"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қазандағы № 743 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қарашада № 8112 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 20 маусымдағы № 145 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Төрағасының 20.06.2014 № 145 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М. Бекшин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Ж.М. Бекшинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы               Е. Байжүнісов

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрі м.а.
2012 жылғы 24 қазандағы   
№ 743 бұйрығымен       
Бекітілді          

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық
активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация
құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі департаменттері (бұдан әрі - Комитеттің департаменттері);
      2) құрылымдық-функционалдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның лауазымды адамдары;
      3) мемлекеттік қызметті алушы - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - алушы).
      3. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 146-бабы;
      2) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабы;
      3) «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы;
      4) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар мен енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызметті ұсыну нәтижесі Комитеттің ресми бланкісінде ресімделген мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қағаз тасымалдағышта) беру немесе қайта ресімдеу не жазбаша түрде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан орны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
      Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында алуға болады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты бойынша шектеу мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілді.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ өнімдерді (заттарды) қайта тіркеу үшін негіздер стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      11. Алушыдан не ресми сенімді тұлғасынан (бұдан әрі - өкіл) өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) алушы немесе өкіл осы регламенттің 14-тармағында көзделген құжаттарды уәкілетті органға береді;
      2) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам ұсынылған құжаттардың толықтығын (дұрыстығын) тексереді және өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
      3) уәкілетті органда түскен құжаттарды тарату;
      4) уәкілетті органның өтінішті қарауға жауапты адамы құжаттар келіп түскен кезде:
      тізбеге сәйкес құжаттардың сәйкестігін және қажеттілігін тексереді;
      құжаттарға сараптама жүргізеді;
      өтінім берілген өнімнің Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде болуын тексереді;
      мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жұмысшы нұсқасын басып шығарады;
      құжаттарды қарау нәтижелері бойынша өтінім берілген өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады.
      Сәйкес келмеген жағдайда орындаушы өтініш берушіге жазбаша бас тартуды жазады.
      5) өтінім берілген өнім санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда:
      жұмысшы нұсқаға қол қойылады;
      нөмір беріледі;
      куәліктің ақырғы нұсқасы басып шығарылады;
      оны басшы куәландырады;
      уәкілетті орган басып шығарады.
      6) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы беру терезесіне беріледі.
      7) тіркелген өнім Кеден одағының Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне деректер базасына жазылады және күнделікті Кеден одағының сайтына жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің
(өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау

      13. Кіріс хат-хабарларды ресімдеу және алушының немесе өкілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге берген өтінішінің қабылданғаны (тіркелгені) туралы оның ақпарат алу тәртібі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу тиісті кіріс нөмірін беруі және күнін көрсете отырып жүргізіледі;
      2) алушыға немесе өкілге Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
      15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) тартылған:
      1) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты уәкілетті органның лауазымды адамы;
      2) уәкілетті органның басшысы;
      3) уәкілетті орган басшысының орынбасары;
      4) уәкілетті органның басқарма (бөлім) бастығы;
      5) уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамы.
      17. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      19. Берілетін сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға ілеспе хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап уәкілетті органның ресми бланкісінде еркін түрде жазбаша беріледі.

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық активті қоспаларды,  
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және тамақ 
өнімдерімен жанасатын материалдар мен   
бұйымдарды, химиялық заттарды, адам    
денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер  
мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне  
1-қосымша                 

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара
іс-әрекетінің сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдерістің (жұмыстардың барысы, ағымы) әрекеті

1

Іс-әрекет (жұмыстардың барысы, ағымы) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адамы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті орган басшысының орынбасары

Уәкілетті  органның басқарма (бөлім) бастығы;
Бастық

Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттың толықтығын тексеру, қабылдау

Хат-хабармен танысу, оны орынбасарына беру туралы нұсқау береді

Хат-хабармен танысу, оны бастыққа беру туралы нұсқау береді

Хат-хабармен танысу, оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамға беру туралы нұсқау береді

Хат-хабармен танысу, тізбеге сәйкес құжаттардың сәйкестігін тексереді;
өтінім берілген өнімнің зертханалық зерттеу нәтижелеріне сәйкестігін тексеру;
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жұмысшы нұсқасын басып шығарады;
құжаттарды және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жұмысшы көшірмесін уәкілетті органның басшысының қарауына бұрыштама қою үшін енгізеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қол қою үшін ресімдеу.

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Өтініштерді тіркеу журналында тіркеу және уәкілетті органның басшысына тіркелетін өнімге құжаттар пакетін беру

Қарарларды қояды

Қарарларды қояды

Қарарларды қояды

Алушыға немесе өкілге Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қағаз тасымалдағышта) беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

1-2 жұмыс күні

1-2 жұмыс күні

1-2 жұмыс күні

13-15 жұмыс күні

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс (жұмыстардың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

Уәкілетті органның өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адамы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті орган басшысының орынбасары

Уәкілетті  органның басқарма (бөлім) бастығы;
Бастық

ҚФБ 5.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адам

№ 1 әрекет
Құжаттардың толықтығын тексеру, өтініштерді тіркеу журналында тіркеу және құжаттарды басшыға беру

№ 2 әрекет
Хат-хабармен танысу, оны орынбасарына беру туралы нұсқау бере отырып қарарларды қою

№ 3 әрекет
Хат-хабармен танысу, оны бастыққа беру туралы нұсқау бере отырып қарарларды қою

№ 4 әрекет
Хат-хабармен танысу, мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адамға құжаттарды беру туралы нұсқау бере отырып қарарларды қою

№ 5 әрекет
Хат-хабармен танысу, бекітілген тізбеге сәйкес құжаттардың сәйкестігін тексереді;
өтінім берілген өнімнің зертханалық зерттеу нәтижелеріне сәйкестігін тексеру;
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жұмысшы нұсқасын ресімдеу және өтінім берілген өнімге арналған құжаттарды уәкілетті органның басшысына қарауға енгізеді.





№ 6 әрекет
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдейді (қағаз тасымалдағышта)





№ 7 әрекет
Алушыға немесе өкілге Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қағаз тасымалдағышта) береді

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық активті қоспаларды,  
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және тамақ 
өнімдерімен жанасатын материалдар мен   
бұйымдарды, химиялық заттарды, адам    
денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер  
мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне  
2-қосымша                 

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің
логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті
көрсететін схема