Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 624-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің          
2011 жылғы 30 маусымдағы  
№ 736 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 33, 499-құжат):
      1) 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша берілген арызының негізділігін растайтын тууы туралы куәлік пен басқа құжаттардың негізінде ішкі істер органдары бір рет жасайтын болып белгіленсін.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесінде:
      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді ішкі істер органдары жүргізеді.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтінішті арызданушының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына міндетті мынадай құжаттармен қоса береді:
      1) екі фотосуреті;
      2) тууы туралы куәлігі;
      3) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі.
      3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі өтініш негізді болған жағдайда ішкі істер органы тарапынан ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлігін беру туралы қорытынды жасалады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін басқа ішкі істер органы берген болса, оған Ф-1 өтінішінде белгі қою үшін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы хабарлама жіберіледі.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жоғарыда аталған өзгерістерді АХАЖ органдары қорытынды жасамай-ақ азаматтың өтініші, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі, ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы ішкі істер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлік негізінде енгізеді.».
      2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті» деген бөлімде реттік нөмірі 407-2-жол алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 461-13-жолмен толықтырылсын:
«

461-13

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы)

Астана қаласы

».

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру, және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.».
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
      10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік пен төлқұжат беретін уәкілетті органдар болып табылады.»;
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша тұратын жері бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары растайтын нақты тұрған жері бойынша беріледі.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Азаматтар жеке басты куәландыратын құжаттарды ұқыпты сақтауға, оларды жоғалтқан жағдайда жаңасын алу үшін тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша ішкі істер органдарына өтініш жасауға міндетті. Шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтары төлқұжатын жоғалтқанда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш жасайды.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Шетелде тұрақты тұруға кетіп бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары жеке бас куәліктерін ішкі істер органдарына тапсырады.»;
      27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдар болып табылады.»;
      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеуден шығарылған азаматтарын есепке алуды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары жүзеге асырады.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Тұратын жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару үшін қажетті азаматтарды тіркеу кітабының, мөртабандар мен бланктердің нысандарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілейді және тіркеуді жүзеге асырушы органдар береді.»;
      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үш айдан астам мерзімге уақытша тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтарын, ішкі істер органдары уақытша тұратын жері бойынша есепке алады.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Осы Ереженің сақталуына бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.».
      5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      14-тармақта:
      бір жүз жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету;»;
      бір жүз жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық хал актілерін жазу органдарын әдістемелік басқару;»;
      бір жүз отыз екінші абзац алып тасталсын;
      бір жүз отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу;»;
      бір жүз отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;».
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыру;».
      2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік немірі 2-жолмен толықтырылсын:
      «2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».
      7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      1-тармақта:
      «әділет органдары» деген кіші бөліміндегі 1), 2), 3), 4) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай редакциядағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «ішкі істер органдары:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
      2) уақытша жеке куәлік беру;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.».
      8. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат.):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
      «2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 205-жол алып тасталсын.
      9. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

106307

Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

46469

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

2781

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2755

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2387

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4564

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

2909

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

1897

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4495

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

2268

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

1989

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5060

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1774

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

2879

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1916

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

2409

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2154

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4232

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

43011

Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:


олардың ішінде Ішкі әскерлердің Әскери институтының курсанттары

23111

10482

880

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы

630

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

467

Ақтөбе заң институты

156

Семей заң колледжі

115

Шымкент заң колледжі

157

Ішкі әскерлердің Әскери институты

492

Бастапқы даярлық училищесі

80

Емханасы бар орталық госпиталь

484

Аумақтық госпитальдар мен емханалар

1227

Кинологиялық орталық

64

«Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы

25

«Солтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы

20

«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақ

139

Автокөлік қызметін көрсету мекемесі

144

Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі

826

Мамандандырылған күзет бөлімшелері

14606

Белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған қабылдауыш-таратушылар

225

Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы

43

»;

      11-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

11.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

23575

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

17605

Сот сараптамасы орталығы

609

Түзеу мекемелері

12496

Павлодар заң колледжі

185

Тергеу изоляторлары

3924

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы

255

Оқу орталығы

35

Қазақстан Республикасы Заң шығару институты

101

».

      10. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      «Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ
азаматтарды тіркеу» деген 1-бөлімнің реттік нөмірлері 1, 2, 5 және 6-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«

1.

Қазақстан Республикасының азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Жеке тұлғалар

ІІМ

Аумақтық ішкі істер органдары (қаланың, ауданның)

ХҚО

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы;

2.

Қазақстан Республикасының азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Жеке тұлғалар

ІІМ

Аумақтық ішкі істер органдары (қаланың, ауданның)

ХҚО

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы;

5.

Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

Жеке тұлғалар

ІІМ

Аумақтық ішкі істер органдары (қаланың, ауданның)

ХҚО

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы;

6.

Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру

Жеке тұлғалар

ІІМ

Аумақтық ішкі істер органдары (қаланың, ауданның)

ХҚО

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы;

».

      11. «Мемлекеттік органдардың өз құзіретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

1.1.

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

Жеке тұлғалар

ІІМ

2011

2.2.

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Жеке тұлғалар

ІІМ

2011

».