Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 32-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдар тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестірілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 530 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестірілетін лауазымды адамдар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.28 № 1625 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.05.31 N 723, 2012.12.20 N 1647 Қаулыларымен.

Халықаралық ұйымдағы лауазымды адам

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде теңестірілетін лауазым

1

2

3

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева қаласындағы бөлімі (Женева қаласы, Швейцария Конфедерациясы)

1.

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - Бас директор

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)

2.

Жақсыбеков Әлім Амангелдіұлы - Қаржы департаментінің директоры

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті (Минск қаласы, Беларусь Республикасы)

3.

Тәшібаев Мұрат Сейітжанұлы - Қауіпсіздік және жаңа қыр көрсетулер мен қауіп қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары - бөлім бастығы

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1647 Қаулысымен.

4.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1647 Қаулысымен.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)

5.

Мансұров Тайыр Аймұхамбетұлы - Бас хатшы

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

6.

Малдыбаев Қазыбек Шәкербекұлы - Хатшылық департаменті директорының орынбасары

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі

Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)

7.

Халимов Мэлсат Исаевич - Департамент директорының орынбасары

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы (Пекин қаласы, Қытай Халық Республикасы)

8.

Қыдырбеков Әділ Сағымбекұлы – кеңесші

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

9.

Аққошқаров Нұрлан Советұлы – кеңесші

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

10.

Сейітов Сәкен Саламатұлы – референт

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі

11.

Сырлыбаев Болат Қадырұлы - референт

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі

12.

Рустамбеков Руслан Амангелдіұлы - референт

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Терроризмге қарсы өңірлік құрылымының атқарушы комитеті (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы)

13.

Жұманбеков Жеңісбек Мұхамедкәрімұлы - Директор

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

14.

Ауанасов Бахрам Жәйшібекұлы - аға сарапшы

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы

15.

Сүлейменов Берік Ерғалиұлы - референт

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің атташесі

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы (Тегеран қаласы, Иран Ислам Республикасы)

16.

Әділбекова Баян Сейдахметқызы - Директораттың директоры

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) (Анкара қаласы, Түркия Республикасы)

17.

Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы - Бас директор

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы)

18.

Тұмыш Қанат Қобландыұлы - Атқарушы директордың орынбасары

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі

19.

Шабарбаева Анеля Бақытбекқызы - Кәсіби персоналдың мүшесі

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы (Вена қаласы, Австрия Республикасы)

20.

Оразалин Руслан Аманболұлы - ЕҚЫҰ экономика-экологиялық қызмет жөніндегі үйлестірушісі офисінің қызметкері

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

20-1.

Демесінов Алмабек Мәлікұлы – Бюджеттен тыс жарналар бойынша аға қызметкер

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы (Варшава қаласы, Польша Республикасы)

21.

Сұлтанғожин Тимур Шәмілұлы - бағдарламалар офицері

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (Киев қаласы, Украина)

22.

Жарбосынова Мәдина Бинешқызы – Украинадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жобаларын үйлестіруші

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің хатшылығы (Стамбул қаласы, Түркия Республикасы)

23.

Сапарбекұлы Абзал – директор

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

24.

Мәжитов Асан Уәлиұлы – жоба менеджері

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы