Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.10.2023 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының |
| Премьер-Министрі А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 290 қаулысына қосымша |
|
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.