Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2011 жылғы 18 шілдедегі
      № 816 қаулысымен 
      бекітілген 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрi – Бағдарлама) екiншi бағытына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
      2. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
      1) микрокредит беру;
      2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
      3) консультациялық қызметтер көрсету;
      4) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жолымен іске асырылады.
      Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау шаралары, олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағынысты аумақтардағы кенттерде іске асырылады.
      Тірек ауылдық елді мекендер кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме;
      2) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында жасалатын тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
      3) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген жеке тұлға;
      4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары;
      5) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      6) өңiрлiк комиссия – облыстың жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      7) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар;
      8) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiрушi орталық атқарушы орган;
      9) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      10) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
      11) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/қалалық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
      12) кредиттік ұйымдар – қызметін Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртіппен жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер;
      13) микрокредиттiк ұйым – микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      14) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      15) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
      16) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      17) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi орган;
      18) материалдық көмек – кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан өтiп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге төленетiн ақшалай қаражат;
      19) сервистік қызмет көрсететін ұйым – кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтер кешенін (консультациялық, маркетингтік, заң, бухгалтерлік, жобаны сүйемелдеу жөніндегі қызметтер және басқа да қызмет түрлері) көрсететін ұйым;
      20) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – бір айға дейін Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің заңды негіздеріне, қаржы және салық салуға, бизнес құруға және дамытуға, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі практикалық машықтарды игеруге бағдарланған кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұғымдары мен ережелеріне қысқа мерзімді оқыту;
      21) сервистік қызметтер – жобаны сүйемелдеу жөнінде консультациялық, маркетингілік, заң, бухгалтерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер кешені және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқа да қызмет түрлері;
      22) кәсіпкерлікті дамыту картасы – аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және бекітетін және олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру жоспарланған бизнес-жоспарлардың тізбесін қамтитын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешені;
      23) тірек ауылдық елді мекенді дамытудың мастер-жоспары – іске асыруға ұсынылатын нақты жобаларды, перспектикалық бағыттарды, технологиялық тізбектерді, қажетті инфрақұрылымды дамытуды және жұмыс орындарын құруды қамтитын оны дамытудың оңтайлы бизнес моделін айқындайтын тірек ауылдық елді мекенді кешенді дамытуды көздейтін құжат;
      24) Банк – тірек ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға берілетін екінші деңгейдегі банктердің және өзге де қаржылық ұйымдардың кредиттері/микрокредиттері/лизингілік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде ынтымақтастық туралы келісім жасаған екінші деңгейдегі банк;
      25) субсидиялау шарты – қаржы агенті, Бағдарламаға қатысушы, банк немесе өзге де қаржылық ұйымдар арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша субсидиялау жөніндегі қаржы агенті банк немесе өзге де қаржылық ұйымдар берген Бағдарламаға қатысушының кредиті/микрокредиті/лизингілік мәмілесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
      26) қарыз шарты – Бағдарламаға қатысушы, банк немесе өзге де қаржылық ұйымдар арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Банк немесе өзге де қаржылық ұйымдар Бағдарламаға қатысушыға кредит береді. Қарыз шартына сондай-ақ кредит желісін ашу туралы келісім жатады;
      27) қаржылық лизинг шарты – Бағдарламаға қатысушы, банк немесе өзге де қаржылық ұйымдар арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Банк немесе өзге де қаржылық ұйымдар Бағдарламаға қатысушыға лизинг береді;
      28) өзге де қаржылық ұйымдар – ынтымақтастық туралы келісім жасаған микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, лизингтік компаниялар;
      29) жоба – табыс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет түрінде Бағдарламаға қатысушы жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;
      30) мемлекеттік грант беру туралы шарт – кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті орган, субсидиялау жөніндегі қаржылық агент және ауылдық тұтыну кооперативтеріне біріккен адамдар арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ауылдық тұтыну кооперативтерінің мүшелеріне нысаналы грант беріледі;
      31) грант – тірек ауылдық елді мекенді дамытудың мастер-жоспары шеңберінде ауылдық тұтыну кооперативтерінің мүшелері іске асыратын жобалар үшін қажетті жабдықтар мен технологияны сатып алуға арналған нысаналы ақшалай қаражат;
      32) субсидиялау жөніндегі қаржылық агент – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Микрокредиттер беру

Бағдарламаның екінші бағытына қатысу тәртібі

      4. Бағдарламаға қатысуға және мемлекеттік қолдау алуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға микрокредит алудың ықтимал нұсқалары, материалдық көмек, сервистік қызмет ұсыну мен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы консультация беріледі.
      5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмелері;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмелерi (мекенжай анықтамасы, ауыл әкiмінiң анықтамасы);
      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
      4) жоба үшін жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға, және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі – ИКИ дамыту), оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға және/немесе ілеспе технологиялық жабдықты сатып алуға (ілеспе жабдықты сатып алу) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (қажет болған жағдайда).
      Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қол қойылған және мөр басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейдегі банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
      6. Екінші бағытқа қатысудың басым құқығы әйелдерге, мүгедектерге, зейнеткерлік жасына жеткенге дейін 50 жастағы адамдарға, ауыл тұрғындары қатарынан жиырма тоғызға дейінгі жастағы жастарға беріледі.
      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатарынан қатысуға басым құқық Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын, олардың орташа айлық табысының деңгейін және жұмыссыз халықтың санын айқындау әдістемесіне сәйкес бекітілген нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар мәртебесіне ие адамдарға беріледі.

Микрокредиттер беру шарттары

      7. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары мыналарды қамтиды:
      1) микрокредит қайтарымдылық негізінде микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдар үшін кепіл немесе кредиттік серіктестіктердің барлық қатысушыларына немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшінші тұлғаларға кепілдіктер берген кезде беріледі. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын есепке алғанда бюджеттік кредиттің мөлшерінен кем болмауға тиіс;
      2) нысаналы сипатта болады – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту;
      3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;
      4) микрокредит беру мерзiмi – бес жылдан аспайды;
      5) микрокредиттiң ең жоғары сомасы – үш миллион теңгеден аспайды;
      6) соңғы қарыз алушыға, кредиттік ұйымға және/немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға кредит бойынша негiзгi берешекті өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн, ол микрокредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауға тиiс.
      8. Таңдалған тірек ауылдық елді мекендерде тұратын және жобаларды іске асыратын Бағдарламаға қатысушылар үшін мемлекеттік қолдау мынадай шарттарды қамтиды:
      1) Бағдарламаға қатысушының бір жеке қосалқы шаруашылығына, Бағдарламаға қатысушылардың қатарынан ауылдық тұтыну кооперативінің бір мүшесіне берілетін микрокредиттің ең жоғары мөлшері 5 млн. теңгеден аспайды. Кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін;
      2) кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, оның ішінде жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу, жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер және ИКИ дамыту, ілеспе жабдық сатып алу;
      3) тірек ауылдық елді мекендерде жобаларды Бағдарлама қаражатынан тыс іске асыратын адамдарға екінші деңгейдегі банктердің және өзге қаржы институттарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      4) тірек ауылдық елді мекендерде Бағдарлама қаражатынан тыс іске асырылатын жобалар шеңберінде жасалған лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      5) ауылдық тұтыну кооперативтерінің мүшелеріне нақты жобаны іске асыру үшін тауар түрінде кредит беру;
      6) ауылдық тұтыну кооперативтерінің мүшелері үшін қажетті жабдық пен технологияны сатып алуға гранттар беру.
      9. Жеке кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кәсіпкерлікті дамыту картасын, сондай-ақ тірек ауылдық елді мекенді кешенді дамытудың мастер-жоспарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлікті дамыту картасын қалыптастыру

      10. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 жылға арналған Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді.
      Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірде айқындалған кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуге жауапты ұйымдарды іріктеуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      12. Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуге ауылдық (кент) округтердің әкімдері, бизнес жобаларды олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, технологиялық циклдарын дамытуды, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру болжанатын тізбесіне енгізу үшін ұсыныс енгізетін тұрғындар, кәсіпкерлер мен кредиттік серіктестіктердің өкілдері қатысады.
      13. Кәсіпкерлікті дамыту картасында мыналар көзделеді:
      1) нақты аумақ үшін Бағдарламаны іске асырудың нақты тиімділік көрсеткіштерінің (индикаторлардың) тізбесі, Бағдарламаға қатысушыларды заңдастыруды қоса алғанда күтілетін нәтижелер;
      2) Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының кәсіпкерлік белсенділігімен байланыстыра отырып, нақты аумақ үшін қызметтің басым түрлері;
      3) басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысы;
      4) картаны іске асыруға болжанатын бюджет;
      5) қызметтің басым түрлерінің технологиялық тізбегін дамыту (кластерлік тәсіл);
      6) түпкілікті өнім және нарық сыйымдылығына бағаларды талдай отырып, қызметтің әрбір басым түрі бөлінісіндегі жалпы қаржылық-экономикалық көрсеткіштер.
      14. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ауданның (қаланың) уәкілетті органы ұсынылған Кәсіпкерлікті дамыту картасының жобасын ауданның кәсіпкерлікті дамытудың бекітілген бағыттарына сәйкестігін тексереді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келіседі.
      15. Облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келіскеннен кейін Кәсіпкерлікті дамыту карталарын аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
      Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өзгерістерді ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту картасын түзетуі мүмкін, бірақ жылына бір реттен жиі емес.
      16. Кәсіпкерлікті дамыту картасында көзделген көрсеткіштердің негізінде жергілікті атқарушы орган тиісті жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады.
      17. Өңірлердің жергілікті атқарушы органдары Бағдарлама операторына микрокредит беру жөніндегі жиынтық бюджеттік өтінімді жібереді.
      18. Қалыптастырылған Кәсіпкерлікті дамыту картасы халықты жұмыспен қамту орталығына, кредиттік ұйымға, уәкілетті өңірлік ұйымға, сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарға ұсынылады және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет ресурстарына орналастырылады.

Тірек ауылдық елді мекенді кешенді дамытудың мастер-жоспарын
қалыптастыру

      19. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесіне сәйкес тірек ауылдық елді мекендерді айқындайды және олардың тізбесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен және Бағдарлама операторымен келіседі.
      Тірек елді мекендерді айқындау жеткілікті сыйымдылықтағы, жаңғыртылған әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бар, сондай-ақ ғылыми технологиялардың, алдыңғы қатарлы өндірістердің, ғылыми-білім беру, мәдени-демалыс және қаржылық-делдалдық қызметтер тартылатын орталық болып табылатын тірек ауылдық елді мекендерді іріктеуді көздейді. Аталған елді мекендер өндірістік және әлеуметтік елді мекендердің белгілі бір тобының жүйелерін пропорционалды, өзара байланыста дамытуды қамтамасыз ететін болады.
      20. Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден ауылдық елді мекеннің бизнес моделін әзірлеу үшін консалтингтік компанияны таңдауды жүзеге асырады.
      Консалтингтік компания тірек ауылдық елді мекен үшін дамудың перспективалық бағыттарын айқындайды және ұсынады.
      21. Ауданның жергілікті атқарушы органы, ұйым, ауылдық округтің (кенттің) әкімі ынтымақты жауапкершілік қағидаттарында жергілікті қоғамдастық жиынында ауылдық елді мекенді, дамудың перспективалық бағыттарын қарауды және оларды жеке және заңды тұлғалардың іске асыруын қамтамасыз етеді.
      22. Консалтингтік компания жергілікті қоғамдастық жиынында келісілген дамудың перспективалы бағыттарының негізінде тірек ауылдық елді мекенді дамытудың мастер-жоспарын әзірлейді.
      23. Тірек ауылдық елді мекенді дамытудың мастер-жоспары мыналарды:
      1) іске асыруға ұсынылатын нақты жобаларды (ірі, орташа және шағын жобалар);
      2) технологиялық тізбектерді дамытуды (ілеспе, қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер);
      3) шикізат берушіні, баға саясатын, логистиканы, өнімді өткізуді;
      4) нақты сатып алушыға бағдарланған кәсіпкерлік қызметті;
      5) еңбек ресурстарының болуын, олардың сапасын, көші-қон процестерін, жобаны іске асыратын жеке және заңды тұлғаларды;
      6) бизнес модельде айқындалған жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды айқындауды;
      7) қаражат қажеттілігін және іске асыру кезеңдерін айқындауды қамтиды.
      24. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекіткен тірек ауылдық елді мекенді дамытудың мастер-жоспары негізінде ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы, ауылдық округтің (кенттің) әкімі консалтингтік компаниямен бірлесіп, жобаларды іске асырудың басымдылығы мен кезектілігін айқындайды және тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және бюджет өтінімін облыстың жергілікті атқарушы органдарына жинақтау үшін жібереді.
      25. Облыстың жергілікті атқарушы органдары қолданыстағы заңнамаға және Бағдарлама шеңберінде іске асыру жоспарланатын жобаларды таңдау негіздемесіне және тізбесіне сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы қоса бере отырып, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бюджеттік өтінімді жинақтайды және өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға, басқа мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.
      26. Облыстың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беру бөлігінде бюджеттік өтінімді, ал өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган құрылатын жұмыс орындарының саны көрсетілген жобалар тізбесін және қаржыландыруға өтінімді Бағдарлама операторына ұсынады.

Кредиттік ұйымдарды іріктеу тәртібі

      27. Уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгiленген қағидаларына (бұдан әрі – Кредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн кредиттік ұйымды iрiктеу бойынша ашық конкурс өткiзедi.
      Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін.
      28. Бағдарламаға қатысу құқығын алған кредиттік ұйым мен уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
      29. Кредиттік ұйым үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін уәкілетті ұйым өңiрлiк комиссиямен келiсiм бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және оның кредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгілейді.
      30. Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей уәкілетті өңірлік ұйым мен соңғы қарыз алушы арасында жасалады.
      31. Соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді.
      32. Кредиттік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесін уәкілетті өңірлік ұйым өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгілейді.
      33. Кредиттік ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi сыйақы мөлшерлемесінің мәнi кәсiпкерлiк қызметтiң түрiне байланысты саралануы мүмкiн.

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі
мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, сондай-ақ кредиттік
серіктестіктер арқылы микрокредит алу шарттары

      34. Микрокредит алу кезінде конкурстық негізде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым немесе іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары арқылы микрокредит алу кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтары бағдарламаға қатысуға үміткерлер ұсынған өтініштерді және құжаттарды қарайды, мемлекеттiк қолдау алу түрлерi бойынша үмiткерлердiң тiзiмi мен:
      1) кәсіпкерлікті дамыту картасына (немесе өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына);
      2) тірек ауылдық елді мекенді кешенді дамыту мастер-жоспарына сәйкес ИКИ-ді дамытуды және/немесе ілеспе жабдықтарды сатып алуды талап ететін жобалардың тiзбесiн қалыптастырады және:
      ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органына;
      болжамды жобаны іске асыру орны бойынша ауылдық округтің, кенттің әкіміне;
      конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға;
      үміткер мәлімдеген ИКИ-ді дамыту және/немесе ілеспе жабдықты сатып алу қажет болған жағдайда ауданның (қаланың) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
      35. Уәкілетті органдар, ауылдық округтің, кенттің әкімі мен ұйымдар сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына:
      1) болжамды жобаның кәсіпкерлікті дамыту картасына немесе өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органы);
      2) жобаны іске асырудың орындылығын келісуді не дәлелді түрде бас тартуды (ауылдық округтің, кенттің әкімі);
      3) үміткерлерге Бағдарламаның осы бағытына қатысуға кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындыны (конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым);
      4) ИКИ-ді дамыту және/немесе ілеспе жабдық сатып алу мүмкіндігі туралы қорытындыны (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жөніндегі уәкілетті орган (аудан) жібереді.
      36. Халықты жұмыспен қамту орталығы жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін Бағдарламаның аталған бағытына әлеуетті қатысушылар құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге бұл туралы жазбаша хабарлайды.
      37. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның аталған бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарттар жасасады.
      38. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі ұйымға бір айға дейінгі оқу мерзімімен оқуға жібереді, онда бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесумен олардың тегін оқуы қамтамасыз етіледі.
      Оқуды өткізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.
      Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі ұйым Бағдарламаға қатысушы жобасының бизнес-жоспарының іске асырылуын экономикалық және қаржылық тұрғыдан негіздейтін қорытынды береді.
      Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі ұйым тұрғылықты жерінен тыс жерде орналасқан жағдайда Бағдарламаға қатысушыға материалдық көмек көрсетіледі.
      39. Оқытуға материалдық көмек төлеуді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырады.
      40. Кәсіпкерлік негіздеріне оқымай, микрокредит алуға бұдан бұрын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдар, жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтетін, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімде өткенін растайтын тиісті құжаттары бар адамдар үміткер бола алады.
      41. Бағдарламаға қатысушы бұрын конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға микрокредит алу үшін өтініммен жүгінеді.
      42. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым бес жұмыс күні ішінде жобаға бағалау жүргізеді және Бағдарламаға қатысушыға микрокредит беру мүмкіндігі туралы (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды және қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.
      43. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қарау кезінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не кредиттік ұйым:
      1) өтініш берушілердің жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге арналған бизнес-жоспарын бағалауды жүзеге асырады;
      2) Бағдарламаға қатысушылармен дербес әңгімелесу жүргізеді және қажет болған кезде төлем қабілеттілігін және/немесе кепілдікпен қамсыздандырудың болуын айқындау үшін өтініш берушінің табысына және ресурстарына қосымша тексеру жүргізеді.
      44. Оң шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның немесе кредиттік ұйымның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі.
      45. Теріс шешім жағдайында қаржы агенттігі немесе кредиттік ұйымның мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды, өтініш берушіге құжаттар пакетін қайтарады және халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.
      46. Шарт жасау және микрокредитті бөлу не бөлуден бас тарту туралы ақпаратты қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым немесе кредиттік ұйым шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.
      47. Халықты жұмыспен қамту орталықтары микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бұдан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттарға тиісті өзгерістер енгізеді.
      48. Микрокредит алғаннан кейін экономика салалары бөлінісінде ауылда кәсіпкерлікті дамытудың белгілі бір басым бағыттары немесе кәсіпкерлікті дамыту карталары шеңберінде уәкілетті өңірлік комиссиямен келісім бойынша микрокредиттің нысаналы мақсатын өзгертуге жол беріледі.
      49. Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заң, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.
      50. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылар салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс.

Кредиттік серіктестіктер арқылы микрокредит алу шарттары

      51. Егер үміткер микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алуға ниетті болған жағдайда, оның жұмыс істеп тұрған кредиттік серіктестікке қосылуына немесе Кредит беру қағидаларына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым жүргізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын жаңа кредиттік серіктестік құруына болады.
      52. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінішті және құжаттарды кредиттік серіктестік мүшесінен алғаннан кейін Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
      53. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыны осы Қағидалардың 65-тармағында көзделген қызметтерді алу үшін сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымға жібереді.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және ауылдық тұтыну
кооперативтерінің мүшелеріне тауарлық сипаттағы қарыз беру
шарттары

      54. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың мастер-жоспары шеңберінде жобаларды іске асыратын үміткерлердің 2013 жылғы 1 маусымнан бастап алған/жасалған жаңа кредиттер/лизингілік мәмілелер бойынша жүзеге асырылатын болады, бұл ретте кредит/лизинг сомасы бес миллион теңгеден аспайды және қолданыстағыларға қатысты жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде он пайызын құру арқылы қамтамасыз етіледі.
      55. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға үміткер кредит алу, Банктермен немесе өзге де қаржылық ұйымдармен лизингілік мәміле шартын жасау туралы растайтын құжаттарды қоса отырып қолдаухат туралы өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.
      56. Халықты жұмыспен қамту орталығы үміткерден сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қолдаухат туралы өтінішті алғаннан кейін:
      1) өтінішпен бірге ұсынылған құжаттардың толықтығын және Тірек ауылдық елді мекенді дамытудың мастер-жоспарымен бекітілген жобаларға сәйкестігін тексеруді;
      2) ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда аудандық (қалалық) комиссияға қарау үшін үміткерлердің тізімін дайындауды;
      3) құжаттардың пакеті толық ұсынылмаған не жобалар тірек ауылдық елді мекенді дамытудың мастер-жоспарына сәйкес келмеген жағдайларда халықты жұмыспен қамту орталығы үміткерге ұсынылған құжаттарды қайтаруды жүзеге асырады.
      57. Халықты жұмыспен қамту орталығы он жұмыс күні ішінде үміткерлер тізімін және жобаларды қажетті құжаттар пакетімен қоса аудандық (қалалық) комиссияның қарауы үшін жібереді.
      58. Аудандық (қалалық) комиссия үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді және құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өңірлік комиссияға жібереді.
      59. Талқылау нәтижелері бойынша өңірлік комиссия үміткерлерді қолдау туралы шешім қабылдайды, ол өңірлік комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді.
      60. Өңірлік комиссия хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесіне субсидиялау туралы шешім қабылдау үшін қолдаухатпен мақұлданған жобалардың тізбесін жібереді.
      61. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы оң шешім алған үміткерлермен қолданыстағыларға қатысты жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде он пайызын құру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін әлеуметтік келісімшарт жасалады.
      62. Тірек ауылдық елді мекендерде тұратын адамдарды екінші деңгейдегі банктердің және өзге де қаржылық ұйымдарының кредиттері/микрокредиттері/лизингілік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың, сондай-ақ ауылдық тұтыну кооперативтеріне біріккен адамдарға грант беру тетігі, тәртібі, шарттары мен қаржыландыру көздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының қағидаттары мен тетіктері бойынша жүзеге асырылады.
      63. Бағдарлама шеңберінде ауылдық тұтыну кооперативтеріне біріккен адамдарға қарыз тауарлық сипатта қаржылық агенттік мәртебесіне ие уәкілетті ұйым белгілеген шарттарда, тәртіпте және тетіктермен ұсынылады.

3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және консультациялық қызмет
көрсету

      64. Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту мыналарды көздейді:
      1) бір айға дейінгі мерзімге бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу;
      2) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсыну;
      3) жобаларды сүйемелдеу жөніндегі консультациялық (сервистік) қызметтер.
      Кәсіпкерлік негіздеріне оқитындарға материалдық көмек:
      1) жол жүруге – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) тұруға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
      65. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жүргізу, оның ішінде бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу үшін ұйымды айқындауды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады.
      Өңірлік комиссия индикаторларды, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі ұйыммен тиісті шарттарда көрсетілуге тиіс қызмет көрсету мониторингі құралдарын келіседі.
      66. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту құны Бағдарлама шеңберінде білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыруға оқыту құнына теңеседі, оның мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      67. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі ұйымдар Бағдарламаға қатысушылардың қалауы бойынша оқуға бөлінген қаражат шеңберінде бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заң, маркетингілік) жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді көрсетеді.
      Жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер:
      1) жұмыс уақытында телекоммуникациялық байланыс пен интернет бойынша;
      2) жұмыс уақытында сервистік ұйымның орналасқан жері бойынша;
      3) екі айда кемінде бір рет Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша консультациялар өткізу арқылы көрсетіледі.
      Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша сервистік қызметтер көрсету кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.
      Жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйым қызметтерінің ақысы қызмет көрсетудің нақты кезеңі үшін төленеді.
      68. Жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер 2013 жылдан бастап пилоттық режимде іске асырылатын Шығыс Қазақстан облысын қоспағанда, 2014 жылдан бастап көрсетілетін болады.

4. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

      69. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған ИКИ-ді дамытуға және/немесе ілеспе жабдық сатып алуға арналған өтiнiмдер тізбесін қарайды, мәлімделген жобаларды iске асыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн емес екенi), оларды қаржыландырудың қажеттi көлемi туралы қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.
      70. Оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы микрокредит алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында ИКИ-ді дамытуға және/немесе ілеспе жабдықты сатып алуға арналған шарт жасалады.
      71. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган әрбір жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға және/немесе ілеспе технологиялық жабдықты сатып алуға мемлекеттік сараптама жүргізу республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      Техникалық-экономикалық негіздемені және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу, авторлық және техникалық қадағалауды жүргізу шығыстары ИКИ-ді дамытуға көзделген шығындардан бөлек ескеріледі.
      Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін ілеспе технологиялық жабдықты сатып алуға, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге, жергілікті смета жасауға микрокредит беруге өңірге бөлінген жалпы қаражат сомасының он пайызы мөлшерінде қаржыландыру лимиттері көзделеді.
      72. Инфрақұрылым объектілерін салу немесе реконструкциялау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай айқындалады және берілетін микрокредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына үш миллион теңгеден аспауға тиіс.
      Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды таңдау және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін ілеспе технологиялық жабдықты сатып алу экономикалық орындылығына қарай айқындалады.
      73. Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.
      Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдық қабылдау-беру актілері арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы ілеспе технологиялық жабдықтың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді және растайды.
      74. Шартта көзделген инфрақұрылым жобасын іске асыру мониторингі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі.

5. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған
шараларды қаржыландыру

      75. Қаржылық тәртiптi қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу үшiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы:
      1) Бағдарлама операторы мен облыс әкiмдерiнің арасында микрокредит беру, кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту және жобаларды бір жылға дейін сүйемелдеу бөлігінде;
      2) өңірлік даму жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен облыс әкiмдерiнің арасында Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалар бойынша инженерлiк-коммуникациялық жүйелерiн тарту және қолданыстағыларына қосу мақсатында жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықты сатып алу бөлігінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасалады.
      76. Бағдарлама операторы мен өңірлік даму жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.
      77. Нысаналы трансферттер жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер бойынша бөлiнбей аударылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары ИКИ дамытуға және/немесе ілеспе технологиялық жабдық сатып алуға өтінімдерді алуына қарай iске асырылуына қаражат бөлiнген жергiлiктi инвестициялық жобалар туралы объектiлер бөлiнiсiндегi жиынтық ақпаратты өңірлік даму жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi.
      78. Қаражат бөлу және бюджеттiк кредиттiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында осы Қағидаларда ескертiлген шарттармен кредиттiк шартқа қол қойылады.
      79. Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша аударады.
      80. Облыстардың әкiмдерi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай:
      1) Бағдарлама операторына – сервистік қызмет көрсетілген, кәсiпкерлiк негiздерiн оқудан өткен, микрокредит алған, жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен Бағдарламаға қатысушылар саны, соңғы қарыз алушылардың микрокредиттерді мақсатты пайдалануы туралы;
      2) өңірлік даму мәселелері жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға – салынған және реконструкцияланған және/немесе сатып алынған және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектiлердің, сатып алынатын ілеспе, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін технологиялық жабдықтардың саны туралы есептердi ұсынады.
      81. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген микрокредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне алған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.
      Бағдарламаға қатысушының қаражатты мақсатты пайдалануы туралы есебі жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі.
      Микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылар кредит беруші ұйымдарға оларға берілген микрокредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы растаушы құжаттарды ұсынады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін аудандардың (қалалардың) салық органдарына ұсынады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң 
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша           

___________ ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту          
орталығының директорына         
_______________________ мекенжайы
бойынша тұратын _________________

Өтiнiш

      Менi жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау шеңберінде Жұмыспен
қамту 2020 жол картасының екінші бағыты бойынша қатысушылардың
қатарына енгiзудi сұраймын.
      Қосымша ___ парақта:
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың
көшiрмесi (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкiмнiң анықтамасы);
      еңбек кiтапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек қызметiн
растайтын өзге құжаттың (жұмыс iстейтiн адамдар үшiн) көшiрмесi;
      қажет болған жағдайда нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру
немесе кеңейту, сондай-ақ ілеспе, оның ішінде шалғайдағы мал
шаруашылығын дамыту үшін технологиялық жабдықты сатып алу бойынша
бизнес-ұсыныс;
      қажет болған жағдайда нысан бойынша жетiспейтiн
инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және/немесе
жайластыруға және/немесе инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым
үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе
технологиялық жабдықты сатып алуға өтiнiм.
      Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:
      төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi
деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрi
басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам
бiрнеше екiншi деңгейдегi банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ
шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай
банктiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi
бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған
мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы)
растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
      Оң шешiм қабылданған жағдайда жеке әлеуметтiк келісімшартқа қол
қоюға мiндеттенемiн.
      Күнi                                                       қолы

      Азамат ________________________________________________ өтiнiшi
20__ ж. «___» ___________________ қабылданды, № _____ болып тiркелдi.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң 
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша           

Бизнес-ұсыныс

      1. Жобаның атауы ______________________________________________
      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
      3. Бiлiктiлiгi (кәсiбi, мамандығы) ____________________________
_____________________________________________________________________
      4. Кәсiпкерлiк негiздерiн оқу туралы мәлiметтер (аяқтау күнi,
ұйымның атауы, оқу бейiнi) __________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Жобаның сипаттамасы (мақсаты, ерекше белгiлерi, iске асыру
кезеңдерi – тактикалық жоспар, мақсаттарға қол жеткiзу жолдары,
қызметтердi немесе өндiрiлген өнiмдi тұтынатын болжамды тұтынушылар)
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      6. Жобаның болжамды құны ___________________________ мың теңге;
      7. Қажеттi кредит сомасы ___________________________ мың теңге;
      8. Кредиттiң жоспарлы мерзiмi _________________________________
      9. Жоба іске асырылған жағдайда кемінде _________ тұрақты жұмыс
орны құрылатын болады.
      10. Кредиттi өтеу үшiн төлемдi шегеру қажеттiлiгi (бар, жоқ);
      11. Қолда бар мүлiктiң, техниканың және жобаны iске асыру үшiн
қажеттi жабдықтың сипаты ____________________________________________
_____________________________________________________________________
      12. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту
қажеттiлiгi (жол, электр, сумен жабдықтау, кәрiз не септик, байланыс
және оның болжамды құны _________________________________ мың теңге).
      13. Ілеспе технологиялық жабдықты, оның ішінде шалғайдағы мал
шаруашылығын дамытуға арналған техникалық жабдықты сатып алу
қажеттігі ________________________ болжамды құны _________ мың теңге.

      Күнi                                                       қолы

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң 
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша           

Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамытуға және/немесе жайластыруға және/немесе
инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды,
оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту
үшін ілеспе техникалық жабдықты сатып алуға
өтiнiм

      1. Жобаның атауы ______________________________________________
      Жобаның болжамды құны ______________________________ мың теңге;
      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның
сипаты:
      а) жолдар (ұзындығы (км), жол төсемiнiң енi м, бетiнiң
сипаттамасы (түрi), су өткiзгiш қондырғыларды орнату қажеттiлiгi)
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
      б) электрмен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), тiреулердiң,
оның iшiнде қос тiреулердiң қажеттi саны, желiдегi қажеттi кернеу
(вольт), төмендеткiш трансформатор сатып алу және орнату қажеттiлiгi)
_________________________________ болжамды құны __________ мың теңге;
      в) сумен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), өткiзу қабiлетi
тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, өрт сөндiру
жүйесiн, оның iшiнде өрт гидрантын жайластыру қажеттiлiгi)
_________________________________ болжамды құны __________ мың теңге;
      г) кәрiз (су өткiзу) – қолданыстағы жүйеге қосу - ұзындығы км,
өткiзу қабiлетi тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi
мм, қайта жiберу құдықтары құрылыстарының қажеттi саны, сорғы
жабдықтарын сатып алу және орнату қажеттiлiгi)
_____________________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
      д) септик жайластыру – қажеттi көлемi текше м. ________________
      4. Байланыс (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң қажеттi саны,
абоненттiк нөмiрлердiң қажеттi саны)
_____________________________________________________________________
      4-1. Жетіспейтін ілеспе, оның ішінде шалғайдағы мал
шаруашылығын дамытуға арналған технологиялық жабдықтың сипаттамасы
__________________________________ болжамды құны __________ мың теңге
      5. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамыту, жайластыру және қосалқы технологиялық жабдықты сатып алудың
жалпы құны _____________________________________ мың теңгенi құрайды.

      Күнi                                                       қолы

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң 
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша           

Әлеуметтік келісімшарт

      _________________              20__ жылғы «___» _______________
      (жасалатын орны)

_____________________________________________________________________
            (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)
      Бұдан әрі «Жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын ______________
_____________________________________________________________________
  (Халықты жұмыспен қамту орталығы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты,
                           атқаратын қызметі)
______________________ атынан ___________________________________ бір
тараптан және бұдан әрі «Қатысушы» деп аталатын _____________________
                                                      (Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
  құжаттың атауы, жеке басын куәландыратын құжат нөмірінің сериясы,
_____________________________________________________________________
                         кім және қашан берді
екінші тараптан төмендегілер туралы осы әлеуметтік келісімшартты
(бұдан әрі – келісімшарт) жасасты:

1. Келісімшарттың мәні

      1. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы және Қатысушы
арасында нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және Қатысушының табыс
деңгейін арттыру мақсатында Қатысушыға мемлекеттік қолдау көрсету
туралы жасалды.
      2. Келісімшарт ________________________________________________
(Бағдарлама қатысушыларының құрамына адамды енгізу туралы шешім
қабылдаған органның атауы) 20__ ж. «___» ___________ № ___ шешімінің
негізінде жасалды.

2. Келісімшарт тараптарының құқықтары мен міндеттері

      1. Жұмыспен қамту орталығы:

      Қатысушыға микрокредит алудың ықтимал нұсқалары, материалдық
көмек алу, қосымша сервистік қызмет көрсету арқылы кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту туралы консультация беруге;
      Қатысушыға мыналарды ұсынуға:
      1) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (ұйымның атауы, мекенжайы, оқу мерзімі)
кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтуді
      2) ____________________________________________________________
            (микрокредит алудың мақсаты не бизнес-ұсыныстың атауы)
      _______________________________________________________________
         (микроқаржы ұйымының атауы, мекенжайы, басшысының Т.А.Ә.)
      микрокредит алу үшін кредиттік ұйымдарға жүгінуді ұсынуға
міндеттенеді.

       2. Жұмыспен қамту орталығы мынадай мемлекеттік қолдау түрлерін
көрсетеді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (мемлекеттік қолдау шараларының нақты тізбесі, олардың көлемі мен
                          көрсету мерзімдері)

      3. Жұмыспен қамту орталығының құқықтары

      1. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау көрсететін
жұмыспен қамту орталығының өкілдері одан Бағдарлама шеңберінде
берілетін микрокредиттің мақсатты пайдаланылуын растайтын ақпаратты,
мәліметтерді (жабдықты, ірі қара мал, ұсақ мал сатып алу туралы
ақпарат, құрылыс, жөндеу, қосымша жұмыс орындарын құру және т.б.)
сұратуға құқылы.

      4. Қатысушы мыналарға міндеттенеді

      1. Келісімшарттың қолданылу мерзіміне отбасының құрамы туралы,
өзінің табысы туралы және өз отбасы мүшелерінің табысы туралы шынайы
ақпаратты, Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттің мақсатты
шығысталуын растайтын мәліметтерді ұсынуға, сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау туралы оң шешім кезінде қолданыстағыға қатысты кемінде 10
% жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға міндеттенеді.
      2. Мынадай міндеттемелерді орындауға:
      1) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
дейінгі мерзімге
      2) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
дейінгі мерзімге
      3) ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
дейінгі мерзімге міндеттенеді.
      3. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей
Жұмыспен қамту орталығына өзіне алған міндеттемелердің орындалуы
туралы және Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттің мақсатты
шығысталуы туралы есеп беруге міндеттенеді.
      4. Осы келісімшарттың талаптарын орындауға кедергілер туындаған
жағдайда көрсетілген міндеттемелер басталған күннен бастап 3 жұмыс
күні ішінде Жұмыспен қамту орталығын хабардар етуге міндеттенеді.

      5. Қатысушының құқықтары

      1. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, микрокредит беру,
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі
ұсынылатын іс-шараларды талқылауға;
      2. Кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларында және Келісімшарттың _____, _______,_______
тармақтарында көзделген қаражатты алуға құқылы.

3. Өзге де шарттар

      1. Осы келісімшарттың _______-тармағында көзделген мемлекеттік
қолдау шаралары Қатысушыға _________________________________________
20__ жылғы ___________ «___» ___________ шешіміне сәйкес көрсетіледі.
      Мемлекеттік қолдау көрсету Келісімшарт талаптары сақталған
кезде жүзеге асырылады және ______________________ дейін жүргізіледі.
      2. Келісімшарттың талаптары орындалмаған немесе тиісінше
орындалмаған жағдайда Жұмыспен қамту орталығы:
      1) келісімшарттың ____________-тармақтарында көзделген
мемлекеттік қолдауды, сондай-ақ Қатысушыға атаулы әлеуметтік көмек
төлемін (қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол тағайындалған жағдайда)
Келісімшарттың талаптарының орындалмау немесе тиісінше орындалмау
себептерін, ақшалай қаражаттың мақсатты шығысталуын растайтын
құжаттарды ұсынғанға дейін тоқтата тұруға;
      2) комиссия шешімінің негізінде Қатысушыны осы туралы
келісімшарт бұзылған күнге дейін 10 күн бұрын жазбаша хабардар ете
отырып біржақты тәртіппен келісімшартты бұзуға;
      3) атаулы әлеуметтік көмек және Бағдарлама шеңберінде
мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тартуға құқылы.

4. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

      Келісімшарттың қолданылу мерзімі 20__ «___» ________ 20__ жылғы
«___» _________ дейін.

5. Келісімшарт талаптарының орындалмағаны үшін тараптардың
жауапкершілігі

      Келісімшарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше
орындалмағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына және кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жауапты болады.

6. Форс-мажорлық жағдайлар

      1. Тараптар осы Келісімге қол қойылғаннан кейін туындаған өрт,
жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери
іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайларда
(форс-мажор) міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін
жауапкершіліктен босатылады.
      2. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, осы келісімшартқа
сәйкес қандай да болсын міндеттемелерді орындауы осындай жағдайлардың
туындауына байланысты мүмкін болмаған, Тарап форс-мажор жағдайлар
басталған немесе аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде бұл
туралы басқа тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз
міндеттерін орындаудың мүмкін еместігін негіздеп және дәлелдеп
хабардар етуі тиіс.
      3. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау, осындай хабарламау
немесе уақтылы хабарламау форс-мажордың тиісті мән-жайларынан тікелей
пайда болған жағдайларды қоспағанда, Тарапты форс-мажордың осы
келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін
жауапкершіліктен босатуға негіздеме ретінде кез келген форс-мажордың
жағдайына сүйену құқығынан айырады. Форс-мажор жағдайларының
басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарлама, форс-мажор
жағдайы жалпыға танымал және жаппай сипат алған, дәлелдеуді қажет
етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен немесе тиісті органның және
немесе мекеменің куәлігімен расталуға тиіс.
      4. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі
форс-мажор жағдайы орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған
салдар әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі. Егер
мән-жайларының туындауына байланысты Тараптардың осы келісімшарт
бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы, _______
(кезеңді көрсету) асып кетсе, Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Халықты жұмыспен қамту орталығы ____________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы)

____________________________________
(мекенжайы)

____________________________________
(телефон, факс)

____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________
(қолы)

М.О.

Бағдарламаға қатысушы ______________________________
(Бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты) ______________________________
(мекенжайы)

______________________________
(телефон, факс)

_______________________________
(қолы)