"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын.
Ескерту 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1391 қаулысымен.2. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін.
Ескерту 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1391 қаулысымен.3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 04.07.2018 № 407 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);13.05.2020 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1) "Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
2) "Энергетика және машина жасау" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
3) "Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
4) "Өмір туралы ғылым және денсаулық" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
5) "Мәңгілік Ел" ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
6) "Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
7) "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
8) "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.08.2019 № 607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің құрамы
5. Кеңестердің құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және 25 (жиырма бес) адамнан аспайтын мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңес құрамының кемінде үштен екісінің мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерге рұқсаты болуы тиіс.
6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Кеңес құрамын қалыптастыру үшін ұйымдар ғылым саласындағы уәкілетті органға кандидаттың осы Ереженің талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді көрсете отырып, еркін түрде жазылған түйіндемесін ұсынады.
Түйіндемедегі ақпараттың дұрыстығына кандидатты ұсынған ұйым жауап береді.
Кеңестер құрамына кандидаттар тізімдері ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурстарында жарияланады.
Ғылым саласындағы уәкілетті орган кеңестерді қалыптастыру кезінде кеңес мүшелерінің кеңестің бағытына жататын негізгі салаларға өкілдік етуін қамтамасыз етеді.
Кеңестің құрамына қосуға ұсынылған әрбір кандидаттың біліктілік саласы кеңестің бағытына сәйкес келуі тиіс.
7. Кеңестердің құрамдарына сайланатын Қазақстандық ғалымдар кеңес құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл бойы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын немесе қызметкерлері болған немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе жоғары оқу орындарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және олардың:
1) кеңес бағыты бойынша кемінде 10 (он) жыл ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі;
2) кандидатураны ұсынған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 3 (үш) Хирш индексі;
3) Web of Science базасының 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартиліне кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде кандидатураны ұсынған күнге дейін жарияланған кемінде 2 (екі) мақаласы болуы тиіс.
Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарға Хирш индексінің болуы туралы талап қолданылмайды. 7-тармақтың 3) тармақшасында белгіленген талаптың орнына гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарға қатысты кандидатураны ұсыну күніне соңғы 5 (бес) жыл ішінде Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланымның болуы ескеріледі.
Хирш индексінің және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда мақалалардың болуы туралы талап тиісті кеңеске қосуға ұсынылатын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қазақстандық ғалымдарға қолданылмайды.
8. Қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу осы Ереженің 7-тармағына сәйкес келетін кандидаттар арасынан ғылым саласындағы уәкілетті орган жасаған, өзінен өзі дәйексөз алу есепке алынбаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылдағы олардың жарияланымдарынан дәйексөздердің алыну саны бойынша сараланған тізімнің негізінде жүргізіледі.
Кеңестердің құрамдарына сараланған тізімге сәйкес дәйексөздер неғұрлым көбірек алынған ғалымдар іріктеледі. Қазақстандық ғалымдардың аталған екі халықаралық базаға сәйкес дәйексөздері болса, сараланған тізімді жасау кезінде дәйексөз алудың ең көбі ескеріледі.
Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарды іріктеу кезінде кеңестің құрамына кандидаттарды ұсынған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда көбірек жарияланымдары бар ғалымдар кеңестер құрамына кіреді.
Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдардың Хирш индексі болған жағдайда, жарияланымдарының санына қарамастан, Хирш индексі жоқ ғалымдар алдында кеңес құрамына кандидат ретінде артықшылықтары болады. Хирш индексі үлкен ғалымдар Хирш индексі аз ғалымдар алдында басымдыққа ие.
9. Әрбір кеңес құрамының 20% (жиырма процентінен) аспайтын бөлігі, бірақ кемінде бір мүшесі ағылшын тілін меңгерген және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 10 (он) Хирш индексі бар, ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдық бірлестіктер немесе дербес білім беру ұйымдары ұсынған шетелдік ғалымдар қатарынан қалыптастырылады.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі бар Қазақстан Республикасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінде және (немесе) дербес білім беру ұйымында немесе шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарында немесе жоғары оқу орындарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын шет мемлекеттердің азаматтары шетелдік ғалымдар болып саналады.
Шетелдік ғалымдарды кеңес құрамына енгізу туралы талап ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңеске қолданылмайды.
10. Әрбір кеңес құрамының кемінде 50% (елу проценті) ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы кеңестерді қоспағанда, кеңестің бағытына сәйкес келетін салаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар:
1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдар;
2) тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
3) Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері қызметкерлерінен қалыптастырылады.
11. Әрбір кеңестің құрамына:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) әрбір кеңес үшін аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын бір ұйымнан бір қызметкерден артық кірмейді.
12. Кеңестің жаңа құрамының бірінші отырысында осы Ереженің 29-тармағына сәйкес кворум болған жағдайда кеңеске қатысушы мүшелердің қарапайым көпшілік дауысымен ашық түрде дауыс беру арқылы кеңес төрағасы және кеңес төрағасының орынбасары сайланады.
Кеңестің төрағасы кеңестің құрамындағы кеңес ұсынатын қазақстандық ғалымдар болып табылатын кемінде 2 (екі) кандидатураның ішінен сайланады.
Кеңес төрағасының орынбасары кеңес мүшелерінің кеңес ұсынатын кемінде 2 (екі) мүшесінің кандидатурасының ішінен сайланады.
Кеңестің төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары өкілеттігінің мерзімі олар сайланған күннен бастап 1 (бір) жылды құрайды. Бір жыл өткеннен кейін кеңестің төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары қайта сайланады. Жұмыс істеп жатқан кеңес төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары бір реттен артық қайта сайлана алмайды.
13. Кеңес төрағасы оның қызметін басқарады, кеңестің жұмысын жоспарлайды және мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен және тұлғалармен кеңес қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау кезінде кеңестің атынан өкілдік етеді.
14. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
15. Әрбір кеңес үшін сараптама орталығы өз қызметкерлерінің арасынан отырыстарды ұйымдастыруға және хаттамаларды ресімдеуге жауап беретін кеңестің хатшысын белгілейді. Кеңестің хатшысы кеңестің мүшесі болып табылмайды және кеңес шешімдер қабылданған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
16. Кеңестердің мүшелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстарына жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі немесе орындаушысы ретінде қатыса алады, бірақ өздері қатысатын немесе үлестес адамдар қатысатын жобалар (бағдарламалар) бойынша бағалау және дауыс беру процесіне қатыспайды.
Кеңестің үлестес тұлғалары:
1) жақын туыстары – ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, аға-інісі мен әпке-сіңлісі, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері, жұбайы немесе зайыбы, жекжаттары;
2) кеңестің мүшесі еңбек қатынасында немесе олардан қаржылық немесе өзге де ресурстар алуды көздейтін басқа да қатынастарда тұрған және (немесе) кеңестің құрамына кандидат ретінде ұсынған ұйымдардың қызметкерлері;
3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде кеңестің мүшелерімен бірге мақалалар және шолулар жариялаған тең авторлар;
4) кеңес мүшесінің жетекшілігімен диссертация қорғаған жобаның жетекшісі немесе орындаушысы немесе кеңес мүшесінің ғылыми жетекшісі (консультанты) болып табылады.
17. Кеңес мүшелерін оның құрамынан шығару үшін негіздемелер:
1) кеңес мүшесінің кеңес құрамынан шығу ниеті туралы өтініші:
2) кеңес мүшесінің бір жыл ішінде кеңестің 3 (үш) және одан да көп отырыстарына дәлелсіз себеппен қатыспауы;
3) кеңес мүшесінің сараптама объектілері туралы ақпаратты жария етуі және (немесе) оны өз мүддесіне пайдалануы;
4) кеңес мүшесінің шешім қабылдаудан негізсіз жалтаруы;
5) кеңес мүшелерінің іс-әрекеттерінде ғылыми этиканы бұзу фактілерінің (плагиат, бұрмалау, жалған мәліметтерді қосу, жалған тең авторлық, өтінімдерден бөтен нәтижелерді иемдену, сараптама объектілерін толығымен немесе ішінара қайталау) болуы;
6) осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген мән-жайлардың туындауы, сондай-ақ тиісті мән-жайлардың туындауы туралы сараптама орталығына хабарлаудың белгіленген мерзімін бұзу;
7) осы Ереженің 49, 50 және 51-тармақтарында көзделген талаптарды бұзу;
8) кеңес мүшесінің оның құрамындағы одан арғы қызметіне кедергі келтіретін басқа да жағдайлар болып табылады.
Кеңестің мүшесі осы Ереженің 17-тармағының 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша кеңес құрамынан шығарылған жағдайда оның кандидатурасы жаңадан құрылатын келесі кеңестің құрамына енгізу үшін қайтадан ұсыныла алмайды.
Осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда кеңес мүшесі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама орталығына жазбаша хабарлама жібереді.
Осы Ереженің 17-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлардың туындауын мониторингтеуді сараптама орталығы жүзеге асырады.
Сараптама орталығы тиісті мән-жайлар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ғылым саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді.
Ғылым саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тиісті мән-жайлар анықталған кеңес мүшесін кеңестің шығарылған мүшесінің және оның кандидатурасын ұсынған ұйымның біліктілік саласын ескере отырып, осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін кандидатқа ауыстырады.
3. Кеңестердің міндеттері, функциялары және құқықтары
18. Кеңестердің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру;
2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландырудың нысандары мен көлемдерін айқындау;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру көлемдерін айқындау;
4) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңашылдығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалылығын, әзірлену дәрежесін, сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін бағалау;
5) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттарға қажеттіліктерін бағалау;
6) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру ұсынылатын іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;
7) жүргізілетін ғылыми зерттеулердің іске асырылу барысын, оның ішінде жергілікті жерге бара отырып мониторингтеу;
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде конкурстық өтінімдерді іріктеуге қатысу болып табылады.
19. Кеңестердің негізгі функциялары:
1) бағыттың атауын, бағытты таңдаудың негіздемесін, таңдалған бағытты іске асыру көлемін, экономикалық және әлеуметтік әсерін қамтитын гранттық қаржыландыру көлемін айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру көлемін айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемін айқындау және ғылым саласындағы уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органдар бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынған нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағыттың даму стратегиясын және (немесе) бағдарламасын, стратегиялық міндеттерді шешу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу тақырыптарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың түпкілікті нәтижесін, стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін ресурстарды, экономикалық және әлеуметтік әсерлер болжамын қамтитын ЖҒТК-ге ұсынымдар әзірлеу;
4) ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың гранттық қаржыландыруға ұсынған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша ЖҒТК-ге ұсынымдар әзірлеу;
5) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылу барысына және тиімділігіне мониторинг жүргізу қорытындылары бойынша шешім қабылдау;
6) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиісті бағыттары бойынша орындалатын ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдау;
7) жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, оның ішінде жергілікті жерлерге бара отырып жүргізілетін ғылыми зерттеулердің іске асырылу барысын мониторингтеуді, сондай-ақ ғылым саласындағы уәкілетті орган бекітетін ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылу барысын және нәтижелілігін мониторингтеу туралы ережеге сәйкес олар қабылдаған шешімдердің орындалуын мониторингтеуді (бұдан әрі – ғылыми зерттеулердің мониторингі) жүзеге асыру;
8) заңды тұлға таратылған/қайта ұйымдастырылған немесе дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, ғылыми жетекші жаңа жұмыс орнына ауысқан жағдайларда және заңнамада белгіленген басқа да жағдайларда жобаны немесе бағдарламаны ғылыми жетекшісінен және жобаны немесе бағдарламаны қабылдайтын субъектіден беруді келісудің ресми хаттарын қоса бере отырып, жобаны немесе бағдарламаны беретін субъектінің дәлелді өтініші негізінде жобаны немесе бағдарламаны басқа орындаушыға беру туралы шешім қабылдау;
9) ғылыми жетекшіні ауыстыру, ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың өтініші негізінде өтінімде көрсетілген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, орындаушы ұйымның дәлелді өтінішін қоса бере отырып, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша жиынтық есепке, жобалар мен бағдарламалар бойынша жасалған шарттардың күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау;
10) грант алушыны, жекеше әріптесті, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі жобалардың жетекшісін ауыстыру туралы шешім қабылдау, сондай-ақ орындаушы ұйымның дәлелді өтінішін қоса бере отырып, ғылым саласындағы уәкілетті органның өтініші негізінде жобаны іске асыру мерзімін және (немесе) грант сомасын өзгерту болып табылады;
20. Кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының салалық уәкілетті органдарымен, ғылыми ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік органдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін ақпараттық-талдамалық және анықтамалық деректер алуға;
3) ғылым саласындағы уәкілетті органға, салалық уәкілетті органдарға, ұлттық және салалық ғылым академияларына кадрлар даярлауды, қаржылық қамтамасыз етуді және ғылымның материалдық-техникалық базасын дамытуды қоса алғанда, ғылыми-техникалық даму жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және белгіленген тәртіппен енгізуге;
5) қосымша түсініктемелер беру үшін ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың немесе бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жетекшілері мен орындаушыларын отырыстарға шақыруға;
6) заңды тұлға таратылған/қайта ұйымдастырылған немесе дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, сондай-ақ жобаның ғылыми жетекшісі жаңа жұмыс орнына ауысқан жағдайда гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған шарт бойынша жұмыстарды орындаушыны ауыстыруға (жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және орындаушы ұйым басшысының ғылым саласындағы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға өтінішхаты болған жағдайда) рұқсат беруге;
7) ғылыми жетекшінің жұмыс орны өзгерген жағдайда гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған шарт бойынша ғылыми жетекші ретінде оның жұмысын жалғастыруға (ғылыми жетекшінің және орындаушы ұйым басшысының ғылым саласындағы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға өтінішхаты болған жағдайда) рұқсат беруге;
8) ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеңеске ұсынылған материалдарды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында консультациялар мен түсініктемелер алу үшін нақты ғылым саласы бойынша сарапшылар мен мамандарды тарта отырып мамандандырылған секцияларды құруға;
9) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімде көрсетілген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша күнтізбелік жұмыс жоспарын және жиынтық есепті түзетуге рұқсат беруге. Жобаларды және (немесе) бағдарламаларды орындаушының негіздемесі мен өтінішхаты болған кезде жиынтық есептің жалпы сомасын өзгертпей, қаржыландыру көлемін қысқарту, сондай-ақ шығыстар баптары арасында үнемдеудің пайда болу жағдайлары түзету үшін негіз болып табылады;
10) өтінінім беруші өтінімде көрсетілген бюджет қаражатынан сұралып отырған қаржыландыру көлемін бюджет қаражатынан сұралып отырған соманың 25% (жиырма бес процентінен) асатын сомаға негізделген қажеттіліктен асырғаны анықталған жағдайда жобаны немесе бағдарламаны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
11) егер кеңес сараптама объектісінің кеңес бағытына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаса, сараптама объектісі берілетін кеңес тарапынан келісім болған жағдайда басқа кеңестерге сараптама объектілерін қарастыруға беруге құқылы.
21. Ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығын, ғылыми-техникалық деңгейі мен перспективалылығын бағалауды осы Ереженің 18-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму басымдықтарына сәйкес келуін ескере отырып, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі – МҒТС) қорытындысы негізінде кеңестер жүргізеді.
22. Осы Ереженің 37, 38, 39-тармақтарына сәйкес сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалауды МҒТС қорытындысы негізінде кеңестер жүргізеді.
4. Кеңестер қызметін ұйымдастыру
23. Кеңестер қызметінің негізгі нысаны олар қабылдайтын шешімдердің жариялылығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін кеңестің ашық отырысы болып табылады.
24. Кеңестердің отырыстары кеңестердің мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция арқылы өткізіледі.
Отырысқа жеке қатысу мүмкін болмаған жағдайда кеңес мүшесі кеңес хатшысына хаттаманы ресімдеу үшін қойылған балдары бар бағалау парағын ұсына отырып, интернет-ресурстарды пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде кеңес отырысына қатысады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары туралы шешім қабылдау және гранттық қаржыландырудың көлемін айқындау үшін кеңестердің отырыстарына кеңестердің шақыруымен өтінім берілген жобаларды таныстыру үшін грантқа өтінім берушілер қатыса алады.
25. Кеңестердің отырыстары кеңестердің жұмыс жоспары мен отырыстарының кестесіне сәйкес, бірақ жылына кемінде 2 (екі) рет өткізіледі.
26. Кеңестер жыл сайын бірінші отырыста кеңестердің жылдық жұмыс жоспарын және отырыстарының кестесін ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Кеңестердің жылдық жұмыс жоспарына және отырыстарының кестесіне өзгерістер ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, бірақ жылына 2 (екі) реттен асырмай енгізіледі.
27. Кеңестер отырысының күн тәртібін сараптама орталығы қалыптастырады және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен бірге отырыстың басталуына дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен, жедел жағдайда күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей кеңестер мүшелеріне жібереді.
Кеңес отырысын шақыруды және кворумды қамтамасыз етуді сараптама орталығы кеңестердің әрбір мүшесіне электронды пошта арқылы ресми жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырады.
28. Барлық қаралатын мәселелер бойынша кеңестер отырыстары күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
29. Егер отырыста кеңес төрағасын және (немесе) кеңес төрағасының орынбасарын қоса алғанда кеңес мүшелерінің, оның ішінде отырысқа интернет-ресурстарды пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде қатысқан кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі болса, кеңес отырысы заңды болып табылады.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын мәселелер қаралған жағдайда отырыста мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, кеңес отырысы заңды болып табылады. Бұл жағдайда кеңестер отырыстары кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы ғана өткізіледі.
30. Қажет болған жағдайларда, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша толық мәліметтер болмаған кезде кеңестер сараптама орталығынан қосымша түсініктемелер, негіздемелер мен ақпарат сұратады. Сараптама орталығы жауапты 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.
31. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды конкурстық іріктеу бойынша кеңестердің отырыстарындағы мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын кеңес "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12775 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларына және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 ақпандағы № 12974 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қарайды.
32. Кеңес отырыстарының хаттамалары ресімделеді және оған кеңестің отырысына қатысқан барлық мүшелер отырысты өткізу аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды және ол мыналарды қамтуы тиіс:
1) кеңестің толық атауы және құрамы;
2) отырысты өткізуді бастау және аяқтау күндері;
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
4) отырыстың күн тәртібі;
5) отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық талқылаулар;
6) дауыс беруге қойылған мәселелер және кеңес отырысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері көрсетілген олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
7) қабылданған шешімдер және қорытынды мен осы Ереженің 37-тармағына сәйкес сараптама объектілерінің сараланған тізімі және осы Ереженің 39-тармағына сәйкес сараптама объектілерін қаржыландыру көлемі туралы шешімдер қоса берілген олардың негіздемелері;
8) кеңестер шешімі бойынша өзге де мәліметтер.
Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша кеңес мүшелерінің ерекше пікірі болған кезде кеңестердің хатшылары хаттамаға тиісті жазба енгізеді.
33. Кеңестердің отырысы сараптама орталығының интернет ресурсында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі және бейнежазбаға түсірілуі тиіс. Кеңес отырысының бейнежазбасы 2 (екі) данада сақталады, біріншісі кеңес отырысы аяқталғаннан кейін ғылым саласындағы уәкілетті органға беріледі, екіншісі сараптама орталығына жіберіледі. Кеңес отырыстарының хаттамалары, аудио және бейне жазбалары сараптама орталығында белгіленген тәртіппен сақталады.
34. Кеңестердің жылдық жұмыс жоспары және жұмыс кестесі туралы ақпарат ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.
35. Бір жылдық жұмыс нәтижелері бойынша кеңестер онлайн-конференция өткізеді және қызметі туралы презентацияны қоса бере отырып, еркін нысанда жазбаша түрде есеп береді, ол сараптама орталығының интернет-ресурсында жарияланады.
5. Кеңестердің шешімдері
36. Кеңестер республикалық бюджет қаражаты есебінен:
1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың жобалары мен бағдарламаларын;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
3) Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;
4) инновациялық жобаларды;
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдерді ғана қабылдайды.
37. Осы Ереженің 36-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген объектілер (бұдан әрі – объектілер) бойынша кеңестер шешімдерін кеңестер мүшелері сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалауды қамтитын МҒТС қорытындысы негізінде, қағаз тасымалдағышта бағалау парағындағы әр өтінім үшін әр бағалау өлшемшарты бойынша кеңестің балл қоюы жолымен және (немесе) сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес – ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға ұсынылған жобалар үшін;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған бағдарламалар үшін.
Кеңес мүшелері қойған балдардың негізінде кеңестің қорытынды пікірін көрсететін әр өлшемшарт бойынша орташа балды қосу нәтижесі ретінде әр өлшемшарт бойынша орташа балл және әр өтінім бойынша кеңестің орташа балы айқындалады.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша кеңестің жалпы балының 10 (он) балынан кем жинаған өтінімдер әрі қарай қаралмайды.
Әр өтінім бойынша кеңестің қорытындысы:
1) ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға ұсынылатын жобалар үшін – осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес;
2) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылатын бағдарламалар үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
38. Әрбір объект бойынша кеңестің шешімі МҒТС нәтижелері бойынша бағалау балын және кеңестің қорытындысына сәйкес жалпы балын қосу жолымен алынған қорытынды балл негізінде қабылданады. МҒТС нәтижесінде белгіленген қаржыландыру сомасы нұсқаларының бірі, егер оны бағалау процесінде кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің көпшілігі көрсеткен болса, тиісті негіздемемен объектіні қаржыландыру көлемі ретінде айқындалады.
Объектілер қорытынды балдың үлкен мәнінен кіші мәніне кему тәртібімен объектілерді орналастыра отырып, қорытынды балдың негізінде сараланған тізім түрінде ресімделеді. Қаржыландырудың жиынтық көлемі тиісті жылдарға арналған ЖҒТК шешімімен көзделген осы бағытқа қаржыландырудың жалпы көлемінен аспайтын ең жоғары балдары бар объектілер қаржыландыруға мақұлданған болып саналады.
Қаржыландырылуы мақұлданған объектілердің соңғысы шекті сызықты – қорытынды балдың мәнін құрайды. Шекті сызықтан төмен балл алған объектілер кері қайтарылуға жатады.
39. Кеңестердің әр объектінің қаржыландыру көлемі туралы шешімдері осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес объектінің атауы, қаржыландырудың жалпы көлемі мен жылдар бойынша қаржыландыру сомалары, өтінім берушінің өтінімде сұраған сомасымен салыстырғанда қаржыландыру көлемдерін азайтудың негіздемесі көрсетіле отырып (қаржыландыру көлемдері азайған жағдайда), хаттамаға қосымшамен ресімделеді.
Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру көлемін азайту кезінде кеңес МҒТС қорытындысын басшылыққа алады және қаржыландыру сомасын өтінім беруші өтінімде сұратқан соманың 25% (жиырма бес процентінен) артық азайта алмайды.
Өтінім берушінің негізделген қажеттілікті бюджет қаражатынан сұратып отырған қаржыландыру көлемін өтінімде көрсетілген бюджет қаражатынан сұралып отырған соманың 25% (жиырма бес процентінен) асатын сомаға асырғаны анықталған жағдайда кеңес объектіні қабылдамау туралы шешім қабылдайды және объект сараланған тізімге енгізілмейді.
40. Кеңестердің осы Ереженің 36-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген объектілер бойынша шешімдерін кеңестердің мүшелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптаудың жиынтық қорытындысы негізінде осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағыштағы бағалау парағына және (немесе) сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы әр өтінім үшін әр бағалау өлшемшарты бойынша балл қою жолымен жеке қабылдайды.
Кеңес мүшелері қойған балдардың негізінде әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл және әрбір өтінім бойынша жалпы балл кеңестің қорытынды пікірін және сараптаманың жиынтық қорытындысының қорытынды балын көрсететін әрбір өлшемшарт бойынша орташа баллдарды қосу нәтижесі ретінде айқындалады. Әр өтінім бойынша кеңестің қорытындысы осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру көлемі азайған кезде кеңес жиынтық қорытындыны басшылыққа алады және өтінім беруші өтінімде сұратқан соманың 25% (жиырма бес процентінен) артық азайта алмайды.
Егер кеңес коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру сомасын өтінім беруші өтінімде сұратқан соманың 25% (жиырма бес процентінен) артық азайту туралы шешім қабылдаса, жоба қабылданбайды және сараланған тізімге енгізілмейді.
Әрбір коммерцияландыру жобасы бойынша шешімді кеңестер жоба бойынша сараптаманың (технологиялық және экономикалық (маркетингтік)) жиынтық қорытындысының балдарын және кеңестің орташа балын қосу арқылы алынған сараланған жиынтық балдың және кеңестің толық көлемде қаржыландыру немесе қаржыландыруды қысқарту жөніндегі ұсынымдары негізінде қабылдайды.
41. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде аралық және қорытынды есептерді қабылдау туралы кеңестің шешімдері МҒТС қорытындысы және мониторинг актілері (бар болған жағдайда) есепке алына отырып, кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде есептерді қабылдау туралы кеңестің шешімдері:
1) аралық есептер үшін – мониторинг актісі (бар болған жағдайда);
2) қорытынды есептер үшін – МҒТС қорытындылары және мониторинг актілері (бар болған жағдайда) есепке алына отырып, кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
42. Қаржыландыруды бөлумен байланысты емес мәселелер бойынша кеңес шешімдері кеңес отырысына қатысатын кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Кеңестердің көрсетілген шешімдері кеңес төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
43. Кеңестер қабылдаған шешімдерді сараптама орталығы хаттамадан үзінділер түрінде ғылым саласындағы уәкілетті органға және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттарды ұсыну бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты заңды тұлғаға және қажет болған жағдайда салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді.
44. Кеңестердің шешімдерін ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
45. Кеңестер өздері қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
46. Әрбір мақұлданған өтінімге бөлінген қаражат көлемі туралы мәліметтер конкурс жариялаған уәкілетке органның немесе салалық уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
47. Кеңестер қабылдаған барлық шешімдер шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ғылым саласындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Гранттық қаржыландыру туралы шешімдерді ұлттық ғылыми кеңес шығарады және конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекітеді.
6. Кеңестер мүшелеріне сыйақылар беру
48. Нақты жобаға, бағдарламаға (олар бойынша есепке) сараптама, ғылыми жұмыстардың орындалуына мониторинг жүргізгені үшін сыйақыны, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді сараптама орталығы республикалық бюджет қаражатынан жүргізеді.
7. Кеңестер мүшелерінің жауапкершілігі
49. Кеңестердің мүшелері кеңестерді күн тәртібіндегі нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы хабардар етеді және кеңестер қабылдайтын әрбір белгіленген бағалау өлшемшарты бойынша шешімдердің объективтілігі мен негізділігіне жауапты болады.
50. Кеңестердің мүшелері:
1) өзінің міндеттерін тиісінше орындайды және ұсынылған материалдарды уақтылы және сапалы қарау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
2) қабылданған шешімге қатысты дәлелді негіздемені ұсынады;
3) өздеріне толық және дәйекті ақпарат беруді талап етеді, өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қатысты деректерді жасыруға және бұрмалауға жол бермейді;
4) қызметті жүзеге асыру кезінде ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне қарсы, оның ішінде өздеріне белгілі болған фактілер туралы сараптама орталығын хабардар ету арқылы әрекет етеді;
5) шешімдер қабылдаған кезде қоғамдық пікірдің ықпалынан, тараптардың біріне немесе үшінші тұлғаға бейілділіктен аулақ болады;
6) мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
7) қызмет процесінде кеңестің басқа мүшелерінің, өтінім берушілердің, сарапшылардың ар-намысына нұқсан келтіретін дөрекі, ғайбат сөздерді, айыптауларды қолданбайды;
8) басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзуға алып келетін немесе басқа адамдардың ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіретін өзге де іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамайды;
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қарау кезінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнама талаптарын қамтамасыз етеді;
10) осы Ереженің негізінде өздерін кеңестердің құрамына қосуға негіз болған объективті мәліметтерді бермегені немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтайды және кеңестердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық белгілері бар фактілер туралы сараптама орталығына хабарлайды;
12) қарастырылатын сараптама объектілеріндегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және осы ақпаратты кеңестің функцияларын жүзеге асырудан өзге мақсаттарда қолданбайды.
51. Кеңес мүшелері мынадай:
1) объектінің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болған;
2) соңғы үш жылда бірлескен авторлықты қоса алғанда, жоба авторы мен бірлескен жарияланымдары бар болған, өтінім дайындауға тікелей қатысқан, зерттеулердің нәтижелері және осы нәтижелерді қолдану бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлаған;
3) соңғы үш жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының тікелей жетекшісі болған, оның қарамағында болған немесе оған консультациялық қызмет көрсеткен;
4) ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысы жұмыс істейтін ұйымда жұмыс істеген;
5) осы Ереженің 16-тармағына сәйкес үлестес болған жағдайларда нақты ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны қараудан бас тартады және отырыс залынан шығады не кеңес мүшесі отырысқа нақты уақыт режимінде қатысып отырса, желіден өшіріледі.
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 1-қосымша |
|
Нысан |
Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша өтінімді бағалау парағы _________________________________________________________________________________ (ЖТН және объект атауы)
1. Ғылыми жобаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл.
Р/с | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балл* | Кеңес мүшесінің бағасы, балл |
1. | Қойылған міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әдістемелік тәсілдер деңгейін көтеруге арналған зерттеулердің өзектілігі |
3 балға дейін, мұндағы: | |
2. | Ғылыми ұйымдар және олардың ұжымы, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігіне арналған зерттеу нәтижелеріне әсер ету деңгейі |
3 балға дейін, мұндағы: | |
3. | Жобаның әзірлену деңгейі, яғни мәлімделген параметрлерге сәйкес зерттеулерді орындау үшін орындаушыда алғышартының болуы |
3 балға дейін, мұндағы: | |
4. | Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, яғни коммерцияландыру немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге ретте қолданылуға дайындық деңгейі |
3 балға дейін, мұндағы: | |
5. | Жобаның бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған зерттеулерді мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері және орындаушылар құрамы (ұқсас зерттеулер жүргізу кезінде) бойынша қайталауы |
3 балға дейін, мұндағы: | |
Жалпы балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі _________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
_______________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.)
* – Балдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ережесіне сәйкес сараптама орталығы ұсынған өтінімдер, МҒТС қорытындылары және өзге де материалдардың негізінде сарапшылар өздерінің кәсіби пікірлеріне сүйеніп жеке айқындайды.
1. Ғылыми жобаны қаржыландыру көлемі
Р/с | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||||
Өтінім беруші сұраған сома | Бағаның негізділігін бағалаумен бекітілген, МҒТС сарапшыларының пікірі | ҰҒК мүшесінің ұстанымы (МҒТС-ның бір нұсқасын көрсету) | ||||
1-сарапшы | 2-сарапшы | 3-сарапшы | ||||
1. | Барлығы (жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңіне) | |||||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі ___________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
_______________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.)
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 2-қосымша |
|
Нысан |
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімді бағалау парағы
___________________________________________________________________________________________________ (ЖТН және объект атауы)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл.
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балл* | Кеңес мүшесінің бағасы, балл |
1. | Мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген Қазақстан Республикасы ауқымында әлеуметтік-экономикалық даму мақсатында міндеттерді зерттеу нәтижесінде шешілетін мәселенің өзектілігі |
3 балға дейін, мұндағы: | |
2. |
Экономика саласы, қоғамдық қатынастар және (немесе) ғылым саласына сай келетін зерттеу нәтижелерінің әсер ету деңгейі |
3 балға дейін, мұндағы: | |
3. |
Жобаның/бағдарламаның әзірлену деңгейі, яғни мәлімделген параметрлерге сәйкес зерттеулерді орындау үшін орындаушыда алғышартының болуы |
3 балға дейін, мұндағы: | |
4. | Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, яғни коммерцияландыру немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге ретте қолданылуға дайындық деңгейі |
3 балға дейін, мұндағы: | |
5. | Бағдарламаның бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған зерттеулерді мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері және орындаушылар құрамы (ұқсас зерттеулер жүргізу кезінде) бойынша қайталауы |
3 балға дейін, мұндағы: | |
Жалпы балл (бағалау өлшемшарты бойынша балл сомасы) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі ___________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
________________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.)
* – Балдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ережесіне сәйкес сараптама орталығы ұсынған өтінімдер, МҒТС қорытындылары және өзге де материалдардың негізінде сарапшылар өздерінің кәсіби пікірлеріне сүйеніп жеке айқындайды.
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру көлемі
Р/с № | Көрсеткіш | Бағдарламаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||||
Өтінім беруші сұраған сома | Бағаны негіздеу бағалауымен бекітілген, МҒТС сарапшыларының пікірі | ҰҒК мүшесінің ұстанымы (МҒТС-ның бір нұсқасын көрсету) | ||||
1-сарапшы | 2-сарапшы | 3-сарапшы | ||||
1. | Барлығы (жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңіне) | |||||
1.1. | 20___ жыл (1- жыл) | |||||
1.2. | 20___ жыл (2- жыл) | |||||
1.3. | 20___ жыл (3- жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі ___________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
________________________________
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.)
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 3-қосымша |
|
Нысан |
"___________________________________________________" ұлттық ғылыми кеңесі
(Ұлттық ғылыми кеңестің атауы)
Гранттық қаржыландыру бойынша өтінімге №__________ "_____" _______________ жылғы қорытынды___________________________________________________________________________________________________ (ЖТН және объект атауы)
1. Ғылыми жобаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін – 19 балл).
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Орташа балл* |
1. | Қойылған міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әдістемелік тәсілдер деңгейін көтеруге арналған зерттеулердің өзектілігі | |
2. | Ғылыми ұйымдар және олардың ұжымы, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігіне арналған зерттеу нәтижелерінің әсер ету деңгейі | |
3. | Жобаның әзірлену деңгейі, яғни мәлімделген параметрлерге сәйкес зерттеулерді орындау үшін орындаушыда алғышартының болуы | |
4. | Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, яғни коммерцияландыру немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге ретте қолданылуға дайындық деңгейі | |
5. | Жобаның бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған зерттеулерді мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері және орындаушылар құрамы (ұқсас зерттеулер жүргізу кезінде) бойынша қайталауы | |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері бағаларының қорытындысы бойынша ортақ балл |
* – Әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл кеңес мүшесінің әрқайсысы өлшемшартқа сәйкес қойған балдардың орташа мәні болып анықталады
Қосымша өлшемшарт:
1. | Жеке сектор тарапынан немесе жобаның ғылыми нәтижелерін басқа да тұтынушылар тарапынан қоса қаржыландырудың болуы (тек қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін) | Жобаның жалпы құнының әрбір 5% қоса қаржыландыру есебінен 1 балл, бірақ жиынтығы 4 балдан аспауға тиіс | |
Қорытынды балл |
1. Ғылыми жобаны қаржыландыру көлемі
Р/с | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||
Өтінім берушінің сұраған сомасы | ҰҒК шешімі | Негіздеме | ||
1. | Барлығы (20___ - 20___ жж.) | |||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы ___________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
________________________________
(ҰҒК төрағасының Т.А.Ә.)
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдауда белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы _____________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
______________________________**
(ҰҒК хатшысының Т.А.Ә.)
** – Әрбір параққа Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы қоюға тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 4-қосымша |
|
Нысан |
"__________________________________________________________________________"
ұлттық ғылыми кеңесі (Ұлттық ғылыми кеңестің атауы) Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімге №__________ "_____" _______________ жылғы қорытынды
___________________________________________________________________________________________________ (ЖТН және объект атауы)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның мазмұны
Ең жоғары қорытынды балл – 15 балл (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін 19 балл).
Р/с № | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Орташа балл* |
1. | Мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген Қазақстан Республикасы ауқымында әлеуметтік-экономикалық даму мақсатында міндеттерді зерттеу нәтижесінде шешілетін мәселенің өзектілігі | |
2. | Экономика саласы, қоғамдық қатынастар және (немесе) ғылым саласына сай келетін зерттеу нәтижелерінің әсер ету деңгейі | |
3. | Жобаның/бағдарламаның әзірлену деңгейі, яғни мәлімделген параметрлерге сәйкес зерттеулерді орындау үшін орындаушыда дайындаманың болуы | |
4. | Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, яғни коммерцияландыру немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге ретте қолданылуға дайындық деңгейі | |
5. | Бағдарламаның бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған зерттеулерді мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері және орындаушылар құрамы (ұқсас зерттеулер жүргізу кезінде) бойынша қайталауы | |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері бағаларының қорытындысы бойынша ортақ балл |
* – Әрбір өлшемшарт бойынша орташа балл кеңес мүшесінің әрқайсысы өлшемшартқа сәйкес қойған балдардың орташа мәні болып анықталады
Қосымша өлшемшарт:
1. | Жеке сектор тарапынан немесе жобаның ғылыми нәтижелерін басқа да тұтынушылар тарапынан қоса қаржыландырудың болуы (тек қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін) | Жобаның жалпы құнының әрбір 5% қоса қаржыландыру есебінен 1 балл, бірақ жиынтығы 4 балдан аспауға тиіс | |
Қорытынды балл |
1. Бағдарламаның қаржыландыру көлемі
Р/с | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||
Өтінім берушінің сұраған сомасы | ҰҒК ұсынған сома | Негіздеме | ||
1. | Барлығы (20___ - 20___жж.) | |||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы
___________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
________________________________
(ҰҒК төрағасының Т.А.Ә.)
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдаудағы белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы
_____________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
____________________________**
(ҰҒК хатшысының Т.А.Ә.)
** – Әрбір параққа Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы қол қоюға тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 5-қосымша |
|
Нысан |
Ұлттық ғылыми кеңес отырысының хаттамасына __________________________________________________________ (ҰҒК атауы) №_________ қосымша Конкурсқа ұсынылған объектілерді қаржыландыру көлемі _________________________________________________________________________________ (конкурстың және оны жарияланған органның аты)
Р/с | Объектінің ЖТН-ы* | Өтінім беруші | Қаржыландыру көлемі, мың теңге | |||||||
Мәлімделгені, барлығы | ҰҒК қолдағаны, барлығы | Соның ішінде, жылдар бойынша мың теңге | ||||||||
Бірінші жыл | Негіздеме (баптар бойынша, қысқартылған шығындарды көрсету арқылы) | Екінші жыл | Негіздеме (баптар бойынша, қысқартылған шығындарды көрсету арқылы) | Үшінші жыл | Негіздеме (баптар бойынша, қысқартылған шығындарды көрсету арқылы) | |||||
1. | ||||||||||
2. | ||||||||||
3. | ||||||||||
Барлығы |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы
______________________________
(ҰҒК төрағасының Т.А.Ә.)
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдауда белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы ____________________________________________**
(ҰҒК хатшысының Т.А.Ә.)
* – Ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беру кезінде берілетін МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі
** – Әрбір параққа Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы қол қоюға тиіс
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 6-қосымша |
|
Нысан |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша өтінімді бағалау парағы ____________________________________________________________ (Объект атауы)
Ең жоғары балл – 30 балл.
Р/с | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балдар | ҰҒК мүшесінің бағалауы |
1. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің мәлімделген жоба мақсатына сәйкестігі |
5 балға дейін, мұндағы: | |
2. | Ұсынылатын жоба бойынша бұрын өтініш беруші жүргізген зерттеу жұмыстарының сапасын бағалау |
5 балға дейін, мұндағы: | |
3. | Жобаны іске асыру шеңберінде зияткерлік меншік объектісіне құқықты беру туралы мәміле жасасу жоспарланған ба |
5 балға дейін, мұндағы: | |
4. | Экономикалық тиімділігі |
5 балға дейін, мұндағы: | |
5. | Қоса қаржыландыру деңгейі |
5 балға дейін, егер қоса қаржыландырудың сұралған гранттық сомаға қатынасы: | |
6. | Жобаны іске асыру шеңберінде өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді болжамды сату нарығының географиясы |
5 балға дейін, мұндағы: | |
Жалпы балл (балл бағалау өлшемшарттарына сәйкес) |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі
___________________________________________
(ҰҒК атауы)
(ҰҒК мүшесінің Т.А.Ә.).
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге 7-қосымша |
|
Нысан |
Ұлттық ғылыми кеңес "__________________________________________________________________________"
(Ұлттық ғылыми кеңес атауы)
Қорытынды №__________ "_____" _______________ жыл ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша өтінім
____________________________________________________________________________ (Нысан атауы)
Ең жоғары балл - 102 балл.
Р/с | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Жалпы балл |
1. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің мәлімделген жоба мақсатына сәйкестігі | |
2. | Ұсынылатын жоба бойынша бұрын өтініш беруші жүргізген зерттеу жұмыстарының сапасын бағалау | |
3. | Жобаны іске асыру шеңберінде зияткерлік меншік объектісіне құқықты беру туралы мәміле жасасу жоспарланған ба | |
4. | Экономикалық тиімділігі | |
5. | Қоса қаржыландыру деңгейі | |
6. | Жобаны іске асыру шеңберінде өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді болжамды сату нарығының географиясы | |
Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша қорытынды баға |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобасын қаржыландыру көлемі
№№ | Көрсеткіш | Жобаны қаржыландыру көлемі, мың теңге | ||
Өтінім берушінің сұраған сомасы | ҰҒК ұсынған сома | Негіздеме | ||
1. | Барлығы (20___ - 20___ жж.) | |||
1.1. | 20___ жыл (1-жыл) | |||
1.2. | 20___ жыл (2-жыл) | |||
1.3. | 20___ жыл (3-жыл) |
Ұлттық ғылыми кеңес төрағасы
__________________________________________________________________
(ҰҒК атауы)
(ҰҒК төрағасының Т.А.Ә.)
"Қосымшаның дұрыстығын және шешім қабылдаудағы белгіленген рәсімдердің сақталғанын растаймын".
Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы ____________________________________________
(ҰҒК атауы)
(ҰҒК хатшысының Т.А.Ә.)
** – Әрбір параққа Ұлттық ғылыми кеңес хатшысы қол қоюға тиіс