Кеме құжаттарының тiзбесiн, Кеме құжаттарын жүргiзу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 856 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiліп отырған:
      1) кеме құжаттарының тізбесі;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      3) Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 856 қаулысымен  
бекiтiлген  

Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына
қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағида) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарын жүргiзу және кеме құжаттарына қойылатын талаптардың тәртiбiн айқындайды.
      Кеме құжаттарындағы барлық жазбалар мемлекеттiк немесе орыс немесе ағылшын тiлдерінде жүргiзiледi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы қаулымен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.

2. Кеме журналын жүргізу тәртiбi

      3. Осы Кеме журналын жүргізу тәртiбi 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (СОЛАС 74/78) Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
      4. Кеме журналы кеме құжаты болып табылады, онда кеменің үздіксіз өміршеңдігі көрсетіледі.
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. Кеме журналына өзгерістер мен толықтыруларды кеме капитанының вахталық көмекшiсi не кеме капитаны енгізеді.
      Өзгертiлуі тиiс мәтiн жеңiл оқылатындай етiп жiңiшке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Егер жазба барысында қателiк байқалса, онда жақшадан кейiн бiрден дұрыс мәтiн жазылады. Қалған жағдайларда жақшадан кейiн не жiберiлген жағдайда мәтiнді қосу қажет сөзден кейiн жазылып, сілтеменiң сандық белгiсi толассыз нөмiрлеу арқылы әр бет үшiн қойылады. Мәтінді өзгерту немесе толықтыру журналдағы соңғы жазбадан кейiн жазылады, сiлтеме сандық белгiмен қойылады және мынандай нысанда түзету немесе толықтыру енгізген адамның қолымен бекiтiледi:
      1) "қате жазылған", егер сызылған мәтiндi басқасымен ауыстыру қажет болмаса;
      2) "оқу:" және бұдан әрi дұрыс мәтiн;
      3) "толықтыру:" және бұдан әрi дұрыс мәтiн.
      Егер түзетулер немесе толықтырулар алдыңғы беттерге қатысты болса, онда оның алдына сiлтеме нөмiрiнен кейiн бет және жеке жол нөмiрi көрсетiледi мысалы: 3/б. 15.
      8. Навигациялық сипаттағы жазбалар көлемiн кеме капитаны картадағы астарымен және тiркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бiрге кеменiң жүзу бағытын қалпына келтiруге болатынын ескере отырып белгілейді. Бұл ретте картадағы астар картаны қайта пайдаланғанға дейiн сақталады, ал өзi жазатын таспалар - курсограмма, peвepcoгpaмма, эхограмма, телетайп бағдарламасы және басқалар екi жыл бойы кемеде сақталады.
      9. Кеме журналы вахта процесінде оқиға болған сәтте не одан кейiн жазылады.
      10. Кеме капитанының вахталық көмекшiсi жүргiзген жазбаларды лауазымын көрсету арқылы қол қоюмен бекiтедi, мынадай қысқартуларды пайдаланады: капитанның аға көмекшiсi - TКАК, капитанның екiншi (үшiншi, төртiншi) көмекшiсi - 2 ТКК (3ТКК, 4TКК).
      11. Кеме капитаны Кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әрбiр беттің соңына қолын қойып куәландырады.
      12. Кеме журналындағы жазбалар түсiнiктi болуы тиіс. Жазбаны қарындашпен жазуға болмайды.
      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      14. Кеме журналына кеме капитаны мен кеме капитанының вахталық көмекшісi қажеттілігіне қарай кеменiң күнделiктi өмiрiне қатысты жазба енгізеді, бұлар кеме, кеме иесi мен жүктiң мүддесiн қорғауда маңызды болуы мүмкін.
      15. Әрбiр тәулiктiң жазбасы Кеме журналында жаңа беттен басталады. Тәулiк iшiнде толтырылмаған жолдар "Z" белгiсiмен сызылады.
      16. Кеме журналының титул парағында кеме журналының нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, кеменің тіркелген порты, кеме журналының басталған күні және аяқталған күні көрсетіледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      17. Кеме журналына кесте түрінде мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) оқиғаның уақыты;
      2) гирокомпас бойынша курс;
      3) магнит компасы бойынша курс;
      4) кеменiң тұрған жерi;
      5) түсіндірме жазбалар;
      6) жүзіп өткен қашықтық;
      7) желдiң бағыты мен жылдамдығы;
      8) теңiз бетiнiң жай-күйi;
      9) ауа-райының жай-күйi – көріну;
      10) атмосфералық қысым;
      11) ауаның температурасы;
      12) судың температурасы;
      13) вахтада өткiзiлген уақыт, әрбiр вахтаның вахталық матростарының аты-жөндері. Қажет болған кезде вахтаны күшейту үшiн шақырылған экипаж мүшелерінің аты-жөндері жазылады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      18. Вахта жұмысының соңында осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы барлық бағандар толтырылады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      19. Тұрақтағы вахтаның соңында кеменiң жай-күйi мен жағдайы жазылады:
      1) кеменiң алдыңғы және артқы жағымен шөгуi;
      2) орындалатын жүк операциялары;
      3) кеме энергетикалық қондырғысының (бұдан әрi - ҚӘК) дайындығы;
      4) бортта жүзу құралдарының болуы;
      5) тиелген/түсiрiлген жүктiң мөлшерi.
      Егер вахта уақытында өзгерiстер болмаса, бас жағы мен артқы жағының шөгуі және қажетті іс-шаралар жүргізілетін кеме иесінің қауіпсіздікті басқару жүйесінің чек-парақтарының нөмірлерін көрсете отырып «Бұрынғы қалыпта тұрмыз» деген сөз орамы жазылады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      20. Тәулік басталуына арналған беттің тақырыбында күні, айы және жылы, кеменің жүзу ауданы, кеменің қайдан және қайда жүруі (тұру уақытында порттың және рейдтің атауы көрсетіледі), рейстің нөмірі (бар болған кезде), кеме уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық көрсетіледі.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      21. Оқиғаның уақыты туралы бағандағы сағатты ауыстырған кезде бөлшек арқылы ескі және жаңа уақыт, кеменің орналасқан жері туралы бағанда – кеме орнының координаталары, түсіндірме жазбалары бар бағанда – «Кеме сағаттары бір сағатқа алға/артқа ауыстырылды» деген сөз орамы және кеменің жаңа уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық жазылады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      22. Кеме журналының тиісті бағандарында мыналар көрсетіледі:
      1) лоцманмен бірге жүзу кезінде – лоцманның келген және кеткен уақыты, оның тегi мен аты-жөнi;
      2) тiркеп сүйреуiштiң көмегімен өткізу кезінде – тiркеп сүйреуiштiң келуi және кетуi, олардың атауы, тiркеп сүйрету схемасы;
      3) кемені зәкірге қою кезінде – зәкір берілген жердің координаталары, жолда тұрғызу себептерi, қандай зәкiр берiлген, қанша зәкiр шынжыры пайдаланғаны, өлшенген теңiз тереңдiгi, КӘҚ-ның дайындығы;
      4) айлаққа қою кезінде – айлақ атауы немесе нөмiрi, арқандап байлау борты, қандай, қанша, қалай және қайда арқандап байланды, зәкiрге, кеме алдыңғы немесе артқы жағына шөгуi;
      5) кеме қозғалысын басқару жүйесінің әрекеті аймағында жүзу кезінде – аймағына кiруге рұқсат алғандығы, кіру және шығу уақыты, көрсетілетін қызмет түрi, оның басталуы мен аяқталуы, кеме қозғалысын басқару жүйесінің оператордан алынған мәліметтер;
      6) дауылды жағдайларда жүзу кезінде – қисаю бұрышы мен тербеу кезеңi, жүктi сақтауды қамтамасыз ету бойынша әрекет, мұндайлар орын алған жағдайда палубаны су алып кетуi мен толқынның соғысы;
      7) кемеде бала туған жағдайда – анасының тегi, аты мен әкесiнiң аты, баланың жынысы;
      8) кемедегі өлiм жағдайында – өлген адамның тегi, аты мен әкесiнiң аты, өлу себебi, өлген адамның денесi қашан және кiмге берiлдi;
      9) борттағы қайғылы жағдайда – жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайлары;
      10) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілген жағдайда – көмек көрсетудің себептері мен жағдайлары;
      11) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілмеген жағдайда – көмек көрсетпеудің себептері мен жағдайлары;
      12) өсиеттерді куәландырған кезде – өсиет қалдырушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, өсиет жасалған күні;
      13) кеме рейске шыққан кезде – экипаж мүшелерi мен жолаушылардың саны, отын мен судың қоры, қалдық тұнба, жүктiң мөлшерi мен түрi, басқару құрылымының дайындығы, рейске шығуға жалпы дайындық;
      14) кемені басқару бұйрығы берілгенде – кемені басқару бұйрығын қабылдайтын капитанның тегi, аты мен әкесiнiң атын көрсете отырып басқаруды беру және оған кірісу фактiсi. Жазба тапсыратын және қабылдайтын капитандардың қолымен бекiтiледi.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      23. Өртпен күрес және кеменi тастап шығу бойынша әрбiр оқу дабылы кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен толық сипатталып жазылуы керек. Егер оқу жинағы, оқу, оқу сабағы немесе оқу дабылы толық көлемде жүргізілмеген болса, жағдайды түсіндіретін және жүргізілген оқу жинағының, оқудың, оқу сабағының немесе оқу дабылының көлемі жазылады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      24. Конвенция талаптарының орындалуын тiркеу кесте түрінде жүргiзiледi және капитанның аға көмекшісі қол қояды. Қажетті толықтырулар мен толық мағлұматтар кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен жазылады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      25. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      26. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      27. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      28. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      29. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      30. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      31. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      32. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      33. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      34. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      35. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      36. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      37. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      38. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      39. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      40. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      41. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      42. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      43. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      44. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      45. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      46. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      47. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      48. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      49. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      50. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      51. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      52. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

3. Кеме рөлiн жүргiзу тәртiбi

      53. Кеме рөлi кеменiң келуi және кетуi кезiндегi экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын кеменiң негiзгi құжаты болып табылады.
      54. Кеме рөлiн кеме капитаны кеме портқа келген немесе кеме порттан шыққан кезiнде порттың теңіз әкімшілігіне ұсынады.
      55. Кеме рөлi мынадай деректердi қамтитын мәлiметтерден тұpaды:
      1) кеме туралы (аты, ұлты, тiркелген порты және нөмiрi, түрi және мақсаты, кеме иесi, кеменiң шақыру белгiсi);
      2) экипаж мүшелерi туралы (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, азаматтығы, кемедегi лауазымы, атағы және диплом нөмiрi, теңiзшi куәлігінің немесе теңiзшiнiң жеке басын куәландыратын өзге құжаттың сериясы және нөмiрi).
      56. Кеме рөлiне кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар, сондай-ақ:
      1) осы кемеге жүзу практикасын өту үшiн жiберiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары);
      2) кемеде жұмыс iстеу үшiн жiберiлген кеме иесiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
      Кеме рөлiнде көрсетiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары) мен халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерге iссапарға жiберiлген адамдардың лауазымын кеме иесi белгiлейдi.
      57. Кеме рөлi кемеде:
      1) кеме қазақстандық портқа келуi кезiнде немесе кеме қазақстандық порттан кету кезiнде - мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде;
      2) кеме шетел портына келуі кезiнде немесе кеме шетел портынан кетуi кезiнде - мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде толтырылады.
      58. Кеме рөліндегі жазулар анық жазылады. Жазуды қарындашпен жазуға болмайды.
      59. Кеме рөлi мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) 2-бағанда "тегi, аты және әкесiнiң аты";
      2) 3-бағанда "туған күнi мен жерi";
      3) 4-бағанда "азаматтығы" - теңiзшiнiң куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатта келтiрiлген деректер бойынша;
      4) 5-бағанда "лауазымы" - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерде - теңiзшiнiң куәлігінде кемедегi қызметтiк ереже туралы жазуына сәйкес. Қалған кемелерде - кеме иесiнiң кеме экипажының мүшесi ретiнде адамды тағайындау туралы бұйрығына (өкiмiне) сәйкес.
      Теңiзшiнің жеке куәлiгiне кемедегi экипаж мүшесiнiң қызмет ережесi туралы жазу енгiзу теңiзшi куәлігіне жазба енгізу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі;
      5) 6-бағанда "атағы және дипломның нөмiрi" - бiлiктiлiгiн растайтын дипломда көрсетiлген деректер бойынша;
      6) "теңiзшi паспортының немесе жеке басын растайтын өзге құжаттың сериясы мен нөмiрi" деген бағанда теңiзшi куәлігінде немесе тиiсiнше жеке басын растайтын құжатында көрсетiлген деректер бойынша толтырылады.
      60. Кеме қазақстандық немесе шетелдiк портқа келгенде, кеме шетелдiң портынан шығар кезде, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде кеме рөлiн кеменiң капитаны растайды.
      Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде Кеме рөлiне кеме капитаны қол қояды және кеме иесi немесе кеме шығатын порттың капитаны растайды.
      Кеме капитанының, кеме иесiнiң және порт капитанының қолдары кеме мөрімен бекітіледі.
      Олардың жүру бағыты қазақстандық порттан шыққан кезде Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегiн кесiп өтудi көздейтiн кемелердiң Кеме рөлi кеме иесiнiң немесе порт капитанының куәландыруына жатады.
      Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болмаған жағдайда "Өзгерiс жоқ" деген жазу жазылады, ол кеме капитанының қолымен және күнi көрсетiлiп, кеме мөрiмен расталады.
      Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болған жағдайда өзгерiстер Кеме рөлiне мынадай тәртiппен енгiзiледi:
      1) кеме экипажының бұрынғы мүшесiнің тегi бар жол сызылады, Кеме экипажының жаңа мүшесiнiң тегi бар жол кеме экипажынан шыққан мүшесінiң нөмiрiмен нөмiрленедi;
      2) кететiн экипаж мүшесiн ауыстыру болмаған жағдайда, кеткен экипаж мүшесiнiң тегi сызылып, экипаж мүшесi ауыстырусыз кемеден кеткендiгi туралы жазба жазылады.
      Кеме рөлiне енгiзiлген өзгерiстерге кеме капитаны күнiн көрсетiп қол қояды және ол кеме мөрiмен куәландырылады.
      Шетелге жүзетiн кеме қазақстандық порттан шығар алдында Кеме рөлiне өзгерiстер енгiзiлсе, осы өзгерiстердi кеме иесi немесе кеменің тіркеу портының капитаны растайды.

4. Радиожурналды жүргiзу тәртібі

      61. Радиожурнал радио байланыстар мен электрорадионавигацияға (ЭРН) қатысты мәлiметтердi тiркейтiн кеме құжаты болып табылады.
      62. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      63. Радиожурналды тiркеу, жүргiзу, сақтауды Апат кезiнде ғаламдық теңiз жүйесi байланысы (АҒТЖБ) радиомаманының дипломы бар экипаж мүшесi жүзеге асырады.
      64. Радиожурнал радиовахта атқарылатын жерде болады және тексеру үшiн порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамдарына ұсынылады.
      Қабылдау/беру үшiн қандай радиоқондырғылар пайдаланылғанына қарамастан ақпаратты қабылдау/беруге қатысты мәлiметтер Радиожурналға енгiзiледi.
      65. Цифрлық таңдаулы шақыру (бұдан әрi - ЦТШ) жиілiгiнде радиовахта атқаруға, белгiленген мерзiмде байланыс жүйелерiмен берілетiн, теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бойынша хабарламаны қабылдауға жататын жазбаларды Радиожурналға радиобайланыс бойынша вахталық мiндеттерiн тiкелей атқаратын АГТЖБ радиомаманы енгiзедi.
      66. Қызметтiк және жеке корреспонденцияны қабылдауға/беруге, радиотелефондық сөйлесулер жүргiзуге жататын жазбаларды радиожурналға хабарламаларды қабылдау/берудi тiкелей жүзеге асыратын немесе радиотелефондар байланысын қамтамасыз ететiн АГТЖБ радиомаманы енгiзедi.
      67. Радиобайланыс құралдарына және ЭРН-ге, апат кезiндегi радиобайланысқа техникалық қызмет көрсетуге жататын жазбаларды осы қызметтiк мiндеттердi орындау жүктелген АГТЖБ радиомамандары жүргiзедi.
      68. Радиожурналда жазбалар анық және ұқыпты түрде көк немесе қара сиямен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде Дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақыт бойынша (ИТС) жүргiзiледi. Радиожурналда күнделiктi жазбалар көшiрмесiмен жүргiзiледі, бұл Радиожурналдан көшiрме ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
      69. АГТЖБ радиомаманы Радиожурналға өзгерістер және толықтырулар енгiзеді.
      Өзгерiске жататын мәтiн жiңiшке қара сызықпен сызылып, жақшаға алынады. Егер қате жазу уақытында байқалса, онда дұрыс мәтiн жақшадан кейiн бiрден жазылады. Қалған жағдайларда жақшадан кейiн немесе жіберiлген жағдайда мәтiн қосылатын сөзден кейiн әрбiр бет үшiн ашық көшiрме сiлтеменiң сандық белгiсi қойылады.
      Мәтiнге өзгерiс немесе толықтыру журналдағы соңғы жазбадан кейiн жазылып, сiлтеменiң сандық белгiсi қойылып және мынадай нысан бойынша жауапты адамның қолымен бекiтiледi:
      1) "қате жазылған" - егер сызылған мәтiндi басқасымен ауыстыру қажет болмаса;
      2) "оқу" және әрi қарай дұрыс мәтiн;
      3) "толықтыру:" және одан әрi қосымша мәтiн.
      Егер түзетулер немесе толықтырулар бұрынғы беттерге қатысты болса, онда олардың алдына сiлтеме нөмiрiнен кейiн бет нөмiрi көрсетiледi, мысалы: 1) б. 25.
      70. Кеме капитаны Радиожурналдағы жазбаны бақылап отырады (eгep қажет болса жазбаша ескертулер жасайды) және әрбiр тәулiктiң соңында қолымен растайды.
      71. Радиожурналдың титул парағында радиожурналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), радиожурналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      72. 1-бөлiмге кеме туралы қысқаша мәлiметтер, радиоқондырғылар туралы кейбiр деректер енгiзіледi.
      73. 2-бөлiмге АГТЖБ радиомамандары туралы деректер енгiзiледi. Радиобайланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету мен ЭРН-ға жауапты АГТЖБ радиомамандары және апат жағдайына радиобайланысты қамтамасыз ету бойынша функционалдық мiндеттi орындауға жауапты АГТЖБ-ның радиомамандары жеке көрсетiледi.
      74. 3-бөлiмге мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
      1) 1-бағанда корреспондентпен байланыс уақыты (уақыт төрт таңбалы санмен бір минутты бәсеңділікпен жазылады, сағат минуттан нүкте арқылы бөлiнедi, мысалы: 12.00.) жазылады;
      2) 2-бағанда шақырылған станция жазылады;
      3) 3-бағанда корреспонденттiң шақыру сигналы (немесе басқа танушы) жазылады;
      4) 4-бағанда жиiлiк (арна, спутник) жазылады;
      5) 5-бағанда радиобайланысқа қатысты оқиғалар жазылады, мысалы:
      жабдықтардың қатардан шығуы немесе олардың пайдаланушылық-техникалық сипаттамасының нашарлауы;
      жағадағы станциялармен, жағалық жер станцияларымен немесе спутниктермен байланыстардың үзiлуi;
      мiндеттi хабарламаларды қабылдай алмау себептерi болып табылған радиотолқындардың таралуының қолайсыз жағдайлары;
      басқа станциялармен радиоалмасу рәсiмiнiң бұзылуы;
      жалған апат сигналдарын беру фактілерi;
      коммерциялық айырбасқа қатысты кез келген қақтығыстар, мәселен: тарифтегi келiспеушiлiктер, хабарламаны алмау;
      кемінде тәулiгiне бір рет кеменің тұрған жері және анықтау уақыты туралы (егер тұрған орны белгiленсе, қандай да бiр географиялық нүктеге бекiту арқылы көрсетiлуi мүмкiн, не ендiгi мен бойлығы көрсетiледi, мысалы: 1200 ИТС 700 солтүстігі 03300 шығысы);
      апат жағдайында радиожабдықтар мен радиобайланыс рәсiмдерiн пайдалану бойынша және оның функционалдық мiндетi көрсетiлген жағдайда радиобайланысты қамтамасыз ету болып табылатын адамның қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi үшiн экипаж мүшелеріне нұсқау беру туралы;
      бақылау құралдарын ЦТШ сигналдарының халықаралық шақыру жиілiгiмен АГТЖБ апаттарында таңдалған жиiлiктi көрсету арқылы қосу (кеме порттан шыққан кезде) және сөндіру туралы (кеме портқа кiрген кезде);
      радиобайланыс бойынша вахталық мiндеттi қабылдау/тапсыру туралы;
      тәулiгiне кемiнде бір рет уақытты тексеру туралы;
      аккумуляторлық батарейдiң зарядталуын тексеру; принтерлердiң қағаз мөлшерiнiң жеткiлiктi болуы мен жазу құралдарының қанағаттанарлық жай-күйiн, орнатылған бақылау құралдарын пайдалану арқылы радиосигналдарды сәулелендiрусiз ЦТШ құралдарының тиiстi қызмет етуiн күн сайын тексеру туралы;
      құтқару құралдарының қолданыстағы авариялық ультрақысқа толқындары (УҚТ) радиостанцияларының жұмыс қабiлеттiлiгiн, жағалау станциясы мәтiндiк шақыру арқылы ЦТШ құралдарының тиiстi қызмет етуiн апта сайын тексеру туралы. Кеме бiр аптадан аса жағалау станциясының ЦИВ-пен жабдықталған ықпал ету аймағынан тыс болғанда мәтiндiк шақыру жүргiзiледi;
      радиоқұрылғының кез келген бөлiгiне энергия берудi, сондай-ақ оның орналасу орнын, антенналардың және оқшаулағыштардың жай-күйiн (антенналардың оқшаулау қарсылығының өлшемдерiмен) қамтамасыз ететiн барлық аккумулятор батарейлерiнiң жай-күйi мен қосылған жерлерiн және авариялық, спутниктiк авариялық радиобуйларын және радиолокациялық жауап бергiштердiң сыртқы зақымдануының болмауын (орнатылған бақылау құралдарын пайдалану арқылы жұмыс қабiлеттiлiгiн, егер болса радиосигналдарды эфирлiк сәулелендiрусiз тексеру) ай сайын тексеру туралы;
      кеменiң рейске шығар алдында радиобайланыс, электррадионавигацияның және резервтiк қорек көздерiнiң жабдықтарын тексеру туралы;
      кеме капитанына хабарлай отырып, радиобайланыс жабдықтарының және ЭPH-нiң қатардан шығуы және пайдалануға енгiзiлуi туралы;
      апат және мерзiмдiлiк туралы хабарламаларға қатысты ақпарат (оның ішінде авариялық радиоалмасуға қатысатын кемелер, олардың тұрған жері туралы деректер). Ағылшын тiлiн (НАВТЕКС) пайдалану арқылы тар жолақты әрiп басатын телеграфия жүйесi бойынша қағаз тасығышта көшiрме түрiнде, кеңейтілген топтық шақыру (КТШ) немесе спутниктiк телекс арқылы қабылданған апат сигналдары және апатқа қатысты хабарламалар Радиожурналда белгіленеді және хронологиялық тәртіппен Радиожурналдың соңында тiгiледі.
      Қағаз тасығыштағы ауа-райы болжамы мен навигациялық ескертулер көшiрмесi жеке папкаларға тiгілiп, оны қабылдау фактiсі Радиожурналда көрсетiлуi тиiс.
      75. Егер жазбаның сипаты 3-бөлiмнiң 1-4 бағандарын толтыруды қажет етпесе, онда жазба мәтiнi уақыттан кейiнгi 2-бағаннан басталады. Егер жағдайды түсiндiруге бір жол жеткіліксіз болса, онда жазба 2-бағаннан бастап келесi жолда жалғастырылады.

5. Машина журналын жүргізу тәртібі

      76. Машина журналы Кеме журналына толықтыру болып табылады, онда күш беретін және қосалқы қондырғылардың жұмысын, жүру жылдамдығын, жанармайдың болуы және шығыны көрсетіледі.
      77. Машина журналы Қазақстан Республикасының бiр немесе екi бас қозғалтқышы бар барлық теңiз кемелерінде жүргізіледі. Журнал бiр данада жүргiзіледi.
      78. Машина журналы пайдаланым уақытында да, сонымен қатар кеменi жөндеу уақытында да үздiксiз жүргiзiледi.
      79. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      80. Машина журналындағы жазба анық мәтінмен жазылады. Жазбаны қарандашпен жазуға рұқсат етiлмейдi. Жазбаның мазмұнында мәтінді екi жақты ұғынуға жол берілмейді.
      81. Машина журналының барлық бағандары белгiленуiне қарай толтырылады.
      82. Мәтiнге түзету немесе толықтыру енгiзу қажет болған кезде оларды қате жазба немесе "Ерекше белгiлер" бағанына енгiзедi және қолмен растайды. Түзетiлетiн мәтiн жiңiшке сызықпен сызылып, мазмұны жеңiл оқылуы үшiн жақшаға алынады.
      Мәтiнге өзгерiс пен толықтыруды мәтiндi жазған адам жүргiзеді. Мәтiндi өшіру, әрiптерді мен сандардың жазылуын өзгерту арқылы түзетуге рұқсат етілмейдi.
      83. Машина журналына өзгерістер мен толықтыруларды аға (бас) механик, вахталық механик немесе кеме капитаны енгізеді.
      84. Аға (бас) механик күн сайын Машина журналының дұрыс жүргiзiлуiн тексередi, оны өз қолын қою арқылы растайды және Журналды кеме капитанына қол қоюға ұсынады.
      85. Кеме жүргенде Машина журналы машина үй-жайында болады, ал тұрақта вахта механигiнiң каютасында болуы мүмкiн.
      86. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      87. Журналда вахта бойынша жазбалардың дұрыстығы мен ұқыптылығын вахта механигi қадағалап отырады.
      87-1. Машина журналының титул парағында машина журналының нөмірі, кеменің атауы, ҚӘК-тың түрі және қуаты, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), машина журналының басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      Ескерту. Қағидалар 87-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      88. Энергетикалық қондырғының жұмыс параметрiнiң жазбасы әрбiр төрт сағат сайын вахтаны тапсыру кезiнде жүргiзiледi. Жазбалардың аспаптар көрсеткiштерiмен сәйкес келуiн вахтаны тапсырушы және қабылдаушы механик қол қойып куәландырады.
      89. Оларды пайдалану машина үй-жайларында вахта персоналының үнемi болуынсыз жүзеге асырылатын кемелерде параметрлердi тiркеу вахтаны тапсыру кезінде жүргiзіледi.
      90. Әрбiр вахтада механизмдерді iске қосу және тоқтату уақыты жазылады. Машина журналында жұмыс ұзақтылығы ескерiлетiн механизмдердің номенклатурасын кеме иесi белгiлейдi.
      91. Желдiң бағыты мен күшi кеменiң схемалық бейнесі бар арнайы бағанда жазылады. Кемеге қатысты желдiң бағытын стрелкамен, ал желдiң күшi стрелкаға қарсы жазылған баллмен сан арқылы көрсетiлуі тиіс.
      92. Машина журналының бос жолдарында вахта бойынша мыналар тіркеледі: бас қозғалтқыштың жұмыс режимiнiң өзгеруi, жауапты жабдықтың тоқтап қалуы және бұзылу жағдайлары және оларды жою үшiн қабылдаған шаралар; энергетикалық қондырғының жұмыс параметрлерiнiң нормалар шегiнен шығуы (шығуды автоматты тiркеу жоқ болғанда). Осында кеменiң сапарға шығар алдында орындалатын тексеру тiркеледi (қозғалтқыштың аударылуы, қашықтан автоматты басқару жүйесiн, реттелетiн жүрiс бұрандасын, машина телеграфын, басқару жүйесiмен машинаның тұтқашын, авралды сигнализацияны, сигналды-ерекшеленушi оттарды тексеру).
      93. Бiр күн ішінде қабылданған отын және сортына қарай бөлiнген май қалдығы мен жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрi – ЖЖМ) саны Машина журналының арнайы кестесiнде тәулiктiк бетте жазылады.
      94. Жабдықтарға техникалық қызмет мен жөндеу бойынша бiр күн ішінде жүргiзiлетiн Техникалық пайдалану қызметiнiң тиесiлiгiнде болатын жұмыстар тәулiктiк бетте арнайы кестеде адамның сағаттық еңбегiн және орындаушыларын көрсетiп тiркеледi.
      95. Машина журналының "Ерекше белгiлер" бағанына тәулiк iшiнде мыналарды көрсететiн жазбалар енгiзiледi:
      1) лауазымды адамдар - капитан, аға (бac) механик және капитанның вахталық көмекшiсiнiң өкiмi, осы өкiм жасалған уақыты нақты көрсетiлуi арқылы;
      2) вахталық механиктiң мiнбеге және аға (бас) механикке баяндауы;
      3) вахтаны күшейту, вахтаны ауыстыру немесе ақауларды жою үшiн экипаж мүшелерiн шақыру;
      4) бас қозғалтқышты басқаруды машина үй-жайынан мiнбеге тапсыру және керiсiнше;
      5) механизмдерді басқаруды автоматтыдан жартылай автоматтыға және қолмен басқаруға ауыстыру;
      6) тексерiс нәтижелерi және электрэнергияның авария көздерi мен сақтандыратын құрылғылардың әрекетi;
      7) авариялық сақтау құрылғыларынан пломбаны алу және автоматты реттегiштiң қорғаушы құрылғыларын жөнге келтiрудегi өзгерiстер;
      8 кеме iшiнде ластанған суды қайта айдауды қоса алғанда, сұйықты қабылдау, айдау және қайта айдау. ЖЖM-ды қабылдау немесе тапсыру туралы жазба қабылдау (тапсыру) орнын және жүкқұжат нөмiрiн көрсету арқылы жүргiзiледi;
      9) кезеңдiк бақылау өлшемдерiн жүргiзу (мысалы: индикаторлық диаграммаларды алу, дiрiлдi өлшеу);
      10) кеменi тоқсыз қалдыру жағдайлары, арнайы электр құрылғыларын, электр жетектердi, рульдеу құрылғыларын, кеме корпусының катодтық қорғау жүйелерiн, маневр реттегiштерi мен авариялық дизель-генераторларын басқару жүйесiн қосу және тоқтату;
      11) авариялық жағдайлар (өрт, корпустың ішіне борттан тыс судың келуi, жазатайым оқиғалар) және олармен күресу үшiн қабылданған шаралар;
      12) мұнаймен ластанған және қалдық суларды борт сыртына төгу клапандарына пломбаны қою және алу;
      "Ерекше белгiлер" бағанындағы барлық жазбалар осы жазбаны жазған адамдардың қолымен расталады.
      96. Машина журналының арнайы бағандарында тәулiк сайын мыналар жазылады: кеменiң лаг бойынша бiр тәулiкте өткен арақашықтығы, уақытты түзетудiң тәулiктiк орташа техникалық жылдамдығы, оқшаулау кедергiсi (күштiк және жарықтандыру желiлерi).
      97. Машина журналында арнайы бөлiнген жерiнде мынадай ақпарат тіркеледі:
      1) кеменiң маневрi туралы мәлiмет (маневр реттегiштерi болмаған кезде);
      2) тәулiк барысында механизмдердің жұмыс iстеу ұзақтығы;
      3) жабдықтардың iрiленген топтары бойынша және орындаушы топтары бойынша кеменiң техникалық құралдарына тәулiк сайын техникалық қызмет етуге жiберiлетiн еңбек шығыны;
      4) MEX-1 радиохабарламаның жай-күйі үшiн бастапқы деректер;
      5) әртүрлi режимдегi маркалар бойынша тәулiк барысында кететiн отын шығыны;
      6) отын, май және суытатын суды тексеру нәтижелерi, сондай-ақ көмекшi қазандар арқылы өңдеу нәтижелерi.
      98. МЕХ-1 радиохабарламасын және тәулiкке кететiн отын шығыны кестесiн дайындауға арналған беттi толтыру кезiнде бос бағандар мамандандырылған кемелерде (танкерлер, рефрижераторлар) ерекше режимдердi жазуға пайдаланылады.
      99. Бас қозғалтқыштар ретінде электрходтар және қозғалтқыштың басқа үлгісі пайдаланылатын кемелердегі Машина журналы уәкілетті органмен келісілген нысан бойынша жүргізілуі мүмкін.

6. Сарқынды сулармен операция журналын жүргізу тәртібі

      100. Осы Сарқынды сулармен операция журналын жүргiзу тәртібі (бұдан әрі - Журнал) 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 халықаралық конвенцияға және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген.
      101. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда сарқынды сулармен болған операциялар тіркеледі.
      102. Журнал мынадай кемелерде:
      1) сарқынды сулармен операциялар жүргiзу кезiнде жалпы сыйымдылығы екi жүз тонна және одан да көбiрек;
      2) оннан астам адам тасымалдауға рұқсат етілетiн, жалпы сыйымдылығы екi жүз тоннадан кемiрек;
      3) жалпы сыйымдылығы өлшенбейтiн және оннан астам адам тасымалданатын кемелерде жүргiзiледi.
      Жабық фандық жүйелермен жабдықталған кемелердi қоспағанда, кеме экипажының, жолаушылар мен арнайы персоналының саны он және одан кемiрек кемелерде сарқынды сулармен жүргiзiлетiн операциялар Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу кезiнде тiркелмейдi.
      Флот портындағы кемелерде сарқынды сулармен жүргiзілетiн операциялар Кеме журналында тiркеледi.
      103. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      104. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), экипаж мүшелерiн орналастыруға арналған орынның саны, кеменiң жасалған жылы, жолаушыларды және толықтырғыш персоналы орналастыру орнының саны, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      105. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      106. Журналға жазбалар тiркеуге жататын Операциялар тiзбесiне сәйкес тiркелетiн операция бiткеннен кейiн бiрден үнемi енгiзiлуi тиiс (1-қосымша).
      107. Журналдағы әрбiр жазбаға операция өткiзуге жауапты адам жазба күнiн көрсетiп қол қояды. Қолымен қатар жақшаның ішінде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Журналдың толтырылған әрбiр бетiне кеме капитаны қол қояды.
      108. Журналдағы жазба анық мәтінмен жазылады. Қарындашпен жазуға болмайды.
      109. Журналдың тармақтары бойынша жазбалар енгiзiлгенде мыналар көрсетiледi:
      1) 1; 2 - кеме уақыты мен кеменiң координаттары;
      2) 3 – "иә";
      3) 4 - тораптағы кеменiң жылдамдығы, егер лақтырынды аялдама уақытында жүргiзiлсе, онда порт көрсетiледi;
      4) 6 - кемедегi техникалық құжаттама бойынша цистернаның белгіленуi мен нөмiрi;
      5) 7 - текше метрмен саны.

7. Қоқыспен операция журналын жүргізу тәртібі

      110. Осы Қоқыспен операция журналын жүргiзу тәртібі (бұдан әрі – Журнал) 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 халықаралық конвенцияға және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
      111. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда кемелерден қоқысты тастау тіркеледі.
      112. 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 халықаралық конвенциясының заңдық иелiгiндегi басқа тараптарының, порттарға және теңiз терминалдарына рейстерді орындайтын жалпы сыйымдылығы 400 тонна және одан артық әрбiр кемеде және 15 не одан да көп адам тасуға арналған әрбiр кемеде және теңiз түбiндегi минералдық ресурстарды барлаумен және өңдеумен айналысатын әрбiр стационарлық және жүзбелi платформада Қоқыспен операция журналын жүргізу журналы болуы тиiс.
      113. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      114. Теңiзге, жағадағы қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге тастауды қоса алғанда, тастаудың немесе аяқталған өртеудiң әрбiр операциясын журналға жазып отыру керек және өртеген немесе лақтырған күнiн көрсете отырып, жауапты адам қол қоюы тиiс. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеменiң капитаны қол қоюы тиiс.
      115. Әрбiр өртеу немесе лақтыру туралы жазбада күнi және уақыты, кеменiң тұрған жерi, қоқыстың сипаты және лақтырылған немесе өртелген қоқыстың болжамды мөлшерi қамтылуы тиiс.
      116. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      117. Журналға әрбiр келесi жағдайларда жазба жүргiзiлуi тиiс:
      1) қоқыс теңiзге лақтырылғанда:
      лақтыру күнi мен уақыты;
      лақтыру орны (ендiгi мен бойлығы);
      лақтырылған қоқыстың санаты;
      әрбiр санат үшiн лақтырындының бағаланған көлемi, м3;
      операцияға жауапты адамның қолы;
      2) қоқыс жағадағы қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге лақтырылғанда:
      лақтыру күнi мен уақыты;
      порт немесе қабылдау құрылысы немесе кеменiң атауы;
      лақтырылатын қоқыстың санаты;
      әрбiр санат үшiн лақтырындының бағаланған көлемi, м3;
      операцияға жауапты адамның қолы;
      3) қоқыс өртелгенде:
      өртеудiң басталған және аяқталғаны күнi мен уақыты;
      кеменiң тұрған жерi (ендiгi мен бойлығы);
      өртелген қоқыстың бағаланған көлемi, м3;
      операцияға жауапты адамның қолы;
      4) қоқысты лақтырудың авариялық немесе басқа ерекше жағдайлары;
      оқиғаның күнi мен уақыты;
      порт немесе кеменiң тұрған жерi (ендiгi мен бойлығы);
      бағаланған саны мен қоқыстың санаты;
      лақтыру, тастау не жоғалту жағдайы, осының себептерi және жалпы белгiлерi.
      118. Капитан жағадағы қабылдау құрылыстарының операторынан немесе қоқысты қабылдаған басқа кеменiң капитанынан берiлген қоқыстың бағаланған мөлшерiн нақтылайтын түбiртек немесе сертификат алуы тиiс. Түбiртек немесе сертификаттар Журналмен бiрге кеменiң бортында екi жыл бойы сақталады.
      119. Қоқыстың мөлшерi бортта м3, мүмкiндiгiне қарай әрбiр санат үшiн жеке бағалануы тиiс. Журналда қоқыс мөлшерiнiң бағасына сілтеме жасалуы тиiс. Қоқыстың мөлшерiн анықтаудың нақтылығы түсiндiрме үшiн қалдырылған деп танылады. Бағаланған көлемдерi өңделгенге дейiн де және кейiн де әртүрлi. Кейбiр өңдеу процестерi қолайлы бағалау үшiн рұқсат етілмеуі мүмкiн, мәселен, тамақ қалдықтарының үздiксiз өңделуi. Бұл факторлар жазба жүргiзу және оны талдап түсiндiру кезiнде назарға алынуы тиiс.

8. Мұнай операциясы журналын жүргiзу тәртібі

      120. Осы Мұнай операциясы журналын жүргiзу тәртібі (бұдан әрi – Журнал) 1978 жылғы Хаттамамен өзгертiлген (МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 жылғы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген.
      121. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда кемелерде болатын мұнай операциялары тіркеледі.
      122. Журналды жүргізу жалпы сыйымдылығы 150 тiркелiмдiк тонна және одан артық әрбiр мұнай танкерiнде және жалпы сыйымдылығы 400 тiркелiмдiк тонна және одан артық мұнай танкерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн әрбiр кемеде машина бөлiмiнде операцияларды жазу үшiн көзделеді.
      123. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      124. Журналда осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес тiркеуге жататын тармақтар тiзбесінде көрсетілген машина бөлiмiнiң операциялары тiркеледi.
      Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      125. Журналға жазба енгізген кезде мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) 1-бағанда күнi;
      2) 2-бағанда операция коды;
      3) 3-бағанда тармақ нөмiрi жоғарыда көрсетiлген Тізбеге сәйкес;
      4) 4-бағанда операциялар және операцияға жауапты командалық құрам адамының қолы тіркеледі, бұл ретте осы бағанда операцияның егжей-тегжейлігі хронологиялық тәртiппен жазылады.
      126. Әрбiр аяқталған операцияға кеменiң операцияның өткiзiлуiне жауапты командалық құрамының адамы күнiн көрсете отырып, қол қояды. Қолмен қатар жақша iшiнде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетіледi. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеме капитаны қол қояды.
      127. Мұнайдан ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлiгi бар кемелерде журнал жазбалары ағылшын тілінде қайталанады.
      128. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      129. Журналға жазбалар үнемi, тiркелетiн операциялар аяқталысымен енгiзiледі.
      130. Журналдағы жазбалар анық жазылады. Жазбаны қарындашпен жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.

9. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операциялары журналын жүргiзу тәртібі

      131. Осы Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операцияларын журналын жүргiзу тәртібі (бұдан әрi – Журнал) 1978 жылғы Хаттамамен өзгертiлген (МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 жылғы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген.
      132. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда мұнай танкерлерінде болатын мұнай операциялары тіркеледі.
      133. Журналды жүргізу жалпы сыйымдылығы 150 тiркелімдік тонна және одан артық, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн әрбiр мұнай танкерiнде тиiстi жүк және балластық операцияларды жазу үшiн көзделеді.
      134. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      135. Журналда осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес тiркеуге жататын тармақтар тiзбесiнде көрсетілген жүк және теңгерім операциялары тiркеледi.
      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      136. Журналға жазбалар енгiзiлген кезде мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) 1-бағанда күнi;
      2) 2-бағанда операция коды;
      3) 3-бағанда тармақ нөмiрi жоғарыда көрсетiлген Тізбеге сәйкес;
      4) 4-бағанда операциялар және операцияға жауапты командалық құрам адамының қолы тіркеледі, бұл ретте осы бағанда операцияның егжей-тегжейлігі хронологиялық тәртiппен жазылады.
      137. Әрбiр аяқталған операцияға кеменiң операцияның өткiзiлуiне жауапты командалық құрамының адамы күнiн көрсете отырып, қол қоюы тиiс. Қолмен қатар жақша iшiнде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеме капитаны қол қояды.
      Арнайы рейстерде пайдаланылатын мұнай танкерлерi үшiн Журналда жазбаны кеменің тіркеу порты мемлекетiнiң құзыреттi билiк орындары растайды.
      138. Мұнайдан ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлiгi бар кемелерде журнал жазбалары ағылшын тiлiнде қайталанады.
      139. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      140. Журналға жазбалар үнемi, тiркелетiн операциялар аяқталысымен енгiзiледі.
      Журналдағы жазбалар анық жазылады. Жазбаны қарындашпен жүргiзуге рұқсат етілмейдi.

10. Кеме құжаттарына қойылатын талаптар

      Ескерту. 10-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      141. Кемеде көшірмесін осы құжатты берген орган растаған немесе нотариус куәландырған кемеге меншік құқығы туралы куәліктен басқа, кеме құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.
      142. Кемедегі барлық журналдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге құқық алған сәтiнен бастап, құқығы сақталған бүкiл уақыт кезеңi бойы жүргiзiледi.
      143. Кемедегі барлық журналдар нөмiрленуi, тiгiлуi және оны кеменiң тiркеу теңiз портының капитаны растауы тиiс, ал кеме жеке меншiкке Қазақстан Республикасынан шегiнен тыс жерде сатып алынған жағдайда - Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнiң басшысы растайды.
      144. Кемедегі журналдардың соңғы беттерінде мөртабанмен кеменiң тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналының нөмiрi, нөмiрленген және тiгiлген беттердiң саны, кеме тіркелген портының атауы көрсетiледi. Кеменiң тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналдардың нөмiрлері журналдардың титул парағында да көрсетіледі.
      145. Барлық журналдар кеме бортында соңғы жазба енгiзiлгеннен кейiн үш жыл ішінде сақталады, одан кейiн кеме иесiнiң мұрағатына тапсырылады.
      146. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу және кемеге меншік құқығы туралы куәліктерді кемені Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінің біріне енгізгеннен кейін кемені тіркеуді жүзеге асыратын орган береді. Көрсетілген куәліктерге нысандар, беру тәртібі және қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiмен регламенттеледі.
      147. Осы қаулымен бекітілген кеме құжаттары тізбесінің 1117-тармақтарында көрсетілген куәліктерді (бұдан әрі – куәліктер) кеме қатынасының тіркелімі және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған шетелдік сыныптау қоғамдары береді. Көрсетілген куәліктердің нысандары, беру тәртібі және қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен және кеме қатынасының тіркелімі қағидаларымен регламенттеледі.
      148. Куәліктер мемлекеттік немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жасалады.
      149. Куәліктерде олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі бойынша берілгені көрсетіледі.

Кеме құжаттарын жүргізу қағидасына
1-қосымша          

Журналда тіркелуі тиіс операциялардың тiзбесi
Перечень операций, подлежащих регистрации в Журнале

Код (әріп) Код (буква)

Тармақ (нөмір) Пункт (номер)

Операция мен тармақтың атауы
Наименование операции и пункта

А

Сарқынды сулармен oпeрациялар
Операции со сточными водами

1

Ағызу басындағы кеменiң уақыты мен орналасқан жері
Время и местонахождение судна в начале сброса

2

Ағызу аяқталғандағы кеменiң уақыты мен орналасқан жері
Время и местонахождение судна в конце сброса

3

Сарқынды суларды зарарсыздандыру жөнiндегi
қондырғының автоматты жұмысы
Автоматическая работа установки по обеззараживанию сточных вод

4

Ағызу уақытындағы кеме жылдамдығы
Скорость судна во время сброса

Б

Сарқынды суларды қабылдау құрылғыларына тапсыру
Сдача сточных вод в приемные устройства

5

Ағынды суларды тапсыру порты
Порт сдачи сточных вод

6

Қабылдау құрылғыларына тапсырылған цистерналарды белгілеу
Обозначение цистерн, из которых произведена сдача в приемные устройства

7

Тапсырылған ағынды сулардың жалпы саны (қарау Ескертпеге)
Общее количество сданных сточных вод (см. Примечание)

В

Сарқынды суларды кездейсоқ немесе өзге де ерекше жағдайларда ағызу Случайный или иной исключительный сброс сточных вод

8

Ағызу уақыты
Время сброса

9

Кеменiң орналасқан жері
Местонахождение судна

10

Ағызу жағдайы
Обстоятельства сброса

11

Ағызылған caрқынды сулардың жалпы саны
Общее количество сброшенных сточных вод

12

Ағызу туралы хабарлама қашан және қайда берілді
Когда и куда передано сообщение о сбросе

      Ескертпе: Кемелер капитандары қабылдау құрылыстарының, оның iшiнде баржа мен автоцистернаның операторынан айдалған сарқынды судың мөлшерi, сондай-ақ уақыты мен беру күнi көрсетiлген қолхат немесе куәлiк алады.
      Примечание: Капитаны судов получают от оператора приемных сооружений, в том числе барж и автоцистерн, расписку или свидетельство, в которых указывается количество перекаченной сточной воды, а также время и дата передачи.

Кеме құжаттарын жүргізу қағидасына
2-қосымша            

Тіркелуге жататын тармақтар тiзбесi
Перечень пунктов, подлежащих регистрации

Код (әрiп) Код (буква)

Тармақ (нөмiр) Пункт (номер)

Операция мен тармақтың атауы
Наименование операции и пункта

(А)


Мұнай отыны танкiлерiне балласты қабылдау немесе осы танктердi тазалау:
Прием балласта в танки нефтяного топлива или очистка этих танков:

1

балластпен толтырылған танктiң (тердiң) белгiленуi;
обозначение танка (ов), заполненного (ых) балластом;

2

мұнайдан кейiн танктер тазаланды ма? Егер тазаланбаса, онда оларда бұрын тасылған мұнайдың түpiн көрсету;
были ли танки очищены после того, как в них находилась нефть? Если нет, указать вид нефти, которая в них ранее перевозилась;

3

тазалау үдерісі:
процесс очистки:

1)

тазалау басталғандағы және аяқталғандағы кеменiң
тұрған орны және уақыты;
местонахождение судна и время в начале и по окончании очистки;

2)

сол немесе өзге әдiс қолданылған танктердiң белгiленуi (жуу, буландыру, химиялық заттардың көмегiмен тазалау;
пайдаланылған химиялық заттардың үлгiсi мен саны);
обозначение танка(ов), для которого (ых) применялся тот или иной метод (промывка, пропаривание, очистка с помощью химических веществ; тип и количество использованных химических веществ);

3)

тазалайтын су айдалған танктiң(тердiң) белгіленуі
обозначение танка(ов), в который(е) была перекачена промывочная вода;

4

балластау:
балластировка:

1)

балластау басталғанда және аяқталғанда кеменiң тұрған
орны және уақыты;
местонахождение судна и время в начале и по окончании балластировки;

2)

егер танк тазаланбаса, балласт саны;
количество балласта, если танки не очищены;

(В)


Көрсетiлген бөлiмдегi (А) отын танктерiнен кiр балласты немесе тазалайтын суды шығару:
Сброс грязного балласта или промывочной воды из топливных танков, указанных в разделе (А):

5

танктi (тердi) белгiлеу;
обозначение танка(ов);

6

шығару басында кеменiң тұрған орны;
местонахождение судна в начале сброса;

7

шығару аяқталғанда кеменiң тұрған орны;
местонахождение судна по окончании сброса;

8

шығару уақытындағы кеменiң жылдамдығы;
скорость судна во время сброса;

9

шығару әдiсi:
метод сброса:

1)

100 млн-1- ге тазалау жабдығы арқылы;
через очистное оборудование на 100 млн-1;

2)

15 млн-1- ге тазалау жабдығы арқылы;
через очистное оборудование на 15 млн-1;

3)

қабылдау құрылыстарына;
в приемные сооружения;

10

шығарылған мөлшерi;
сброшенное количество;

(С)


Құрамында мұнай бар қалдықтарды (шламдарды) жинау мен жою:
Сбор и удаление нефтесодержащих остатков (шлама):

11

Бортта рейстің соңында сақталатын, құрамында мұнай бар қалдықтардың (шламның) мөлшерi, бiрақ аптасына бір реттен жиi емес Кемелер қысқа рейс жасағанда, мөлшерiн апта сайын тiркеу керек:
сбор нефтесодержащих остатков:
Количество нефтесодержащих остатков (шлама), сохраняемых на борту в конце рейса, но не чаще одного раза в неделю. Когда суда совершают короткие рейсы, количество следует регистрировать еженедельно:

1)

тазартылған шлам (отын мен майлайтын майларды тазалау нәтижесiнде пайда болған шлам) және басқа қалдықтар, егер қолданылса:
отсепарированный шлам (шлам, образовавшийся в результате очистки топлива и смазочных масел) и другие остатки, если применимо:
танктiң (тердiң) белгiленуi_____________;
обозначение танка(ов);
танк (тердiң) сыйымдылығы______________________м3;
вместимость танка(ов) м3;
сақталатын қалдықтардың жалпы мөлшері м3;
общее количество сохраняемых остатков м3;

2)

егер танкті орнату салдарынан қолданылатын болса, басқа қалдықтар (құрғату, ағып кету нәтижесінде пайда болған құрамында мұнай бар қалдықтар сияқтылар, пайдаланылған май және т.б., машина бөліміндегілер) 11-тармақтың
1) тармақшасына қосымша ретінде:
другие остатки (такие, как нефтесодержащие остатки, образовавшиеся в результате осушения, утечек, отработавшее масло и т.д., в машинных отделениях), если применимо вследствие устройства танка в дополнение к подпункту 1) пункта 11:
танктiң (тердiң) белгiленуі ________________;
обозначение танка(ов) ______________________;
танктiң (тердiң) сыйымдылығы_____________м3;
вместимость танка(ов) ___________________м3;
сақталатын қалдықтардың жалпы мөлшері___________м3;
общее количество сохраняемых остатков ____________м3;

12

қалдықты жою әдiстерi:
жойылған құрамында мұнай бар қалдықтардың, босаған танктердің және iшiнде сақталғанның мөлшерiн көрсету:
методы удаления остатка:
Указать количество удаленных нефтесодержащих остатков, опорожненных танков и количество сохраненного содержимого:

1)

қабылдау құрылыстарына (портты көрсету) (1-ескертпе);
в приемные сооружения (указать порт) (примечание 1);

2)

басқа танкке (терге) айдалды (танктi (тердi) және танктiң (тердiң) жалпы iшiндегiсiн көрсету);
перекачено в другой(ие) танк(и) (указать танк(и) и общее содержимое танка(ов));

3)

жағылған (oпeрацияның жалпы уақытын көрceту);
сожжено (указать общее время операции);

4)

басқа әдiспен (қай әдiспен екенiн көрceту);
другим методом (указать каким);

(D)


Машина бөлiмiнде жиналған льял суларды борттың сыртына автоматты емес шығару немесе жоюдың өзге тәсілі:
Неавтоматический сброс за борт или иной способ удаления льяльных вод, накопившихся в машинных отделениях:

13

Лақтырылған немесе жойылған мөлшері;
сброшенное или удаленное количество;

14

Лақтыру немесе жою уақыты (басы мен соңы);
время сброса или удаления (начало и конец);

15

Лақтыру немесе жою әдісі:
метод сброса или удаления:

1)

100 млн-1 тазалау жабдығы арқылы (басында және аяғында тұрған жерiн көрсету);
через очистное оборудование на 100 млн-1 (указать местонахождение в начале и конце);

2)

15 млн-1 тазалау жабдығы арқылы (басы және аяғында тұрған жерiн көрсету);
через очистное оборудование на 15 млн-1 (указать местонахождение в начале и конце);

3)

қабылдау құрылыстарына (портты көрсету) (1-ескертпе);
в приемные сооружения (указать порт) (примечание 1);

4)

тұнбалы немесе жинақталған танкке айдау (танктi (тердi) көрсету);
айдалған мөлшерi мен танкте (терде) сақталатын жалпы мөлшерiн белгілеу;
перекачка в отстойный или сборный танк (указать танк(и);
отметить перекаченное количество и общее количество, сохраняемое в танке(ах));

(E)


Машина бөлiмiнде жиналған льял суларды борттың сыртына автоматты түрде шығару немесе жоюдың өзге тәсiлi;
Автоматический сброс за борт или иной способ удаления льяльных вод, накопившихся в машинных отделениях:

16

борттың сыртына ағызу үшiн жүйе жұмыстың автоматты режимiне енгiзiлген кездегi кеменiң уақыты мен тұрған жерi;
время и местонахождение судна, когда система была введена в автоматический режим работы для сброса за борт;

17

льял суды жинақталған танкке айдау үшiн жүйе жұмыстың автоматты режимiне енгiзiлген кездегi уақыт (танктi көрceту);
время, когда система была введена в автоматический режим работы для перекачки льяльной воды в сборный танк (указать танк);

18

жүйенiң қолмен жұмыс iстеуге ауыстырылған уақыты;
время, когда система была переведена на ручную работу;

19

борттың сыртына ағызу әдісі:
метод сброса за борт:

1)

100 млн-1-ге тазалау жабдығы арқылы;
через очистное оборудование на 100 млн-1;

2)

15 млн-1-ге тазалау жабдығы арқылы;
через очистное оборудование на 15 млн-1;

(F)


Мұнайды ағызуды автоматты түрде өлшеу, тiркеу және басқару жүйесiнiң жай-күйi:
Состояние системы автоматического замера, регистрации и управления сбросом нефти:

20

жүйенiң қатардан шығу уақыты;
время выхода системы из строя;

21

жүйенiң қолданысқа енгізілген уақыты;
время, когда система была введена в действие;

22

қатардан шығу себептері;
причины выхода из строя;

(G)

Mұнайды авариялық және басқа ерекше жағдайдағы ағызу:
Аварийные и другие исключительные сбросы нефти:

23

оқиға болған уақыт;
время происшествия;

24

оқиға болған кездегi кеменiң орны немесе тұрған жері;
место или местонахождение судна во время происшествия;

25

мұнайдың шамамен мөлшерi және түрі;
приблизительное количество и вид нефти;

26

тастау не ағызу жағдайлары, себептерi және жалпы ескертулер;
обстоятельства сброса или утечки, причины и общие замечания;

(H)


Отынды немесе майлайтын майды бункерлеу:
Бункеровка топлива или смазочного масла:

27

бункерлеу
бункеровка:

1)

бункерлеу орны;
место бункеровки;

2)

бункер уақыты:
время бункеровки;

3)

отынның түрi мен мөлшерi және танктiң (тердiң) белгiленуi (қосылған мөлшерi мен танктегi (тердегi) жалпы мөлшерiн көрсету);
тип и количество топлива и обозначение танка(ов) (указать добавленное количество и общее количество в танке(ах));

4)

майлайтын майдың түрi мен мөлшерi және танктiң(тердiң) белгiленуi (қосылған мөлшерi және танктегi (тердегi) жалпы мөлшерiн көрсету);
тип и количество смазочного масла, и обозначение танка(ов) (указать добавленное количество и общее количество в танке(ах));

(I)

Басқа пайдаланымдық операциялар және жалпы ескертулер
Другие эксплуатационные операции и общие замечания

      Ескертпе:
      1. Кемелердiң капитандары қабылдау құрылыстарының, оның iшiнде баржалар мен автоцистерналардың операторынан айдалған жуатын судың, кiр балласттың, қалдықтардың немесе құрамында мұнай бар қоспалардың мөлшерi, сондай-ақ айдалған күнi мен уақыты көрсетiлген қолхат немесе растайтын құжат алуы тиiс. Қолхат немесе растау құжатын Журналмен бiрге сақтаған жөн.
      Примечание:
      1. Капитаны судов должны получать от оператора приемных сооружений, в том числе барж и автоцистерн, расписку или подтверждающий документ, в которых указывается количество перекаченной промывочной воды, грязного балласта, остатков или нефтесодержащих смесей, а также время и дата перекачки. Расписку или подтверждающий документ следует хранить вместе с Журналом.
      2. Тармақтар бойынша жазбалар енгiзілген кезде Журналда мыналар көрсетіледi:
      При внесении записей по пунктам, в Журнале указывается:
      1) 1, 3.2, 3.3, 5, 11.1, 11.2, 12.2, 15.4, 17, 27.3, 27.4 – кемедегi техникалық құжаттамаға сәйкес танктердiң белгiленуi немесе атауы;
      обозначение или наименование танков в соответствии с имеющейся на судне технической документацией;
      2) 3.1, 4.1, 4.3, 4.4, 6, 7, 12.1, 15.1, 15.2, 15.3, 16, 24, 27.1, - порт (порттың рейдi) не кеменiң координаттары;
       порт (рейд порта), либо координаты судна;
      3) 4.2, 10, 11.1, 11.2, 12.1, 12.2, 13, 15.4, 25, 27.3, 27.4 – м3 мөлшерi;
      количество в м3;
      4) 14, 16, 17, 18, 20, 21, 23, 27.2 - кеме уақыты;
                                            судовое время;
      5) 9.1, 9.2, 15.1, 15.2, 19.1, 19.2 – сертификатқа сәйкес тазарту жабдығына;
      в соответствии с сертификатом на очистное оборудование;
      6) 2, 25, 27.3, 27.4 - кеменiң тораптардағы жылдамдығы;
                             паспорт бойынша мұнай (май) түрi;
                             тип нефти (масла) по паспорту;
      7) 8 – с кеменiң тораптардағы жылдамдығы;
             скорость судна в узлах;
      8) 22 – экипаждың профилактика үшiн жүйенi шығаруы не жүйенiң жарамсыздығы.
      вывод системы экипажем для профилактики либо неисправность системы.

Кеме құжаттарын жүргізу қағидасына
3-қосымша           

Тiркелуге жататын тармақтар тiзбесi
Перечень пунктов, подлежащих регистрации

Код (әріп) Код (буква)

Тармақ (нөмір) Пункт (номер)

Операция мен тармақтың атауы
Наименование операции и пункта

(А)

Мұнай жүгін тиеу:
Погрузка нефтяного груза:

1

тиеу орны;
место погрузки;

2

тиелген мұнай түрi және танктің(тердің) белгiленуi;
тип погруженной нефти и обозначение танка(ов);

3

тиелген мұнайдың жалпы мөлшерi (қосылған мөлшерiн және танктегi жалпы мөлшердi көрceту);
общее количество погруженной нефти (указать добавленное количество и общее количество в танке(ах));

(B)


Рейсте мұнай жүгін кеме iшiнде құю:
Внутрисудовая перекачка нефтяного груза в рейсе:

4

танктiң (тердің) белгiленуі:
обозначение танка(ов):

1)

одан;
из;

2)

оған (танкке (терге) құйылған мөлшерді және жалпы мөлшердi көрceту);
в (указать перекаченное количество и общее количество в танке(ах));

5

4-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген танк босады ма;
был(и) ли опорожнен(ы) танк(и), указанный(е) в подпункте 1) пункта 4;

(С)


Мұнай жүгін түсіру:
Выгрузка нефтяного груза:

6

түсірген жері;
место выгрузки;

7

түсiрген танктің(тердің) белгiленуі;
обозначение разгруженного(ых) танка(ов);

8

танк босады ма? (Егер босамаса сақталған мөлшерiн көрсету);
был(и) ли опорожнен(ы) танк(и)? (Если нет, указать сохраняемое количество);

(D)


Шикi мұнаймен жуу (шикi мұнаймен жуу жүйесiмен жабдықталған танкерлер үшiн) (шикi мұнаймен жуылатын әрбiр танкерлер үшiн толтырылады):
Мойка сырой нефтью (только для танкеров, оборудованных системой мойки сырой нефтью) (заполняется для каждого танка, промываемого сырой нефтью):

9

шикi мұнаймен жуу жүргiзiлген порт немесе егер жуу екi түсiрушi порт арасында жүргiзiлсе, онда кеменiң тұрған жерi;
порт, в котором проводилась мойка сырой нефтью, или местонахождение судна, если мойка проводилась между двумя портами выгрузки;

10

жуылған танктiң(тердің) белгiленуi (1-ескертпе);
обозначение промытого(ых) танка(ов) (примечание 1);

11

пайдаланылатын машина саны;
количество используемых машинок;

12

жуу басталған уақыт;
время начала мойки;

13

жуу тәртiбi (2-ecкeртпе);
порядок мойки (примечание 2);

14

жуушы құбырдағы қысым;
давление в моечном трубопроводе;

15

жуу аяқталған немесе тоқтатылған уақыт;
время окончания или приостановки мойки;

16

танктiң құрғақтылығы қандай әдiспен анықталғанын көрсету;
указать, каким методом, определено, что танк(и) был(и) сухим(и);

17

ескерту (3-ескертпе);
замечания (примечание 3);

(Е)


Жүк танкiлерiне балласты қабылдау:
Прием балласта в грузовые танки:

18

балласты қабылдау басталғанда және аякталғанда кеменiң тұрған орны;
местонахождение судна в начале и по окончании приема балласта;

19

балласты қабылдау үдерісі:
процесс приема балласта:

1)

балластпен толтырылған танктiң белгiленуi;
обозначение заполненного(ых) балластом танка(ов);

2)

балласты қабылдау басталған және аяқталған уақыт;
время начала и конца приема балласта;

3)

қабылдаған балластың мөлшерi. Операциядағы әрбiр танк үшiн балластың жалпы мөлшерiн көрсету;
количество принятого балласта. Указать общее количество балласта для каждого танка, занятого в операции;

(F)


Таза балласт үшiн бөлiнген танкілерге балласты қабылдау (таза балласт үшін бөлiнген танкiлерiмен танкерлер үшiн ғана);
Прием балласта в выделенные для чистого балласта танки (только для танкеров с выделенными для чистого балласта танками):

20

балластпен толтырылған танктiң (тердiң) белгiленуі;
обозначение заполненного(ых) балластом танка(ов);

21

таза балласт үшiн бөлiнген танкiге жууға арналған су қабылданғанда кеме тұрған жер немесе портта кемеге қажет балласт;
местонахождение судна, когда в выделенные для чистого балласта танки была принята вода, предназначенная для промывки, или балласт, необходимый судну в порту;

22

тұнбалы танкте сорғы мен құбыр жуылған кезде кеменiң тұрған жерi;
местонахождение судна, когда были промыты в отстойный танк насос(ы) и трубопроводы;

23

құбырларды жуған кезде пайда болған, алдын ала тұнба сақталатын тұнбалы танкке(терге) немесе жүк танкiне(терге) айдалған, құрамында мұнай бар судың мөлшерi (танкті(терді) көрсету). Жалпы мөлшерiн көрсету;
количество образовавшейся при промывке трубопроводов нефтесодержащей воды, перекаченной в отстойный(е) танк(и) или грузовой(ые) танк(и), в котором(ых) предварительно хранится отстой (указать танк(и)). Указать общее количество;

24

таза балластқа бөлiнген танкке қосымша су балласты қабылданған кезде кеменiң тұрған жерi;
местонахождение судна, когда был принят в выделенный(е) для чистого балласта танк(и) дополнительный водяной балласт;

25

таза балласт үшiн бөлiнген танктi жүк және тазартылған құбырлардан бөліп тұратын клапан жабылған кездегі кеменiң уақыты мен тұрған жерi;
время и местонахождение судна, когда были закрыты клапаны, отделяющие выделенные для чистого балласта танки от грузовых и зачистных трубопроводов;

26

бортқа қабылданған таза балласт мөлшерi;
количество принятого на борт чистого балласта;

(G)


Жүк танкiлерiн тазалау:
Очистка грузовых танков:

27

тазаланған танкiлердiң белгiленуi;
обозначение очищенного(ых) танка(ов);

28

порт немесе кеменiң тұрған жерi;
порт или местонахождение судна;

29

тазалау ұзақтылығы;
продолжительность очистки;

30

тазалау әдiсi (4-ескертпе);
метод очистки (примечание 4);

31

тазалау суы айдалды:
промывочная вода перекачена в:

1)

қабылдау құрылыстарына (порт және мөлшерiн көрсету) (5-ескертпе);
приемные сооружения, (указать порт и количество) (примечание 5);

2)

тұнбалы танк(тер) немесе тұнбалы танк(тер) деп анықталған жүк танкi(тері) (танктiң(тердің) белгiленуi; айдалған және жалпы мөлшерiн көрсету);
отстойный(е) танк(и) или грузовой(ые) танк(и), определенный(е) в качестве отстойного(ых) танка(ов) (обозначение танка(ов); указать перекаченное и общее количество);



Кiр балласты тacтaу:
Сброс грязного балласта:

32

Танктiң(тердің) белгiленуi;
обозначение танка(ов);

33

теңiзге тастау басталғанда кеменiң тұрған жері;
местонахождение судна в начале сброса в море;

34

теңiзге тастау аяқталғанда кеменiң тұрған жері;
местонахождение судна по окончании сброса в море;

35

теңiзге тасталған мөлшері;
сброшенное в море количество;

36

тастау уақытында кеменiң жылдамдығы;
скорость судна во время сброса;

37

тастау уақытында автоматты өлшеу, тiркеу және мұнайды тастау басқару жүйесi жұмыс істеп тұрды ма?
находилась ли в действии во время сброса система автоматического замера, регистрации и управления сбросом нефти?

38

тастау жерiнде ағын мен судың бетiне тұрақты қадағалау жүргiзiлдi ме?
велось ли регулярное наблюдение за стоком и за поверхностью воды у места сброса?

39

тұнбалы танкке айдалған құрамында мұнай бар сулардың мөлшерi (шегiнiс танкiн көрсету керек. Жалпы мөлшерiн көрсету керек);
количество нефтесодержащей воды, перекаченной в отстойный(е) танк(и) (указать отстойный(ые) танк(и). Указать общее количество);

40

жағадағы қабылдау құрылыстарына тасталды (портты және жалпы мөлшерін көрсету) (5-ескертпе);
сброшено в береговые приемные сооружения (указать порт и общее количество) (примечание 5);

 (І)


Теңiзге тұнбалы танктен суды тастау:
Сброс воды из отстойных танков в море:

41

тұнбалы танкiнiң белгiленуі;
обозначение отстойного(ых) танка(ов);

42

соңғы қалдықтың түсу кезiнен шегiнiс уақыты; не;
время отстоя с момента последнего поступления остатков; либо;

43

соңғы тастау кезiнен шегiнiс уақыты;
время отстоя с момента последнего сброса;

44

тастау басында кеменiң тұрған жерi мен уақыты;
время и местонахождение судна в начале сброса;

45

тастау басында танкті толтыру деңгейі;
уровень заполнения танка в начале сброса;

46

тастау басында мұнай-су бөлiмi бетiнiң деңгейi;
уровень поверхности раздела нефть - вода в начале сброса;

47

тасталғанның мөлшерi мен негiзгi массаны тастау қарқыны;
сброшенное количество и интенсивность сброса основной массы;

48

соңғы тастауда тастау мөлшерi мен тастау қарқыны;
сброшенное количество при заключительном сбросе и интенсивность сброса;

49

тастау аяқталғанда кеменiң тұрған жерi мен уақыты;
время и местонахождение судна по окончании сброса;

50

тастау кезінде автоматты тоқтау, тiркеу және мұнайды тастауды басқару жүйесi істеп тұрды ма?
находилась ли в действии во время сброса система автоматического замера, регистрации и управления сбросом нефти?

51

тастау аяқталғанда мұнай-су бөлiмi бетiнiң деңгейi;
уровень поверхности раздела нефть - вода по окончании сброса;

52

тастау уақытында кеменiң жылдамдығы;
скорость судна во время сброса;

53

тастау орнында ағын мен судың бетiн тұрақты қадағалау жүргiзiлдi ме?
велось ли регулярное наблюдение за стоком и за поверхностью воды у места сброса?

54

кеменiң құбыр жүйелерiнiң барлық тиісті клапандары
шегiнiс танкерлерiнен тастау аяқталғанда жабық болғанын растау;
подтвердить, что все надлежащие клапаны судовой системы трубопроводов были закрыты по окончании сброса из отстойных танков;

(J)


Басқа операцияларға ұшырамаған қалдықтар мен құрамында мұнай бар қоспаларды жою:
Удаление остатков и нефтесодержащих смесей, не подвергнутых каким-либо иным операциям:

55

танкерлердің белгіленуі;
обозначение танка(ов);

56

әрбiр танктен жойылған мөлшер (сақталатын мөлшердi көрсету);
удаленное из каждого танка количество (указать сохраняемое количество);

57

жою әдісі:
метод удаления:

1)

қабылдау құрылыстары (портты және жалпы мөлшердi көрсету) (5-ескетрпе);
в приемные сооружения, (определить порт и общее количество) (примечание 5);

2)

жүкпен араласқан (мөлшерiн көрceту);
смешанное с грузом, (указать количество);

3)

басқа танкке айдалған: танктi көрсету, танкке айдалған және жалпы мөлшерiн көрсету;
перекачено в другой(ие) танк(и): указать танк(и); указать перекаченное и общее количество в танке(ах);

4)

басқа әдiспен (қандай көрсету); жойылған мөлшерiн көрсету;
иным методом (указать каким); указать удаленное количество;

(K)

Жүк танкiндегi таза балласты тастау:
Сброс чистого балласта, содержащегося в грузовых танках:

58

таза балласты тастау басында кеменiң тұрған орны;
местонахождение судна в начале сброса чистого балласта;

59

тастау жүргiзiлген танктi белгiлеу;
обозначение танка(ов), из которого(ых) производился сброс;

60

тастау аяқталғаннан кейiн танк босады ма?
был(и) ли опорожнен(ы) танк(и) после окончания сброса?

61

тастау аяқталғаннан кейiнгi кеменiң тұрған орны, егер ол 58-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса;
местонахождение судна по окончании сброса, если оно отличается от указанного в пункте 58;

62

тастау орнында ағын мен суға тұрақты қадағалау жүргiзiлдi ме? велось ли регулярное наблюдение за стоком и за поверхностью воды у места сброса?

(L)


Таза балласт үшiн бөлiнген танкiден балласты тастау (таза балласт үшiн бөлiнген танкiсi бар танкерлерге ғана арналған):
Сброс балласта из выделенных для чистого балласта танков (только для танкеров с выделенными для чистого балласта танками):

63

тастау жүргiзiлетiн танктi белгiлеу;
обозначение танка(ов), из которого(ых) производился сброс;

64

теңiзге таза балласты тастау басталғанда кеменiң тұрған жерi мен уақыты;
время и местонахождение судна в начале сброса чистого балласта в море;

65

теңiзге тастау аяқталғанда кеменiң тұрған жерi мен уақыты;
время и местонахождение судна по окончании сброса в море;

66

тасталғанның мөлшері:
сброшенное количество:

1)

теңiзге; немесе;
в море; либо;

2)

қабылдау құрылыстарына (портты көрсету);
в приемное сооружение (указать порт);

67

су балластың теңiзге тасталғанға дейiн не тастау кезінде мұнаймен ластаудың қандай да бір белгiлерi анықталды ма?
обнаружены ли какие-либо признаки загрязнения нефтью водяного балласта до или во время сброса в море?

68

тастау мұнай құрамын өлшейтiн құрал көмегiмен бақыланды ма?
контролировался ли сброс с помощью прибора для измерения содержания нефти?

69

балласты тастау аяқталғанда таза балласт үшiн бөлiнген танктi жүк және тазартылған құбырлардан бөлiп тұратын клапан жабылған кезде кеменiң тұрған жерi және уақыты;
время и местонахождение судна, когда по окончании сброса балласта были закрыты клапаны, отделяющие выделенные для чистого балласта танки от грузовых и зачистных трубопроводов;

(M)


Автоматты өлшеу, тiркеу және мұнай тастауды басқару жүйесiнiң жай-күйi:
Состояние системы автоматического замера, регистрации и управления сбросом нефти:

70

жүйенiң қатардан шығу уақыты;
время выхода системы из строя;

71

жүйе жұмысқа енгiзiлетiн уақыты;
время, когда система была введена в действие;

72

қатардан шығу себептері;
причины выхода из строя;

(N)

Mұнайды авариялық немесе басқа да eрекше тастау:
Аварийные или другие исключительные сбросы нефти:

73

оқиға болған уақыт;
время происшествия;

74

оқиға кезіндегі порт немесе кеменiң тұрған жерi;
порт или местонахождение судна во время происшествия;

75

мұнайдың шамамен мөлшерi және түрі;
приблизительное количество и тип нефти;

76

тастау немесе ағыту жағдайы, себептер және жалпы ескертулер;
обстоятельства сброса или утечки, причины и общие замечания;

(O)

Басқа пайдаланушылық oпeрациялар және жалпы ескертулер
Другие эксплуатационные операции и общие замечания

Арнайы рейстердегі танкерлер
Танкеры, занятые в специальных рейсах

(P)

Су балласты қабылдау:
Прием водяного балласта:

77

балластпен толтырылған танктiң белгiленуі;
обозначение заполненного(ых) балластом танка(ов);

78

балласты қабылдау аяқталғанда кеменiң тұрған жері;
местонахождение судна, когда окончен прием балласта;

79

қабылданған балластың жалпы мөлшері, м3;
общее количество принятого балласта в м3;

80

ескертулер;
замечания;

(Q)

Кемеде су балласты орналастырудағы өзгеріс:
Изменение размещения водяного балласта на судне:

81

балласты орналастыруды өзгерту себептері;
причины изменения размещения балласта;

(R)

Қабылдау құрылысына су балласты тастау:
Сброс водяного балласта в приемное сооружение:

82

су балласты тасталған порт(тар);
порт(ы), где был сброшен водяной балласт;

83

қабылдау құрылысының бағыты немесе белгiленуi;
назначение или обозначение приемного сооружения;

84

тасталған су балластының жалпы мөлшері, м3;
общее количество сброшенного водяного балласта в м3;

85

порт биліктерінің өкiлетті өкiлiнiң мөрі, күнi және қолы
дата, подпись и штамп полномочного представителя портовых властей

      Ескертпе:
      Примечание:
      1. Егер танкте Шикi мұнаймен жуу жүйелерiн жабдықтау мен пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта жазылғындай бiр уақытта жұмыс iстей алатынға қарағанда көп машиноктар орнатылса, онда шикi мұнаймен жуылатын секцияның белгiсi көрсетіледi: мысалы № 2 орталық, алдыңғы секция.
      Если в танке установлено машинок больше, чем может работать одновременно, как предписывается Руководством по оборудованию и эксплуатации систем мойки сырой нефтью, то указывается обозначение промываемой сырой нефтью секции, например: № 2 центральный, носовая секция.
      2. Нұсқаулыққа сәйкес қолданылатын бiр кезеңдi немесе көп кезеңдi жуу әдісі көрсетiледi. Егер көп кезеңдi жуу қолданылса, онда машинкалар тiгiнен өңдейтiн сектор және жуу бағдарламасының бұл кезеңiнде осы сектордың неше рет өңделгенi көрсетіледi.
      Указывается применяемый в соответствии с Руководством метод мойки – одноэтапная или многоэтапная. Если применяется многоэтапная мойка, указать сектор, обрабатываемый машинками по вертикали, и сколько раз этот сектор обрабатывался на данном этапе программы мойки.
      3. Егер Нұсқаулықта келтiрiлген бағдарлама сақталмаса, онда ескертуде толық түсiнiктеме жазылуы тиiс.
      Если программа, приведенная в Руководстве, не соблюдается, то в замечаниях должны быть изложены подробные разъяснения.
      4. Шланг арқылы қолмен жуу, машинок көмегімен жуу немесе химиялық тазалау. Химиялық тазалау жағдайында пайдаланылған химиялық препаратты және оның мөлшерiн көрсету керек.
      Мойка шлангом вручную, мойка с помощью машинок и/или химическая очистка. В случае химической очистки указать использованный химический препарат и его количество.
      5. Кемелер капитандары қабылдау құрылыстарының, оның iшiнде баржа мен автоцистерна операторынан жуатын судың айдалған мөлшерi, кiр балласт, қалдық не құрамында мұнай бар қоспалар, сондай-ақ айдау уақыты мен күні көрсетiлген қолхат немесе растау құжатын алуы тиiс. Қолхат немесе растайтын құжатты Журналмен бiрге сақтау керек.
      Капитаны судов получают от оператора приемных сооружений, в том числе барж и автоцистерн, расписку или подтверждающий документ, в которых указывается количество перекаченной промывочной воды, грязного балласта, остатков или нефтесодержащих смесей, а также время и дата перекачки. Расписку или подтверждающий документ следует хранить вместе с Журналом.
      6. Журналға тармақтар бойынша жазбалар енгiзiлген кезде мыналар көрсетiледi:
      При внесении записей по пунктам в журнале указывается:
      1) 1, 6, 31.1, 40, 57.1, 66.2, 82 – порт (порттың рейдi);
                                          порт (рейд порта);
      2) 9, 18, 21, 22, 24, 25, 28, 33, 34, 44, 49, 58, 61, 64, 65, 69, 74, 78 - порт немесе кеменiң координаты;
            порт либо координаты судна;
      3) 2, 4.1, 4.2, 7, 10, 19.1, 20, 23, 27, 31.2, 32, 39, 41, 55, 57.3, 59, 63, 77 – журналдың басында көрсетiлген схемаға сәйкес танктi белгiлеу;
      обозначение танков в соответствии со схемой, приведенной в начале журнала;
      4) 3, 4.2, 5, 8, 19.3, 23, 26, 31.1, 31.2, 35, 39, 40, 47, 48, 56, 57.1, 57.2, 57.3, 57.4, 66.1, 66.2, 75, 79, 84 – мөлшерi м3;
                                                     количество в м3;
      5) 12, 15, 19.2, 25, 44, 49, 64, 65, 69, 70, 71, 73 – кеме уақыты;
                                                       судовое время;
      6) 36, 52 – тораптағы кеменiң жылдамдылығы;
                 скорость судна в узлах;
      7) 47, 48 – тастау қарқыны с/м3;
                  интенсивность сброса в мі/ч;
      8) 2, 75 – коносамент не сапа паспорты бойынша мұнайдың түрі;
                 тип нефти по коносаменту либо паспорту качества;
      9) 45, 46, 51 – танк түбiнен деңгейi м;
                      уровень от днища танка в м;
      10) 14 – Мпа (кгс/см2) қысымы;
              давление в МПа (кгс/см2);
      11) 5, 8, 37, 38, 50, 53, 54, 60, 62, 67, 68 – "иә" немесе "жоқ";
                                                     "да" или "нет";
      12) 72 – экипаждың жүйенi профилактика үшін шығаруы не жүйенің бұзуылуы;
      вывод системы экипажем для профилактики либо неисправность системы;
      13) 16 – өлшеумен не көзбен шолып тексерумен;
               замером, либо визуальным осмотром.

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің      
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 856 қаулысымен 
бекітілген 

Кеме құжаттарының тiзбесi

      1. Кеме журналы.
      2. Кеме рөлi.
      3. Радио журналы (eгeр кемеде кеме станциясы болса).
      4. Машина журналы (механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн).
      5. Сарқынды сулармен oпeрация журналы.
      6. Қоқыспен операция журналы.
      7. Мұнай oпeрациясы журналы.
      8. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операцияларын жүргiзу журналы.
      9. Теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығы туралы куәлiк.
      10. Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк.
      11. Сыныптау куәлiгi.
      12. Жолаушы куәлiгi (жолаушы кемесi үшiн).
      13. Өлшеу куәлiгi.
      14. Жүк маркасы туралы куәлiк.
      15. Mұнаймен ластанудың алдын алу туралы куәлiк.
      16. Сарқынды сулармен ластанудың алдын алу туралы куәлік.
      17. Қоқыспен ластанудың алдын алу туралы куәлік.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 26 шілдедегі 
№ 856 қаулысымен 
бекiтiлген     

      Ескерту. Кеме құжаттарының нысандары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).