Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 Қаулысы

Жаңартылған

      «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының  7-2-тармағына және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
      2. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
      «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-2 жолмен толықтырылсын:
      «

4-2.

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасының жобасын әзірлеу.

Қаржымині

Қазақстан Республикасы ның Үкіметі қаулысының жобасы

2011 жылғы 2-тоқсан

                                                                ».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1031 қаулысымен  
бекітілген     

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «сауықтыру жоспары», «сауықтыру жоспарымен», «сауықтыру жоспарын» деген сөздер тиісінше «оңалту (сауықтыру) жоспары», «оңалту (сауықтыру) жоспарымен», «оңалту (сауықтыру) жоспарын» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасына (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес әзiрлендi және кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақының пайыздық ставкасын, облигациялар бойынша купонды субсидиялау тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      қатысушы – Сауықтыру кеңесінің оң қорытындысын алған әлеуетті қатысушы;
      оңалту (сауықтыру) жоспары – кредиторлардың талаптарын өтеу кестесін, сондай-ақ қол жеткізілетін нәтижелерді, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдерді қоса алғанда, іске асыру мерзімін көрсете отырып, жұмыс істейтін кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, біркелкі кредиторлар тобының арасындағы өзара келісудің негізінде жүзеге асырылатын және оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
      Сауықтыру кеңесі – мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган;
      Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      Сауықтыру кеңесінің қорытындысы – әлеуетті қатысушыны оңалту (сауықтыру) жоспарын талдауға негізделген және оны негізге алған Сауықтыру кеңесінің әлеуетті қатысушыны Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешімі;
      субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі – бұл субсидиялау жөніндегі оператордың қатысушының өтеу кестесін орындағаны және қаржы ұйымының субсидиялау үшін ақша қаражатын аударғаны туралы ақпаратты жинауы;
      субсидиялау жөнiндегi оператор – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлға, оған:
      кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар, облигациялар бойынша купонды субсидиялау шеңберiнде қаржы ұйымдарына (облигация ұстаушыға, қатысушыға) ақша қаражатын аудару;
      субсидиялау бөлiгiнде Бағдарламаның iске асырылуын мониторингілеу жөніндегі міндеттер жүктелген;
      субсидиялау шарты – уәкiлеттi органның, субсидиялау жөнiндегi оператордың, меншiк иесiнің (меншiк иелерiнің), қаржы ұйымының (облигацияларды ұстаушы) және қатысушының арасында жасалатын жазбаша келiсiм, оның талаптары бойынша субсидиялау жөнiндегi оператор қатысушы қаржы ұйымына кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақы, облигациялар бойынша купон ретiнде төлейтiн шығыстарды iшiнара өтеуге арналған ақшалай қаражатты аударады;
      субсидиялау – кредиттер және (немесе) лизингтік операциялар бойынша сыйақы, облигациялар бойынша купон ретінде қаржы ұйымының қатысушысы төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
      уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      қаржы ұйымы — қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      өтеу кестесi – субсидиялау жөнiндегi оператор аударатын және қаржы ұйымына қатысушы төлейтiн барлық төлем сомалары көрсетiлген, субсидиялау шартының ажырамас бөлiгi болып табылатын өтеу кестесi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 19.02.2014 № 117 қаулыларымен.
      3. Пайыздық ставканы субсидиялау кредиттер және/немесе лизингтік операциялар, облигациялар купоны бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, қаржыландыру туралы келісімдер 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және 2011 жылғы 1 қаңтардағы қарыздардың олар бойынша міндеттемелердің жалпы сомасы (не 2013 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 сәуір мерзімі арасында Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы) 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей туындаған бұрын қабылданған міндеттемелерді қайта қаржыландыру жағдайларынан басқа, 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрауы немесе одан артық болуы тиіс.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
      4. Субсидиялау Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      5. Субсидиялау, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша міндеттемелерді қоспағанда, қаржылай кредит берушiлердiң оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес қатысуышының мiндеттемелерiн қайта құрылымдаудың мiндеттiлiгi шарттарымен берiледi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      6. Субсидия алушылар бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
      7. Субсидиялау мерзімі субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап бес жылдан аспайды.
      8. Субсидия мөлшері - жылдық жеті пайызға дейін. Сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігінің мөлшері өтеу кестесінде көрсетіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      9. Субсидиялау өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған қатысушыларды субсидиялау оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін кредиторлар тарапынан көрсетілген шараларды (жүргізілген қайта құрылымдауды) ескере отырып, өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
     Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.05.2014 № 495 қаулысымен (29.12.2011 бастап қолданысқа енгізіледі).
      9-1. Облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде қаржы ұйымдарына қатысты осы Қағидалардың ережелері облигацияларды ұстаушыға қолданылады.
      Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша купонды субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      Ескерту. 1-бөлім 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

2. Бағдарлама шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау тәртібі

      10. Қатысушының кредит берушілер комитеті бекіткен қатысушының оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау туралы шешімді Сауықтыру кеңесі қабылдайды.
      11. Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы Сауықтыру кеңесі қатысушының оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау немесе оңалту (сауықтыру) жоспарын кері қайтару туралы шешім қабылдағаннан күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы Бағдарламаға сәйкес субсидиялау жөніндегі операторды жазбаша хабардар етеді.
      12. Қатысушы кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредит берушiлердiң талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмiн (оңалту рәсіміндегі қатысушыға қатысты оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сот ұйғарымы) алғаннан кейін субсидиялау жөнiндегi операторға Сауықтыру жөніндегі кеңестің оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау туралы шешiмiнiң, оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес жүргiзiлген қайта құрылымдауды ескере отырып, қатысушының қарыз алуын өтеу кестелерінің негiзiнде жасалған өтеу кестелерiн қоса алғанда, субсидиялау шартының жобасы көшiрмелерiн қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтiнiм бередi. Өтеу кестесіндегі субсидиялау сомалары мемлекеттің тарапынан қолдау шаралары ретінде оңалту (сауықтыру) жоспарында көрсетілген сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау көлеміне негізделе отырып, есептеледі. Бұл ретте, әрбір қатысушыға және кредиторға қатысты өтеу кестесінде көзделген субсидиялардың жалпы көлемі осы қатысушыға және кредиторға қатысты оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген субсидиялардың жалпы көлемінен аспауы тиіс.
      Субсидиялауға арналған өтiнiмді Бағдарламада белгiленген жағдайларда кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредит берушiлердiң талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмiн (оңалту рәсіміндегі қатысушыға қатысты оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сот ұйғарымы) ұсынбастан беруге болады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
      13. Қатысушы субсидиялауға өтiнiм берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның негiзiнде субсидиялау жөнiндегi оператор сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн, ал қатысушы – сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн төлейтiн өтеу кестесiн қоса бере отырып, субсидиялау шарты жасалады. Егер кредитор болып ислам банкі әрекет еткен жағдайда, субсидиялау шарты осы Қағидаға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. Субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап есептелген сыйақы субсидиялауға жатады. Қаржы ұйымы субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап бiр күн iшiнде облигациялар бойынша купонды субсидиялау, төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер туындаған және қаржы ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шоттарын ашуға (енгізуге) құқықтылығы болмаған жағдайлардан басқа, субсидиялау жөніндегі оператордың арнайы ағымдағы шотын ашады.
      Субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін оңалту (сауықтыру) жоспарына кейіннен Сауықтыру жөніндегі кеңесінде қараусыз және мақұлдаусыз кредиторлар комитетінің шешімімен бекітілетін субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесіндегі іс жүзінде көрсетілген соманы есепке ала отырып, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі. Бұл ретте, кредиторлар мен меншік иелері тарапынан шаралар азайтылуға жатпайды.
      Өтеу кестесiне субсидиялау шартына қосымша келiсiм жасау жолымен өзгерiстер мынадай:
      1) оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген;
      2) егер мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұлғайтылмаған жағдайда, оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзбей, кредит берушiлер мен меншiк иелерi тарапынан қосымша қолдау шаралары көрсетiлген жағдайда енгiзiлуi мүмкiн.
      Кредит және (немесе) лизингтік операциялар, облигациялар жөніндегі купон бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін төмендету түрінде кредиторлар тарапынан қосымша қолдау шаралары көрсетілген кезде өтеу кестесін өзгерту талап етілмейді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.05.2014 № 495 (29.12.2011 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      14. Субсидиялау жөнiндегi оператор Бағдарламаға қатысушы ұсынған субсидиялауға арналған өтiнiмнiң негiзiнде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға ақшалай қаражатты аударуға өтiнiмдi қалыптастырады және субсидиялау шарты жасалған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға бередi.
      Субсидиялау жөнiндегi оператордың өтiнiмi уәкiлеттi органға осы Қағиданың 22-1-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, алдағы үш айда қаржы ұйымына аударуға жататын сомаға берiледi. Төлемдерді қайта бастаған (жүзеге асырған) жағдайда, субсидиялауға өтінім қаржы ұйымына аударуға жататын, оның ішінде кредит және (немесе) лизингтік операциялар, облигациялар жөніндегі купон бойынша мерзімі өтіп кеткен төлемдер кезеңіндегі сомаға беріледі.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.05.2014 № 495 қаулыларымен.
      15. Уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның есеп шотына субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімінде көрсетілген мөлшерде субсидиялау үшін ақша қаражатын аударады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.05.2014 № 495 қаулысымен.
      16. Субсидиялау жөнiндегi оператор субсидиялау үшiн ақша қаражатын қаржы ұйымдарына арнайы ашылған ағымдағы шоттарға тоқсан сайын аванстық төлемдермен, алдағы тоқсандағы айдың бiрiншi күнiне дейiнгi мерзiмде, оның iшiнде уәкiлеттi органның ақша қаражатын уақтылы аударуы шартымен қатысушылардан өтiнiмдердiң түсуiне қарай аударады.
      Аталған тәртіп облигациялар бойынша купонды субсидиялауға, сондай-ақ төлем көзінен ұсталынатын салық бойынша міндеттемелер пайда болған және қаржы ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шоттарын ашуға (енгізуге) құқықтылы болмаған жағдайларға қолданылмайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
      17. Қатысушы кредит немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеген кезде өтеу кестесіне сәйкес қаржы ұйымы субсидиялау жөніндегі оператордың ағымдағы арнайы шотынан ақшалай қаражатты қатысушыдан төлем түскен күні сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне шығаруды жүзеге асырады.
      Қаржы ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шоттарын ашуға (енгізуге) құқықтылығы болмаған жағдайда, субсидиялау жөніндегі оператор ақшалай қаражатты қатысушының ағымдағы шотына өтеу кестесіне сәйкес мерзімде және мөлшерде аударады.
      Облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде субсидиялау жөніндегі оператор сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін қатысушының төлеуі туралы облигация ұстаушыдан жазбаша хабарлама алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ақшалай қаражатты уақтылы аударған жағдайда өтеу кестесіне сәйкес облигацияларды ұстаушының ағымдағы шотына ақшалай қаражатты аударады.
      Төлем көздерінен ұсталатын салық бойынша міндеттемелер пайда болған жағдайда кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар купоны бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау кезінде салықты есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агенті қатысушы болып табылады. Бұл ретте, субсидиялау жөніндегі оператор қатысушының ағымдағы шотына өтеу кестесіне сәйкес мерзімдерде және көлемінде ақша қаражатын аударады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
      18. Қаржы ұйымы субсидиялау жөніндегі операторға қатысушының төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес төлегені немесе қатысушының өтеу кестесін бұзғаны туралы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша хабардар етеді.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.
      19. Төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне келген жағдайда, төлем ол күннен кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
      20. Қатысушы кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар бойынша купон, оның ішінде өтеу кестесінде көрсетілген мерзімдерде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі бойынша төлемді төлемеген жағдайда:
      1) қаржы ұйымы қатысушы берешекті өтегенге дейін субсидиялау жөніндегі оператордың ағымдағы арнайы шотынан субсидиялау үшін (субсидиялау жөніндегі оператор облигацияларды ұстаушының немесе қатысушының ағымдағы шотына ақшалай қаражатты аударуды тоқтатады) ақшалай қаражатты есептен шығармайды және өтеу кестесі бойынша төлем жүргізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей бұл туралы субсидиялау жөніндегі операторға хабарлайды;
      2) кредит немесе лизингтiк операциялар бойынша ставканы субсидиялау кезiнде қатысушының кредит, лизингтiк операциялар бойынша төлемдi, оның iшiнде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде көрсетiлген мерзiмде төлемегенi туралы хабарламасын алған күнi субсидиялау жөнiндегi оператор қаржы ұйымының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн төлеудi тоқтата тұрады және ол туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi;
      3) облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезiнде - субсидиялау жөнiндегi оператор облигация ұстаушының қатысушының облигациялар жөнiндегi купон бойынша төлемдi, оның iшiнде өтеу кестесiнде көрсетiлген мерзiмдерде субсидияланбайтын бөлігін төлемегенi туралы хабарлама алған күнi бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi;
      4) қаржы ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шоттарын ашуға (енгізуге) құқықтылығы болмаған кезде – субсидиялау жөніндегі оператор қатысушы кредит, лизингтiк операциялар, оның iшiнде субсидияланбайтын бөлiгi бойынша төлемді өтеу кестесінде көрсетілген мерзімде төлемегені туралы қаржы ұйымынан хабарламаны алған күні, бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
      21. Қатысушы кредит, лизингтiк операциялар немесе облигациялар  жөнiндегi купон, оның iшiнде сыйақы мөлшермесінің субсидияланбайтын бөлiгi бойынша мерзiмi өткен төлемдердi өтеу кестесiне сәйкес толық төлеген жағдайда, қаржы ұйымы бұл туралы субсидиялау жөніндегі операторды мерзiмi өткен төлемдерді толық төлеген күннен кейінгі күннен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша хабардар етеді. Кейіннен субсидиялау жөніндегі оператор бұл туралы уәкілетті органды қаржы ұйымының хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмейтін мерзімде хабардар етеді.
      Уәкiлеттi орган субсидиялау жөнiндегi оператордан жазбаша хабарлама алған сәттен бастап оған сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгi бойынша төлемдерді қалпына келтірілгені туралы, оның ішінде кредит, лизингтiк операциялар немесе облигациялар жөнiндегi купон бойынша мерзiмi өтiп кеткен төлемдер кезеңі бойынша да жазбаша хабарлама жібереді.
      Бағдарламаның субсидиялау бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу барысында қатысушының күнтізбелік тоқсан күннен асатын кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар жөніндегі купон, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі бойынша мерзімі өткен төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес төлемегені анықталған жағдайда, өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған қатысушыларға субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырмау жағдайларынан басқа, субсидиялау жөніндегі оператор бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді, ол қатысушыны Бағдарламадан шығаруға бастамашылық жасайды.
      Сауықтыру кеңесінің қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешімінің негізінде Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы субсидиялау шартын бұзады және кредиторлардың кәсіпорынды банкрот деп тану туралы талап арыздарды беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінеді және оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде субсидиялауға, оның ішінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді бірлесіп қаржыландыруға тартылған бюджет қаражатын өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ банкроттау рәсіміне бастамашылық жасай алады.
      Кәсіпорынды банкрот деп таныған жағдайда, оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде субсидиялауға, оның ішінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді бірлесіп қаржыландыруға да тартылған бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке өндіріп алуға жатады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117;  16.05.2014 № 495 қаулыларымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
      22. Төлемдерді жаңғыртуды субсидиялау жөніндегі оператор қатысушы мерзімі өткен төлемдерді толық төлеген кезде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді жаңғыртуға уәкілетті органның жазбаша келісімін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      22-1. Егер қатысушының өтеу кестесін орындамауына байланысты субсидиялау жөніндегі оператордың арнайы есеп немесе ағымдағы шотында тұрған қаражат кезең ішінде қатысушының кредиті, лизингтiк операциялары немесе облигациялар жөнiндегi купоны бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға бағытталмаған жағдайда, субсидиялау жөніндегі оператор уәкілетті органның жазбаша келісімімен оларды кезекті кезеңге басқа қатысушылардың кредиті, лизингтiк операциялары немесе облигациялар жөнiндегi купоны бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға қайта бағыттайды. Уәкілетті орган қаражатты қайта бағыттауға келіскен жағдайда, субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға кезекті өтінім осы сомаға қысқартуға жатады.
      Ескерту. Қағида 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.
      23. Қатысушы кредит және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша негiзгi қарызды iшiнара (толық) мерзiмiнен бұрын өтеген кезде, облигацияларды iшiнара (толық) сатып алған жағдайда қаржы ұйымы бұл туралы субсидиялау жөнiндегi операторды және уәкiлеттi органды төлем жасалған жұмыс күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрмей хабардар етедi.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.
      24. Субсидиялауды тоқтату туралы шешiмдi Сауықтыру кеңесi қабылдайды.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      25. Субсидиялау мынадай:
      Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;
      қатысушы кредит және/немесе лизингтiк операциялар бойынша негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын iшiнара (толық) өтеген, облигацияларды мерзiмнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.
      26. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді тоқтату туралы жазбаша хабардар етеді және субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына және бес жұмыс күні ішінде қатысушыға субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Дағдарыстан кейін қалпына 
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды  
сауықтыру) шеңберінде   
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына  
1-қосымша       

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

20 жылғы «____» ____________

Кімге: _________________________________________________
           (Субсидиялау жөніндегі оператордың атауы)

Кімнен: ________________________________________________
                 (Қатысушының толық атауы)

1

Қатысушы туралы мәліметтер


1.1

Атауы


1.2

Толық пошталық (заңды) мекенжайы


1.3

Байланыс телефондары


1.4

СТН


1.5

Банктік деректемелері


1.6

Қатысушыны Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) енгізу туралы Сауықтыру кеңесі қорытындысының күні мен нөмірі


1.7

Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялаудың жалпы сомасы оңалтудың (сауықтырудың) барлық кезеңіне арналған өтеу кестесіне сәйкес (валюта)


2

Қаржы ұйымы/облигацияларды ұстаушылар туралы мәлiметтер


2.1

Атауы


2.2

Толық пошталық (заңды) мекенжайы


2.3

Байланыс телефондары


2.4

СТН


2.5

Банктік деректемелері


2.6

Қарыз (лизинг) шартының нөмірі мен күні/облигацияларды шығару проспектісі


3

Өтінімге қосымша

3.1

Қатысушының оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау туралы Сауықтыру кеңесі шешімнің көшірмесі

3.2

Оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес жүргізілген қайта құрылымдауды ескере отырып, қатысушының қарыздарын өтеу кестелері негізінде жасалған өтеу кестесін қоса алғанда, субсидиялау шартының жобасы



Қатысушының бірінші басшысының ________________________________
Т.А.Ә. мен қолы

Өтінім берілген күн     
«__»_____________20___ ж.

М.О.

Өтінімнің қабылданған күні «__»_____________20__ж.
 
Өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә.  ________________________
мен телефон нөмірі

Дағдарыстан кейін қалпына 
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды  
сауықтыру) шеңберінде   
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына  
2-қосымша        

№   Субсидиялау шарты

Астана қаласы                              «___»__________ 20___жыл

      Бұдан әрi «Министрлiк» деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi атынан «Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, жауапты хатшысы және вице-министрлерiнiң арасында мiндеттер мен өкiлеттiктердi бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң _____ жылғы «___» ________ №____ бұйрығының негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегі № 387 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеге сәйкес әрекет ететiн Қаржы вице-министрi ________________ бiр тараптан, сондай-ақ бұдан әрi «Компания» деп аталатын «Активтердi басқару және оңалту компаниясы» акционерлiк қоғамы атынан Жарғының негiзiнде әрекет ететiн Президент ________________________ екiншi тараптан, бұдан әрi «Қаржы ұйымы» (Облигацияларды ұстаушы) деп аталатын__________________ атынан _______________ негiзiнде әрекет ететiн _________________ үшiншi тараптан, және бұдан әрi «Меншік иесі» деп аталатын _______________ атынан ______________, негiзiнде әрекет ететiн _________________ төртiншi тараптан және бұдан әрi «Қатысушы» деп аталатын _______________ атынан ______________, негiзiнде әрекет ететiн _________________ бесінші тараптан, бiрлесiп бұдан әрi «Тараптар», ал жекелеп алғанда «Тарап» деп аталатын, Сауықтыру кеңесiнiң 20__ жылғы «__» ____________ шешiмiн орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасына (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi – Бағдарлама), Бағдарлама шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасына (бұдан әрi - Қағида) сәйкес төмендегiлер туралы осы Субсидиялау шартын (бұдан әрi – Шарт) жасасты:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын өтеу кестесiне сәйкес қатысушының қаржы ұйымына (облигацияларды ұстаушыға) кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақы, облигациялар бойынша купон ретiнде төлейтiн шығыстарды iшiнара өтеуге арналған ақша қаражатын (бұдан әрi – сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау) компанияның қаржы ұйымына (облигацияларды ұстаушыға немесе қатысушыға) төлеудi жүзеге асыруы.
      Ескерту. 1.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Министрлік:
      1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап етуге;
      2) Компаниядан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне Бағдарламаның пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу туралы ақпаратты талап етуге құқылы.
      2.2. Министрлік:
      1) Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Компанияның өтінімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Компанияның есеп шотына өтінімде көрсетілген мөлшерде ақша қаражатын аударуға;
      2) Қатысушының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiнiң төлеу мерзiмi өткен бөлiгiн толық көлемде өтегенi туралы қаржы ұйымы (облигацияларды ұстаушы) хабарлаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде компанияның субсидиялар төлеудi жаңартатыны туралы жазбаша түрде хабарлауға;
      3) Сауықтыру кеңесі Қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Компанияны сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауды тоқтату туралы жазбаша хабарлауға;
      4) Қатысушы Бағдарламадан шығарылған жағдайда 5 жұмыс күні ішінде Тараптарға осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуге;
      5) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізетін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен;
      7) мынадай:
      Сауықтыру кеңесiнiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;
      қатысушы кредиттер және (немесе) лизингтік операциялар бойынша негiзгi берешегін толық (мерзiмiнен бұрын толық) өтеген, облигацияларды мерзiмiнен бұрын толық сатып алған жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтатуға мiндеттi.
      Ескерту. 2.2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 16.05.2014 № 495 қаулыларымен.
      2.3. Компания:
      1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап етуге;
      2) Қатысушы мен Қаржы ұйымынан (облигацияларды ұстаушыдан) өтеу кестесiне сәйкес сыйақыны өтеу жөнiндегi қажеттi құжаттар мен ақпаратты алуға құқылы.
      Ескерту. 2.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      2.4. Компания:
      1) Қатысушының өтінімі негізінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компанияға ақша қаражатын өтеу кестесіне аударуға Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке өтінім жіберуге;
      2) кредит немесе лизингтік операциялар бойынша ставканы субсидиялау кезінде - уәкiлеттi орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда, қатысушылардан өтiнiмдердiң түсуiне қарай Компанияның арнаулы ағымдағы шотына сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшiн ақша қаражатын тоқсан сайын алдағы тоқсандағы айдың бiрiншi күнiне дейiнгi мерзiмде аванстық төлемдермен Қаржы ұйымына аударуға;
      облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде – уәкілетті орган ақшалай қаражатты уақтылы аударған жағдайда Қатысушының облигацияны ұстаушысының арнайы ағымдағы шотына сыйақының пайыздық ставкасын субсидияланбайтын бөлігін кестеге сәйкес мерзімде және мөлшерде төлегенде сонымен қатар Қатысушымен толық көлемде мерзімі асып кеткен қарызды төлегені үшін ай сайын ақшалай қаражатты аударуға;
      2-1) кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар купоны бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау кезінде төлем көзінен ұсталатын салық бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, Министрліктен ақша қаражаты уақтылы түскен кезде өтеу кестесіне сәйкес қатысушының ағымдағы шотына сыйақы ставкасын субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға;
      2-2) қаржы ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шоттарын ашуға (енгізуге) құқықтылығы болмаған жағдайда, қатысушының ағымдағы шотына сыйақы ставкасын субсидиялау үшін ақшалай қаражатты Министрліктен ақшалай қаражат уақтылы түскен кезде өтеу кестесіне сәйкес аударуға;
      3) қаржы ұйымынан (облигациялар ұстаушыдан) қатысушының кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар жөніндегі купон бойынша төлемді, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесінде көрсетілген мерзімде уақтылы төлемегені туралы хабарламаны алған күні сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн қаржы ұйымына (облигациялар ұстаушыға немесе қатысушыға) төлеуді тоқтатуға және Министрлiктi хабардар етуге;
      4) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне Министрлiкке Бағдарламаны іске асыру шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпаратты осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуға;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен;
      6) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізетін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге міндетті.
      Ескерту. 2.4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 19.02.2014 № 117 қаулыларымен.
      2.5 Қаржы ұйымы (Облигациялар ұстаушы):
      Уәкілетті орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда осы Шарт шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ақша қаражатының уақтылы аударылуын Компаниядан талап етуге.
      Ескерту. 2.5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      2.6 Қаржы ұйымы (Облигациялар ұстаушы):
      1) кредит немесе лизингтік операциялар бойынша ставканы субсидиялау кезінде - осы Шарт жасалған сәттен бастап келесi жұмыс күнінен кешiктiрмей сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған Компанияның арнаулы ағымдағы шотын ашуға;
      облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде - осы Шарт жасалған сәттен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған өзінің арнаулы ағымдағы шотын екінші деңгейдегі банкте ашуға;
      1-1) Компанияның ашылатын (ашу, қызмет көрсету, енгізу) арнаулы ағымды шоты үшін Компаниядан комиссиялар, алымдар және (немесе) басқа төлемдер алмауға;
      2) өтеу кестесіне сәйкес сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компания аударатын ақша қаражатының нысаналы пайдалануын қамтамасыз етуге;
      2-1) сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеуге арналған Компанияның ақшалай қаражаты есебінен сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеуді жүргізбеуге;
      3) үш жұмыс күн ішінде Қатысушымен жасалған төлеу кестесімен бірге кредиттік шарттардың көшірмелерін беруге;
      4) Қатысушы өтеу кестесіне сәйкес мерзімде және мөлшерде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн төлеген кезде, оның iшiнде Қатысушы мерзiмi өткен берешектi толық өтеген кезде, Компанияның арнаулы ағымдағы шотынан ақшалай қаражатты уақтылы есептен шығаруды қамтамасыз етуге;
      5) Қатысушының осы өтеу кестесін орындағаны не бұзғаны туралы Компанияны өтеу кестесіне сәйкес төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;
      6) Қатысушы кредит бойынша төлемдi, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде көрсетілген мерзiмде төлемеген жағдайда, Компанияның арнаулы ағымдағы шотынан субсидиялау үшiн ақша қаражатын Қатысушы берешегiн өтегенге дейiн алмауға және өтеу кестесi бойынша төлем күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрмей Компанияны хабардар етуге;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 қаулысымен;
      8) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Компанияға есепті айға пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпаратты осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуға;
      9) Өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты Тараптардың талап етуі бойынша ұсынуға;
      10) Қаржы ұйымының (облигациялар ұстаушының) заңды мекенжайы, пошталық және банктiк деректемелерi, сондай-ақ iс жүзiндегi мекенжайы өзгерген кезде осындай өзгерiстер туралы тараптарға бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Хабардар етпеген және (немесе) уақтылы хабардар етпеген жағдайда туындауы мүмкiн салдарлар үшiн Қаржы ұйымы (облигациялар ұстаушы) жауапты болады;
      11) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен;
      12) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      13. Қатысушыға оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген қолдау шараларын ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 2.6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016; 19.02.2014 № 117 қаулыларымен.
      2.6-1. Меншік иесі:
      1) Қатысушыға оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген қолдау шараларын ұсынуға;
      2) осы Шарттың талаптарын орындауға әсер етуге қабілетті барлық жағдайлар туралы осы Шарттың Тараптарына уақтылы хабарлауға;
      3) осы Шарт Тараптарының талабы бойынша өтеу кестесін орындауға байланысты қажетті барлық құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 2.6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02  № 1016 Қаулысымен.
      2.7. Қатысушы:
      Қаржы ұйымынан сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компанияның ақша қаражатының ағымдағы арнаулы шотынан ақша қаражатын шығарылуын қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
      2.8. Қатысушы:
      1) кредит бойынша төлемдерді, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесіне сәйкес уақтылы өтеуге;
      1-1) кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар бойынша купон бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, қаржы ұйымына немесе облигацияларды ұстаушыға өтеу кестесінде көзделген ақшалай қаражатты, оның ішінде Компаниядан алынған, сыйақы ставкасын субсидиялауға арналған сомаларды аударуға. Ақшалай қаражат төлем көзінен ұсталатын салықтар шегеріліп, төлем кестесіне сәйкес аударылады;
      1-2) қаржы ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шоттарын ашуға (енгізуге) құқықтылығы болмаған кезде өтеу кестесімен көзделген ақшалай қаражатты, оның ішінде Компаниядан алынған сыйақы ставкасын субсидиялауға арналған сомаларды қаржы ұйымына аударуға;
      2) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      3) өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты осы Шарт Тараптарының талаптары бойынша ұсынуға;
      4) Сауықтыру кеңесі Қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде тартылған ақшалай қаражатты республикалық бюджетке отыз күн мерзімде қайтаруға;
      5) кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар бойынша купон бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салық агенті болуға міндетті.
      Ескерту. 2.8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 19.02.2014 № 117 қаулыларымен.

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      3.1. Осы Шарт 20___ жылғы «___» __________ бастап күшіне енеді және 20___ жылғы «___» __________ дейін қолданылады.
      3.2. Осы Шартты Бағдарлама мен Қағидада көзделген жағдайларда біржақты тәртіппен Министрлік бұзуы мүмкін.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

      5.1. Тараптар осы Шарт бойынша, егер орындаудың мүмкін болмауы форс-мажорлық жағдаяттар (еңсерілмейтін күш), яғни осы жағдайларда төтенше және шарасыз жағдаяттар (сұрапыл апат, әскери іс-қимылдар және т.б.) салдарынан болса, өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      5.2. Форс-мажорлық (еңсерілмейтін күш) жағдаяттар басталған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін емес болған Тарап осындай жағдаяттар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Бұл ретте, форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының сипаты, әрекет ету кезеңі, пайда болу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      5.3. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тарап хабардар етпегендіктен немесе уақтылы хабардар етпегендіктен келтірілген шығындарды басқа Тараптарға өтеуге міндетті.
      5.4. Форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімі олардың әрекет ету кезеңіне ұзартуды туындатады.
      5.5. Егер осындай жағдаяттар қатарынан үш ай бойы жалғасатын болса, онда кез-келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұдан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6. Дауларды шешу

      6.1. Осы Шартты орындауға байланысты қандай да бір дау туындаған жағдайда Тараптардың кез-келгені келіссөздер жүргізу жолымен барлық дауларды реттеу үшін шаралар қабылдайды.
      6.2. Егер туындаған дауды келіссөздер жүргізу жолымен шешу мүмкін болмаса, ол дау мен оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі. Егер туындаған дау тарапының бір жағынан халықаралық қаржы ұйымдары мен институттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының резиденті емес болған жағдайда, онда осындай дау Халықаралық Төреліктің қарауына жіберілуі мүмкін. Халықаралық Төреліктің таңдауы тараптардың жазбаша келісімімен айқындалады. Резиденттер арасындағы дауды Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
      Ескерту. 6.2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.

7. Хат-хабарлар алмасу

      7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабары жазбаша нысанда берілетін және осы Шартқа сәйкес қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарды қоспағанда, тапсырылғаны туралы белгімен Тараптар хат-хабарды алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаралатын болады.
      7.2. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген кезде (хат-хабар егер ол бланкте ұсынылған және мөрмен бекітілген, оған басшы қойған кезде және тіркеу нөмірі, күні болса, сондай-ақ орындаушысы көрсетілсе, тиісінше ресімделген болып есептеледі), жеке қолға тапсырылса, пошта хабарлама беріле отырып, арнайы хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайы бойынша курьер байланысы арқылы жеткізілсе тиісінше ұсынылған және жіберілген болып есептеледі.
      7.3. Осы Шарттың қолданылуы барысында Тараптардың жауапты тұлғалары екінші Тарапқа факсимильді байланыс және/немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық мазмұндағы хат-хабарды жіберуі мүмкін.
      Бұл ретте жіберуші Тарап екінші Тарапқа хат-хабарды жібергенін растауға міндетті. Растама факсимильді байланыспен қабылдап алу туралы қабылдаушы тараптың белгісі бар барлық хат-хабардың мәтінін қоса беру жолымен жіберілген не ойдағыдай аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың үзіндісі болған кезде тиісті түрде жүзеге асырылған болып есептеледі.

8. Құпиялық

      8.1. Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ осы Шарттың жасалуы мен орындалуы барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатындығына келіседі және осы Шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
      8.2. Тараптар осы Шарттың құпиялығы мен талаптарын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды.
      8.3. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты таратқан немесе жариялаған жағдайда осындай ақпаратты тарату салдарынан екінші Тарап артуы мүмкін залалды өтей отырып, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

9. Қорытынды ережелер

      9.1. Компания мен Қаржы ұйымы Бағдарлама мен осы Шарт шеңберінде комиссия, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер алмайды.
      9.2. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Шарт бойынша және осы Шарттың орындалуы үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
      9.3. Егер төлем күні жұмыс емес немесе мереке күндеріне келген жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
      9.4. Осы Шарт, осы Шарттың оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшасымен бірге осы Шарттың нысанасына байланысты Тараптардың толық өзара түсіністігін білдіреді.
      9.5. Осы Шарт Тараптардың әрбірі үшін бірдей заңды күші бар ____ (____________) ұқсас данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (__________) данадан жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әр түрлі оқу туындаған жағдайда, осы Шарттың мемлекеттік тілдегі нұсқасына басымдық беріледі.
      9.6. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

      Ескерту. 10-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

Министрлiк:

Компания:

Қаржы ұйымы (облигациялар ұстаушы):

Меншік иесі:

Қатысушы:






      Ескертпе:
      Субсидиулаудың мәні мен тәртібіне негізделе отырып, субсидиялау шарты оны жасау кезінде түзетуге жатады.
      Ескерту. Ескертпе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.

20__жылғы «__»__________№__
Субсидиялау шартына  
1-қосымша      

Салыстыру актісі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

Субсидиялау
      шартына
      2-қосымша

Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) іске асыру шеңберінде 20___ жылғы ___________ пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

№ р/б

Қатысушының атауы

Субсидилау шартының нөмірі және жасалған күні

Сыйақы ставкасы (%) (5-бағ.+бағ.)

Субсидияланатын сыйақы ставкасы (%)

Субсидияланбайтын сыйақы ставкасы (%)

Есепті айдың соңына негізгі берешек қалдығы/Есепті айдың соңына орналастырылған облигациялардың номиналдық құны

Есепті айда өтелетін негізгі борыш сомасы/Есепті айда сатып алынатын облигациялардың номиналдық құны

Есепті айда Қатысушы іс-жүзінде аударған сома

Есепті айға сыйақының субсидияланбаған ставкасының сомасы (тг)

Есепті айға сыйақының субсидияланған ставкасының сомасы (тг)

Есепті айға Субсидиялау жөніндегі оператордың іс-жүзінде аударған субсидия сомасы (тг)

Есепті айға сыйақының іс жүзінде субсидияланған сомасы (тг)

Негізгі борышты төлеу/Сатып алынған облигациялардың номиналдық құны (тг)

Сыйақының субсидияланбаған ставкасын төлеу (тг)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Басшы ______________________________              ___________________
М.О.         (Аты-жөні, тегі)                            (қолы)

Дағдарыстан кейін қалпына 
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды  
сауықтыру) шеңберінде   
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына  
2-1-қосымша        

      Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.

№ Субсидиялау шарты

Астана қаласы                               «___» __________ 20__ жыл

      Бұдан әрi «Министрлiк» деп аталатын Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi атынан «Қазақстан Республикасының Қаржы министрi,
жауапты хатшысы және вице-министрлерiнiң арасында мiндеттер мен
өкiлеттiктердi бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
_____ жылғы «___» ________ № ____ бұйрығының негiзiнде, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегі № 387
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы
ережеге сәйкес әрекет ететiн Қаржы вице-министрi ________________ бiр
тараптан, сондай-ақ бұдан әрi «Компания» деп аталатын «Активтердi
басқару және оңалту компаниясы» акционерлiк қоғамы атынан Жарғының
негiзiнде әрекет ететiн президент ________________________ екiншi
тараптан, бұдан әрi «Қаржы ұйымы» деп аталатын __________________
атынан _______________ негiзiнде әрекет ететiн _________________
үшiншi тараптан, бұдан әрi «Меншік иесі» деп аталатын _______________
атынан ______________ негiзiнде әрекет ететiн _________________
төртiншi тараптан және бұдан әрi «Қатысушы» деп аталатын
_______________ атынан ______________ негiзiнде әрекет ететiн
_________________ бесінші тараптан, бiрлесiп «Тараптар», ал жекелеп
алғанда «Тарап» деп аталатын, Сауықтыру кеңесiнiң 20__ жылғы «___»
____________ шешiмiн орындау үшiн және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген
Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасына (бәсекеге қабiлеттi
кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi – Бағдарлама), Бағдарлама
шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасына (бұдан
әрi - Қағида) сәйкес төмендегiлер туралы осы Субсидиялау шартын
(бұдан әрi – Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын өтеу кестесiне
сәйкес қатысушының қаржы ұйымына қаржы шарттары бойынша үстеме баға
ретiнде төлейтiн шығыстарды iшiнара өтеуге арналған ақша қаражатын
(бұдан әрi – үстеме бағаны субсидиялау) компанияның қаржы ұйымына
төлеудi жүзеге асыруы.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Министрлік:
      1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап
етуге;
      2) Компаниядан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне
Бағдарламаның үстеме бағасын субсидиялау бөлігінде іске асырылуын
мониторингілеу туралы ақпаратты талап етуге құқылы.
      2.2. Министрлік:
      1) Компанияның Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтінімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Компанияның
есеп-шотына өтінімде көрсетілген мөлшерде ақша қаражатын аударуға;
      2) Қатысушының үстеме бағаның субсидияланбайтын бөлiгiнiң төлеу
мерзiмi өткен бөлiгiн толық көлемде өтегенi туралы Компания
хабарлаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Компанияның
субсидиялар төлеудi жаңартатыны туралы жазбаша хабарлауға;
      3) Сауықтыру кеңесі Қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы
шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Компанияға
үстеме бағаны субсидиялауды тоқтату туралы жазбаша хабарлауға;
      4) Қатысушы Бағдарламадан шығарылған жағдайда бес жұмыс күні
ішінде Тараптарға осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуге;
      5) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізуі мүмкін
барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар
етуге;
      6) мынадай:
      Сауықтыру кеңесiнiң шешiмi бойынша Қатысушы Бағдарламадан
шығарылған;
      Қатысушы қаржыландыру шарттары бойынша негiзгi борышын толық
(мерзiмiнен бұрын толық) өтеген жағдайларда субсидиялар төлеуді
тоқтатуға мiндеттi.
      2.3. Компания:
      1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап
етуге;
      2) Қатысушы мен қаржы ұйымынан өтеу кестесіне сәйкес үстеме
бағаны төлеу жөнiндегi қажеттi құжаттар мен ақпаратты сұратуға
құқылы.
      2.4. Компания:
      1) өтеу кестесіне сәйкес Қатысушының өтінімі негізінде үстеме
бағаны субсидиялау үшін Компанияға ақша қаражатын аударуға Қағидаға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке өтінім жіберуге;
      2) уәкiлеттi орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда,
Қатысушылардан өтiнiмдердiң түсуiне қарай Компанияның арнаулы
ағымдағы шотына үстеме бағаны субсидиялау үшiн ақша қаражатын тоқсан
сайын, алдағы тоқсандағы айдың бiрiншi күнiне дейiнгi мерзiмде
аванстық төлемдермен Қаржы ұйымына аударуға;
      3) қаржыландыру шарттары бойынша үстеме бағаны субсидиялау
кезінде төлем көзінен ұсталатын салық бойынша міндеттемелер туындаған
жағдайда, Министрліктен ақша қаражаты уақтылы түскен жағдайда өтеу
кестесіне сәйкес қатысушының ағымдағы шотына үстеме бағаны
субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға;
      4) қаржы ұйымынан қатысушының қаржыландыру шарттары бойынша
төлемді, оның iшiнде үстеме бағаның субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу
кестесінде көрсетілген мерзімде уақтылы төлемегені туралы хабарламаны
алған күні үстеме бағаның субсидияланатын бөлiгiн қаржы ұйымына
төлеуді тоқтата тұруға және Министрлiктi хабардар етуге;
      5) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне Министрлiкке
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялау
туралы ақпаратты осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуға;
      6) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізуі мүмкін
барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар
етуге міндетті.
      2.5 Қаржы ұйымы:
      уәкілетті орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда, осы
шарт шеңберінде үстеме бағаны субсидиялау үшін ақша қаражатының
уақтылы аударылуын Компаниядан талап етуге құқылы.
      2.6 Қаржы ұйымы:
      1) осы шарт жасалған сәттен бастап келесi жұмыс күнінен
кешiктiрмей үстеме бағаны субсидиялауға арналған Компанияның арнаулы
ағымдағы шотын ашуға;
      2) Компанияның ашылатын арнаулы ағымды шоты үшін (ашу, қызмет
көрсету, енгізу) Компаниядан комиссиялар, алымдар және (немесе) басқа
төлемдер алмауға;
      3) өтеу кестесіне сәйкес үстеме бағаны субсидиялау үшін
Компания аударатын ақша қаражатының нысаналы пайдалануын қамтамасыз
етуге;
      4) үстеме бағаның субсидияланатын бөлігін өтеуге арналған
Компанияның ақшалай қаражаты есебінен үстеме бағаның
субсидияланбайтын бөлігін өтеуді жүргізбеуге;
      5) үш жұмыс күн ішінде Қатысушылармен жасалған төлем
кестелерімен бірге қаржыландыру шарттарының көшірмелерін беруге;
      6) Қатысушы өтеу кестесіне сәйкес мерзімде және мөлшерде үстеме
бағаның субсидияланбайтын бөлiгiн төлеген кезде, оның iшiнде Қатысушы
мерзiмi өткен берешектi толық өтеген кезде, Компанияның арнаулы
ағымдағы шотынан ақшалай қаражатты уақтылы есептен шығаруды
қамтамасыз етуге;
      7) Қатысушының өтеу кестесін орындағаны не бұзғаны туралы
Компанияны өтеу кестесіне сәйкес төлем күнінен кейінгі күннен
кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;
      8) Қатысушы қаржыландыру шарттары бойынша төлемдi, оның iшiнде
үстеме бағаның субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде көрсетілген
мерзiмде төлемеген жағдайда, Компанияның арнаулы ағымдағы шотынан
субсидиялау үшiн ақша қаражатын Қатысушы берешегiн өтегенге дейiн
алмауға және өтеу кестесi бойынша төлем күнiнен кейiнгi күннен
кешiктiрмей Компанияны хабардар етуге;
      9) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай
Компанияға есепті айға пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпаратты
осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуға;
      10) өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті
құжаттар мен ақпаратты осы Шарт Тараптарының талап етуі бойынша
ұсынуға;
      11) Қаржы ұйымының заңды мекенжайы, пошталық және банктiк
деректемелерi, сондай-ақ нақты мекенжайы өзгерген кезде осындай
өзгерiстер туралы тараптарға бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде
хабарлауға мiндеттi. Хабардар етпеген және (немесе) уақтылы хабардар
етпеген жағдайда, туындауы мүмкiн салдарлар үшiн Қаржы ұйымы жауапты
болады;
      12) осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді осы Шарттың
қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тараптардың алдын-ала
келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге;
      13) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық
мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      14) Қатысушыға оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген қолдау
шараларын ұсынуға міндетті.
      2.7. Меншік иесі:
      1) Қатысушыға оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген қолдау
шараларын ұсынуға;
      2) осы Шарттың талаптарын орындауға әсер етуге қабілетті барлық
жағдайлар туралы осы Шарттың Тараптарына уақтылы хабарлауға;
      3) осы Шарт Тараптарының талабы бойынша өтеу кестесін орындауға
байланысты қажетті барлық құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.
      2.8. Қатысушы:
      Қаржы ұйымынан үстеме бағаны субсидиялау үшін Компанияның ақша
қаражатының ағымдағы арнаулы шотынан ақша қаражатының шығарылуын
қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
      2.9. Қатысушы:
      1) қаржыландыру шарттары бойынша төлемдерді, оның ішінде үстеме
бағаның субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесіне сәйкес уақтылы
өтеуге;
      2) қаржыландыру шарттары бойынша үстеме бағаны субсидиялау
кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер
туындаған жағдайда, қаржы ұйымына немесе облигацияларды ұстаушыға
өтеу кестесінде көзделген ақшалай қаражатты, оның ішінде Компаниядан
алынған, үстеме бағаны субсидиялауға арналған сомаларды аударуға.
Ақшалай қаражат төлем көзінен ұсталатын салықтар шегеріліп, өтеу
кестесіне сәйкес аударылады;
      3) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық
мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      4) өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті
құжаттар мен ақпаратты осы Шарт Тараптарының талаптары бойынша
ұсынуға;
      5) Сауықтыру кеңесі Қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы
шешім қабылдаған жағдайда, үстеме бағаны субсидиялауға арналған
оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде тартылған ақшалай
қаражатты республикалық бюджетке отыз күндік мерзімде қайтаруға;
      6) қаржыландыру шарттары бойынша үстеме бағаны субсидиялау
кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер
туындаған жағдайда, төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстап
қалу және аудару бойынша салық агенті болуға міндетті.

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      3.1. Осы Шарт 20__ жылғы «___» __________ бастап күшіне енеді
және 20___ жылғы «___» __________ дейін қолданылады.
      3.2. Осы Шартты Бағдарлама мен Қағидада көзделген жағдайларда
біржақты тәртіппен Министрлік бұзуы мүмкін.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын
міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін
осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты
болады.

5. Форс-мажор

      5.1. Тараптар осы Шарт бойынша, егер орындаудың мүмкін болмауы
форс-мажорлық жағдаяттар (еңсерілмейтін күш), яғни осы жағдайларда
төтенше және шарасыз жағдаяттар (сұрапыл апат, әскери іс-қимылдар
және т.б.) салдарынан болса, өз міндеттемелерін орындамағаны не
тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      5.2. Форс-мажорлық (еңсерілмейтін күш) жағдаяттар басталған
кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін емес болған
Тарап осындай жағдаяттар туралы басқа Тараптарды олар басталған
сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Бұл ретте,
форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының сипаты, әрекет ету
кезеңі, пайда болу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті
құжаттарымен расталуы тиіс.
      5.3. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тарап хабардар
етпегендіктен немесе уақтылы хабардар етпегендіктен келтірілген
шығындарды басқа Тараптарға өтеуге міндетті.
      5.4. Форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының басталуы осы
Шарттың қолданылу мерзімі олардың әрекет ету кезеңіне ұзартуды
туындатады.
      5.5. Егер осындай жағдаяттар қатарынан үш ай бойы жалғасатын
болса, онда кез-келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұдан
әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6. Дауларды шешу

      6.1. Осы Шартты орындауға байланысты қандай да бір дау
туындаған жағдайда, Тараптардың кез-келгені келіссөздер жүргізу
жолымен барлық дауларды реттеу үшін шаралар қабылдайды.
      6.2. Егер туындаған дауды келіссөздер жүргізу жолымен шешу
мүмкін болмаса, ол дау мен оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

7. Хат-хабарлар алмасу

      7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез
келген хат-хабары жазбаша нысанда берілетін және осы Шартқа сәйкес
қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарды қоспағанда,
тапсырылғаны туралы белгімен Тараптар хат-хабарды алған сәттен бастап
күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаралатын болады.
      7.2. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген кезде (хат-хабар егер
ол бланкте ұсынылған және мөрмен бекітілген, оған басшы қол қойған
кезде және тіркеу нөмірі, күні болса, сондай-ақ орындаушысы
көрсетілсе, тиісінше ресімделген болып есептеледі), жеке қолға
тапсырылса, пошта немесе қатысушы Тараптың мекенжайы бойынша курьер
байланысы арқылы жеткізілсе, тиісінше ұсынылған және жіберілген болып
есептеледі.
      7.3. Осы Шарттың қолданылуы барысында Тараптардың жауапты
тұлғалары екінші Тарапқа факсимильді байланыс және/немесе электрондық
пошта арқылы ақпараттық мазмұндағы хат-хабарды жіберуі мүмкін.
      Бұл ретте жіберуші Тарап екінші Тарапқа хат-хабарды жібергенін
растауға міндетті. Растама факсимильді байланыспен қабылдап алу
туралы қабылдаушы тараптың белгісі бар барлық хат-хабардың мәтінін
қоса беру жолымен жіберілген не ойдағыдай аяқталғаны туралы
факсимильді аппараттың үзіндісі болған кезде тиісті түрде жүзеге
асырылған болып есептеледі.

8. Құпиялық

      8.1. Осы арқылы Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты
ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ осы Шарттың жасалуы мен орындалуы
барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат
құпия болып табылатындығына келіседі және осы Шарт пен Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген
жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
      8.2. Тараптар осы Шарттың құпиялығы мен талаптарын сақтау үшін
барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды.
      8.3. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып
құпия ақпаратты таратқан немесе жариялаған жағдайда, осындай
ақпаратты тарату салдарынан екінші Тарап тартуы мүмкін залалды өтей
отырып, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жауапкершілікте болады.

9. Қорытынды ережелер

      9.1. Компания мен Қаржы ұйымы Бағдарлама мен осы Шарт
шеңберінде комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер
алмайды.
      9.2. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда, осы Шарт
бойынша және осы Шарттың орындалуы үшін барлық құқықтар мен
міндеттер, оның ішінде даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге
байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық
мирасқорларына ауысады.
      9.3. Егер төлем күні жұмыс емес немесе мереке күндеріне келген
жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
      9.4. Осы Шарт, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын
қосымшасымен бірге осы Шарттың мәніне байланысты Тараптардың толық
өзара түсіністігін білдіреді.
      9.5. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар
____ (____________) ұқсас данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ___
(__________) данадан жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс
тілдеріндегі мәтіндері арасында әр түрлі оқу туындаған жағдайда, осы
Шарттың мемлекеттік тілдегі нұсқасына басымдық беріледі.
      9.6. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және
қолдары

Министрлiк:

Компания:

Қаржы ұйымы:

Меншік иесі:

Қатысушы:






Субсидиялау шартына
қосымша      

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) іске асыру шеңберінде
20__ жылғы ___________ пайыздық ставканы субсидиялау туралы
ақпарат

Р/с

Қатысушының атауы

Субсидиялау шартының нөмірі және жасалған күні

Сыйақы ставкасы (%) (5-бағ. + 6 бағ.)

Субсидияланатын сыйақы ставкасы (%)

Субсидияланбайтын сыйақы ставкасы (%)

Есепті айдың соңына негізгі берешек қалдығы/есепті айдың соңына орналастырылған облигациялардың номиналдық құны

Есепті айда өтелетін негізгі борыш сомасы/есепті айда сатып алынатын облигациялардың номиналдық құны

1

2

3

4

5

6

7

8


Жиыны







      кестенің жалғасы

Есепті айда Қатысушы іс жүзінде аударған сома

Есепті айға сыйақының субсидияланбаған ставкасының сомасы (тг)

Есепті айға сыйақының субсидияланған ставкасының сомасы (тг)

Есепті айға Субсидиялау жөніндегі оператордың іс жүзінде аударған субсидия сомасы (тг)

Есепті айға сыйақының іс жүзінде субсидияланған сомасы (тг)

Негізгі борышты төлеу/Сатып алынған облигациялардың номиналдық құны (тг)

Сыйақының субсидияланбаған ставкасын төлеу (тг)





9

10

11

12

13

14







Басшы _________________________________           ___________________
М.О.              (Т.А.Ә.)                               (қолы)

Дағдарыстан кейін қалпына  
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды  
сауықтыру) шеңберінде   
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына  
3-қосымша        

________________________
________________________
(Уәкілетті орган)  

Субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға арналған өтінім

      «Активтерді басқару және оңалту компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде, ___________№____ Субсидиялау шартын орындау мақсатында, _____________________ (сома, валюта) Компанияның ағымдағы шотына мына деректемелер бойынша аударуды өтінеміз:
      СТН ________________,
      БCН ________________,
      ЖCК ________________,
      Банк атауы____________________________,
      БCК __________________,
      КБЕ ________

      Басшы________________________________

Дағдарыстан кейiн қалпына   
келтiру бағдарламасы     
(бәсекеге           
қабiлеттi кәсiпорындарды   
сауықтыру) шеңберiнде    
сыйақының пайыздық      
ставкасын          
субсидиялау қағидасына    
4-қосымша          

________________________________
(Субсидиялау жөніндегі оператор)

ХАБАРЛАМА

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

_____________________________________________________________________
                    (Қаржы ұйымы/Облигацияларды ұстаушы)
20 ____ ______________ № _______ субсидиялау шартының ажырамас бөлігі
болып табылатын өтеу кестесі бойынша міндеттемелерді
_______________________ ________________ орындағаны/толық көлемде
(Бағдарламаға қатысушы) күні, айы, жылы
орындамағаны/орындамағаны туралы хабарлайды (керегін сызыңыз).
      Қатысушы іс жүзінде төлеген сома ________ теңгені құрайды, оның
ішінде:
      негізгі борышты төлеу/Сатып алынған облигациялардың номиналды
құны ________ теңге;
      субсидияланбайтын сыйақы ставкасын төлеу ______ теңге.
      Субсидияланатын сыйақы ставкасының іс жүзіндегі сомасы ________
теңге.

      Басшысы ________________________________