Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:
Аманбаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Әмірхан Тапашұлы министрінің орынбасары енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Марат Бақытжанұлы Бекетаев шығарылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Телебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-
Ғазиз Тұрысбекүлы министрі, хатшы
Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы министрі;
көрсетілген құрамнан Роза Нығметжанқызы Жолдыбаева, Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов