«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының 7-2-тармағына және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-2 жолмен толықтырылсын:
«
4-2. |
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасының жобасын әзірлеу. |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасы ның Үкіметі қаулысының жобасы |
2011 жылғы 2-тоқсан |
».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1031 қаулысымен
бекітілген
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақының пайыздық ставкасын, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды субсидиялау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
қатысушы – Сауықтыру кеңесінің оң қорытындысын алған әлеуетті қатысушы;
сауықтыру жоспары – іске асыру мерзімін, қол жеткізілетін нәтижелер мен ресурстарды, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді көрсете отырып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында кредит берушілер мен кәсіпорындардың меншік иелері, сондай-ақ мемлекет тарапынан тепе-тең негізде жүзеге асырылатын қолдау шараларын қолдану кезінде кәсіпорынды сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
Сауықтыру кеңесі – мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган;
Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Сауықтыру кеңесінің қорытындысы – әлеуетті қатысушыны сауықтыру жоспарын талдауға негізделген және оны негізге алған Сауықтыру кеңесінің әлеуетті қатысушыны Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешімі;
субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі – бұл субсидиялау жөніндегі оператордың қатысушының өтеу кестесін орындағаны және қаржы ұйымының субсидиялау үшін ақша қаражатын аударғаны туралы ақпаратты жинауы;
субсидиялау жөніндегі оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға, оған:
қаржы ұйымдарына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде ақша қаражатын, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды аудару;
субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі жөніндегі міндеттер жүктелген;
субсидиялау шарты – уәкілетті орган, субсидиялау жөніндегі оператор, қаржы ұйымы мен қатысушы арасында жасалған төртжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша субсидиялау жөніндегі оператор қатысушы қаржы ұйымына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купон ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеуге арналған ақшалай қаражатты аударады;
субсидиялау – қатысушы қаржы ұйымына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купон ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін қолданылатын қатысушыларды мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
қаржы ұйымы — қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
өтеу кестесі – субсидиялау жөніндегі оператор аударатын және қаржы ұйымына қатысушы төлейтін барлық төлем сомалары көрсетілген, сауықтыру жоспарының ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесі.
3. Субсидиялау жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрайтын немесе одан асатын олар бойынша қаржыландыру туралы келісімдер 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жасалған кредиттер (қарыздар) бойынша берешегі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Оң бағамдық айырма болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, теріс бағамдық айырма Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебінен өтеледі. Бағамдық айырманы айқындау кезінде 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша және қаржы ұйымының субсидиялау жөніндегі оператордың арнаулы ағымдағы шотынан ақшалай қаражатты есептен шығарған күнгі валюта бағамы есепке алынады.
4. Субсидиялау Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Субсидиялау сауықтыру жоспарына сәйкес қаржылай кредит берушілердің міндеттемелерді қайта құрылымдаудың міндеттілігі шарттарымен беріледі.
6. Субсидия алушылар бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
7. Субсидиялау мерзімі субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап бес жылдан аспайды.
8. Субсидия мөлшері - жылдық жеті пайызға дейін. Сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігінің мөлшері өтеу кестесінде көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
9. Субсидиялау өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бағдарлама шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау тәртібі
10. Қатысушының кредит берушілер комитеті бекіткен қатысушының сауықтыру жоспарын мақұлдау туралы шешімді Сауықтыру кеңесі қабылдайды.
11. Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы Сауықтыру кеңесі қатысушының сауықтыру жоспарын мақұлдау немесе сауықтыру жоспарын кері қайтару туралы шешім қабылдағаннан күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы Бағдарламаға сәйкес субсидиялау жөніндегі операторды жазбаша хабардар етеді.
12. Қатысушы Сауықтыру кеңесі сауықтыру жоспарын мақұлдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Субсидиялау жөніндегі операторға субсидиялауға өтінімді, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, оған Сауықтыру кеңесінің шешімі мен өтеу кестесінің көшірмелерін қоса береді.
13. Қатысушы субсидиялауға өтінім берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган, субсидиялау жөніндегі оператор, қаржы ұйымы мен қатысушының арасында осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, оның негізінде субсидиялау жөніндегі оператор сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін, ал қатысушы - сыйақының субсидияланбайтын бөлігін төлейтін өтеу кестесін қоса бере отырып, субсидиялау шарты жасалады. Бұл ретте, қаржы ұйымы субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап бір күн ішінде арнаулы ағымдағы шотын ашады.
14. Субсидиялау жөніндегі оператор Бағдарламаға қатысушы ұсынған субсидиялауға өтінімнің негізінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда субсидиялауға ақшалай қаражатты аударуға өтінімді қалыптастырады және субсидиялау шарты жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті органға беріледі.
Субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімі уәкілетті органға алдағы үш айда қаржы ұйымына аударуға жататын сомаға беріледі.
15. Уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның есеп шотына субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімінде көрсетілген мөлшерде субсидиялау үшін ақша қаражатын аударады.
16. Субсидиялау жөніндегі оператор субсидиялау үшін ақша қаражатын қаржы ұйымдарына арнайы ашылған ағымдағы шоттарға тоқсан сайын аванстық төлемдермен, алдағы тоқсандағы айдың бірінші күніне дейінгі мерзімде, оның ішінде уәкілетті органның ақша қаражатын уақытылы аударуы шартымен қатысушылардан өтінімдердің түсуіне қарай аударады.
17. Қатысушы сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесіне сәйкес төлеген кезде қаржы ұйымы сыйақының субсидияланатын бөлігін өтеуге арналған ақша қаражатын қатысушыдан төлем түскен күні субсидиялау жөніндегі оператордың арнаулы ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады.
18. Қаржы ұйымы субсидиялау жөніндегі оператор мен уәкілетті органды қатысушының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесіне сәйкес төлегені немесе қатысушының өтеу кестесін бұзғаны туралы төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
19. Төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне келген жағдайда, төлем ол күннен кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
20. Қатысушы кредит бойынша төлемді, оның ішінде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесіне сәйкес төлемеген жағдайда:
қаржы ұйымы қатысушы қарызын өтегенге дейін субсидиялау жөніндегі оператордың арнаулы ағымдағы шотынан субсидиялау үшін ақшалай қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды және субсидиялау жөніндегі операторды хабардар етеді;
қатысушының кредит бойынша төлемді, оның ішінде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесінде көрсетілген мерзімде төлемеген туралы хабарламасын алған күні субсидиялау жөніндегі оператор қаржы ұйымының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді тоқтата тұрады және ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
21. Қатысушы кредит бойынша мерзімі өтіп кеткен төлемдерді, оның ішінде пайыздық ставканың субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесі бойынша толық төлеген жағдайда қаржы ұйымы мерзімі өткен төлемдер толық төленген күннен кейінгі күннен кешіктірмей бұл туралы субсидиялау жөніндегі оператор мен уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті орган қаржы ұйымының жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша төлемдерді жаңғырту туралы шешім қабылдайды және субсидиялау жөніндегі операторға сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді жаңғырту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
22. Төлемдерді жаңғыртуды субсидиялау жөніндегі оператор қатысушы мерзімі өткен төлемдерді толық төлеген кезде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді жаңғыртуға уәкілетті органның жазбаша келісімін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
23. Қатысушы кредит және (немесе) лизингтік операциялар бойынша негізгі қарызды ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтеген кезде, Қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигацияларды ішінара (толық) сатып алған жағдайда қаржы ұйымы бұл туралы субсидиялау жөніндегі операторды және уәкілетті органды төлем жасалған жұмыс күнінен кейінгі күннен кешіктірмей хабардар етеді.
24. Субсидиялауды тоқтату немесе жаңғырту туралы шешімді Сауықтыру кеңесі қабылдайды.
