Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 Қаулысы

Қолданыстағы

 

РҚАО-ның ескертпесі.

ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығын қараңыз.


      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1463 қаулысымен   
бекітілген       

Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында медициналық көмектің аталған түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.
      2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
      3. Санитариялық авиация – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
      4. Мыналар ЖМК көрсетудің негіздемелері болып табылады:
      1) уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда жағдайдың ауырлауына немесе өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей төнген қауіп;
      2) өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
      3) өмірге қаупі жоқ, бірақ қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіретін жай-күй.
      5. ЖМК көрсетуді қажетті емдік-диагностикалық жабдықпен, дәрі-дәрмектермен жарақталған және дайындалған білікті медициналық қызметкерлермен жасақталған көшпелі бригадалар жүзеге асырады.

2. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі

      6. Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі – ЖМКҰ) ересектер мен балаларға өміріне қауіп төндіретін жағдайларда, жазатайым оқиғаларда, ауыр науқастарға оқиға болған жерде де, жол жүрген кезде де тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады. ЖМКҰ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының барлық аумағында ЖМК мен санитариялық авиация қызметінің үйлестірушісі болып табылады.
      7. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМКҰ құрамында кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аудандарын мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары шұғыл және жедел медициналық станцияның бас дәрігерінің ұсынысы бойынша бекітеді. Кіші станциялар 15 минутта көлікпен жетуді қамтамасыз ету есебімен ұйымдастырылады. Кіші станциялардың қызмет көрсету аймақтары халықтың саны, тығыздығы және жас мөлшерінің құрамы, құрылыс ерекшеліктері, ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарының, ірі ауыл шаруашылығы кешендерінің тығыздығы, көліктік магистральдардың болуы және жағдайы, қозғалыс қарқындылығы және өңірдің басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
      8. ЖМКҰ әрбір 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс (оның ішінде медициналық ұйымдармен, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Көлік және байланыс министрлігінің қызметтерімен – жол-пайдалану учаскелері), қалааралық байланыс телефонымен, сондай-ақ көшпелі бригадалармен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.
      Жедел медициналық көмектің барлық станциялары мен бөлімшелері автоматтандырылған басқару жүйесімен, медициналық ұйымның автомобиль көлігіне жерсеріктік мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен және шақыртуды қабылдау жазбасын тіркейтін жүйемен жабдықталады.
      ЖМКҰ қызметіне халық ұялы немесе қалалық телефондар арқылы байланыса алады.
      9. ЖМКҰ-да шұғыл медициналық көмек көрсетуді ЖМК-ның көшпелі бригадалары (фельдшерлік, дәрігерлік, мамандандырылған) – штаттық нормативтерге сәйкес ұйымдастырылған ЖМКҰ функционалдық бірліктері жүзеге асырады.
      10. ЖМК фельдшерлік көшпелі бригадасы құрамына фельдшер ("емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы бар, мамандық бойынша жеке тұлғаға медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат – маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) бар орта медициналық білімі бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
      11. ЖМК дәрігерлік көшпелі бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы және "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
      12. Қалалар мен аудан орталықтарында қызмет көрсетілетін қала немесе аудан халқының санына байланысты мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылады:
      70 мыңнан астам тұрғын – қарқынды терапия бригадалары, сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсететін бригадалар;
      100 мыңнан астам тұрғын – арнайы бейінді мамандандырылған бригадалар (кардиологиялық, неврологиялық, акушериялық-гинекологиялық, реанимациялық, психиатриялық және басқалар).
      13. ЖМК мамандандырылған көшпелі бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар және мамандандырылған бригада бейіні бойынша мамандандыруы бар маман), фелдьшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
      14. ЖМКҰ шақырту түскен кезде мынадай деректер жазып алынады:
      1) науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы;
      2) пациенттің жай-күйі және жазатайым оқиғаның немесе ауруының мән-жайы бойынша қысқаша деректер;
      3) нақты мекенжайы мен телефоны, кіреберіс есігінің коды, сондай-ақ пациенттің тұратын жеріне өтетін жол туралы деректер.
      15. Келіп түскен шақырту сипаты, ауру бейіні бойынша өңделеді және ЖМК көшпелі бригадасына беріледі. Көшпелі бригадалар:
      1) ЖМК көрсету және жазатайым оқиғалар жағдайында, жарақаттанған және уланған кезде пациенттерді тасымалдау үшін;
      2) сырқаттану, оның ішінде психикалық, науқастың және оның айналасындағы тұлғалардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін аурулар кезінде;
      3) босану және жүктілік ағымының асқынулары кезінде;
      4) шұғыл медициналық көмекті талап ететін науқастарды емдеуге жатқызуға, оның ішінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымының мамандарын шақырту бойынша тасымалдау үшін жіберіледі.
      16. Шақыртуды алған кезден бастап ЖМК бригадасына қызмет көрсету үшін бергенге дейін ЖМК бригадаларының шығу регламенті осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес шақырту жеделдігі санатының тізбесімен анықталады:
      1) 1-3 жеделділік санаты – 5 минутқа дейін;
      2) 4-5 жеделділік санаты – 20 минутқа дейін;
      3) 6 жеделділік санаты – 30 минутқа дейін.
      Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЖМК бригадасының шақырту жеделділігіне байланысты ЖМК станциясынан (бөлімшесінен) қызмет көрсету бойынша тапсырма алынған уақыттан бастап науқастың орналасқан жеріне дейін ЖМК бригадасының жету уақыты:
      1-3 жеделділік санатында – 15 минутты;
      4-5 жеделділік санатында – 25 минутты;
      6 жеделділік санатында – 30 минутты құрайды.
      17. Мамандандырылған бригадаларды жіберу медицина қызметкерлерінің шақыртуы бойынша да, тікелей халықтың шақыртуы бойынша да жүзеге асырылады. Бұл ретте мамандандырылған бригаданы шақырған медицина персоналы өздері шақырған бригада келгенге дейін қажетті медициналық көмек көрсетеді.
      18. Зардап шеккендер мен пациенттер тексеру және ауруханаға жатқызу үшін стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (ургенттік стационарлар) жеткізілуі тиіс. Қажет болған жағдайда өмірлік айғақтары бойынша алдын-ала хабарлай отырып, жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізу жүзеге асырылады.
      19. ЖМК станциясының (бөлімшесінің) ауысымдағы аға дәрігері стационар жағдайында шұғыл емдеу-диагностика іс-шараларын талап ететін пациенттер жеткізілген кезде:
      пациент жеткізілетін стацонарлық көмек көрсетуші медициналық ұйымның қабылдау бөлімімен байланыс орнатады;
      жеткізілген науқастың жай-күйі туралы ақпаратты қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін қабылдаушы медициналық ұйымның назарына жеткізеді.
      20. ЖМК бригадасының стационардың қабылдау бөлімінде болу уақыты (пациентті немесе зардап шегушіні жауапты кезекші дәрігерге беру уақыты) ЖМЖ бригадасының пациентті жеткізу уақыты мен қабылдау бөлімшесі дәрігерінің науқасты қабылдау уақыты шақырту картасына белгілене отырып, келген сәттен бастап 10 минутты құрайды.
      21. Өміріне қауіп төндіретін аурумен пациентті немесе кәмелетке толмаған тұлғаны шұғыл стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тасымалдау кезінде ЖМКҰ санитариялық автокөлікте туысының (бір адамнан артық емес) оны алып жүруіне рұқсат етіледі.
      22. Емдеуге жатқызуға айғақтары болмаған немесе пациент емдеуге жатқызудан бас тартқан кезде учаскелік дәрігер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен нысан бойынша сигнал парағы ресімделеді.
      23. ЖМКҰ тәуліктік режимде халық жеке жүгінген кезде немесе телефон арқылы медициналық көмек көрсетілген станцияның (бөлімшенің) медицина қызметкерлері пациенттердің немесе бақытсыз жағдайлар кезінде зардап шегушілердің қай жерде екендігі туралы ауызша анықтамалар береді. Шұғыл қызмет көрсетуді талап етпейтін жағдайларда ЖМКҰ ауысымының аға дәрігері пациентке медициналық көмекке жүгіну үшін медициналық ұйымның координаттарын (мекенжайы, телефоны) ұсынады.
      24. ЖМКҰ:
      1) сот-медициналық қорытындысын;
      2) психобелсенді заттарды тұтыну және мас болу фактісін белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысын;
      3) ЖМК бригадасын шақырту туралы жазбаша анықтамаларды, ЖМК бригадасы қойған диагноз туралы қорытынды ұсынбайды.
      25. ЖМКҰ:
      1) шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін;
      2) БМСК көрсететін ұйымдардың жұмыс уақытында өміріне қауіп төндірмейтін жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетуді талап ететін;
      3) медициналық ұйымдар тағайындаған диагностикалық және емдік емшараларды орындау қажет болған;
      4) шұғыл емдеуге жатқызуды қажет етпейтін зардап шегушілерді, пациенттерді және жүкті әйелдерді тасымалдаған;
      5) сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптама жүргізген;
      6) медициналық ұйымдарда консультациялық көмек көрсеткен;
      7) пациентті стационарлардан үйге жеткізген;
      8) қайтыс болуын куәландырған және актіні әзірлеген жағдайларда қызмет көрсетпейді.
      26. Төтенше жағдайлар режимінде ЖМКҰ:
      1) аумақтық апаттар медицинасы орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;
      2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарын жою бойынша ЖМК көшпелі бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;
      3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шегушілерге емдеу-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді.
      27. Осы Қағидаларда көзделген әуе санитариялық авиакөлігін пайдалануға негіз болған жағдайларда ЖМКҰ санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсететін ұйымдарға шақыртуларды береді.
      28. ЖМКҰ қызмет көрсететін көлік айыру белгілермен (жарқыл шамшырақ, дыбыс дабылы және басқалар) жарақталады, амбулаториялық (далалық) жағдайларда және санитариялық автокөліктің қозғалысы кезінде жүрек-өкпе реанимациясын көрсету үшін тиісті медициналық жарақтары мен жабдықтары бар.
      29. Санитариялық автокөлік жоспарлы санитариялық тазартуға жатады. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатқа пайдалануға тыйым салынады.
      30. ЖМКҰ штаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен типтік штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

3. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібі

      31. Санитариялық авиация санитариялық автокөлікті пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультациялық, диагностикалық және емдеу көмегін көрсету үшін тиісті білікті мамандарды пациент орналасқан жерге жеткізуді немесе оны медициналық ұйымға тасымалдауды жүзеге асырады.
      32. Санитариялық авиация бөлімшелері облыстық орталықтарда, санитариялық авиацияның ұтқыр бригадаларының тұрақты дайындығын және жедел басқарылуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады және тәуліктік көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (республикалық, облыстық, қалалық жедел медиициналық көмек ұйымдары) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
      33. Санитариялық авиация бөлімдерінің қызметін уәкілетті орган анықтайтын Санитариялық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Республикалық үйлестіру орталығы) үйлестіреді.
      34. Санитариялық авиацияның қызметтері:
      1) көліктік қызметтерді (мамандарды пациент орналасқан жерге және кері жеткізу);
      2) медициналық қызметтерді қамтиды.
      35. Санитариялық авиация бөлімшелерінде шақыртуларды қабылдау мен тіркеу бойынша тәуліктік диспетчерлік (фельдшерлік және мейірбикелік) қызмет ұйымдастырылады, санитариялық авиацияның әуе көлігі ұшқыштарымен, тапсырма бойынша халыққа шұғыл көмек көрсету үшін ұшқан дәрігер-консультанттармен, Республикалық үйлестіру орталығымен тұрақты байланысты жүзеге асырады.
      36. Әуе санитариялық авиакөлікті (тік ұшақ, ұшақ) пайдалану негізі:
      1) жету қиын аудандарда;
      2) әуе көлігіндегі санитариялық авиацияның қызметін ұсынатын медициналық ұйымның орналасқан жерінен 150 километрден аса арақашықтықта орналасқан науқастарды, босанатын әйелдерді және зардап шегушілерді шығару және тасымалдау үшін;
      3) жарақаттанушылық және улану, пациенттің және айналасындағы адамдардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жағдайлар кезінде, диагноз қою қиын болған жағдайларда шақырту шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде сол жерге білікті мамандарды, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан жеткізу үшін;
      4) медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған немесе облыстық, қалалық медициналық ұйымдардың деңгейінде бұл қызметтің түрі болмаған жағдайда, пациентті республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін;
      5) қала сыртындағы автомагистральдарда болған ЖКО кезінде жедел медициналық көмек көрсету үшін;
      6) жол-көліктік жарақаттанушылықтың алдын алу мақсатында трассалардың, оның ішінде республикалық маңыздыларының авариялық-қауіпті учаскелерін, оның бойымен көлік құралдарының барынша көп қозғалысы сағаттарында патрульдеу үшін.
      37. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін республикалық және облыстық маңызы бар ұтқыр бригадалар құрылады.
      38. Санитариялық авиация қызметтің штаттық ұтқыр бригадасының құрамына дәрігер (жоғарғы медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы бар немесе "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі мамандығы бойынша дипломы бар немесе "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші және/немесе ұшқыш кіреді.
      39. Қажет болған жағдайда республикалық немесе облыстық маңызы бар ұтқыр бригадалар "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандықтары бойынша дипломы бар, тиiстi бейінді мамандық бойынша сертификаты бар жоғарғы немесе орташа медициналық бiлiмi бар мамандар, оның iшiнде медициналық жоғарғы оқу орындарының және республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарының және институттардың қызметкерлерiнен тартылған мамандармен (ұтқыр топ) жасақталады.
      40. Республикалық үйлестіру орталығы облыстардың санитариялық авиация бөлімшелерінің өтінімі бойынша тәуліктік режимінде Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын, тартылған жоғары білікті дәрігер-мамандардан тұратын ұтқыр бригадаларды жасақтайды.
      41. Шұғыл жағдайларда (ЖКО, жазатайым оқиға және өмірге қауіп төндіретін басқа жағдайлар) санитариялық авиацияны шақыруды оқиға орнынан телефон байланысының (ұялы телефон, таксофон және тағы басқалар) кез келген түрі бойынша медицина қызметкерлері, зардап шегушілердің немесе куәгерлердің "112" төтенше жағдайлар қызметіне, "103" қызметіне немесе арнайы құрылған санитариялық авиацияның диспетчерлік қызметіне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырады.
      Республикалық үйлестіру орталығының ұтқыр бригадалары уәкілетті органның өтінімі бойынша шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық тасымалдауды жүзеге асырады.
      42. Санитариялық авиация қызметін шақырту мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен анықталатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының жауапты тұлғасының өтінімі негізінде жүзеге асырылады. Шұғыл жағдайлар кезінде (ЖКО, жазатайым оқиға және өмірге қауіп төндіретін басқа жағдайларда) санитариялық авиацияны шақырту медицина қызметкерлерінің, зардап шегушілердің немесе куәгерлердің оқиға орнынан санитариялық авиация қызметіне қоңырау шалуы арқылы жүзеге асырылады.
      43. Санитариялық авиация қызметін көрсетуге медициналық ұйымдардан өтінім келіп түскен кезде санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері:
      санитариялық авиация бөлімшесінің меңгерушісімен байланысты, қажет болған жағдайда бейінді маманның консультациясын ұйымдастырады;
      мамандандырылған және жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі тікелей пациентті қабылдаған медициналық ұйымдарға жеткізілетін пациент туралы ақпаратты жеткізеді;
      қажет болған жағдайда жіберуші мен қабылдаушы медициналық ұйымдардың арасында байланысты жүзеге асырады;
      санитариялық авиакөліктің орналасқан жеріне көшпелі бригадаларды автокөлікпен жеткізуді ұйымдастырады;
      көшпелі бригаданың белгіленген жерге келіп жетуін растау, науқастың, босанатын әйелдердің немесе зардап шегушілердің қабылдайтын медициналық ұйымға жеткізілуі туралы ақпаратты сұратады.
      44. Санитариялық авиацияның барлық бөлімшелері медициналық ұйымдармен, ішкі істер, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрліктерімен және санитариялық авиация бойынша көлік қызметін ұсынатын авиакомпаниялармен тұрақты қалалық, қалааралық және ұялы телефон байланысымен, сондай-ақ көшпелі бригадалармен радиобайланыспен және навигациялық жүйелермен қамтамасыз етіледі.
      45. Санитариялық авиация бөлімшелеріне қызмет көрсететін санитариялық авиакөлікте бірдей айыру белгілері, арнайы жабдықталған жарқыл шамшырағы, дыбыс дабылы, қажетті медициналық жарақтар, соның ішінде жерде және авиакөліктердің қозғалысы кезінде және амбулаториялық (далалық) жағдайларда жүрек-өкпе реанимациясын көрсететін жабдықтары болады.
      46. Санитариялық авиация бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша есепке алу - есеп құжаттамасын жүргізеді.
      47. Санитариялық авиация бөлімшелерінің штаттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен денсаулық уәкілетті орган бекіткен үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
      48. Республикалық үйлестіру орталығының ағымдағы жылғы қызмет көлемін санитариялық авиацияның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі анықтайды.

Жедел медициналық көмек және    
санитариялық авиация нысанында    
медициналық көмек көрсету қағидаларына
қосымша        

Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санатының тізбесі

Санаты

Шақыртудың себебі

Жасы

Науқастың орналасқан жері

1

2

3

4

1-жеделдік санаты (5 минутқа дейін)

1

кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаттануы


көше, қоғамдық орын

1

бастың, мойынның жарақаттануы (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

1

оқ дәрімен жарақаттану


көше, қоғамдық орын

1

ұлғайған термиялық жарақат


көше, қоғамдық орын

1

беттің, тыныс алу жолдарының күйігі


көше, қоғамдық орын

1

аяқ-қолдың жарақаттық ампутациясы


көше, қоғамдық орын

1

көптеген, қосалқы жарақат


көше, қоғамдық орын

1

тұншығу (аллергия)

балалар

көше, қоғамдық орын

1

құрысқақ (жоғары температура)

балалар

көше, қоғамдық орын

1

құрысқақ (улану)

балалар

көше, қоғамдық орын

1

қан құсу


көше, қоғамдық орын

1

босану, қан кету


көше, қоғамдық орын

1

босану, су кету + қансырау


көше, қоғамдық орын

1

іш ауру + құсу


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (бронх демікпесі)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (қақалу)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (жанып кету)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (диабет)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (есірткі мөлшерін артық қабылдау)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (жарақат)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (кардиологиялық ауру)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (жоғары температура)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (талма)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (улану)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (суға кету)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (жіті қан кету)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (анафилаксиялық шок)


көше, қоғамдық орын

1

ессіз (асылу)



1

ЖКО (1-2, ересектер)



1

ЖКО (1-2, балалар бар)



1

ЖКО (2-ден көп, ересектер)



1

ЖКО (2-ден көп, балалар бар)



1

жаяу жүргіншіні соғып кету



1

өрт (1-2, ересектер)



1

өрт (1-2, балалар бар)



1

өрт (2-ден көп, ересектер)



1

өрт (2-ден көп, балалар)



1

жарылыс, ТЖ (1-2, ересектер)



1

жарылыс, ТЖ (1-2, балалар бар)



1

жарылыс, ТЖ (2-ден көп, ересектер)



1

жарылыс, ТЖ (2-ден көп, балалар)



1

теракт қаупі бар жағдайдағы кезекшілік



1

жоғарыдан құлау (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2-жеделділік санаты (5 минутқа дейін)

2

соғылу, аяқ-қолдың сынуы


көше, қоғамдық орын

2

кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаты


көше, қоғамдық орын

2

бастың, мойынның жарақаты (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетпеген)


көше, қоғамдық орын

2

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кету)


көше, қоғамдық орын

2

кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаттануы



2

тістелген жарақат


көше, қоғамдық орын

2

бастың, мойынның жарақаттануы (есін жоғалтпаған)



2

тамырын тілу


көше, қоғамдық орын үйде

2

ұрып кеткен (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

оқ дәрімен жарақаттану



2

ұлғайған термиялық жарақат



2

беттің, тыныс алу жолдарының күйігі



2

көз жарақаты


көше, қоғамдық орын

2

аяқ-қолдың жарақаттық ампутациясы



2

жыныс мүшелерінің жарақаты


көше, қоғамдық орын

2

электр жарақаты (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын үйде

2

көптеген, қосалқы жарақат

балалар


2

алкогольден, суррогаттан улану


көше, қоғамдық орын

2

қақалу (есін жоғалтпаған)

балалар

көше, қоғамдық орын

2

иістен улану (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

улармен улану (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

дәрілермен улану (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

сірке суымен улану


көше, қоғамдық орын

2

улану (себебі белгісіз) (есін жоғалтпаған)


