Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 764 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 764 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 238-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Ескендіров               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы              даму және сауда вице-министрі,

Әкімжанов                - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Жандос Әбілханұлы          тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері
                           агенттігі төрағасының орынбасары,

Хасенов                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сақташ Сатыбалдыұлы        шаруашылығы вице-министрі,

Мусинов                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Серікбол Рахымқанұлы       министрлігінің жауапты хатшысы,

Орынханов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Қадесұлы             ғылым вице-министрі;

      мына:

«Қажиев                  - «Электр желілерін басқару жөніндегі
Бақытжан Төлеуқажыұлы      Қазақстан компаниясы «KEGOG» акционерлік
                           қоғамының вице-президенті (келісім
                           бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қажиев                  - «Электр желілерін басқару жөніндегі
Бақытжан Төлеуқажыұлы      қазақстандық компания «KEGOG»
                           акционерлік қоғамының Басқарма
                           төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары
                           (келісім бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Салауат Маханбетұлы Дембай, Марат Әбілахатұлы Оразаев, Болат Нұрмырзаұлы Садықов, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков шығарылсын.
      2. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Толымбаев                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы            вице-министрі,

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжалиұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,

Бөлтіріков               - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Руслан Ескендірұлы         қорғау вице-министрі,

Бейсен                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Назарбек Есеркепұлы        министрлігі Медициналық және
                           фармацевтикалық қызметті бақылау
                           комитетінің төрағасы,

Раев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Олжас Қайырбекұлы          технологиялар министрлігі Халықаралық
                           ынтымақтастық департаментінің директоры;

      көрсетілген құрамнан Әсет Маратұлы Мағауов, Әсел Бекқызы Нүсіпова, Елдана Мәкінқызы Сәдуақасова, Арман Тергеуұлы Айдарханов, Болат Бәріұлы Иманбаев шығарылсын.
      3. «Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат):
      көрсетілген қаулымен құрылған Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 764 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2001 жылғы 2 сәуірдегі
№ 431 қаулысымен  
құрылған      

Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық
комиссияның құрамы

Божко                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович         жағдайлар министрі, төраға

Петров                  - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович        жағдайлар вице-министрі, төрағаның
                          орынбасары

Толымбаев               - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Берік Зиябекұлы           газ вице-министрі

Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Серік Баужанұлы           министрлігі Төтенше жағдайлар мен
                          өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік
                          бақылау комитетінің төрағасы

Тұрмағамбетов           - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы        қорғау вице-министрі

Бектұров                - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы            коммуникация вице-министрі

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Кеңес Сәрсенғалиұлы       министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
                          эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
                          төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас
                          мемлекеттік санитарлық дәрігері

Әбдірайымов             - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Қалижан Серікұлы

Паритов                 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Бекет Закарұлы

Ұранхаев                - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Нұрлан Телманұлы

Әбдіров                 - Атырау облысы әкімінің орынбасары
Асқар Аманғалиұлы

Оразмағамбетов          - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Асқар Ұзақбайұлы          министрлігінің Төтенше жағдайлар мен
                          өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік
                          бақылау комитеті Мұнай-газ өнеркәсібіне
                          мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы,
                          хатшы