Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 630 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың
бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
құрамы

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           бірінші орынбасары, төраға

Нокин                    - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы             үй-коммуналдық шаруашылық істері
                           агенттігінің төрағасы, төрағаның
                           орынбасары

Тұрышова                 - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Дәрібала Ақылтайқызы       тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                           агенттігі Сәулет, жобалық жұмыстар және
                           сметалық нормалар департаментінің
                           директоры, хатшы

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрі

Ескендіров               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы              даму және сауда вице-министрі

Құрманғалиева            - Қазақстан Республикасының
Аида Дәденқызы             Денсаулық сақтау вице-министрі

Нұрымбетов               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы         халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Омаров                   - Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы           спорт вице-министрі

Оразаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы          шаруашылығы вице-министрі

Сәрсенов                 - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Сәкен Сейітжаппарұлы       ақпарат вице-министрі

Смайылов                 - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Амангелдіұлы      жағдайлар вице-министрі

Телебаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы          вице-министрі

Толымбаев                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы            вице-министрі

Тұрғанов                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Дүйсенбай Нұрбайұлы        жаңа технологиялар вице-министрі

Тұрмағамбетов            - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы         қорғау вице-министрі

Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әміржан Нұрышұлы           министрінің орынбасары

Ырсалиев                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Серік Әзітайұлы            Ғылым вице-министрі

Жарқынбаев               - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзімханұлы           агенттігі төрағасының орынбасары

Мақажанов                - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Нығмеджан Қойшыбайұлы      басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 630 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың
бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын (бұдан әрі - Бас схема) әзірлеу мен келісу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) Бас схеманы әзірлеу мен келісу үдерісін үйлестіру;
      2) Бас схеманы әзірлеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсынымдар дайындау;
      3) Бас схеманы әзірлеу мен келісу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдау;
      4) Бас схеманы әзірлеуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      6. Комиссия қызметіне басшылықты Төраға жүзеге асырады. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Төрағаның орынбасары орындайды.
      7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдар дайындауды және хаттаманы ресімдеуді Комиссия отырыстары өткізілгеннен кейін Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      8. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның есеп-хатына қоса берілуге тиіс.
      Комиссия отырыстарын жүргізудің нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.

4. Комиссияның қызметін тоқтату

      9. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.