Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 624-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің          
2011 жылғы 30 маусымдағы  
№ 736 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 33, 499-құжат):
      1) 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша берілген арызының негізділігін растайтын тууы туралы куәлік пен басқа құжаттардың негізінде ішкі істер органдары бір рет жасайтын болып белгіленсін.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесінде:
      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді ішкі істер органдары жүргізеді.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтінішті арызданушының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына міндетті мынадай құжаттармен қоса береді:
      1) екі фотосуреті;
      2) тууы туралы куәлігі;
      3) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі.
      3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі өтініш негізді болған жағдайда ішкі істер органы тарапынан ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлігін беру туралы қорытынды жасалады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін басқа ішкі істер органы берген болса, оған Ф-1 өтінішінде белгі қою үшін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы хабарлама жіберіледі.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жоғарыда аталған өзгерістерді АХАЖ органдары қорытынды жасамай-ақ азаматтың өтініші, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі, ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы ішкі істер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлік негізінде енгізеді.».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      14-тармақта:
      бір жүз жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету;»;
      бір жүз жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық хал актілерін жазу органдарын әдістемелік басқару;»;
      бір жүз отыз екінші абзац алып тасталсын;
      бір жүз отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу;»;
      бір жүз отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;».
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыру;».
      2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік немірі 2-жолмен толықтырылсын:
      «2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».
      7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      1-тармақта:
      «әділет органдары» деген кіші бөліміндегі 1), 2), 3), 4) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай редакциядағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «ішкі істер органдары:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
      2) уақытша жеке куәлік беру;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.».
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      9. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

106307

Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

46469

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

2781

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2755

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2387

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4564

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

2909

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

1897

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4495

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

2268

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

1989

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5060

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1774

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

2879

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1916

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

2409

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2154

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4232

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

43011

Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:


олардың ішінде Ішкі әскерлердің Әскери институтының курсанттары

23111

10482

880

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы

630

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

467

Ақтөбе заң институты

156

Семей заң колледжі

115

Шымкент заң колледжі

157

Ішкі әскерлердің Әскери институты

492

Бастапқы даярлық училищесі

80

Емханасы бар орталық госпиталь

484

Аумақтық госпитальдар мен емханалар

1227

Кинологиялық орталық

64

«Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы

25

«Солтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы

20

«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақ

139

Автокөлік қызметін көрсету мекемесі

144

Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі

826

Мамандандырылған күзет бөлімшелері

14606

Белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған қабылдауыш-таратушылар

225

Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы

43

»;

      11-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

11.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

23575

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

17605

Сот сараптамасы орталығы

609

Түзеу мекемелері

12496

Павлодар заң колледжі

185

Тергеу изоляторлары

3924

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы

255

Оқу орталығы

35

Қазақстан Республикасы Заң шығару институты

101

».

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2013 № 991 қаулысымен.