«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) тиесілі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;
2) осы қаулының қосымшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Қорға тиесілі акциялар пакеттері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілсін.
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры», «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Републикасының Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, Қормен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1224 қаулысына
қосымша
Акцияларын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлік басқаруға беретін акционерлік қоғамдардың тізбесі
Р/с |
Атауы |
1 |
2 |
1 |
«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы |
2 |
«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы |
3 |
«Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы |
4 |
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1224 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірлері 217-11, 217-12-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 264-5, 264-6, 264-7-жолдармен толықтырылсын:
«264-5 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
264-6 «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ
264-7 «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ»;
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-8-жолмен толықтырылсын:
«268-8 «Стресті активтер қоры» АҚ».
2. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы».
3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 27-1-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-2-жолмен толықтырылсын:
«28-2. «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы 100%»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
63. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 100%;
64. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы 100%;
65. «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 100%».
4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы» және «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы» деген жолдар алынып тасталсын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен шығарылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31-жолдармен толықтырылсын:
«
28. |
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ |
29. |
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ |
30. |
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ |
31. |
«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ |
»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23-жолдар алынып тасталынсын.
7. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3, 4, 5-жолдармен толықтырылсын:
«3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы;
4. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы;
5. «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы», Алматы қаласы.».