі туралы мәліметтер беру;
5) дербес қосылу – шақырушы тұлға мен белгілі бір шақырылушы тұлға арасындағы телефон қосылуы. Шақырылушы тұлғаның тегі, қызметі, қосымша телефон нөмірі, мекенжайымен (хабарламамен тапсырыс) немесе басқа да белгілері бойынша көрсетілуі мүмкін;
6) елмен тікелей қосылу (басқа мемлекетпен тапсырысты қызмет көрсету жүйесі) – басқа елдің аумағында тұратын абонентке шақырушы абоненттің немесе кредиттік карта есебінен ақы төлей отырып, осы елдің абонентімен телефон қосылуына тапсырыс беру үшін арнайы нөмірді теру арқылы өзі тұратын елдің тапсырысты қызмет көрсету жүйесі көмегімен қосылуға мүмкіндік беретін телефон байланысы қызметі.
20. Дербес қосылу кезінде шақырушы тұлға шақырылушы тұлғаның абоненттік нөмірінің орнында жоқ абоненттердің қызметіне ауыстырылғаны немесе абонент орнында жоқ кезде оны ауыстырушы терминалдың қосылғандығы туралы хабардар етіледі. Егер шақырушы тұлға орнында жоқ абоненттердің қызметімен немесе абонентті ауыстыратын терминалмен телефон қосылуына келіссе, онда телефон қосылуы үшін төлем шақырылушы тұлғамен қосқандағы сияқты, оның ұзақтығына байланысты алынады. Егер шақырушы тұлға мұндай қосылымға келісім бермесе, онда одан төлем алынбайды.
21. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі кезінде берілетін халықаралық телефон қосылуының берілу уақытын байланыс операторының өзі анықтайды, бірақ ол екі сағаттан аспауы тиіс.
22. Халықаралық телефон қосылуларына белгілі бір абоненттік нөмір мен конференц-байланыспен тапсырыстың әрекет ету уақыты жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:00-ге дейін күшінде болады (шақырушы абонент тапсырысты қайтып алмаған немесе шақырылушы абонент сөйлесуден бас тартпаған жағдайда).
23. Абоненттерді, пайдаланушыларды халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсыну мерзімі туралы хабардар ету жергілікті уақыт бойынша жүргізіледі.
6. Телефон байланысы қызметтерін байланыс операторының
ұжымдық пайдалану пункттерінде және таксофондарды
пайдалана отырып көрсету
24. Оператордың ұжымдық пайдалану пункттерінде (сөйлесу пункттерінде) телефон байланысы қызметтерін көрсету пайдаланушының айтуымен және оның көзінше тапсырыс бланкін толтырумен ресімделеді. Бұл ретте пайдаланушыға телефон байланысы қызметін көрсету үшін тапсырыстың қабылданғанын растайтын түбіртек немесе басқа құжат береді, оларда:
1) байланыс операторының атауы. Егер байланыс операторы жеке кәсіпкер болса – оның тегі, аты, әкесінің аты және мемлекеттік тіркеу мәліметтері көрсетіледі;
2) пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты;
3) телефон байланысы қызметінің атауы;
4) телефон байланысы қызметінің бағасы;
5) байланыс операторының қалауымен басқа да мәліметтерден тұрады.
25. Таксофондарды пайдалана отырып телефон байланысы қызметтерін көрсету міндеттемелерін байланыс операторы пайдаланушының телефон байланысы қызметтерін алуға әрекет жасағаннан бастап, жетон немесе пластикалық карта алғанда немесе телефон байланысы қызметін алу үшін басқа да төлем құралын пайдаланғанда қабылдайды.
Байланыс операторы өзінің атауы, мекенжайы, жұмыс істеу режимі туралы, сонымен қатар телефон байланысы қызметтерін алу үшін жасауға қажетті әрекеттері туралы мәліметтермен пайдаланушыны хабардар етеді. Бұл мәліметтер таксофонның жанында орналасады немесе пайдаланушыға басқа тәсілмен беріледі.
7. Телефон қосылымдарының ұзақтығын және
құнын анықтауды есепке алу тәртібі
26. Егер тапсырысты қызмет көрсету жүйесі бойынша қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсеткен кезде, шақырылатын тұлғаның желісі абоненттің болмағанында алмастыратын терминалға қосылғаны айқындалса, онда байланыс операторы бұл туралы абонентке хабарлайды. Абонент келіскен жағдайда, телефон қосылыстарына төлем тарифке көбейтілген толық тарифтеу бірліктерінің саны бойынша телефон қосылысының ұзақтығынан анықталады. Егер абонент мұндай қосылысқа келіспесе, онда қосылысты орнатуды ұйымдастыруға төлем алынбайды.
27. Егер телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде, шақырылатын тұлға желісі зияткерлік қызметтер ұсыну бойынша жабдыққа қосылғаны айқындалса (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері), тарифтелетін қосылудың басталуына дейін байланыс операторы абонентті осындай қосылыстың құны туралы хабарлайды.
Абонент телефон қосылысына келіскен жағдайда (яғни абонент бұндай қосылуды үзбеген жағдайда) осы қосылуға төлем тарифке көбейтілген толық тарифтеу бірліктерінің саны бойынша телефон қосылысының ұзақтығымен анықталады.
Егер абонент мұндай қосылысқа келіспесе (яғни тиісті хабарлауды алған соң осы қосылуды үзген жағдайда), онда қосылысты орнатуды ұйымдастыруға төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы тарифтелетін қосылудың басталуына дейін абонентке осындай қосылыстың құны туралы хабарламаған жағдайда, онда зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсынғаны үшін төлем алынбайды.
28. «Белгілі бір абоненттік нөмірді шақыру» немесе «дербес қосылу» қызметімен қалааралық немесе халықаралық телефон қосылуы кезінде телефон қосылуының ұзақтығы есебі шақырылған тұлғаның жауап беру сәтінен немесе оның орнындағы тұлғаның немесе пайдаланушы онымен ақпарат алмасу жүргізуге келіскен жағдайда терминалдың жауап беру сәтінен бастап анықталады.
29. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі кезінде Қағидалардың 4-тармағында қарастырылған жағдайда халықаралық телефон қосылулары үшін әдеттегідей тариф алынады.
30. «Конференц-байланыс» қызметінің ұзақтығы шақырушы тұлғамен барлық шақырылушы тұлғаларды қосқаннан кейін есепке алынып, шақырушы тұлғаның тоқтату сигналын беру сәтінде аяқталады.
31. Жергілікті (жергілікті қосылулар ұзақтығын уақыт бойынша есепке алу жүйесі енгізілгеннен кейін), автоматтық қалааралық немесе халықаралық телефон қосылуларын көрсету кезінде, ақысы төленуге жататын уақыт шақырылушы абоненттің немесе абоненттік құрылғының жауап беруі сәтінен, шақырушы, немесе шақырылушы абоненттің немесе терминалдың байланысты үзу сәтіне дейін анықталады. Егер шақырушы абонент автожауапбергіштің қосылуынан кейін 10 секунд ішінде байланысты үзсе, онда сәйкесінше төлем алынбайды.
Жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қосылуларының болған ұзақтығын есептеу тарификация бірлігіне сәйкес жүргізіледі.
Сигнал жауабы абоненттің, шақырылушы абонент нөмірінің жауабына теңгерілетін және телефон қосылу ұзақтығының басы болып есептелінетін терминалдар қатарына мыналар:
1) факсимильдік аппарат;
2) абонентті орнында болмаған кезде ауыстыратын және ақпарат алмастыруды қамтамасыз ететін басқа да терминалдар;
3) автожауап беруші;
4) зияткерлік қызметтер ұсыну бойынша жабдықтар жатады.
32. Автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалана отырып, телефон қосылуына ұсынылған төлем, тарификация бірлігінің толық санына тарифтерді көбейте отырып телефон қосылуының нақты ұзақтығына байланысты анықталады.
33. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі арқылы қалааралық, халықаралық телефон қосылуларын ұсынған кезде телефон қосылысына төлем тарифке көбейтілген толық тарифтеу бірліктерінің саны бойынша телефон қосылысының нақты ұзақтығынан анықталады.
Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі қызметтеріне байланыс операторы анықтайтын бөлек төлем алынады.
34. Тапсырысты қызмет көрсету жүйесі көмегімен ұсынылған қалааралық және халықаралық байланыс қосылуларына байланыс операторының кінәсі бойынша ұсынылмаса, онда төлем алынбайды.
Тапсырыстардағы өзгерістер телефон қосылуы орнатқанға дейін өзгертсе төлем алынбайды.
35. Шақырушы тұлғаның өзінің алдын-ала тапсырыс берген қалааралық немесе халықаралық телефон қосылуларынан оны ұсыну кезінде бас тартқан жағдайында төлем қосылуға тапсырыс жасалған тариф бойынша тарифтеу бірліктері құнының көлемінде алынады.
36. Егер де шақырушы тұлға қалааралық немесе халықаралық телефон қосылуына тапсырыс берген кезде шақырылушы терминалдың абоненттік нөмірін дұрыс көрсетпесе, онда ол орнатылған қосылу ұзақтығын осы тапсырысқа қатысты қолданыстағы тарифтер бойынша төлейді.
37. Қазақстан Республикасы аумағынан шығатын халықаралық телефон қосылулары, шақырылушы тұлға есебінен төленетін халықаралық телефон байланысының қызметтерінен басқалары, Қазақстан Республикасында төленеді.
38. Автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалана отырып ұсынылған жергілікті (қызметке мерзімдік ақы төлеу жүйесі кезінде), қалааралық немесе халықаралық телефон байланысы қызметі көрсетілгені үшін абонентке шотты қалыптастыру үшін байланыс операторының телефон қосылу ұзақтығын есепке алу аппаратурасының деректері негіз болып табылады.
8. Шарт жасасу және бұзу тәртібі
39. Жеке немесе заңды тұлға Шарт жасасу үшін байланыс операторына жазбаша өтініш береді.
40. Шартта:
1) Шарт жасасу күні және орны;
2) байланыс операторының атауы;
3) байланыс операторының есеп айырысу есебінің деректемелері;
4) байланыс операторына қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге берілген лицензия деректемелері;
5) абонент туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – телефон нөмірлері, пошталық мекенжайы, дара сәйкестендіру нөмірі; заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосымша құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері;
6) абонентке тағайындалған абоненттік нөмір;
7) тегін және ақылы қызметтерді көрсете отырып, көрсетілетін телефон байланысы қызметтері;
8) қалааралық немесе халықаралық телефон қосылуларына лимит;
9) көрсетілген телефон байланысы қызметі үшін есеп айырысу нысаны мен тәртібі;
10) тараптардың құқығы, міндеттері және жауапкершілігі қамтылады.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
41. Абоненттің Шарттан біржақты бас тартқан жағдайда Шарт бұзылды деп саналады. Абонент шартты бұзу туралы өтінішті байланыс операторына жазбаша түрде береді.
42. Шарт жасасу туралы өтінішті:
1) тұратын жерінде белгіленген тәртіп бойынша тіркелген кез келген толық іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға, немесе тұрғын үйдің иесі, немесе тұрғын үйді жалға алушы;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген тәртіппен өзі орналасқан жері бойынша тіркелген заңды тұлға, оның филиалы және өкілдігі бере алады.
Өтініш тиісті аумақта байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторына беріледі.
Байланыс операторы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қабылдаудан бас тарта алмайды.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
43. Байланыс операторы белгіленген тәртіппен мынадай құжаттар болған жағдайда өтінішті толтырады және тіркейді:
1) жеке тұлға үшін – көрсетілген мекенжай бойынша оның тіркелгенін растайтын құжат немесе тұрғын үйді жеке меншігіне сатып алуы, жалға немесе жалдан жалға алғаны туралы құжат, сонымен қатар өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат;
2) заңды тұлғалар үшін – көрсетілген мекенжай бойынша оның тіркелгенін растайтын құжат немесе тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуы, жалға немесе жалдан жалға алғаны туралы құжат және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік (филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы анықтама не куәлік).
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
44. Ұжымдық пайдаланылатын терминалды қоса отырып, Шарт жасасу туралы өтінішті осы пәтерде тұратын, әр отбасынан біреуден және осы тұрғын үй көлемінде белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғалардың белгіленген тәртіппен куәландырылған жазбаша келісімімен жеке тұлға бере алады.
45. Жаңа мекенжай бойынша немесе жаңа тұлғаға бұрынғы мекенжай бойынша Шарт жасасу туралы өтінішті өтініш беру сәтінде жаңа мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен тіркелген немесе бұрынғы өтініш берушімен тең жағдайда осы тұрғын жайға меншіктілік құқығы бар тұлғалар қайта ресімдей алады.
Шарт жасасу туралы өтінішті беру мерзімінен кешігірек тұрғын жайға тіркелген тұлғалар меншік иесі немесе болғандар осы мекенжай жөнінде тіркеу күні бойынша өзіне өтінішті қайта рәсімдей алады.
Көрсетілген Шартты жасасу туралы өтінішті жаңа тұлғаға рәсімдеу, оның шығып кетуімен немесе қайтыс болуымен байланысты құжаттармен расталған жағдайлардан басқа, бұрынғы өтініш берушінің келісімімен іске асырылады.
46. Шарт жасасу туралы өтініш берілген кезіндегі өтініш беруші отбасының мүшелері, өтініш берушінің кетуі немесе қайтыс болуы жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес толық іс-әрекет қабілеттілігі туған сәттен бастап осы өтінішті өзіне қайта рәсімдей алады.
Кәмелеттік жасқа жеткенге дейін олардың атынан ата-аналары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен тағайындалған қамқоршылар немесе асырап алушылар өтінішті қайта рәсімдей алады.
47. Өтініш берушінің сол байланыс операторының жергілікті телекоммуникация желісінің әрекет аймағы шегінде қоныс аударуы кезінде оның жаңа мекенжайы бойынша кезегі, егер бұрынғы мекенжайы бойынша сұрауы қанағаттандырылмаса, Шарт жасасу туралы алғашқы өтінішін байланыс операторы тіркеген күні бойынша есептеледі.
48. Шарт техникалық мүмкіндік болған жағдайда телефон байланыс қызметтерін көрсетуге өтініш беру кезегі тәртібінде жасалады.
49. Байланыс операторы өтініш берушіге телефон байланыс қызметтерін көрсетуге техникалық мүмкіндік болмаған жағдайлардан басқа жағдайда, өтініш берген жеке немесе заңды тұлғалармен Шарт жасасады.
50. Байланыс операторы өтініш берушіге Шарт жасасудан мынадай жағдайларда бас тартады:
1) өтініш беруші толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда;
2) өтініш беруші жалған ақпарат көрсеткен жағдайда;
3) егер өтініш берушінің ауданы телефондандырылмаған, яғни байланыс операторының желісі болмаған жағдайда;
4) АТС-ке нөмірлік сыйымдылықтың болмағанда;
5) магистральдық және таратушы сыйымдылық болмағанда.
51. Шарт екі данада жасалады және байланыс операторы мен абоненттің қолы қойылады. Шартқа қол қоюға уәкілеті операторы өкілінің қолы байланыс операторының мөрімен куәландырылуы тиіс.
Шарт бойынша тарап болып шығатын өтініш беруші Шартқа қол қойғаннан бастап абонент мәртебесіне ие болады.
52. Шартта қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы операторын алдын ала таңдауы көрсетіледі.
53. Абонент пен байланыс операторы арасындағы телефон байланысы қызметтерін көрсету Шарты, егер Шартта басқа мерзім көрсетілмесе, мерзімсіз деп табылады.
54. Жеке немесе заңды тұлғалармен Шартқа отыруға техникалық мүмкіндіктің болмауы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқа шарттар көзделмесе, өтінішті кешірек берген және техникалық мүмкіндігі бар басқа үйлер мен пәтерде тұратын, жеке немесе заңды тұлғалармен Шарт жасасуға кедергі етпейді.
55. Егер телефон байланысы кәбілдерінде бос абоненттік желілердің болмауы Шартқа отыруға кедергі келтірсе, онда қосымша байланыс желілерін төсеу бойынша құрылыс жұмыстары өтініш берушінің қаржы есебінен (ол келісім берген жағдайда), соның ішінде мамандандырылған мердігермен мердігерлік шартқа отыру жолымен жүргізілуі мүмкін.
Осы жұмыстарды, оның ішінде мердігерлік шарт бойынша орындалғаннан кейін және орындалған жұмыстардың белгіленген техникалық нормаларға сәйкес екендігін тексергеннен кейін, байланыс операторы өтініш берушімен Шарт жасасады.
56. Жеке абоненттік желіде жұмыс істейтін терминалды қосарлы схема бойынша жұмысқа ауыстырып қосу, абоненттің жазбаша келісімі бойынша, ерекше жағдайларда, Шартқа тиісті өзгертулер енгізу жолымен жүргізіледі. Терминалды қосарлы схема жұмысына ауысу кезінде абоненттік нөмірлер ауыстырылады.
Ұжымдық пайдаланылатын терминалдар қосарлы схема жағдайында жұмыс істеуге ауыстырылмайды.
57. Қосарлы схема бойынша жұмыс істейтін телефон аппараттары әуе абоненттік желісінің мүмкін ұзақтығы шегінде орнатылады.
58. Шартта бір немесе бірнеше мекенжай бойынша бірнеше телефон нөмірлерін және абоненттік желілерді бөлу көзделуі мүмкін.
Абонентке бөлінген абоненттік нөмірлер мен абоненттік желілердің саны байланыс операторының техникалық мүмкіндігіне байланысты анықталады.
Келесі абоненттік нөмірлер мен желілерді бөлу жасалған Шарттың шеңберінде жеке өтініш негізінде жасалады.
59. Өтініш беруші қосарлы схема бойынша терминалды қосуды немесе қажетті құрылыс жұмыстарын, оның ішінде мердігерлік шарт бойынша жұмыстарды ескере отырып, Шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, Шарт техникалық мүмкіндік туындаған кезде, белгіленген тәртіппен жасалады.
60. Бірнеше отбасы тұратын пәтердің тұрғыны болып табылатын өтініш берушіге, байланыс операторы мен өтініш беруші арасында жеке Шарт жасасқан жағдайда ғана дербес пайдаланылатын терминал орнатылуы мүмкін.
61. Байланыс операторының әрекет ету аймағында (осы жергілікті телекоммуникация желісінің шеңберінде) абоненттің мекенжайы өзгерген жағдайда, оның өтініші бойынша және техникалық мүмкіндік болғанда Шарт бұрын бөлінген абоненттік нөмірді (нөмірлерді) пайдаланумен қайта рәсімделеді немесе жаңа нөмір (нөмірлер) беріледі. Жаңа мекенжай бойынша көрсетілген Шарт орындау үшін техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, абонент телефон орнату кезегіне қойылады.
62. Абоненттің мекенжайы өзгерген және басқа байланыс операторының әрекет ету аймағына немесе басқа жергілікті телекоммуникация желісіне түскен кезде Шарт бұзылады.
Жаңа мекенжай бойынша Шарт басқа байланыс операторымен осы Қағидаларға сәйкес белгіленген тәртіппен жасалады.
63. Шарт күшінің сақталуын талап етпей, абонент басқа жаққа көшкенде абоненттің мекенжайы бойынша белгіленген тәртіппен тіркелген немесе осы жайдың меншік құқығы бар тұлғаның Шартты қайта рәсімдеуге құқығы бар.
64. Телефондалған жайға меншік құқығы қайтыс болған абоненттің мұрагеріне өтуі жағдайында Шарт жаңа меншік иесіне қайта рәсімделеді.
65. Осы тұрғын жайда белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе абонентпен қатар осы тұрғын жайда меншік иесі болып табылмайтын тұлғаларға телефондалған тұрғын жайға меншік құқығы ауысқан жағдайда, тұрғын жайдың бұрынғы иесі – абонентпен жасасқан Шарт бұзылады, ал жаңа иелермен шарт белгіленген тәртіппен жасалады.
66. Телефондалған жайды жалға (жалдан жалға) берген жағдайда абоненттің өтініші негізінде Шарттың күші жалға (жалдан жалға) беру мерзіміне тоқтатыла алады.
Мұндай жағдайда телефондалған жайды (өтініш бойынша) жалға алушымен (жалдан жалға алушының) осы қызметтерді алдын ала төлеу шарты негізінде жалға (жалдан жалға) беру мерзіміне Шарт жасалуы мүмкін.
67. Қайта құрылу салдарынан құрылымдық бөлімшелер негізінде пайда болған, құқыққабылдаушы болып табылатын және өздерінің әуелгі мекенжайын сақтап қалған (өздерінің телефондалған жайын) заңды тұлғалар Шартты бұрын бөлінген абоненттік нөмірді (нөмірлерді) немесе жаңа нөмірді (нөмірлерді) қолдану арқылы қайта рәсімдей алады.
68. Жаңа автоматты телефон станцияларын пайдалануға енгізу және жергілікті телефон желілерін қайта құруға байланысты абоненттік нөмірлерді байланыс операторының өз бастамасымен ауыстыру пайдаланушыларды күні бұрын ескерте отырып, тегін жасалады.
Абоненттік нөмірлер жаппай өзгерген кезде, байланыс операторы бұл туралы пайдаланушыларды күні бұрын жазбаша хабардар етеді.
Абоненттік нөмірді ауыстырған жағдайда байланыс операторы техникалық мүмкіндік болса, бұрын көрсетілген қосымша телефон байланысы қызметтерін (шығыс байланысты шектеу, қоңыраулы сағат, қайта адрестеу, автожауапбергіш және басқа да қосымша қызметтер) жаңа абоненттік нөмірдің атында қалдырады.
69. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне шығуға құқылы 128 нөмірден асатын абоненттер саны бар абоненттік желілер бойынша шағын АТС-ке қосуға шарт жасасу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, Трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларымен реттеледі.
70. Телефон байланысы қызметін пайдаланушы Шарттың шарттарын, жабдықтарды пайдалану, телекоммуникация желісінде сертификатталмаған құралдарды қолдану қағидаларын бұзған жағдайда, сонымен қатар телефон байланысы қызметі үшін төлемді уақтылы төлемеген жағдайда байланыс операторы жазбаша ескертпе жасаған соң он күннің ішінде пайдаланушының телефон байланысы желісінің қызметіне қол жеткізуін Заңның 15-бабының 3-тармағында қаралған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құралдардың тұрып қалғаны немесе зақымданғанына байланысты байланыс операторына келтірілген зиян және кіріс шығынын пайдаланушы өтегенге дейін тоқтатуға құқылы.
Бұл ретте, телефон байланысы желісіне пайдаланушының қолжетімділігін тоқтату туралы хабарлама абонентке тиісті ескертуден тұратын ұсынылған байланыс қызметтеріне берешектің болуы туралы берілген шот-хабарлама болып табылады.
Абонентті телекоммуникация желісіне қолжетімділігін тоқтатқан сәтінен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде байланыс операторы абонентке алдағы уақытта шартты бұзу туралы хабарлама жолдайды және хабарлау уақытынан күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін жеке тараптан шартты орындаудан бас тартады.
71. Байланыс операторларының сот шешімімен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарына үкіметтік байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға құқығы жоқ.
72. Байланыс операторлары қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан байланыстың құралдары мен тораптарында техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды, сондай-ақ үкіметтік байланыс пен арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері мүдделеріне пайдаланылатын желілік-кабілдік құрылыстардағы резервтік сыйымдылықтар мен кепілді электрмен қоректендіруді қарастырады.
Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатады, өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл мерзімде жинақталуын және сақталуын іске асырады.
9. Телефон байланысы қызметтері үшін есеп айырысу
73. Телефон байланысы қызметтері үшін төлеу нысаны мен тәртібі Шартта көрсетіледі. Қызметтер құны бір санаттағы абоненттер үшін бірдей белгіленеді. Есеп айырысу тарифтеу бірліктерінде жүргізіледі.
Телефон байланысы қызметтері үшін абонентпен есеп айырысуды оларды ұсынған байланыс операторы немесе Шарт негізінде оған уәкілетті тұлға жүргізеді.
74. Телефон байланысы қызметтері үшін төлемдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
75. Жергілікті телефон қосылулар құнын уақыт бойынша есепке алу кезінде абонентке есеп айырысу шоты тегін ұсынылады, ол мыналардан тұрады:
1) байланыс операторының деректемелері;
2) абоненттің деректемелері;
3) абоненттің жеке шотының нөмірі;
4) есептік кезең;
5) көрсетілетін телефон байланыс қызметтер тұрғысынан төленуге ұсынылған сома;
6) төленетін қорытынды сома;
7) шоттың берілген күні және шотты төлеу мерзімі;
8) анықтама телефоны.
76. Таксофондарды пайдаланып көрсетілген телефон байланыс қызметтері үшін есептесу байланыс операторларынан сатып алынатын жетондар, телефондық пластикалық карточкалар немесе басқа да төлем құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
77. Байланыс оператордың кінәсінен орын алған байланыстың кідірісі кезінде абоненттік төлемді қайта есептесу байланыстың нақты кідіру сәтінен бастап терминал жұмысын толық қалпына келтірген сәтіне дейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1718 қаулысымен
бекітілген
Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленген және ұялы байланыс қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) абонент – ұялы байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызметті көрсету үшін шарт жасасқан жеке және заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, пошталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
3) абонентті сәйкестендіру картасы – абонентті сәйкестендіретін және абонентке ұялы байланыс операторы қызметтеріне (SIМ/R-UIМ – карта және басқалары) қолжетімділігін қамтамасыз ететін абоненттік құрылғының бөлігі болып табылатын, микропроцессорлық модульді білдіретін жеке қолжетімділік карточкасы;
4) абоненттік нөмір – абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсету кезінде абонентке берілетін және басқа абоненттік құрылғылармен косу кезінде абоненттік құрылғыны қосылған ұялы байланыс операторы желісімен сәйкестендіретін телефон нөмірі;
5) абоненттік құрылғы – ұялы байланыс операторы желісіне қосылатын және абонентпен берілген ақпаратты беруге немесе қабылдауға арналған электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын, жеке пайдалану байланыс құралы;
6) алдын-ала төленген топтама – белгілі бір тарифтік жоспарға бағдарланған бастапқы теңгерімімен абоненттік нөмір;
7) байланыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) байланыс қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – байланыс қызметтерін қолданушы заңды және жеке тұлғалар;
9) бастапқы сома – роуминг қызметтерін қосу үшін қажетті, абоненттің жеке шотына есептелетін және келесіде абоненттің ұялы байланыс қызметтерін, сонымен қатар роумингте ұялы байланыс қызметтерін төлеуге арналған сома;
10) биллинг – абоненттерге ұсынылатын қызметтерді есептеу, сондай-ақ оларды тарификациялау және төлемі үшін шоттарды ұсыну және абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау операцияларын автоматты түрде орындауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
11) есеп айырысу кезеңі – абонент көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне төлейтін есептік кезең аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн;
12) есептік кезең – ұялы байланыс қызметтері және өзге де қызметтер көрсетілген және есептелген күнтізбелік ай;
13) жеке шот – төлемдердің түсуі және абоненттің ұялы байланыс қызметтерін пайдалануы бойынша операциялары есебінде көрсетуге арналған байланыс операторының сараптамалық есебінің құжаты;
14) қысқа мәтіндік хабарлама – белгілі бір тізбекте терілген, әріптер мен символдардан тұратын, хабарларды қабылдау және тарату бойынша ұялы байланыс желісі арқылы ұялы байланыс операторы ұсынатын қызмет;
15) қысқа мультимедиялық хабарлама – хабарларды (суреттер, әуендер, бейне) қабылдау және тарату бойынша ұялы байланыс желісі арқылы ұялы байланыс операторы ұсынатын қызмет;
16) ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі (бұдан әрі – ОПТЖ) – жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
17) роуминг – ұялы байланыс операторларының арасындағы роумингтік келісім негізінде, бір ұялы байланыс операторының абонентіне екінші ұялы байланыс операторының желісінде ұялы байланыс қызметтерін көрсету. Роумингті іске асыру үшін абоненттік станцияның (абоненттің ұялы телефонының) және екінші ұялы байланыс оператор желісінің техникалық үйлесімділігі қажет;
18) сәйкестендіру коды – дайындаушы-зауыт тағайындайтын, оған осы құрылғыны қосу кезінде байланыс операторының желісіне берілетін абоненттік құрылғы немесе абоненттік станция коды;
19) тариф – ұялы байланыс қызметтерін тарифтеу бірліктерінің көлемі құнының ақшалай көрінісі;
20) тарифтеу бірлігі – байланыс операторлары және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісіне кіретін барлық санатты желілер иелері және байланыс операторлары үшін міндетті болып табылатын, тиісті байланыс қызметтері түріне төлем алынатын уақытты, ақпарат саны немесе көлемін өлшеу бірлігі;
21) тарифтік жоспар – ұялы байланыс операторы абоненттерге немесе абоненттердің белгілі бір тобына немесе белгілі бір шектеулі аумақта белгілейтін тарифтік ұсыныстар жүйесі;
22) ұялы байланыс – қызмет көрсетілетін аумақты абоненттің бір ұяшықтан келесі ұяшыққа ауысуы кезінде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз етуші бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын және радиотолқындар арқылы берілетін сөйлесу түрінде басымдылықты екіжақты (көпжақты) ақпаратпен алмасу үшін тағайындалған электр байланысы түрі;
23) ұялы байланыс желісі – радиосигналдарды қабылдап алу-тарату жабдықтары мен коммутация құралдарының көмегімен абоненттік құрылғылардың қосылысын орнатуға жағдай жасайтын, техникалық құрылғылар мен жабдықтар кешенінен тұратын Қазақстан Республикасы телекоммуникацияларының бірыңғай желі санаты;
24) ұялы байланыс операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін ұсынатын байланыс операторы;
25) ұялы байланыс операторының хабардар етуі – абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсету бойынша жолданатын байланыс операторының жазбаша, дыбыстық немесе мәтіндік (байланыс операторы құралдарын және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланумен) хабарламасы;
26) ұялы байланыс операторының қызмет көрсету аймағы – ұялы байланыс операторының лицензияға және өзінің желісінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін аумағы;
27) шотты бөлшектеу – абонентпен ұялы байланыс операторы желісінде алынған ұялы байланыс қызметтері туралы, басқа желілердің абоненттерімен қосылулары, олардың пайдаланған уақыттары туралы ақпарат.
2. Ұялы байланыс операторы және абонент арасындағы өзара
қарым-қатынастар
3. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету кезінде туындайтын ұялы байланыс операторының абоненттермен өзара қарым-қатынасы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
4. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ұялы байланыс операторы төтенше жағдайлар саласындағы құзыретті органдардың сұрауы бойынша қысқа мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату арқылы абоненттерді хабардар етеді.
5. Байланыс операторлары ұялы байланыс желілері бойынша берілетін хат жазысу, телефондық сөйлесулер және өзге де хабарламаларды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайда және тәртіпте осы құқықтарды шектеу жағдайларынан басқа жағдайда, құпиялылығын қамтамасыз етеді.
6. Байланыс операторынан абоненттер туралы қызметтік ақпарат алу тек абоненттің келісімімен және «Байланыс туралы» Заңының 15-бабында көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
7. Алдын-ала төленген топтаманы сату кезінде, ұялы байланыс операторы немесе оның өкілі (шарт немесе сенімхат бойынша) осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге абоненттермен шарт жасасады.
8. Абонент ақпаратты тарату үшін қолданыстағы стандарттармен, техникалық нормалармен рұқсат етілетін тәсілдермен шығыс немесе кіріс қосылуды пайдалана алады.
Ұялы байланысты пайдалану, анықтамалық-ақпараттық және өзге де қызметтерді алу үшін ұялы байланыс желілеріне абоненттік станциялардың қосылу мүмкіндігі бар, олар арқылы деректерді таратудың және телематикалық қызметтердің (факсимильді аппарат, модем және басқалары) ақырғы абоненттік құрылғылары, автоматты жауапбергіштер, сигналдау құрылғылары қосылады.
9. Абонентке ұялы байланыс қызметтері, осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте, ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты жасасқаннан соң ғана көрсетіледі. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты жасасқан абоненттер, егер оның абонент туралы қызметтік ақпаратқа сәйкес келмегені жағдайында, ұялы байланыс операторына алдында ұсынылған қызметтік ақпараттағы өзгерістер туралы ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуы қажет.
10. Абоненттермен тікелей өзара қарым-қатынас жасайтын ұялы байланыс операторының филиалдарының, офистерінің және өзге ақпараттық орталықтарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс режимі ұялы байланыс операторымен белгіленеді және абоненттердің назарына ақпаратты ұялы байланыс операторының сайтында орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) абоненттерге қызмет көрсету орындарында ақпаратты орналастыру арқылы операторға қолжетімді барлық тәсілдермен жеткізіледі.
11. Сол немесе өзге де тарифтік жоспарда көзделген ұялы байланыс қызметтері ұялы байланыс операторымен осы тарифтік жоспарға қосылуға ниет білдірген, оператормен белгіленген тәртіпте, барлық абоненттерге тең жағдайларда қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көрсетіледі.
12. Ұялы байланыс операторларымен абоненттерге көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері тізбесі уәкілетті орган берген лицензиямен және оның ұялы байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерімен анықталады.
13. Ұялы байланыс қызметтері төмендегідей бөлінеді:
1) мүлтіксіз барлық абоненттерге көрсетілетін негізгі ұялы байланыс қызметтері;
2) абоненттің өтініші бойынша ұсынылатын қосымша ұялы байланыс қызметтері.
14. Негізгі ұялы байланыс қызметтеріне төмендегілер жатқызылады:
1) жедел шақыруды қоса алғанда дауыстық байланыс қызметтері;
2) қысқа мәтіндік хабарламаларды тарату.
15. Қосымша қызметтер тізбесі ұялы байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты ұялы байланысы операторымен анықталады. Бұл ретте, жасырын нөмірлерді тану қызметі және роуминг қызметі абоненттің өтініші немесе жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыратын органдардың сұрауы бойынша іске асырылады.
16. Ұялы байланыс операторы абоненттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесіне сәйкес шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат, анықтамалық және өзге де қызметтермен тегін қосылысты ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ұялы байланыс операторы ұялы байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты ақпаратты абоненттерге ұсыну мақсатында, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесін құруы қажет.
17. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесінде тегін және ақылы ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсетіледі.
18. Ұялы байланыс операторы тәулік бойы мынадай ақпараттық-анықтамалық қызметтерді тегін көрсетеді:
1) қызметтерге тарифтер туралы, ұялы байланыс желісінің қызмет көрсету аумағы туралы ақпарат береді;
2) абонентке оның жеке шотының жай-күйі және ұялы байланыс қызметтеріне төлемі бойынша берешегі туралы ақпарат береді;
3) абоненттен ұялы байланыс қызметтерін пайдалануға кедергі келтіретін техникалық бұзушылықтары туралы ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады.
Жеке шотының жай-күйі туралы ақпарат абонентке қысқа мәтіндік хабарлама арқылы ұсынылады.
19. Ұялы байланыс операторы ақылы көрсетілетін анықтамалық-ақпараттық қызметтер тізімін жеке анықтайды.
20. Ұялы байланыс операторы абонентпен алынған қызметтер туралы ақпараттың автоматты биллинг арқылы автоматты есептеуді жүзеге асырады: қосылыс уақыты, ұзақтығы, ұялы байланыс операторы желісінде шақырылатын абоненттердің және ОПТЖ абоненттері телефон нөмірлері.
3. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты жасасу
ерекшеліктері
21. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жазбаша нысанда 2 данада, әрбір тарап үшін бір данадан, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасында анықталған тәртіпте жасалады және оған мынадай деректемелер енуі қажет:
1) шартты жасасу күні және орны;
2) ұялы байланыс операторының атауы;
3) ұялы байланыс операторының есеп айырысу шотының деректемелері;
4) ұялы байланыс операторына берілген лицензияның деректемелері;
5) шарттың қолданылу мерзімі;
6) абонент туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің, статистикалық картаның, қосымша құн салығына есепке қою туралы куәліктің деректері, шоттарды жеткізу үшін мекенжайы; жеке тұлғалар үшін – абоненттің тегі, аты және әкесінің аты, нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні, СТН, сәйкестендіру коды, электрондық поштасының мекенжайы, пошталық мекенжайы);
7) абонентті сәйкестендіру картасының нөмірі;
8) абонентке тағайындалған абонент нөмірі;
9) көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері;
10) есеп айырысу тәртібі;
11) ұялы байланыс қызметтерін төлеу жүйесі;
12) шотты немесе шотты бөлшектеуді жеткізу тәсілі;
13) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
14) тарифтік жоспар;
15) кредиттік есеп айырысу тәртібінде шығыс ұялы байланысқа лимит;
16) басқа адамға табыстаған жағдайда, абоненттік нөмірді жаңа иесінің атына міндетті қайта тіркеу қажеттілігі туралы талаптар;
17) ұялы байланыс операторымен олармен түрлі стандартты ұялы желілерді пайдалану кезінде белгіленетін қосымша талаптар.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22. Ұялы байланыс операторының абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсетуде техникалық мүмкіндігі бола тұра, ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасудан бас тартуға жол берілмейді.
23. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт мынадай жағдайларда өз әрекетін тоқтатады және тағайындалған абоненттік нөмір алынады:
1) егер абонент, оған ұялы байланыс қызметтері көрсетілген тарифтік жоспардың жойылуы немесе өзгеруі туралы ескерткен сәтінен бастап, абонентті сол немесе өзге қолданыстағы тарифтік жоспардың жойылғандығы немесе өзгергендігі туралы ескерткен жағдайда, күнтізбелік отыз күннің ішінде басқа тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетуге өтпесе;
2) егер абонентке, көрсетілген ұялы байланыс қызметтерінің төлемі бойынша өз міндеттемелерін орындаумен байланысты, кредиттік есеп айырысу тәртібі бойынша ұялы байланыс қызметтері күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылса;
3) жеке шотында ақша болуы және абоненттің соңғы 24 айда бірде-бір тарифтелетін қоңырау соқпауы.
Бұл ретте, қалған ақша абонентке оның жазбаша өтініші бойынша қайтарылады.
24. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт абоненттің біржақты шарттан бас тартқан жағдайда бұзылды деп саналады. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттан бас тарту туралы өтінішті абонент ұялы байланыс операторына жазбаша нысанда ұсынуы қажет. Бұл жағдайда ұялы байланыс қызметтерін көрсетуді нақты тоқтату ұялы байланыс операторымен абоненттің өтінішінде көрсетілген күнінен бастап жүргізуі қажет.
Абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартын бұзу, абонентке ұялы байланыс қызметтерін ұсынуды тоқтату оны берешектерін төлеу бойынша міндеттемелерінен босатпайды.
4. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттары
25. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету кезінде ұялы байланыс операторы:
1) абоненттермен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттарды жасасады;
2) өкілдермен шарт жасасқан кезде өкілдердің сатылған абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты ұсыну жауапкершілігін көздейді;
3) олардың желісінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодының тізілімін жүргізеді;
4) өз желісінде абоненттік құрылғы иесінің өтінішімен сәйкестендіру коды бойынша абоненттік құрылғы жұмысын, тоқтата тұрады немесе қалпына келтіреді. Құжаттары аталған абоненттік құрылғыға меншік құқығын растайтын тұлға меншік иесі болып танылады;
5) абоненттерге көрсетілетін байланыс қызметтері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынады;
6) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ аталған іс-шараларды өткізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шараларды қабылдайды.
Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты байланыс желісінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға ұялы байланыс операторы немесе аймақтық бөлімшелер ұсынады;
7) ұялы байланыс операторының желісінде абонент алған ұялы байланыс қызметтерін, оларды пайдалану уақыты, ұқсас стандартты басқа желі абоненттерінің телефон нөмірлерімен қосылыстары туралы ақпараттарды автоматты түрдегі есепті іске асырады.
Сонымен қатар абоненттің ортақ пайдаланылатын тіркелген телекоммуникация желісінің абоненттік құрылғыларымен қосылыстары, оған қоса қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері, халықаралық роуминг, сондай-ақ абоненттің тарифтелмейтін қосылыстары тіркеледі;
8) байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатады, өзінің жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл ішінде жинақталуын және сақталуын іске асырады;
9) құқық қорғау органдарының ұсынысы бойынша, оның ішінде абоненттің сәйкестендіру коды бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынуды (шарттың қолданылуын тоқтатпай) күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде уақытша тоқтата тұрады. Абонент бұл жағдайда, егер мұндай ұялы байланыс қызметтерін уақытша тоқтата тұруға сәйкес келетін уақыт кезеңіне тарифтік жоспармен көзделген болса, абоненттік төлемді және басқа да ай сайынғы төлемдерді енгізуден босатылады. Қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылғандығы және оның себептері туралы абонентті ұялы байланыс операторы жазбаша түрде хабарландырады;
10) желіде бірдей сәйкестендіру кодымен бірнеше абоненттік құрылғыларды айқындаған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2009 жылғы 26 маусымдағы № 984 қаулысымен бекітілген, Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесіне сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарға хабарлайды;
11) лицензияға және техникалық нормативтерге сәйкес өз желісінің жұмысын қамтамасыз етеді;
12) абоненттерге, ұялы байланыс қызметтерін пайдаланушыларға қалааралық немесе халықаралық байланыс операторының техникалық мүмкіндікті еркін таңдауын қамтамасыз етеді;
13) ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарына және абонентпен таңдап алынған тарифтік жоспарға сәйкес, ұялы байланыс қызметтерін көрсетеді, абоненттердің назарына қажетті ақпаратты, оның ішінде қысқа мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату арқылы, бұған абоненттерден төлем алмай, тарифтік жоспарларды енгізу немесе өзгерту туралы ақпаратты жеткізеді;
14) абоненттен өзінің абоненттік құрылғысы және (немесе) абоненттің сәйкестендіру картасының бұзылғандығы (жойылғандығы) немесе жоғалғандығы (ұрланғандығы) туралы жазбаша немесе ауызша өтініш (ауызша өтініш білдірген сәтінен бастап 12 сағаттан кешіктірмей, жазбаша өтініш бере отырып) келіп түскен жағдайда ұялы байланыс қызметін көрсетуді уақытша тоқтатады;
15) ұялы байланыс операторының кінәсінен байланыстың болмау жағдайында, абоненттің жазбаша өтінімі негізінде абоненттік төлемді қайта есептеуді жүргізеді;
16) ұялы байланыс операторы желісін пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсету барысында айқындалған ұялы байланыс қызметтерін көрсетудегі кемшіліктерді жояды;
17) абоненттерді бұқаралық ақпарат құралдары және/немесе жаппай қысқа мәтіндік хабарламаларды тарату арқылы желі жұмысын тоқтатуға әкеп соққан ұялы байланыс операторы желісіндегі ірі апаттар туралы және осындай апатты болжанған жою мерзімдері туралы хабарландырады;
18) абоненттерді байланыс құралдарын жартылай немесе толық ағытуға байланысты алдын-алу қызметтері туралы және осы жұмыстарды аталған жұмыстар басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын осы жұмыстарды өткізу мерзімдері туралы хабарлайды;
19) қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей абоненттерге ұялы байланыс қызметтеріне тарифтердің ұлғайғандығы туралы, жекелеген ақылы байланыс қызметтерін тоқтатуы туралы хабарлайды;
20) абоненттің жазбаша өтінішіне, оны алған сәтінен бастап отыз күнтізбелік күнінен кешіктірмей, жазбаша жауап жолдайды;
21) егер қызмет көрсетуге шотты жеткізу қызметі абонентпен таңдап алынған есеп айырысу тәртібінде көзделсе, ай сайын (келесі есеп-айырысу кезеңінен бастап) ақысыз негізде абонентке шартта көрсетілген пошталық жеткізу мекенжайы немесе электронды пошта бойынша көрсетілген қызметтеріне шотты бөлшектеуді ұсынады;
22) абонентке көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне артық төленген ақша қаражатын қайтарады немесе оларды ұялы байланыс қызметтеріне аванстау ретінде есептейді;
23) абоненттердің өтініші бойынша Шарттың мәтініне қосымша төлем алмай, өзгерістер енгізеді:
жеке тұлға үшін – тегін, аты-жөнін, тұрғылықты орнын өзгертумен;
заңды тұлға үшін – ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің деректемелері, орналасқан орны мен пошталық мекенжайының өзгеруімен;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге жағдайларда;
24) ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жасасқан шарттардың есебін жүргізеді;
25) өз желісінің абоненттерінен/не басқа ұялы байланыс операторларының абоненттеріне/нен түрлі хабарламаларды табыстау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл ретте ұялы байланыс операторлары арасында жолданатын хабарламалар түрлері өздерінің техникалық мүмкіндіктері шегінде ұялы байланыс операторларының өздері анықтайды;
26) күні-түні режимінде ағымдағы есеп шотындағы ақшаның балансын тексеруді қамтамасыз етеді;
27) ұялы байланыс операторына берілген лицензияның талаптарына сәйкес ұялы байланыс желісін пайдаланады;
28) ұялы байланысы операторы абоненттен төлем растауын алған сәтінен бастап немесе ұялы байланыс қызметтеріне төлем бойынша берешекті жойғандығын растайтын (ұялы байланыс қызметтерін көрсетуді (тоқтата тұрған жағдайда) құжаттарды ұсынғаннан кейін 24 сағаттың ішінде абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсетуді қалпына келтіреді;
29) өз желісінде абоненттер арасында ақпараттық, қысқа мәтіндік хабарламаларды мемлекеттік және орыс тілдерінде жолданылуын қамтамасыз етеді;
30) әлеуметтік-мемлекеттік тапсырыс болған жағдайда, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қылмыстарды ескертуге жәрдем көрсету мақсатында, абоненттерге заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың оларға қажетті жағдайларда қысқа нөмірлерді резервтеумен, ақпараттық хабарламаларын жаппай таратуды қамтамасыз етеді;
31) зияткерлік қызметтерге қол жеткізуді ұсыну кезінде (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) тарифтелетін қосылудың басталуына дейін ұялы байланыс операторы абонентке осы қосылыстың құны туралы хабарлауға міндетті.
Абонент телефон қосылысына келіскен жағдайда (яғни абонент бұндай қосылуды үзбеген жағдайда) осы қосылуға төлем тарифке көбейтілген толық тарифтеу бірліктерінің саны бойынша телефон қосылысының ұзақтығына қарай анықталады.
Егер абонент мұндай қосылысқа келіспесе (яғни тиісті хабарлауды алған соң осы қосылуды үзген жағдайда), онда қосылысты орнатуды ұйымдастыруға төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы тарифтелетін қосылудың басталуына дейін абонентке осындай қосылыстың құны туралы хабарламаған жағдайда, онда зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсынғаны үшін төлем алынбайды;
32) қысқа мәтіндік және/немесе мультимедиялық хабарламалар жіберу арқылы зияткерлік қызметтерге қол жеткізуді ұсыну кезінде (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) ұялы байланыс операторы қысқа мәтіндік хабарлама арқылы абонентке осы қызметтің құны туралы хабарлайды. Осы қызметке төлем абонент осы хабарламаны жіберуді растаған жағдайда алынады, бұл ретте абоненттен растағаны үшін төлем алынбайды.
Егер ұялы байланыс операторы зияткерлік қызметтерге қол жеткізуді ұсыну бойынша (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қысқа мәтіндік және/немесе мультимедиялық хабарламаның құны туралы хабарламаған жағдайда, онда осы қызмет үшін төлем алынбайды;
33) абоненттерге түнгі уақытта (сағат 23:00 ден 08:00 дейін) бұрын абонент сұратпаған, қысқа мәтіндік хабарламаларды және/немесе мультимедиялық хабарламалар арқылы ақпараттарды (жарнамалық сипаттағы таратуларды) жіберу бойынша лимит белгілейді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ұялы байланыс операторлары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен пайдалану үшін көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты және жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін мағынасы бар абоненттер туралы қызметтік ақпаратты өтеусіз ұсынады.
27. Абоненттер үшін ұялы байланыс операторлары туралы және ұялы байланыс операторларымен көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері туралы ақпарат мыналардан тұрады:
1) ұялы байланыс операторының атауы, оның пошталық мекенжайы, байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен абоненттермен өзара әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшелердің атауы, олардың орналасқан орны, жұмыс режимі және байланыс телефондары;
2) уәкілетті орган ұялы байланыс операторына берген лицензияның нөмірі және қолданылу мерзімі;
3) ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттары және тәртібі;
4) ұялы байланыс қызметтерін көрсетудегі шектеулер;
5) белгілі бір тарифтік жоспар шеңберінде ұялы байланыс қызметтерін ұсыну кезіндегі жеңілдіктер және ұялы байланыс қызметтеріне тарифтік жоспарлар;
6) тегін ұялы байланыс қызметтерінің тізбесі;
7) ұялы байланыс қызметтерін төлеу мерзімдері және нысандары;
8) абоненттердің өтініштерін қарау тәртібі;
9) абоненттің шағымдарын қарау тәртібі;
10) анықтамалық және жөндеу қызметтерінің (мұндай қызметтер болған жағдайда) телефон нөмірлері;
11) ұялы байланыс операторының шешімі бойынша абоненттер үшін қажетті басқа да ақпарат.
Аталған ақпарат көрнекі және қолжетімді нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде ұялы байланыс операторының қызметтері арқылы абоненттердің назарына жеткізіледі.
28. Ұялы байланыс операторы абоненттің өтінішінсіз, ақылы көрсетілетін ұялы байланыс қызметтерін көрсетпейді. Бір тарифтік жоспар шеңберінде, қысқаша хабарлама жолдау арқылы активтену немесе қандай да бір қосымша қызметтерден бас тарту, тарифтік жоспарды өзгерту, сондай-ақ, тарифтердің өзгеру мүмкіндігін қарастыратын, тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді өзгертуге рұқсат беріледі.
Абоненттің ұялы байланыс операторына қысқаша хабарлама жолдау арқылы өтініш білдіру мұндай жағдайда абоненттің жазбаша өтінішіне теңестіріледі.
29. Ұялы байланыс операторы бір қызметті көрсетуді, алдын-ала төленген топтама бойынша қызметтерден басқа, өзге де қызметті міндетті түрде көрсету шарт деп есептемейді.
30. Ұялы байланыс қызметтерін абонентке ұялы байланыс операторы осы Қағидаларға сәйкес онымен шарт жасасқан сәтінен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұсынады. Тарифтік жоспар бойынша олардың алды-ала төлемін қарастыратын ұялы байланыс қызметтерін көрсету ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартпен белгіленген тәртіпте және талаптарда төлемді жасағаннан кейін, ұялы байланыс қызметтері көрсетіледі.
31. Ұялы байланыс операторы абоненттерге ұсынатын тарифтік жоспарларды қалыптастырады. Тарифтік жоспарлар тізімі, оларды пайдалану ережелері, оларға енгізілген ұялы байланыс қызметтерін және оларға тарифтерді ұялы байланыс операторы анықтайды және ұялы байланыс операторына қолжетімді барлық тәсілдер арқылы абоненттердің назарына жеткізеді.
32. Ұялы байланыс операторы тарифтік жоспарларда:
1) ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді;
2) көрсетілетін ұялы байланыс қызметтерінің тізімін;
3) абоненттің белгілі бір тарифтік жоспарға енгізілген ұялы байланыс қызметтерінің белгілі бір ара қатынасын таңдау мүмкіндігін;
4) абонентке белгілі тарифтік жоспарды пайдалануға мүмкіндік беретін белгілі бір ұялы байланыс қызметтерін алуға бағдарланған абоненттік нөмірлердің шағын мөлшерін;
5) тиісті тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың өзге де талаптарын көрсетеді.
33. Абоненттік нөмірлерді байланыс желісі нумерациясы жоспарының өзгеруіне байланысты ауыстыру абоненттерді осындай ауыстыру себебі туралы абоненттерге алдын-ала хабарлаумен, ұялы байланыс операторымен қосымша төлемді алмай жүргізіледі. Байланыс желісінің нөмірленуі ресурсының жаппай өзгеруі кезінде ұялы байланыс операторы отыз күн бұрын абоненттерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
34. Қажеттілігіне қарай абонент:
1) ұялы байланыс операторынан:
ұялы байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері мен ұстауы;
ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу тәртібі;
тапсырыс берілген және алынған ұялы байланыс қызметтеріне төлем тәртібі, көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне есеп айырысу ерекшеліктері;
өтініштер, шағымдар беру және оларды қарау тәртібі, ұялы байланыс операторы қызметтерінің жұмысы режимдері туралы ақпаратты алады;
2) егер тарифтік жоспарды ауыстыру ұялы байланыс операторымен бөлінген абоненттік нөмірді ауыстырумен байланысты болмаса, ұялы байланыс операторына ағымдағы айдың 25-іне дейін тиісті жазбаша өтініш беріп, бір тарифтік жоспарды келесі жоспарға ауыстыруды тегін жүзеге асырады. Абонентпен қолданыстағының орнына тапсырыс берген тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтері келесі күнтізбелік айдың алғашқы күнінен бастап көрсетіледі;
3) қосымша төлемге, егер тарифтік жоспарды ауыстыру абоненттік нөмірді ауыстыруға байланысты болса, ұялы байланыс операторына тиісті өтінішті бере отырып, бір тарифтік жоспардан келесі жоспарға ауыстыруды (егер бұл ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартпен көзделсе) жүзеге асырады. Абонентпен қолданыстағының орнына тапсырыс берген тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтері тиісті өтініш бергеннен кейін келесі күні көрсетіледі;
4) ұялы қызметтер көрсету туралы шартпен көзделген талаптарға сәйкес, ұялы байланыс операторының желісінде абоненттік нөмірді ауыстыруды жүзеге асырады;
5) ұялы байланыс қызметтерін пайдаланғанына төлемді қайта есептеуді немесе есептеуде қателік болған абоненттің өтінішінсіз ақылы ұялы байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайда, бұл қызметтерді пайдаланғанына төленген соманы қайтаруды талап етеді;
6) көрсетілген ұялы байланыс қызметтерінің сапасына, ұялы байланыс операторы қызметі мен персоналы жұмысындағы кемшіліктерге, есеп-айырысу кезіндегі қателіктерге шағым түсіреді;
7) қосымша ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жазбаша өтініш немесе қысқаша хабарлама жолдау арқылы береді.
35. Абонент:
1) белгілі бір аумақта (әуежай, ұшақ және тағы басқалары) қолданылатын талаптарды, сондай-ақ, мүмкін болатын кедергілер немесе қауіпті жағдаяттар (медициналық мекемелер, отынды сақтау және тиеу аумағы, автомобильдерде, жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарында және т.б.) туындағанда шектеулерді сақтауы;
2) шұғыл түрде, жазбаша немесе ауызша (алдағы уақытта ауызша өтініш білдірген сәтінен бастап 12 сағаттан кешіктірмей, жазбаша өтініш бере отырып), оны пайдалануды бұғаттау мақсатында ұялы байланыс операторына абоненттік құрылғының немесе абоненттің сәйкестендіру кодының бүлінгендігі (жойылғандығы), жоғалғандығы (ұрланғандығы) туралы хабарлауы қажет. Күдікті жағдайда, ұялы байланыс операторы абоненттің сәйкестендіру картасының мәліметтеріне абоненттің құқықтарын растайтын қосымша мәліметтер сұрастырады. Ұялы байланыс операторымен абоненттің жоғалған сәйкестендіру кодына байланысты бұғаттау сәтіне дейін, сондай-ақ белгіленген мерзімде жазбаша өтінішті ұсынбағаны үшін, абонент ұялы байланыс қызметтеріне төлеу бойынша барлық міндеттемелерді өткереді.
Абоненттің ұялы байланыс операторына ауызша өтініш білдірген жағдайда, абонент өзінің абоненттік нөмірін және ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың деректемелерін хабарлауы;
3) ұялы байланыс қызметтерін алу үшін, сертификаттау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін абоненттік құрылғыларды ғана пайдалануы қажет.
36. Қысқаша хабарламалар жолдау арқылы абонентпен іске қосылған қосымша ұялы байланыс қызметтері оны іске қосу сәтінен бастап көрсетіледі.
Ұялы байланыс желілерінде жарнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламаларды тарату абоненттің келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
5. Ұялы байланыс қызметтері үшін есеп айырысу
37. Белгілі бір тарифтік жоспар бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтер аталған тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетілетін барлық абоненттер үшін біркелкі қолданылады.
38. Көрсетілетін ұялы байланыс қызметтеріне тарифтер Қазақстан Республикасының резиденттері үшін ұлттық валютада белгіленеді.
39. Абонентпен ұялы байланыс қызметтеріне төлеу үшін негіздеме ұялы байланыс операторы желісінің биллинг жүйемен алынған мәліметтері болып табылады.
40. Ағымдық есептік кезеңде абонентпен пайдаланылған ұялы байланыс қызметтері, олардың пайдалану уақыты, олардың ұзақтығы мен құны, басқа абоненттердің абоненттік нөмірлерімен барлық шығыс қосылысы туралы ақпарат өтеусіз ұсынылады.
41. Ұялы байланыс қызметтерін пайдалану кезінде қосу ұзақтығы ұялы байланыс операторымен шақырған абонент нөмірі бойынша кез келген тұлғаның немесе абоненттік құрылғының немесе өзге ұялы байланыс операторының базалық абоненттік станциясынан жауап беру сәтінен бастап, ұялы байланыс операторының желісі коммутаторының автоматты жауап берушісінен басқа, үзілгенге дейін (абонеттік құрылғы клавиатурасында сөйлесудің аяқталуы клавишасын басуы немесе байланыс құралымен көзделген өзге де тәсілдер) саналады.
Абоненттік құрылғыға шақырылатын абонент жауабына теңестірілетін жауап белгісі тиісті қосылу тарификациясының бастамасы болып табылады, оларға жатқызылады:
1) автожауап берушімен жабдықталған абоненттік құрылғы;
2) факсимильді аппарат.
42. Егер желіаралық қосылыс жасалмаса немесе Тараптардың бір абоненті төменде санамалап көрсетілген сигналдардың бірін алса, онда келесі Тарап оны табысты қосылыс деп есептемейді:
1) «шақыруды жолдау бақылауы» сигналына жауап болмаса;
2) «бос емес» сигналы;
3) «нөмір қолжетімді емес» сигналы;
4) нөмірдің қолжетімсіздігі туралы дауыстық хабарлама.
43. Желіаралық қосылыстардың ұзақтығын есептеу абоненттердің кез-келген екі терминалынан «тоқтату» деген дабыл алғаннан кейін аяқталады. Қосылыстардың жалпы сомасының есеп айырысулары заңнамада белгіленген қосылыстар тарифтеуінің бірліктері көлемінде әрбір қосылыс ұзақтығының сомасына негізделеді.
44. Абонентпен барлық алынған ұялы байланыс қызметтерінің және өзге де қызметтердің құны есептік кезеңге жинақталады.
45. Абонентпен ұялы байланыс қызметтерінің төлемі тиісті тарифтік жоспар мен шарттың талаптары бойынша жүргізіледі, сонымен қатар, абоненттің таңдауы бойынша қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны қолданылады.
46. Абонентпен таңдап алынған тарифтік жоспарға сәйкес, ұялы байланыс операторы мынадай есеп айырысу тәртібін жүзеге асырады:
1) кредиттік есеп айырысу тәртібі;
2) аванстық есеп айырысу тәртібі.
47. Кредиттік есеп айырысуда ұялы байланыс операторының шотына ұялы байланыс қызметтерін төлеу үшін жеткілікті ақша түсуін қажет етпейді, абонент байланыс қызметтерін кредитке пайдалана алады және оларды есептік кезеңінде төлейді. Ұялы байланыс операторы ай сайын абонентке ұялы байланыс операторының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес шотты ұсынады.
Кредиттік есеп айырысуда абонент шығыс ұялы байланысқа лимит орнатуға құқылы.
48. Аванстық есеп айырысуда абонент ұялы байланыс операторының шотына ұялы байланыс қызметтерін төлеу үшін жеткілікті ақша түскеннен кейін ғана ұялы байланыс қызметтерін пайдалана алады.
Роуминг қызметтерін қосу үшін бастапқы соманы белгілеуге жол беріледі, оның көлемі 2 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы тиіс.
Аванстық есеп айырысу тәртібі бойынша ұялы байланыс қызметтерін алу кезінде абонентте ұялы байланыс операторы алдында берешек туындауын болдырмау мақсатында, ол абоненттің жеке шотында ақшаның аяқталу сәтінде радиотелефон арқылы сөйлесуіне немесе Интернет желісіне қол жеткізу қызметін пайдалануға байланысты туындауы мүмкін, ұялы байланыс операторы бұндай қосылуды үзеді. Егер оператор мұндай қосылуды үзбеген жағдайда, онда абонентке көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне есептелген қарызды төлемеуге болады. Осы абзацтың қолданылуы есепке алынуы кезінде ұялы байланыс операторының абонентіне роуминг қызметтерін көрсететін ұялы байланыс операторының роуминг-серіктесі нақты уақыт режимінде қосылулар ұзақтығын қадағалауға мүмкіндік беретін жүйелерді (жабдықты және биллингті жүйені) пайдаланбайтын қосылуларға таратылмайды. Бұл ретте ұялы байланыс операторы өз абонентінің осындай роуминг-серіктестің еліне бару кезінде нақты уақыт режимінде қосылулар ұзақтығын қадағалауға мүмкіндік беретін жүйенің болмауына байланысты берешектің пайда болу мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Ұялы байланыс қызметтеріне шартты бұзған жағдайда абонентке оның жеке шотынан ақшаның қалдығын қайтару жүргізіледі. Абонентке тиесілі ақшаны қайтару шартты бұзған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
49. Ұялы байланыс операторының абонент алдында берешегі қалыптасқан жағдайда, ұялы байланыс операторы абоненттің жазбаша өтініші негізінде оған қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрінде ақшаны қайтарады немесе байланыс қызметтерін аванстық төлем ретінде есептейді.
50. Абонент, ұялы байланыс операторы желісінен абоненттік құрылғыны және (немесе) сәйкестендіру картасын уақытша ағыту абонентпен осы Қағидаларды бұзумен байланысты емес жағдайларда жүргізілген болса, барлық уақыт кезеңіне, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде абоненттік төлемақыны және өзге де ай сайынғы төлемдерді төлеуден босатылады.
51. Абоненттік нөмір абонентте абоненттің жеке шотында ақша аяқталғаннан бастап он екі айдың ішінде сақталады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1718 қаулысымен
бекітілген
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленген, және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) ақпарат дестесі – телекоммуникация желісі бойынша таратылатын байланыс хабарламасы және құрамында оның байланыс торабымен байланысуға қажетті деректер болады;
2) деректерді тарату желісі – барлық ақырғы құрылғылардың арасында хабарламалармен алмасуды қамтамасыз ететін деректерді тарату арналарымен және коммутацияланатын құрылғылармен (желі тораптарымен) біріктірілген ақырғы байланыс құрылғыларының (терминалдардың) жиынтығы;
3) деректерді тарату желісіне қол жеткізуді ұсынудың техникалық мүмкіндігі – бір уақытта байланыс торабының іске қосылмаған құрастырылған сыйымдылығының болуы, оның әрекет ету аумағында пайдаланушылық (ақырғы) жабдықты және байланыс торабы және пайдаланушылық (ақырғы) жабдық арасында абоненттік байланыс линиясын құруға мүмкіндік беретін іске қосылмаған байланыс линияларын деректерді тарату желісіне қосу сұратылады;
4) деректерді тарату хаттамасы – ақпарат дестелерінің құрылымына және телекоммуникация желісінің құрылғылары арасында ақпарат дестелерімен ауысу алгоритміне талаптардың формалданған жинағы;
5) Интернет желісіне қол жеткізу қызметі – Интернет желісін пайдалана отырып, мәліметтерді қабылдау, тарату, өңдеу және сақтау бойынша қызмет;
6) Интернет желісіне қол жеткізу операторы – Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
7) Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пункті – пайдаланушыларға қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсына отырып немесе ұсынбай, ақылы немесе ақысыз Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін (оның ішінде Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу қызметтері) көрсету орны;
8) пайдаланушы – Интернет желісіне қол жеткізу операторымен немесе Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктімен ұсынылатын, ақылы немесе ақысыз негізде Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін алатын жеке немесе заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәртібі
3. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде туындайтын Интернет желісіне қол жеткізу операторының абоненттермен өзара қарым-қатынасы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
4. Интернет желісіне қол жеткізу операторлары Интернет желісіне қол жеткізу желілері бойынша берілетін ақпараттарды жедел іздестіру қызметтері туралы заңнамада және Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық заңнамасында белгіленген жағдайда және тәртіпте осы құқықтарды шектеу жағдайларынан басқа жағдайда, құпиялылығын қамтамасыз етеді.
5. Мемлекеттік органдарға Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде қажетті жағдайда олардың талабы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпаратты қорғау) бойынша бірлескен жұмыстарды орындауға шарттар жасалуы мүмкін.
6. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері барлық санаттағы пайдаланушыларға тең жағдайда көрсетіледі.
7. Абонент абоненттік жолға жалғауға жататын абоненттік құрылғыны ұсынады, егер Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шартта басқасы белгіленбесе.
8. Абоненттермен тікелей өзара қарым-қатынас жасайтын Интернет желісіне қол жеткізу операторының филиалдарының, офистерінің және өзге ақпараттық орталықтардың, құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс режимі Интернет желісіне қол жеткізу операторымен белгіленеді және абоненттердің назарына ақпаратты Интернет желісіне қол жеткізу операторының интернет ресурсында орналастыру, және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында, және (немесе) абоненттерге қызмет көрсету орындарында ақпаратты орналастыру арқылы, операторға қолжетімді барлық тәсілдермен жеткізіледі.
9. Интернет желісіне қол жеткізу операторы абоненттерге көрсететін байланыс қызметтерінің тізбесі оның телекоммуникация желісінің техникалық мүмкіндіктерімен айқындалады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10. Интернет желісіне қол жеткізу операторы абоненттерге Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетумен байланысты ақпаратты ұсыну мақсатында ақпараттық анықтамалық қызмет көрсету жүйесін құрайды.
11. Ақпараттық анықтамалық қызмет көрсету жүйесінде тегін және ақылы ақпараттық анықтамалық қызметтер көрсетіледі.
12. Интернет желісіне қол жеткізу операторы тәулік бойы мынадай ақпараттық анықтамалық қызметтерді тегін көрсетеді:
1) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне тарифтер туралы, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету аумағы туралы ақпарат береді;
2) абонентке оның жеке шотының жай-күйі және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне төлем бойынша берешек туралы, сонымен қоса абонентпен алынған қызметтер: уақыты, деректерді таратуды өткізу жылдамдығы, алынған және (немесе) жіберілген ақпарат көлемі туралы ақпарат береді;
3) абоненттен Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін пайдалануға кедергі келтіретін техникалық бұзушылықтары туралы ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады;
4) көрсетілетін Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері туралы ақпарат береді.
13. Интернет желісіне қол жеткізу операторы биллинг арқылы абонентпен алынған қызметтер: уақыты, деректерді таратуды өткізу жылдамдығы, алынған және (немесе) жіберілген ақпарат көлемі туралы ақпараттың автоматты есебін жүзеге асырады.
14. Абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шартты жасасқаннан немесе қайта жасасқаннан соң ғана көрсетіледі.
15. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарт жазбаша нысанда 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір данадан, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен анықталған тәртіпте жасалады және онда мынадай деректемелер болуы қажет:
1) шартты жасасу күні және орны;
2) Интернет желісіне қол жеткізу операторының атауы;
3) Интернет желісіне қол жеткізу операторының есеп айырысу шотының деректемелері;
4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
5) шарттың қолданылу мерзімі;
6) абонент туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері; жеке тұлғалар үшін – телефон нөмірлері, сәйкестендіру коды, электрондық поштаның мекенжайы, пошталық мекенжайы, дара сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып;
7) жабдықты орнататын орын;
8) жабдықтың түрі;
9) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің сапалық көрсеткіштері (Интернет желісіне қол жеткізу желісінде деректерді өткізу жылдамдығы, ақпарат дестелерінің жоғалуы, ақпарат дестелерін тарату кезіндегі уақыттық кідіріс, ақпарат таратудің дұрыстығы);
10) шотты жеткізу тәсілі;
11) тараптардың құқықтары, міндеттемелері және жауапкершілігі;
12) тарифтік жоспар.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
16. Интернет желісіне қол жеткізу операторының абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетуде техникалық мүмкіндігі бола тұра, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарт жасасудан бас тартуға жол берілмейді.
17. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарт мынадай жағдайларда өз әрекетін тоқтатады:
1) егер абонентке «Байланыс туралы» Заңда, осы Қағидаларда және шартта белгіленген, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетумен байланысты талаптарын бұзуына орай Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тоқтатылса;
2) егер абонентке, көрсетілген Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің төлемі бойынша өз міндеттемелерін орындамаумен байланысты, күнтізбелік отыз күн ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тоқтатылса;
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларымен, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шартпен көзделген басқа жағдайларда.
18. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарт абоненттің біржақты шарттан бас тартқан жағдайында бұзылды деп саналады. Абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарттан бас тарту туралы өтінішті ұялы байланыс операторына жазбаша нысанда ұсынады. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетуді нақты тоқтату бұл жағдайда Интернет желісіне қол жеткізу операторымен абоненттің өтінішінде көрсетілген күнінен бастап жүргізіледі.
Абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шартты бұзу, сондай-ақ абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетуді тоқтату оны бар берешектерін төлеу бойынша міндеттемелерінен босатпайды.
19. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде Интернет желісіне қол жеткізу операторы:
1) абонентпен Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады;
2) абоненттерге көрсетілетін байланыс қызметтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынады;
3) жедел іздестіру қызметтерін іске асыратын органдарға Интернет желісіне қол жеткізу желілерінде жедел іздестіру шараларын өткізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;
4) телекоммуникация желілерінде ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін телекоммуникация желілерінде жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін қажетті техникалық құралдарды орнатады;
5) абоненттер туралы қызметтік ақпараттың екі жыл мерзімде жинақталуын және сақталуын іске асырады;
6) жедел іздестіру қызметтерін іске асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
7) Интернет желісіне қол жеткізу желілерінде жүргізілетін жедел іздестіру шараларын жүргізу нысандары мен әдістерінің ашылуын болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;
8) жедел іздестіру қызметтерін іске асыратын органдардың ұсынуы бойынша Интернет желісіне қол жеткізу операторы абонентті келесі жазбаша хабардар ету арқылы абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынуды тоқтата тұрады. Бұл жағдайда абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін тоқтату кезеңінде абоненттік төлемді және басқа ай сайынғы төлемдерді енгізуден босатылады;
9) өз желісінің жұмысын осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді;
10) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетеді, және абоненттердің назарына қажетті ақпаратты, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және абоненттермен жұмыс орындарында тарифтік жоспарларды енгізу немесе өзгерту туралы жеткізеді;
11) Интернет желісіне қол жеткізу операторының кінәсінен Интернет желісіне қол жеткізу желісіне қолжетімділік болмаған жағдайда, абоненттің жазбаша өтініші негізінде абоненттік төлемді қайта есептеуді жүргізеді;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жағдайлардан басқа, абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін тәулігіне 24 сағат пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
13) Интернет желісіне қол жеткізу операторы желісін пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету барысында айқындалған Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетудегі кемшіліктерді жояды;
14) абоненттерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы желі жұмысын тоқтатуға әкеп соққан Интернет желісіне қол жеткізу операторы желісіндегі ірі апаттар туралы және осындай апатты жоюдың болжанған мерзімдері туралы хабарландырады;
15) абоненттерді байланыс жабдықтарын жартылай немесе толық ағытуға байланысты алдын-алу қызметтері туралы және осы жұмыстарды аталған жұмыстар басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын осы жұмыстарды өткізу мерзімдері туралы хабарландырады;
16) абоненттің жазбаша өтінішіне, оны алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, жазбаша жауап жолдайды;
17) абонентке көрсетілген Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне артық төленген ақша қаражатын қайтарады немесе оларды Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне аванс ретінде есептейді;
18) абоненттердің үндеуі бойынша шарттың мәтініне қосымша төлем алмай, өзгерістер енгізеді:
жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орнын өзгертумен;
заңды тұлға үшін – ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің деректемелері, орналасқан орны мен пошталық мекенжайының өзгеруімен;
тарифті жоспардың өзгеруімен байланысты;
19) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы жасасқан шарттардың есебін жүргізеді;
20) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
21) Интернет желісіне қол жеткізу операторы абоненттен төлемді растауды алған немесе абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне төлем бойынша берешекті жойғандығын растайтын (Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрған жағдайда) құжаттарды ұсынған сәтінен бастап 24 сағаттың ішінде абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетуді қалпына келтіреді;
22) техникалық мүмкіндік болған жағдайда абоненттерге Интернет ресурс арқылы тарифтік жоспарды ауыстыруды іске асыру құқығын ұсынады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2013 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
20. Абоненттер үшін Интернет желісіне қол жеткізу операторлары туралы және Интернет желісіне қол жеткізу операторлары көрсететін қызметтер туралы ақпарат мыналардан тұрады:
1) Интернет желісіне қол жеткізу операторының атауы және (немесе), оның пошталық мекенжайы, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін пайдаланушылар мен абоненттермен өзара әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшелердің атауы, олардың орналасқан орны, жұмыс режимі және байланыс үшін телефондар;
2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
3) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету шарттары және тәртібі;
4) пайдаланылатын абоненттік интерфейстер және Интернет желісіне қол жеткізу хаттамалары;
5) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсетудегі шектеулер;
6) белгілі бір тарифтік жоспар шеңберінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету кезіндегі жеңілдіктер және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне тарифтік жоспарлар;
7) тегін Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері тізімі;
8) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін төлеу мерзімдері және нысандары;
9) абоненттердің өтініштерін қарау тәртібі;
10) абоненттің шағымдарын қарау тәртібі;
11) анықтамалық және жөндеу қызметтерінің (мұндай қызметтер болған жағдайда) телефон нөмірлері.
Көзделген ақпарат көрнекті және қолжетімді нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде Интернет желісіне қол жеткізу операторының қызметтері арқылы абоненттердің назарына жеткізіледі.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1388 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
21. Интернет желісіне қол жеткізу операторымен Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шартты біржақты тәртіпте бұзуға жол берілмейді.
22. Интернет желісіне қол жеткізу операторының абонентке Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсету кезінде абонент өзге қызметті алу шартын орындамаған жағдайда оның құқығын шектеуге жол берілмейді.
23. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері абонентке Интернет желісіне қол жеткізу операторымен осы Қағидаларға сәйкес онымен шарт жасасқан сәтінен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұсынылады. Тарифтік жоспар бойынша олардың алды-ала төлемін қарастыратын Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шартпен белгіленген тәртіпте және шарттарда төлемді жасағаннан кейін, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері көрсетіледі.
24. Қажеттілігіне қарай абонент:
1) Интернет желісіне қол жеткізу операторынан:
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету мазмұны мен ерекшеліктері;
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу тәртібі;
тапсырыс берілген және алынған Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне төлем тәртібі, көрсетілген Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне есеп айырысу ерекшеліктері;
өтініштер, шағымдар тарату және оларды қарау тәртібі, Интернет желісіне қол жеткізу операторы қызметтерінің жұмыс режимдері туралы ақпаратты алады;
2) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін пайдаланғанына төлемді қайта есептеуді немесе есептік қателік болған жағдайда абоненттің өтінішінсіз ақылы Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсеткен жағдайда, бұл қызметтерді пайдаланғанына төленген соманы қайтаруды талап етеді;
3) көрсетілген Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің сапасына, Интернет желісіне қол жеткізу операторы қызметтері мен персоналы жұмысындағы кемшіліктерге, есеп-айырысу кезіндегі қателіктерге шағым түсіреді;
4) қосымша Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы жазбаша өтініш береді;
5) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін абоненттік немесе уақытылы төлеуді таңдайды немесе жүйеде қабылданатын және (немесе) жіберілетін ақпараттың көлемі бойынша Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін төлеуді жүзеге асырады;
6) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін тарифті жоспармен белгіленген көлемде пайдаланады;
7) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шартпен белгіленген мерзімде және уақытылы Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне төлем енгізеді;
8) шұғыл түрде, жазбаша немесе ауызша (алдағы уақытта ауызша өтініш білдірген сәтінен бастап 12 сағаттан кешіктірмей, жазбаша өтінішті ұсынуымен), Интернет желісіне қол жеткізу операторына жабдықтың бүлінуі туралы хабарлайды.
Абоненттің Интернет желісіне қол жеткізу операторына ауызша үндеуін білдірген жағдайда, абонент өзінің Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету туралы шарттың деректемелерін хабарлайды;
9) Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін алу үшін техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін абоненттік құрылғыларды ғана пайдаланады.
3. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәртібі
25. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар пайдаланушыларға Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін тұлғаны куәландыратын құжаттарды көрсету бойынша ұсынады.
26. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынған пайдаланушылардың электрондық журналын жүргізеді. Осы электрондық журнал пайдаланушының аты-жөні және әкесінің атынан, Интернет желісінде жұмыстың басталу және аяқталу уақытынан, пайдаланушы жұмыс істеген компьютердің нөмірінен тұрады. Пайдаланушылар туралы мәліметтерді сақтау 6 айдан кем емес мерзімді құрайды.
27. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар пайдаланушылардың қол жеткізілген интернет-ресурстардың электрондық журналын жүргізеді. Осы электрондық журнал компьютердің сәйкестендіру кодынан, интернет-ресурсына кіру күні және уақытынан, және интернет-ресурстың атауынан тұрады. Осы журналды сақтау 6 айдан кем емес мерзімді құрайды.
28. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдарға қажет болған жағдайда пайдаланушылардың қолы жеткізілген пайдаланушылардың орнатылатын мәліметтерімен сақталатын интернет-ресурстардың электрондық журналына және бейнебақылау жүйесіне қол жеткізуді ұсынады.
29. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдарға пайдаланушылардың қолы жеткізілген пайдаланушылардың орнатылатын мәліметтермен сақталатын интернет-ресурстардың электрондық журналына және бейне бақылау жүйесіне қол жеткізуді ұсынған кезде оларды арнайы журналда тіркейді. Осы журналға мынадай мәліметтер енгізіледі: қызметкердің аты-жөні, әкесінің аты, бөлімшенің аты, қызметкердің қызметтік куәлігінің нөмірі, қол жеткізуді алу күні және уақыты.
30. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар бөлмені бейнебақылау жүйелерімен жабдықтайды, бейнетаспалар 30 күннен кем емес мерзім бойы сақталады. Бейнебақылау жүйелерінің камералары бөлмені және пайдаланушыларға кассалық қызмет көрсету орнын толығымен қамтиды.
31. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған интернет-ресуртарға қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталады.
32. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінде аралық серверлер арқылы интернет-ресурстарына қол жеткізуде мүмкіндік беретін интернет-ресурстарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға тыйым салынады.
33. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдарға Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің жергілікті деректерді тарату желілерінде жедел-іздестіру шараларын өткізуге ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
34. Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің иелері немесе оған құзыретті тұлғалар Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктерінің жергілікті деректерді тарату желілерінде жедел-іздестіру шараларын өткізу үшін қажетті техникалық құралдарды орнатады.
4. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері үшін есеп айырысу
35. Көрсетілетін Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне тарифтер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында белгіленеді.
36. Абонентпен Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін төлеу үшін негіздеме Интернет желісіне қол жеткізу операторы желісінің биллинг жүйесімен алынған мәліметтер болып табылады.
37. Ағымдық есептік кезеңде абонентпен пайдаланылған Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері, олардың пайдалану уақыты, олардың ұзақтығы мен құны, барлық қабылданған және жіберілген ақпараттар туралы ақпарат осы абонентке өтеусіз ұсынылады.
38. Абонентпен барлық алынған Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің және өзге де қызметтердің құны есептік кезеңге жинақталады.
39. Абонентпен Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің төлемі шарттың талаптары бойынша жүргізіледі.
40. Интернет желісіне қол жеткізу операторы мынадай есеп айырысу тәртібін жүзеге асырады:
1) кредиттік есеп айырысу тәртібі;
2) аванстық есеп айырысу тәртібі.
41. Кредиттік есеп айырысу тәртібі кезінде абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін кредитке пайдалану мүмкіндігі бар және оларды есептік кезең өткен соң төлейді. Интернет желісіне қол жеткізу операторы ай сайын абонентке Интернет желісіне қол жеткізу операторының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес шотты ұсынады.
42. Аванстық есеп айырысу тәртібі кезінде абонент өзінің жеке шотына Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін төлеу үшін жеткілікті ақша енгізгеннен кейін ғана Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін пайдалану мүмкіндігі бар.
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне шартты бұзған жағдайда Интернет желісіне қол жеткізу операторы абонентке оның жеке шотынан ақшаның қалдығын қайтару жүргізеді. Абонентке тиесілі ақшаны қайтару абоненттің қайтару туралы өтініші тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
43. Абонент абоненттік төлемақыны төлеуден барлық жағдайларда босатылады, егер Интернет желісіне қол жеткізу операторының желісінен абоненттік құрылғыны уақытша ажырату абоненттің осы Қағидаларды бұзуымен байланысты емес мән-жайлармен жүргізілген болса.
44. Интернет желісіне қол жеткізу операторының абонент алдында берешегі қалыптасқан жағдайларда, Интернет желісіне қол жеткізу операторы абоненттің жазбаша өтініші негізінде оған қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанын қолданумен ақшаны қайтарады немесе байланыс қызметтерін төлеудің аванстауы ретінде есептейді.