Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 60 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
9. |
Аққошқаров Нұрлан Советұлы – кеңесші |
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі |
10. |
Сейітов Сәкен Саламатұлы – референт |
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:
«
20-1. |
Демесінов Алмабек Мәлікұлы – Бюджеттен тыс жарналар бойынша аға қызметкер |
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі |
»;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
21. |
Сұлтанғожин Тимур Шәмілұлы – бағдарламалар офицері |
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов