Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 630 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын
әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 328, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 882, 2012.11.16 N 1451 Қаулыларымен.

Көшербаев
Қырымбек Елеуұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Нокин
Серік Кеңесұлы

-

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

Тұрышова
Дәрібала Ақылтайқызы

-

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаментінің директоры, хатшы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы

Әбдішев
Бауыржан Түйтеұлы

-

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі

Жақсалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

Құрманғалиева
Аида Дәденқызы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Қырықбаев
Арман Оразбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Ахметов
Серік Әбжәліұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Смайылов
Жанболат Амангелдіұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Толымбаев
Берік Зиябекұлы

-

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі

Ақпомбаев
Иманжүсіп Латкенұлы

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі орынбасарының міндетін атқарушы

Шаяхметов
Саят Болатұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Жарқынбаев
Жасер Әзімханұлы

-

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары

Чиканаев
Қазбек Шаймерденұлы

-

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Омаров
Мұрат Ескелдіұлы

-

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 630 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың
бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын (бұдан әрі - Бас схема) әзірлеу мен келісу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) Бас схеманы әзірлеу мен келісу үдерісін үйлестіру;
      2) Бас схеманы әзірлеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсынымдар дайындау;
      3) Бас схеманы әзірлеу мен келісу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдау;
      4) Бас схеманы әзірлеуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      6. Комиссия қызметіне басшылықты Төраға жүзеге асырады. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Төрағаның орынбасары орындайды.
      7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдар дайындауды және хаттаманы ресімдеуді Комиссия отырыстары өткізілгеннен кейін Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      8. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның есеп-хатына қоса берілуге тиіс.
      Комиссия отырыстарын жүргізудің нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.

4. Комиссияның қызметін тоқтату

      9. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.