Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 2052 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 7 "Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4411 тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;

      мына мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі" акционерлік қоғамы;

      5) "Рейтинговое агентство "Эксперт РА Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуы бойынша шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, 10 күнтізбелік күннен өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Төраға

А. Арыстанов