Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.2. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 471-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.09.2019 № 654 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;
2) тапсырыс беруші – ұйымдастырушымен МҒТС жүргізуді ұйымдастыруға өтеулі шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;
3) ұйымдастырушы – ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы;
4) баға негізділігін бағалау бойынша сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша жүрген, сұрау салынған соманың негізділігіне баға беру бойынша сараптамалық қорытынды беретін жеке тұлға (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын сарапшының экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет);
5) шетелдік сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын сарапшы, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік ғылыми ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар, соңғы 5 (бес) жылда Web of Science халықаралық дерекқорының алғашқы екі квартиліне кіретін журналдарда кемінде төрт ғылыми мақала және (немесе) шолулар жариялаған және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базасына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде бес Хирш индексі бар Қазақстан Республикасының азаматы.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдардың соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында СiteScore бойынша тағайындау сәтінде кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар журналдарда кемінде екі мақаласы және (немесе) шолуы болуға тиіс. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы 5 (бес) жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
6) қазақстандық сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жүрген, соңғы 5 (бес) жылда Web of Science халықаралық дерекқорының алғашқы үш квартиліне кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақаласы және (немесе) шолуы және (немесе) Scopus Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 3 (үш) Хирш индексі бар сарапшы.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдар соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index Web of Science индекстелетін және (немесе) Scopus базасында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу не білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) мақала және (немесе) шолу жариялауға тиіс. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы 5 (бес) жылда кемінде үш Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында маманданған, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалармен жұмыс істеу үшін тиісті рұқсаты бар адамдарға жарияланымдардың және Хирш индексінің болуы жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерге МҒТС жүргізуге тартылатын қазақстандық сарапшылар соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жариялауға тиіс. Бұл сарапшыларға Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды.
7) сараптамалық қорытынды – сарапшы жасайтын және ол жүргізген сараптама нәтижелері, алдына қойылған мәселелер бойынша оның қорытындылары, МҒТС объектісінің объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделеріне тәуелсіз талдамалық бағалау туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
8) кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
9) комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
10) МҒТС қорытындысы – ұйымдастырушының МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасаған ресми қорытындысы;
11) ғылыми этиканың бұзылу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, қаржыландырудың бір көзінің шеңберінде өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны түрлі бағыттарға жолдауы, МҒТС объектісін өтінім берушінің қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;
12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беруші ұсынған МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі (ЖТН алу үшін конкурс жарияланған кезден бастап тапсырыс беруші өтінім қабылдайтын соңғы мерзімге дейін гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушылар объектілерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тіркейді);
13) шекті балл – ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімдер үшін кемінде 25 балл және ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша өтінімдер үшін кемінде 21 балл құрайтын МҒТС балы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.3. МҒТС сараптамалық қорытындылардың тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дұрыстығы, толықтығы және негізділігі қағидаттарында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың талдамалық бағасын дайындау мақсатында жүзеге асырылады.
4. МҒТС объектілері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар;
2) ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары;
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер;
4) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер болып табылады.
5. Ұйымдастырушы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша МҒТС-ның өзге де объектілеріне МҒТС жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС құзыретті шетелдік және (немесе) қазақстандық сарапшылар жүргізеді.
7. Ұйымдастырушы МҒТС объектілері сараптамасының нәтижелері әкімшілендірілуінің, тәуелсіздігінің, айқындылығының және жариялылығының біртұтастығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
8. Мыналар МҒТС-ның негізгі міндеттері болып табылады:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми, техникалық және технологиялық білімнің әлемдік деңгейіне, ғылыми-техникалық прогрестің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау;
2) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, еңбек, материалдық ресурстардың болжамды шығындарының қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;
3) ғылыми зерттеулерді жүргізуді мазмұндық, ұйымдастырушылық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) іске асыру нәтижелерін объективті және кешенді қарау, алынған нәтижелерді мәлімделген мақсаттармен салыстыру;
4) МҒТС объектілерінің маңыздылығын бағалау;
5) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін өтінім беруші сұрау салған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау.
9. Мыналар МҒТС жүргізу қағидаттары болып табылады:
1) сарапшылардың тәуелсіздігі, анонимділігі және құзыреттілігі;
2) МҒТС объектілерін зерттеудің ғылыми тәсілі, жан-жақтылығы, объективтілігі;
3) сараптамалық қорытындылардың толықтығы мен негізділігі;
4) МҒТС нәтижелерінің жариялылығы.
2-тарау. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
10. Тапсырыс беруші заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне және өзге МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізуге өтінімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастырушыға конкурсқа өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін тапсырыс беруші жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мониторингінің жетектеуші мәселелері мен индикаторларын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін де ұсынады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.10-1. Өтінімдер тапсырыс берушіден түскен күннен бастап ұйымдастырушы оларды осы Қағидалардың мынадай талаптарының сақталуы тұрғысынан тексереді:
1) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектісінде ЖТН болуы;
2) өтінімді ресімдеудің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы;
3) талап етілген құжаттардың толық көлемде конкурстық құжаттама қосымшаларына сәйкес ұсынылуы;
4) плагиат фактілерінің болмауы;
5) МҒТС объектісі тақырыбының немесе мазмұнының МҒТС-ға бұрын ұсынылған, бірақ қаржыландыру мақұлданбаған не бір уақытта ұсынылған МҒТС объектілерімен қайталану фактілерінің болмауы;
6) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу жөніндегі куәлігінің болуы;
7) этика және биоэтика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысының (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болуы;
8) ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы;
9) күтілетін нәтижелердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы.
Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.10-2. Өтінім түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы осы Қағидалардың 10-1 тармағының 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді алдын ала тексеру нәтижелері бойынша МҒТС жүргізбей өтінім берушіге қайтарады.
Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 10-1-тармағының 1), 2), 3), 7) және 9) тармақшаларына сәйкес келмейтін өтінімдерді барлық ескертулерді көрсете отырып, ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы өтінім берушіге пысықтауға жолдайды.
Ескерту. 2-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.10-3. Ұйымдастырушы өтінімді пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім беруші қайта пысықталған өтінімді ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.
Пысықталған өтінімдерді алған кезде ұйымдастырушы бұрын көрсетілген ескертулердің жойылуы және осы Қағидалардың 10-1-тармағының 1), 2), 3), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді, ескертулер жойылмаған жағдайда пысықталған өтінімдерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді өтінім берушіге қайтарады.
Тапсырыс берушіден өтінімдер түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы оларды тапсырыс берушіге қайтарады.
Тапсырыс беруші өтінімдерді өтінім берушіге қайтарады және олар ұйымдастырушыдан қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында қайтарылған өтінімдер тізбесін жариялайды.
Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін өтінімдер тапсырыс берушіден өтінім түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін МҒТС жүргізуге жатады.
Ескерту. 2-тарау 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.11. Ұйымдастырушы:
1) МҒТС жүргізу жөніндегі жұмысты МҒТС-ның әрбір объектісін кемінде үш сарапшыға МҒТС жүргізу үшін жолдау арқылы не МҒТС объектісіне байланысты комиссиялық (кешенді) сараптама жүргізу арқылы ұйымдастырады;
2) МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшылардың құрамын олардың мамандануы мен МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етеді;
3) мыналарды:
конкурс шеңберінде және конкурстық рәсімдерден тыс ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік екі сарапшыны және қазақстандық бір сарапшыны (МҒТС объектісін зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін қазақстандық сарапшылар дәлелді себеппен болмаған жағдайда, үшінші шетелдік сарапшы тартылады);
ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде жобаның (жобалардың) қорытынды есебіне (есептеріне), бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың аралық және қорытынды есептеріне МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы (есептерді зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір, не екі, не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір, не екі, не үш шетелдік сарапшы тартылады);
ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны (ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарды зерттеу саласында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір, не екі не, үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір, не екі, не үш шетелдік сарапшы тартылады);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны іріктейді не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;
ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;
жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың сұрау салынған көлемінің негізділігін бағалау үшін бір сарапшыны;
іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік бір сарапшыны;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын, ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша және (немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын) және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық бір сарапшыны іріктейді;
3-1) конкурс шеңберінде және конкурстан тыс рәсімдерде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін екі шетелдік сарапшыны және бір қазақстандық сарапшыны іріктейді (МҒТС объектісін зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін қазақстандық сарапшылар дәлелді себеппен болмаған жағдайда, үшінші шетелдік сарапшы тартылады);
3-2) ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде жобаның (жобалардың) қорытынды есебіне (есептеріне), бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың аралық және қорытынды есептеріне МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы жүргізеді (есептерді зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір не екі не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір не екі не үш шетелдік сарапшы тартылады);
3-3) ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарға МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді (ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарды зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір не екі не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір не екі не үш шетелдік сарапшы тартылады);
3-4) мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі (сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілместен, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады);
3-5) ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы жүргізіледі;
3-6) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың сұрау салынған көлемінің негізділігін бағалау үшін бір сарапшыны іріктейді;
4) МҒТС объектілерінің электронды нұсқаларының деректер банкін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған, МҒТС жүргізу үшін тапсырыс берушіден келіп түскен МҒТС объектілері бойынша деректер базасын қалыптастырады;
5) МҒТС-ны әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер базаларын құру және МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы сарапшылармен шарт жасасу арқылы қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Шетелдік сарапшылардың дерекқорын құру үшін сарапшыларды іріктеу жетекші әлемдік библиометрикалық дерекқорларды пайдалану арқылы немесе жетекші әлемдік университеттер мен ғылыми ұйымдардың немесе МҒТС объектісінің тақырыбына сәйкес келетін ғылыми зерттеулер бойынша әлемдік жетекші ғылыми журналдарда жарияланымдары бар сарапшылардың ұсынымдары бойынша жүргізіледі.
Сарапшымен жасалған шарт сараптаманы жүргізу мерзімі, МҒТС объектілері туралы мәліметтердің құпиялылығы туралы, сарапшының ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын сақтау шарттарын қамтуы және сарапшы туралы мәліметтің құпиялылығына кепілдік беруі тиіс.
Шарттың сарапшының бастамасымен дәлелді себептерсіз бұзылғаны туралы мәліметтер қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорына енгізіледі.
Сарапшы шарт талаптарын және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген МҒТС жүргізу қағидаттарын бұзған жағдайда, ұйымдастырушы оны автоматтандырылған дерекқордан шығарады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.12. МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – он бес жұмыс күнінен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен аспайды;
3) сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін он екі жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілместен, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады.
13. Өтінімдер бойынша сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау балл қоймастан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
МҒТС объектісі бойынша сараптамалық қорытынды МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.
Сараптамалық қорытындыда сарапшы осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген аралық есептерге және ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыстарға арналған сараптамалық бағалау жүйесіне сәйкес әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балл қояды. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша қосымша бағалау өлшемшарттарын тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша ұйымдастырушы белгілейді.
МҒТС объектісіне кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізілген кезде сараптамалық топ құрылады. Сараптамалық топ мүшелерінің арасынан төраға сайланады және сараптамалық топ отырысының хатшысы анықталады. Сараптамалық топтың отырысы күндізгі нысанда және (немесе) онлайн-конференция арқылы өткізіледі. Сараптама үшін ұсынылған материалдардың көлеміне байланысты кешенді (комиссиялық) сараптама кемінде үш және он бестен аспайтын сарапшылардың қатысуымен өткізіледі. МҒТС объектісінің кешенді (комиссиялық) сараптамасының нәтижелері бойынша МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаларға 5 немесе 6-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сараптамалық қорытынды жасалады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.14. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің МҒТС нәтижесі МҒТС сараптамалық қорытындысы болып табылады.
Ұйымдастырушы мәлімделген қаржыландыру сомасын көрсете отырып, МҒТС нәтижелерінің негізінде гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына ұсынылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру туралы шешімі бойынша конкурстық рәсімдерден тыс ұсынылған өтінімдердің сараланған тізімін ерікті нысанда жасайды.
