РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығын қараңыз.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 318 қаулысымен
бекітілген
Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1424 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау тәртiбi айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсімін өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
2) өтініш беруші – аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) ұшуға жарамдылық – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі.
3. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын және аса жеңiл авиацияның бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау үшiн коммерциялық емес тиiстi ұйымдар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн тексеру бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi – техникалық комиссия) құрады.
Техникалық комиссияның құрамына білікті, әуе кемелерін пайдалануда кемінде бес жыл практикалық тәжірибесі бар техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынау және басқа да ұйымдар басшыларының келісімі бойынша осы ұйымдардың мамандары кіреді.
2. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын
сертификаттау
5. Сертификаттау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiм бередi. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының сәйкестiк куәлiгiнiң немесе үлгi сертификатының көшiрмесi;
аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) пайдалану-техникалық құжаттамасын сараптау және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын айқындау;
3) шешiм қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
Пайдалану құжаттамасын сараптау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті орган өтінімнің көшірмесін күнтізбелік бес күн ішінде техникалық комиссияға береді.
Өтініш беруші пайдалану құжаттамасына және аса жеңiл авиацияның әуе кемесіне техникалық комиссия мүшелерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Техникалық комиссия күнтізбелік 20 күн ішінде пайдалану құжаттамасын сараптау және аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
6. Пайдалану құжаттамасын сараптау және аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша техникалық комиссия осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес үш данада аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы акт (бұдан әрі – акт) жасайды. Актінің бір данасы уәкілетті органнан өтінімнің көшірмесі алынған күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, екінші данасы өтініш берушіге беріледі, үшінші данасы әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымда қалады.
7. Техникалық комиссия берген акт ұшуға жарамдылық сертификатын беруге немесе беруден бас тартуға негіз болады.
8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган актінің оң қорытындысы мен ұсынылған құжаттар негізінде өтініш берушіге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын береді.
9. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беруден бас тартылған болса, қайтадан берілген өтінімді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны беруден бас тартудың себептері жойылған жағдайда қарастырады.
10. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру мерзімі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
11. Ұшуға жарамдылық сертификаты бір жыл мерзімге беріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
12-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1424 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
12. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
3. Ұшуға жарамдылық сертификатын тоқтата тұру және қайтарып алу
13. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген аса жеңiл авиацияның әуе кемелері ұшуға жарамдылығын қолдауға қатысты тексерілуге тиіс. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздіктері анықталған жағдайда, ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрады, аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздіктері жойылғанға дейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аса жеңiл авиацияның әуе кемесін пайдаланылуға тыйым салады, уәкілетті орган сәйкессіздік анықталған кезден бастап бұл туралы дереу пайдаланушыға және әуе қозғалысын басқару органына ұшуға жарамдылық сертификатының тоқтатыла тұруы туралы хабарлайды.
Тоқтата тұрған күннен бастап алты ай ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда, ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынады. Сертификатты қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде уәкілетті орган пайдаланушыны хабардар етеді.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемесін пайдаланушы өзі хабардар болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын уәкілетті органға қайтарады.
4. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын беру
14. Бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, өтініш беруші еркін нысанда өтініш берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұшуға жарамдылық сертификаты телнұсқа беру арқылы ауыстырылуға тиіс.
15. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы өтiнiшке сертификаттың бүліну немесе жоғалу (ұрлану) фактісінің сипаттамасын қоса беруі қажет.
Аса жеңiл авиация саласында
сертификаттау қағидасына
1-қосымша
ӨТІНІМ
1. Тiзiлiмге ____ ж. «___» ____ № ___ енгiзiлген аса жеңiл авиацияның
әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық сертификатын берудi сұраймын:
Түрi ________________________________________________________________
Әуе кемесiнiң мақсаты _______________________________________________
1.1. Әуе кемесiнің сериялық (зауыттық) нөмiрi _______________________
1.2. Әуе кемесi жасалған күн ________________________________________
1.3. Жасап шығарушының атауы ________________________________________
1.4. Жасап шығарушы мемлекет ________________________________________
1.5. Үлгi сертификаты (немесе балама құжат):
№ ___________________________, берiлген күнi
2. Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер:
2.1. Мекенжайы ______________________________________________________
2.2. Телефоны ____________________ Факсы ____________________________
2.3. Электронды поштасының мекенжайы (бар болса) ____________________
2.4. Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) ________________________________
2.5. Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БИН) ______________________________
2.6. Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________________
2.7. Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы _________________________________________________
Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
3. ӘК данасының орналасқан жерi _____________________________________
4. Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi мен жерi ___________________________
5. Әуе кемесiнiң ұшуы
пайдалану басталғаннан бері: ______ сағ. ____ соңғы _____________ жыл
соңғы жөндеуден кейiн: ____________ сағ. ____ соңғы _____________ жыл
6. Жөндеуге дейiн қалған ресурс: __ сағ. ____ соңғы _____________ жыл
7. Массасы, кг ________________ Орталықтандыру, % ___________________
8. Техникалық жай-күйін бағалау актiсi бекiтілген күн _______________
9. Техникалық байқауды кiм жүргiздi _________________________________
10. Әуе кемесiн жетiлдiрудi, өзгертудi орындаған ұйым, орындау күнi
_____________________________________________________________________
11. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсы _________________
_____________________________________________________________________
12. Пошталық мекенжайы: _____________________________________________
М.О. ________________________________
(лауазымы)
Аса жеңiл авиация саласында
сертификаттау қағидасына
2-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның лауазымды
адамы
_____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы «___» ____________
Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнiң пайдалануға
жарамдылығы туралы бағалау
АКТIСI
________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
20__ жылғы «___» ______________ _____ № ____________ бұйрығына сәйкес
мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға:
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Комиссия мүшелерi:
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
_____________________________________________________________________
(ӘК түрі, тіркеу нөмірі, сериялық нөмірі)
әуе кемесінің пайдалану құжаттамасын сараптауды және ұшуға
жарамдылығын бағалауды жүргiздi.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемесінің пайдалануға
жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң мәтiнi
Актiнiң қорытынды бөлiгiнде пайдалану құжаттамасының, оның
iшiнде техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентiнің), әуе
кемесінің азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлердiң талаптарына сәйкестігі (сәйкессіздігі), сондай-ақ әуе
кемесiнiң және оның жабдықтарының ұшудың мәлімделген түрлерiне
сәйкестiгi көрсетiледi.
Төраға:
_____________________________ ____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелерi: _____________________________ ____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
_____________________________ ____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актiмен таныстым:
Ұйымның басшысы _____________________________ ____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Аса жеңiл авиация саласында
сертификаттау қағидасына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
_______________________________________________________________
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган
Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық сертификаты
№ _____
1. Әуе кемесiнiң үлгiсi мен мақсаты |
2. Мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi |
3. Сериялық (зауыттық) нөмiрi |
4. Әуе кемесi Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе
кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ___ ж. «__» ____ № ___ енгiзiлген.
5. Егер осы әуе кемесi осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып
табылатын қосымшада көрсетiлген белгiленген пайдалану шектеулерiне
сәйкес күтiп ұсталатын және пайдаланылатын болса, ұшуға жарамды деп
есептеледi.
6. Конструкцияның салмағы (массасы/кг) ________________________
7. Орталықтандыру % ___________________________________________
________ ж. «___» берiлдi.
________ ж. «___» дейiн жарамды.
М.О.
Азаматтық авиация
саласындағы уәкiлеттi
органның басшысы
не ол уәкiлеттiк берген адам
________ ___________________
(қолы) Т.Ә.А.