Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 Қаулысы

Қолданыстағы

      Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 – 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2052 қаулысы.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1321 қаулысымен
бекітілген  

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары 

Р/с

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауапты

Орындау (іске асыру) мерзімі

Ұсынылатын шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Жаңаөзен қаласы халқының шамадан тыс қоныстану проблемасын шешу

1.1.

Жаңаөзен қаласы тұрғындары санының тұрақтылығын 2011 жылғы деңгейде сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ІІМ

2012 - 2020 жылдар

Талап етілмейді

-

1.2.

Кейіннен тұрғындар санын оңтайландыруды ескере отырып, Жаңаөзен қаласының Бас жоспарын әзірлеу

Үкімет қаулысы

ҚТКША, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

Қаржыландыру көлемі бюджеттік өтінімге сәйкес

Жергілікті бюджет

2. Жаңаөзен қаласындағы жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету

2.1. МұнайГаз саласы кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету

2.1.1.

Жұмыс орындарын сақтау мақсатында «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның кен орындарында мұнай өндіру деңгейін жылына 5,8 млн. тоннадан кемітпей ұстап тұруды қамтамасыз ету

ЭДСМ-ға ақпарат

«ҚМГ» БӨ» АҚ (келісім бойынша)

2012 - 2020 жылдар

Талап етілмейді

-

2.1.2.

Геологиялықбарлау және одан кейінгі қызметті кеңейту мақсаттарында «ҚазМұнайГаз» БӨ-нің Өзен кен орнының операторына жаңа аумақтар бөлу және беру мәселелерін пысықтау

барлауға, пайдалануға арналған келісімшарттар

МГМ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Қазгеология» ҰГБК АҚ(келісім бойынша)

2012 жыл

Талап етілмейді

-

2.1.3.

Өзен және Қарамандыбас кен орындары бойынша келісімшарттарды ұзарту

барлау, пайдалану келісімш артына қосымша келісім

МГМ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жыл

Талап етілмейді

-

2.1.4.

Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына маманданған жөндеу-механикалық өндірістерді құру және ұйымдастыру

Пайдалануға беру актісі

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2013 - 2015 жылдар

ТЭН-ге сәйкес

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың қаражаты

2.1.5.

Жылына көлемі 300 мың тонна мұнай өнімдерін өндіретін шағын завод салу мәселесін пысықтау («КРІ» АҚ дайындап жатқан «АПМЗ-ның өндірістік қызметін дамытудың және әр тараптандырудың стратегиясы және инвестициялардың негіздемелері» ТЭН-інің нәтижелері алынғаннан кейін)

ЭДСМ-ға ақпарат

МГМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі,«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

-

2.2. Қалада кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру

2.2.1.

Бизнестің жол картасы – 2020, Еңбек өнімділігі – 2020 және басқа сәйкес бағдарламаларды іске асыру аясында Жаңаөзен қаласында жаңа өндірістер ашу және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар кешенін қабылдау

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ, ЭДСМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

2012 - 2020 жылдар

Бюджеттік өтінімге сәйкес

Республикалық бюджет

2.2.2.

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде өз ісін дамытуға және кеңейтуге микрокредиттер беру арқылы Жаңаөзен қаласының өздігінен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және табысы аз тұрғындарын өнімді жұмыстармен қамтуға тарту

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі,Еңбекмині, Қаржымині, АШМ

2012 - 2020 жылдар

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражат есебінен

Республикалық бюджет

2.2.3.

Мемлекеттің қатысы бар микрокредит ұйымдары арқылы тұрғын халықты микрокредиттеудіұйымдастыру

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі,

2012 - 2020 жылдар

450 000**
Әр жылға 50 000- нан

Жергілікті бюджет

2.2.4.

Жаңаөзен қаласында өңірдің мұнайгаз саласы кәсіпорындарының қызметкерлері үшін арнаулы киімдерімен қамтамасыз ету

Арнаулы киім тігуге келісім-шарт жасасу

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, өңірдің мұнайгаз компаниялары (келісім бойынша)

Қаңтар, жыл сайын

Талап етілмейді

-

2.2.5.

Жаңаөзен қаласына келетін туристер үшін туристік «сервистік нүктелер» құру және жайластыру

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 - 2020 жылдар

ТЭН-ге сәйкес

Жергілікті бюджет

3. Қаланың тұрғын халқын келешегі зор елді мекендерге оларда жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру арқылы кезең-кезеңмен көшіруді ынталандыру

3.1. Келешегі зор елді мекендерде жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру

3.1.1.

Құрық ауылында іске асырылатын инвестициялық жобалар аясында Жаңаөзен қаласы тұрғындарына жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету, оның ішінде мына жобалар бойынша:

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша)

2012 - 2020 жылдар

ТЭН-ге сәйкес

-

3.1.1.1

Құрық ауылындағы шығарушы жағадағы құрылғыларымен мұнай құю терминалы

ЭДСМ-ға ақпарат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Іске асыру мерзімі Қашаған кен орнының ІІ кезеңі аясында мұнай өндірудің басталуымен байланысты

ТЭН-ге және ЖСҚ-ға сәйкес

Инвесторлардың қаражаты, қарыз қаражаты

3.1.1.2

Құрық ауылы маңындағы кеме жөндеу/кеме жасау зауыты

ЭДСМ-ға ақпарат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ     (келісім бойынша)

2013 - 2015 жылдар

ТЭН-ге сәйкес

Инвесторлардың қаражаты, қарыз қаражаты

3.1.1.3

«ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС-інің өндірістік қуатын кеңейту

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС-і (келісім бойынша)

Іске асыру мерзімі КТҚС-ның оңтүстік секторында мұнай өндірудің
басталуына байланысты

ТЭН-ге сәйкес

Инвесторлардыңқаражаты, қарыз қаражаты

3.1.1.4

Құрық ауылындағы теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы, оның ішінде су түбін тереңдететін флотқа қызмет көрсететін базаны құру, флотқа техникалық қызмет көрсету аймағын, кемелер тұратын аймақты құру

ЭДСМ-ға ақпарат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Іске асыру мерзімі Қашаған кен орнының ІІ кезеңі аясында мұнай өндірудің басталуымен байланысты

ТЭН-ге сәйкес

Инвесторлардың қаражаты,қарыз қаражаты

3.1.1.5

Құрық ауылындағы қалдықтарды орналастыратын және көметін  полигон

ЭДСМ-ға ақпарат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  (келісім бойынша)

Іске асыру мерзімі КТҚС-ның оңтүстік секторында мұнай өндірудің  басталуына байланысты

ТЭН-ге сәйкес

Инвесторлардың қаражаты,қарыз қаражаты

3.1.2.

«Өзен – Түркменстанның мемлекеттік шекарасы» теміржол желісінің инфрақұрылымын жасау аясында, оның ішінде 2 станцияда, 5 разъезде Жаңаөзен қаласының тұрғын халқы үшін жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 - 2015 жылдар

Талап етілмейді

-

3.1.3.

«Өзен – Түркменстанныңмемлекеттік шекарасы» теміржол желісінің бойында (мал шаруашылығы, көкөніс-бақша дақылдарын өсіру салаларына артықшылық бере отырып) өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатында дамып келе жатқан елді мекендер халқына жағдай туғызу жөніндегі мәселені пысықтау

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 – 2014 жылдар

Талап етілмейді

-

3.1.4.

Каспий энергетикалық хабын құру жөніндегі инвестициялық жоба аясында Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін жұмыс орындары құрылуын қамтамасыз ету

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша)

2012 - 2020 жылдар

Талап етілмейді

-

3.1.5.

Каспий энергетикалық хабын құру

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ, ИЖТМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 - 2015 жылдар

ТЭН-ге сәйкес

Жеке инвестициялар, қарыз қаражаты

3.1.6.

Каспий энергетикалық хабының инфрақұрылымын құру, оның ішінде:

Пайдалануға беру актісі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі,ККМ, ИЖТМ

2013 - 2015 жылдар

10 062 912
Оның ішінде:
2013ж. – 2 809 337*
2014 ж. – 3 427 637*
2015 ж. – 2 819 648*

2013ж. – 312 148**
2014ж. – 380 848**
2015ж. – 313 294**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жергілікті бюджет

3.1.6.1

Кернеуі 110 кВ кабелді электр беру желісі мен 110/10 кВ қосалқы станциясының құрылысын салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ

2013 - 2015 жылдар

4 614 297
Оның ішінде:
2013 ж. – 900 000*
2014 ж. – 1 350 000*
2015 ж. – 1 902 867*
2013 ж. – 100 000**
2014 ж. – 150 000**
2015 ж. – 211 430**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.6.2

«Жаңаөзен - Ақтау» газ құбырынан автоматтандырылған газ бөлу жүйесін орната отырып, бас газ құбырының құрылысын салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, МГМ

2013 - 2014 жылдар

2 429 970
Оның ішінде:
2013 ж. - 1 009 337*
2014 ж. - 1 177 637*
2013 ж. - 112 148**
2014 ж. - 130 848**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.6.3

«Каспий энергетикалық хабына кіреберіс» автомобиль жолының құрылысы

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ККМ

2013 – 2015 жылдар

3 018 645*
Оның ішінде:
2013 ж. - 900 000*
2014 ж. - 900 000*
2015 ж. – 916 781*
2013 ж. - 100 000**
2014 ж - 100 000**
2015 ж. - 101 864**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.7.

Кендірлі курортты аймағын құру және дамыту жөніндегі инвестициялық жоба шеңберінде Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз ету

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша)

2012 - 2020 жылдар

Талап етілмейді

-

3.1.8.

Кендірлі курортты аймағын құру және дамыту

Үкіметке ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі, ТСМ, ИЖТМ, «Каспий» ӘКК» АҚ (келісім бойынша)

2012 - 2020 жылдар

ТЭН-ге сәйкес

Жеке инвестициялар, қарыз қаражаты

3.1.9.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының және халықаралық «Кендірлі» әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының 9 объектісінің құрылысы, оның ішінде:

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША, ККМ, ИЖТМ, МГМ, «Каспий» ӘКК» АҚ (келісім бойынша)

2013 - 2015 жылдар

9 294 724
Оның ішінде:
2013 ж. - 4 075 970*
2014 ж. - 3 328 673*
2015 ж. – 960 609*
2013 ж. - 446 219**
2014 ж. - 374 297**
2015 ж. - 108 956**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.1

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының 26 000 текше метрлік кәріздік-тазарту құрылысын салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2013 - 2015 жылдар

3 289 565
Оның ішінде:
2013 ж. - 1 000 000*
2014 ж  - 1 000 000*
2015 ж. - 960 609*
2013 ж. - 110 000**
2014 ж - 110 000**
2015 ж. - 108 956**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.2.

Халықаралық«Кендірлі» әуежайының кәріздік-тазарту құрылысын салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2013 - 2014 жылдар

1 005 762
Оның ішінде:
2013 ж. - 450 000*
2014 ж. - 455 186*
2013 ж. - 50 000**
2014 ж - 50 576**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.3.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының «Окарем-Бейнеу» бас газ құбырынан газ құбырын тарту және автоматтандырылған газ бөлу жүйесін салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, МГМ

2013 - 2014 жылдар

883 559
Оның ішінде:
2013 ж. - 397 602*
2014 ж. - 397 601*
2013 ж. - 44 178**
2014 ж - 44 178**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.4.

Халықаралық «Кендірлі» әуежайын газдандыру

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, МГМ

2014 жыл

343 452
Оныңішінде:
2014 ж.- 309 107*
      2014 ж. - 34 345**

Республикалық бюджет
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.5.

Халықаралық «Кендірлі» әуежайын сумен қамтамасыз ету

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2013 жыл

346 672
Оның ішінде:
2013 ж. - 312 005*
2013 ж - 34 667**

Республикалық бюджет
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.6.

Халықаралық «Кендірлі» әуежайының автомобиль жолдары

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ККМ

2013 жыл

686 307
Оның ішінде:
2013 ж. – 617 676*
2013 ж – 68 631**

Республикалық бюджет
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.7.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының автомобиль жолдарын салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ККМ

2013 жыл

282 257
Оның ішінде:
2013 ж. – 254 031*
2013 ж – 28 226**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

3.1.9.8.

110-4Н схемасы бойынша қуаты 40 МВА, ОРУ – 110 кВ екі күш беретін трансформаторлы 110/6 кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысын, қазіргі бар жоғары вольтті кВ Л-Фетисово желісін сымдарын толық және тіреулерін ішінара ауыстыра отырып қайта жаңғырту және «Кендірлі» курортты демалыс аймағының жаңа электр беру желісінің құрылысын салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ

2013 - 2014 жылдар

1 851 977
Оның ішінде:
2013 ж.- 500 000*
2014 ж.- 1 166 779*
2013 ж. - 50 000**
2014 ж - 135 198**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

3.1.9.9.

Халықаралық «Кендірлі» әуежайының 110/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ

2013 жыл

605 173
Оның ішінде:
2013 ж. – 544 656*
2013 ж – 60 517**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

3.1.10.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы металконструкция зауыты» инвестициялық жобасы шеңберінде Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін жұмыс орындары құрылуын қамтамасыз ету

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, «Дос
Марин» ЖШС (келісім бойынша)

Іске асыру мерзімі КТҚС-ның оңтүстік секторында мұнай өндірудің басталуына байланысты

Талап етілмейді

-

3.1.11.

«Сарытас» шығанағындағы теңіз операцияларын қолдайтын жағадағы база» инвестициялық жобасы шеңберінде Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін жұмыс орындары құрылуын қамтамасыз ету

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2014 жыл

Талап етілмейді

-

3.2. Тұрғын халықтың еңбекке жұмылдырылуын ынталандыру

3.2.1.

Жаңаөзен қаласының еңбекке жарамды халқына экономика салалары және бюджет салалары бойынша сапалық және сандық талдау жүргізу

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, Еңбекмині

2012 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді

-

3.2.2.

Өңірде іске асырылатын инвестициялық жобаларды, оның ішінде теңіз операцияларына байланысты жобаларды жүзеге асыру үшін білікті кадрларға қажеттілікті анықтау

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, Еңбекмині, БҒМ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша)

2012 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді

-

3.2.3.

Теңіз операцияларына байланысты өндірістер үшін кадрларды дайындауды және қайта дайындауды жүргізуді ұйымдастыру

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, БҒМ, Еңбекмині

2012-2020 жылдар

Мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген қаражат шегінде

Республикалық бюджет

3.2.4.

Сұранысқа ие мамандықтар тізімін және жоғары және кәсіптік-техникалық білімі бар мамандар дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын кеңейту жөнінде ұсыныстар беру

БҒМ-ға ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

-

3.2.5.

«Ө. Тұрмағамбетов атындағы мұнай және газ колледжі» МКК-ң материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру

ЭДСМ-ға ақпарат

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 - 2013 жылдар

50 000*
Оның ішінде:
2012 ж. - 25 000
2013 ж. - 25 000

Республикалық бюджет

3.2.6.

Жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарында оқитындардың кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтуін ұйымдастыру

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, жұмыс беруші кампаниялар (келісім бойынша)

2012 - 2020
жылдар

Талап етілмейді

-

3.2.7.

Жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушылар құрамының біліктілігін көтеруді ұйымдастыру

ЭДСМ-ға ақпарат

БҒМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 - 2020 жылдар

Мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген қаражат шегінде

Республикалық бюджет

3.3. Келешегі бар елді мекендер

3.3.1.

Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу қажеттілігін анықтау мақсатында жаңадан салынатын елді мекендердің тұрғындарының санын болжамдау

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

-

3.3.2.

Өзін өзі жұмыспен қамтитын, жұмыссыз және табысы аз отбасылардағы жұмысқа жарамды тұрғын халықтың «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде облыстың келешегі бар елді мекендеріне өз еріктерімен қоныс аударуларына жәрдемдесу сұрағын пысықтау

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, Еңбекмині, ҚТКША

2012 - 2020 жылдар

Талап етілмейді

-

3.3.3.

Жаңадан салынатын елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар құрылысын қаржыландыру, салу мәселелерін пысықтау

Үкіметке ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША, ЭДСМ

2013 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді

-

3.3.4.

Тұрғын халықты ққол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын кешенді шешу мәселесін пысықтау

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША, «ҚТҚЖБ» АҚ (келісім бойынша)

2012 – 2020 жылдар

Талап етілмейді

-

3.3.5.

Жаңаөзен қаласы мен келешегі бар елді мекендер (Ақтау қаласы, «Кендірлі» курортты демалыс аймағы, «Болашақ» станциясы, Құрық ауылы және б.) арасында көліктік инфрақұрылым құру мәселесін пысықтау

Үкіметке ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі, «ҚТҚЖБ» АҚ, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша)

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

-

3.3.6.

«Өзен – Түркменстанның мемлекеттік шекарасы» теміржол желісі бойында автомобиль жолын салу мәселесін пысықтау

Үкіметке ұсыныс

ККМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

-

3.3.7.

«Өзен – Түркменстанның мемлекеттік шекарасы» теміржол желісінде орналасқан 2 станция мен 5 разъезды айналасындағы елді мекендерді дамытуға бағытталған шаралар кешенін дайындау

Үкіметке ұсыныс

ККМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

-

4. Жаңаөзен қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау

4.1. Денсаулық сақтау

4.1.1.

Теңге және Қызылсай ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау

Пайдалануға беру актісі

ДСМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

152 037
Оның ішінде:
2012 ж. – 126 833*
2012 ж – 25 204**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.1.2.

Жаңаөзен қаласының «Рахат» шағын ауданында емхана салу

Пайдалануға беру актісі

ДСМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жыл

611 431
Оның ішінде:
2013 ж. – 550 288*
2013 ж – 61 143**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.1.3.

Жаңаөзен қаласында терапевтік корпус ғимаратын салу

Пайдалануға беру актісі

ДСМ,Маңғыстау облысының әкімдігі

2015 жыл

525 000
Оның ішінде:
2015 ж. – 472 500*
2015 ж – 52 500**



Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.2. Білім беру

4.2.1.

«Жұлдыз» шағын ауданында 320 орындық балалар бақшасының құрылысын аяқтау

Пайдалануға беру актісі

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі,

2012 жыл

2012 ж. - 165 181

Республикалық бюджет

4.2.2.

«Бостандық» (Арай-3) шағын ауданында 320 орындық балалар бақшасының құрылысын аяқтау

Пайдалануға беру актісі

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

324 000
Оның ішінде:
2012 ж. – 312 301*
2012 ж – 11 699**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.2.3.

Мектепке дейінгі 8 балалар мекемесін (280 орыннан кем емес балалар бақшаларын) салу мәселесін пысықтау

ЭДСМ-ге ақпарат

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2015 - 2020 жылдар

* 2015-2020 жылдар кезеңінде қаржыландыру бюджеттік өтінімге сәйкес

Республикалық бюджет

4.2.4.

«Бостандық» (Арай-3) шағын ауданында 624 орындық орта мектеп салу

Пайдалануға беру актісі

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

805 187
Оның ішінде:
2012 ж. – 708 318*
2012 ж – 96 869**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.2.5.

Теңге ауылында 900 орындық орта мектеп салу

Пайдалануға беру актісі

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2015 - 2016 жылдар

1 350 000
Оның ішінде:
2015 ж. – 315 000*
2016 ж.– 900 000*
2015 ж. - 35 000**
2016 ж - 100 000**

Республик алықбюджет
 
 
 
Жергілікті бюджет

4.2.6.

«Жұлдыз» шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп салу

Пайдалануға беру актісі

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2015 - 2016 жылдар

1 800 000
Оның ішінде:
2015 ж. – 648 000*
2016 ж.– 972 000*
2015 ж. - 72 000**
2016 ж – 108 000**

Республикалық бюджет
 
 
 
Жергілікті бюджет

4.2.7.

«Мерей» шағын ауданында 640 орындық мектеп салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2014 - 2015 жылдар

ЖСҚ-ға сәйкес

Жергілікті бюджет

4.2.8.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 11-12 сыныптағы балалар үшін 1200 орындық бейіндік мектеп салу

Пайдалануға беру актісі

БҒМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2014 жыл

2014 ж. – 1 000 000*

Республикалық бюджет

4.3. Мәдениет және спорт

4.3.1.

Спорт құрылыстарын (спорт алаңдарын) салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 - 2020 жылдар

450 000**
Жыл сайын
50 000-нан

Жергілікті бюджет

4.3.2.

Теңге және Қызылсай ауылдарында ауылдық мәдениет үйлерін салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі,«ҚМГ» БӨ» АҚ (келісім бойынша)

2012 жыл

2012 ж. – 300 267

«ҚМГ» БӨ» АҚ-тың қаражаты (келісім бойынша), қолданыстағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында

4.4. Жаңаөзен қаласының тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

4.4.1.

Тұрғындарды электрмен, жылумен, сумен, газбен және кәрізбен қамтамасыз ету инфрақұрылымын жасау, оның ішінде:

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ, ҚТКША

2012 - 2020 жылдар

5 139 664
Оның ішінде:
2012 ж.- 2 417 237*
2013 ж. - 1 222 208*
2014 ж. - 1 177 290*
2015 - 2020 ж.ж.
(ТЭН-ға сәйкес)
2012 ж.- 56 428**
2013 ж. - 135 801**
2014 ж. - 130 700**
2015 - 2020 ж.ж.
(ТЭН-ға сәйкес)

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

4.4.1.1.

Жаңаөзен қаласындағы электрмен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту және кеңейту

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2012 - 2014 жылдар

886 990
Оның ішінде:
2012 ж. - 270 000*
2013 ж. - 315 000*
2014 ж. -213 290*
2012 ж. – 30 000**
2013 ж. – 35 000**
2014 ж. – 23 700**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

4.4.1.2.

Жаңаөзен қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғырту және кеңейту

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2012 жыл

2012 ж. - 1 044 387*

Республикалық бюджет

4.4.1.3.

Орталық қазандықты кіші ЖЭО-ға ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейту

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ

2012 жыл

2012 ж. - 1 005 000

Республикалық бюджет

4.4.1.4.

«Рахат-2» шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (2-кезегі)

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2012 жыл

94 945
Оның ішінде:
2012 ж. - 78 450*
2012 ж. – 16 495**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.4.1.5.

«Рахат-2» шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын (3-кезегі) аяқтау

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2012 жыл

29 333
Оның ішінде:
2012 ж. – 19 400*
2012 ж. – 9 933**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.4.1.6.

«Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарын сумен жабдықтаудың бөлу желілерінің құрылысы

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2013 - 2014 жылдар

1 671 000
Оның ішінде:
2013 ж. - 540 000*
2014 ж. - 964 000*
2013 ж. – 60 000**
2014 ж. – 107 000**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

4.4.1.7.

«Рахат-3» шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (3-кезегі)

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2013 жыл

222 008
Оның ішінде:
2013 ж. – 199 807*
2013 ж. – 22 201**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.4.1.8.

«Рахат-3» шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (4-кезегі)

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2013 жыл

186 001
Оның ішінде:
2013 ж. – 167 401*
2013 ж. – 18 600**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4.4.2.

Жаңаөзен қаласының ішіндегі жолдарды салу және қайта жаңғырту

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 - 2020 жылдар

900 000**
Жыл сайын
100 000-нан

Жергілікті бюджет

4.4.3.

Қалалық және ауылдық елді мекендерде барлауды және құдықтар бұрғылауды жүзеге асыру, жергілікті су құбырларының су құбыры құрылыстары мен желілерін жаңғырту

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 - 2018 жылдар

700 000**
Оның ішінде:
2012 ж. - 100 000
2013 ж. - 116 000
2014 ж. – 100 000
2016 ж. – 185 000
2018 ж. – 199 000

Жергілікті бюджет

4.4.4.

Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп кәдеге жарату және көму бойынша комбинат салу (1-3 кезеңдері)

Пайдалануға беру актісі

ҚТКША, Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКША

2012 - 2013 жылдар

1 072 324
Оның ішінде:
2012 ж. - 403 500*
2013 ж. – 541 942*
2012 ж. – 60 000**
2013 ж.– 66 882**

Республикалық бюджет
 
 
 
 
 
 
Жергілікті бюджет

5. Өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері

5.1.

Қазақстан өңірлері мен іргелес мемлекеттерден (Әзірбайжан, Иран, Ресей және өзге іргелес мемлекеттер) азық-түлік тауарларын жеткізуді ұйымдастыру

ЭДСМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, АШМ,
«Каспий» ӘКК» АҚ, «ҚТКФ» АҚ (келісім бойынша)

2012 - 2020 жылдар

Талап етілмейді

-

5.2.

Ұзақ мерзімді кезеңге азық-түлік тағамдары (жармалар, күнбағыс майы және өзге азық-түлік тағамдары) қоймаларын салу мәселесін пысықтау

ЭДСМ-ға ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі, «Каспий» ӘКК» АҚ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

ТЭН-ге сәйкес

Жеке инвестициялар

5.3.

Жаңаөзен қаласында және іргелес аумақтарында көкөніс қоймаларын, жылыжайлар салуды ұйымдастыру мәселесін пысықтау

ЭДСМ-ға ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі,
«Каспий» ӘКК» АҚ,
«КазАгро» ҰБХ» АҚ

2012 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді

-

5.4.

Коммуналдық базарлар салудың орындылығы туралы ұсыныстар дайындау

ЭДСМ-ға ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі, «Каспий» ӘКК» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді

-

6. Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар

6.1.

Жаңаөзен қаласында үлгілік әскери қалашық салу

Пайдалануға беру актісі

ІІМ

2012 - 2013 жылдар

2 744 322*
Оның ішінде:
2012 ж. - 1 373 161
2013 ж. - 1 371 161

Республикалық бюджет

6.2.

Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және Жаңаөзен қаласында есірткіге қарсы бағытталған іс-шаралар өткізу

ЭДСМ-ға ақпарат

ІІМ,
Маңғыстау облысының ІІД

2012 - 2020 жылдар

Сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша ішкі істер органдарына жергілікті және республикалық бюджеттерде қарастырылған қаражаттар шегінде

Республикалық бюджет,жергілікті бюджет

6.3.

Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы жедел басқару орталығының құрылысын аяқтау

Пайдалануға беру актісі

ІІМ, Маңғыстау облысының ІІД, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

178 297
Оның ішінде:
2012 ж. – 150 467*
2012 ж. – 27 830**

Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

6.4.

Теңге және Қызылсай ауылдарында әскери комиссариат пен тірек пунктін салу

Пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 - 2015 жылдар

521 000**
Оның ішінде:
2013 ж. - 14 000
2014 ж. - 500 000
2015 ж. - 7 000

Жергілікті бюджет


ЖИЫН




38 596 346






2012 ж.

6 560 295






2013 ж.

11 948 099






2014 ж.

10 619 445






2014 жылдан кейін

9 468 507



БАРЛЫҒЫ: республикалық бюджет




32 299 261
Оның ішінде:






2012 ж.

5 681 998






2013 ж.

10 595 906






2014 ж.

8 933 600






2014 жылдан кейін

7 087 757



БАРЛЫҒЫ: жергілікті бюджет




5 996 818

Оның ішінде:






2012 ж.

578 030






2013 ж.

1 352 193






2014 ж.

1 685 845






2014 жылдан кейін

2 380 750



БАРЛЫҒЫ: «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың қаражаты




300 267
Оның ішінде:






2012 ж.

300 267






2013 ж.

-






2014 ж.

-






2014 жылдан кейін

-


      Ескерту:
      * - республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады;
      ** - қаржыландыру көлемдері тиісті жылға жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады;
      аббреавиатуралардың толық жазылуы:
      ҚТКША – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      Маңғыстау облысының ІІД – Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті
      «ҚТҚЖБ» АҚ – «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» акционерлік қоғамы
      «ҚТКФ» АҚ – «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы» акционерлік қоғамы
      «Қазгеология» ҰГБК АҚ - «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамы
      «ҚМГ» БӨ» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы
      «Каспий» ӘКК» АҚ - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «Даму» КДҚ» АҚ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы
      «Өзенмұнайгаз» ӨФ» - «ҚМГ» БӨ» АҚ-тың «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы
      «ҚазГӨЗ» ЖШС – «Қазақ газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      КТҚС – Каспий теңізінің қазақстандық секторы
      АПЗМ – Ақтау пластмасса массасы зауыты
      «КРІ» АҚ – «Kazakhstan Petrol Industrial» акционерлік қоғамы
      ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама
      ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме