Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Көшербаев                  - Қазақстан Республикасы
Қырымбек Елеуұлы             Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Әбдішев                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Бауыржан Түйтеұлы            ортаны қорғау вице-министрі
Ақпомбаев                  - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Иманжүсіп Латкенұлы          министрі орынбасарының міндетін атқарушы
Ахметов                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжәліұлы              халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Омаров                     - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Мұрат Ескелдіұлы             шынықтыру істері агенттігі төрағасының
                             орынбасары
Чиканаев                   - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Қазбек Шаймерденұлы          басқару агенттігі төрағасының
                             орынбасары;
      көрсетілген құрамнан: Серік Нығметұлы Ахметов, Марлен Нұрахметұлы Ысқақов, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Әміржан Нұрышұлы Түсіпбеков, Нығмеджан Қойшыбайұлы Мақажанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов