Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 Қаулысы

Жаңартылған

      «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының  7-2-тармағына және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
      2. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
      «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-2 жолмен толықтырылсын:
      «

4-2.

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасының жобасын әзірлеу.

Қаржымині

Қазақстан Республикасы ның Үкіметі қаулысының жобасы

2011 жылғы 2-тоқсан

                                                                ».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1031 қаулысымен  
бекітілген     

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «сауықтыру жоспары», «сауықтыру жоспарымен», «сауықтыру жоспарын» деген сөздер тиісінше «оңалту (сауықтыру) жоспары», «оңалту (сауықтыру) жоспарымен», «оңалту (сауықтыру) жоспарын» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақының пайыздық ставкасын, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды субсидиялау тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      қатысушы – Сауықтыру кеңесінің оң қорытындысын алған әлеуетті қатысушы;
      оңалту (сауықтыру) жоспары – кредиторлардың талаптарын өтеу кестесін, сондай-ақ қол жеткізілетін нәтижелерді, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдерді қоса алғанда, іске асыру мерзімін көрсете отырып, жұмыс істейтін кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, біркелкі кредиторлар тобының арасындағы өзара келісудің негізінде жүзеге асырылатын және оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
      Сауықтыру кеңесі – мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган;
      Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      Сауықтыру кеңесінің қорытындысы – әлеуетті қатысушыны оңалту (сауықтыру) жоспарын талдауға негізделген және оны негізге алған Сауықтыру кеңесінің әлеуетті қатысушыны Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешімі;
      субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі – бұл субсидиялау жөніндегі оператордың қатысушының өтеу кестесін орындағаны және қаржы ұйымының субсидиялау үшін ақша қаражатын аударғаны туралы ақпаратты жинауы;
      субсидиялау жөніндегі оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға, оған:
      қаржы ұйымдарына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде ақша қаражатын, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды аудару;
      субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі жөніндегі міндеттер жүктелген;
      субсидиялау шарты – уәкiлеттi орган, субсидиялау жөнiндегi оператор, меншік иесі (меншік иелері) қаржы ұйымы (облигацияларды ұстаушы) мен қатысушы арасында жасалатын жазбаша келiсiм, оның талаптары бойынша субсидиялау жөнiндегi оператор қатысушы қаржы ұйымына кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купон ретiнде төлейтiн шығыстарды iшiнара өтеуге арналған ақшалай қаражатты аударады;
      субсидиялау – қатысушы қаржы ұйымына кредиттер және/немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купон ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін қолданылатын қатысушыларды мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
      уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      қаржы ұйымы — қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      өтеу кестесi – субсидиялау жөнiндегi оператор аударатын және қаржы ұйымына қатысушы төлейтiн барлық төлем сомалары көрсетiлген, субсидиялау шартының ажырамас бөлiгi болып табылатын өтеу кестесi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      3. Субсидиялау жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрайтын немесе одан асатын олар бойынша қаржыландыру туралы келісімдер 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жасалған кредиттер (қарыздар) бойынша берешегі болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Оң бағамдық айырма болашақ субсидиялар есебiне жатқызылады, терiс бағамдық айырма Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебiнен өтеледi. Бағамдық айырманы айқындау кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша және қаржы ұйымының субсидиялау жөнiндегi оператордың арнаулы ағымдағы шотынан ақшалай қаражатты есептен шығарған не облигациялар ұстаушының ақшалай қаражатын субсидиялау бойынша оператордың аударған күнгi валюта бағамы есепке алынады. Осы ретте қаржы ұйымы субсидиялау жөніндегі оператордан комиссияларды, алымдарды және (немесе) субсидиялау жөніндегі оператордың арнаулы есепті және ағымдағы шотынан ашылатын (ашу, қызмет көрсету, жүргізу, жабу) өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      4. Субсидиялау Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      5. Субсидиялау, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша міндеттемелерді қоспағанда, қаржылай кредит берушiлердiң оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес қатысуышының мiндеттемелерiн қайта құрылымдаудың мiндеттiлiгi шарттарымен берiледi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      6. Субсидия алушылар бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
      7. Субсидиялау мерзімі субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап бес жылдан аспайды.
      8. Субсидия мөлшері - жылдық жеті пайызға дейін. Сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігінің мөлшері өтеу кестесінде көрсетіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      9. Субсидиялау өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      9-1. Облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде қаржы ұйымдарына қатысты осы Қағидалардың ережелері облигацияларды ұстаушыға қолданылады.
      Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша купонды субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      Ескерту. 1-бөлім 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

2. Бағдарлама шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау тәртібі

      10. Қатысушының кредит берушілер комитеті бекіткен қатысушының оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау туралы шешімді Сауықтыру кеңесі қабылдайды.
      11. Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы Сауықтыру кеңесі қатысушының оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау немесе оңалту (сауықтыру) жоспарын кері қайтару туралы шешім қабылдағаннан күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы Бағдарламаға сәйкес субсидиялау жөніндегі операторды жазбаша хабардар етеді.
      12. Қатысушы кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредит берушілердің талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы сот шешімі берілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде субсидиялау жөнiндегi операторға Сауықтыру жөніндегі кеңес шешімінің, оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес жүргізілген қайта құрылымдауды ескере отырып, қатысушының қарыз алуын өтеу кестелері негізінде жасалған өтеу кестелерін қосқанда, субсидиялау шарты жобасының көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтiнiмді береді.
      Субсидиялауға арналған өтiнiм Бағдарламада белгіленген жағдайларда кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредит берушілердің талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы сот шешімін ұсынбай берілуі мүмкін.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      13. Қатысушы субсидиялауға өтiнiм берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның негiзiнде субсидиялау жөнiндегi оператор сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн, ал қатысушы - сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн төлейтiн өтеу кестесiн қоса бере отырып, субсидиялау шарты жасалады. Қаржы ұйымы субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап бiр күн iшiнде арнайы ағымдағы шотты ашады.
      Өтеу кестесіне субсидиялау шартына қосымша келісім жасау жолымен өзгерістер мынадай:
      1) оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
      2) егер мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары ұлғайтылмаған жағдайда, оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерістер енгізбей, кредит берушілер мен меншік иелері тарапынан қосымша қолдау шаралары көрсетілген жағдайда енгізілуі мүмкін.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016  Қаулысымен.
      14. Субсидиялау жөніндегі оператор Бағдарламаға қатысушы ұсынған субсидиялауға өтінімнің негізінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда субсидиялауға ақшалай қаражатты аударуға өтінімді қалыптастырады және субсидиялау шарты жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті органға беріледі.
      Субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімі уәкілетті органға алдағы үш айда қаржы ұйымына аударуға жататын сомаға беріледі.
      15. Уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның есеп шотына субсидиялау жөніндегі оператордың өтінімінде көрсетілген мөлшерде субсидиялау үшін ақша қаражатын аударады.
      16. Субсидиялау жөнiндегi оператор субсидиялау үшiн ақша қаражатын қаржы ұйымдарына арнайы ашылған ағымдағы шоттарға тоқсан сайын аванстық төлемдермен, алдағы тоқсандағы айдың бiрiншi күнiне дейiнгi мерзiмде, оның iшiнде уәкiлеттi органның ақша қаражатын уақтылы аударуы шартымен қатысушылардан өтiнiмдердiң түсуiне қарай аударады.
      Осы тәртіп облигациялар бойынша купонды субсидиялауға қолданылмайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      17. Қатысушы сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiне сәйкес төлеген кезде қаржы ұйымы сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн өтеуге арналған ақша қаражатын қатысушыдан төлем түскен күнi субсидиялау жөнiндегi оператордың арнаулы ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады.
      Осы тәртіп облигациялар бойынша купонды субсидиялауға қолданылмайды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      18. Қаржы ұйымы субсидиялау жөнiндегi оператор мен уәкiлеттi органды қатысушының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiне сәйкес төлегенi немесе қатысушының өтеу кестесiн бұзғаны туралы төлем күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрмей осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабардар етедi.
      Облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде субсидиялау жөнiндегi оператор сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін қатысушының төлегені туралы жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ақша қаражатын уәкiлеттi орган уақтылы аудару шартымен өтеу кестесіне сәйкес облигацияларды ұстаушының арнайы ағымды шотына аударады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      19. Төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне келген жағдайда, төлем ол күннен кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
      20. Қатысушы кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар бойынша купон бойынша төлемдi, оның iшiнде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда:
      1) қаржы ұйымы қатысушы берешекті өтегенге дейiн субсидиялау жөнiндегi оператордың арнаулы ағымдағы шотынан субсидиялау үшiн ақшалай қаражатты есептен шығаруды жүргiзбейдi (субсидиялау жөнiндегi оператор облигацияларды ұстаушының арнайы ағымды шотына ақша қаражатын аударуды тоқтатады) және өтеу кестесіне төлем күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде субсидиялау жөнiндегi операторды бұл туралы хабардар етедi;
      2) кредит немесе лизингтік операциялар бойынша субсидиялау ставкасы кезінде қатысушының кредит, лизингтік операциялар бойынша төлемдi, оның iшiнде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде көрсетiлген мерзiмде төлемегені туралы хабарламасын алған күнi субсидиялау жөнiндегi оператор қаржы ұйымының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн төлеудi тоқтата тұрады және ол туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi;
      3) облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде - субсидиялау жөнiндегi оператор облигация ұстаушының қатысушының облигациялар жөніндегі купон бойынша төлемді, оның ішінде өтеу кестесінде көрсетілген мерзімдерде субсидияланбайтын бөлікті төлемегені туралы хабарлама алған күні бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      21. Қатысушы кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар жөніндегі купон бойынша мерзiмi өтiп кеткен төлемдердi, оның iшiнде пайыздық ставканың субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесi бойынша толық төлеген жағдайда қаржы ұйымы мерзiмi өткен төлемдер толық төленген күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей бұл туралы субсидиялау жөнiндегi оператор мен уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етедi.
      Уәкiлеттi орган қаржы ұйымының жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде субсидиялау жөнiндегi операторға сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн төлеудi жаңғырту туралы жазбаша хабарлама жiбередi.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      22. Төлемдерді жаңғыртуды субсидиялау жөніндегі оператор қатысушы мерзімі өткен төлемдерді толық төлеген кезде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді жаңғыртуға уәкілетті органның жазбаша келісімін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      23. Қатысушы кредит және (немесе) лизингтік операциялар бойынша негізгі қарызды ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтеген кезде, Қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигацияларды ішінара (толық) сатып алған жағдайда қаржы ұйымы бұл туралы субсидиялау жөніндегі операторды және уәкілетті органды төлем жасалған жұмыс күнінен кейінгі күннен кешіктірмей хабардар етеді.
      24. Субсидиялауды тоқтату туралы шешiмдi Сауықтыру кеңесi қабылдайды.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      25. Субсидиялау мынадай:
      Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінің шешімі бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылғанда;
      қатысушы кредит және/немесе лизингтік операциялар бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтеген, Қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигацияларды мерзімнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.
      26. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді тоқтату туралы жазбаша хабардар етеді және субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына және бес жұмыс күні ішінде қатысушыға субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Дағдарыстан кейін қалпына 
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды  
сауықтыру) шеңберінде   
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына  
1-қосымша       

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

20 жылғы «____» ____________

Кімге: _________________________________________________
           (Субсидиялау жөніндегі оператордың атауы)

Кімнен: ________________________________________________
                 (Қатысушының толық атауы)

1

Қатысушы туралы мәліметтер


1.1

Атауы


1.2

Толық пошталық (заңды) мекенжайы


1.3

Байланыс телефондары


1.4

СТН


1.5

Банктік деректемелері


1.6

Қатысушыны Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) енгізу туралы Сауықтыру кеңесі қорытындысының күні мен нөмірі


1.7

Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялаудың жалпы сомасы оңалтудың (сауықтырудың) барлық кезеңіне арналған өтеу кестесіне сәйкес (валюта)


2

Қаржы ұйымы/облигацияларды ұстаушылар туралы мәлiметтер


2.1

Атауы


2.2

Толық пошталық (заңды) мекенжайы


2.3

Байланыс телефондары


2.4

СТН


2.5

Банктік деректемелері


2.6

Қарыз (лизинг) шартының нөмірі мен күні/облигацияларды шығару проспектісі


3

Өтінімге қосымша

3.1

Қатысушының оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау туралы Сауықтыру кеңесі шешімнің көшірмесі

3.2

Оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес жүргізілген қайта құрылымдауды ескере отырып, қатысушының қарыздарын өтеу кестелері негізінде жасалған өтеу кестесін қоса алғанда, субсидиялау шартының жобасы



Қатысушының бірінші басшысының ________________________________
Т.А.Ә. мен қолы

Өтінім берілген күн     
«__»_____________20___ ж.

М.О.

Өтінімнің қабылданған күні «__»_____________20__ж.
 
Өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә.  ________________________
мен телефон нөмірі           

Дағдарыстан кейін қалпына 
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды  
сауықтыру) шеңберінде   
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына  
2-қосымша        

№   Субсидиялау шарты

Астана қаласы                              «___»__________ 20___жыл

      Бұдан әрi «Министрлiк» деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi атынан «Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, жауапты хатшысы және вице-министрлерiнiң арасында мiндеттер мен өкiлеттiктердi бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң _____ жылғы «___» ________ №____ бұйрығының негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегі № 387 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеге сәйкес әрекет ететiн Қаржы вице-министрi ________________ бiр тараптан, сондай-ақ бұдан әрi «Компания» деп аталатын «Активтердi басқару және оңалту компаниясы» акционерлiк қоғамы атынан Жарғының негiзiнде әрекет ететiн Президент ________________________ екiншi тараптан, бұдан әрi «Қаржы ұйымы» (Облигацияларды ұстаушы) деп аталатын__________________ атынан _______________ негiзiнде әрекет ететiн _________________ үшiншi тараптан, және бұдан әрi «Меншік иесі» деп аталатын _______________ атынан ______________, негiзiнде әрекет ететiн _________________ төртiншi тараптан және бұдан әрi «Қатысушы» деп аталатын _______________ атынан ______________, негiзiнде әрекет ететiн _________________ бесінші тараптан, бiрлесiп бұдан әрi «Тараптар», ал жекелеп алғанда «Тарап» деп аталатын, Сауықтыру кеңесiнiң 20__ жылғы «__» ____________ шешiмiн орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасына (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi – Бағдарлама), Бағдарлама шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасына (бұдан әрi - Қағида) сәйкес төмендегiлер туралы осы Субсидиялау шартын (бұдан әрi – Шарт) жасасты:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын өтеу кестесiне сәйкес қатысушының қаржы ұйымына (облигацияларды ұстаушыға) кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купон ретінде төлейтiн шығыстарды iшiнара өтеуге арналған ақша қаражатын (бұдан әрi – сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау) компанияның қаржы ұйымына (облигацияларды ұстаушыға) төлеудi жүзеге асыруы.
      Ескерту. 1-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Министрлік:
      1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап етуге;
      2) Компаниядан ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне Бағдарламаның пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде іске асырылуын мониторингтеу туралы ақпаратты талап етуге құқылы.
      2.2. Министрлік:
      1) Компанияның Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Компанияның есеп-шотына өтінімде көрсетілген мөлшерде ақша қаражатын аударуға;
      2) Қатысушының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiнiң төлеу мерзiмi өткен бөлiгiн толық көлемде өтегенi туралы қаржы ұйымы (облигацияларды ұстаушы) хабарлаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде компанияның субсидиялар төлеудi жаңартатыны туралы жазбаша түрде хабарлауға;
      3) Сауықтыру кеңесі Қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Компанияны сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауды тоқтату туралы жазбаша хабарлауға;
      4) Қатысушы Бағдарламадан шығарылған жағдайда 5 жұмыс күні ішінде Тараптарға осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуге;
      5) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізетін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен;
      7) мына:
      Сауықтыру кеңесінің шешімі бойынша Қатысушы Бағдарламадан шығарылғанда;
      қатысушы кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша негiзгi берешегін толық (мерзiмiнен бұрын толық) өтеген, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигацияларды мерзiмiнен бұрын толық сатып алған жағдайда субсидиялар төлеудi тоқтатуға мiндеттi.
      Ескерту. 2-2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      2.3. Компания:
      1) Тараптардан осы Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап етуге;
      2) Қатысушы мен Қаржы ұйымынан (облигацияларды ұстаушыдан) өтеу кестесiне сәйкес сыйақыны өтеу жөнiндегi қажеттi құжаттар мен ақпаратты алуға құқылы.
      Ескерту. 2-3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      2.4. Компания:
      1) Қатысушының өтінімі негізінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компанияға ақша қаражатын өтеу кестесіне аударуға Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке өтінім жіберуге;
      2) кредит немесе лизингтік операциялар бойынша ставканы субсидиялау кезінде - уәкiлеттi орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда, қатысушылардан өтiнiмдердiң түсуiне қарай Компанияның арнаулы ағымдағы шотына сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшiн ақша қаражатын тоқсан сайын алдағы тоқсандағы айдың бiрiншi күнiне дейiнгi мерзiмде аванстық төлемдермен Қаржы ұйымына аударуға;
      облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде – уәкілетті орган ақшалай қаражатты уақтылы аударған жағдайда Қатысушының облигацияны ұстаушысының арнайы ағымдағы шотына сыйақының пайыздық ставкасын субсидияланбайтын бөлігін кестеге сәйкес мерзімде және мөлшерде төлегенде сонымен қатар Қатысушымен толық көлемде мерзімі асып кеткен қарызды төлегені үшін ай сайын ақшалай қаражатты аударуға;
      3) Қаржы ұйымынан (облигациялар ұстаушыдан) Қатысушының кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар бойынша купон бойынша төлемдi, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде көрсетiлген мерзiмде уақтылы төлемегенi туралы хабарламаны алған күнi сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн Қаржы ұйымына (Облигациялар ұстаушыға) төлеудi тоқтатуға және Министрлiктi хабардар етуге;
      4) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне Министрлiкке Бағдарламаны іске асыру шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпаратты осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуға;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен;
      6) осы Шарт талаптарының орындалуына әсерін тигізетін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге міндетті.
      Ескерту. 2-4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      2.5 Қаржы ұйымы (Облигациялар ұстаушы):
      Уәкілетті орган ақша қаражатын уақтылы аударған жағдайда осы Шарт шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ақша қаражатының уақтылы аударылуын Компаниядан талап етуге.
      Ескерту. 2-5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      2.6 Қаржы ұйымы (Облигациялар ұстаушы):
      1) кредит немесе лизингтік операциялар бойынша ставканы субсидиялау кезінде - осы Шарт жасалған сәттен бастап келесi жұмыс күнінен кешiктiрмей сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған Компанияның арнаулы ағымдағы шотын ашуға;
      облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде - осы Шарт жасалған сәттен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған өзінің арнаулы ағымдағы шотын екінші деңгейдегі банкте ашуға;
      1-1) Компанияның ашылатын (ашу, қызмет көрсету, енгізу) арнаулы ағымды шоты үшін Компаниядан комиссиялар, алымдар және (немесе) басқа төлемдер алмауға;
      2) өтеу кестесіне сәйкес сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компания аударатын ақша қаражатының нысаналы пайдалануын қамтамасыз етуге;
      2-1) сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеуге арналған Компанияның ақшалай қаражаты есебінен сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеуді жүргізбеуге;
      3) үш жұмыс күн ішінде Қатысушымен жасалған төлеу кестесімен бірге кредиттік шарттардың көшірмелерін беруге;
      4) Қатысушы өтеу кестесіне сәйкес мерзімде және мөлшерде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн төлеген кезде, оның iшiнде Қатысушы мерзiмi өткен берешектi толық өтеген кезде, Компанияның арнаулы ағымдағы шотынан ақшалай қаражатты уақтылы есептен шығаруды қамтамасыз етуге;
      5) Қатысушының осы өтеу кестесін орындағаны не бұзғаны туралы Компанияны өтеу кестесіне сәйкес төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;
      6) Қатысушы кредит бойынша төлемдi, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде көрсетілген мерзiмде төлемеген жағдайда, Компанияның арнаулы ағымдағы шотынан субсидиялау үшiн ақша қаражатын Қатысушы берешегiн өтегенге дейiн алмауға және өтеу кестесi бойынша төлем күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрмей Компанияны хабардар етуге;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен;
      8) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Компанияға есепті айға пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпаратты осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуға;
      9) Өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты Тараптардың талап етуі бойынша ұсынуға;
      10) Қаржы ұйымының (облигациялар ұстаушының) заңды мекенжайы, пошталық және банктiк деректемелерi, сондай-ақ iс жүзiндегi мекенжайы өзгерген кезде осындай өзгерiстер туралы тараптарға бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Хабардар етпеген және (немесе) уақтылы хабардар етпеген жағдайда туындауы мүмкiн салдарлар үшiн Қаржы ұйымы (облигациялар ұстаушы) жауапты болады;
      11) осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тараптардың алдын-ала келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге;
      12) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      13. Қатысушыға оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген қолдау шараларын ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 2-6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      2.6-1. Меншік иесі:
      1) Қатысушыға оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген қолдау шараларын ұсынуға;
      2) осы Шарттың талаптарын орындауға әсер етуге қабілетті барлық жағдайлар туралы осы Шарттың Тараптарына уақтылы хабарлауға;
      3) осы Шарт Тараптарының талабы бойынша өтеу кестесін орындауға байланысты қажетті барлық құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 2-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02  № 1016 Қаулысымен.
      2.7. Қатысушы:
      Қаржы ұйымынан сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін Компанияның ақша қаражатының ағымдағы арнаулы шотынан ақша қаражатын шығарылуын қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
      2.8. Қатысушы:
      1) кредит бойынша төлемдерді, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу кестесіне сәйкес уақтылы өтеуге;
      2) осы Шарт талаптарының орындалуына әсер етуі мүмкін барлық мән-жайлар туралы осы Шарттың Тараптарын уақтылы хабардар етуге;
      3) өтеу кестесінің орындалуына байланысты барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты осы Шарт Тараптарының талаптары бойынша ұсынуға;
      4) Сауықтыру кеңесі Қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде тартылған ақшалай қаражатты республикалық бюджетке отыз күн мерзімде қайтаруға міндетті.
      Ескерту. 2-8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      3.1. Осы Шарт 20___ жылғы «___» __________ бастап күшіне енеді және 20___ жылғы «___» __________ дейін қолданылады.
      3.2. Осы Шартты Бағдарлама мен Қағидада көзделген жағдайларда біржақты тәртіппен Министрлік бұзуы мүмкін.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

      5.1. Тараптар осы Шарт бойынша, егер орындаудың мүмкін болмауы форс-мажорлық жағдаяттар (еңсерілмейтін күш), яғни осы жағдайларда төтенше және шарасыз жағдаяттар (сұрапыл апат, әскери іс-қимылдар және т.б.) салдарынан болса, өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      5.2. Форс-мажорлық (еңсерілмейтін күш) жағдаяттар басталған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін емес болған Тарап осындай жағдаяттар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Бұл ретте, форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының сипаты, әрекет ету кезеңі, пайда болу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      5.3. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тарап хабардар етпегендіктен немесе уақтылы хабардар етпегендіктен келтірілген шығындарды басқа Тараптарға өтеуге міндетті.
      5.4. Форс-мажор (еңсерілмейтін күш) жағдаяттарының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімі олардың әрекет ету кезеңіне ұзартуды туындатады.
      5.5. Егер осындай жағдаяттар қатарынан үш ай бойы жалғасатын болса, онда кез-келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұдан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6. Дауларды шешу

      6.1. Осы Шартты орындауға байланысты қандай да бір дау туындаған жағдайда Тараптардың кез-келгені келіссөздер жүргізу жолымен барлық дауларды реттеу үшін шаралар қабылдайды.
      6.2. Егер туындаған дауды келіссөздер жүргізу жолымен шешу мүмкін болмаса, ол дау мен оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

7. Хат-хабарлар алмасу

      7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабары жазбаша нысанда берілетін және осы Шартқа сәйкес қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарды қоспағанда, тапсырылғаны туралы белгімен Тараптар хат-хабарды алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаралатын болады.
      7.2. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген кезде (хат-хабар егер ол бланкте ұсынылған және мөрмен бекітілген, оған басшы қойған кезде және тіркеу нөмірі, күні болса, сондай-ақ орындаушысы көрсетілсе, тиісінше ресімделген болып есептеледі), жеке қолға тапсырылса, пошта хабарлама беріле отырып, арнайы хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайы бойынша курьер байланысы арқылы жеткізілсе тиісінше ұсынылған және жіберілген болып есептеледі.
      7.3. Осы Шарттың қолданылуы барысында Тараптардың жауапты тұлғалары екінші Тарапқа факсимильді байланыс және/немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық мазмұндағы хат-хабарды жіберуі мүмкін.
      Бұл ретте жіберуші Тарап екінші Тарапқа хат-хабарды жібергенін растауға міндетті. Растама факсимильді байланыспен қабылдап алу туралы қабылдаушы тараптың белгісі бар барлық хат-хабардың мәтінін қоса беру жолымен жіберілген не ойдағыдай аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың үзіндісі болған кезде тиісті түрде жүзеге асырылған болып есептеледі.

8. Құпиялық

      8.1. Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ осы Шарттың жасалуы мен орындалуы барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатындығына келіседі және осы Шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
      8.2. Тараптар осы Шарттың құпиялығы мен талаптарын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды.
      8.3. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты таратқан немесе жариялаған жағдайда осындай ақпаратты тарату салдарынан екінші Тарап артуы мүмкін залалды өтей отырып, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

9. Қорытынды ережелер

      9.1. Компания мен Қаржы ұйымы Бағдарлама мен осы Шарт шеңберінде комиссия, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер алмайды.
      9.2. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Шарт бойынша және осы Шарттың орындалуы үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
      9.3. Егер төлем күні жұмыс емес немесе мереке күндеріне келген жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
      9.4. Осы Шарт, осы Шарттың оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшасымен бірге осы Шарттың нысанасына байланысты Тараптардың толық өзара түсіністігін білдіреді.
      9.5. Осы Шарт Тараптардың әрбірі үшін бірдей заңды күші бар ____ (____________) ұқсас данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (__________) данадан жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әр түрлі оқу туындаған жағдайда, осы Шарттың мемлекеттік тілдегі нұсқасына басымдық беріледі.
      9.6. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

10. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

      Ескерту. 10-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

Министрлiк:

Компания:

Қаржы ұйымы (облигациялар ұстаушы):

Меншік иесі:

Қатысушы:






      Ескертпе: Облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде субсидиялау шартында 2.6-тармақтың 1-1), 2), 2-1), 4),  6)тармақшаларында көзделген міндеттер Облигациялар ұстаушыға қолданылмайды.

Дағдарыстан кейін қалпына  
келтіру бағдарламасы (бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды  
сауықтыру) шеңберінде   
сыйақының пайыздық ставкасын
субсидиялау қағидасына  
3-қосымша        

________________________
________________________
(Уәкілетті орган)  

Субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға арналған өтінім

      «Активтерді басқару және оңалту компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде, ___________№____ Субсидиялау шартын орындау мақсатында, _____________________ (сома, валюта) Компанияның ағымдағы шотына мына деректемелер бойынша аударуды өтінеміз:
      СТН ________________,
      БCН ________________,
      ЖCК ________________,
      Банк атауы____________________________,
      БCК __________________,
      КБЕ ________

      Басшы________________________________

20__жылғы «__»__________№__
Субсидиялау шартына  
1-қосымша      

Салыстыру актісі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

      Субсидиялау
      шартына
      2-қосымша

Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) іске асыру шеңберінде 20___ жылғы ___________ пайыздық ставканы субсидиялау туралы ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

№ р/б

Қатысушының атауы

Субсидилау шартының нөмірі және жасалған күні

Сыйақы ставкасы (%) (5-бағ.+бағ.)

Субсидияланатын сыйақы ставкасы (%)

Субсидияланбайтын сыйақы ставкасы (%)

Есепті айдың соңына негізгі берешек қалдығы/Есепті айдың соңына орналастырылған облигациялардың номиналдық құны

Есепті айда өтелетін негізгі борыш сомасы/Есепті айда сатып алынатын облигациялардың номиналдық құны

Есепті айда Қатысушы іс-жүзінде аударған сома

Есепті айға сыйақының субсидияланбаған ставкасының сомасы (тг)

Есепті айға сыйақының субсидияланған ставкасының сомасы (тг)

Есепті айға Субсидиялау жөніндегі оператордың іс-жүзінде аударған субсидия сомасы (тг)

Есепті айға сыйақының іс жүзінде субсидияланған сомасы (тг)

Негізгі борышты төлеу/Сатып алынған облигациялардың номиналдық құны (тг)

Сыйақының субсидияланбаған ставкасын төлеу (тг)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Басшы ______________________________              ___________________
М.О.         (Аты-жөні, тегі)                            (қолы)

Дағдарыстан кейiн қалпына   
келтiру бағдарламасы     
(бәсекеге           
қабiлеттi кәсiпорындарды   
сауықтыру) шеңберiнде    
сыйақының пайыздық      
ставкасын          
субсидиялау қағидасына    
4-қосымша          

________________________________
(Субсидиялау жөніндегі оператор)

ХАБАРЛАМА

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

_____________________________________________________________________
                    (Қаржы ұйымы/Облигацияларды ұстаушы)
20 ____ ______________ № _______ субсидиялау шартының ажырамас бөлігі
болып табылатын өтеу кестесі бойынша міндеттемелерді
_______________________ ________________ орындағаны/толық көлемде
(Бағдарламаға қатысушы) күні, айы, жылы
орындамағаны/орындамағаны туралы хабарлайды (керегін сызыңыз).
      Қатысушы іс жүзінде төлеген сома ________ теңгені құрайды, оның
ішінде:
      негізгі борышты төлеу/Сатып алынған облигациялардың номиналды
құны ________ теңге;
      субсидияланбайтын сыйақы ставкасын төлеу ______ теңге.
      Субсидияланатын сыйақы ставкасының іс жүзіндегі сомасы ________
теңге.

      Басшысы ________________________________