25. Субсидиялау мынадай:
Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінің шешімі бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылғанда;
қатысушы кредит және/немесе лизингтік операциялар бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтеген, Қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигацияларды мерзімнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.
26. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді тоқтату туралы жазбаша хабардар етеді және субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына және бес жұмыс күні ішінде қатысушыға субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Дағдарыстан кейін қалпына
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды
сауықтыру) шеңберінде
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына
1-қосымша
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған өтінім
20 жылғы «____» ____________
Кімге: _________________________________________________
(Субсидиялау жөніндегі оператордың атауы)
Кімнен: ________________________________________________
(Қатысушының толық атауы)
1 |
Қатысушы туралы мәліметтер |
|
1.1 |
Атауы |
|
1.2 |
Толық пошталық (заңды) мекенжайы |
|
1.3 |
Байланыс телефондары |
|
1.4 |
СТН |
|
1.5 |
Банктік деректемелері |
|
1.6 |
Қатысушыны Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) енгізу туралы Сауықтыру кеңесі қорытындысының күні мен нөмірі |
|
2 |
Қаржы ұйымы туралы мәліметтер |
|
2.1 |
Атауы |
|
2.2 |
Толық пошталық (заңды) мекенжайы |
|
2.3 |
Байланыс телефондары |
|
2.4 |
СТН |
|
2.5 |
Банктік деректемелері |
|
2.6 |
Қарыз/лизинг шартының күні мен нөмірі |
|
3 |
Өтінімге қосымша |
|
3.1 |
Қатысушының сауықтыру жоспарын мақұлдау туралы Сауықтыру кеңесі шешімнің көшірмесі |
|
3.2 |
Төлем кестесінің (кестелерінің) көшірмесі |
|
Қатысушының бірінші басшысының ________________________________
Т.А.Ә. мен қолы
Өтінім берілген күн
«__»_____________20___ ж.
М.О.
Өтінімнің қабылданған күні «__»_____________20__ж.
Өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә. ________________________
мен телефон нөмірі
Дағдарыстан кейін қалпына
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды
сауықтыру) шеңберінде
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына
2-қосымша
№ Субсидиялау шарты
Астана қаласы «___»__________ 20___жыл
Бұдан әрі «Министрлік» деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі атынан «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, жауапты хатшысы және вице-министрлерінің арасында міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің _____ жылғы «___» ________ №____ бұйрығының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірде № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге сәйкес ететін Қаржы вице-министрі ________________бір тараптан, бұдан әрі «Компания» деп аталатын «Активтерді басқару және оңалту компаниясы» акционерлік қоғамы атынан Жарғының негізінде әрекет ететін Президент ________________________ екінші тараптан, бұдан әрі «Қаржы ұйымы» деп аталатын__________________ атынан _______________ негізінде әрекет ететін _________________ үшінші тараптан, және бұдан әрі «Қатысушы» деп аталатын _______________ атынан ______________, негізінде әрекет ететін _________________ төртінші тараптан, бірлесіп бұдан әрі «Тараптар», ал жекелеп алғанда «Тарап» деп аталатын, Сауықтыру кеңесінің 20__ жылғы «__» ____________ шешімін орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама), Бағдарлама шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес төмендегідей туралы осы Субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Сауықтыру кеңесі мақұлдаған сауықтыру жоспарының ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесіне сәйкес Қатысушының Қаржы ұйымына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақы, қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купон есебінде төлейтін шығындарды ішінара өтеуге арналған ақша қаражатын (бұдан әрі – сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау) Компанияның Қаржы ұйымына төлеуді жүзеге асыруы.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Министрлік:
1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап етуге;
2) Компаниядан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне Бағдарламаның пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу туралы ақпаратты талап етуге құқылы.
2.2. Министрлік:
1) Компанияның Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Компанияның есеп-шотына өтінімде көрсетілген мөлшерде ақша қаражатын аударуға;
2) Қатысушының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігінің төлем мерзімі өтіп кеткен бөлігін толық өтегені туралы Қаржы ұйымы хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Компанияның субсидияларды төлеуді жаңғыртатыны туралы жазбаша түрде хабарлауға;
3) Сауықтыру кеңесі Қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Компанияны сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауды тоқтату туралы жазбаша хабарлауға;
4) Қатысушы Бағдарламадан шығарылған жағдайда 5 жұмыс күні ішінде Тараптарға осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуге;
5) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізетін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
6) ай сайын Компаниямен осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін аударылған ақша қаражаты бойынша Салыстыру актісін жасауға;
7) мына:
Сауықтыру кеңесінің шешімі бойынша Қатысушы Бағдарламадан шығарылғанда;
Қатысушы кредиттер және (немесе) лизингтік операциялар бойынша негізгі қарызын мерзімінен ішінара (толық) бұрын өтеген, қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигацияларды мерзімінен бұрын толық сатып алған жағдайда субсидиялар төлеуді тоқтатуға міндетті.
2.3. Компания:
1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап етуге;
2) Қатысушы мен Қаржы ұйымынан сыйақыны өтеу кестесіне сәйкес өтеу жөніндегі қажетті құжаттар мен ақпаратты алуға құқылы.
2.4. Компания:
1) Қатысушының өтінімі негізінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компанияға ақша қаражатын өтеу кестесіне аударуға Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке өтінім жіберуге;
2) уәкілетті орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда қатысушылардан өтінімдердің түсуіне қарай Компанияның арнаулы ағымдағы шотына сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ақша қаражатын аванстық төлемдермен алдағы тоқсандағы айдың бірінші күніне дейінгі мерзімде тоқсан сайын Қаржы ұйымына аударуға;
3) Қаржы ұйымынан Қатысушының кредит бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесінде көрсетілген мерзімде уақтылы төлемегені туралы хабарламаны алған күні сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін Қаржы ұйымына төлеуді тоқтатуға және Министрлікті хабардар етуге;
4) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне Министрлікке Бағдарламаның субсидиялау бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу туралы ақпаратты ұсынуға;
5) ай сайын сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Министрліктен аударылған ақша қаражаты бойынша Салыстыру актісін жасауға;
6) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізетін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге міндетті.
2.5. Қаржы ұйымы:
Уәкілетті орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда осы Шарт шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ақша қаражатының уақтылы аударылуын Компаниядан талап етуге.
2.6. Қаржы ұйымы:
1) осы Шарт жасалған сәттен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған Компанияның арнаулы ағымдағы шотын ашуға;
2) өтеу кестесіне сәйкес сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компания аударатын ақша қаражатының нысаналы пайдалануын қамтамасыз етуге;
3) үш жұмыс күн ішінде Қатысушымен жасалған төлеу кестесімен бірге кредиттік шарттардың көшірмелерін беруге;
4) Қатысушы өтеу кестесіне сәйкес сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеген жағдайда, оның ішінде Қатысушының мерзімі өткен берешекті толық өтегенде, Компанияның арнаулы ағымдағы шотынан қаражатты уақтылы алуды қамтамасыз етуге;
5) Қатысушының осы өтеу кестесін орындағаны не бұзғаны туралы Компанияны өтеу кестесіне сәйкес төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;
6) Қатысушы кредит бойынша төлемді, оның ішінде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін, өтеу кестесінде көзделген мерзімде төлемеген жағдайда Компанияның ағымдағы арнаулы шотынан субсидиялау үшін ақша қаражатын Қатысушы берешегін өтегенге дейін алмауға және өтеу кестесі бойынша төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірмей Министрлік пен Компанияны хабардар етуге;
7) ай сайын сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін аударылған қаражат бойынша Компаниямен осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Салыстыру актісін жасауға;
8) Компанияға әр айдың 10 (оныншы) күніне осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау туралы ақпарат беруге;
9) Өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты Тараптардың талап етуі бойынша ұсынуға;
10) Қаржы ұйымының заңды мекенжайы, пошталық және банктік деректемелері, сондай-ақ іс жүзіндегі мекенжайы өзгерген кезде осындай өзгерістер туралы Тараптарға бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Хабардар етпеген және/немесе уақтылы хабардар етпеген жағдайда туындауы мүмкін салдарлар үшін Қаржы ұйымы жауапты болады;
11) осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тараптардың алдын-ала келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге;
12) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге міндетті.