көше, қоғамдық орын

2

аритмия


көше, қоғамдық орын

2

кеудесі ауру (анамнезде гипертониялық ауру (бұдан әрі - ГА)


көше, қоғамдық орын

2

ГА ауыратын науқаста көтеріңкі артериалдық қан қысымы (бұдан әрі - АҚ)


көше, қоғамдық орын

2

көтеріңкі АҚ


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (анамнезде жүректің ишемиялық ауруы (бұдан әрі - ЖИА)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА)

60 дейін

көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (кардио ауру)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

балалар

көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (ЖИА қауіп-қатері)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (қайталанған жүгіну)


көше, қоғамдық орын

2

кеуденің ауруы (этиологиясы белгісіз)


көше, қоғамдық орын

2

аритмия (қайталанған жүгіну)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (бронх демікпесі)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (бронхит, пневмония)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (аллергия)

ересектер

көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (аллергия)

балалар


2

тұншығу (кеуде қуысының жарақаты)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (кардио ауру)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

2

тұншығу (зоб)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ, абстиненттік синдромы (алкогольдік)


көше, қоғамдық орын

2

сал болды (анамнезде ГА)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақтар (диабет)


көше, қоғамдық орын

2

сал болды


көше, қоғамдық орын

2

кенеттен сал болды


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (жоғары температура)

ересектер

көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (жоғары температура)

балалар


2

құрысқақ, абстиненттік синдромы (есірткі)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (жиі нәжіс)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (құсу)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (улану)

ересектер

көше, қоғамдық орын

2

құрысқақ (улану)

балалар


2

эпилепсия (талма)


көше, қоғамдық орын

2

қан құсу



2

уланудан кейінгі қан кету


көше, қоғамдық орын

2

ішектен қан кету


көше, қоғамдық орын

2

босану, су кету


көше, қоғамдық орын

2

босану, қан кету



2

босану, су кетті + қан кету



2

іш ауруы + ішектік қан кету


көше, қоғамдық орын

2

іш ауруы + құсу



2

температура + тұншығу


көше, қоғамдық орын

2

ГА науқаста құсық


көше, қоғамдық орын

2

Квинке ісігі

балалар


2

температура + бөртпе

балалар

балалар

2

ессіз (бронх демікпесі)



2

ессіз (қақалып қалды)



2

ессіз (иістен уланды тиді)



2

ессіз (диабет)



2

ессіз (нарко мөлшерін артық қабылдау)



2

ессіз (жарақат)



2

ессіз (кардио ауру)



2

ессіз (жоғары температура)


көше, қоғамдық орын

2

ессіз (онко)



2

ессіз (талма)



2

ессіз (уланды)



2

ессіз (суға кету)



2

ессіз (себебі белгісіз)



2

ессіз (жіті қан кету)



2

ессіз (анафилаксиялық шок)



2

ессіз (асылып қалды)



2

есірткіні мөлшерінен көп қабылдау


көше, қоғамдық орын, үйде

2

ЖКО (кезекшілік)



2

өрт (кезекшілік)



2

жарылыс, ТЖ (кезекшілік)



3-жеделділік санаты (5 минутқа дейін)

3

жоғарыдан құлау (есін жоғалтпаған)



3

соғып алу, аяқ-қолдың сынуы



3

кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаты



3

бастың, мойынның жарақаты (есін жоғалтпаған)



3

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетусіз)



3

аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетумен)



3

тістелген жарақат



3

ұрып кету (есін жоғалтпаған)



3

шектелген термиялық жарақат


көше, қоғамдық орын

3

көз жарақаты


үйде

3

құлақ жарақаты


көше, қоғамдық орын

3

жыныс мүшелерінің жарақаты



3

ескі жарақат, жағдайдың нашарлауы


көше, қоғамдық орын

3

алкогольден, суррогаттан улану


көше, қоғамдық орын

3

алкогольден, суррогаттан улану

балалар


3

қақалып қалу (есін жоғалтпаған)



3

иістен улану (есін жоғалтпаған)



3

улармен улану (есін жоғалтпаған)



3

дәрілермен улану (есін жоғалтпаған)



3

тамақтан улану


көше, қоғамдық орын

3

сірке суынан улану

ересектер

көше, қоғамдық орын

3

сірке суынан улану

балалар


3

улану (белгісіз)(есін жоғалтпаған)



3

аритмия



3

кеуденің ауруы (анамнезде ГА)



3

кеуденің ауруы (алкогольді пайдалану)


көше, қоғамдық орын

3

ГА ауыратын науқаста көтеріңкі АҚ



3

көтеріңкі АҚ



3

кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА)



3

кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА)

60 дейін


3

кеуденің ауруы (кардио ауру)



3

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

ересектер

көше, қоғамдық орын

3

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

балалар


3

кеуденің ауруы (ЖИА қауіп-қатері)



3

кеуденің ауруы (қайталанған жүгіну)



3

кеуденің ауруы (этиологиясы белгісіз)



3

аритмия (қайталанған жүгіну)



3

тұншығу (бронх демікпесі)



3

тұншығу (бронхит, пневмония)



3

тұншығу (аллергия)

ересектер


3

тұншығу (кеуде қуысының жарақаты)



3

тұншығу (кардио ауру)



3

тұншығу (онкология)


көше, қоғамдық орын

3

тұншығу (туберкулез)


көше, қоғамдық орын

3

тұншығу (себебі белгісіз)



3

тұншығу (зоб)



3

құрысқақ, абстиненттік синдромы (алкогольдік)



3

сал болу (анамнезде ГА)



3

құрысқақ (диабет)



3

сал болу



3

кенеттен сал болу



3

құрысқақтар (жоғары температура)

ересектер


3

құрысқақтар, абстиненттік синдром (есірткі)



3

құрысқақтар (жиі нәжіс)



3

құрысқақтар (құсу)



3

құрысқақтар (себебі белгісіз)



3

құрысқақтар (улану)

ересектер


3

эпилепсия (талма)



3

селкілдеу (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

3

варикоз тамырларынан қан кету


көше, қоғамдық орын

3

әйелдердің жыныстық жолдарынан қан кету


көше, қоғамдық орын

3

қан құсу


көше, қоғамдық орын

3

уланғаннан кейінгі қан кету


көше, қоғамдық орын

3

әйелдердің жыныстық жолдарынан қан кету


көше, қоғамдық орын

3

ішектік қан кету



3

қан құсу



3

босану, су кету



3

асқынуларсыз босану



3

іш ауруы



3

іш ауруы + ішектік қан кету


көше, қоғамдық орын

3

бүйректік шаншу


көше, қоғамдық орын

3

бүйір, бел ауруы


көше, қоғамдық орын

3

психоз? шақырту аға дәрігермен қабылданды


көше, қоғамдық орын

3

бас ауруы (глаукома)


көше, қоғамдық орын

3

төмен қысым, бас айналу


көше, қоғамдық орын

3

температура + тұншығу



3

температура + құсу

балалар


3

температура + іш өту

балалар


3

құсу, бөртпе (аллергия)

балалар


3

жүкті әйелдің құсуы


көше, қоғамдық орын, үйде

3

құсу (қант диабеті)


көше, қоғамдық орын

3

Квинке ісігі

ересектер


3

температура + бөртпе

балалар


3

құсу (неврологиялық ауру)

балалар


3

жіті ауру немесе аяқ-қолдың ісігі


көше, қоғамдық орын

3

адам нашар жағдайда (диабет)


көше, қоғамдық орын

3

адам нашар жағдайда (онко ауру)


көше, қоғамдық орын

3

есірткіні мөлшерінен артық қабылдау


көше, қоғамдық орын

3

сірке суынан улану



3

адам нашар жағдайда (себебі белгісіз)


көше, қоғамдық орын

3

тамақтың бөгде заты



3

жәндіктердің, жыланның және т.б. шағуы



4-жеделділік санаты (20 минутқа дейін)

4

шектелген термиялық жарақат



4

құлақ жарақаты



4

алкогольден, суррогаттардан улану



4

құлақтың бөгде заты



4

кеуденің ауруы (алкогольді теріс пайдалану)



4

кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды)

ересектер


4

ГА ауыратын науқастың құсуы



4

селкілдейді (себебі белгісіз)



4

варикоз тамырларынан қан кету



4

тісті жұлғаннан кейінгі қан кету


көше, қоғамдық орын

4

асқынуларсыз босану



4

іш ауруы



4

құсық + іш өту



4

бүйректік шаншу



4

Психоз? шақырту аға дәрігермен қабылданды



4

бас ауруы (глаукома)



4

төмен қысым, бас айналу



4

бас ауруы (бас жарақаты болған)



4

босанғаннан кейінгі температура



4

құсу, бөртпе (аллергия) құсу, бөртпе (аллергия)

ересектер


4

құсу (қант диабеті)



4

температура + бөртпе

ересектер

көше, қоғамдық орын

4

құсу (неврологиялық ауру)

ересектер


4

бөртпе

балалар


4

құсу



4

медициналық араласудан кейінгі аурулар, ісіктер



4

асқынған геморрой


көше, қоғамдық орын

4

аяқ-қолдың ауруы (кардиологиялық ауру)



4

аяқ-қолдың жіті ауруы және ісіктер



4

адам нашар жағдайда (диабет)



4

адам нашар жағдайда (себебі белгісіз)



4

адам нашар жағдайда (себебі белгісіз)

балалар


4

ессіз (онкологиялық ауру)



4

балалар реанимациясын өзіне шақырту



4

балаларға арналған бригаданы өзіне шақырту



4

дәрігерлер бригадасын өзіне шақырту



4

фельдшерлік бригаданы өзіне шақырту



5-жеделділік санаты (20 минутқа дейін)

5

құлақтың бөгде заты



5

ескі жарақат, нашарлану



5

көздің бөгде заты



5

тамақтан улану



5

температура + құсу



5

температура + іш жүру



5

іш жүру



5

құсу + іш жүру



5

жыныс мүшелерінің ісігі



5

басқа да бөгде заттар



5

caл болған адам жағдайының нашарлануы



5

қанды несеп

ересектер

көше, қоғамдық орын

5

қанды несеп

балалар


5

мұрыннан қан кету

ересектер


5

мұрыннан қан кету

балалар


5

тісті жұлғаннан кейінгі қан кету



5

тұншығу (онкология)



5

тұншығу (туберкулез)



5

бүйір, бел ауруы



5

медициналық араласулардан кейінгі температура



5

температура (мастит?)



5

медициналық араласулардан кейінгі аурулар, ісіктер



5

жыныс мүшелерінің ісігі

ересектер


5

алкогольден масаю



6-жеделділік санаты (30 минутқа дейін)

6

емханада медициналық бөлімшеде көмек көрсету



6

несептің жіті кідірісі



6

бас ауруы (абстинентті-алкоголь)



6

дренаж түтігігің шығып кетуі



6

Интенсивті терапия блогына (бұдан әрі - ИТБ) арналған жедел тасымал



6

балалар реанимациясына арналған жедел тасымал



6

балалар бригадасына арналған жедел тасымал



6

кардиоға арналған жедел тасымал



6

дәрігерлік бригадаға арналған жедел тасымал



6

реанимацияға арналған жедел тасымал



6

фельдшерлік бригадаға арналған жедел тасымал



6

ИТБ стационарға, стационардан тасымалдау



6

балалар реанимациясына стационарға стационардан тасымалдау



6

балаларға арналған стационарға стационардан тасымалдау



6

кардиологияға стационардан стационарға тасымалдау



6

стационардан стационарға тасымалдау



6

реанимацияға стационардан стационарға



6

тасымалдау



6

стационардан стационарға тасымалдау



6

бас ауруы, температура



6

бас ауруы (абстинентті-есірткі)



6

құлақ ауырады



6

бас ауруы



6

температура + тамақтағы аурулар



6

температура + жөтел



6

температура + құлақтағы ауру



6

асқынуларсыз температура



6

температура + бөртпе

ересектер


6

құсу (онкологиялық ауру)

балалар

көше, қоғамдық орын

6

бөртпе



6

адам нашар жағдайда (онко ауру)



6

бұқаралық іс-шаралардағы кезекшілік



6

бағыттас шақырту



6

ИТБ арналған белсенді шақырту



6

балалар реанимациясына арналған белсенді шақырту



6

балалар бригадасына арналған белсенді шақырту



6

кардиоға арналған белсенді шақырту



6

дәрігерлік бригадаға арналған белсенді шақырту



6

реанимацияға белсенді шақырту



6

фельдшерлік бригадаға белсенді шақырту



Ескертпе: "науқастың орналасқан жері" бағанында арнайы нұсқау жоқ болса, пациент үйде немесе басқа жерде.