Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1612 Қаулысы.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1._Қоса беріліп отырған Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1612 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi (бұдан әрі – Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында салық органдары:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдарында (бұдан әрі – уәкілетті органдар);

      2) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар);

      3) мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік органдарда меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз Мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда), не меншік иесі мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан заттың болуы, толық және уақтылы берілу мәселелері бойынша;

      4) Мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бақылауды жүзеге асыруды салық органдарының қызметкерлері тексерілетін орган өкілінің қатысуымен жүргізеді, ол жылына бір реттен жиі болмайды. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды, ал бақылау кезеңі бес жылдан аспайды.

2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері
Уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру

      4._Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдарда мыналар:

      1) Мүлікті есепке алудың толықтығы мен оның сақталуы;

      2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;

      3) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;

      4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;

      5) Мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;

      6) Мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы;

      7) ұсынылған мәліметтердің уақтылы және дұрыс болуы;

      8) Мүлікті жою тәртібі тексеріледі.

      5._ Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті органдар мынадай құжаттарды табыс етеді:

      1) Мүлік есепке алынған атқару парақтарының көшірмелері;

      2) Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне сәйкес мәлімделген кедендік декларациялар;

      3) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;

      4) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;

      5) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;

      6) Мүлікті сату жөнінде аукцион ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге табыс етілетін ақпарат;

      7) өткізілген аукциондардың нәтижелері туралы актілер мен хаттамалар;

      8) салық органдарына ұсынылған Мүлік жөніндегі мәліметтер;

      9) жойылуға жататын Мүліктің тізбесін қоса бере отырып, Мүлікті жою туралы шешімдер;

      10) Мүлікті жою туралы актілер;

      11) Мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттар.

Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру

      6._Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдарда бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:

      1) Мүлікті есепке алудың толықтығы және оның сақталуы;

      2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;

      3) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;

      4) түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;

      5) Мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;

      6) Мүлікті өткізуден алынған ақшаның бюджетке аударылуының толық және уақтылы болуы;

      7) ұсынылған мәліметтердің уақтылы және дұрыс болуы;

      8) Мүлікті жою тәртібі.

      7._Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:

      1) есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;

      2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;

      3) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;

      4) Мүлікті сату жөніндегі аукционды ұйымдастырушылармен жасалған шарттар және осы шарттармен бірге табыс етілетін ақпарат;

      5) Мүлік жөнінде салық органдарына ұсынылған мәліметтер.

Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік органдарда бақылауды жүзеге асыру

      8. Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік органдарда меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз Мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда), не меншік иесі мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан заттың болуы, толық және уақтылы берілуі мәселелері бойынша бақылау жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:

      1) Мүліктің мемлекеттік мекемелерде іс жүзінде болуы;

      2) Мемлекеттік мекемелердің уәкілетті органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға есепке алуға Мүлікті толық және уақтылы беруі;

      3) Мүлікті уәкілетті органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға беру кезінде мемлекеттік мекемелердің Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін толық және уақтылы жасауы.

      9._Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:

      1) заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабы;

      2) заттай дәлелдемелердің, соттағы құжаттардың түсуін және берілуін есепке алу кітабы;

      3) уәкілетті органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға Мүлікті қабылдау-беру актісі;

      4) арнайы шоттар, шетел валютасындағы шоттар мен есеп айырысу кітаптары немесе карточкалары;

      5) меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз Мүлікке (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда), не меншік иесі мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан затқа байланысты басқа да құжаттар.

Мүлікті сақтау және өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Мүлікті сақтау және өткізуге шарт жасасқан субъектілерді (жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды) бақылауды жүзеге асыру

      10. Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:

      1) Мүлікті сақтауға қабылдаудың толықтығы мен оның сақталуы;

      2) Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісінің толық және дұрыс жасалуы;

      3) Мүлікті өткізу бойынша аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуы;

      4) Мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы.

      11._Бақылауды жүзеге асыру үшін мынадай құжаттар табыс етіледі:

      1) Мүлікті сақтауға және өткізуге уәкілетті органмен жасасқан құжаттар;

      2) Мүлікті өткізу бойынша хаттамалар;

      3) Мүлікке байланысты басқа да құжаттар.

Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар

      12._Бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша салық органының лауазымды тұлғасы Салық кодексінің 656-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау актісін жасайды.

      13. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану (оның ішінде беру) және өткізу, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ Мүлікті беру тәртібі мәселелері жөніндегі бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық органы Салық кодексінің 656-бабының 7-тармағына сәйкес бақылаудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талапты шығарады және оны тексерілетін субъектіге жібереді.

      14. Тексерілетін субъект жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша салық органына бұзушылықтардың жойылғаны және (немесе) бақылау нәтижелері бойынша анықталған Мүлікті өткізуден түскен сомалардың өндіріліп алынғаны туралы күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабарлайды.