"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 471-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және
жүргізу қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2013 № 588 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;
2) тапсырыс беруші – ұйымдастырушымен МҒТС жүргізуді ұйымдастыруға өтеулі шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;
3) ұйымдастырушы – ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы;
4) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС үшін тартылатын сарапшының соңғы бес жылда Хирш индексі бар рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде бес ғылыми мақаласы болуы тиіс. Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
5) шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын сарапшы, сондай-ақ шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік ғылыми ұйымдарда жұмыс өтілі және жетекші әлемдік ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар Қазақстан Республикасының азаматы;
6) қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде уақытша шетелде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік қызметте жүрген, академиялық ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар сарапшы.
7) сараптама қорытындысы – сарапшы жасайтын және ол өткізетін сараптама нәтижелері, алдына қойылған мәселелер бойынша оның қорытындылары, МҒТС объектісінің объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделеріне тәуелсіз талдамалық бағалау туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
8) кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
9) комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
10) МҒТС қорытындысы – ұйымдастырушының МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасаған ресми қорытындысы;
11) ғылыми этиканың бұзылу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, қаржыландырудың бір көзінің шеңберінде өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны түрлі бағыттарға жолдауы, МҒТС объектісін өтінім берушінің қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;
12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беруші ұсынған МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі. ЖТН алу үшін конкурс жарияланған кезден бастап тапсырыс беруші өтінім қабылдайтын соңғы мерзімге дейін гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушылар объектілерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тіркейді;
13) шекті балл – ғылымның басым бағытына бөлінген қаржыландыру көлемі аяқталатын МҒТС балы. Шекті балл ең жоғары балдан бастап, өтінімдердің "жоғарыдан төмен" сараланған тізіміндегі қаржыландырудың мәлімделген сомасын қосу арқылы анықталады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. МҒТС сараптама қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дұрыстығы, толықтығы және негізділігі қағидаттарында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың талдамалық бағасын дайындау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар (оның ішінде ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары, нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер) МҒТС объектілері болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Ұйымдастырушы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша МҒТС өзге де объектілерін МҒТС жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС құзыретті шетелдік және қазақстандық сарапшылар жүргізеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Ұйымдастырушы МҒТС объектілері сараптамасының нәтижелері әкімшілендірілуінің, тәуелсіздігінің, айқындылығының және жариялылығының біртұтастығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
8. Мыналар МҒТС-ның негізгі міндеттері болып табылады:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми, техникалық және технологиялық білімнің әлемдік деңгейіне, ғылыми-техникалық прогрестің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, еңбек, материалдық ресурстардың болжамды шығындарының қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;
4) ғылыми зерттеулерді жүргізуді мазмұндық, ұйымдастырушылық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) іске асыру нәтижелерін объективті және кешенді қарау, алынған нәтижелерді мәлімделген мақсаттармен салыстыру;
5) МҒТС объектілерінің маңыздылығын бағалау;
6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Мыналар МҒТС жүргізу қағидаттары болып табылады:
1) сарапшылардың тәуелсіздігі, анонимділігі және құзыреттілігі;
2) МҒТС объектілерін зерттеудің ғылыми тәсілі, жан-жақтылығы, объективтілігі;
3) сараптама қорытындыларының толықтығы мен негізділігі;
4) МҒТС нәтижелерінің жариялылығы.
2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және
жүргізу тәртібі
10. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне және өзге де МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізу үшін конкурсқа өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде өтінім береді. Тапсырыс беруші сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мониторингінің индикаторлары мен жетекші сұрақтарын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін ұсынады.
Өтінім беруші ЖТН алған күннен бастап ұйымдастырушы өтінімдерді мынадай талаптардың сақталуы тұрғысынан тексереді:
1) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектісінде ЖТН болуы;
2) өтінімді ресімдеудің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуі (ерекше және қосымша шарттар болғанда);
3) талап етілген құжаттардың толық көлемде ұсынылуы;
4) плагиат және МҒТС объектісі тақырыбының немесе мазмұнының МҒТС-қа бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілерінің болмауы. Көрсетілген фактілер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы МҒТС объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс;
5) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушыда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
6) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімнің электрондық нұсқасының қағаз нұсқасына сәйкестігі;
7) МҒТС объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болмауы немесе ғылыми этиканы бұзу фактілерінің анықталмауы;
8) этика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысының (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болуы.
Ұйымдастырушы өтінімдер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін МҒТС объектілерін МҒТС жүргізбей қайтарады.
Тапсырыс беруші МҒТС объектілерін өтінім берушіге қайтарады және ұйымдастырушы қайтарған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қайтарылған МҒТС объектілерінің тізбесін өз интернет-ресурсында жариялайды.
Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келетін МҒТС объектілері тапсырыс берушіден өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң МҒТС жүргізуге жатады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Ұйымдастырушы:
1) МҒТС жүргізу жөніндегі жұмысты МҒТС-ның әрбір объектісін кемінде үш сарапшыға МҒТС жүргізу үшін жолдау арқылы не МҒТС объектісіне байланысты кешенді (комиссиялық) сараптама өткізу арқылы ұйымдастырады;
2) МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың құрамын олардың мамандануы мен МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етеді;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін кемінде екі шетелдік сарапшыны іріктеуді жүргізеді;
4) МҒТС объектілерінің электронды нұсқаларының деректер банкін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған және МҒТС жүргізу үшін тапсырыс берушіден келіп түскен МҒТС объектілері бойынша дерекқор қалыптастырады;
5) МҒТС-ның әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорын құру және МҒТС жүргізу жөнінде қызметтер көрсету туралы сарапшылармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырады.
Шетелдік сарапшылардың дерекқорын құру үшін сарапшыларды іріктеу жетекші әлемдік библиометрикалық дерекқорларды пайдалану арқылы немесе жетекші әлемдік университеттер мен ғылыми ұйымдардың немесе МҒТС объектісінің тақырыбына сәйкес келетін ғылыми зерттеулер бойынша әлемдік жетекші журналдардағы жарияланымдары бар сарапшылардың ұсынысы бойынша жүргізіледі.
Сарапшымен жасалған шарт сараптаманы жүргізу мерзімі, МҒТС объектілері туралы мәліметтердің құпиялылығы туралы, сарапшының ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын сақтауы шарттарын қамтуы және сарапшы туралы мәліметтің құпиялылығына кепілдік беруі тиіс.
Шарттың сарапшының бастамасымен дәлелді себептерсіз бұзылғаны туралы мәліметтер қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорына енгізіледі.
Сарапшы шарт талаптарын және (немесе) осы Қағидада белгіленген МҒТС жүргізу қағидаттарын бұзған жағдайда, ұйымдастырушы оны автоматтандырылған дерекқордан шығарады.
12. МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – күнтізбелік он бес күннен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Сарапшылар құрамын іріктеу қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. МҒТС объектісі бойынша сараптама қорытындысы МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаға 3, 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.
Сараптама қорытындысында сарапшы осы Қағидаға 7-қосымшада көрсетілген бағалау жүйесіне сәйкес әрбір бағалау критерийі бойынша балл қояды. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша қосымша бағалау критерийлерін тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша ұйымдастырушы белгілейді.
14. МҒТС объектісіне кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізілген кезде сарапшы топ құрылады. Сарапшы топ мүшелерінің арасынан төраға сайланады және сарапшы топ отырысының хатшысы анықталады. Сарапшы топтың отырысы күндізгі нысанда және (немесе) онлайн конференция арқылы өткізіледі. Сараптама үшін ұсынылған материалдар көлеміне байланысты кешенді (комиссиялық) сараптама кемінде үш және он бестен аспайтын сарапшылардың қатысуымен өткізіледі. МҒТС объектісінің кешенді (комиссиялық) сараптамасының нәтижелері бойынша МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаға 3, 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сараптама қорытындысы жасалады.
15. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің МҒТС нәтижесі МҒТС қорытындысы болып табылады, оны ұйымдастырушы ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жібереді.
МҒТС-ның өзге объектілері бойынша МҒТС қорытындысын ұйымдастырушы тапсырыс берушіге жібереді.
15-1. Ұйымдастырушы МҒТС нәтижелерінің негізінде гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына тапсырылған, әрбір бағалау өлшемшарты бойынша орташа және жоғары шекті баға алған МҒТС объектілерінің қорытынды балл шамасына қарай сараланған тізімін жасап, онда мәлімделген қаржыландыру сомаларын көрсетеді.
Сараланған тізім негізінде ұйымдастырушы шекті балды анықтайды және:
1) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балдан жоғары МҒТС объектілерін қамтитын басым тізімді;
2) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балға тең МҒТС объектілерін қамтитын шекті тізімді;
3) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балдан төмен МҒТС объектілерін қамтитын резервтік тізімді жасайды.
Басым, шекті және резервтік тізімдерді қалыптастыру уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның конкурстық құжаттамасында көзделген ғылымның әрбір басым бағытына бөлінген гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Ұйымдастырушы гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілері бойынша МҒТС нәтижелерін ұлттық ғылыми кеңес шешім қабылдағанға дейін ұлттық ғылыми кеңестерге берілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушінің электрондық мекенжайына жолдайды.
Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерін, басым бағыттар бойынша бөлінген МҒТС объектілерінің басым, шекті және резервтік тізімдерін МҒТС нәтижелерімен бірге ұйымдастырушы тиісті ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына МҒТС аяқталған кезден бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей жолдайды.
Ескерту. 2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:
1) конкурс шеңберінде бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілері бойынша МҒТС қорытындысы негізінде ұсынылған қорытынды балдарын көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС-тің барлық объектілері бойынша МҒТС жүргізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде;
2) басым бағыттар бойынша бөлінген МҒТС объектілерінің басым, шекті және резервтік тізімдерін;
3) МҒТС үшін тартылған сарапшылардың тізімін әліпби тәртібімен жыл сайын жылдың соңында жариялайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Ұйымдастырушыға және сарапшыға тапсырыс берушінің, өтінім берушінің және өзге де адамдардың қысым не өзге де ықпал көрсетуіне жол берілмейді.
18. МҒТС объектісі МҒТС-қа ұсынылған кезден бастап ұлттық ғылыми кеңестер қарағанға дейін өтініш берушілер, ғылыми жетекшілер және (немесе) сарапшылар:
1) ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу шараларын қабылдайды;
2) объективті, толық және нақтыланған мәліметтерді ұсынады;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің процесі мен нәтижелерін бұрмаламайды;
4) басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға немесе басқа да ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіруге әкеп соғатын әрекет (әрекетсіздік) жасамайды.
Сарапшы мынадай жағдайларда:
1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болғанда;
2) соңғы үш жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы үш жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болғанда;
3) соңғы үш жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей басшы болып табылғанда, оған бағынышты болғанда немесе консультациялық қызметтер көрсеткенде;
4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының жұбайы/зайыбы немесе жақын туысы болып табылғанда;
5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының/зайыбының жақын туысы болып табылғанда;
6) ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып табылғанда нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді.
Осы Қағиданың 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген ғылыми этиканы бұзу фактілеріне жол берілмейді. Ғылыми этиканы бұзу фактілері болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы МҒТС объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс.
Ескерту. 2-тарау 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 1-қосымша |
Нысан
________________________________________
(МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағалау өлшемшарттарының атауы | Орташа балл (1-ден 9-ға дейін) | Барлық сарапшылардың жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) | |||
Қорытынды балдың шекті бағасы (төмен, орташа немесе жоғары) | |||
Күшті тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Ұйымдастырушы ____________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 2-қосымша |
Нысан
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға
өтінім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ақпарат
1. Жоба тақырыбының атауы.
2. Өтінім берілетін басым бағыт атауы.
3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыт атауы.
4. Жобаны бастаудың болжанған күні және жобаның ұзақтығы.
5. Гранттық қаржыландырудың сұралатын сомасы (жобаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).
2. Жобаның сипаттамасы
1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]
Бөлімде жобаның негізгі қатысушылары (жобаның ғылыми жетекшісі, тең жетекшісі), олардың ғылыми мүдделерінің бағыты, жоба идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
2. Жобаның мақсаты [100 сөзден артық емес]
Жобаның мақсаты ықшам және айқын баяндалып, жобаның тақырыбына сәйкес келуі керек.
3. Жобаның міндеттері [500 сөзден артық емес]
Бұл бөлімде жоба мақсатына қол жеткізудің тәсілі сипатталады, іске асырудың қысқаша түсініктемесімен алға қойылған міндеттері мен күтілетін нәтижелерінің тізбесі беріледі.
4. Ғылыми жаңашылдық және жобаның маңызы [2000 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жобаны әзірлеудің алғышарттары, зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге және олардың осы жобамен өзара байланысына міндетті түрде шолу жасай отырып (түпмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке жасалған сілтемелер көрсетілуі керек, олардың толық жазылуы "Библиография" деген 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Бар болса, алдын ала нәтижелері көрсетіледі;
2) жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы;
3) мәлімделген зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеуге арналған тиісті білім беру саласының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұраныс пен (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделерді қамту) (ғылыми бағдарламалар үшін);
4) алынған нәтижелердің ғылым мен технологияны дамытуға ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.
Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай бағыттарға назар аудару ұсынылады:
1) жоба идеяларының қолданыстағы аналогтардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;
2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, жобаның неліктен қаржыландырылуға тиіс екенін негіздеу қажет;
3) егер жобаның түпкі нәтижесі өнім болса, жобаның нысаналы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;
4) ғылыми-техникалық жобалар, зерттеулер үшін жобаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер
[1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жобада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау;
2) жобаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;
3) жоба шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу этикалық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;
4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі мен тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;
5) зерттеу нәтижелеріне арналған зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).
4. Жобаны жоспарлау және басқару
[1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және жобадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;
2) жоба кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен)) қамтитын жұмыс жоспары.
Екі жылдық жоба үшін Гант диаграммасының үлгісі:
Р/с № | Жоба міндеттерінің, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы | Ұзақтығы (аймен) | Жұмыстарды орындаудың басталуы (күні/айы/жылы) | Жобаны іске асыру жылдары | ||
1-жыл | 2-жыл | 3-жыл | ||||
3) жобаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген жобаның жалпы құнының (мың теңгемен) негіздемесі және шығыстар сметасы. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығыстар бабы доллардың теңгеге қатынасы бойынша бағамы көрсетіліп, АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс (өтінім берілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша). Жобаның бюджетін жұмыстар жоспарына сәйкес ғылыми жетекші бөледі және оны аталған жобамен байланысты емес өзге шығыстар бабына жұмсауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" деген 5-бапта мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс.
Жобаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
5. Зерттеу тобы
[1000 сөзден артық емес]
Бөлім ғылыми жетекші және жобаның негізгі орындаушылары (қоса орындаушылар) туралы ақпаратты қамтиды:
1) түйіндеме және ғылыми еңбек (зерттеушінің қысқаша түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қаншалықты байланысты екендігі сипатталады);
2) ғылыми жетекшінің жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер;
3) қолдағы патенттер туралы мәліметтер;
4) зерттеу тобының жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары (онға дейін), патенттер, авторлық куәліктер;
5) жобадағы жұмыстары мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;
6) жобаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспарланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) жобаға грантты алған соң тартылады.
6. Зерттеу ортасы
[500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;
2) түсіндірмелері бар отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың) пайдаланылуы;
3) отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы;
4) жас ғалымдардың (35 жасқа дейінгілерді қосқанда), PhD-докторанттардың жобаға қатысуы;
5) ұтқырлық негіздемесі: жобаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.
7. Күтілетін нәтижелер
[250 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (жоба шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жариялануы болжана ма және қандай журналда жарияланады);
2) шетелдік басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;
3) қазақстандық басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;
4) монографиялар жариялауды жүзеге асыру;
5) шетелдік патенттік бюроларда (еуропалық, америкалық, жапондық) алынған нәтижелерді патенттеу мүмкіндігі;
6) алынған нәтижелерді патенттеу (қазақстандық немесе еуразиялық патенттеу бюросында), зияткерлік меншік объектісі бойынша лицензиялық келісім жасау мүмкіндігі;
7) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
8) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы және/немесе коммерцияландырылуы;
9) алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары, оның ішінде субъектілік құрам бойынша;
10) тәуекелдерден тұратын серпінді нәтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;
11) әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату.
8. Библиография
Бөлімде "Жобаны сипаттау" бөлімінің "Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы" деген 4-тармағына сілтеме жасалған жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.
Қосымшалар
1. Куәлік көшірмесі не уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы бұйрығынан үзінді.
2. Дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі (егер өтінім беруші жеке тұлға болған жағдайда).
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған
өтінім
1. Жалпы ақпарат
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі – бағдарлама) тақырыбының атауы.
2. Іске асыру үшін өтінім берілетін нысаналы бағдарлама (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама) атауы.
3. Іске асыру үшін өтінім берілетін нысаналы бағдарлама іс-шараларының атауы.
4. Бағдарламаны бастаудың және аяқтаудың болжанатын күні.
5. Ғылыми зерттеу саласының атауы (токсикология, оптика, робот техникасы және т.б.).
6. Мемлекетаралық ҒТА рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).
7. Зерттеу түрі (эксперименттік емес іргелі, іргелі эксперименттік, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).
8. Бағдарламаны іске асыру орны.
9. Іске асыруға өтінім берілетін нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға бөлінетін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемі (жобаны іске асырудың барлық мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгемен).
10. Бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша сұралатын қаржыландыру сомасы, мың теңге (бірақ іс-шараға бөлінген қаржыландыру сомасынан жоғары емес).
2. Жобаның сипаттамасы
1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]
Бөлімде бағдарламаның негізгі қатысушылары (орындаушы ұйым, бағдарламаның ғылыми жетекшісі), ұйымның және ғылыми жетекшінің біліктілігі туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі.
2. Жобаның мақсаты
Нысаналы бағдарлама іс-шараларын ________________ іске асыру.
3. Жобаның міндеттері [500 сөзден артық емес]
Бұл бөлімде бағдарлама мақсатына қол жеткізудің тәсілі, іске асырудың қысқаша түсініктемесімен алға қойылған міндеттері, күтілетін нәтижелерге және олардың нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асырудың бекітілген күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі сипатталады.
4. Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы [2000 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бағдарламаны әзірлеуге арналған ғылыми еңбек, зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге және олардың осы бағдарламамен өзара байланысына міндетті түрде шолу жасай отырып (түпмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке жасалған сілтемелер көрсетілуі керек, олардың толық жазылуы "Библиография" деген 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Бар болса, алдын ала нәтижелері көрсетіледі;
2) зерттеудің нысаналы бағдарламаның іс-шарасына сәйкестігі, оның тиісті білім беру салаларының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктерге шолу жасау арқылы ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделерді қамту);
3) зерттеулердің қандай технологиялық міндетті/мәселені шешуге бағытталғаны, ғылым мен технологияның дамуына алынған нәтижелердің ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.
Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай бағыттарға назар аудару ұсынылады:
1) бағдарлама идеяларының қолданыстағы аналогтардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;
2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, бағдарламаға қаржы салудың неліктен пайдалы екенін негіздеу қажет;
3) егер бағдарламаның түпкі нәтижесі өнім болса, бағдарламаның нысаналы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;
4) бағдарламаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша ғылыми-техникалық жобалар мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер
[1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бағдарламада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау;
2) бағдарламаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;
3) бағдарлама шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу этикалық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;
4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі және тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;
5) зерттеу нәтижелеріне арналған зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).
4. Бағдарламаны жоспарлау және басқару
[1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және бағдарламадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;
2) бағдарлама кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін және бағдарлама мақсатының сәйкестігін, бекітілген мақсатты индикаторлармен және көрсеткіштермен өзара байланысын, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен)) қамтитын жұмыс жоспары;
3) жобаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген бағдарламаның жалпы құнының (мың теңгемен) негіздемесі және шығыстар сметасы. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығыстар бабы доллардың теңгеге қатынасы бойынша бағамы көрсетіліп, АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс (өтінім берілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша). Бағдарламаның бюджетік бағдарламамен байланысты емес өзге шығыстар бабына жұмсауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" деген 10-бапта мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс.
Бағдарламаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
5. Зерттеу тобы
[1000 сөзден артық емес]
Бөлім ғылыми жетекші және бағдарламаның негізгі орындаушылары туралы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) түйіндеме және ғылыми еңбек (зерттеушінің қысқаша түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қаншалықты байланысты екендігі сипатталады);
2) бағдарлама тақырыбына қатысты бес негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер;
3) патенттер туралы мәліметтер;
4) негізгі жарияланымдар (10-ға дейін), патенттер және авторлық куәліктер;
5) бағдарламадағы жұмыстары мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;
6) бағдарламаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспарланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) қаржыландыру басталғаннан кейін бағдарламаға тартылады.
6. Зерттеу ортасы
[500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;
2) түсіндірмелері бар отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың) пайдаланылуы;
3) отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы;
4) жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың бағдарламаға қатысуы;
5) ұтқырлық негіздемесі: бағдарламаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.
7. Күтілетін нәтижелер
[250 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) бағдарламаның нәтижелері нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға, мақсатты индикаторлар мен мақсатты бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге қалай ықпал ететіні;
2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
3) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы; ұсынылатын өнімді/технологияны нарыққа толыққанды шығару үшін қандай іс-шаралар қажет;
4) алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары;
5) тәуекелдерден тұратын серпінді нәтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;
6) шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (бағдарлама шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жариялануы болжана ма және қандай журналда жарияланады), әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
7) патент алу.
8. Библиография
Бөлімде "Бағдарламаны сипаттау" бөлімінің "Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы" деген 4-тармағына сілтеме жасалған жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.
Қосымшалар
3. Куәліктің көшірмесі не уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы бұйрығынан үзінді.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 3-қосымша |
Нысан
__________________________________________
(МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
сараптамалық қорытынды
(гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балл (1-ден 9-ға дейін) | Сарапшының/сарапшы топтың жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері | |
1 | Зерттеу жоспарының сапасы мен инновациялылығы | Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен маңызының болуы. Жоба шеңберінде жаңа ғылыми немесе әдіснамалық проблемалы салаларды зерттеу. Жобада ерекше маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуеттің болуы. Зерттеудің пәнаралылығы. Жобаның тәуекелдерді қамтитын серпінді зерттеу деңгейіне сәйкестігі. Әлеуметтік-экономикалық әсері. Жобаның алынған нәтижелерін пайдалану жолдары. Жобаның стратегиялық маңызы (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін). | |
2 | Зерттеу жоспарының іске асырылуы | Мақсаттардың және зерттеу жоспары гипотезаларының айқындығы мен шынайылығы. Жобада қолданылатын ғылыми әдістердің негізділігі. Баламалы тәсілдердің болуы. Әдістер мен тәсілдердің қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі. Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз ету. Жобаны басқару, зерттеу жоспарының ашықтығы және жұмыстарды бөлу деңгейінің қолайлылығы. Ресурстар (адами, қаржылық және басқа материалдық) мен жұмыстарды бөлудің жұмыстардың мәлімделген мерзіміне, көлемі мен мазмұнына және сұратылған қаржыландыру сомасына сәйкестігі. Адамдарға және жануарларға жүргізілетін эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелердің көрсетілуі. Плагиатты, деректердің бұрмалануы мен ойдан шығарылуын, жалған тең авторлықты және нәтижелерді иемденуді болдырмауға қатысты мәселелердің көрсетілуі. Жобаны іске асырудың баламалы жолдарының болуы. | |
3 | Өтініш берушінің құзыреттілігі | Жобаны іске асыру үшін ғылыми жетекші мен зерттеу тобы мүшелерінің құзыреттілік деңгейінің жеткіліктілігі. Жобаны іске асыру үшін зерттеу тобы мүшелерінде комплементарлы (толықтырушы) білімнің болуы. | |
4 | Зерттеу ортасы | Өтінім берушіде жобаны жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу инфрақұрылымының болуы. Өтінім беруші сатып алатын жабдықтың жоба мақсатына, жоспарланған жұмыс мазмұнына сәйкестігі. Жобаны халықаралық зерттеу ортасына интеграциялау мүмкіндігінің болуы (негіздемесімен). Жоба шеңберінде немесе оны іске асыру нәтижелері бойынша біліктілігі жоғары жас кадрлар даярлауды қолдау. Жоба шеңберінде қазақстандық/шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстардың болуы. Жобаға жетекші шетелдік ғалымдардың қатысуы. Зерттеу тобы мүшелерінің шетелдік зерттеу орталықтарында немесе университеттерінде тағылымдамадан өтуін, зерттеу орталықтары немесе университеттер арасында зерттеу тобы мүшелерінің өзара алмасуын жүзеге асыру. Үздік ғылыми нәтижелер алу немесе жобаны одан әрі дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастық орнату мүмкіндігінің болуы және қажеттілігі. | |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл жиыны | |||
Күшті тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә.________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 4-қосымша |
Нысан
__________________________________________
(МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі аралық (жылдық) есеп бойынша сараптамалық қорытынды
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балл (1-ден 9-ға дейін) | Сарапшының/сарапшы топтың түсініктемелері | |
1 | Жобаны/бағдарламаны басқарудың сапасы | Жобаның/бағдарламаның міндеттерін шешу үшін зерттеу тобының құрамы саны және құзыреттілігі жағынан негізделген болып табыла ма? Сатып алынатын жабдық ҒЗЖ жүргізу үшін қажет болып табыла ма? | |
2 | Ғылыми зерттеулерге қолданылатын әдіснаманың сапасын бағалау | Қолданылатын әдіснаманың ғылыми негізділігін және ҒЗЖ ерекшелігіне сәйкестігін бағалаңыз, қолданылатын әдістер жобаның/бағдарламаның мақсатына жетуге мүмкіндік бере ме? Олар айырықша тиімді ме, шынайы мәліметтерді алуға мүмкіндік бере ме? Қолданылатын әдістер ғылыми этиканың нормалары мен қағидаттарына сәйкес келе ме? | |
3 | Жобада/бағдарламада қойылған міндеттерге қол жеткізуді бағалау | Жобаны/бағдарламаны іске асыру бұрын бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіле ме? (озыңқы, негізделген өзгерістермен, негізсіз жоспардан ауытқиды). | |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) | |||
Күшті тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә. ____________________________
________________________________________
(МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі қорытынды есеп бойынша
сараптамалық қорытынды
Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балл (1-ден 9-ға дейін) | Сарапшының/сарапшы топтың түсініктемелері | |
1 | Алынған нәтижелердің жаңашылдығы | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, алынған нәтижелерді жаңашылдық деңгейі бойынша бағалаңыз: 1. Түбегейлі жаңа нәтижелер, жаңа теория алынды, жаңа заңдылық ашылды; феномен жаңаша немесе алғаш рет зерделенді: мазмұн құрылымы, оның мәні ашылды. Түбегейлі жаңа өнім шығаруға мүмкіндік беретін түбегейлі жаңа құрылғы, тәсіл ойлап шығарылды (7-9 балл). 2. Кейбір жалпы заңдылықтар, әдістер алынды, белгілі фактілер арасында жаңа байланыс табылды, бар білімнің белгісіздігін айтарлықтай азайтқан жаңа ақпарат алынды, жаңа объектілерге белгілі ережелерді тарату нәтижесінде тиімді шешім табылды. Процесті, әдісті және (немесе) әзірлемені айтарлықтай түбегейлі жетілдіру жүргізілді, ішінара ұтымды түрлендіру (жаңашылдық белгілерімен) жүргізілді (4-6 балл). 3. Нәтиже қарапайым жалпылау, факторлардың байланысын талдау, жаңа объектілерге белгілі қағидаттарды тарату негізінде алынды. Жеке факторларға, бұрын алынған нәтижелердің таралуына, реферативтік шолуға сипаттама берілді (1-3 балл). | |
2 | Ғылыми пысықтау деңгейі | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, өлшемшарттарды мынадай сипаттамалар бойынша бағалаңыз: 1. Күрделі теориялық есептеулерді орындау, қомақты көлемде эксперименттік деректерді тексеру (7-9 балл). 2. Есептеулердің күрделілігі жоғары емес, аз көлемде эксперименттік деректерді тексеру (4-6 балл). 3. Теориялық есептеулер қарапайым, эксперимент жүргізілген жоқ (1-3 балл). | |
3 | Нәтижелерді қолданудың перспективалығы | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, өлшемшарттарды мынадай сипаттамалар бойынша бағалаңыз: 1. Жоба нәтижелері көптеген ғылыми бағыттарда қолданыла алады, әлемдік ғылым үшін өте маңызды. Коммерциялық әлеуеті бар: нәтижелерді коммерцияландырған жағдайда бәсекеге қабілетті тауар өнімінің, процестердің немесе қызметтердің шығарылуы мүмкін (7-9 балл). 2. Алынған нәтижелер Қазақстанның басым ғылыми бағыттары үшін маңызды. Нәтижелері жаңа техникалық шешімдерді әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін, Қазақстанда практикаға, өндіріске енгізу үшін әлеуетке ие (4-6 балл). 3. Нәтижелері келесі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін (1-3 балл). | |
4 | Нәтижелердің аяқталуы | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, өлшемшарттарды мынадай сипаттамалар бойынша бағалаңыз: 1. Зерттеу нәтижелері халықаралық жетекші дәйексөз алу жүйелерінде (библиографиялық базада) индекстелетін шетелдің рецензияланатын ғылыми басылымдарында жарияланды. Нәтижелер зияткерлік меншік құқығымен қорғалған (7-9 балл). 2. Ұсыныстар, ашық талдаулар ұсынылған. ТКЖ-ға техникалық тапсырма бар (4-6 балл). 3. Ақпаратқа шолу, жинақтау жүргізілген (1-3 балл). | |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) | |||
Күшті тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә. _________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 5-қосымша |
Ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жұмыс бойынша сараптама қорытындысы
________________________________________
(МҒТС объектісінің атауы)
Бағалау критерийлерінің атауы | Балл (1-ден 9-ға дейін) | Сарапшы/сарапшы топ түсініктемелері | |
1 | Алынған әлемдік деңгейдегі нәтижелердің ғылыми жаңашылдық дәрежесі, жүргізілген зерттеулердің өзектілігі | ||
2 | Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын әдіснаманы бағалау | ||
3 | Зерттеудің негізгі нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау | ||
4 | Жұмыстың ғылым мен техника дамуына үлесін бағалау | ||
5 | Қорытынды балл (бағалау критерийлері бойынша балл сомасы) | ||
Күшті тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә. _____________________________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 6-қосымша |
Нысан
______________________________________________
(МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша сараптамалық қорытынды
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балл (1-ден 9-ға дейін) | Сарапшының/сарапшы топтың түсініктемелері | |
1 | Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның (бұдан әрі – бағдарлама) мақсаттары мен міндеттерінің ғылыми маңыздылығы | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы мен жоспарланған зерттеулерінің сапасын бағалаңыз: 1) Бағдарламаның ғылыми зерттеулері (гипотезасы және т.б.) бар ма? 2) Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы бар ма? Бұрын осындай зерттеулер жүргізілді ме? Егер жүргізілсе, онда бағдарламаның оны жүзеге асыру үшін маңыздылығы жеткілікті ме, ғылыми жаңашылдығы бар ма? 3) Бағдарлама жаңа ғылыми немесе әдіснамалық проблемалы салаларды зерттеуді қарастыра ма? 4) Ұсынылатын зерттеу әдістері ғылыми тұрғыдан негізделген бе, нақты ма және бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келе ме? | |
2 | Бағдарламалық іс-шаралардың, оларды іске асыру мерзімдерінің негізділігі, кешенділігі | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, бағдарламаның барлық компоненттерінің іске асырылу, келісілу тұрғысынан оның сапасын бағалаңыз: 1) Ұсынылатын іс-шаралар бағдарлама мақсатының мәнін қаншалықты нақты көрсетеді? 2) Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қойылған міндеттер жеткілікті және қажетті болып табыла ма? Міндеттер нақты қойылды ма? 3) Бағдарламаның мақсаты мен мерзімдері, зерттеу жоспары (жұмыс жоспары) қолжетімділік тұрғысынан бағдарламаның бюджетімен (жалпы сомасы және негізгі баптар бойынша бөлудің), зерттеу персоналының санымен және құзыреттілігімен өзара байланысты болып табыла ма? Байланыспайтын, түсініксіз жерлер бар ма? 4) Ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің жобаны/бағдарламаны орындау үшін құзыреттілігі (білімі, тәжірибесі, толықтырмалы білімі) жеткілікті ме? 5) Өтінім берушінің бағдарламаны іске асыру үшін қажетті зерттеу инфрақұрылымы бар ма? Бағдарламаны орындау үшін қажетті жабдықтар болмаған жағдайда, оларды жалға алу немесе сатып алу жоспарланған ба? 6) Өтінім беруші сатып алатын жабдықтар мен басқа шығыстар бағдарламаның мақсатына, жоспарланған жұмыстың мазмұнына сәйкес келе ме? | |
3 | Бағдарламаны жүзеге асыру тетігінің тиімділігі | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, бағдарламаны тиімді іске асыру тетіктерінің болуы тұрғысынан оның сапасын бағалаңыз: 1) Тәуекелдерге талдау жүргізілді ме? Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін әлеуетті проблемалар, баламалы стратегиялар ашылды ма? 2) Зерттеу әдіснамасы және жұмыстарды үлестіру ашық жүргізіле ме? 3) Егер бағдарлама маркетингтік зерттеулерді, технологияларды әзірлеуді және (немесе) технологияларды коммерцияландыруды қамтыса, бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштер бар ма? | |
4 | Бағдарламаның жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, Бағдарламаны іске асырудың күтілетін соңғы нәтижелері және оның елдің экономикасының дамуына ықпалы | Бағалауға түсініктемелер/түсіндірмелер бере отырып, бағдарлама нәтижелерінің Қазақстан Республикасының технологиялық жаңғыруына, әлеуметтік-экономикалық дамуы және қауіпсіздігін нығайту саласында тигізуі мүмкін ықпалды бағалаңыз: 1) Проблеманы шешуден бөлек, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне табысты қол жеткізу отандық өндіріс, ғылым, білім беру саласында айтарлықтай өзгерістерге ықпал етеді ме? 2) Бағдарлама өнімді енгізуге, коммерцияландыруға және жасауға айтарлықтай әлеуеті бар нәтижелер алуды көздей ме? Әлеуметтік сипаттағы бағдарлама үшін бағдарламаның нәтижелерін енгізу (пайдалану) кезінде игіліктерді (өмір, еңбек жағдайын жақсарту, және т.б.) әлеуетті алушыларды қамту маңызды ма? 3) Бағдарламаның күтілетін нәтижелері экологиялық, энергиялық тиімді, бәсекеге қабілетті болып табылады ма? | |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) | |||
Күшті тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә. ______________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 7-қосымша |
МҒТС объектісін сараптамалық бағалау жүйесі
Шекті баға | Балл | Баға | Күшті және әлсіз тұстарын көрсете отырып бағалауды сипаттау |
Жоғары | 9 | Ерекше | Әлсіз тұстары жоқ |
8 | Көрнекті | Әлсіз тұстарын ескермеуге болады | |
7 | Үздік | Кейбір елеусіз әлсіз тұстары бар | |
Орташа | 6 | Өте жақсы | Елеусіз әлсіз тұстарымен көп |
5 | Жақсы | Кейбір күшті тұстары және бірқалыпты әлсіз тұстары бар | |
4 | Қанағаттанарлық | Кейбір күшті тұстары, бірақ айтарлықтай бір әлсіз тұсы бар | |
Төмен | 3 | Әлсіз | Елеусіз күшті тұстары және көптеген әлсіз тұстары бар |
2 | Қанағаттанарлықсыз | Күшті тұстары жоқ және айтарлықтай әлсіз тұстары бар | |
1 | Тым қанағаттанарлықсыз | Күшті тұстары жоқ |