«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдың (бұдан әрі - қаумал) аумағы 2127,76 гектарға азайтылсын.
2. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін;
2) уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2022 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.
3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінде:
«Қызылорда облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 70-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
70 |
Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы |
11 172,24 |
Шиелі және Жаңақорған аудандары |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов