Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 Қаулысы

Жаңартылған

      «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасы;
      2) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 1), 2-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;»;
      «2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі.».
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі  № 901 және 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 989 қбпү қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтары.
      4. Осы қаулы 2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1151 қаулысымен 
бекітілген   

Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерін айқындау мақсатында әзірленді.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілері негізгі үш санатқа бөлінеді: аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер мен стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері.
      3. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі ішкі істер  мамандандырылған күзет бөлімшелерін тарту арқылы күзетілетін адамдардың жұмысы мен тұрғылықты жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жарғылық  капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғалар осы Қағидаға сәйкес көрсетілген санаттарға жатқызылған қайта құрылған объектілерді мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілері тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) қосу және таратылғандарын алып тастау туралы ұсыныстарды есепті жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне енгізеді.
      Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей заңнамада белгіленген тәртіппен Тізбеге түзетулер енгізеді.
      Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қауіпсіздігін 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жыл сайын ұсынатын Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі қамтамасыз етеді.

2. Объектілерді аса маңызды мемлекеттік объектілерге жатқызу өлшемдері

      5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға едәуір зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін мемлекет және қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.
      Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:
      1) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы  әкімшілік ғимараттары мен объектілері;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары;
      3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жатады.

3. Объектілерді стратегиялық объектілерге жатқызу өлшемдері

      6. Стратегиялық объектілерге Қазақстандық қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, зиян келтіру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне теріс әсер етуі, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін объектілер жатады.
      Стратегиялық объектілер санатына:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі және Республикалық ұланы ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілер;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың әскери бөлімдері;
      3) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер - медициналық препараттарды, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1574 (2012.01.21 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.
      4) аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық, жарылғыш, улы заттарды, есірткі құралдарын және прекурсорларды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу, зерттеу және сақтау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің объектілері мен оқшауланған үй-жайлары;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармақты 4-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1574 (2012.01.21 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.
      5) атом энергиясын пайдалану объектілері;
      6) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, оның ішінде: жылумен жабдықтау саласында жылу электр орталықтары (50 Гкал жоғары); ауыз сумен жабдықтау саласында су жинақтау құрылыстары жатады.

4. Экономиканың стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі салаларының объектілеріне жатқызу өлшемдері

       7. Экономиканың стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі салаларының объектілеріне жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, қызметінде төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі жоғары ірі салық төлеушілерге жатқызылған Қазақстан Республикасының объектілері жатады.
      Объектілердің осы санатына:
      1) отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндірумен және өңдеумен байланысты объектілер, химия өнеркәсібінің объектілері;
      2) су шаруашылығы объектілері - гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын су қоймалары;
      3) республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабарларын тарату объектілері;
      4) ғарыш кешенінің объектілері жатады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1151 қаулысымен 
бекітілген   

Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар

1-бөлім. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптарда пайдаланылатын терминдер:
      1) қауіпсіздік - объектінің қорғалу жай-күйі, бұл кезде қандай да бір қатердің болуынан не оның салдарының әсерінен оған зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін тәуекел болмайды;
      2) объектінің қауіпсіздігіне төнген қатер - объектіге қатысты теріс салдардың басталуына әкеп соғуға қабілетті, адамның (адамдар тобының) құқыққа қарсы әрекеттерінен болатын қатер;
      3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП) - адамдарды және көлік құралдарының рұқсат етілген түрін өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;
      4) тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар - қару-жарақты, әскери техниканы және басқа да әскери мүлікті сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өрт, авария және дүлей зілзала жағдайларында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың әсерінен халықты, шаруашылық объектілерін және қоршаған ортаны қорғауға арналған арсеналдардың, базалардың және қоймалардың жанындағы жергілікті жер учаскелері;
      5) тұзақтар - жергілікті учаскелерді (тамбурлар, дәліздер, ішкі есіктер, желдеткіш қораптар, сондай-ақ ампуладағы немесе пакеттегі химиялық қоспалар, оның ішінде аса құнды және бағалы бұйымдар мен заттарды, ақшаны және т.с.с. сақтау және орналастыру орындарында ақша бумасы тәрізді жасалған) жабдықтау үшін пайдаланылатын сигнализацияны  қосымша техникалық құралдары;
      6) техникалық нығайтуды күшейту және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтау шаралары - ғимараттардың, үй-жайлардың конструкциялық элементтерінің беріктік қасиеттерін жақсартуға және санкциясыз кіруді анықтаудың, сондай-ақ өртті анықтау мен сөндірудің техникалық құралдарын тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
      7) объект - ғимарат, құрылыс немесе міндетті күзетілуі тиіс тауар-материалдық құндылықтар немесе өзге де заттар шоғырланған жергілікті жер учаскесі;
      8) оқшауланған үй-жай - материалдық құндылықтар мен міндетті түнде күзетілуі тиіс өзге де заттарды сақтауға мүмкіндік беретін, белгіленген талаптарға сәйкес техникалық нығайтылған үй-жай;
      9) периметр - күзетілетін аумақтың (аймақтың) қоршалған құрылыс конструкцияларымен (тосқауылдармен) және бақылау-өткізу пункттерімен жабдықталған шегі;
      10) оқшаулау жолағы - бақылау-із кесу жолағын жабдықтауға және күзет сигнализациясы құралдарын орналастыруға арналған периметрлік қоршаудың ішкі жағындағы жер учаскесі, онда бөгде адамдардың болуына тыйым салынады;
      11) күзет шебі - объектінің белгілі бір аймағын немесе үй-жайды (периметр, көлем, оларға келу жолдары) бақылайтын инженерлік-техникалық құралдардың жиынтығы, олардан өту кезінде объектінің жай-күйін бақылау жабдығына немесе алып жүруге, болатын хабарландырғыштарға (дыбыс, жарық индикациясы) тиісті хабарлама беріледі;
      12) механикалық қорғау құралдары - ғимараттар мен үй-жайлардың әртүрлі жабу құрылғыларымен (құлыптармен, жапсырмалармен, торлармен және т.с.с) жабдықталған және объектілерді бұзудан тиісінше қорғауды қамтамасыз ететін және кіруді, сондай-ақ ұрланған заттар мен бұйымдарды алып шығуды барынша қиындататын конструкциялық элементтерінің (қабырғалар, еден, төбе, есіктер, терезе жақтаулары) жиынтығы;
      13) тексеру жүйелері мен құралдары - бұл тыйым салынған заттар мен бұйымдарды санкциясыз алып өтуді немесе өткізуді анықтауға арналған техникалық құралдардың жиынтығы;
      14) өткізу режимін реттейтін құралдар - жұмысшылар мен қызметшілердің өтуін бақылауға арналған құрылғылар;
      15) объектінің (үй-жайдың) техникалық нығайтылуы - ғимараттардың, үй-жайлардың, олардың периметрлерінің конструкциялық элементтерін инженерлік қорғаудың, арнайы техникалық күзет құралдарының жиынтығы (күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері; кіруді бақылау жүйелері; телевизиялық бақылаудың бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері; радиоактивті, химиялық және өзге де улы заттарды анықтау детекторлары; қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторлары) және өрт сигнализациясы жүйелері, сондай-ақ өртті автоматты түрде анықтау және сөндіру жүйелері;
      16) бірегей объект - сәулеттік жоспарлануы ерекше немесе тарихи құнды объект;
      17) күзет сигнализациясының техникалық құралы - күзет сигнализациясы жүйесіне, кешеніне кіретін, дербес функцияларды атқаратын конструктивті аяқталған (аппараттық-бағдарламалық) құрылғы;
      18) күзет сигнализациясы жүйесі - күзетілетін объектінің тұтастығын бұзуды анықтауда, объектінің тұтастығын бұзу туралы ақпаратты және басқа ақпаратты жинауда, өңдеуде, беру мен тұтынушыға берілген түнде ұсынуда бірге қолданылатын техникалық құралдардың жиынтығы;
      19) хабарламалар беру жүйесі (ХБЖ) - объекті тұтастығының бұзылуы, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қылмыстық қол сұғу туралы хабарларды, бақылау-диагностикалық хабарларды байланыс арналары бойынша беру және оларды орталықтандырылған күзет орындарында (бұдан әрі - ОКО) қабылдау, сондай-ақ телебасқарманың бұйрықтарын беру және қабылдау үшін бірге қолданылатын техникалық құралдардың жиынтығы. ХБЖ ақырғы құрылғыларды (бұдан әрі - АҚ) объектілерде, ретрансляторлардың (Р) аралық орындарында (АТЖ кростары, радио ретрансляторлары және т.б.) және орталық бақылаушыларды (терминал, орталықтандырылған бақылау пульті - ОБП) орталықтандырылған күзет орындарында орналастыруды көздейді. АҚ күзетілетін объектіде қабылдау-бақылау аспабынан (бұдан әрі - ҚБА) немесе тікелей күзет және дабыл хабарлаушы құрылғылардан келіп түсетін хабарды қабылдау және беру үшін орнатылады;
      20) күзет сигнализациясының шебі - электр тізбегімен дәйектілікпен біріктірілген, осы тізбекке енгізілмеген басқа техникалық құралдардан тәуелсіз, күзетілетін аймаққа (аймақтың) кіру (кіруге әрекет) туралы хабарлама беруге мүмкіндік беретін күзет сигнализациясының бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының жиынтығы;
      21) күзет сигнализациясының көп шепті кешені - екі немесе одан көп күзет сигнализациясы шептерінің жиынтығы, бұлардың әрқайсысында күзет сигнализациясының әртүрлі физикалық іс-әрекет қағидаттарына негізделген техникалық құралдары қолданылады;
      22) күзет сигнализациясының шлейфі - қосалқы элементтері мен дәнекер сымдары бар және тұтастықтың бұзылуы немесе ақаулығы туралы хабарларды ОБП-ге беруге, ал кейбір жағдайларда күзет хабарлаушы құрылғыларына электр қорегін беруге арналған күзет хабарлаушы құрылғыларының сыртқы тізбектерін қосатын электрлік тізбек;
      23) күзет сигнализациясы жүйесінің, кешенінің желілік бөлігі - күзет, дабыл сигнализациясы шлейфтерінің; күзетілетін объектілер тұтастығының бұзылуы туралы хабарларды ҚБА-ға немесе ХБЖ-ға байланыс арналары немесе жеке желілер арқылы беруге арналған дәнекер желілердің, кәбілдер мен сымдарды, жер асты кәрізді, кәбілдер мен сымдарды салуға арналған құбырлар мен арматураларды қосуға және олардың тарамдануына арналған құрылғылардың жиынтығы;
      24) арнайы техникалық күзет құралдарындағы хабар деп электр магнитті, электр, түрлі түсті және (немесе) дыбыстық сигналдар арқылы берілетін АҚ, ҚБА немесе ХБЖ-ның (күзетілетін объектіде орнатылған) және хабар беру арналарының бақыланатын жай-күйі параметрлерінің өзгеруі туралы ақпаратты беретін хабарламаны атайды. Хабар дабыл және қызметтік болып екіге бөлінеді. Қызметтік хабар техникалық жүйелерді қосу-сөндіру, аппаратураның немесе байланыс арнасының және т.б. техникалық жай-күйінің диагностикасы туралы ақпараттан тұрады;
      25) ХБЖ-нің мониторингі - ХБЖ-нің (ОБП-нің) терминалымен «Күзет» режиміндегі жұмыс кезеңіне оның сыртқы АҚ-сын, сондай-ақ хабар беру арнасының ақпараттық алаңын қашықтан автоматты бақылау жасауға мүмкіндік беретін хабар беру жүйесінің функциясы;
      26) күзет сигнализациясының объектілік жүйесі - күзетілетін объектілерде бақыланатын параметрлердің өзгеруін автоматты түрде анықтауға, ақпаратты беруге, жинауға, өңдеуге және берілген күйінде ұсынуға арналған бірге қолданылатын техникалық құралдардың жиынтығы;
      27) күзет-дабыл сигнализациясының кешенді жүйесі - күзет-дабыл сигнализациясының объектілік жүйесі мен ХБЖ-нің күзетілетін объектілерде бақыланатын параметрлерінің өзгеруін анықтауға, ақпаратты беруге, жинауға, өңдеуге және берілген күйінде ұсынуға арналған техникалық құралдардың жиынтығы;
      28) күзетілетін объект - материалдық немесе басқа да құндылықтары бар жеке үй-жай (аумақ) немесе жалпы аумаққа біріктірілген және бөлімшелер күзететін бір немесе бірнеше ғимараттар шегінде орналасқан бірнеше үй-жай;
      29) күзетілетін аймақ - күзет сигнализациясының объектілік жүйесі арқылы бақыланатын параметрлер өзгеруінің анықталуы мүмкін (тиіс) ғимараттың және/немесе аумақтың (объектінің) бір бөлігі;
      30) қорғалған аймақ - ұдайы күзетілетін және бақыланатын, физикалық тосқауылдармен қоршалған, жекелей немесе жиынтығымен рұқсат етілмеген іс-қимыл объектісі болуы мүмкін жүйелері, жабдықтары, құрылғылары және материалдары бар ғимараттар, үй-жайлар орналасқан объектінің алаңы, оған кіру шектелген және бақыланады;
      31) дабыл жай-күйі - күзет, дабыл сигнализациясы жүйесінің немесе жүйенің бақыланатын параметрлерінің өзгеруіне ден қою нәтижесі болып табылатын бөлігінің жай-күйі, бұл кезде ол дабыл туралы хабар береді;
      32) бақылау жай-күйі - күзет-дабыл сигнализациясы жүйесі кешенінің жай-күйі, бұл кезде оның жұмыс істеуін тексеру қамтамасыз етіледі;
      33) іріткі салу жай-күйі - күзет-дабыл сигнализациясы жүйесі кешенінің әдейі қалыптастырылған жай-күйі, бұл кезде жүйенің бір бөлігі зақымдалады;
      34) дабыл туралы хабар - дабыл жағдайында күзет, дабыл сигнализациясы жүйесі арқылы қалыптасатын хабар;
      35) ақаулығы туралы хабар - ақаулық жай-күйі туралы күзет, дабыл сигнализациясы жүйелерінен құрылған хабар;
      36) санкцияланбаған кіруден қорғау құрылғысы - күзет-дабыл сигнализациясы жүйесі кешенінің элементіне немесе құрамдас бөлігіне санкциясыз кіруді анықтауға арналған құрылғы;
      37) санкцияланбаған кіруге әрекеттенуді анықтау - сигнализация жүйесінің кешеніне немесе оның бөлігіне кіруді анықтауға арналған қорғау құрылғысын пайдалану;
      38) электр қорегінің көзі (электр энергиясының көзі) - күзет-дабыл сигнализациясы жүйесінің кешені элементтерінің немесе оның бөліктерінің біреуінің жұмыс істеуіне қажетті электр қорегімен қамтамасыз ететін жүйенің бөлігі;
      39) хабарлаушы - бақыланатын параметрлердің өзгеруі анықталған кезде дабыл жай-күйін қалыптастыруға арналған құрылғы;
      40) қашықтағы орталық - күзетілетін объектілерден қашықтағы қызмет көрсетілетін орталық, оған бір немесе бірнеше күзет, объектілік жүйелердің дабыл сигнализациясының жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі;
      41) дабыл туралы хабарды қабылдау орталығы - күзетілетін аймақтан тыс орналасқан, күзет-дабыл сигнализациясының бір немесе бірнеше объектілік жүйелерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинау және сақтау (дабыл туралы хабарды қабылдау орталығы) немесе тарату (аралық қондырғы немесе ақпаратты жинау орны) жүзеге асырылады;
      42) қадағалау орталығы (ОБП бар орталықтандырылған мониторинг пункті) - қызмет көрсетілетін қашықтағы орталық, хабар беру жүйесінің жай-күйін бақылау жүзеге асырылады. Диспетчерлік пункт бірқатар объектілерді тәртіп бұзушының кіруінен және басқа да хабар беру жүйелерін пайдалана отырып жасалатын тәртіп бұзушылықтардан орталықтандырып күзетуге, күзет объектісіне шабуыл жасалған жағдайда дабыл сигнализациясын қолдана отырып көмек шақыруға арналған;
      43) қолмен басқаратын органдар — басқару құрылғысының жұмыс істеуіне әсер етуге арналған қолмен сөндіргіштер, кнопкалар немесе басқару пернелері;
      44) автоматтандырылған күзет сигнализациясы жүйесі - басқа жүйелерге, мысалы, электр байланысы жүйесіне жүгінбестен, жауапты адамның, пайдаланушының, меншік иесі немесе тұрғынның басқаруымен қалыпты жағдайдан сөндіруді және кері жағдайға автоматты түрде ауысуды қамтамасыз ететін күзет сигнализациясының жүйесі;
      45) дабыл сигнализациясының қолмен басқарылатын жүйесі - қалыпты жағдайдан сөндірулі және кері жағдайға ауысуды автоматты емес түрде қамтамасыз ететін күзет сигнализациясының жүйесі;
      46) күзет хабарлағышы - бақыланатын параметрлердің өзгеруін анықтауға және заң бұзушылық туралы хабарды беруге арналған техникалық күзет сигнализациясының құралы;
      47) күзет хабарлағышының сезгіштігі - бақыланатын параметр өзгерген жағдайда хабарлаушы іске қосылатын оның сандық мәні;
      48) радиотолқынды күзет хабарлағышы - анықтау аймағындағы АЖЖ диапазондағы электромагнита толқындарының ауытқуы кезінде бақыланатын параметрдің өзгеруі туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      49) белсенді оптикалық-электрондық күзет хабарлағышы - хабарлағыш құрылғысының оптикалық сәулелену энергиясы шағылған тасқынының (бір диапазонды хабарлағыш құрылғысы) қалыпты өзгеруі (тоқтаған), қабылданатын тасқыны өзгеруі кезінде заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      50) магнитті-түйіспелі хабарлағыш - хабарлағыш құрылғысының элементтері жасайтын магнитті өрістің қалыпты өзгеруі кезінде заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      51) акустикалық күзет хабарлағышы - анықтау аймағында қалыпты деңгейдегі акустикалық толқындар пайда болғанда заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      52) бәсеңді оптикалық-электрондық күзет хабарлағышы - анықтау аймағына енген адамның инфрақызыл сәулелену өзгерісінің қалыпты жылдамдығы кезінде заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      53) пьезоэлектрондық күзет хабарлағышы - қатты денеге физикалық әсер еткенде онда пайда болатын қатты толқындардың әсер етуі кезінде заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      54) қолмен басқарылатын күзет хабарлағышы - қолмен немесе өзге де автоматты емес тәсілмен (мысалы аяқпен) жұмыс істеуге келтірілетін күзет хабарлағышы;
      55) ультрадыбысты күзет хабарлағышы - заң бұзушыны анықтау аймағында электрмагнитті ультрадыбыстық диапазон толқындарының қалыпты ауытқуы кезінде заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      56) қиыстырылған күзет хабарлағышы - бір электронды сызбамен байланысқан физикалық қағидат бойынша конструкциялық жағынан әртүрлі екі немесе бірнеше сезгіш элементтері бір корпуста орындалған күзет хабарлағышы;
      57) сыйымдылық күзет хабарлағышы - сезгіш элементінің сыйымдылығы қалыпты өзгерген кезде заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      58) индуктивті күзет хабарлағышы - сезгіш элементінің индукциясы қалыпты өзгерген жағдайда заң бұзушылық туралы хабарды қалыптастыратын күзет хабарлағышы;
      59) күзет сигнализациясының хабарлағышы - объекті тұтастығының бұзылуы туралы адамдарды хабардар етуге, күзетілетін аймақтан жоюға арналған техникалық күзет сигнализациясының құралы;
      60) ПКП (бақылау панелі) - хабарлаушылардан (сигнализация шлейфтерінен) немесе басқа ПКП-ден хабарлама қабылдауға және анықтауға, дабылдарды өзгертуге, хабарлама беруге және хабарлаушы құрылғыларды қосуға, ал кейбір жағдайларда күзет хабарлағыштарын электр қоректендіруге арналған техникалық күзет сигнализациясының құралы;
      61) кіруді бақылау және басқару құралдары мен жүйелері (бұдан әрі - КББҚ) - техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімділігі бар және адамдар мен көліктің кіруіне бақылау жасауды және басқаруды жүзеге асыратын, бірге қолданылатын бақылау мен басқарудың техникалық құралдарының (механикалық, электромеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;
      62) бейнебақылаудың телевизиялық жүйесі (бұдан әрі - БТЖ) - техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар және телевизиялық бақылауды жүзеге асыратын бірге әрекет ететін техникалық құралдар жиынтығы;
      63) жедел байланыс жүйесі — объектіні күзету қызметінің жұмысын жедел басқаруды қамтамасыз етуге арналған және арнайы бөлінген байланыс арналары пайдаланылатын байланыс жүйесі;
      64) Көлік құралдарының күзет және мониторинг жүйесі - қозғалыстағы объектінің кеңістіктік-уақыттық жағдайын анықтау үшін жүйені пайдаланатын деректерді беру арналарымен өзара байланысқан және көлік құралдарына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл жасауға арналған техникалық құралдар жиынтығы;
      65) объектінің осал жерлері - заң бұзушының кіру әрекетін жасауы неғұрлым ықтимал аумақ, акватория, құрылыс конструкциясы (ғимарат, құрылыс) немесе үй-жайдың қоршау фрагменті;
      66) бөлімшелер (бұдан әрі - Бөлімшелер) - объектілерді мемлекеттік күзетуді қамтамасыз ететін Президенттің Күзет қызметінен, Республикалық ұланнан, Қарулы Күштерден, Ішкі істер министрлігінен, Төтенше жағдайлар министрлігінен тұрады.
      2. Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, жаңартылатын және техникалық қайта жабдықталатын жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерге қойылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қол сұғуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық кұралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібі мен тәсілдерін белгілейді.
      Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарына сәйкес көзделуі керек.
      3. Объектінің (үй-жайлардың) техникалық нығайтылуы, арнайы техникалық күзет құралдары (күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері, кіруді бақылау жүйелері; телевизиялық бақылаудың бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері; радиоактивті, химиялық және өзге де улы заттарды анықтау детекторлары, қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторлары), өрт сигнализациясы жүйелері, сондай-ақ өртті автоматты түрде анықтау және сөндіру жүйелері объектінің біріктірілген қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөліктері болып табылады және қауіпсіздік жүйесінің барлық құрамын (жеке күзет, өзіндік қауіпсіздік қызметі, аумақтық ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен өзара іс-қимыл жасасу) ескере отырып бағаланады.
      4. Объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы белгіленген талаптарға сәйкес объектілердің меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, бекеттердің орналасуы мен күзету түрін бөлімше мен объектілер әкімшілігі өкілдерінің құрамы жылына кемінде бір рет жүргізген комиссиялық тексерістер нәтижелерінің негізінде объекті және бөлімше басшылары белгілейді.
      Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ведомстволық бағынысты объектілердің техникалық нығайтылуын оларды ұстауға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін талаптарға сәйкес келтіреді.
      Монтаждау-ретке келтіру қызметтерін көрсету саласындағы нарықты одан әрі жетілдіруді және дамытуды ескере отырып, уәкілетті орган мен Бөлімшелер қосымша қорғау шебі ретінде осы Талаптарда көзделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарияланған және сертификатталған объектілер қауіпсіздігінің қазіргі заманғы техникалық жүйелері мен құралдарын ұсына алады.
      5. Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектілерді қоспағанда, барлық объектілерде меншік нысанына қарамастан, объекті әкімшілігі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшені (бұдан әрі - МҚҚБ) тарта отырып, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп:
      1) объектілердің және мемлекеттік күзетуді жүзеге асыратын бөліністердің басшылары бекіткен өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағиданы;
      2) мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша объектілерді күзету және қорғау жоспарларын әзірлейді. Жылына кемінде  бір рет уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша объектілерді қорғау бойынша терроризмге қарсы өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде бірлескен оқу-жаттығулар өткізіледі.
      6. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер инженерлік-техникалық нығайтылу дәрежесі бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:
      1) А санаты - мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер - медициналық препараттарды, есірткі заттарын, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары, атом энергиясын пайдалану объектілері; әскери-өнеркәсіп саласындағы өнім шығаратын объектілер, ғарыш қызметі объектілері;
      2) В санаты - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ішкі істер министрлігінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың объектілері; жанар-жағармай, энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіруге және қайта өңдеуге байланысты объектілер, химиялық өнеркәсіп объектілері; су шаруашылығы объектілері - гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су қоймалары, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      3) С санаты - Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік ғимараттары және объектілері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен сақтау орындары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері; республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабарларын тарату объектілері.
      7. Объект ішіндегі барлық оқшауланған үй-жайлар кіру мүмкіндігіне қарай негізгі үш аймаққа бөлінеді:
      1) бірінші аймақ - кіру шектелмеген үй-жайлар;
      2) екінші аймақ - лауазымды адамдардың шектеулі тобының ғана кіруіне болатын үй-жайлар;
      3) үшінші аймақ - лауазымды адамдардың қатаң шектелген тобы ғана кіретін үй-жайлар.
      8. Объектілер мен үй-жайлар конструкциялық жағынан сәулетті-жоспарлы орындалуы және жиынтығында тиісінше қорғауды қамтамасыз ететін техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жарақталуы тиіс.
      9. Осы Талаптарда объектілер мен үй-жайлардың конструкциялық элементтерін қорғауды күшейту тәсілдері белгіленген.

2. Сыртқы қоршау конструкцияларының техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

      10. Аумағы бар мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті орап өтіп, объектіге және объектіден еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.
      Ескертпе: жеткілікті негіздер мен құралдар болған кезде магистралдық құбырлар мен кен орындары аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының бақылап-өткізу пунктін орап өтіп, объектілердің күзетілетін аймақтарына еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.
      11. Қоршау күрделі құрылыстар болып табылады және үлгі жоба бойынша салынуы тиіс. Негізгі қоршаулардың ең жетілдірілген үлгісі қазуға төтеп беру тұрғысынан темір бетон цокольмен немесе жерге 200-400 мм қазылған арматуралық тормен күшейтілген темір бетон және тор көзді болып табылады.
      Объектілер аумақтары қоршауының биіктігі кемінде 2,5 метр темірбетон тақталарынан немесе қалыңдығы кемінде 2 мм тұтас металл қаңылтырдан, ал қар түскендегі тереңдігімен бір метрден көп аудандарда - кемінде 3 метр жасалады. Объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып, МКҚ-мен келісім бойынша оның маңындағы құрылыстардың жалпы кейпіне сай металл конструкциялар (қалыңдығы кемінде 18 мм, арасындағы саңылау 100 мм-ден аспайтын шыбық түрінде жасалған металл торлы дуал) жасауға рұқсат етіледі. Қоршау тік бұрышты, бақылау және техникалық күзет құралдарының қолданылуын қиындататын иіндер мен бұрылыстарсыз, сыртқы томпақ жерлер мен ойықтарсыз болуы керек.
      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаға сәйкес сыртқы қоршауға, объектілердің алаңдарына және әзірлеу, өндіру, сынау, жарылғыш, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық заттар, иондаушы сәулелендіру көздері, радиоактивті және материалдарды екі есе белгілеу жөніндегі жұмыстарды атқарумен айналысатын ұйымдардың ғимараттарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы талаптар («Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды жеке қорғау туралы ереже», «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық гигиеналық талаптар» және қолдану саласына сәйкес басқа да нормативтік актілер) қолданылады.
      12. Қажет болған жағдайда Бөлімшемен келісе отырып, объектілердің сыртқы қоршауының жоғарғы жиегіне «Егоза» үлгісіндегі сымнан жасалған қосымша «күнқағар» орнатылады.
      13. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, кішкене қақпалар, сондай-ақ тесіктер, сыналар және басқа да зақымданулар болмауы керек.
      14. Қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын ғимараттардан басқа ешқандай құрылыс жапсарлас жатпауға тиіс, бұл ретте күзетілмейтін аумаққа шығатын ғимараттардың бірінші қабаттағы терезелері метал торлармен жабдықталуы тиіс. Қажет болған жағдайда оның маңындағы құрылыстардың ғимараттарына жалпы кейпіне сай арнайы үлдірмен күшейтілген шыныларды, сондай-ақ Бөлімшелермен келісілген өзге де техникалық шараларды пайдалануға рұқсат етіледі.
      15. Қажет болған жағдайда сыртқы қоршаудың ішкі жағынан оқшаулау жолағы жасалады. Гидротехникалық құрылыстар (су қоймалары, гидротораптар) үшін оқшаулау жолағы бөгетке дейін кемінде 500 метр қашықтықты және металл тор орнатылған қоршауды, оның ішінде бөгеттің акваториясын ескеру керек.
      16. Оқшаулау жолақтарында:
      1) сыртқы қоршау (периметр бойынша);
      2) аралаушы жасақтың жүруіне арналған сүрлеу;
      3) бақылау-із кесу жолағы;
      4) электрмен жарықтандыру жүйесі;
      5) күзет орындарының қалқандары немесе мұнаралар;
      6) қауіпсіздік пен байланыс құралдарының периметрлік жүйесі;
      7) бейнебақылау жүйесі;
      8) оқшаулау жолағының қоршауы орналастырылады.
      17. Оқшаулау жолағы ұқыпты жоспарланып, тазалануы тиіс. Онда техникалық қауіпсіздік жүйелерін пайдалануды және көзбен бақылауды қиындататын ешқандай құрылыстар мен заттар болмауға тиіс.
      18. Оқшаулау жолағының ені техникалық күзет құралдарын орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып таңдалады және кемінде 3 м құрайды.
      19. Оқшаулау жолағы күзетуде қызметтік иттерді қолдану үшін пайдаланылуы мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы қоршаумен қатар биіктігі кемінде 2,5 м болатын ішкі торлы немесе қада қоршау орнатылады.
      20. Бақылау-із кесу жолағына (бұдан әрі - БІЖ) мынадай талаптар қойылады:
      1) объектінің барлық периметрі бойынша өтудің үздіксіз болуы;
      2) енінің секіріп өтуді болдырмайтындай жеткілікті болуы;
      3) із қалдырмай өтуді жеңілдететін заттардың болмауы;
      4) барлық өту трассасы бойынша оны өңдеу кезінде механикаландыру құралдарын пайдалану мүмкіндігі.
      21. БІЖ жасанды және табиғи болуы мүмкін. Жасанды бақылау-ізкесу жалпақтығы 3 метрден кем орнатылмайды.
      Табиғи БІЖ-ның жалпақтығы тыйым салынған аймақтардың мөлшеріне және объектінің орналасу шарттарына қарай одан да үлкен болуы мүмкін. БІЖ-ның қажетті жалпақтығын жабдықтауға мүмкіндік жоқ учаскелер инженерлік бөгеттермен қалқаланады.
      22. Табиғи БІЖ құрылғысы оның орналасатын шекарасын белгілеуді және жергілікті жерді бастапқы дайындауды қамтиды (бөгде заттардан тазалау, тыйым салынған аймақтың жерін жоспарлау, жаңбыр суының, еріген, жер асты суының ағып кетуіне, көгал егуге арналған құрылғыларды жабдықтау және басқа жұмыстарды орындау).
      23. Жасанды бақылау-із кесу жолағы жыртылуға не топырақ төгілуге тиіс. Жыртылған жердің тереңдігі (топырақ төгіндісі биіктігі) кемінде 15 см болмауға тиіс.
      24. Жыртылған және топырақ төгілген бақылау-із кесу жолақтары тырмаланып және оның үстіне жол төсеушінің көмегімен толқын тәрізді кескін салынып, жұмсақ-үлпілдек күйге келтіріледі.
      Тыйым салынған аймақтың темір, тас және топырақ жолдарымен қиылысқан жерлерінде үйілген БІЖ жабдықтау қажет.
      БІЖ-ның бұлақтармен, шұңқырлармен, жыралармен қиылысқан жерлерінде алшақтау орындарын болдырмау үшін үйілген БІЖ жабдық алатын өткелдер (төсеніштер) салынуы тиіс. Өткелдердің (төсеніштердің  астындағы кеңістік инженерлік бөгеттермен қалқаланады және анықтау құралдарымен жабдықталады.
      БІЖ-ны жауынның және еріген судың шайып кетуінен қорғау үшін БІЖ-ге судың жиналуын болдырмайтын дренаж және кювет (шұңқырлар) орнату, тормен жабылып, анықтау құралдарымен жабдықталған су бұру және су өткізу құбырларын төсеу жолымен жер үсті суларын бұру бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
      25. Жасақшылардың көлік құралдарымен жүруі үшін объектішілік жол желісі, сондай-ақ тыйым салынған аймақта немесе еніне байланысты құрылатын арнайы жолдар (күзет жолдары) пайдаланылуы керек.
      Күзет жолдары анықтау құралының әрекет ету аймағынан тыс болуы, объектілердегі автомобиль және темір жолдарымен қиылысатын жерлері мейілінше аз болуы және белгіленген үлгідегі жол белгілерімен жабдықталуы қажет.
      Ескертпе: күзет жолдары әдетте жүру бөлігінің ені 3,0-3,5 метр болатын автомобиль құралының бір бағытта қозғалуы үшін құрылады. Бұрылу және жолда қарсы келген көліктен айналуы үшін, қажет болған кезде жергілікті жағдайға байланысты әрбір 500-1000 метр сайын 2,5-3,0 метрге кеңейтілуі керек.
      26. Күзет жасақшыларының сүрлеулері олардың қозғалуына қолайлы болуға арналады. Ол күзет жолдары болмағанда немесе бұл жолдар БІЖ-ден 4 метрден астам қашық болған жағдайда бақылау-ізкесу жолағының бойынан салынады. Жасақшылардың сүреулері топырақтан, ағаштан жасалған жабыннан, асфальттан, бетоннан немесе темір бетоннан жасалуы мүмкін. Жасақшылар сүрлеуінің кез келген түрінің ені 0,75-тен 1,0 метрге дейін болуы керек. Ағаштан жасалғандарынан басқа, жасақшылардың маршрутының ұзына бойы кюветтермен жабдықталады.
      27. Күзеттің инженерлік-техникалық құралдарына (бұдан әрі - КИТҚ) қызмет көрсету жөніндегі маманның жолы негізгі қоршаудың бойына салынады және анықтау құралдарының желілік бөлігіне құралдың және негізі қоршауға орналастырылған басқа да техникалық қауіпсіздік жүйелеріне қызмет көрсету кезінде персоналдың онымен жүруіне арналған. Ол жабын жабылған немесе онсыз ені кемінде 70 см болуы мүмкін.
      28. Өткізу режимі орнатылған немесе оның қолдануы жоспарланған барлық объектілер БӨП-пен жабдықталады.
      29. БӨП саны барынша аз және адамдар мен көлік құралдарының қажетті өту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      БӨП ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабын) құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді және шолынуы жақсы әрі күзет қызметкерін шабуылдан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
      Өткізу режиміне байланысты БӨП-те рұқсат қағаздарын немесе автоматты карточкаларды сақтауға арналған арнайы үй-жай көзделеді.
      Объектінің бас автокөліктік БӨП мүмкіндігінше персоналдар өтуге арналған орталық БӨП-ке жақын орналастырылуы тиіс.
      Автокөліктік БӨП-ке алып баратын жол учаскелері қақпадан кем дегенде 30 метр қашықтықта 90 градусқа бұрылысы болуы тиіс. Бұл учаскелер олардың үстінен өту мүмкіндігін болдырмайтын бетон конструкциялармен қоршалуы тиіс.
      Таранға қарсы құрылғының басқа конструктивті шешімі болуы мүмкін. Автомобиль және темір жол көлігінің өтуі үшін БӨП-ті қатар қолдануға болады.
      30. Объектілердің БӨП-тері жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттарын сақтайтын сақтау камерасымен, тексеру бөлмесімен, күзет қызметкерлерін орналастыруға арналған қызметтік үй-жаймен, техникалық қауіпсіздік жүйелерімен (концентраторлар, пульттер, күзеттік теледидардың бейнебақылау құрылғылары), өткелді ашуды (өтуді) және күзеттік жарықтандыру тетіктерін басқару құрылғыларымен жабдықталады.
      БӨП автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғыларымен, турникеттермен, кішкене қақпалы есіктермен және басқалармен, ал қажет болған жағдайда қажеттілігіне немесе қызметтік талап етілуіне байланысты тексеру жүргізу үшін әртүрлі металл түрлерін анықтауға қабілетті стационарлық, қолда ұстау құрылғыларымен жабдықталады. Металл детекторларының бұл түрлері жарылғыш заттарды анықтауға арналған детекторлармен қатар қолданылуы тиіс.
      Орталық БӨП a-, b - және g - сәулеленуді анықтауды қамтамасыз ететін тасымалданатын радиациялық бақылау құралдарымен жабдықталады.
      31. Көлік құралдарына арналған БӨП электр жетегі және қашықтықтан басқарылатын, үлгілік жылжымалы немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Қақпалар өздігінен ашылуды (қозғалуын) болдырмайтын шектеуіштермен немесе бекіткіштермен жабдықталады. БӨП автокөлікті қарауға арналған қарау алаңдары немесе эстакадалар, шлагбаумдар, ал темір жол көлігіне арналған БӨП-тер жылжымалы темір жол көлігін қарауға арналған мұнарамен және алаңмен жабдықталады.
      Кіру және шығу орындарын бағдаршамдармен және жол белгілерімен жабдықтау керек.
      32. Машиналарды тексеру алаңы:
      1) ұзындығы кем дегенде 20 метр және жүк автомашинасының еніне байланысты әр бүйірінен кемінде 3 метрден болуы;
      2) машинаны астынан тексеру үшін шұңқырмен, машинаны үстінен және жанынан тексеру үшін мінбемен немесе эстакадамен жарақталуы;
      3) негізгі қоршау үлгісі бойынша дуалмен қоршалуы тиіс.
      33. Темір жол БӨП-тері:
      1) өтетін қақпалармен және вагондарды тексеру алаңдарымен;
      2) электромеханикалық жетекпен және қолмен ашатын тетікпен;
      3) көліктің объектіге (объектіден) заңсыз кіруінің және жылжымалы құрамның қақпаға кездейсоқ соғылуының алдын алу үшін көлікті мәжбүрлі тоқтату құрылғыларымен (тығындау бөренелерімен, түсіргіш-стрелкалармен, ұстап қалу тұйықтарымен және т.б) жабдықталуы тиіс.
      Жасақшылардың темір жол көліктерін қарау алаңдарымен қатар тексеру үшін қарау мұнаралары, аспалы көпірлер, қарау эстакадалары, жеңіл баспалдақтар, ілме басқыштар қолданылады.
      Жылжымайтын көлік вагондарының жоғарғы люктері және қақпақтарын тексеру үшін жылжымалы мұнаралар мен жеңіл баспалдақтар пайдаланылады.
      БӨП бақылаушысы жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарау алаңында тұрған көлікті тексеру кезінде қосарланған тежеуіш табандар пайдаланылады.
      Вагондарды қарау алаңының көлемі 3-4 вагонды бір уақытта қарау есебінен ұзындығы бойынша іріктеп алу қажет. Қарау алаңы вагондарды астынан қарау үшін шұңқырмен және үстінен қарау үшін мінбемен немесе эстакадамен жабдықталуы тиіс.
      Қарау алаңының көлденең бағыты БӨП күзетшісінің қызмет өткеру орнына, оның бүйір жағы бағытына (жүретін бөлігіне перпендикуляр) байланысты 2 градустан көп емес болып жасалады. Алаңдарды бойлайтын бағытқа жол берілмейді.
      Алаңның жүру бөлігінде көлікті қарау үшін екі желімен және ақ бояумен мемлекеттік және орыс тілдерінде «Тоқта» деген жазумен шектелген аялдау орны бөлінеді. «Тоқта» деген тақтайшалар орнатуға болады.
      Негізгі және көмекші қақпалардың сыртқы жағынан қарау алаңының кіру алдында оларға 3 метрден жақын емес жерге көлденең сызық және «Тоқта» деген жазу ілінеді.
      Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қақпадан кемінде 100 метр оң жағынан немесе жолдың үстінен «Бір қатармен жүру» деген сілтеуіш белгі, ал 50 метр жерге - жылдамдықты 5 км/сағатқа дейін шектеу белгісі орнатылады.
      34. Қақпаны басқару пульті БӨП-те немесе оның сыртқы қабырғасында орналастырылады, бұл ретте бөгде адамдарға пультті алуға рұқсат етілмейді.
      35. БӨП-тің үй-жайы байланыс, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады және МКҚ-ның, оператор-фирмалардың орталықтандырылған бақылау пультіне немесе ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ПО) кезекші бөлімдеріне қосылған дабыл сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.

3. Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

       36. Объектінің аумағында ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру кезінде мынадай жалпы талаптарды ескеру қажет:
      1) үздіксіз өндірістік цикл жабдығы бар корпустарды қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстар мүмкіндігінше оларды басқа ғимараттар мен құрылыстардың қалқалауын ескере отырып, қорғалған аймақтың периметрінен барынша ықтимал қашықтықта орналасуы тиіс;
      2) жердің үстіндегі коммуникацияның саны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген нормаларға сәйкес есептеледі;
      3) қорғалған аймақта жеке ғимараттар немесе құрылыстардың жиынтығын құрайтын ішкі аймақ бөлінуі мүмкін. Ішкі аймақтың шектері ғимараттардың қабырғаларымен немесе арнайы жабдықталған қоршаумен белгіленуі мүмкін.
      37. А және В санаттарындағы объектілер мен үй-жайлардың сыртқы қабырғаларының беріктігі:
      1) қалыңдығы 500 мм асатын тас, кірпіш, блок, бетон және бос қуысты темірбетон конструкцияларға;
      2) қалыңдығы 200 мм асатын монолитті фибробетонды конструкцияларға;
      3) қалыңдығы кемінде 10 мм, ұяшықтарының мөлшері 150x150 мм аспайтын темір шыбықтардан дәнекерленген болат торлармен күшейтілген (ішінен) күрделі емес қабырғаларға балама болуы тиіс.
      38. С санатындағы объектілер мен үй-жайлардың сыртқы қабырғаларының беріктігі:
      1) қалыңдығы 250-ден 500 мм дейін тас, кірпіш, блок, бетон және бос қуысты темірбетон конструкцияларға;
      2) қалыңдығы 100 мм-ден 200 мм дейін монолитті темірбетонды конструкцияларға;
      3) қалыңдығы 400 мм және одан астам жеңіл бетон (ұялы, көбікбетон) конструкцияларға;
      4) қосылған жерлері шыбықтардың әрбір қиылысында дәнекерленген болат торлармен күшейтілген берік қабырғаларға балама болуы тиіс.
      39. Рұқсат етілген екінші аймақтағы үй-жайларды бірінші аймақтың үй-жайларынан беріктігі С санатындағы үй-жайларға балама қабырғалармен және қалқалармен бөлу қажет.
      40. Рұқсат етілген үшінші аймақтағы үй-жайларды екінші аймақтағы үй-жайлардан беріктігі В санатындағы үй-жайларға балама қабырғалармен және қалқалармен бөлу қажет.
      41. Рұқсат етілген бірінші және үшінші аймақтардағы үй-жайларды  арасында беріктігі бойынша А санатындағы үй-жайларға балама қабырғалар немесе қалқалар көзделеді.
      42. Объектілердегі, оның ішінде А, В санаттарындағы үй-жайлардағы кіретін есіктердің беріктігі:
      1) екі жағынан қалыңдығы кемінде 0,6 мм табақ болат қаптамамен күшейтілген, табақ есіктің ішкі жағына немесе бүйірінен қабыстырыла бүгілген, полотноның периметрі мен диагоналі бойынша диаметрі 3 мм, ұзындығы 40 мм шегемен 20 мм аспайтын аралықпен бекітілген ағаш есіктерге;
      2) есік полотнолары металл жапсырмалармен қосымша күшейтілген ағаш есіктерге;
      3) қалыңдығы кемінде 4 мм металл болат есіктерге;
      4) салмағы 2 кг ауыр металл затпен кемінде 30-50 соққымен адамның кіруі үшін жеткілікті ойық жасауға төзімді қорғаныш шыныны пайдалана отырып жасалған металл жақтаулы немесе оларсыз шынылы полотнолары бар есіктерге;
      5) ішінен қосымша орнатылған торлы болат есігі бар күрделі емес есіктерге (айқара ашылатын, жылжымалы немесе жиналмалы) барабар параметрлерде болуы керек. Есіктің қораптары болат қадалардан жасалған бекіткіштермен, ал ілмегі бүйірлік ілгектермен қосымша жабдықталады. Қорғаныш шыны салмағы 2 кг ауыр металл затпен кемінде 30-50 рет ұрғанға дейін тесілмейтін берік болуы керек.
      43. Кіретін есік пен негізгі үй-жайдың арасында екінші есігі бар тамбур немесе торлы есік орнатылады.
      44. Аспалы құлыпқа арналған көзі бар қосымша торланған ашпалы есіктер ішкі жағынан орнатылады.
      45. Есік қорабы болат пішіннен жасалады. Қабырғаға диаметрі кемінде 12 мм болат қазықшалармен (таяқшалармен) бекітілген 30x40x5 мм болат бұрыштамалармен күшейтілген ағаш есік қораптарына рұқсат беріледі.
      46. Бірінші қабаттың, сондай-ақ келесі қабаттардың кіретін есік күнқағарынан, өрт сатысынан және құрылысқа жапсарлас төбелерден кіруге болатын терезе жақтаулары металл торлармен жабдықталады. Торлар 150x150 ұяшықтарды құрайтын, диаметрі кемінде 16 мм болат шыбықтардан жасалады. Бұрамалардың қиылысатын жерлерін дәнекерлеу қажет. Top шыбықтарының ұшы қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке бекітіледі және цемент қоспасы құйылады немесе металл конструкцияларға дәнекерленеді. Мұны орындау мүмкін болмаған жағдайда тор мөлшері кемінде 30x30x5 бұрыштамамен көмкеріледі және периметрі бойынша қабырғаға диаметрі кемінде 12 мм және ұзындығы кемінде 120 мм болат анкермен 80 мм тереңдікке мықтап дәнекерленеді.
      47. Беріктігі жағынан және кіру мүмкіндігі бойынша жоғарыда аталған торлардан кем емес декоративтік торларды немесе жалюзилерді қолдануға рұқсат беріледі.
      48. Тор терезе жақтауының қолданылған конструкциясына байланысты үй-жайдың ішкі жағына да, сол сияқты жақтаулардың араларына да орнатылуы мүмкін.
      49. Төзімділігі жағынан жоғарыда аталған торлардан кем емес жай және декоративті торларды (айқара ашылмайтын немесе жылжымайтын) сыртқы жағынан орнатуға рұқсат беріледі.
      50. Барлық терезелер торлармен жабдықталған үй-жайларда олардың бірі сындырудан қорғалған аспалы құлып салынып, жылжымалы немесе айқара ашылатындай етіп жасалады.
      51. С санатындағы объектілердің, оның ішінде үй-жайлардың кіретін есіктерінің беріктігі:
      1) қалыңдығы кемінде 40 мм болған кезде полотно тұтас толтырылған есіктерге;
      2) бір соққыға шыдамды, 3,5 м және одан жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, саңылаусыз және көп қабатты шынымен шыныланған полотнолардың қалыңдығы кемінде 40 мм болатын сыртқы ағаш есіктерге;
      3) бір соққыға шыдамды, 3,5 м және одан жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, қорғаныш шынымен, металл жақтаулы немесе оларсыз шыныдан жасалған полотнолары бар есіктерге балама параметрлерде болуы тиіс.
      52. Объектіге кіретін есікті және тамбурдың есігін С санатындағы объектілердің үй-жайлары үшін кемінде 25 000 код (кілт) комбинациясы бар, ал А және В санаттарындағы объектілердің үй-жайлары үшін кемінде 100 000 комбинациясы бар электрлі механикалық және/немесе механикалық құлыптармен жабдықтау ұсынылады.
      53. Бекіткіш құрылғыларды орнату кезінде өртке қарсы қауіпсіздік шарттарын орындау қажет:
      1) ғимараттың сыртқы эвакуациялық есіктерінде іштен кілтсіз ашылмайтын бекітулер болмауы керек;
      2) ортақ дәлізге алып баратын баспалдақ алаңдарының есіктері, лифт холдарының және тамбур-шлюздердің есіктері өзі ашып-жабылатын және тығыздалатын құралдармен жабдықталуы керек әрі олардың кілтсіз ашылуға кедергі келтіретін бекітулері болмауы керек.
      54. Есіктерде, терезелерде, люктерде, лифт шахталарында және т.б. орнатылатын бекіткіш құрылғы ретінде өздігінен бекітілмейтін бұрандалы құлыптар, салмалы, аспалы құлыптар, ішкі ілгектер, ысырмалар, тиектер, сұқпа тиектер және басқалар қолданылады.
      55. Объектілердің кіреберіс есіктерін, сондай-ақ А санатындағы үй-жайлардың ішкі есіктерін жабу үшін жоғары құпиялы, сувальдты екі қырлы кілттер, цилиндрлі штифті екі және одан қарапайым құлыптар пайдаланылуға тиіс. Сувальдты құлыптарда кем дегенде алты сувальд (симметриялы немесе асимметриялы) болуы тиіс.
      56. Б санатындағы үй-жайлардың ішкі есіктерін жабу үшін құпиялылығы төмен цилиндрлік пластиналық сияқты және цилиндрлік штифті бірдей құлыптар пайдаланылады.
      57. Қорғау тиімділігінің төмендігіне байланысты салмалы құлыптар С санатындағы ішкі үй-жайларды жабу үшін ғана қолданылуы мүмкін.
      58. Аспалы құлыптар есіктерді, қақпаларды, темір торларды, терезе қақпақтарын және т.б. қосымша бекіту үшін қолданылуы тиіс. Бұл құлыптардың суарылған болаттан имегі және салмақты корпусы болуы тиіс, сондай-ақ жабылатын конструкцияларда оларды орнататын орындарда ұрлаудан және құлыптардың құлақтары мен имектерін кесудің алдын алатын қорғайтын қаптамалар, пластиналар және басқа құрылғылар болуы тиіс.
      59. Құлыптардың тетіктері слесарлық қол құралын пайдаланып, қасақана зақымдаудан қорғайтын былғарымен қапталады және мөрленеді (пломбаланады).
      60. Есіктің сыртқы жағынан есік құрылғысынан шығып тұратын бұранда құлып цилиндрінің бөлігі сындырудан немесе ұрудан сақтандыратын жапсырмамен, розеткамен, қалқанмен қорғалуы тиіс. Сақтандыратын жапсырма, розетка, қалқан орнатқаннан кейін цилиндрдің шығып тұратын бөлігі 2 мм-ден көп болмауы тиіс.
      61. Есіктерге арналған ілмектер берік және болаттан жасалған болуы керек. Бекіту бұрама шегелер көмегімен нығайтылуы тиіс.
      62. Есікті «сыртқа» ашқан кезде есік ілмектерінде ілмек үзілген немесе механикалық бұзылған жағдайда үй-жайға кіру мүмкіндігіне кедергі келтіретін бүйірлік ілмек орнатылуы керек. Бүйірлік ілмек есікті жапқан кезде есік қорабына орнатылған анкерлі пластиналарға немесе осыған ұқсас элементтерге кіреді. Егер есіктер металл болса, онда бүйірлік ілмектер дәнекерленеді, егер есіктер ағаштан жасалған болса, онда олар бұрандалы шегелердің кемегімен бекітіледі.
      63. Есік жапсырмаларының қалыңдығы 4-6 мм және ұзындығы кем дегенде 70 мм металл жолақтан дайындалады. Аспалы құлыптарға арналған көздер 6x40 мм кесілген металл жолақтан әзірленеді. Есік ілмектері диаметрі кем дегенде 15 мм металл шыбықтан жасалуы тиіс.
      64. Ілмектердің және қабырғалардағы, есік қораптарындағы және басқа жерлердегі жапсырмаларды нығайту болттардың немесе диаметрі кем дегенде 15 мм балдақтардың (ысқы) көмегімен жасалады. Бұраңдалар үй-жайдың ішкі жағынан тығырықтар мен гайкалардың көмегімен бұраңданың шеті алынып тасталып бекітіледі.
      65. Лифт шахталарының есіктері аспалы құлыптармен, тіректермен, жай хабарлағыштармен және т.б. оқшаулануы тиіс.
      66. А және В санаттарындағы объектілер үй-жайларының бірінші қабаттағы терезе жақтауларының, витриналардың беріктігі:
      1) қалыңдығы кемінде 1 мм болат рольставнялармен қосымша қапталған кәдімгі шыны терезелерге;
      2) металл торлармен (жылжымалы, айқара ашылатын және т.с.с) немесе тиісінше берік жапқыштармен қосымша қорғалған кәдімгі шыны терезелерге;
      3) бір соққыға шыдамды, 9,5 м және одан да жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, арнайы қорғаныш шынымен жасалған терезелерге балама параметрлерде болуы тиіс.
      67. Жедел жағдайы күрделі аудандардағы терезелер мен көрмелерге адам кіру үшін, салмағы 2 кг ауыр металл затпен кемінде 30-50 рет ұрғанға дейін тесілмейтін берік қорғаныш шыныдан (үлдір) немесе оқ өтпейтін қорғаныш шыныдан (үлдір) жасау ұсынылады.
      68. С санатындағы объектілер үй-жайларының бірінші қабатындағы терезе жақтауларының, витриналардың беріктігі мынадай параметрлерге:
      1) бір рет соққыға шыдамды, 3,5 м және одан жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді қорғаныш шынылармен жасалған терезелерге;
      2) металл торлармен, еркін құрастырылған торлармен нығыздалған кәдімгі шыны терезелерге;
      3) қосымша рольставнялармен қапталған кәдімгі шыны терезелерге балама болу керек.
      69. Объектінің аумағына, объектінің күзетілетін ғимаратына құдықтар, люктер, өтетін тесіктер, шахталар, ашық құбырлар, арналар және басқа осыған ұқсас құрылыстар арқылы енуге болатын кіретін және шығатын жерлері бар объектінің жер асты және жер үсті коммуникациялары тұрақты немесе алынатын темір торлармен, қақпақтармен, бекітілетін құрылғылары бар есіктермен жабдықталуы тиіс. Тұрақты құрылғылар ашылмайтын барлық коммуникацияларға орнатылуы тиіс. Диаметрі 250 мм-ден (250 х 250 мм аса кескіленген) асатын барлық ойықтар жабдықталуға жатады.

4. «Модуль» үлгісіндегі жеңіл металл конструкциялардан (ЖМК) салынатын күзет бекеттері үй-жайларының инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

      70. Күзет бекеттері үй-жайларының «Модуль» үлгісіндегі жеңіл металл конструкциясынан (ЖМК) салынатын объектілерінің техникалық нығайтылуы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) ЖМК-ден салынған үй-жайлардың сыртқы қабырғалары ішкі жағынан диаметрі кемінде 5 мм және ойықтың көлемі 70 х 70 мм, бірақ ойықтың көлемі 150 х 150 мм болған кезде диаметрі 10 мм аспайтын арматурадан жасалған металл тормен нығайтылуы тиіс. Тордың биіктігі жердің деңгейінен кемінде 2,5 м болуы тиіс;
      2) ЖМК-дан жаңадан салынған үй-жайларда монтаждың биіктігі жердің деңгейінен кем дегенде 1 м кірпіш немесе бетон негізі арқылы жүзеге асырылуы тиіс;
      3) ЖМК-дан салынған ғимараттың ішкі жағынан диаметрі 15 мм шыбықтар арасындағы ойықтың көлемі 150 х 150 мм-ден аспайтын арматурадан жасалған 75x75x6 мм болат бұрыштан жасалған металл тор есіктер орнатылуы тиіс.

5. Машиналарға жүк тиеп, түсіруге арналған бокстар

      71. А және В санаттарындағы объектілердің үй-жайларында машиналарға жүк тиеп, түсіруге арналған бокстар металл қақпалармен жабдықталады, ал С санатындағы объектілердің үй-жайларында машиналарға жүк тиеп, түсіруге арналған бокстарды ағаш қақпалармен жабдықтауға рұқсат етіледі.
      72. Жүктерді қабылдауға-беруге арналған үй-жайлар машиналарға тиеп, түсіруге арналған бокстарға тікелей жақын жерге орналасады. Бұл үй-жайлардың есіктері бокстарға қарай қозғалу бағыты бойынша ашылуы және ұқсас қақпаларды бұзылудан қорғайтын топтары болуы тиіс.
      73. Машиналарға жүк тиеп, түсіруге арналған бокстардың қақпалары мен үй-жайлардың есіктері электромеханикалық және/немесе механикалық құлыптармен (ойылмалы немесе аспалы) бекітіледі. Құлыптардың тетігі объектінің үй-жайына апаратын бокстардың қақпалары мен есіктерінің ішкі жағына орналастырылады.

6. Күзет қызметінің үй-жайлары

      74. Күзет (қауіпсіздік) қызметінің үй-жайын, әдетте бірінші қабатта орналастырған жөн, бұл ретте үй-жай конструкциясына қойылатын талаптар ғимараттың тиісті санатына қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек. Дербес үй-жайларды салу кезінде күзет үй-жайлары блогының ішкі периметрі (қабырғалары, есіктері мен терезелері) В санатындағы объектілер үй-жайларының конструкцияларына балама берік болуы тиіс.
      75. Бақылау мұнаралары, бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар мен үйшіктер, жататын күзет бекеттерінде күзетшілердің қызмет өткеретін орындарына және режимдік үй-жайларда тосқауыл түріндегі инженерлік жабдықталуына мынадай талаптар белгіленген:
      1) бақылау мұнаралары кірпіштен, ағаштан, металл немесе құрама темір бетоннан болуы мүмкін және күзетшілердің тыйым салынған аймақтар мен объектінің маңайын шолуы мен көруін ұлғайту үшін орналастырылады. Мұнараның биіктігі және оны орнату орны жердің бет-бедерінен, тыйым салынған аймақтың кескін үйлесіміне және басқа да жер жағдайларына байланысты белгіленеді;
      2) мұнаралар қызметтік байланыс және дабыл сигнализациясы құралдарымен, ал кейбір жағдайларда - тасымалданатын радиостанциялармен, дауыс зорайтқыш байланыспен, техникалық бақылау құралдарымен және басқарылатын прожекторлармен жабдықталуы тиіс. Мұнараларды жабдықтауға арналған техникалық құралдардың құрамы жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады;
      3) қыста температура минус 150С-ден төмен аудандарда мұнараның жоғарғы құрылысы шыныланады, ал төбесі мен тосқауыл арасындағы аралықта бір немесе екі жылжымалы жиектер орнатылуы тиіс. Қажет болған кезде күзетілетін учаскені қарауды жақсарту және қару пайдалану үшін күзетшіге жылжымалы жиектер құрылғысын жылдам ашуға мүмкіндік болуы қажет. Температура минус 300С-ден төмен аудандарда жылытылған мұнаралар салу қажет. Бұл ретте мұнаралардың едендері мен қабырғалары екі қабатты, ал аралығы жылуды өткізбейтін материалдармен толтырылуы тиіс;
      4) мұнараның конструкциясы күзетшіні атыс қаруымен зақымдаудан қорғауы тиіс;
      5) бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар қызметтік байланыс құралдарын, дабыл сигнализациясын, бекеттік киім-кешекті орналастыруға арналған және тыйым салынған аймақта, әдетте жасақшалар жолынан 1 метрден аспайтын қашықтықта күзет орындары учаскелерінің ортасында орнатылады;
      6) бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар ағаштан немесе ағаш және пластмасса бөлшектері пайдаланыла отырып жасаған металл-конструкциядан дайындалады;
      7) бекеттік үйшіктер БӨП-терге немесе тыйым салынған аймақтарға орнатылады және олар қызметтік байланыс құралдарын, дабыл сигнализациясын, рұқсат қағаздарының, қолтаңба және мөр бедерлерінің үлгілері бар рамаларды, бекеттік киімді қоюға арналған. Бекеттік үйшіктер кірпіштен, ағаштан, құрамалы темір бетоннан, металл-конструкциядан, пластиктен, сығымдалған және ағаш бөлшектерден жасалуы мүмкін. Температура минус 300С-ден төмен аудандарда бекеттік үйшіктерде жылыту (электрлі-калориферлер, бумен жылыту және т.б.) көзделеді. Бекеттік үйшіктердің көлемдері мен түрлерін жобалық ұйым айқындайды;
      8) тыйым салынған аймаққа өтуге тыйым салынғандығын ескерту үшін қоршаудың желісі бойына мемлекеттік және орыс тілдерінде - «Тыйым салынған аймақ», «Өтуге (көлікпен өтуге) тыйым салынған (жабық)» деген жазу бар ескерту белгілері орнатылады, бұл ретте кейбір жағдайларда «Бөгде адамдарға өтуге тыйым салынған», объектіні иттерді пайдалана отырып, күзеткен жағдайда «Объект иттерді пайдалана отырып, күзетіледі» деген ескерту белгілері болуы мүмкін. Ескерту белгілері тыйым салынған аймақтың сыртқы және ішкі қоршауы бойына қоршау тіректерін немесе жеке бағаналарды пайдалана отырып, бір бірінен 50 метрден аспайтын қашықтықта орнатылады. Ескерту белгілері міндетті түрде тыйым салынған аймақтың қалтарыстарында (бұрыштарында), кішкене қақпаларда және тыйым салынған аймақтың қақпаларында орнатылады;
      9) тыйым салынған аймақта бекет учаскелерінің шекарасын белгілеу үшін шектеу белгілері қолданылады. Олар нөмірленеді және жасақшаларға жақсы көрінетіндей, ал тыйым салынған аймақтың сыртқы жағынан бөгде адамдарға көрінбейтіндей түрде кезекпен орнатылады;
      10) анықтау құралдары учаскелерінің шегін белгілеу үшін тыйым салынған аймаққа сілтеуіш белгілері орнатылады. Олар ақ түске боялған, екі бірдей бөлікке бөлінген және ені 15 мм қара жолақпен жиектелген тік бұрыш түріндегі табақ металдан немесе пластмассадан әзірленеді. Тік бұрыштарда қара бояумен учаскелердің нөмірлері жазылады. Сілтеуіш белгілері анықтау құралдарының желідегі бөлімдерінің тіректеріне бекітіледі, арнайы бағаналарға орнатылады немесе қоршауға бояумен жазылады.
      76. ОБП ұйымдастырылған үй-жайды ғимараттың екінші, үшінші қабаттарында орналастыру ұсынылады. ОБП-ні үй-жайдың бірінші қабатында орналастырған жағдайда үй-жайдың құрылыс конструкциялары (қабырғалар, есіктер мен терезелер) В санатындағы объектілер үй-жайларының конструкциясына балама берік болуы тиіс.

7. Тыйым салынған аймақтар

      77. Тыйым салынған аймаққа (аудан) арсенал, база, қойма, сондай-ақ аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық, химиялық және радиоактивті заттарды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу және сақтау жөніндегі объектілер аумағына тікелей жанасып жатқан аумақ кіреді. Оның ені объекті аумағының сыртқы техникалық қоршауынан:
      1) оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың қоймалары, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық, химиялық және радиоактивті заттарды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу және сақтау жөніндегі объектілер үшін - 400 метрге дейін;
      2) қару-жарақ және әскери мүліктер қоймалары үшін - 100 метрге дейін қашықтықта орнатылады.
      78. Мемлекет күзетуі тиіс қайтадан жобаланған және салынып жатқан объектілер үшін тыйым салынған ауданға сыртқы қоршаудан кем дегенде 3 шақырым алыс іргелес аймақ кіруі тиіс.
      79. Тыйым салынған аймақтың шекаралары жергілікті жерде жақсы көрінетін тиісті белгілермен, сілтеуіштермен және жазулармен белгіленеді. Оларды орнату жауапкершілігі объектілердің бірінші басшыларына жүктеледі. Тыйым салынған ауданның шекарасы жергілікті жерлерде белгіленбейді.
      80. Тыйым салынған аймақтың және тыйым салынған ауданның шекарасын белгілеу санитарлық қорғау, жарылғыш және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтауды ескере отырып, жүргізілуі тиіс.

8. Объектілерде рұқсат беру бюросын құру (қажет болған кезде)

      81. Рұқсат беру бюросы орталық кіреберістің жанына орналасуы тиіс және көшеге, яғни объекті аумағының сыртына шығатын жеке кіру және шығу есігі болуы тиіс. Үй-жай күзет, өрт, дабыл сигнализациясы техникалық құралдарымен және үй-жай ішіндегі жағдайды бақылауға арналған орталық күзет бекетіне қосылған бейне бақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс.
      Рұқсат беру бюросының үй-жайы паспорт және виза құжаттарының түпнұсқалығын тексеру жүйесімен жабдықталуы тиіс.
      Келушілерге арналған үй-жай күзет үй-жайында тасымалданатын бақылау пульті бар стационарлық рамалық детектормен жабдықталуы тиіс.
      Күзет орны қол темір іздегішімен жарақталуы тиіс.

9. Кіріс хат-хабарларды қабылдау пунктін ұйымдастыру (қажет болған кезде)

      82. Кіріс хат-хабарларды қабылдау пункті жарылу қауіпсіздігі бойынша қажетті талаптарды орындай отырып, екі бөлікке бөлінген 4 жеке үй-жайдан тұруы тиіс. Үй-жайларда оңай сындырылатын рамалар орнатылуы тиіс. Шыныланған ойықтар жағынан (үй-жайдың сыртқы жағынан) қалыңдығы кем дегенде 250 мм және жарылған заттың ауа толқынын өшіруге арналған терезенің жоғары тұсынан биіктігі 1,5—2 метр кірпіш қаланып жасалған қабырға орнатылуы қажет. Бұдан өзге, жарылу қауіпсіздігі бойынша қажетті талаптарды орындай отырып, болуы мүмкін күдікті жарылғыш материалдарды немесе заттарды сақтауға арналған сыйымдылықпен немесе контейнермен жабдықталған кіріс хат-хабарларды қабылдау пунктінің қосымша үй-жайлары жабдықталады. Кіріс хат-хабарларды қабылдау пункті хат-хабарды ашпастан ақша, есірткі, химиялық уландырғыш заттарды, жарылғыштарды және т.б. анықтау мүмкіндігі бар түрлі-түсті өздігінен оқылатын интраскоппен жабдықталады.
      Рұқсат беру бюросы мен хат-хабарларды қабылдау пунктінің орталық күзет орнымен дауыс зорайтқыш арқылы байланыс орнатуы көзделуі тиіс.

2-бөлім. Объектілер мен үй-жайларды арнайы техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау

1. Жалпы ережелер

      83. Объектілерді арнайы техникалық күзет құралдарымен (бұдан әрі - АТҚ) жабдықтау техникалық нығайту жөніндегі жұмыстар жүргізілгеннен кейін осы объектілер үй-жайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес орындалады.
      84. Барлық объектілерде Қазақстан Республикасында аккредиттелген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде тіркелген сертификаттау жөніндегі органдарда және сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өткен арнайы техникалық құралдар орнатылады.
      85. Объект пен оның үй-жайларын күзету сенімділігін арттыру үшін:
      1) осы объектінің жұмыс режимін;
      2) бағалы заттармен операциялар жүргізу тәртібін;
      3) ғимарат ішіне бағалы заттар бар үй-жайлардың орналасу ерекшеліктерін;
      4) күзетілетін аймақтар санын таңдай отырып, арнайы ТКҚ кешенінің құрылымы айқындалады.
      86. Объектілерде бұл аппаратуралар істен шыққан жағдайда арнайы техникалық күзет құралдарының резервтік қорын қалыптастыру қажет.

2. Объектілерді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтаудың негізгі қағидаттары

      87. Объект аумағының периметрі АТҚ периметрімен және қажет болған жағдайда ББЖ жабдықталады.
      88. Қауіпсіздіктің периметрлік жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
      1) барлық маусымдар мен тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаты факторларына беріктігі;
      2) индустриялық кедергілерден және көлік құралдарының, құстар мен жануарлардың әсерінен туындайтын кедергілерден қорғану.
      89. Аумақты қоршау периметрі бойына күзеттік жарық орнатылады.
      90. Периметр бойындағы күзеттік жарық желісі сыртқы жарық желісінен бөлек жасалады және дербес учаскелерге бөлінеді.
      91. Күзеттік жарық:
      1) жарық нүктелерінің шамдарды толық көрсетуі және ені 3 метр болатын жаппай жолақты құрауы есебінен қажетті тең жарықпен;
      2) бір учаскеде немесе барлық периметрлерде АТҚ іске қосылған кезде жарықты автоматты түрде қосу мүмкіндігін;
      3) жарық беруді басқару - кез келген учаскені немесе барлық периметрге жарық беруді қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      92. Күзеттік жарық түсіру шамдары аумақтың ішкі қоршау желісіне тікелей жақын, қызмет көрсету үшін қолайлы және қауіпсіз жерлерде орнатылады.
      93. Объектілердегі құпия ақпараттар мен материалдық бағалы заттарды тұрақты немесе уақытша сақтайтын барлық үй-жайлар, сондай-ақ олармен барлық аралас үй-жайлар, объект үйінің периметрі бойынша бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан бөлмелер мен осал орындар (терезе, есіктер, қақпақтар, желдеткіш шахталары мен қораптары) АТҚ мен жабдықталады. Объект ғимаратының ішкі үй-жайларының (қызметтік, қеңсе, қоймалар және қосалқы үй-жайлар) АТҚ-мен жабдықталмауына жол беріледі.
      94. Күзетілетін (бақыланатын) аймақ бағалы заттар орналастырылған жерге кез келген тұстан келгенде тәртіп бұзушылық кемінде күзеттің екі шебінен байқалатындай болуы тиіс.
      95. Күзеттің әр шебінен келген дабыл хабарламасы бөлімшелердің кезекші бөлімдеріне, ОБП-нің жеке оператор-фирмалардың дербес нөміріне немесе (шептерді бірнеше аймақтарға бөлу кезінде) бірнеше нөмірлеріне немесе объектінің ішкі күзет пультіне шығарылуы тиіс.
      96. Объектіні ішкі күзету пульттері мен ББЖ мониторларын күзеттің қызметтік үй-жайларында немесе осы мақсаттарға арналған арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастырған жөн.
      97. Объектіні күзету құрылымына байланысты ішкі күзет пульттері ретінде шағын, орташа және үлкен сыйымдылықтардың (концентраторлар) қабылдау-бақылау аспабы және ХБЖ пайдаланылуы мүмкін.
      98. А, В және С санаттарындағы объектілер ББЖ, сондай-ақ ЕБЖ, өртті анықтайтын және сөндіретін жүйелермен жабдықталуы мүмкін, бұл ретте оларды автоматтандырылған күзет кешеніндегі қауіпсіздік жүйелерімен біріктірмеу ұсынылады.
      99. Су қоймалары бөгеттерінің және өзге де гидротехникалық құрылыстардың маңайы инфрақызыл жарық түсіретін ББЖ-мен, шлюздік қондырғылар күзет қызметінің күзет орнына қосылған, ал техникалық мүмкіндік болған жағдайда ОБП-ге шығарылған, қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады.
      100. Объектінің үй-жайларына енуден қорғанудың неғұрлым оңтайлы нұсқасын айқындау үшін қауіпсіздік жүйесі оның қорғау санатына байланысты үш топқа (дәрежеге) бөлінеді.

Қорғау тобы

Енуден қорғау дәрежесі

Күзет сигнализациясын ұйымдастыру

Ескерту

1

Жеткіліксіз

Үй-жайдың тек жекелеген учаскелерінің (есіктерді, терезелерді, қабырғаларды және т.с.с.) периметрін (1-шебін) оқшаулау

Жобалау тапсырмасы бойынша күзет сигнализациясымен жабдықталған, тәулік бойғы ішкі күзеті бар шеткі ғимараттардан басқа ғимараттың 2-ші және жоғарғы қабаттарында орналасқан, С санатындағы объектілердің үй-жайлары;

2

Орташа

Үй-жайдың (1-шебін) периметрін және көлемін (2-шебін) оқшаулау

Ғимараттың ішінде орналасқан В санатындағы үй-жайлар.
Криминогенді қауіптілігі жоғары немесе жобалау тапсырмасы бойынша күзет сигнализациясымен жабдықталған аймақтарда орналасқан С санатындағы объектілердің үй -жайлары;

3

Жоғары

Күзетілетін үй-жайдың периметрін (1-шебін), көлемін (2-шебін) және сейфтерді немесе оларға бару жолдарын (3-шебін) оқшаулау

Ғимараттың ішінде орналасқан А санатындағы үй-жайлар. Криминогенді қауіптілігі жоғары немесе жобалау тапсырмасы бойынша күзет сигнализациясымен жабдықталған аймақтарда орналасқан В санатындағы объектілердің үй-жайлары;

      101. Күзеттің бірінші шебінде мыналар қорғалады:
      1) ғимараттар мен объекті үй-жайларының периметрі бойынша, құрылыс конструкциялары, яғни барлық терезелер мен есік оймалары;
      2) коммуникацияларды іске қосу орындары, желдеткіш арналары және т.б.;
      3) өрт сатыларына шығатын жерлер;
      4) күрделі емес және күрделі (егер оларды қорғау қажет болса) қабырғалар.
      102. Объект ғимаратының (үй-жайының) периметрі бойынша мынадай құрылыс конструкциялары:
      1) есік оймалары, тиеу-түсіру қақпақтары - «ашылуға» және «тесілуге»;
      2) шыныланған конструкциялар - әйнектің «ашылуына» және «қирауына»;
      3) коммуникацияларды, күрделі емес және күрделі (егер қажет болса) іске қосу орындары - «тесілуге»;
      4) желдеткіш қораптар, түтін өткізгіштер және басқалары - «қиратуға» және «соғу әсеріне» қарсы тосқауыл қойылады.
      103. «Ашылуға» арналған (есіктерді, шынылаған конструкцияларды) құрылыс конструкцияларын КМХ үлгісіндегі қарапайым магнитті байланыс хабарлағыштармен, қақпаларға, тиеу-түсіру қақпақтарына, сақтау қоймаларының, лифт шахталарының есіктеріне тосқауыл қоюды ША үлгісіндегі ажыратқыштармен және кемінде екі КМХ-мен оқшаулау ұсынылады, бұл ретте орнатуды конструкция шетінен кемінде 200 мм ара қашықтықта жүзеге асырады.
      104. Әйнекті «қиратуға» арналған шыныланған конструкцияларды оқшаулауды акустикалық хабарлағыштармен және оған ұқсас құралдармен жүргізу ұсынылады.
      105. Есіктердің «ойылып кетуіне», сондай-ақ тор көздерге тосқауыл қоюды омикалық хабарлағыштармен (диаметрі 0,18-0,25 мм сым) жүргізу керек.
      106. Күрделі және күрделі емес (аралық жабындарды) қабырғаларды «қиратуға» тосқауыл беткі пьезоэлектрлік, сейсмикалық хабарлағыштармен немесе кемінде 10 рет ұруға реттелген дірілдеткіш датчиктермен жүргізу керек.
      107. Күзеттің екінші шебі үй-жайлардың көлемін пассивтік оптикалық-электрондық, көлемді, инфрақызыл, күлгін дыбысты және аралас хабарлағыштардың көмегімен қорғайды.
      108. Күзеттің үшінші шебі сейфтерді немесе оларға келу жолдарын көлемді радиотолқынды хабарлағыштардың көмегімен қорғайды.

3. АТҚ-ның түрлері, үлгілері және оларды орналастыру тәсілдері

      109. Электр өрісінің сипатын өзгерту тиімділігін пайдалануға негізделген табудың сыйымдылық құралдары үй-жайдың ішкі жағында және объектілердің периметрі бойынша орналастырылады.
      110. Оптикалық инфрақызыл сигнализаторлар ИҚ-сәулелерді қалыптастыратын «сәулелендіргіш-қабылдағыштардың» бір немесе бірнеше жұбынан тұрады, олардың үзілуі дабыл белгісін туындатады. ИҚ-датчиктері үй-жайларда, сондай-ақ периметр бойынша қоршаудың жоғарғы жағына да, тікелей топырақта да, тігінен бірнеше сәулелерден кедергі жасай отырып, орналастырылады.
      111. «Сәулелендіргіш-қабылдағыш» жұбын да пайдаланатын, инфрақызыл сигнализаторларға ұқсас анықтаудың радиосәуле құралдары орналастырылады.
      112. Сейсмикалық және дірілдеткіш жүйелер қоршау элементтерін жою, бұзу, ажырату әрекеті кезінде дірілді немесе олардың бұзылуын қабылдайды және оның орта бөлігіне бекітіледі. Қазуды анықтау тиімділігін арттыру мақсатында 0,2-0,3 м тереңдіктегі жерге орналастырылады.
      113. Магнитті метрикалық анықтау жүйесі күзетілетін учаскенің бойындағы топырақта 0,15-0,5 м тереңдікте орналастырылады.
      114. Жалған іске қосуларды айрықша жоғары пайдалануды және табу мүмкіндігін талап ететін объектілерде әртүрлі қағидатта әрекет ететін бірнеше датчиктерді ұштастыратын қиыстырылған жүйені пайдалану қажет. Сезгіш элементтердің орналасуы объектіге адам енген кезде бір уақытта бірнеше датчик іске қосылатындай етіп таңдалады, бұл кезде кедергілер уақытқа таралады.
      115. Объектінің периметрі тек АТҚ-мен емес, сонымен бірге жарық түсіру құралдарымен, байланыс және ББЖ-мен жабдықталады. Сонымен қатар қауіптілігі жоғары учаскелерде сенімді күзетілетін периметрді құру қосымша құрылыс-монтаждау жұмыстарын (таранға қарсы құрылғыларды және/немесе басқа қосымша бөгеуші құрылғыларды және т.с.с.) орындауды талап етуі мүмкін.

4. Қол жеткізілімді бақылау жүйесін және бейнебақылаудың телевизиялық жүйесін ұйымдастыру

      116. Объектілерді:
      1) ҚБЖ күзететін үй-жайларға қызметкерлердің және объектіге келушілердің келуін шектеуге;
      2) әр қызметкердің келу-кету уақытын тіркеуге;
      3) ішкі үй-жайлардың ашылғаны туралы ақпарат алуға (қашан және кім ашты);
      4) ҚБЖ-мен және басқалармен жабдықталған объектінің үй-жайына заңсыз кіру әрекеттері туралы ақпарат беруге арналған ҚБЖ-мен жабдықтау керек.
      117. ҚБЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету мынадай міндеттерді:
      1) барлық қызметкерлерге деректер базасын ұйымдастыруды (карточканың нөмірі, аты, үй-жайларға кіруге рұқсат берілгендердің тізімі, кірген-шыққан уақыты);
      2) бақылау панельдерінің бағдарламасын жасауды және олардағы ақпаратты оқуды;
      3) нақты оқиғалар туралы мәліметтер (баянат) беруді;
      4) жүйе операторының жұмыс орнынан ҚБЖ-мен жабдықталған кез келген есікті ашуды немесе оқшаулауды;
      5) объектінің графикалық картасын бейнелеуді және т.с.с. шешуді қамтамасыз етеді.
      118. Бұл жүйе күзет қызметінің үй-жайында орналасқан компьютермен басқарылатын объектінің жергілікті есептеу жүйесінің базасында жүзеге асырылуы мүмкін.
      119. ҚБЖ құрамына мыналар кіруі тиіс:
      1) тосқауыл конструкциялары, атқарушы құрылғы және құрамында басқарылатын тосқауыл құрылғысы;
      2) есептегіш және сәйкестендендіру құрамында сәйкестендіру белгілерін енгізетін құрылғы;
      3) аппараттық және бағдарламалық құрал құрамындағы басқару құрылғысы.
      120. ҚБЖ сәйкестендіру белгілерін іріктеу және таңдау жолымен манипуляциялаудан қорғалуы тиіс, ал конструкциясы, сыртқы түрі және жазуының құрама бөлшегі қабылдау кодының ашылуына әкелмеуі тиіс.
      121. ҚБЖ мынадай функционалдық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) бұл рұқсат етілген аймаққа (үй-жайға) шектелген уақытта кіруге тек сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін немесе оператордың бұйрығымен құрылғының ашылуы;
      2) кіруге рұқсат етілмеген аймаққа (үй-жайға) кіруге сәйкестендіру белгіні оқығаннан кейін тосқауыл құрылғының ашылуына тыйым салу;
      3) басқару құрылғысындағы сәйкестендіру белгісіне санкцияланған өзгеріс енгізу (қосу, өшіру) және олармен кіруге рұқсат ету аймағымен (үй-жаймен) әрі уақыт аралықтарындағы байланысы;
      4) сәйкестендіру белгілерін өзгерту (қосу, жою) үшін басқару құрылғысы құралдары бағдарламаларына рұқсат етілмеген енуден қорғау;
      5) техникалық және бағдарламалық құралдарды басқару элементтеріне режимді орнатуға және ақпаратқа рұқсатсыз енуден қорғау;
      6) электр қуаты өшкен кезде сәйкестендіру белгілерінің бабы мен деректер базасын сақтау;
      7) төтенше жағдайлар туындаған кезде, өрт пен техникалық ақау болған кезде режим қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздік шараларына сәйкес тосқауыл құралдарын қолмен, жартылай автоматты немесе автоматты түрде ашу;
      8) жүйе операторының жұмыс орнынан рұқсат беру жүйесімен жабдықталған кез келген есіктің ашылуы немесе жабылуы;
      9) рұқсат берілген сәйкестендіру белгісі оқылғаннан кейін өтетін жерден белгілі бір уақытта өту фактісі болмаған кезде басқару құрылғысының автоматты түрде жабылуы;
      10) сәйкестендіру белгілерін (кодын) іріктеуге әрекет жасалған кезде дабыл белгісі беріліп, тосқауыл құрылғысының белгілі бір уақытқа жабылуы;
      11) ағымды және алаңдататын оқиғалардың тіркелуі және хаттамалануы;
      12) басқару құрылғысымен байланыс болмаған кезде рұқсат берудің әрбір нүктесіндегі тосқауыл құрылғысынан оқығыштың дербес жұмысы.
      122. Оқығыштар мынадай функционалдық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) сәйкестендіргіштерден сәйкестендіру белгісінің оқылуы;
      2) енгізілген сәйкестендіру белгісін жадыда немесе басқару құралының мәліметтер базасында сақтай отырып, салыстыру;
      3) пайдаланушыны сәйкестендірген кезде тосқауыл құрылғысының ашылуы белгісін беруі;
      4) басқару құралымен ақпарат алмасу;
      5) оқығыштар сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалуы тиіс.
      Сәйкестендіргіштің және оқығыштың конструкциясы, сыртқы түрі мен жазуы қолданылатын кодтың әшкерленуіне әкелмеуі керек.
      123. Басқару құрылғысы мынадай функционалдық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) оқығыштардан ақпаратты қабылдау, оны өңдеу, берілген түрде көрсету және тосқауыл құрылғысын басқарудың белгіні жасауы;
      2) олардың ену сипаттамасын беру мүмкіндігімен (код, рұқсат берілген уақыт аралығы, рұқсат деңгейі және басқалар) объект қызметкерлерінің дерекқорын енгізу;
      3) рұқсат беру нүктесінен өтетін қызметкерлердің өтуін тіркеуді электрондық журналын жүргізуін;
      4) рұқсат беру нүктесіндегі алаң туғызатын ахуалдар туралы ақпаратты басым түрде шығаруды;
      5) тосқауыл құрылғысының, оқығыштар мен байланыс желілерінің ақаусыздығын бақылау.
      124. ҚБЖ объектідегі рұқсаттаманы және объектішілік режимді ұйымдастыруын қамтамасыз етуі және объектіні енудің үш негізгі аймағына бөлуді көздеуі тиіс:
      1) бірінші аймақ - қызметкерлердің және келушілердің оларға кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;
      2) екінші аймақ - оларға кіру персоналдардың шектеулі тобына және бір реттік рұқсат қағазы бойынша немесе персоналдың алып жүруі арқылы келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;
      3) үшінші аймақ - объектінің оларға қатаң түрде белгілі бір қызметкерлер мен басшылар кіретін арнайы үй-жайлары.
      Объекті арқылы өтетін бақылау пунктінен қызметкерлерді өткізу:
      1) бірінші рұқсат беру аймағында бір сәйкестендіру белгісі бойынша;
      2) екінші рұқсат беру аймағында екі сәйкестендіру белгісі бойынша (мысалы, электрондық карта және механикалық құлыптың кілтімен);
      3) үшінші рұқсат беру аймағында кемінде екі сәйкестендіру белгісі бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
      125. ҚБЖ конструктивті түрде модульдік қағидатпен құрылуы және мыналарды:
      1) ауыспалы бір үлгідегі техникалық құралдардың өзара алмасушылығын;
      2) техникалық қызмет көрсету мен пайдалану қолайлылығы, сондай-ақ жөндеуге жарамдылығын;
      3) басқару элементтеріне рұқсатсыз енуді болдырмауды;
      4) пайдалану үдерістерінде реттеуді, қызмет көрсетуді және ауыстыруды қажет ететін барлық элементтерге, тораптар мен блоктарға рұқсаттық енуді қамтамасыз етуі тиіс.
      126. ҚБЖ-мен:
      1) объектінің негізгі және қызметтік кіру есіктерін;
      2) ғимаратқа кіруге арналған сыртқы есікті;
      3) қызметтік бөлме есіктерін;
      4) күзет қызметі бөлмелерінің есіктерін;
      5) ОБП бөлмесінің есіктерін;
      6) басшылардың, МҚСБ, тапсырыс берушінің, объектінің күзет қызметінің, бөлімшенің қалауы бойынша басқа бөлмелерді жабдықтау ұсынылады.
      127. ТБЖ күзетілетін аймақтың, үй-жайдың, периметрдің және объекті аумағының ахуалы туралы көрнекі ақпаратты орталықтандырылған бақылаудың оқшау пунктіне, арнайы бөлінген күзет үй-жайына немесе орталық күзеттің пунктіне беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      128. ТБЖ дабыл туралы хабарлама алған жағдайда аймақтан құқық бұзушылықтың сипаттамасын, құқық бұзушылық орнын, құқық бұзушының қозғалыс бағытын анықтау үшін көріністі бейнебақылау операторына беруі тиіс.
      129. ТБЖ күзетілетін аймақтардағы (аумақтағы, үй-жайдағы) жағдайды бақылауға, сондай-ақ ахуалды бағалауға және құқық бұзушының сәйкестендіруге арналған.
      130. ТБЖ автоматтандырылған режимдегі жұмысты қамтамасыз етеді.
      ТБЖ жалған дабылдарды болдырмау мақсатында және/немесе кейіннен ахуалды талдау немесе күзет қызметінің әрекетін бақылау үшін бейнежазбаны қосу мақсатында күзетілетін аймақтың жағдайы туралы қосымша ақпаратты операторға ұсынады.
      131. ТБЖ мынадай функционалдық талаптарды (сипаттамаларды) орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс:
      1) күзетілетін объектіні және оған жанама аумақтарды көзбен шолып бақылау;
      2) қауіпсіздік қызметі персоналдарының (бөлімшелердің) әрекеттерін көзбен бақылау және олардың әрекеттерін үйлестіру үшін қажетті ақпаратты ұсыну;
      3) оқиғаны одан әрі талдау үшін бейнеақпаратты мұрағаттау;
      4) оқиғаны автоматтық режимде немесе оператордың бұйрығымен бейнеқұжаттау;
      5) жұмыс режимін бағдарламалау;
      6) рұқсат жүйесін және күзет сигнализациясын басқарумен жұмыс істеуі;
      7) табу құралдарының іске қосылу белгісі бойынша телекамералар бейнені автоматты шығаруы;
      8) рұқсатсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында басқаруға және бейнеақпаратқа ену өкілеттігін шектеу;
      9) бұрын жазылған ақпаратты жаңғырту;
      10) телекамераның уақытты, күнді беру және сәйкестендіргіш арқылы бейнежазуға шұғыл қол жеткізу.
      132. Объектідегі ТБЖ-мен:
      1) аумақтың периметрі;
      2) бақылау-өткізу пункттері;
      3) тексеру үй-жайы (бөлмесінде), көлікті тексеру аймағы;
      4) бас және қосалқы шығыстар;
      5) материалдық құндылықтарды алып жүретін үй-жайлар, дәліздер;
      6) материалдық құндылықтар қоймасын қоспағанда, басқа материалдық құндылықтар тікелей шоғырланған бөлмелер;
      7) объекті немесе бөлімше басшысының (меншік иесінің) қалауы бойынша басқа да бөлмелер жабдықталады.
      133. Объектінің аумағын немесе периметрін бақылауға арналған бейнекамераларды сыртта орнату үшін климаттық аймаққа сәйкес климатты факторлардың ықпалы жағдайында жұмыс істеуі не климаттық факторлардың ықпалы кезінде жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін қапталған термоқалталарда орналасуы тиіс.
      134. Тәуліктің қараңғы уақытында, егер күзетілетін аймақтағы жарық телекамераның сезімталдығынан төмен болса, көрінетін күзеттің жарығы немесе жарықтың инфрақызыл диапазоны қосылуы тиіс. Күзетілетін аймақты жарықтандыру телекамераның шолуы аймағымен сәйкес болуы керек.
      135. Үлкен аумақты бір телекамераның көмегімен бақылау үшін ауыспалы қашықтық объективтері және қашықтан басқарылатын айналмалы құрылғылар қолданылуы тиіс.
      136. Объектідегі үй-жайларда тиегі бар телекамераны, диафрагманы қолмен реттейтін жинақталған объективті қолдану тиіс.
      Объекті үй-жайынан тыс жерде (көшеде) диафрагмалы телекамераларды автоматты түрде реттейтін объективпен жинақтаған жөн.
      137. ТБЖ қозғалған нысананы анықтаған кезде орталық күзет пунктіне дабыл белгісінің берілуін қамтамасыз етуі тиіс.
      138. ТБЖ-ның ден қою уақыты құқық бұзушының бақылау аймағының жартысына жетуіне жеткілікті уақыттан аспауы тиіс.
      139. Барлық бейнеақпарат бейнежинағышқа жазылуы тиіс: жазу уақыты ұзақ арнайы бейнемагнитафондар немесе ақпаратты сандық бейнежинақтаушалар.
      140. ТБЖ-ның конструкциясы модульдік қағидатпен құрылуы және мыналарды:
      1) ауыспалы біртектес техникалық құралдардың өзара ауыспалылығын;
      2) техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және пайдаланудың қолайлығын;
      3) басқару элементіне рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмауды;
      4) пайдалану үдерісінде реттеуді, қызмет көрсетуді немесе ауыстыруды талап ететін барлық элементтерге, тораптарға және блоктарға рұқсат берілген енуді қамтамасыз етеді.

5. Жедел байланыс жүйесін құрудың негізгі қағидаттары

      141. Жедел байланыс жүйесі (бұдан әрі - ЖБЖ) жедел жағдай кезінде бөлімшелердің қызметін басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданылуы тиіс.
      Бұған:
      1) күзет қызметінің күштері мен құралдарын басқару жүйесінің талаптарына жауап беретін байланыс құралдарын қолдану арқылы;
      2) резервтік аппараттың, айналма және резервтік арналардың болуы;
      3) олардың мақсатына және пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес байланыс құралдарын қолдану арқылы қол жеткізіледі.
      142. ЖБЖ құрамына:
      1) ретрансляциялық жабдық;
      2) стационарлық радиостанция;
      3) абоненттік радиостанция (шағын/тасымалданатын);
      4) коммутациялық жабдық;
      5) диспетчерлік жабдық;
      6) үздіксіз электрмен қоректендіру жүйелері жабдығы кіреді.
      143. ЖБЖ мынадай функционалдық талаптарды (сипаттамаларды) орындауды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) жедел байланыс жүйесі үшін белгіленген тәртіппен жиілік диапазондағы жұмыс;
      2) екінші сыныпты жанама қосылмайтын, үздіксіз радиобайланыстың сөйлеу анықтығының сапасы;
      3) күзет пунктіндегі кезекші мен қызмет көрсететін аумақтағы күзет жасағының радиобайланысы;
      4) күзет жасағы арасында қызмет көрсету аумағы шегінде екі жақты радиобайланыс;
      5) қызмет көрсету сыйымдылығы және аймағы күзетілетін объектідегі және жанама аумақта орнатылған байланыстың жеткілікті болуы;
      6) берілетін ақпараттың қорғалуы;
      7) негізгісі өшіп қалған кезде бақылау жабдықтың, коммуникация орталығының және диспетчерлік орталықтың резервтік электрлік қоректендіруге автоматты түрде ауысу (және керісінше) мүмкіндігі. Резервтік қорек көзінің негізгі уақыты кемінде 2 сағат.
      144. Ақпараттың қауіпсіздігі ұйымдық-техникалық іс-шаралармен қамтамасыз етілуі және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      145. Байланыс компоненті жүйесінің конструкциясы оларды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қызмет көрсететін персоналдың электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

6. Жабдықты электрмен қоректендіру

      146. Электрмен қоректендіру бойынша қорғаудың сенімді деңгейімен қамтамасыз ету үшін күзетілетін объектілерді 1-санаттағы электрмен қамтамасыз ету объектілеріне техникалық ауыстыру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізуді талап етеді (үздіксіз синусоида).
      Күзет, өрт сигнализациясы кешені және енуді бақылау жүйесі негізгі желілік қоректену болмаған кезінде жабықтың кемінде 12 сағат жұмысын қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдаумен үздіксіз қоректену көзін ұстауы тиіс.
      Күзет телевизия жүйесі 1-санаттағы электрмен қамтамасыз ету бойынша электрмен қоректендірумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл 2 кірмені әртүрлі электр станцияларынан және автоматикадан күзет телевизиясы аппаратурасының кіретін жеріндегі үзіксіз синусоидты қамтамасыз ететін резервтік кірмеге қайта қосуды қамтамасыз етеді. Егер жоғарыда жазылған талаптар қандай да бір техникалық себептермен орындалмаса, үзіксіз синусоид талаптарына шығуды қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдаумен 220 В үздіксіз электрмен қоректендіру көзін қолдану ұсынылады.
      Ұзақ уақыт сөнген авариялық жағдайда (тәуліктен артық) «жедел» резерв жұмысының режимін қамтамасыз ететін 3-фазалық, 220 В, 50 Гц дизель-генераторы орнатылады.
      147. Автономды резервтік электр көздері АТҚ-ның, ҚБЖ-нің, ТБЖ-нің, күзет және кезекші жарығының жұмысын:
      1) қалаларда және қала үлгісіндегі кенттерде - кемінде 24 сағатқа;
      2) ауылдық аудандарда - кемінде 48 сағатқа;
      3) баруы қиын аудандарда - кемінде 72 сағатқа қамтамасыз етуі тиіс.

7. Күзеттік жарық

      148. Негізгі және ішкі қосалқы қоршау сияқты қоршауды жарықтандырудың (100 люкс, кем емес жарықтандыру) жергілікті учаскелерді көруді ескере отырып, күзет периметрі жүйесінен жарық қосу мүмкіндігі болуы тиіс.
      Қоршаудың бетон төсемі кәбілді тарту және сигнализацияның техникалық құралдарын, қуатты желілер мен байланыс желілеріне қызмет көрсету үшін саңылаулары бар кәбіл арналары болуы тиіс.
      149. Күзеттік жарық аспаптары ретінде мол жарық беретін прожекторлар, қыздыру лампалары немесе басқа үлгідегі шамдар қолданылуы мүмкін.
      Жарық аспаптары бекет күзетшілері мен БӨП-тің бақылаушыларына шағылыспайтындай түрде орналастырылуы тиіс.
      Жарық жолағы күзет бекеттеріне, жасақшалардың жолдарына,  бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқаларға және т.с.с түспеуі тиіс.
      Шамдардың арақашықтығы, олардың қуаттылығы және конструкциясы жарықтандыру нормалары бойынша қажетті жарықтың жаппай, тең жолағын жасау есебінен таңдалуы тиіс.
      150. Күзеттік жарық желісі дербес болуы және қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес орындалуы тиіс. Күзеттік жарықтың магистарльды және бөлінбелі (топтық) желілері жерге немесе қораптарға салынған кәбілдермен орындалуы тиіс. Күзеттік жарықты басқару үшін дербес тексеру кәбілдері қарастырылады. Тексеру кәбілдері күзет сигнализациясының желілерінің бір трасса бойымен салынуы мүмкін. Қоректендіру қалқаны тыйым салынған аймақта (металл шкафта) жасақшалар жолдарының жанында және БӨП-тің үй-жайларында орнатылады.
      151. Автомобиль және темір жол БӨП-терінің тексеру алаңдарын жарықтандыру кемінде 150 люкс болуы тиіс. Адамдар өтетін БӨП-ті жарықтандыру - кемінде 200 люкс болуы тиіс.
      Бейнебақылау жүйесін пайдаланған кезде жарық орнатылған телехабарлау құрылғылары үлгілеріне арналған техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      Күзеттің қызметтік үй-жайларын жарықтандыру нормаларын анықтау қолданыстағы нормалар мен қағидалар негізінде жүргізілуі тиіс.
      152. Қарауыл үй-жайлары, БӨП, ғимаратқа кіретін жерлер, санатты үй-жайлардың дәліздері авариялық жарықпен қосымша жабдықталуы тиіс. Жұмыстық жарықтың авариялық жарық беруге және кері ауысуы автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
      153. Автокөлік және темір жол БӨП-терін жарықтандыру көлікті және тасымалданатын жүктерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс. Жарық беретін аспаптар тексерілетін көліктің тегіс, оның ішінде астын қарайтындай болуы тиіс. Қажет болған жағдайларда тасымалданатын жарықты пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек.

8. ИТТҚ-ның кәбіл желілеріне және коммуникацияларына қойылатын талаптар

      154. 60 В жоғары кернеуі бар кәбіл желілері дербес орындалуы тиіс, олардың кешенді желіге қосылуына жол берілмейді.
      155. Қоректендіретін электр сымдары ретінде сериялық шығарылған қуат кәбілдері мен бекіткіш сымдар қолданылады, оларды таңдау төсем шарттарын ескере отырып, жүргізіледі.
      Тарату желілеріндегі қуат кәбілдердің тіндерінің қиылысы тоқты барынша тұтыну кезінде кернеудің рұқсат берілген түсуі ескеріле отырып, есептелінеді.
      Қауіпсіздік құралдарын жерге қосу және «жерден aлу» осы құралдарға арналған техникалық құжаттамаларға сәйкес орындалуы тиіс.
      156. Қауіпсіздік жүйелерінің инженерлік-техникалық кешенінің кәбілдік желісі электр қондырғы және байланыс тораптарының желілік құрылғылары қағидаларына сәйкес төселеді.
      Жалғайтын желілер сымдарының жұптар резерві кәбілдің жалпы сыйымдылығының кемінде 10-20%-ы болады.
      157. Жарылу қауіпі бар аймақтарда кәбілдерді және сымдарды төсеу барынша қысқа трассаларда орындау, ал мүмкін болған кезде жарылу қауіпі бар аймақтардан тыс жерге шығарылу қажет.
      Жарылу қауіпі бар аймақтарда кәбілдерді және сымдарды жүргізуді, сондай-ақ сигнализацияның техникалық құралдарын жерге қосуды және жерден алуды жоба талаптарына, сондай-ақ электр қондырғыларының қолданыстағы қағидаттарына сәйкес орындау керек.

9. Дабылды мекенжайға сенімді беруге арналған ХБЖ-ға қойылатын талаптар

      158. ХБЖ күзетілетін объектіден хабарламаларды (дабыл, қызметтік, ақпараттық) орталықтандырылған күзету пунктіне дейін жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
      159. ХБЖ-ның мынадай функционалдық сипаттамасы болуы тиіс:
      1) объектіден орталықтандырылған күзет пунктіне дейін берілетін арна түрі;
      2) берілетін хабарламаның түрі және саны (ішке ену хабарламасы, өрт туралы хабарлама, қызметтік және, егер олар жүйеде бар болса диагностикалық басқару хабарламасы және басқалары);
      3) команданың берілетін және бейнебасқаруды қабылдау түрі мен саны (орталықтандырылған күзет пунктінен күзетілетін объектіге дейінгі деректерді берудің кері арнасы бар жүйесі);
      4) дабыл хабарламасын жеткізу уақыты;
      5) дабыл хабарламасының берілу басымдылығы;
      6) басқа хабарлама түрлерінің жеткізу уақыты.
      160. Берілетін деректер арнасының түрі бойынша объектіден орталықтандырылған күзет пунктіне дейін мынадай байланыс арналары пайдаланылуы мүмкін:
      1) бөлінген арналар (өткізгіш, оптикалық-талшықты және басқалар);
      2) ортақ пайдаланудың телефон торабы желісіндегі арна, оның ішінде ауыстырып-қосатын, бос емес байланыс телефоны, қызметтік белгілерді жиілік бөлуді пайдалану арқылы, нөмірлерді автоматты (информаторлық) теру аппаратурасын пайдалану арқылы;
      3) радиоарна;
      4) басқа да берілетін арналар.
      161. Хабарлама беру жүйесі үшін дабыл хабарламасын жеткізу уақыты кемінде 60 секунд.
      162. Хабар беру жүйелері күзетілетін объекті мен орталықтандырылған күзет пункті арасындағы хабарламаның беру арнасын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
      163. Хабарлама беру жүйесіне арналған арнаның ақаулығы анықталған уақыты байланыстың пайдаланатын арнасына қарай 120 секундтан кем болмауы тиіс.
      164. Кері беру арнасы бар және автоматты режимде күзетке қою мен күзеттен алу жұмысына арналған хабарлама беру жүйесі күзетке алу және күзеттен алу кезінде объектіде орнатылған аппаратураға квиртирлеу белгісін беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      165. Хабарлама беру жүйесінің қажет болған кезде дабыл хабарламасын беру арнасын резервке қою мүмкіндігі болуы тиіс.
      166. Хабарлама беру жүйесінде беру арнасында рұқсатсыз енуден деректерді қорғау жөніндегі шаралар қабылдануы тиіс. Қорғауды тексеру түрі мен әдістері стандарттарда немесе хабарламаларды беру жүйесіне арналған техникалық талаптарда көрсетілуі тиіс.
      167. Берілетін хабарламалардың ұзақтығына қойылатын талаптар дабыл сигнализациясы жүйесінің уақытша сипаттамасына, сондай-ақ деректерді беру арнасының мүмкіндігін ескеруі тиіс.
      168. Орталықтандырылған бақылау пульті дербес ЭЕМ базасында орындалуы мүмкін. Бұл жағдайда хабарлама беру жүйесін басқару автоматтандырылған жұмыс орнының кешені - бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен орындалуы тиіс.
      169. Автоматтандырылған жұмыс орны мынадай функционалдық талаптарды (сипаттамаларды) қамтамасыз етуі тиіс:
      1) бірыңғай жұмыс орнына хабарлама беру жүйесінің барлық үлгілерін, оның ішінде объектіні қолдай және автоматтандырылған күзетке қабылдау-одан алудың және жұмылдырылған барлық байланыс арналарын пайдаланатын қолмен және автоматты тактикалық қосу;
      2) мәтіндік, графикалық, дыбыстық және шұғыл дерекқорларды жүргізу;
      3) жұмыс орнын жергілікті есептегіш желісіне біріктіру мүмкіндігі;
      4) жергілікті есептегіш желісі жұмысын басқару және әкімшілік ету, оның ішінде ақпарат ағымын бөлу;
      5) орталықтандырылған күзет пунктіндегі жедел персоналдың жұмысын объективті бақылау құралдарын ұйымдастыру;
      6) инсталляциялық бағдарлама құралдарының жеңілдігін, көрнекілігін және қолайлылығын, жалпы бағдарламалық-аппараттық кешеннің конфигурациясын, мәтіндік, кестелік және дыбыстық дерекқорлар жүргізу және толықтыруды қамтитын эргономикалық пайдалану интерфейсі.

10. Хабарлама жүйелеріне және құралдарына қойылатын талаптар

      170. Хабарлама жүйесі (бұдан әрі - ХЖ) күзетілетін объектіде және оның аумағында адамдарға дабыл немесе төтенше жағдайларды (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) жедел хабарлау және олардың әрекеттерін үйлестіру үшін құрылады.
      171. Объектіде хабарлама жоспары әзірленуі тиіс, ол жалпы жағдайда мыналарды қамтиды:
      1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделетін қызметкерлерді шақыру схемасы;
      2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің әрекеттерін реттейтін нұсқаулықтар;
      3) эвакуациялық жоспарлар;
      4) хабарлама белгілерінің жүйесі.
      172. ХЖ мынадай функционалдық талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) ғимараттарда, үй-жайларда, адамдардың үнемі немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық белгілерді беру;
      2) қауіптілік сипаты, эвакуация қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер туралы сөйлеу ақпараты трансляциясы.
      173. ХЖ бойынша адамдарды эвакуациялау мыналармен бірге жүруі тиіс:
      1) авариялық және күзет жарығын қосу;
      2) эвакуациялық үдерісті қиындататын үрейдің және басқа да құрылыстардың алдын алуға бағытталған (өтетін жерде, тамбурда, баспалдақ алаңында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) арнайы әзірленген мәтіндердің берілуі;
      3) эвакуациялық бағыттар мен жолдарды жарықпен көрсетуді қосу;
      4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін қашықтан ашу (мысалы, жабдықталған электромагниттік құлыптар).
      174. ХЖ басқа мақсаттағы белгілерден ерекше болуы тиіс.
      Хабарламалардың саны, оның қуаттылығы адамдардың тұрақты немесе уақытша болу орындарында тиісінше естілуін қамтамасыз етуі тиіс.
      175. Күзетілетін аумақта рупорлық дауыс зорыйтқыштарды қолданған жөн. Олар жарық беру бағандарында, ғимараттардың қабырғаларында және басқа да конструкцияларда орнатылуы мүмкін.
      Объектідегі дауыс зорыйтқыштарды орналастыру дұрыстығы мен саны, берілетін дыбыстық хабарламалардың анықтығын жергілікті жерде эксперимент жасау жолмен анықталып, нақтыланады.
      176. Хабарлағыштарда дауыс реттегіш және алынбалы қосылыстар болмауы тиіс.
      177. Хабарлама жүйелерінің коммуникациясын жекелеген жағдайларда объектіде объектінің радиотрансляциялық желісімен біріктіре жобалауға рұқсат етіледі.

11. Қарап, тексеру жүйелеріне қойылатын талаптар

      178. Қарап, тексерудің техникалық құралдары қаруды және криминалдық әрекеттерді жүзеге асыруға арналған басқа құралдар мен заттарды табуға, күзетілетін объектіге адамдар өткен немесе көлік құралдарының кіруі кезінде, сондай-ақ күзетілетін объектіден ұрлықты және рұқсат етілмеген заттар мен құралдарды рұқсатсыз алып өтуді қамтитын криминалдық әрекетті болдырмау үшін қолданылады.
      179. Қарап, тексерудің техникалық құралдар тізбесіне:
      1) металл іздегіштер;
      2) рентгендік тексеру кешені;
      3) тексеретін эндоскоптар мен айналар;
      4) желілік емес радиолокациялық аппаратура;
      5) есірткі және қауіпті химиялық заттардың табуға арналған аппаратура;
      6) радиацияны бақылау құралы;
      7) интраскоп кіреді.
      180. Металл іздегіштер (металлды-детектор) суық және атыс қаруын, құрамында металы бар жарылғыш құрылғыларды (гранаталарды), алып өтуге тыйым салынған, құрамында металы бар әртүрлі өнімдерді табуды қамтамасыз етеді және олар арка немесе баған үлгісіндегі стационарлық құрылғылар немесе портативті аспап түрінде орындалуы тиіс.
      181. Қарап, тексерудің техникалық құралдары мынадай функционалдық талаптарды (сипаттамаларды) қамтамасыз етуі тиіс:
      1) Стационарлық металл іздегіштер:
      іздеудің объектісін табудың жоғарғы ықтималдығына;
      күзетілетін объектіге алып өтуге рұқсат етілген металл заттарға қатысты селективтікке;
      айналадағы жағдайға барынша функционалдық бейімделу қабілеттілігіне (оның ішінде металл қоспасы бар);
      сыртқы электрлік-магниттік сәулелену көздерінен үлкен бөгеттік қорғанысқа;
      бақыланатын кеңістіктің барлық көлемінде табудың біркелкі сезгіштігіне;
      әртүрлі металл массасын табуға қайта баптау мүмкіндігіне;
      имплантты электрлік-стимуляторлық және магниттік ақпарат тасымалдағышқа әсер етудің рұқсат етілген деңгейіне ие болуы тиіс.
      2) Портативтік (қол) аспаптар:
      қара және түрлі-түсті металдар мен олардың қорытпасын табуды және қажет болған жағдайда анықтауды;
      әртүрлі металл массасын табуға қайта баптау мүмкіндігін;
      стационарлық металл іздегіштердің бірлескен жұмыс кезінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      3) арнайы мақсаттағы рентгендік сандық сканерлеуші стационарлық жүйе (адамның тұла бойын рентгенді-графикалық сканерлеу) мынадай қауіпті және тыйым салынған заттарды:
      киімнің ішіне тығылған органикалық емес материалдар - атыс және суық қару, жарғыштар, электронды құрылғылар т.б.;
      киімнің ішіне тығылған металл іздегіштермен табылмайтын органикалық материалдарды - пластикалық жарылғыштарды, контейнердегі есірткіні, керамикадан жасалған атыс және суық қаруды және т.б.;
      жұтылған немесе адамның табиғи қуыстарына тығылған барлық типтегі материалдар - контейнердегі есірткіні, жарылғыш, химиялық және биологиялық заттарды, асыл тастар мен металдарды табу мақсатында адамды қол тигізбей, көзбен қауіпсіз шолып, дербес қарауды қамтамасыз етуі тиіс.
      4) Қарап, тексеру эндескоптары мен айналар көру қиын жерлерді көзбен шолып, тексеруді жеңілдету және ондағы жарылғыш заттарды, атыс және суық қаруды, контрабанданы, ақпаратты жасырын түсіретін құралдар мен басқа да объектілерді анықтауы үшін қолданылуы тиіс. Техникалық эндоскоптар мен бейнескоптар ену тек салыстырмалы түрде кішкентай саңылау арқылы болатын әртүрлі қуыстарды, арналарды және басқа жерлерді қарау үшін қолданылуы тиіс. Олар:
      бұрыштық көру кемінде 40 градус иілгіш, әрі жартылай қатты және 90 градус қатты конструкциялар үшін ену арақашықтығы кемінде 1500 мм;
      қарап, тексеру орнын жарықтандыру мүмкіндігі, жарықтың жайын реттеуді;
      қарау нәтижелерін бейнеқұжаттандыруды;
      экологиялық қауіпсіздікті және электромагниттік үйлесімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
      5) Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура олардың болуын немесе іздерін ауаның күмәнді үлгісін компоненттік және құралымдық талдау өткізу жолымен табу үшін қолданылуы тиіс. Олар:
      талдаудың қазіргі заманғы физикалық-химиялық әдістерін қолдануға негізделген заттарды сәйкестендіру;
      тротил, гексоген т.б. үлгісіндегі штаттық ЖЗ болуын сенімді тіркеуге мүмкіндік беретін сезімталдықты;
      құралдың үстіндегі жарылғыш заттардың іздерін шұғыл анықтауды (жарылғыш заттардың іздерін талдағыш) қамтамасыз етуі тиіс.
      182. Кіріс хат-хабарын қабылдау пункті есірткіні, химиялық уландыратын заттарды, жарылғыштарды және т.б. хат-хабарларды ашпай табуға мүмкіндігі бар түрлі-түсті өздігінен оқитын интраскоппен жабдықталуы тиіс.
      183. Қарап, тексеру жүйесінде функционалдық сипаттамалар (талаптар) және оларды сынау әдістемесі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес объектінің қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленеді.

12. Күзетілетін объектіні қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құралдарға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары

      184. Объектілерді және мүліктерді қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдары:
      1) сериялық өндіріс өнімі - механикалық, электрлік-механикалық, құрылыс конструкциялық (инженерлік-техникалық нығайту құралдары);
      2) өндірілген өнімнің сериялық өндіріс өнімі (аспап жасау өнімі) - электр/ электрондық/ электрондық бағдарламалық құрылғыны;
      3) дара өндіріс өнімі - техникалық қорғау құралдары кешенін білдіреді.
      185. Сериялық өндірістің аспап жасау өнімі сияқты техникалық құралдары өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату кезінде қауіпсіз болуы тиіс.
      186. Объектінің және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық құралдары жобалау, өндіру, объектіде монтаждау және пайдалану үдерісінде мына: электрлік және өрт қауіпсіздік талаптарды қамтамасыз етуі, сондай-ақ электрлік-магниттік сыйысушылық талабына жауап беруі тиіс.
      187. Қорғаудың техникалық құралдары кешеніне арналған қауіпсіздік талаптары дара өндіріс өнімі сияқты кешендердің барлық тіршілік циклінде - жобалау, монтаждау, қосу жұмыстары, пайдалануға беру, пайдаланудан шығару кезінде қамтамасыз етілуі тиіс.
      188. Бұйымдарда және/немесе оны пайдалану нұсқауында (нұсқаулықта) оларды қауіпсіз орнатуға, пайдалануға және кәдеге жаратуға арналған барлық қажетті және жеткілікті ақпарат көрсетілуі тиіс.

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы
      БӨП - бақылау-өткізу пункті
      ХБЖ - хабарлама беру жүйесі
      ОКО - орталықтандырылған күзет пункті
      ШҚ - шеткі құрылғы
      Р - ретранслятор
      ОБП — орталықтандырылған бақылау пульті
      АТС - автоматтандырылған телефон станциясы
      ҚБА — қабылдау-бақылау аспабы
      КББЖ — кіруді бақылау және басқару жүйесі
      ТБЖ - телевизиялық бейнебақылау жүйесі
      МҚҚБ - мемлекеттік құпияны қорғау бөлімшесі
      БІЖ - бақылау-іздік жолағы
      ИТКҚ — күзеттің инженерлік-техникалық құралдары
      ПО - ішкі істер органдары
      ЖМК - жеңіл металдық конструкция
      АТКҚ — күзеттің арнайы техникалық құралы
      КМБХ - күзеттің магниттік байланыс хабарламасы
      СА - соңғы ажыратқыш
      ИҚ - инфрақызыл (сәуле, хабарлағыш және т.б)
      ЖБЖ - жедел байланыс жүйесі
      ЭЕМ - электрондық есептегіш машина
      ХЖ - хабарлама жүйесі
      В - вольт
      Гц - герц