Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 477-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық (республикалық маңызы бap қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесiнде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес әзiрлендi және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру тәртiбiн айқындайды.»;
2) «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Президенттің Күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті оны орындау жөніндегі құзыретті органдар болып табылатынын хабарласын.».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің 1-бабының3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар тізбесінің өзгергендігі туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов