Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2011 жылғы 18 шілдедегі
      № 816 қаулысымен 
      бекітілген 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) ауыл кәсiпкерлерi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрi – Бағдарлама) екiншi бағытына қатысатын адамдарға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жобаларды сүйемелдеуді қоса алғанда, микрокредит беру, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу және сервистік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
      2. Осы бағыт шеңберiнде мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi:
      1) сервистік қызмет, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заң, маркетингтік) қызметтер көрсету, оқуға материалдық көмек ұсына отырып кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес жоспарын дайындауға жәрдемдесу, 1 жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу;
      2) микрокредит беру;
      3) жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу, және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі – ИКИ дамыту), оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықты сатып алу.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме;
      2) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында жасалатын тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
      3) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша өтiнiш берген жеке тұлға;
      4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған ішінара жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, табысы аз адамдар, жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күнтізбелік жылы бітірген 11-сынып бітірушілері, еңбекке қабілетті мүгедектер, жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жалпыға ортақ белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушылар болып табылатын адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;
      5) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      6) өңiрлiк комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      7) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар;
      8) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiрушi орталық атқарушы орган;
      9) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
      10) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/қалалық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
      11) кредиттік ұйымдар (бұдан әрі – КҰ) – қызметін Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртіппен жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер;
      12) микрокредиттiк ұйым (бұдан әрі – МКҰ) – микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      13) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      14) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
      15) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      16) экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi салааралық және өңiраралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi орган;
      17) оқуға материалдық көмек – кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан өтiп жатқан Бағдарлама қатысушысына жол жүру және тұруына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге төленетiн ақшалай қаражат;
      18) сервистік қызмет көрсететін ұйым – бұл кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтер кешенін (консультациялық, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік, жобаны сүйемелдеу жөніндегі қызметтер және басқа да қызмет түрлері) көрсететін ұйым;
      19) кәсіпкерлікті дамыту картасы – аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және бекітетін және олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, технологиялық циклдарын дамытуды, басқа да мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда іске асыру жоспарланған бизнес жоспарлардың тізбесін қамтитын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешені.

2. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысу талаптары мен шарттары

      4. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар ішінара жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, табысы аз адамдар, жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күнтізбелік жылы бітірген 11-сынып бітірушілері, еңбекке қабілетті мүгедектер, жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жалпыға ортақ белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушылар болып табылатын, әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, ауылдық елдi мекендерде, шағын қалаларда, заңнамаға сәйкес қалалық елдi мекендерге жататын кенттерде жеке ісін ұйымдастыруды немесе кеңейтуді қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар болып табылады.
      Екінші бағытты іске асыру үшін ауылдық тірек елді мекендер басымды елді мекендер болып табылады.
      Жеке iсiн ұйымдастыруды немесе кеңейтудi қалайтын ауыл тұрғындарына, әйелдерге және мүгедектерге қатысудың басым құқығы берiледi.
      5. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысуға ниет бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация береді.
      Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi (мекенжай анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
      4) жоба үшiн ИКИ-ді дамыту және жайластыруға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм (қажет болған жағдайда).
      Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:
      1) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екенiн;
      2) төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қол қойылған және мөр басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейдегі банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

2.1. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым арқылы микрокредит алу шарттары

      6. Конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым арқылы микрокредит алуға ниет білдірген жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштерді және құжаттарды қарайды, мемлекеттiк қолдау алу түрлерi бойынша үмiткерлердiң тiзiмi мен Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес ИКИ-ді дамытуды талап ететін жобалардың тiзбесiн қалыптастырады және:
      ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органына;
      болжамды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша селолық округтің, кенттің әкіміне;
      конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға;
      үміткер мәлімдеген ИКИ-ді дамыту қажет болған жағдайда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жөніндегі уәкілетті органға (ауданның) жібереді.
      7. Аталған ұйымдар сұрауды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Жұмыспен қамту орталығына:
      ұсынылатын жобаның кәсіпкерлікті дамыту картасына немесе өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органы);
      жобаны іске асырудың орындылығын келісуді не дәлелді түрде бас тартуды (селолық округтың, кенттің әкімі);
      үміткерлерге Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындыны (конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым);
      ИКИ-ді дамыту мүмкіндігі туралы қорытындыны (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жөніндегі уәкілетті орган (аудан) жібереді.
      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.
      9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарттар жасасады.
      10. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы мемлекеттік сатын алу туралы заңнамаға сәйкес сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады.
      Сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды іріктеу кезінде мынадай өлшемдер ескеріледі:
      кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде жұмыс тәжірибесі;
      кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде штатында тиісті бағыттар бойынша жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарының болуы;
      кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөнінде қызмет көрсететін әлеуетті өнім берушіде қызмет көрсету кестелерінің, оқу бағдарламаларының, оқуды жүргізу әдістерінің, әдістемелік құралдарының болуы;
      сервистік қызмет көрсететін әлеуетті өнім берушіде қызмет көрсету әдісін (орнында немесе барып) ескере отырып, олардың осыған ұқсас қызметтердің орташа нарықтық бағасына сәйкес келуге тиіс құны көрсетілген қызметтердің егжей-тегжейлі тізбесі болуы керек.
      Сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымды таңдаумен қатар өңірлік комиссия тиісті шарттарда көрсетілуге тиіс қызмет көрсету мониторингінің индикаторларын, сондай-ақ құралдарын айқындауға тиіс.
      11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік компанияларға оқуға жібереді, онда бір айға дейінгі оқу мерзімімен оқуға материалдық көмекті ұсына отырып олардың тегін оқуы, бизнес жоспар дайындауға жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.
      Оқу бағдарламасы және оны өткізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.
      Бұл ретте сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйым Бағдарламаға қатысушы жобасының бизнес жоспарының іске асырылуын экономикалық және қаржылық тұрғыдан негіздейтін қорытынды береді.
      12. Сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйым Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын жерлерінен тысқары елді мекендерде орналасқан жағдайда кәсіпкерлік негіздеріне оқитын адамдарға ай сайын:
      1) жол жүруге екі айлық есептік көрсеткіш;
      2) тұруға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
      13. Бағдарламаға қатысушы сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымның жәрдемдесуімен жобаның бизнес жоспарын әзірлейді және бұрын конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға микрокредит алуға өтініммен жүгінеді.
      14. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым 5 жұмыс күні ішінде жобаға бағалау жүргізеді және Бағдарламаға қатысушыға микрокредит беру мүмкіндігі туралы (немесе мүмкін емес еместігі) туралы шешім қабылдайды және қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.
      15. Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасады.
      16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым Бағдарламаға қатысушыға микрокредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бұдан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттарға тиісті өзгерістер енгізеді.
      17. Сервистік қызметтер:
      жұмыс уақытында телекоммуникациялық байланыс пен интернет бойынша;
      жұмыс уақытында сервистік компания орналасқан жері бойынша;
      екі айда кемінде бір рет Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша консультациялар жүргізу арқылы көрсетеді.
      Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша сервистік қызметтер көрсету кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.
      18. Бағдарлама қатысушысының жобасы табысты іске асырылған жағдайда сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымның қызметтері (салық органдарында тіркелуі, заңнамада көзделген аударымдардың болуы, негізгі берешек және сыйақы сомасының уақытылы өтелуі) толық көлемде төленеді.
      Егер Бағдарламаға қатысушының жобасы іске аспаған жағдайда (салық органдарында тіркелмеуі, заңнамада көзделген аударымдардың болмауы, негізгі берешек пен сыйақылардың уақытылы өтелмеуі) сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымның қызметтері әрбір Бағдарламаға қатысушыға белгіленген қызметтер құнының тоқсан пайызы мөлшерінде төленеді.

2.2. Кредиттік серіктестіктер арқылы микрокредит алу шарттары

      19. Егер үміткер кредитті кредиттік серіктестік арқылы алуға ниетті болса, оның жұмыс істеп тұрған кредиттік серіктестікке қосылуына немесе Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Кредит беру қағидалары) сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым жүргізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын жаңа кредиттік серіктестік құруына болады.
      20. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінішті және құжаттарды алғаннан кейін Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
      21. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыны осы Қағидалардың 1112 және 13-тармақтарында көзделген қызметтерді алу үшін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді.
      22. Кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым жүргізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурс қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушы мүшесі болып табылатын кредиттік серіктестікті іріктеген жағдайда сервистік қызметтер осы Қағидалардың 1718-тармақтарына сәйкес көрсетіледі.

3. Микрокредит берудi ұйымдастыру шарттары

      23. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық бюджеттен бюджеттiк кредит қайтарымдылық, жеделдiлiк және ақылылық қағидаттары негiзiнде 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен бес жылға берiледi.
      24. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттi өңiрлiк ұйымды белгiлейдi және 5 жылдан аспайтын мерзiмге кредит бередi.
      Мыналар үшiн:
      1) қаржы агенттiгi мәртебесi бар уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн жылдық сыйақы ставкасы 0,01 % мөлшерiнде белгiленедi;
      2) басқа заңды тұлғалар үшiн кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган эмитенттеген, тиісті эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелерi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орташа мөлшерлiк ставкасы деңгейiнде белгiленедi.
      25. Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым Кредит берудің белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн КҰ iрiктеу бойынша ашық конкурс өткiзедi.
      26. Бағдарламаға қатысу құқығын алған КҰ мен уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
      27. КҰ үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставканы уәкілетті ұйым өңiрлiк комиссиямен келiсiм бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және оның кредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгілейді.
      28. Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей уәкілетті өңірлік ұйым мен соңғы қарыз алушы арасында жасалады.
      29. Соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi ставканы өңiрлiк комиссиямен келiсе отырып, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi.
      Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді ставкасы өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді.
      Кредиттік ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi сыйақы ставкасының мәнi кәсiпкерлiк қызметтiң түрiне байланысты саралануы мүмкiн.
      30. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары мынадай:
      1) кредит микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары үшiн кепiл ұсынылғанда немесе кредиттiк серiктестердiң барлық мүшелерi немесе қаржылық жағдайлары уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшiншi тұлғалардың кепiлдiктерi болған жағдайда қайтарымдылық негiзiнде ұсынылады. Бұл ретте бюджеттiк кредиттi қайтаруды қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттiк кредиттiң мөлшерiнен аз болмауға тиiс;
      2) нысаналы сипатта болады – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
      3) тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;
      4) кредит беру мерзiмi – бес жылдан аспайды;
      5) кредиттiң ең жоғары сомасы – үш миллион теңгеден аспайды;
      6) соңғы қарыз алушыға, КҰ-ға және/немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға кредит бойынша негiзгi қарызды өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн, ол кредиттiң берiлген мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауға тиiс.
      31. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қарау кезiнде қаржы агентінің мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не КҰ:
      1) өтiнiш берушiлердiң жеке iсiн ұйымдастыруға немесе кеңейтуге арналған бизнес-жоспарларын бағалауды жүзеге асырады;
      2) өтiнiш берушiлермен жеке әңгiмелесудi жүргiзедi және қажет болған жағдайда, төлем қабiлеттiлiгiн және/немесе кепiлдi қамтамасыз етудiң болуын айқындау үшiн өтiнiш берушiнiң табысы мен ресурстарына қосымша тексеру жүргiзедi.
      32. Оң шешiм қабылданған жағдайда қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым немесе КҰ-ның қорытындысы бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiберiледi. Шешiм терiс болған жағдайда КҰ бас тарту себептерiн көрсете отырып, бұл туралы өтiнiш берушiге хабарлайды, өтiнiш берушiге құжаттар пакетiн қайтарады және халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарлайды.
      33. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым немесе КҰ шарт жасау және микрокредит беру туралы ақпаратты шарт жасасқан күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi.

4. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамытуды және жайластыруды ұйымдастыру

      34. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органды жергiлiктi атқарушы орган өзi айқындайды.
      35. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган 10 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған ИКИ-ді дамыту туралы өтiнiмдерді қарайды, мәлімделген жобаларды iске асыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн емес екенi) және оларды қаржыландырудың қажеттi көлемi туралы қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.
      36. Оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы микрокредит алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында ИКИ-ді дамытуға арналған шарт жасалады.
      37. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган әрбір жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама әзірлейді.
      Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға және/немесе ілеспе технологиялық жабдықты сатып алуға мемлекеттік сараптама жүргізу республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      Техникалық-экономикалық негіздемені және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу, авторлық және техникалық қадағалауды жүргізу шығыстары ИКИ-ді дамытуға көзделген шығындардан жеке ескеріледі.
      38. Инфрақұрылым объектілерін салу немесе реконструкциялау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай айқындалады және берілетін кредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.

5. Кәсіпкерлікті дамыту картасын қалыптастыру

      39. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 жылға арналған Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді.
      Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру белгілі бір өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      40. Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуге жауапты ұйымдарды іріктеуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      41. Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуге ауылдық (кент) округтерінің әкімдері, бизнес жобаларды олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, технологиялық циклдарын дамыту, басқа да мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда іске асыру болжанатын тізбесіне енгізу үшін ұсыныс енгізетін кәсіпкерлер мен кредиттік серіктестік өкілдерімен қоса, тұрғындар қатысады.
      42. Кәсіпкерлікті дамыту картасында мыналар көзделген болуға тиіс:
      нақты аумақ үшін Бағдарламаны іске асырудың нақты тиімділік көрсеткіштерінің (индикаторлары) тізбесі, Бағдарлама қатысушыларын заңдастыруды қосқанда күтілетін нәтижелер;
      Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының кәсіпкерлік белсенділігіне байланыстырыла отырып, нақты аумақ үшін қызметтің басым түрлері;
      басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысы;
      картаны іске асыруға болжанатын бюджет;
      қызметтің басым түрлерінің технологиялық тізбегін дамыту (кластерлік тәсіл);
      түпкілікті өнім және нарық сыйымдылығына бағаларды талдай отырып, қызметтің әрбір басым түрі бөлінісіндегі жалпы қаржылық-экономикалық көрсеткіштер.
      43. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ауданның (қаланың) уәкілетті органы ұсынылған Кәсіпкерлікті дамыту картасының жобасын ауданның кәсіпкерлікті дамытудың бекітілген бағыттарына сәйкестігін тексереді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келіседі.
      44. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органмен келіскеннен кейін Кәсіпкерлікті дамыту карталарын аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
      45. Кәсіпкерлікті дамыту картасында көзделген көрсеткіштердің негізінде Бағдарламаның екінші бағыты бойынша тиісті жылға бюджет өтінімі қалыптастырылады.
      46. Қалыптастырылған Кәсіпкерлік картасы халықты жұмыспен қамту орталығына, КҰ-ға, уәкілетті өңірлік ұйымға, сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарға ұсынылады және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет ресурстарына орналастырылады.

6. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және
кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту және жобаларды сүйемелдеуді қоса
алғанда, сервистік қызмет көрсетуді қаржыландыру

      47. Қаржылық тәртiптi қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу үшiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы:
      1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында сервистік қызмет, оның ішінде консультациялық қызмет көрсету, кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту бөлігінде;
      2) экономикалық даму жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалардың инженерлiк-коммуникациялық жүйелерiн тарту және қолданыстағыларына қосу мақсатында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша келiсiмдер жасалады.
      48. Бағдарлама операторы мен экономикалық даму жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.
      49. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер бойынша бөлiнбей, бiр сомамен аударылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi шешiмдер қабылданғаннан кейiн екi апта мерзiм iшiнде iске асырылуына қаражат бөлiнген жергiлiктi инвестициялық жобалар туралы объектiлер бөлiнiсiндегi жиынтық ақпаратты бюджеттiң атқарылуы жөніндегі және экономикалық даму жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға жiбередi.
      50. Бюджеттiк кредиттiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында осы Қағидаларда ескертiлген шарттармен кредиттiк шарт жасалады.
      51. Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша аударады.
      52. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай:
      1) Бағдарлама операторына – сервистік қызмет көрсетілген, кәсiпкерлiк негiздерiн оқудан өткен, микрокредит алған, жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен Бағдарламаға қатысушылар саны, соңғы қарыз алушылардың микрокредиттерді мақсатты пайдалануы туралы;
      2) экономикалық даму мәселелері жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға – салынған және реконструкцияланған және/немесе сатып алынған және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектiлердің, сатып алынатын ілеспе, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін технологиялық жабдықтардың саны туралы есептердi ұсынады.
      53. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген микрокредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне алған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.
      Бағдарламаға қатысушының қаражатты мақсатты пайдалануы туралы есебі жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі.
      Микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылар кредит беруші ұйымдарға оларға берілген микрокредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы растаушы құжаттарды ұсынады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына 
1-қосымша           

______________________ ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту орталығының
директорына ________________________________
__________________________ мекенжайы бойынша
тұратын ____________________________________

Өтiнiш

      Менi «Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылардың қатарына енгiзудi сұраймын.
      Қосымша ___ парақта:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
      еңбек кiтапшасының көшiрмесi (болған жағдайда) немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (жұмыс iстейтiн адамдар үшiн);
      қажет болған жағдайда нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту, сондай-ақ ілеспе, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін технологиялық жабдықты сатып алу бойынша бизнес-ұсыныс;
      қажет болған жағдайда нысан бойынша жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және/немесе жайластыруға және/немесе инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықты сатып алуға өтiнiм.
      Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:
      салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екенiн;
      төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрi басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейлi банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
      Оң шешiм қабылданған жағдайда жеке әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қоюға мiндеттенемiн.
      Күнi                               қолы
      Азамат ________________________________________________ өтiнiшi 20__ж. «_____»____________ қабылданды, № _____ болып тiркелдi.
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

*- ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына 
2-қосымша           

Бизнес-ұсыныс

      1. Жобаның атауы ______________________________________________
      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
      3. Бiлiктiлiгi (кәсiбi, мамандығы) ____________________________
_____________________________________________________________________
      4. Кәсiпкерлiк негiздерiн оқу туралы мәлiметтер (аяқтау күнi, ұйымның атауы, оқу бейiнi)___________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Жобаның сипаттамасы (мақсаты, ерекше белгiлерi, iске асыру кезеңдерi – тактикалық жоспар, мақсаттарға қол жеткiзу жолдары, қызметтердi немесе өндiрiлген өнiмдi тұтынатын болжамды тұтынушылар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Жобаның болжамды құны ____________________________мың теңге;
      7. Қажеттi кредит сомасы ___________________________ мың теңге;
      8. Кредиттiң жоспарлы мерзiмi__________________________________
      9. Кредиттi өтеу үшiн төлемдi шегеру қажеттiлiгi (бар, жоқ);
      10. Қолда бар мүлiктiң, техниканың және жобаны iске асыру үшiн қажеттi жабдықтың сипаты ____________________________________________
_____________________________________________________________________
      11. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту қажеттiлiгi (жол, электр, сумен жабдықтау, кәрiз не септик, байланыс және оның болжамды құны ________________________ мың теңге).
      12. Ілеспе, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған технологиялық жабдықты сатып алу қажеттігі
______________________болжамды құны _________мың теңге
      Күнi                                     қолы

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына 
3-қосымша           

Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға
және/немесе жайластыруға және/немесе инженерлiк-коммуникациялық
инфрақұрылымды, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін
ілеспе техникалық жабдықты сатып алуға өтiнiм

      1. Жобаның атауы ______________________________________________
      Жобаның болжамды құны ______________________________ мың теңге;
      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның сипаты:
      а) жолдар (ұзындығы (км), жол төсемiнiң енi м, бетiнiң сипаттамасы (түрi), су өткiзгiш қондырғыларды орнату қажеттiлiгi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
      б) электрмен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), тiреулердiң, оның iшiнде қос тiреулердiң қажеттi саны, желiдегi қажеттi кернеу (вольт), төмендеткiш трансформатор сатып алу және орнату қажеттiлiгi)________________________________________ болжамды құны __________ мың теңге;
      в) сумен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), өткiзу қабiлетi тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, өрт сөндiру жүйесiн, оның iшiнде өрт гидрантын жайластыру қажеттiлiгi) _________________________________ болжамды құны __________ мың теңге;
      г) кәрiз (су өткiзу) – қолданыстағы жүйеге қосу - ұзындығы км, өткiзу қабiлетi тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, қайта жiберу құдықтары құрылыстарының қажеттi саны, сорғы жабдықтарын сатып алу және орнату қажеттiлiгi) ______________________
_____________________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
      д) септик жайластыру – қажеттi көлемi текше м. ________________
      4. Байланыс (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң қажеттi саны, абоненттiк нөмiрлердiң қажеттi саны)
_____________________________________________________________________
      4-1. Жетіспейтін ілеспе, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған технологиялық жабдықтың сипаттамасы __________________________________ болжамды құны _________ мың теңге,
      5. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және қосалқы технологиялық жабдықты сатып алудың жалпы құны ______________________________ мың теңгенi құрайды.
      Күнi                                     қолы