Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.09.2015 № 782 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 47) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 319 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - ұшу қағидасын, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды регламенттейтін құжат;
3) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқау - осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы әрі қанағаттандырылған түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушының рәсімдері сипаттауларын қамтитын құжат;
4) пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық - ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен қағидалар кешені;
5) техникалық қызмет көрсету - әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде әуе кемесінің ұшу жарамдылығын (қалпында болуын, жұмысқа қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қолдау үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыстар кешені;
6) нөмірлі құжаттама - ұшуға әуе кемесін мемлекеттік тіркеуді және оның жарамдылығын ресімдеуге, жасаушы зауытта белгілі бір нөмірмен тіркелген әуе кемесінің осы данасы үшін ғана жарамды әуе кемесінің жұмыс атқарымын және техникалық жай-күйін есепке алуға арналған құжаттама.
2. Пайдаланушының ұйымдық құрылымы
4. Пайдаланушы қызмет түріне, пайдаланылатын әуе кемелерінің үлгісіне қарай, ұйымдық құрылымға кіретін қажетті құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді:
1) ұшу қызметі;
2) ұшуға жарамдылықты қолдау қызметі;
3) жердегі қызмет көрсету қызметі;
4) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция;
5) авиациялық қауіпсіздік қызметі;
6) бортсеріктер қызметі;
7) персоналды даярлау қызметі;
8) сапаны бақылау қызметі;
9) ұшуды басқару және ұйымдастыру қызметі;
10) еңбекті қорғау қызметі немесе еңбекті қорғаудың жай-күйі үшін жауапты адам.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5. Пайдаланушы өз күшімен немесе басқа ұйымдармен шарттардың негізінде мынадай жұмыс түрлерін жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу;
2) ұшу ақпаратын өңдеу және талдау;
3) ұшуды медициналық қамтамасыз ету және медициналық куәландырудан өту;
4) метеорологиялық қамтамасыз ету;
5) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
6) авиация персоналының біліктілігін арттыруды және тренажерда даярлануын қамтамасыз ету;
7) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
8) жерде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
9) жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету;
10) жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;
11) борт тағамымен қамтамасыз ету;
12) ұшуды ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз ету.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5-1. Орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай пайдаланушы жалпы мақсаттағы және сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограмнан кем әуе кемелерін пайдаланатын авиацияға жататындарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысымен бекітілген азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
5-2. Пайдаланушы қызметтің мәлімделген көлемін орындау үшін қажетті, қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаттары бар әуе кемелерінің жеткілікті санының болуын қамтамасыз етеді. Бір әуе кемесін екі және одан да көп пайдаланушының сертификатына бір мезгілде енгізуге жол берілмейді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
6. Пайдаланушы құрылымдық бөлімшелер туралы ережені бекітеді, онда қызметкерлер мен басшылардың пайдаланушы іске асыратын барлық мәселелер жиынтығы қамтылатын міндеттері мен функциялары көрсетілген.
7. Пайдаланушыда әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру және жедел басқару, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, ұшу ақпаратын талдау, авиациялық техниканың сенімділігі және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі деректерді жинау және өңдеу, пайдалану-техникалық және әуе кемелерінің негізгі және жинақтаушы бұйымдарына арналған нөмірлі құжаттаманы есепке алу және сақтау үшін жабдықталған меншіктік немесе шарттық негіздегі өндірістік базасы болады.
7-1. Пайдаланушыда жұмыстардың болжамды көлемін жүзеге асыру үшін қажетті, білікті және даярланған ұшу персоналы, кабиналық және жердегі персоналы болады.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7-2. Пайдаланушы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін пайдалану директивалары мен басқа да ақпаратты пайдаланушының мүдделі қызметтерінің бәріне дереу таратуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ пайдалану құжаттамасы мен басқа да құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
8. Шет мемлекеттердің аумағында коммерциялық әуе тасымалдарын немесе авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы әуе тасымалдарын немесе авиациялық жұмыстарды жедел басқару және бақылау үшін әуе кемелерімен сенімді байланыс арналарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға орындалған рейстер, ұшу өңірлері және тасымалданатын жүктердің сипаттамасы туралы ай сайынға ақпаратты ұсынады.
9. Халықаралық ұшуды орындаған кезде пайдаланушы ұшу орындалатын мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сақтандырудың міндетті түрлерін қамтамасыз етеді.
9-1. Пайдаланушы өздерінің әуе кемелері бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
9-2. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қаржы-экономикалық жағдай туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Пайдаланушының басшы қызметкерлері
10. Пайдаланушы штатта мыналарға жауапты басшылардың лауазымдарын көздейді:
1) ұшуда пайдалану;
2) ұшуға жарамдылықты қолдау;
3) авиация персоналын даярлау;
4) жерде қызмет көрсету;
5) авиациялық қауіпсіздік;
6) сапа менеджменті (бақылау) жүйесі;
7) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
10-1. Егер пайдаланушының штат саны штаттық 20 қызметкерден кем болса, сапа жүйесінің басшысын қоспағанда, бір адам Қазақстан Республикасы заңнамасының еңбек және тынығу бөлігіндегі талаптарын сақтай отырып, тағайындалған басшының екі лауазымын атқара алады.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4. Пайдаланушының құжаттамалар жүйесі
11. Пайдаланушы:
1) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауды;
2) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауын;
3) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі құжаттама жүйесінің сипаттамасын қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі жөніндегі нұсқауды;
4) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын;
5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасын;
6) техникалық қызмет көрсету персоналы үшін оқыту жөніндегі нұсқауды әзірлеуді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда бекітуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
12. Нұсқау:
әуе кемелерінің жаңа үлгілерін сатып алған (жалға немесе меншікке);
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жаңа нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізген не пайдаланушының қызметін регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізген жағдайда қайта қаралады және толықтырылады.
13. Пайдаланушы осы әуе кемесінде ұшуды жүргізуге және қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаудың және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқаудың тиісті бөлімдерінен экипаж және инженерлік-техникалық персонал үшін қажетті ақпараттың әуе кемесінің бортында болуын қамтамасыз етеді.
14. Пайдаланушылар бес мың килограмнан кем ең жоғары сертификаттық ұшу массасымен әуе кемелерін пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияның пайдаланушыларын қоспағанда, пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізеді.
Пайдаланушының құрылымында техникалық қызмет көрсету жөніндегі өз ұйымы болған кезде пайдаланушы техникалық қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізеді.
5. Аэронавигациялық қамтамасыз ету
15. Пайдаланушы аэронавигациялық ақпарат қызметін құрады немесе аэронавигациялық қамтамасыз ету басқа ұйымдармен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырылатын болса, жауапты адамды тағайындайды.
16. Пайдаланушы экипаждарды қолданыстағы аэронавигациялық ақпарат құжаттарымен, ұшу және борт карталарымен, ұшу алдындағы ақпарат бюллетеньдерімен немесе НОТАМ (аэронавигациялық жабдықтағы, қызмет көрсетудегі өзгерістер, рәсімдер туралы, ұшудағы ықтимал қауіптер туралы ұшқыштарға арналған хабарлама), ұшу үшін мәлімделген әуеайлақтарда ұшуды дайындау және орындау үшін қажетті алдын ала навигациялық есептермен және пайдалану минимумдарымен қамтамасыз етеді.
17. Пайдаланушы борттық аэронавигациялық дерекқорлары бар пилотаж-навигациялық кешендер мен навигациялық жүйелерді пайдалану кезінде жасалған шарттар (келісімшарттар) негізінде сертификаттық өнім берушілердің дерекқорларын қолдана отырып, олардың уақтылы ауыстырылуын (жаңартылуын) қамтамасыз етеді.
6. Пайдаланушылардың ұшу жұмысын ұйымдастыру
18. Пайдаланушының ұшу жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
19. Пайдаланушының ұшу қызметі:
1) ұшу және басшы құрамын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдау мен арттыруды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды, ұшу құрамын (бортоператорлар мен бортсеріктерді қоса алғанда, егер олар ұшу қызметінің құрамына кірсе) ұшуға жіберуді;
2) ұшу құрамының ұшу жұмысын, жұмыс уақытын және тынығу уақытын жоспарлауды;
3) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыруды;
4) ұшу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды, ұшу-штабтық құжаттаманы жүргізуді және іс жүргізуді;
5) әуе кемелері экипаждарының мүшелерін ұшуға жіберудің белгіленген қағидаларын және рәсімдерін сақтауды;
6) экипаждарды алдын ала және ұшу алдында дайындауды жүргізуді;
7) экипаждар қызметін жүйелі бақылауды және талдауды;
8) ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды;
9) ұшу ақпараты материалдарын талдауды;
10) авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау бойынша профилактикалық іс-шараларды;
11) ұшу қызметін регламенттейтін нормативтік актілер мен басқа да құжаттарды өзекті етуді қамтамасыз етеді.
20. Пайдаланушының авиациялық персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін, қолданыстағы куәліктермен (сертификаттармен) және қажетті біліктілік белгілері мен рұқсат берулері бар басқа да құжаттармен расталатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
21. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының басқа ұйымдарының ұшу құрамын уақытша негізде пайдаланатын пайдаланушы осы Сертификациялық талаптарға қосымшаға сәйкес ұшу құрамының әрбір мүшесінің мамандар куәліктеріне астарларды ресімдейді. Астарлар жұмыс беруші басшыларының қолымен және мерімен расталады.
7. Техникалық қызмет көрсетуді және ұшу жарамдылығын қолдауды ұйымдастыру
Ескерту. 7-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
22. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық кызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес азаматтық авиация саласындагы уәкілетті орган беретін қолданыстағы сертификаты бар авиациялық техникаға кызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ез ұйымының немесе авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша басқа сертификатталған ұйымдармен шарт бойынша әуе кемелеріне қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді.
22-1. Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәліктері немесе шет мемлекет берген және Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәліктері бар авиация персоналының техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
22-2. Пайдаланушы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша қамтамасыз етеді.
Әуе кемелерінің және оның құрауыштарының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келуін пайдаланушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 шілдедегі № 851 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
22-3. Пайдаланушы ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі барлық есептік мәліметтердің және/немесе техникалық құжаттардың жүргізілуін және мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етеді, олар мынаны қамтиды:
1) пайдаланушының борттық техникалық журналының ақпараты;
2) әуе кемесінің формуляры;
3) қозғалтқыштардың формулярлары немесе қозғалтқыштар модульдерінің паспорты (заттаңбалар);
4) әуе бұрандаларының формулярлары немесе паспорттары.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 22-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
8. Коммерциялық әуе тасымалдары
23. Тұрақты коммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 185 қаулысымен бекітілген Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауды орындауға рұқсат беру қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
23-1. Халықаралық тұрақты коммерциялық әуемен тасымалдауды орындайтын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
23-2. Тұрақты емес коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін пайдаланушыда сатып алу-сату, лизинг немесе экипажсыз жалға алу шартының негізінде алған кемінде бір әуе кемесі болады.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
9. Авиациялық жұмыстар
24. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы мыналардың болуын қамтамасыз етеді:
1) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрлерін орындауға арналған және жабдықталған әуе кемелері;
2) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға жіберілген персонал;
3) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға арналған сертификаттық техникалық құралдар.
25. Пайдаланушы авиациялық жұмыстардың нақты түрлерін орындау тәртібі, сондай-ақ уақытша әуеайлақтарды және олардың жабдығын жарамды жай-күйде пайдалану және қолдау тәртібін әзірлейді.
26. Пайдаланушы тиісті аумақтардың экологиялық ерекшеліктерімен немесе осы аумақта көлік құралдары мен адамдардың болуының ерекше режимімен байланысты авиациялық жұмыстарды орындауға шектеулер белгілейді.
10. Жалпы мақсаттағы авиация
27. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы:
1) әуе кемелерінің ұшу жарамдығын қолдау, әуе кемелерінің негізгі және жинақтаушы бұйымдарына арналған пайдалану-техникалық және нөмірлі құжаттамаларды сақтау бойынша жұмыстарды орындауды қамтамасыз етеді;
2) мәлімделген әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастырады;
3) әуе кемелерінің істен шығуы мен ақаулықтары туралы деректерді есепке алуды, әуе кемелерінің жұмыс атқарымын есепке алуды жүргізеді;
4) әуе кемесінің бортында борттық өзіжазғыш болған кезде ұшу ақпаратын өңдеуді жүргізеді;
5) ұшуды қамтамасыз етудің медициналық, метеорологиялық, аэронавигациялық және басқа да түрлерін ұйымдастырады;
6) ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады.
28. Бес мың жеті жүз килограмнан жоғары ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивтік (турбобұрамалық) қозғалтқыштармен жарақталған ұшақтарды пайдаланатын пайдаланушы әуе кемесінің бортында осы әуе кемесінде ұшуды жүргізу мен қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаудың және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқаудың тиісті бөлімдерінен құжаттардың болуын қамтамасыз етеді.
29. Бес мың жеті жүз килограмнан жоғары ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтарды және ең көп сертификатталған ұшу массасына қарамай тікұшақтарды пайдаланатын пайдаланушы әуе кемесінің бортында әуе кемесінің ұшуын ұйымдастыру және оған техникалық қызмет көрсету жөнінде қажетті ақпараттың болуын қамтамасыз етеді.
30. Пайдаланушының (өтініш берушінің) әуе кемелері мәлімделген өңірлерде ұшуды орындау үшін белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған және қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты мен мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болады.
11. Қауіпті жүктерді тасымалдау
31. Пайдаланушы қауіпті жүктерді тасымалдау құқығын алу үшін мыналардың:
1) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі біліктілік деңгейін растайтын құжаты бар, сондай-ақ пайдаланушының атынан қауіпті жүктерді әуе тасымалына жіберу (жіберуден бас тарту) туралы және қауіпті жүктердің сыныбына (санатына) қарай оларды тасымалдау шарттары туралы шешім қабылдау құқығы берілген жауапты маманның;
2) қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша белгіленген тәртіппен оқытылған және қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілгенін растайтын қолданыстағы құжаттары бар пилоттардың, бортинженерлердің, бортоператорлардың, бортсеріктердің;
3) багаж-жүк бөлмелері ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сай келетін және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қауіпті жүктердің қауіпсіз тасымалдануын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әуе кемелері.
12. Авиациялық қауіпсіздік
32. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның құрылымында авиациялық қауіпсіздік қызметі болады.
Ликвидациялық жұмыстарды және тұрақты емес әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушының құрылымында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға болады.
33. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы, сондай-ақ тұрақты емес тасымалдарды және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғасы ұлттық қауіпсіздік орманымен келісім бойынша тағайындалатын, авиакомпанияның бірінші басшысына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасының азаматы ғана бола алады.
34. Пайдаланушы азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес авиациялық қауіпсіздік жөніндегі авиация персоналын даярлауды ұйымдастырады.
13. Әуе кемелерін жалдау (лизинг)
35. Әуе кемесін жалдау кезінде пайдаланушы (жалға алушы) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқауға жалға алынған әуе кемесін пайдалану мен техникалық қызмет көрсету ерекшеліктеріне және жалға беруші мен жалға алушының өзара іс-қимылына қатысты тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
36. Жалға алынған әуе кемелері (соның ішінде шетелде жалға алынған) оларды белгіленген тәртіппен пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережеге, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке, жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуын орындау құқығына арналған куәлікке енгізгеннен кейін ғана ұшуға жіберіледі.
Әуе кемелерінің пайдалану жөніндегі арнайы ережеге енгізілу мерзімі жалдау (лизинг) туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайды. Жалдау (лизинг) туралы келісімнің қолданылуын ұзартқан кезде пайдалану жөніндегі арнайы ереже қайта ресімделеді және жалдаудың (лизингтің) қолданылу мерзіміне ұзартылады.
36-1. Пайдаланушы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) мүше басқа мемлекетте тіркелген, жалға алынған әуе кемелерін пайдалануды Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 83 немесе 83 bis баптарының шеңберінде осы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сақтау үшін жауапкершілікке қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы мен басқа мемлекет арасындағы келісім немесе уағдаластық болған жағдайда қамтамасыз етеді.
Ескерту. Сертификаттық талаптар 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
14. Еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік
37. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес персоналдың жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау жөніндегі қажетті нормативтік актілері болады, еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
38. Пайдаланушы әуе кемелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптарға
қосымша
Нысан
АСТАР Т.А.Ә.______________________________________________ Пилот куәлігі №______________ Атқаратын қызметі___________________________________ Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық _______________бастап _______________кезеңге жарамды МО Авиакомпания басшысы____________ __________________ |