Ұйымдастырушы МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша өтініш берушілерге (ғылыми жетекшілерге) МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы МҒТС нәтижелерін (МҒТС балын көрсете отырып) қайтарады.
МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін МҒТС нәтижелерімен (МҒТС балын көрсетпей) бірге сарапшыға МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау нәтижелері МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) тиісті ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) екі жұмыс күні ішінде жолданады.
ҰҒК өтінімдерді қарауды аяқтағаннан кейін ұйымдастырушы әрбір өтінім үшін МҒТС қорытындысына сәйкес балл мен ҰҒК айқындаған бағалау парағының балын қосу арқылы жалпы балды айқындайды.
Ұйымдастырушы әрбір басым бағыт бойынша ең жоғары балдан бастап "жоғарыдан төмен" өтінімдердің сараланған тізімін жасайды және оны екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Ұйымдастырушы МҒТС нәтижелерін ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырыс берушіге жолдайды.
Ұйымдастырушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер және гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер бойынша МҒТС нәтижелерін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.15. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:
1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде МҒТС өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС шекті балынан төмен балл алған МҒТС объектілері бойынша ЖТН, МҒТС қорытындысы негізіндегі қорытынды балдарды;
2) мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерден тұратын объектілерге МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық сарапшыларға қатысты ақпаратты қоспағанда, жыл сайын жылдың соңында ұйымдар мен елдер бойынша Хирш орташа индексін көрсете отырып, МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту туралы жалпы талдауды;
3) МҒТС аяқталғаннан кейін ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы ғылыми жетекшіге және өтініш берушіге жолданатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша МҒТС жүргізуге тартылған сарапшылардың Хирш индекстерін жариялайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.16. Ұйымдастырушыға және сарапшыға тапсырыс берушінің, өтінім берушінің және өзге де адамдардың қысым не өзге де ықпал көрсетуіне жол берілмейді.
17. МҒТС объектісі МҒТС-ға ұсынылған сәттен бастап ҰҒК қарағанға дейін өтініш берушілер, ғылыми жетекшілер және (немесе) сарапшылар:
1) ғылыми этиканың, биоэтика нормаларының (адамдарды және жануарларды биомедициналық зерттеу үшін) бұзылу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу шараларын қабылдайды;
2) объективті, толық және нақтыланған мәліметтерді ұсынады;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің процесі мен нәтижелерін бұрмаламайды;
4) басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға немесе басқа да ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіруге әкеп соғатын әрекет (әрекетсіздік) жасамайды.
Сарапшы мынадай жағдайларда:
1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болғанда;
2) соңғы бес жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы 5 (бес) жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болғанда;
3) соңғы 5 (бес) жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей жетекшілік жасағанда, оған бағынысты болғанда немесе консультациялық қызметтер көрсеткенде;
4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысымен некеде (ерлі-зайыптылықта) немесе жақын туысы болып табылғанда;
5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының (зайыбының) жақын туысы болып табылғанда;
6) ҰҒК мүшесі болып табылғанда;
7) жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісінің диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болғанда;
8) жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісі сарапшының диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болғанда, нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді.
Осы Қағидалардың 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген ғылыми этиканы бұзу фактілеріне жол берілмейді. Ғылыми этиканы бұзу фактілері болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы МҒТС объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Р/с | Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Орташа балл | Барлық сарапшылардың жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері | ||
1-сарапшы | 2-сарапшы | 3-сарапшы | |||
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
4. | |||||
5. | |||||
МҒТС орташа балы: |
Ұйымдастырушы ____________ | |
ҰҒК-ға беру күні _____________ | |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сұрау салынған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшының қорытындысы, теңге ________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Р/с |
|
| МҒТС сарапшыларының позициясы негізіндегі шығыстардың құны | Соманың негізділігі бойынша сарапшының пікірі (100-150 сөз) | ||
1-сарапшы* | 2-сарапшы* | 3-сарапшы* | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Еңбекақы төлеу** | |||||
2 | Қызметтік іссапарлар ** | |||||
3 | Өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар** | |||||
4 | Материалдар сатып алу** | |||||
5 | Құрал-жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алу (заңды тұлғалар үшін)** | |||||
6 | Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу** | |||||
7 | Үй-жайларды жалға алу** | |||||
8 | Құрал-жабдық пен техниканы жалға алу** | |||||
9 | Құрал-жабдық пен техниканы пайдалану шығыстары** | |||||
10 | Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер** | |||||
11 | Сұрау салынған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшы ұсынатын жобаларды немесе бағдарламаларды қаржыландыруға қорытынды сома |
Сұрау салынған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________
* - 4, 5, 6-бағандар осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес МҒТС сараптамалық қорытындыларында келтірілген МҒТС сарапшылар позициясының негізінде толтырылады.
** - баға негізіндегі шығыстар құны (бағалау жүргізу сәтінде)
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 3-қосымша |
____________________________________________________________(МҒТС объектісінің ЖТН және атауы) гранттық қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сараптамалық қорытынды
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.
Р/с № | Бағалау өлшемшартының атауы | Сарапшы бағасы | Көрсеткіш | Өлшемшарт бойынша балл |
---|---|---|---|---|
1. | Жобаның жаңалығы мен өзектілігі |
Жобаның жаңалығы (200 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Ғылымның дамуы үшін жобаның маңыздылығы мен өзектілігі (300 сөзден аспау керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
2. | Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы |
Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеу әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Нәтижелерге қол жеткізу (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
3. | Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы |
Жобаның нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы (300 сөзден аспау керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
4. | Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми дайындаманың болуы |
Жоба жетекшісінің ғылыми деңгейі мен дайындаманың болуы (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
5. | Жобаның пәнаралылығы |
(100 сөзден аспау керек) | ||
Қорытынды балл | Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдың қосындысы | |||
Сұратылатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) | |||
Басым бағытқа |
(100 сөзден аспау керек) | |||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспау керек) | |||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспау керек) |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 4-қосымша |
______________________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы өтінімге сараптамалық қорытынды
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Жалпы балл | Сарапшының жетектеуші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері | |
---|---|---|---|---|
1. | Зерттеу жоспарының инновациялылығы |
(150 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
2. | Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы |
(150 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
(250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ен дейін) | |||
(250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
3. | Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы |
(150 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
4 | Өтінім берушінің құзыреттілігі және зерттеу ортасының сапасы |
(150 сөзден аспау керек) | (0-ден 2-ге дейін) | |
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
(50 сөзге дейін, кемінде 10 Хирш индексі бар шетелдік ғалымдар ғана ескеріледі) | (0-ден 1-ге дейін) | |||
5. | Зерттеудің пәнаралылығы |
(100 сөзге дейін) | ||
Қорытынды балл | Жоғарыда көрсетілген бағалардың өлшемшарттары бойынша ортақ балдың қосындысы | |||
Сұратылатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) | |||
Басым бағытқа сәйкестігі |
(100 сөзден аспау керек) | |||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспау керек) | |||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспау керек) | |||
Сарапшының Т.А.Ә.(болған жағдайда) ______________________________________ |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына | |
5-қосымша | |
Нысан |
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі аралық (жылдық) есеп бойынша сараптамалық қорытынды _______________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл | Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері | |
1. | Бағдарламаны басқарудың сапасы | Бағдарламаның міндеттерін шешу үшін зерттеу тобының құрамы саны және құзыреттілігі бойынша негізделген болып табыла ма? Сатып алынған жабдық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланыла ма? Өтінімде жоспарланғандай, бағдарламаны орындауға жас зерттеушілер тартыла ма? Зерттеулердің нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар қаншалықты ғылыми дәлелденген және негізделген? Олар халықаралық жетекші ғылыми журналдарда мақалалар түрінде кейіннен жариялауға немесе басқа нысанда қолдану үшін жаңа әрі маңызды болып табыла ма? | |
2. | Ғылыми зерттеулерге қолданылатын әдіснаманың сапасын бағалау | Қолданылатын әдіснаманың ғылыми негізділігін және зерттеулердің ерекшелігіне сәйкестігін бағалаңыз. Қолданылатын әдістер бағдарламаның мақсатына жетуге және ұсынылған гипотезаларды тексеруге мүмкіндік бере ме? Олар неғұрлым тиімді ме, нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік бере ме? Эксперименттер стандарттық ауытқушылықтар, нөлдік гипотеза дәлдігінің ықтималдығы т.б. есептерін қамтитын деректерді кейіннен статистикалық өңдеу арқылы қатар салыстырыла жүргізіле ме? Эксперименталды алынған кестелердегі олқылықтардың планкасы кейінге қалдырылған ба? Қолданылатын әдістер ғылыми этиканың нормалары мен қағидаттарына сәйкес келе ме? | |
3. | Бағдарламада қойылған міндеттердің жетістіктерін бағалау | Жобаның/бағдарламаның міндеттерін іске асыру бұған дейін бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіле ме? (озыңқы негізделген өзгерістермен, жоспардан негізсіз ауытқуды). Бағдарлама алдына қойған мақсатына жете алмайды деген күдік бар ма? Осыған байланысты оны тоқтату қажет пе? | |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) | |||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________
Кешенді/комиссиялық сараптама үшін
Сараптамалық топтың төрағасы _____________________
Сараптамалық топтың хатшысы_____________________
Сараптамалық топтың мүшелері_____________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына | |
6-қосымша | |
Нысан |
Ғылыми зерттеулерді гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есеп бойынша сараптамалық қорытынды _______________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл | Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері | |
1. | Алынған нәтижелердің жаңашылдығы |
(7-9 балл) | |
(4-6 балл) | |||
(0-3 балл) | |||
2. | Ғылыми пысықтау деңгейі |
(7-9 балл) | |
(4-6 балл) | |||
(0-3 балл) | |||
3. | Нәтижелерді қолданудың перспективасы |
(7-9 балл) | |
(4-6 балл) | |||
(0-3 балл) | |||
4. | Нәтижелердің аяқталуы |
(7-9 балл) | |
(0-3 балла) | |||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарт-тары бойынша балдардың жиынтығы) | |||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________________________
Кешенді/комиссиялық сараптама үшін
Сараптамалық топтың төрағасы _____________________
Сараптамалық топтың хатшысы_____________________
Сараптамалық топтың мүшелері_____________________
Толтырылған күні _____________________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына | |
7-қосымша | |
Нысан |
Ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыс бойынша сараптамалық қорытынды ________________________________________ (МҒТС объектісінің атауы)
Р/с | Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл | Сарапшы/сараптамалық топ түсініктемелері |
1 | Алынған әлемдік деңгейдегі нәтижелердің ғылыми жаңашылдық дәрежесі, жүргізілген зерттеулердің өзектілігі | ||
2 | Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын әдіснаманы бағалау | ||
3 | Зерттеудің негізгі нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау | ||
4 | Жұмыстың ғылым мен техниканың дамуына қосар үлесін бағалау | ||
5 | Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) | ||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына | |
8-қосымша | |
Нысан |
Аралық есептерге және Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарға арналған сараптамалық бағалау жүйесі
Ескерту. 8-қосымшаның атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 941 қаулысымен.
Шекті баға | Балл | Баға | Мықты және әлсіз тұстарын көрсете отырып бағалауды сипаттау |
Жоғары | 9 | Ерекше | Әлсіз тұстары жоқ |
8 | Көрнекті | Әлсіз тұстарын ескермеуге болады | |
7 | Үздік | Кейбір елеусіз әлсіз тұстары бар | |
Орташа | 6 | Өте жақсы | Көптеген елеусіз әлсіз тұстары бар |
5 | Жақсы | Кейбір мықты тұстары және бірқалыпты әлсіз тұстары бар | |
4 | Қанағаттанарлық | Кейбір мықты тұстары, бірақ айтарлықтай бір әлсіз тұсы бар | |
Төмен | 3 | Әлсіз | Елеусіз күшті тұстары және көптеген әлсіз тұстары бар |
2 | Қанағаттанғысыз | Мықты тұстары жоқ және айтарлықтай әлсіз тұстары бар | |
1 | Мүлдем қанағаттанғысыз | Мықты тұстары жоқ | |
0 | Жоқ |