Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 764 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 764 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Толымбаев                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы            вице-министрі,

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжалиұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,

Бөлтіріков               - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Руслан Ескендірұлы         қорғау вице-министрі,

Бейсен                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Назарбек Есеркепұлы        министрлігі Медициналық және
                           фармацевтикалық қызметті бақылау
                           комитетінің төрағасы,

Раев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Олжас Қайырбекұлы          технологиялар министрлігі Халықаралық
                           ынтымақтастық департаментінің директоры;

      көрсетілген құрамнан Әсет Маратұлы Мағауов, Әсел Бекқызы Нүсіпова, Елдана Мәкінқызы Сәдуақасова, Арман Тергеуұлы Айдарханов, Болат Бәріұлы Иманбаев шығарылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.06 № 422 Қаулысымен.