Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 764 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы вице-министрі,
Ахметов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжалиұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,
Бөлтіріков - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Руслан Ескендірұлы қорғау вице-министрі,
Бейсен - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Назарбек Есеркепұлы министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті бақылау
комитетінің төрағасы,
Раев - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Олжас Қайырбекұлы технологиялар министрлігі Халықаралық
ынтымақтастық департаментінің директоры;
көрсетілген құрамнан Әсет Маратұлы Мағауов, Әсел Бекқызы Нүсіпова, Елдана Мәкінқызы Сәдуақасова, Арман Тергеуұлы Айдарханов, Болат Бәріұлы Иманбаев шығарылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.06 № 422 Қаулысымен.