2.7. Қатысушы:
Қаржы ұйымынан сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компанияның ақша қаражатының ағымдағы арнаулы шотынан ақша қаражатын шығарылуын қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
2.8. Қатысушы:
1) кредит бойынша төлемдерді, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесіне сәйкес уақтылы өтеуге;
2) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
3) өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты осы Шарт Тараптарының талаптары бойынша ұсынуға міндетті.
3. Шарттың қолданылу мерзімі
3.1. Осы Шарт 20___ жылғы «___» __________ бастап күшіне енеді және 20___ жылғы «___» __________ дейін қолданылады.
3.2. Осы Шартты Бағдарлама мен Қағидада көзделген жағдайларда біржақты тәртіппен Министрлік бұзуы мүмкін.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Форс-мажор
5.1. Тараптар осы Шарт бойынша, егер орындаудың мүмкін болмауы форс-мажорлық жағдаяттар (еңсерілмейтін күш), яғни осы жағдайларда төтенше және шарасыз жағдаяттар (сұрапыл апат, әскери іс-қимылдар және т.б.) салдарынан болса, өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
5.2. Форс-мажорлық (еңсерілмейтін күш) жағдаяттар басталған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін емес болған Тарап осындай жағдаяттар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Бұл ретте, форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының сипаты, әрекет ету кезеңі, пайда болу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
5.3. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тарап хабардар етпегендіктен немесе уақтылы хабардар етпегендіктен келтірілген шығындарды басқа Тараптарға өтеуге міндетті.
5.4. Форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімі олардың әрекет ету кезеңіне ұзартуды туындатады.
5.5. Егер осындай жағдаяттар қатарынан үш ай бойы жалғасатын болса, онда кез-келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұдан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
6. Дауларды шешу
6.1. Осы Шартты орындауға байланысты қандай да бір дау туындаған жағдайда Тараптардың кез-келгені келіссөздер жүргізу жолымен барлық дауларды реттеу үшін шаралар қабылдайды.
6.2. Егер туындаған дауды келіссөздер жүргізу жолымен шешу мүмкін болмаса, ол дау мен оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
7. Хат-хабарлар алмасу
7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабары жазбаша нысанда берілетін және осы Шартқа сәйкес қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарды қоспағанда, тапсырылғаны туралы белгімен Тараптар хат-хабарды алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаралатын болады.
7.2. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген кезде (хат-хабар егер ол бланкте ұсынылған және мөрмен бекітілген, оған басшы қойған кезде және тіркеу нөмірі, күні болса, сондай-ақ орындаушысы көрсетілсе, тиісінше ресімделген болып есептеледі), жеке қолға тапсырылса, пошта хабарлама беріле отырып, арнайы хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайы бойынша курьер байланысы арқылы жеткізілсе тиісінше ұсынылған және жіберілген болып есептеледі.
7.3. Осы Шарттың қолданылуы барысында Тараптардың жауапты тұлғалары екінші Тарапқа факсимильді байланыс және/немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық мазмұндағы хат-хабарды жіберуі мүмкін.
Бұл ретте жіберуші Тарап екінші Тарапқа хат-хабарды жібергенін растауға міндетті. Растама факсимильді байланыспен қабылдап алу туралы қабылдаушы тараптың белгісі бар барлық хат-хабардың мәтінін қоса беру жолымен жіберілген не ойдағыдай аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың үзіндісі болған кезде тиісті түрде жүзеге асырылған болып есептеледі.
8. Құпиялық
8.1. Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ осы Шарттың жасалуы мен орындалуы барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатындығына келіседі және осы Шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
8.2. Тараптар осы Шарттың құпиялығы мен талаптарын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды.
8.3. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты таратқан немесе жариялаған жағдайда осындай ақпаратты тарату салдарынан екінші Тарап артуы мүмкін залалды өтей отырып, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
9. Қорытынды ережелер
9.1. Компания мен Қаржы ұйымы Бағдарлама мен осы Шарт шеңберінде комиссия, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер алмайды.
9.2. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Шарт бойынша және осы Шарттың орындалуы үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
9.3. Егер төлем күні жұмыс емес немесе мереке күндеріне келген жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
9.4. Осы Шарт, осы Шарттың оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшасымен бірге осы Шарттың нысанасына байланысты Тараптардың толық өзара түсіністігін білдіреді.
9.5. Осы Шарт Тараптардың әрбірі үшін бірдей заңды күші бар ____ (____________) ұқсас данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (__________) данадан жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әр түрлі оқу туындаған жағдайда, осы Шарттың мемлекеттік тілдегі нұсқасына басымдық беріледі.
9.6. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Министрлік: |
Компания: |
Қаржы ұйымы: |
Қатысушы |
Дағдарыстан кейін қалпына
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды
сауықтыру) шеңберінде
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына
3-қосымша
________________________
________________________
(Уәкілетті орган)
Субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға арналған өтінім
«Активтерді басқару және оңалту компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде, ___________№____ Субсидиялау шартын орындау мақсатында, _____________________ (сома, валюта) Компанияның ағымдағы шотына мына деректемелер бойынша аударуды өтінеміз:
СТН ________________,
БCН ________________,
ЖCК ________________,
Банк атауы____________________________,
БCК __________________,
КБЕ ________
Басшы________________________________
20__жылғы «__»__________№__
Субсидиялау шартына
1-қосымша
Салыстыру актісі
_______________ қаласы 20__жылғы «__»__________
Біз, төменде қол қойғандар, __________________________ (Субсидиялау жөніндегі оператор) атынан оның басшысы _______________ (Т.А.Ә.) бір тараптан және __________________________ (Қаржы ұйымы/Министрлік) атынан оның басшы __________________ (Т.А.Ә.) екінші тараптан, __.____. 20__ жылғы № ______ Субсидиялау шарты шеңберіндегі өзара есеп айырысу __._______. 20__ жылғы жағдай бойынша төмендегідей екендігі туралы осы салыстыру актісін жасадық:
Субсидиялау жөніндегі оператордың мәліметі бойынша |
Қаржы ұйымының / Министрліктің деректері бойынша |
||||||
Күні |
Құжат |
Дебет |
Кредит |
Күні |
Құжат |
Дебет |
Кредит |
Кезеңнің басындағы сальдо |
|||||||
Қорытынды |
|||||||
Кезеңнің соңындағы сальдо |
Субсидиялау жөніндегі оператор Қаржы ұйымы/ Министрлік
Басшы м.о. Басшы м.о.
Күні Күні
Субсидиялау
шартына
2-қосымша
20____жылғы____ ___________жағдай бойынша Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпарат
Р/с |
Қаысушының атауы |
Субсидиялау шартының жасалған күні мен нөмірі |
Кредит сомасы тг |
Берешексомасының қалдығы тг |
Сыйақы ставкасы (%) |
Сыйакының субсидияланатынставкасы (%) |
Сыйакының субсидияланбайтын ставкасы (%) |
Қарыз алушының ай сайынғы жарнасы |
Субсидияланатын ставканың сомасы тг |
Субсидия ланбайтың ставканыңсомасы тг |
Оператордың нақтыаударғансубсидия сомасы тг |
||
Ай |
Негізгі |
Сыйақытөлемітг |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Субсидиялау жөніндегі оператор басшысы ______________ қолы_________
М.О. (Т.А.Ә.)