"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 569 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 қаулысымен

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды тұлғалардың тізбесінде:

      мына:

      "

Әділет министрлігі "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры

Әділет министрі


Әкімшілік Басшысы

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры

Әділет министрі


Әкімшілік Басшысы

      "

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      19-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев