Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1025 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 800 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      2) Комиссияның құрамы;
      3) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2006 жылғы 28 қазандағы
                                                N 1025 қаулысымен
                                                   бекітілген

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын
                орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N
 
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
сөзінен
үзінділер
(тапсырмалар)
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
тапсырмаларын
орындау
жөніндегі
іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

1

"Мен Үкіметке бір айдың ішінде мемлекеттік тілді білетін қазақ ұлтынан емес мемлекеттік қызметшілерді айтарлықтай материалдық ынталандыру жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырамын".

Мемлекеттік    тілді еркін меңгерген, оны функционалдық  міндеттерін  тікелей орындау кезінде қолданатын  қазақ ұлтынан емес мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыру шаралары жүйесі жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу.

2006 жылғы 5 қарашаға дейін

МҚА (жинақтау), МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині

2

"... қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу - міндетті талап болуы тиіс".

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру
жөніндегі
комиссияның
қарауына (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білуге арналған тест енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу.

2006 жылғы 5 қарашаға дейін

МҚА (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, орталық және
жергілікті атқарушы органдар

3

"Үкімет сондай-ақ тілдер жөніндегі
бағдарламаны қайта қарап, мектептерге,
мекемелерге мемлекеттік тілді үйрену, әдістемелер мен оқулықтар жасау жөнінде айтарлықтай қолдау көрсетуі керек. Қазақ тілі оқытушыларын даярлауға және оларды материалдық ынталандыруға айрықша назар аудару қажет".

1. Мемлекеттік тілді үйретудің, оқулықтарды, оның ішінде электрондық
оқулықтарды, көрнекі құралдарды, екі тілдік және көп тілдік
сөздіктерді және тілашарларды, балалар әдебиетін шығарудың ақпараттық жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. Қаржыландыру мәселелерін шешу.
2. Қазақша емес мектептер үшін қазақ тілі бойынша білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, қазақ тілін оқытудың, оның ішінде қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін сынақтан өткізу және енгізу.
3. Мемлекеттік тілді оқытудың мазмұны мен әдістемесін жаңартуды, оқытудың жаңа технологияларын, оқулықтардың жаңа буынын әзірлеуді, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін халықаралық сертификаттау жөніндегі құжаттарды дайындауды қамтамасыз ету.
4. Оқушылар мен студенттерді қазақ тіліне оқытуда жоғары нәтижелерге жеткен мұғалімдер мен оқытушыларды материалдық көтермелеу жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу.

2006 жылғы 5 қарашаға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                         2007 жылғы 1 ақпанға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
              2007 жылғы 1 шілдеге дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2006 жылғы
5 қарашаға
дейін

БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
              БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БҒМ (жинақтау), МАМ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ЭБЖМ

4

Мемлекеттік тілді үйрену курстарын ұйымдастыру жөніндегі орыс және славян бірлестіктерінің қазіргі бар тәжірибелерін оң тұрғыда бағалай отырып, қолдау көрсеткен жөн. Бұл бастамаға басқа да ұлттық-мәдени орталықтар қолдау білдірсе, жақсы болар еді".

1. Ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау. Оларды қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу.
2. ҰМО мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі жобаларын қолдау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін пайдалану жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына дайындау.

2006 жылғы 5 қарашаға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2006 жылғы 5 қарашаға дейін

МАМ (жинақтау), БҒМ, ҚХА хатшылығы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
           МАМ           (жинақтау), облыстардың, Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

5

"... бізге кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласу керек. Бұл біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет, оны талдап жасауға уақыт қажет. Мұны байыпты зерттеу керек".

Жалпы білім беретін мектептерде қазақ және орыс тілдерінде жекелеген пәндерді зерделеуді енгізу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу.

2007 жылғы 1 қаңтарға дейін

БҒМ

6

"Алайда Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар - өз функцияларында қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек".

Жас мамандардың мемлекеттік тілді меңгеруін ынталандыру, талап етілуін арттыру және оны зерделеу үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде шаралар кешенін әзірлеу.

2007 жылғы 1 шілдеге дейін

МАМ (жинақтау), БҒМ, Әділетмині, МҚА, орталық және жергілікті атқарушы органдар

7

Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Және мұнда қазақ тілінің ғалымдарына, лингвистеріне ғылым мен осы заманғы технологиялардың, ал нарықтық қазақ тілінің тіпті де терминдерін жасаумен айналысуы керек. Бұл - шұғыл мәселе. Үкімет барлық проблемаларды кешенді түрде зерттеп, шара қабылдауы тиіс.

1. Тіл туралы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде талдау жүргізу және Комиссияның қарауына нақты ұсыныстар беру.
 
2. Мемтерминком жұмысын жетілдіру, оның жанынан қажетті көлемде қаржыландыру арқылы салалық секциялар құру жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу.
 
3. Қазақ терминологиясын дамыту бағдарламасын әзірлеу.
 
4. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және оны Үкіметке енгізу.
 
5. Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу.

2007 жылғы 1 ақпанға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
2006 жылғы 5 қарашаға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
          2007 жылғы 1 шілдеге дейін
 
 
 
2007 жылғы 1 ақпанға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
           2007 жылғы 1 наурызға дейін

МАМ (жинақтау), Әділетмині, БҒМ, Еңбекмині,
 
 
 
 
 
МАМ (жинақтау), ЭБЖМ, Әділетмині, МҚА
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ
 
 
МАМ (жинақтау), ЭБЖМ, БҒМ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ

8

"Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе - мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс".

1. Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына, жастарда мемлекеттік тілге мемлекеттік нышандардың бірі ретінде құрметпен қарау сезімін қалыптастыруға қатысты бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының мәдениетін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жөніндегі шаралар жүйесін көздей отырып, 2007 жылға арналған ақпараттық саясатты жүргізудің мемлекеттік тапсырысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2006 жылғы 5 қарашаға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                        2006 жылғы 5 қарашаға дейін

БҒМ (жинақтау), МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

9

"...мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жақсартуды қажет етеді".

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды қамтамасыз ету бөлігінде пысықтау.

2006 жылғы 5 қарашаға дейін

МАМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині

10

"Мәселе мынада, халықаралық тілдердің бірі болып табылатын орыс тілін миллиондаған қазақтардың жаппай білуі - осы заманғы дүниеде ақпараттық кеңістікті кеңейтетін фактор. Көз жетерлік болашақта орыс тілі біздің бәсекеге қабілетіміздің факторы болып қала береді... Қазақстанда орыс тілін білу деңгейі жоғары болып қалуы тиіс".

1. Ұлттық мектептерде орыс тілін оқыту бағдарламасын жетілдіру жөніндегі шаралар жүйесі бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны Комиссияның қарауына енгізу.

2. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормаларды игеру сапасын бақылау саласындағы стандарттарды әзірлеу.

2006 жылғы 25 қарашаға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          2007 жылғы 1 наурызға дейін

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

11

"... қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді болып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білуі тиіс дегенмін. Еуропада көптілділік қалыптылыққа айналды, біз де осыған сөзсіз келуге тиіспіз".

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін зерделеудің және оны практикада қолдануды уәждемелеу жүйесін жасау және оны әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу.

2006 жылғы 1 желтоқсанға дейін

МАМ (жинақтау), МҚА, ЭБЖМ, Еңбекмині, Қаржымині, БҒМ, Әділетмині

12

"Еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілін терең әрі қарқынды түрде оқытудың арнайы бағдарламасын жасаудың уақыты келді деп ойлаймын. Бұл бағдарламаға Ұлыбритания мен АҚШ-тың білім беретін ірі құрылымдарын тарту жөнінде ойлану қажет. Үкімет екі ай ішінде тиісті ұсынысты дайындауы тиіс".

1. Халықаралық ұйымдармен және шетелдік білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде, ағылшын тілін оқыту орталықтарын құру, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын кезең кезеңімен енгізу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу.
 
2. Ірі шетелдік жалпы білім беретін мекемелерді тарта отырып, ағылшын тілін оқытудың өңірлік білім беру орталықтарын құру.

2006 жылғы 15 желтоқсанға дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін

БҒМ (жинақтау), МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

13

"... қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Мамандар жарты жыл ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс".

Түркияда, Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Түркіменстанда және басқа да елдерде латын әліпбиіне көшу тәжірибелерін зерделей отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету, осы мәселе бойынша ұсыныстарды қарау және Комиссияның қарауына енгізу.

2007 жылғы 15 наурызға дейін

БҒМ (жинақтау), СІМ, МАМ

Аббревиатуралар мен қысқарған сөздердің толық жазылуы :
      МҚА - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ҰМО - ұлттық-мәдени орталық

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2006 жылғы 28 қазандағы 
N 1025 қаулысымен    
бекітілген       

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы, хатшы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі - Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкіл (келісім бойынша)
      «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
      «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының халықаралық қатынастар факультеті түркітану кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны философия кафедрасының меңгерушісі
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
      «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының профессоры
      «Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2006 жылғы 28 қазандағы
                                                N 1025 қаулысымен
                                                    бекітілген

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген тапсырмаларын іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2008.06.11 N 577 Қаулысымен.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс тілін білудің жоғары деңгейін сақтап қалу, ағылшын тілін тереңірек және қарқынды үйрену жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      2) мемлекеттік тіл саясатын және тілдік құрылысты іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру.

      5. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сәйкес функциялары:
      1) тілдерді дамыту мәселелерін қарау және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен;
      4) мемлекеттік тіл саясатын және тиісті жобаларды іске асыру саласында орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын талдау болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, тіл құрылысы, тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелеріне байланысты проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерін, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшыларды тартуға;
      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз отырыстарында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
      4) мемлекеттік тіл саясаты саласында әзірленетін ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылауды ұйымдастыруға құқығы бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жеке жауапты болады.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      9. Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      10. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      11. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын Комиссияның қарауына енгізілетін, ұсынылған материалдар негізінде Комиссияның төрағасы шақырады.

      12. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
      Комиссияның мүшелері отырысқа ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      13. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша Комиссияның мүшелері Комиссияның кезекті отырысында өз ұсыныстарын енгізеді.

      14. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін уақыты мен орнын Комиссия мүшелерімен келісім бойынша Комиссияның төрағасы белгілейді және нақтылайды.

      15. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      15-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      16. Комиссия мемлекеттік тіл саясатына қатысты мәселелерді қарау қорытындылары бойынша ұсынымдық сипатта қорытынды шығарады.

      17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

      19. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      20. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.