Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп, жылдың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.12.2018 № 806 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.12.2018 № 806 қаулысымен.4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 – 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2052 қаулысы.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.12.2018 № 806 қаулысымен.6. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен бекітілген |
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары
Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.12.2018 № 806 қаулысымен.
Р/с № | Iс-шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға (iске асыруға) жауаптылар | Орындау (iске асыру) мерзiмi | Ұсынылатын шығыстар (млн.теңге) | Қаржыландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жаңаөзен қаласы халқының шамадан тыс қоныстану проблемасын шешу | ||||||
1. | Жаңаөзен қаласы тұрғындарының санын Жаңаөзен қаласының Бас жоспарына сәйкес тұрақтандыру бойынша шаралар кешенін қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, ІІМ | 2012 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
Мұнайгаз саласы кәсiпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету | ||||||
2. | Жұмыс орындарын сақтау мақсатында "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның кен орындарында мұнай өндiру деңгейiн жылына 5,5 млн. тоннадан кемiтпей ұстап тұруды қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат | "Өзенмұнайгаз" АҚ (келісім бойынша), ЭМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2012 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
3. | Арнайы техникаға қызмет көрсетуге арналған сервистік орталық салу | пайдалануға беру актісі | "Өзенмұнайгаз" АҚ (келісім бойынша) | 2020 жыл | Көзделген қаражат шегінде | "Өзенмұнайгаз" АҚ қаражаты |
Ағымдағы өндірістік қуатты кеңейту және жаңғырту | ||||||
4. | Қолданыстағы шикізат көлемін ескере отырып, жаңа газ өңдеу зауытын салуды қоса алғанда, операциялық шығындарды төмендету мақсатында "Қазақ газ өңдеу комбинаты" ЖШС зауытын жаңғырту жөнінде ТЭЗ дайындау | ТЭЗ | "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), ЭМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | 335,0 | "ҚМГ" ҰК" АҚ қаражаты |
5. | Кеспекшелер, жиектер, суағарлар, резеңке жабындар өндіретін цех ашу жолымен Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинатының өндірісін кеңейту бойынша шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | - | МЖӘ шеңберіндегі жеке инвестициялар |
ШОБ-ты дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру | ||||||
6. | "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және бизнес-ахуалды жақсарту бойынша шаралар кешенін қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келiсiм бойынша),"Даму" КДҚ" АҚ (келiсiм бойынша) | 2012 – 2020 жылдар | көзделген қаражат шегінде |
Республикалық бюджет |
7. | Өңiрдiң мұнайгаз саласы кәсiпорындарының қызметкерлерiн жергілікті өндірушілер тігін және аяқ киім фабрикалары арқылы арнаулы киiмдер және аяқ киімдермен қамтамасыз ету | арнаулы киiм тiгуге шарт жасасу | "Өзенмұнайгаз" АҚ (келісім бойынша), "Ембімұнайгаз" АҚ (келісім бойынша), өңірдің мұнайгаз компаниялары (келісім бойынша) | 2018 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
8. | Технопарктің өндірістік алаңын шағын және орта бизнес жобаларымен толтыруды қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етiлмейдi | - |
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, экономикалық белсенділікті ынталандыру, экономикалық өсу нүктелерінде жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу | ||||||
Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары | ||||||
9. | Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Жаңаөзен қаласының еңбекке қабілетті тұрғындарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, Еңбекмині, БҒМ, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) | 2012 – 2020 жылдар | 809,4, оның ішінде:2018 жыл – 269,8**,2019 жыл – 269,8**,2020 жыл – 269,8** | Жергілікті бюджет |
10. | Өңірде іске асырылатын жобалар үшін Жаңаөзен қаласының еңбекке қабілетті тұрғындарын ірі өндіріс кәсіпорындарының оқыту орталықтары, жеке меншік тренингтік оқыту орталықтары базасында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, Еңбекмині, БҒМ, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) | 2012 – 2020 жылдар | көзделген қаражат шегінде | Жұмыс берушілер қаражаты |
11. | Қоныстандыру өңірлерінде сұранысқа ие мамандықтарға кадрларды оқыту және қайта даярлау бойынша әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, Еңбекмині,БҒМ | 2018 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
12. | Жаңаөзен қаласы халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында жыл сайын кемінде 1000 қоғамдық жұмыс орнын ұйымдастыруды қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, "Өзенмұнайгаз" АҚ (келісім бойынша) | 2012 – 2020 жылдар | **жыл сайын 200,0 | Жергілікті бюджет Облыстың жергілікті атқарушы органымен жылдық келісімде міндеттемелер болған жағдайда "Өзенмұнайгаз" АҚ келісімшарт міндеттемелерін орындау шеңберін дегі қаражаты |
13. | ЖОО және ОАОО-ның түлектеріне жыл сайын кәсіпорындар мен ұйымдарда кемінде 160 адамның жастар практикасынан өтуін ұйымдастыру (Жаңаөзен қаласының тұрғындары қатарынан) | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша) | 2012 – 2020 жылдар | жыл сайын 25 000** | Жергілікті бюджет |
14. | Жаңаөзен қаласында "Жаңа серпін" өңірлік бағдарламасы шеңберінде өңірішілік еңбек көші-қонын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2012 – 2020 жылдар | талап етілмейді | - |
Облыстың экономикалық өсу нүктелерінде жаңа өндіріс орындарын және жұмыс орындарын құру | ||||||
15. | Ақтау қаласы Қарақия ауданы Құрық ауылының өңірдің өсу нүктелерінде іске асырылып жатқан жобаларда Жаңаөзен қаласының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыруға кемінде 20 % квотаны қамтамасыз ету | меморандум жасасу | Маңғыстау облысының әкімдігі, "ҚМГ" ҰК" АҚ, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша) | 2012 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
16. | Жаңаөзен қаласының жұмыссыз тұрғындарын Қарақия ауданы Құрық ауылындағы "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС-ның металл конструкциялар зауытына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС | 2018 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
17. | Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту зауытын салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | 37 000,0 | МЖӘ шеңберінде жеке инвестициялар |
18. | "Кендірлі" курорттық демалыс аймағын дамыту, оның ішінде инвесторларды тарту арқылы мейманханалар, демалыс базаларын, балаларды сауықтыру лагерьлерін және өзге де туризм индустриясы объектілерін салу | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, МСМ | 2012 – 2020 жылдар | құны инвесторлармен келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша анықталады | Жеке инвестициялар |
19. | "Кендiрлi" курорттық демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салу шеңберінде кәріздік-тазарту құрылысын салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИДМ | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
20. | "Кендiрлi" курорттық демалыс аймағының сыртқы инженерлiк инфрақұрылымын салу шеңберінде газ тарату құбырларын салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ЭМ | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
21. | "Кендірлі" курорттық демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылы-мын салу шеңберінде электр берудің қоректендіру желілерін және жаңа қосалқы станция салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ЭМ | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
22. | Кендірлі демалыс аймағының аумағын ойын мекемелерін орналастыру жерлерінің тізіміне қосу мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, МСМ, Қаржымині | 2019 жыл | талап етiлмейдi | - |
23. | Жаңаөзен қаласында шекара маңы саудасы пунктін құру мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етiлмейдi | - |
Жаңа елді мекендерді және даму әлеуеті жоғары елді мекендерді дамыту | ||||||
24. | "Кендірлі" жерінде жаңа елді мекен құру мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етiлмейдi | - |
Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын қолдау | ||||||
Денсаулық сақтау | ||||||
25. | Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының терапевтiк корпусының құрылысын аяқтау | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | құны ЖСҚ түзетуден кейін анықталады | Жергілікті бюджет |
26. | Жаңаөзен қаласындағы 50 төсектік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқтау | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | құны ЖСҚ түзетуден кейін анықталады | Жергілікті бюджет |
27. | Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының Қызылсай ауылындағы бөлімінің (құрылымдық бөлімшесінің) құрылысын салу үшін шаралар қабылдау (терапия – жаңа объект) | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
28. | Жаңаөзен қаласының "Мерей" шағын ауданында ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | 387,9** | Жергілікті бюджет |
Білім беру | ||||||
29. | Жаңаөзен қаласында 1200 орындық мектептің құрылысын салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, БҒМ | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
30. | 300 орындық интернат үлгісіндегі мектеп салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, БҒМ | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
Мәдениет және спорт | ||||||
31. | Рахат ауылында Мәдениет үйін салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | 590,4, оның iшiнде: 2018 жыл – 5,0 2019 жыл – 100,0** 2020 жыл –485,4** | Жергілікті бюджет |
32. | Жаңаөзен қаласында облыстық тарихи-өлкетану мұражай филиалының құрылысын салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
33. | Жаңаөзен қаласында мемлекеттік архивтің үлгілік ғимаратын салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
Жастардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру | ||||||
34. | Жаңаөзен қаласында қалалық кітапханасы бар Оқушылар сарайының құрылысын салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
35. | Жаңаөзен қаласындағы 10 мектеп (2019 жыл – 5, 2020 жыл – 5) ауласын жайластыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2012 – 2020 жылдар | жыл сайын 15,0** | Жергілікті бюджет |
Жаңаөзен қаласының тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту | ||||||
36. | Жаңаөзен қаласының қазіргі сумен жабдықтау, кәріз желілерін қайта құрылымдау және кеңейту | пайдалануға беру актісі | ИДМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | 2019 жыл – 1 396,9 | Республикалық бюджет |
37. | "Теңге ауылының шығыс бөлігі 6 - тарату пунктінен (ТП) Теңге ауылының батыс бөлігі тарату пунктіне (ТП) дейін және өндірістік аймақ 11-қосалқы бекетінен (ҚБ) "Арай" ықшам ауданы тарату пунктіне дейін 6 кВ - ӘЖ электр мен жеткізу желісінің (ЭЖЖ) құрылысын" салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, ҰЭМ | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
38. | Жаңаөзен қаласының су тазарту құрылысынан "Мерей" шағын ауданына дейін су құбырын салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі, ИДМ | 2019 жыл |
805,7, |
Республикалық бюджет |
39. | Жаңаөзен қаласының су тазарту құрылысынан Теңге ауылына дейін су құбырын салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі, ИДМ | 2020 жыл |
401,3, |
|
40. | Жаңаөзен қаласының су тазарту құрылысының бұрыннан бар сыртқы инженерлік желілерін реконструкциялау және кеңейту | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі, ИДМ | 2020 жыл |
1172,0, |
|
41. | Жаңаөзен қаласының Өзен станциясындағы және "Рауан" шағын ауданындағы бұрыннан бар кәріздік-сорғы станцияларын реконструкциялау және кеңейту | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі, ИДМ | 2019 жыл |
344,3, |
|
42. | Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқтал маған жер учаскелерінің инженерлік желілерін салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі, ИДМ | 2020 жыл |
279,4, |
|
43. | Жаңаөзен қаласының қалаiшiлік автомобиль жолдарын салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл |
248,9, |
|
44. | Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында қалаiшiлік автомобиль жолдарын салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі, ҰЭМ | 2020 жыл |
164,2, |
|
45. | Жаңаөзен қаласының Бостандық, Мұнайлы шағын аудандарында қалаiшiлік автомобиль жолдарын салу | пайдалануға беру актісі |
Маңғыстау облысының әкімдігі, | 2020 жыл |
188,2, |
|
46. | Жаңаөзен қаласының Рахат, Ақсу шағын аудандарында қалаiшiлік автомобиль жолдарын салу | пайдалануға беру актісі |
Маңғыстау облысының әкімдігі, | 2020 жыл |
298,4, |
|
47. | Жаңаөзен қаласының Ақсу, Жұлдыз шағын ауданында қалаiшiлік автомобиль жолдарын салу | пайдалануға беру актісі |
Маңғыстау облысының әкімдігі, | 2020 жыл |
328,7, |
|
48. |
Жаңаөзен қаласының кәрізін тазарту ғимаратын қайта құру (2-кезек) үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, ҰЭМ | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
49. | Жаңаөзен қаласында еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасында дайындауға арналған су тазарту құрылысын салуды аяқтау | пайдалануға беру актісі |
Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | 791,9** | Жергілікті бюджет |
50. | Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданындағы және Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз ауылдарын дағы дренаждық жүйе және нөсер кәрізін салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі, ҰЭМ | 2019 жыл |
581,6, |
|
51. | Жаңаөзен қаласында көшелерді жарық тандыру желілерін салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етiлмейдi | - |
Тұрғын үй | ||||||
52. | Бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері үшін Жаңаөзен қаласында жатақхана (180 орындық) салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
53. | Жаңаөзен қаласының 1 шағын ауданындағы № 59 және 43 авариялық тұрғын үйлерді бұзу және жаңа үй салу мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етілмейді | - |
Су тапшылығы мәселелерін шешу | ||||||
54. | "Астрахань – Маңғыш-лақ" сутартқышының өткізу қабілетін 35 мың текше метрге арттыру" жобасын аяқтау | пайдалануға беру актісі | "Қазтрансойл" АҚ (келісім бойынша) | 2019 жыл | ЖСҚ-ға сәйкес | "Қазтрансойл" АҚ-ның қаражаты |
55. | Кендірлі демалыс аймағы ауданында магистральды құбыржолы бар, қуаты тәулігіне 45 мың м³ теңіз суын тұщыту зауытын салу мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | ИДМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етілмейді | - |
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту | ||||||
56. | Төңірекшың жеріне (Жаңаөзен) ауыл шаруашылығы мақсатындағы су жеткізуді арттыруды қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2018 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
57. | Жаңаөзен қаласының аумағында мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының шаруа қожалықтарын, етті, сүт өнімін өңдеу кәсіпорындарын дамыту және құру | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, АШМ | 2018 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
58. | Жаңаөзен қаласындағы Индустриялық аймақты алдағы уақытта кеңейту үшін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етiлмейдi | - |
59. | Жаңаөзен қаласындағы (Төңірекшың жерінде, "Жаңаөзен-Кендірлі", "Жаңаөзен-Болашақ станциясы" жолының бойында) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді (мал өсіру және жеміс-көкөніс өнімін өсіру үшін) инженерлік инфрақұрылыммен (ауызсумен, электр энергиясымен және табиғи газбен) қамтамасыз ету мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | талап етiлмейдi | - |
60. | "Жаңаөзен – Кендірлі", "Жаңаөзен – Болашақ станциясы" бағыттары бойынша мал шаруашылығын дамыту | ҰЭМ-ге ақпарат | АШМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2018 – 2020 жылдар | талап етiлмейдi | - |
61. | Жаңаөзен қаласында ветеринариялық-санитариялық зертхана салу үшін шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | талап етiлмейдi | - |
Құқықтық тәртiпті, қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар | ||||||
62. | Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және Жаңаөзен қаласында есiрткiге қарсы бағытталған iс-шаралар өткiзу | ҰЭМ-ге ақпарат | ІІМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2012 – 2020 жылдар | көзделген қаражат шегінде | Республикалық бюджет, жергілікті бюджет |
63. | Жаңаөзен қаласының көшелерінде 68 бұрыл малы бейнебақылау камерасын орнату | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сәйкес | МЖӘ шеңберіндегі жеке инвестициялар |
64. | Жаңаөзен қаласында жаңа арнайы қабылдау орындарының құрылысын салу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | 190,0** | Жергілікті бюджет |
65. | Жаңаөзен қаласының аулаларында бейнеба қылау жүйесін енгізу | пайдалануға беру актісі | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2020 жыл | МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сәйкес | Жекеше инвестициялар МЖӘ шеңберінде |
66. | Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамын бұқаралық психология, коммуникациялар, жанжалтану саласындағы мамандардың кешенді оқытуы және даярлауы | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2018 – 2020 жылдар | көзделген қаражат шегінде | Жергілікті бюджет |
Идеологиялық жұмысты күшейту, халықтың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту, жастармен жұмысты күшейту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және жобаларды басқару сапасын жақсарту жөніндегі шаралар | ||||||
67. | Мемлекеттік қызметшілерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін, жастармен жұмыс жасайтын мамандарды және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мамандарды кешенді оқыту | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2018 – 2020 жылдар | көзделген қаражат шегінде | Жергілікті бюджет |
68. | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік бағдарланған үкіметтік емес ұйымдарын қолдау | ҰЭМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2018 – 2020 жылдар | көзделген қаражат шегінде | Жергілікті бюджет |
Ресурстық қажеттілік: | ||||||
ЖИЫНЫ: | 47 034,2 | |||||
2018 | 709,8 | |||||
2019 | 42 166,8 | |||||
2020 | 4 157,6 | |||||
Республикалық бюджет |
4 898,9 | |||||
2018 | 100,0 | |||||
2019 | 2 864,4 | |||||
оның ішінде қарасты-рылғаны | 439,9 | |||||
2020 | 1 934,5 | |||||
Жергілікті бюджет |
4 200,3 | |||||
2018 | 409,8 | |||||
2019 | 1 767,4 | |||||
2020 | 2 023,1 | |||||
Басқа көздер | 37 935,0 |
Ескертпе:
* - Шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады;
** - қаржыландыру көлемдерi тиiстi жылдың жергiлiктi бюджетін қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі | ||
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | ||
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі | ||
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | ||
ИДМ | – | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі | ||
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | ||
IIМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | ||
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | ||
МСМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | ||
"ҚМГ" ҰК" АҚ | – | "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | ||
"Даму" КДҚ" АҚ | – | "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" акционерлік қоғамының өңірлік филиалы | ||
Маңғыстау облысының "МЖӘ" ӨО" АҚ | – | Маңғыстау облысының "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік" өңірлік орталығы" акционерлік қоғамы | ||
АҚ | – | акционерлік қоғам | ||
"Атамекен" ҰКП | – | "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы | ||
ЖСҚ | – | жобалық сметалық құжаттама | ||
ТЭН | – | техникалық экономикалық негіздеме | ||
ТЭЗ | – | техникалық экономикалық зерттеу | ||
ЖОО | – | жоғары оқу орны | ||
ОАОО | – | орта арнайы оқу орны | ||
МКК | – | мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | ||
МЖӘ | – | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік | ||
ЖҚБ | – | жеке қаржылық бастамалар | ||
ЖИ | – | жеке инвестициялар | ||
ЖШС | – | жауапкершілігі шектеулі серіктестік | ||
ӨКП | – | өңірлік кәсіпкерлер палатасы | ||
ШОБ | – | шағын-орта бизнес | ||
ИКИ | – | инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым |