"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 4-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға  тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      реттік нөмірі 63-жолдың 2-бағанында:
      «мемлекеттік тіркеу» деген сөздерден кейін «немесе қайта тіркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
      «(нутрицевтиктерді)» деген сөз алынып тасталсын;
      «бояғыштарды,» деген сөзден кейін «дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 560 қаулысымен   
бекітілген      

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және  биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжай бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66, Интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 146-бабы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабы, «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы және «Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz Интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерінде, Комитеттің ғимаратында орналастырылған стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда болады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілетін өнімдердің (заттардың) қолданылу мерзімі көрсетілген, Комитеттің ресми  бланкісінде ресімделген (қағаз тасымалдағыштағы) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру немесе қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік  тіркеуге жататын өнімдердің (заттардың) тізбесіне сәйкес көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап күнтізбелік 30 күн:
      2) тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;
      3) тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты 30 (отыз минутты) құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Комитетте мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеуге немесе қайта тіркеуге  өтінішті;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталған, өнімдер, (заттардың) дайындалатын құжаттарына сәйкес құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер) көшірмелері;
      өнімдердің (заттарды) қауіпсіздігін және зерттелетін үлгілердің  сапасын куәландыратын дайындаушы (өндіруші) құжатының көшірмесі;
      қаптамалардың, өнімдердің (заттардың) заттаңбалары мен түсіндірме-жапсырмаларының үлгілері;
      дайындаушы (өндіруші) елдің заңнамасына сәйкес расталған дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында өнімдердің (заттардың) еркін айналымын растайтын құжаттың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған және аккредиттелген зертханалар берген өнімдердің (заттардың) зертханалық зерттеу нәтижелері;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталған Кеден одағының кедендік аумағында өнімдердің (заттардың) үлгілерін әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      өндірушінің және импорттаушының (заңды тұлғаның) мекенжайы, сондай-ақ атауы, (жеке тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты;
      сәйкестік сертификатын, шығарылған елде немесе басқа елде клиникалық сынақ жүргізу жөніндегі материалдарды, тағамға биологиялық  белсенді қоспаларда (бұдан әрі - ББҚ) (ББҚ үшін) гормондар, психотропты және есірткі заттардың жоқ екендігі туралы мөр қойылған дайындаушы фирманың хаты.
      Лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру кезінде лицензияның нотариалды расталған көшірмесі ұсынылады. Экспорттаушы елдің құжаттарының түпнұсқасына олардың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілуге тиіс.
      Қайта тіркеуді жүргізу үшін өтініш беруші Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қайта тіркеуге (еркін нысандағы) өтініш;
      2) осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар;
      3) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштердің нысанын Комитеттің уәкілетті лауазымды адамынан немесе Интернет-ресурсының:www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша алуға болады.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды тұтынушы Комитеттің кеңсесіне мына мекенжайға  ұсынады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8(7172) 74-32-87, 74-30-66, Интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz
      14. Тұтынушыға:
      1) сұралатын мемлекеттік қызмет түрін;
      2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
      3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын);
      4) тұтынушының өзі келген кезде қолма-қол мемлекеттік қызметті алу күнін және орнын;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда талон беріледі.
      15. Дайын құжаттарды тұтынушыға беру құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде өзі келген кезде қолма-қол жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы;
      2) өнімдердің (заттардың) құрамына Қазақстан Республикасында
қолдануға тыйым салынған химиялық және биологиялық заттарды пайдалану, сондай-ақ өтініш берушінің жалған мәліметтер беруі;
      3) өнімдердің қауіпсіздігін және (немесе) тиімділігін және (немесе) сапасын сипаттайтын зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижелерін алу;
      4) егер өнімдерге (заттарға) және оны дайындау шарттарына қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленбеген болса, өнімдердегі (заттардағы) және қоршаған ортадағы қауіпті факторларды айқындау және өлшеу әдістемелерінің болмауы;
      5) өнімдерді (заттарды) өндіру, қолдану (пайдалану) кезінде олардың адам денсаулығына зиянды әсерін болдырмау бойынша тиімді шаралардың болмауы.
      Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы тұтынушыға (күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде) жазбаша хабар береді.
      Өнімдерді (заттарды) қайта тіркеу үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) өнімдердің (заттардың) қосалқы заттары атауының және шығару нысанының, дозасының, құрамының және комбинациясының, қолданылу аясының және пайдалану, қарсы көрсетімдері бойынша ұсынымдарының және  оны қолдану жөніндегі шектеулерінің өзгеруі;
      2) өнімдерді (заттарды) дайындаушы фирманың тауарлық маркасының, өндіріс орнының немесе өндірушінің ауысуы;
      3) өнімдерге (заттарға) арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және оны пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдепті болу;
      3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
      4) мемлекеттік қызметті тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамсыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Комитеттің уәкілетті лауазымды адамы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға  жәрдем көрсетеді, тел. 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66, № 1144 кабинет, Интернет-ресурс: www.mz.gov.kz
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау  министрінің атына беріледі, мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, № 5 кіреберіс, телефон: 8(7172) 74-28-19, № 1130 кабинет, Интернет ресурс: www.mz.gov.kz
      22. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, шағым Комитет басшысының атына беріледі, мекенжайы мен жұмыс кестесі осы Стандарттың  25-тармағында көрсетілген, № 1144 кабинет.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Қабылданған шағым тұтынушылардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі, тұтынушыға құжаттың қабылданған күнін, уақытын, жауап алу мерзімі мен орнын, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын лауазымды адамның байланыс деректерін көрсете отырып, талон беріледі. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген мерзімде қаралады. Шағымның қаралу нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы не электрондық пошта арқылы не қолма қол хабарланады.
      25. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мына мекенжайда орналасқан: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, № 5 кіреберіс, телефон 8 (7172) 743066.

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер
ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік тіркеуге жататын тауарлардың тізбесі

      1. Минералды су (табиғи асханалық, емдік-асханалық, емдік), сыйымдылыққа құйылған шөлмектегі ауыз су (оның ішінде балалар тамағында пайдалануға арналған), сергітетін сусындар, алкоголі аз өнімді қоса алғанда, алкоголь өнімі, сыра.
      2. Арнайы тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тамағы өнімдері, жүкті және емізетін әйелдерге арналған өнімдер, диеталық (емдік және профилактикалық) тамақ өнімдері, спортшыларға арналған өнімдер (бұдан  әрі - арнайы тамақ өнімдері); тамаққа биологиялық белсенді қоспалар, тамаққа биологиялық белсенді қоспалар өндіруге арналған шикізат, органикалық өнімдер.
      3. Гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерді, оның ішінде генетикалық түрлендірілген микроорганизмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері.
      4. Тағамдық қоспалар, кешенді тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер, дәмді хош иістендіргіш заттар мен шикізат компоненттері ретіндегі өсімдік экстракттары, микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері және бактериялық ашытқылар, технологиялық қосымша заттар, оның ішінде ферментті препараттар.
      5. Косметикалық өнім; ауыз қуысы гигиенасының заттары мен бұйымдары.
      6. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау заттары (тұрмыста, емдеу-профилактикалық мекемелерде және басқа да объектілерде (ветеринарияда қолданылатыннан басқа) қолдануға арналған).
      7. Тұрмыстық химия тауарлары.
      8. Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз  әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар).
      9. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған су дайындау материалдары, жабдық, құрылғы және басқа да техникалық құралдар.
      10. Балаларға және ересектерге арналған жеке гигиена заттары; үш жасқа дейінгі баланың қажетті заттары: балаларды тамақтандыру үшін пайдаланылатын ыдыстар мен бұйымдар, баланы гигиеналық күтуге арналған заттар; балаларға арналған киім (бірінші қабат).
      11. Тамақ өнімдерімен жанастыруға арналған бұйымдар (ыдыстан, асхана заттарынан, техникалық жабдықтан басқа).

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер
ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитеті

ТАЛОН

Кіріс №__________ құжаттың қабылданғаны туралы

Құжатты қабылдаған:
______________________________________________
(қабылдау бөлмесі маманының Т.А.Ә.)

______________________________________________
                (қолы)

20___ жылғы «___» ____________________________

Байланыс телефондары:_________________________

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер
ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1 Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің  сапасына қанағаттанған тұтынушылардың  %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушыларды %-ы (үлесі)




3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен  бастаптапсырған жағдайлардың %-ы үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанғантұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы  үлесі)