Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасының жетіншіотыз төртіншіотыз бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші абзацын234567-тармақтарын, 8-тармағының 1-тармақшасының төртінші абзацын, 910-тармақтарын, 11-тармағының үшіншіон үшінші абзацтарын1213-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 751 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
      6-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның ішінде күзет қызметкерлері туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды, қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы және сотталмағандығы туралы анықтамалар көрсетілетін ұйым басшысының өтініші негіз болып табылады.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, қарауыл күзетінде» деген сөздер алынып тасталсын;
      15-тармақтағы «ойықты атыс» деген сөздер «атыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
      22-тармақта:
      бірінші бөліктегі «3,», «4-1 (құпия),», «4-2 (құпия), », «4-3 (құпия),», «7,», «8,», «10-2, 10-3 (құпия), 10-4» деген сандар мен сөздер алынып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұйым басшыларының өтініштеріне қажетті құжаттар (адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері көрсетілген тізімдер) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды, күзетші ретінде жұмыс істеу үшін дайындықтан өткендігін растайтын куәлік және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттар;»;
      24-тармақтың төртінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;»;
      71-тармақ алынып тасталсын;
      76-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «76. Азаматтық атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, электр қаруын, сондай-ақ үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан асатын, 25 Дж-ға дейінгі аңшылық пневматикалық қаруды азаматтар тек қана ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сатып алады.»;
      екінші бөліктегі «электр қаруын,» деген сөздер алынып тасталсын;
      78-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;»;
      79-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «79. Аңшылық пневматикалық қару, жарақат салатын, газбен және сәуле-дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы, тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, электр қаруын алғаш рет иемденуші адамдар ішкі істер органына:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;»;
      80-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «80. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, арнайы атақтары бар арнаулы органдардың қызметкерлері азаматтық қаруды иемденіп алуға рұқсатты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.»;
      90-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;»;
      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «99. Қарудың иесі тұрғылықты жерін өзгерткен кезде қаруды ішкі істер органының есебінен шығарады және оны он күн мерзімде жаңа тұрғылықты жері бойынша тиісті есепке қоюды, ал бір ауданның не ауданға бөлінбейтін қаланың шегінде тұрғылықты жерін өзгерткен кезде ол туралы аумақтық ішкі істер органына бес күн мерзімде хабарлайды.»;
      101-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қару жоғалған немесе ұрланған жағдайда иесі ол туралы ішкі істер органына бір күн мерзімде хабарлауға міндетті.»;
      105-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны;»;
      көрсетілген Ережеге «3,» «4-1 (құпия),», «4-2 (құпия),», «4-3 (құпия),», «7», «8», «10-2, 10-3 (құпия),», «10-4» қосымшалар алынып тасталсын;
      көрсетілген Ережеге 467-17-2, 10-1-қосымшалар осы қаулыға 12345-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қару иелері мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастыру ережесінде:
      қару иелерінің және пайдаланушыларының бастапқы дайындығы бағдарламасына түсіндірме жазбада:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Атыс қаруын, электр қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді алғаш рет сатып алушы адамдардың бастапқы дайындығы, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының «Динамо» дене тәрбиесі-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің аумақтық бөлімшелерінің, «Қазақстан спорт атысы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлауды және біліктілігін арттыруды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мамандандырылған оқу орталықтарының базасында жүргізіледі.»;
      Қару иелерінің және пайдаланушыларының (газды) бастапқы дайындығының бағдарламасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қару иелерінің және пайдаланушыларының (газды, электр) бастапқы дайындығының бағдарламасы»
      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5-жолдарда «Газды», «газды» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысында:
      1-тармақта:
      1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Жеке күзет ұйымдары пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесі;
      2) күзетші құжатының нысаны мен үлгісі;»;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері:»
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың күзет бөлімшелері және ведомстволық күзет бөлімшелері пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке күзет ұйымдары пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесі»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері құжаттарының нысандары мен үлгілерінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі»;
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісі»;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұнында, бағдарламасында және біліктілік талаптарында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары»;
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке күзет ұйымдарының күзетші және басшы лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және мынадай талаптар сай келетін мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі:
      сабақтар өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың болуы;
      оқыту бағдарламасында көзделген арнайы және техникалық құралдардың болуы;
      атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін арнайы жабдықталған атыс тирінің болуы;
      оқытылатын пәнге сәйкес біліктілігі мен білім беру деңгейі бар оқытушылар құрамының болуы.
      Бір оқыту курсының ұзақтығы өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілер және жеке күзет ұйымының басшылары үшін 99 оқу сағатын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 146 оқу сағатын құрайды.»;
      «Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда* атқаратын күзетшілерді даярлаудың оқу жоспары» деген бөлімде:
      бірінші абзацта «,жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші және төртінші абзацтарда «, бөлімшенің», «, бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      Жеке күзет ұйымдарының, жеке-кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінің басшыларын даярлаудың оқу жоспарында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлаудың оқу жоспары»;
      кестеде:
      «Бөлімнің тақырыбы » деген бағанда:
      реттік нөмірі 2-жолда «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 3-жолда «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      «1. Құқықтық білім негіздері» деген бөлімде:
      «Бөлімнің тақырыбы» деген бағанда:
      реттік нөмірлері 4 және 5-жолдарда «,күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      «2. Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері» деген бөлімде:
      тақырыбында «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      кестеде:
      «Тақырыптың тақырыбы» деген бағанда:
      реттік нөмірі 1-жолда «, бөлімшелерінің» деген сөз алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 5-жолда «, бөлімшесінің» деген сөз алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 7-жолда «, бөлімшелеріндегі» деген сөз алынып тасталсын;
      «3. Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері» деген бөлімде:
      тақырыбында «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлаудың оқу жоспарында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Күзетшілердің біліктілігін арттыру жыл сайын лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда және бір жылдан артық өтілі үзілген жағдайда жұмысқа қайта қабылданған кезде жүргізіледі. Бұл ретте біліктілікті арттырудың ұзақтығы ішкі және сыртқы посттарда қызмет өткеретін күзетшілер үшін - 36 оқу сағатын, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 72 оқу сағатын құрайды. Жеке күзет ұйымының басшылары лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда екі жылда бір рет ұзақтығы 19 оқу сағат біліктілігін арттырудан өтеді.»;
      Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың оқу жоспарында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке күзет ұйымы басшыларының біліктілігін арттыру арнайы курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
      құқықтық даярлық - 4 сағат;
      жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру - 7 сағат;
      кәсіби даярлау - 4 сағат;
      психологиялық даярлық - 2 сағат;
      терроризмге қарсы даярлық - 2 сағат.»;
      Жеке күзет ұйымдары, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттырудың оқу жоспарында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың оқу жоспары»;
      кестеде:
      «Бөлімнің тақырыбы » деген бағанда:
      реттік нөмірі 2-жолда «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 3-жолда «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      «2. Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері» деген бөлімде:
      тақырыбында «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      «3. Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері» деген бөлімде:
      тақырыбында «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      Жеке күзет ұйымдары мен күзет бөлімшелері басшыларының даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісінде:
      тақырыбында «мен күзет бөлімшелері» деген сөздер алынып тасталсын;
      «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.09 N 1421 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.06 № 1554 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 751 қаулысына   
1-қосымша     

Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның, патрондары 
айналымының ережесіне   
4-қосымша         

Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері пайдаланатын қызметтік қарудың және оларға патрондардың түрлері, үлгілері, моделдері және саны

      1. Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері бір постыға 2 қару бірлігінен аспайтын есеппен қаруланады.
      2. Сыртқы постыдағы күзетші, сондай-ақ жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы күзетші бағалы жүктерге ілесіп жүру кезінде (жүргізуші-күзетшіні қоспағанда) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен немесе электр қаруымен немесе ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.
      3. Ауысым тобының бастығы, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың басшысы, станция парктеріндегі темір жол көлігінде және жол бойында тасымалданатын жүктерді күзетуді қамтамасыз ететін күзетші, ішкі постыдағы күзетші, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы жүргізуші-күзетші, сондай-ақ жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен немесе электр қаруымен немесе қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.
      4. Күзеттің барлық түрі үшін қару резерві - қаруланудағы әр 10 бірлікке 1 бірлік қару.
      5. Объектіні күзетуге түсетін күзетшілерге:
      1) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қарудың, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының әр бірлігіне 16 патронға (2 оқжатарға, барабанға) дейін;
      2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қарудың әр бірлігіне 10 патронға дейін беріледі;
      3) оқу атыстарын өткізу үшін 1 күзетшіге жылына 12 патрон тиесілі.
      Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе 8 оқ-дәрімен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті, органның нормаларына сәйкес келетін жарақат салатын патрондар қолданылуы мүмкін.
      Қымбат бағалы металлдар мен алмастарды, көмірсутегі шикізатын өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді қамтамасыз ететін объектілерді, банктерді, бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде темір жол және әуе көлігін, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желілерін, жарылғыш, улы және есірткі заттары, радиоактивті материалдар қоймаларын (сақтау орындарын), мемлекеттік материалдық резервтер қоймаларын (сақтау орындарын) күзету кезінде тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 0; 1 оқ-дәрімен немесе оқпен оқталуға рұқсат етіледі.
      Патрондардың азаймайтын қоры:
      1) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының бірлігіне 16 патрон;
      2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруының бірлігіне 10 патрон.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 751 қаулысына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасында
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне 
6-қосымша       

«Қазпошта» АҚ - Ұлттық пошта операторының қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Р/с

«Қазпошта» акционерлік қоғамының қызметкерлері

Қару бірліктерінің саны

1

Арнайы байланыс қызметінің фельдъегері

Әрбір фельдъегерге
1 тапанша, 1 карабин немесе фельдъегерлер бригадасына жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У немесе АКМ

2

Арнайы байланыс қызметінің экспедиторы

2-3 қызметкерден тұратын  уысымға 1 тапанша

3

Арнайы байланыс қызметінің фельдъегерь-жүргізушісі

әрбір фельдъегерь-жүргізушіге 1 тапанша

4

Арнайы байланыс бөлімшесінің бастығы

1 тапанша

5

Арнайы байланыс қызметі цехының бастығы, бастықтың орынбасары

1 тапанша

6

Облыстық, қалалық арнайы байланыс қызметінің бастығы, бастықтың орынбасары

1 тапанша

7

Фельдъегерь болмаған және арнайы және өзге де жөнелтімдерді қабылдау, күзету, тасымалдау және жеткізу бойынша міндеттерді орындаған жағдайда қалалық, аудандық, ауылдық пошта байланысы торабының және бөлімшесінің бастығы

1 тапанша

8

Арнайы байланыс қызметінің жауапты кезекшісі, жауапты кезекшінің көмекшісі

1 тапанша

9

Касса торабының, кассалық үй-жайлардың кезекшісі

1 тапанша

10

Ақшалай түсімдерді, инкассациялау мен бағалы заттарды тасымалдауды жүзеге асыратын инкассация қызметінің қызметкерлері (инкассаторлар)

әрбір инкассаторға 1 тапанша, 1 карабин немесе кемінде 3 адамнан тұратын инкосаторлар бригадасына жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У немесе АКМ

11

Ақшалай түсімдерді инкассациялау мен бағалы заттарды тасымалдауға арналған инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің жүргізушілері

әрбір жүргізушіге 1 тапанша

Оқ-дәрілер:

Р/с

Қарудың атауы

Патрондардың саны (дана)

Постқа, ілесіп жүруге, инкассациялауға жарақталған

Қару бірлігінің азаймайтын қоры

Бір жылдық шығын:

Бір адамға практикалық атуға

Қару бірлігіне атылыс тексеруі үшін



Жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У, АКМ

30 (1 оқжатарда)

60

120

8



Карабин

15 (1 оқжатарда)

30

120

8



Тапанша

16 (екі оқжатарда)

32

96

8

      Ескертпе:
      Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте қарудың бір түрінің 10 бірлігіне бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
      Қалалық, аудандық және ауылдық пошта байланысы торабының және бөлімшелерінің бастықтары «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11-тармақтарында көзделген қарудың сақталуын қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қаруланады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 751 қаулысына    
3-қосымша      

Қазақстан Республикасында
қару мен оның патрондары 
айналымының ережесіне  
7-1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Р/с

Лауазымы

Тапанша

Карабин

1

Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

немесе 1

2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

немесе 1

3

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы

1

немесе 1

4

Орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкерлері

1

немесе 1

Оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді: 

Р/с

Қарудың атауы

Патрондардың саны (дана)

ауысымға жарақталған қызметкер

бірлікке азаймайтын қор

жылдық шығын:

бір адамға практикалық атыс үшін

қару бірлігіне атылыс тексеруі

1

тапанша

16 (2 оқжатарда)

24

8

4

2

карабин

15 патрон (қорапта)

30

10

5

      Ескертпе:
      Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлік қаруға бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
      Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
      Мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктің жануарлар және өсімдік дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметі бөлімінің бастығы, орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының көмекшісі, орман шебері, аңшы).
      Мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының, көмекшісі, орман шебері, орман күзетшісі).
      Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11, 15-тармақтарында көзделген қару сақтауды қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қызметтік қарумен қаруланады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 751 қаулысына   
4-қосымша      

Қазақстан Республикасында
қару мен оның патрондары 
айналымының ережесіне  
7-2-қосымша      

Облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Р/с

Лауазымы

Тапанша

Карабин

1

Облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкері

1

немесе 1

Оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:

Р/с

Қарудың атауы

Патрондардың саны (дана)

ауысымға жарақталған қызметкер

бірлікке азаймайтын қор

жылдық шығын:

бір адамға практикалық атыс үшін

қару бірлігіне атылыс тексеруі

1

тапанша

16 (2 оқжатарда)

24

8

4

2

карабин

15 патрон (қорапта)

30

10

5

Заңнамада белгіленген тәртіппен аңшылық және балық аулау шаруалығын жүргізу құқығы берілген аңшылық және балық шаруашылықтарының қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Р/с

Лауазымы

Қарудың түрлері

Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару (бірлік)

1

Аңшылық және балық шаруашылығының аңшылық маманы, қорықшысы

1

Аңшылық және балық шаруашылығының аңшылық маманына арналған оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:

Р/с

Қарудың атауы

Патрондардың саны (дана)

ауысымға жарақталған қызметкер

бірлікке азаймайтын қор

жылдық шығын:

бір адамға практикалық атыс үшін

қару бірлігіне атылыс тексеруі

1

Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару

15 патрон

60

10

8

      Ескертпе:
      Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс.
      Облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкері - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында жануарлар және өсімдік дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын қызметкер (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының көмекшісі, орман шебері, аңшылық маманы, орманшы-қорықшы). Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі облыстық атқарушы органдардың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
      Аңшылық маманы, қорықшы - аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жануарлар және өсімдік әлемін күзетуді жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылығының қызметкері. Аңшылық маманы, қорықшы жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асырған кезде тек қызметтік қаруды ғана қолданады.
      Облыстық атқарушы органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ аңшылық және балық шаруашылықтарының қызметкерлері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11, 15-тармақтарында көзделген қару сақтауды қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қызметтік қарумен қаруланады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 751 қаулысына   
5-қосымша      

Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары  
айналымының ережесіне   
10-1-қосымша       

Жеке күзет ұйымының күзетшісі және басшысы қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру (арнайы оқыту курсы) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдары үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Р/с

Қарудың атауы

Қару бірлігінің саны

1

Ойықты ұзын ұңғылы

5

2

Ойықты қысқа ұңғылы

10

3

Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы

7

4

Тегіс ұңғылы қысқа ұңғылы

7

5

Ұңғысыз жарақат салатын

5

6

Электр қаруы

5

      Ескертпе:
      Оқ-дәрілердің нормалары:
      жеке күзет ұйымдарының күзетшілерін, басшыларын оқыту - оқитын қызметкерге әрбір қарудың түріне 18 патрон;
      жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді оқыту - оқитын қызметкерге барлық курс ішінде 500 патрон;
      азаматтық аңшылық қару мен өзін-өзі қорғау қаруының иелерін оқытуға - бір азаматтық қару иесіне 20 патрон;
      қарудың атуын тексеру - бір бірлік қаруға 8 патрон есебінен белгіленеді.