"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 4-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға  тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      реттік нөмірі 63-жолдың 2-бағанында:
      «мемлекеттік тіркеу» деген сөздерден кейін «немесе қайта тіркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
      «(нутрицевтиктерді)» деген сөз алынып тасталсын;
      «бояғыштарды,» деген сөзден кейін «дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 560 қаулысымен   
бекітілген      

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2013 N 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.е.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 146-бабы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы және «Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелердің үй-жайларында орналасқан стенділерде;
      3) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ саll–орталықтың: (1414) телефоны бойынша берілуі мүмкін.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беруі не уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы немесе қағаз тасымалдағыштағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және уәкілетті орган басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға қағаз тасымалдағышта не порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік тіркелуге тиіс өнімдердің (заттардың) тізбесіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) уәкілетті органда:
      мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің барынша рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
      мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
      2) порталда:
сұрау берген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті органда – мемлекеттік қызмет күн сайын жұмыс күндері «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігі үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Құжаттарды толтыруға арналған орын қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жабдықталған.
      Дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ғимаратта ыңғайлы қозғалу жағдайлары (тұтқалар, пандустар және сүйеніштер) көзделген. Күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары бар;
      2) порталда – «жеке кабинетте» көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
      уәкілетті органға:
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) осы стандартқа 45-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
      Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.
      Порталға:
      1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау;
      2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) осы стандартқа 45-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
      Қайта тіркеуді жүргізу үшін:
      уәкілетті органға:
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) осы стандартқа 45-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
      7) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік.
      Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.
      Порталға:
      1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау;
      2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттікке өкілдікті куәландыратын құжат – мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) осы стандартқа 45-қосымшаларда көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
      7) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік.
      Өнімдерді (заттарды) қайта тіркеу үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) атауының және шығарылу нысанының, дозасының, құрамының және өнімдердегі (заттардағы) қосалқы заттар комбинациясының, қолданылу саласының және пайдалану жөніндегі ұсынымдардың, қарсы көрсетілімдері мен оларды қолдануды шектеулердің өзгеруі;
      2) шығарушы-фирманың сауда маркасының, өндіру орнының немесе өнімдерді (заттарды) өндірушінің ауысуы;
      3) өнімдердің (заттардың) нормативтік-техникалық құжаттамасына өзгерістер енгізу.
      Жеке басты куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру олардағы бар ақпаратты портал немесе Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды нысандағы құжаттарды алу мүмкіндігі болған кезде қажет етілмейді.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бекітілген нысандағы өтініштің бланкілері Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық құжат нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау уәкілетті органның кеңсесі арқылы сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін деп белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күнделікті жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Порталда электронды сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде тәулік бойы жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналар беріледі:
      1) уәкілетті органға жүгінген кезде мыналар:
      сұраудың нөмірі және қабылдау күні;
      сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттар саны мен атауы;
      құжатты беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты мен оның байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талон беріледі.
      2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беруді уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері алушы осы стандарттың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімде өзі келген кезде қолма қол жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету нәтижесі порталда осы стандарттың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерде жеке кабинетіне жіберіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау;
      2) өнімнің (заттардың) құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған химиялық және биологиялық заттарды пайдалану, сондай-ақ өтініш берушінің дұрыс емес ақпарат ұсынуы;
      3) өнімнің (заттардың) қауіпсіздігін және/немесе тиімділігін және/немесе сапасын сипаттайтын зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижелерін алу;
      4) егер өнімге (заттарға) және оны дайындауға қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленбесе, өнімде (затта) және қоршаған ортада қауіпті факторларды анықтау және өлшеу әдістемесінің болмауы;
      5) өнімді (заттарды) өндіру, қолдану (пайдалану) кезінде олардың адамның денсаулығына зиянды әсерін болдырмау бойынша тиімді шаралардың болмауы немесе осындай шаралармен қамтамасыз етудің мүмкін болмауы;
      6) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздердің болуы.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдар өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
      4) мемлекеттік қызмет алушымен жұмыс кезінде сыпайы болу;
      5) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы түпкілікті және толық ақпарат беру;
      6) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті органның уәкілетті адамы уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс, № 1144 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
      Сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдағы ақпараттық-анықтамалық қызметтің call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде Денсаулық сақтау министрінің не оны алмастыратын адамның атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс, № 1144 бөлме, байланыс телефоны 8 (7172) 74-30-66, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жолданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      22. Уәкілетті органның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Министрліктің кеңсесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс, № 1144 кабинет, байланыс телефоны 8 (7172) 74-30-66 және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша оның аумақтық бөлімшелерінің кеңсесіне «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошта мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюуы тиіс. Шағымды берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің аты немесе лауазымы, лауазымды адамдардың тектері және аты-жөндері, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.
      25. Шағымның қабылданғанын растау ретінде күні мен уақыты, байланыс телефоны көрсетілген өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орны көрсетілген талонды беру болып табылады.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты уәкілетті органның қызметкерінен мына: 8 (7172) 74-30-66 телефоны бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық бөлімшелердің телефондары бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде электронды шағым жібергеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетінен» уәкілетті органда өтінішті өңдеу барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы не порталдағы «жеке кабинетке» не шағымда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.
      26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция 
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»      
мемлекеттік қызмет стандартына    
1-қосымша               

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің мемлекеттік қызмет көрсететін аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары

р/с №

Атауы

Орналасқан жері, байланыс деректері

1

2

3

1

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ

010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46-үй.тел. 8-7172-317139;dgsn_astana@mail.ru

2

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ

050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5.
тел. 8-727-382-35-15;
gorseu_almaty@mail.ru

3

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14 а.
тел. 8-7162-26-55-36;
akmolaugsn@rambler.ru

4

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ

030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Саңқыбай батыр даңғылы, 1. тел.: 8-7132-55-77-29
aktubses@inbox.ru

5

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ

040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85-А. тел. 8-7282-21-05-60; almobldkgsen@mail.online.kz

6

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ

060007, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А.
тел. 8-7122-35-40-39;
atyrses@mail.ru

7

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

070002, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 17. тел. 8-7232-76-59-87; ses_vko@mail.ru

8

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ

080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13.
тел. 8-7262-45-08-83;
zhambyldgsen@mail.ru

9

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

090001, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д. Нұрпейісова көшесі, 19. тел. 8-7112-51-27-66;
zko_dgsen@mail.online.kz

10

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2. тел. 8-7212-41-14-53;
karseu@mail.ru

11

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113.
тел. 8-7142-54-36-50;
kostdgsen@krcc.kz

12

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ

120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Чайковский көшесі, 10.
тел. 8(7242)237220; 23-81-46; kyzses@mail.ru

13

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
3 «В» шағын аудан, 46-үй. тел. 8-7292-50-19-09;
dgsen-aktau@topmail.kz

14

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ

140002, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, С. Торайғыров көшесі, 70/2.
тел. 7-7182-55-18-82;
pav_dgsen@rambler.ru

15

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 236.
тел. 8-7152-52-14-37;
факс 52-14-15;
skoses@mail.online.kz

16

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Д. Қонаев гүлзары, 27.
тел. 8-7252-39-02-69;
dgsen_uko_2011@mail.ru

17

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» ММ

010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2 а
тел.8 -7172-93-24-28;
gugsen@rambler.ru

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция 
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»     
мемлекеттік қызмет стандартына    
2-қосымша             

Мемлекеттік тіркелуге тиіс тауарлардың тізбесі

      1. Минералды су (табиғи асханалық, емдік-асханалық, емдік), сыйымдылыққа құйылған шөлмектегі ауыз су (оның ішінде балалар тамағында пайдалануға арналған), сергітетін сусындар, алкоголі аз өнімді қоса алғанда, алкоголь өнімі, сыра.
      2. Арнаулы тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тамағы өнімдері, жүкті және емізетін әйелдерге арналған өнімдер, диеталық (емдік және профилактикалық) тамақ өнімдері, спортшылардың тамақтануына арналған өнімдер (бұдан әрі – арнаулы тамақ өнімдері); тамаққа биологиялық белсенді қоспалар, тамаққа биологиялық белсенді қоспалар өндіруге арналған шикізат, органикалық өнімдер.
      3. Гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерді, оның ішінде генетикалық түрлендірілген микроорганизмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері.
      4. Тағамдық қоспалар, кешенді тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер, дәмді хош иістендіргіш заттар мен шикізат компоненттері ретіндегі өсімдік экстракттары, микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері және бактериялық ашытқылар, технологиялық қосымша заттар, оның ішінде ферментті препараттар.
      5. Косметикалық өнім; ауыз қуысы гигиенасы заттары мен бұйымдары.
      6. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары (тұрмыста, емдеу-профилактикалық мекемелерде және басқа да объектілерде (ветеринарияда қолданылатыннан басқа) қолдануға арналған).
      7. Тұрмыстық химия тауарлары.
      8. Әлеуетті кауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар).
      9. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған су дайындау материалдары, жабдық, құрылғы және басқа да техникалық құралдар.
      10. Балаларға және ересектерге арналған жеке гигиена заттары; үш жасқа дейінгі баланың қажетті заттары: балаларды тамақтандыру үшін пайдаланылатын ыдыстар мен бұйымдар, баланы гигиеналық күтуге арналған заттар; балаларға арналған киім (бірінші қабат).
      11. Тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бұйымдар (ыдыстан, асхана заттарынан, техникалық жабдықтан басқасы).

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция 
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»     
мемлекеттік қызмет стандартына    
3-қосымша              

нысан

________________________________Мемлекеттік органның атауы
___________________________________________Басшының Т.А.Ә.
_____________________________________өтініш иесінің Т.А.Ә.
____________________________________________жеке куәлігінің (төлқұжатының) №
____________________________________ұйымның атауы (ЖШС, ЖК)
_________________________________________________Мекенжайы, деректемелері (ЖСН/БСН)
__________________________өтініш иесінің байланыс телефоны

ӨТІНІШ

Сізден _____________________________________________________________________                           (өнімнің атауы)
__________________________________________________ мемлекеттік тіркеу  (қайта тіркеу) жүргізуді сұраймын.
                                                        Қолы
                                                     Күні, айы, жылы
      Қосымша (құжаттар көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды ,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция 
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»      
мемлекеттік қызмет стандартына     
4-қосымша               

Мемлекеттік қызмет алу үшін ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың тізбесі

р/с №

Құжаттар

Ұсыну тәсілі

1

2

3

Кеден одағының кедендік аумағында дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін

1

Өнім дайындауға негіз болатын дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттар (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер)

Көшірмелері

2

Дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің (өнім үлгісінің) оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы

Көшірмелері

3

Бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болғанда)

Көшірмелері

4

Өтініш беруші куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе олардың макеттері

Көшірмелері

5

Өтініш беруші куәландырған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері (белгісіз компоненттері, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін)

Көшірмелері

6

Үлгілер (сынамалар) алу актісі

Үлгілер (сынамалар) алу актісі туралы ақпарат бар мәліметтің нысаны

7

Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы

Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясының бар болуы туралы мәліметтер нысаны

8

Зерттеу (сынақ) хаттамалары, (гигиеналық сараптау актілері), ғылыми есептер, сараптамалық қорытындылар

Көшірмелері

Кеден одағының кедендік шекарасынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін

1

Мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған, оларды дайындауға негіз болатын құжаттар көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер)

Көшірмелері

2

Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы

Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясының бар болуы туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны

3

Бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болғанда)

Көшірмелері

4

Дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің (өнім үлгісінің) оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы

Көшірмелері

5

Өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері

Көшірмелері

6

Мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың түпнұсқалары немесе көшірмелері (белгісіз компоненттері, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін)

Көшірмелері

7

Мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған, препараттың токсикологиялық сипаттамасы туралы құжаттардың түпнұсқалары немесе көшірмелері (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғау және өсімдіктердің өсуін реттеушілер үшін)

Көшірмелері

8

Тағамға биологиялық белсенді қоспалар, тағамдық қоспалар, дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) құралы, косметикалық өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімдердің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында еркін айналымына рұқсат беретін, тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған құжаттың көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің жоқ екендігі туралы мәліметтер

Көшірмелері

9

Зерттеу (сынақ) хаттамалары (гигиеналық сараптау актілері), ғылыми есептер, сараптамалық қорытындылар

Көшірмелері

10

Мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған Кеден одағының кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерін әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері

Кеден одағының кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерін әкелуді растайтын құжаттардың бар болуы туралы мәліметтер нысаны

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция 
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»      
мемлекеттік қызмет стандартына    
5-қосымша              

Мемлекеттік қызмет алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Кеден одағының кедендік аумағында дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін:
      1. Үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің болуы туралы ақпарат:
      1) үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің нөмірі мен берілу күні _______;
      2) үлгілерді (сынамаларды) алу актісін берген органның атауы ________.
      2. Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы болуы туралы ақпарат:
      1) декларацияның нөмірі мен күні__________________________
      ______________________________________;
      2) дайындаушының (өндірушінің) атауы ________________________;
      3) дайындаушының (өндірушінің) елі___________________________;
      4) өнімнің (заттардың) атауы ___________________________.
      2. Кеден одағының кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін:
      1 Тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы болуы туралы ақпарат:
      1) декларацияның нөмірі мен күні______________________
      __________________________________________;
      2) дайындаушының (өндірушінің) атауы ________________________;
      3) дайындаушының (өндірушінің) елдің атауы__________________
      _____________________________________________;
      4) өнімнің (заттардың) атауы ___________________________.
      2. Кеден одағының кедендік аумағында бақылаудағы тауарлар үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттардың болуы туралы ақпарат:
      1) үлгілердің әкелінуін растайтын құжаттың атауы______________
      _________________________________________________;
      2) құжаттың нөмірі мен күні __________________________________;
      3) құжатты берген органның (ұйымның) атауы __________________;
      4) импорттаушы елдің атауы ___________________________________;
      5) өнімнің (заттардың) атауы_________________________________.

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция 
және дератизация құралдарын, сумен және
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды
әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу»     
мемлекеттік қызмет стандартына  
мемлекеттік қызмет стандартына  
6-қосымша            

Кесте. Сана және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен бастап тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)