Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1184 Қаулысы

Жаңартылған

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдың (бұдан әрі - қаумал) аумағы 2127,76 гектарға азайтылсын.
      2. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) «Тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін;
      2) уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2022 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов