Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 Қаулысы

Жаңартылған

      «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабын және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тапсырыс берушілер – денсаулық сақтау саласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарлар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) медициналық техника – аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсаттарда жеке, кешендерде немесе жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар және жабдық;
      7-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар – профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) біртектес тауарлар мен қызметтер – бірдей болмаса да, ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас құрамдауыштардан тұратын тауарлар мен қызметтер, бұл оларға бірдей функцияларды орындауға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді;»;
      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе сатып алу үдерісіне қатысатын заңды тұлға;
      11) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі – біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын мәліметтер;»;
      2-тармақтың 12), 18), 20) тармақшаларында, 39-тармақтың 2) тақмақшасының үшінші және алтыншы абзацтарында, 43-тармақтың екінші абзацында, 78-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарында, 131-тармақтың 4) және 5) тармақшаларында «жеке кәсіпкер», «жеке кәсіпкерлер», «жеке кәсіпкерді», «жеке кәсіпкерлерді» деген сөздер тиісінше «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға», «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар», «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаны», «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші немесе осы Ереженің 88-1-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру үшін тапсырыс беруші немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 18-1) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-1) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) – шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының резиденті емес және толығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген немесе қайта өңделген, белгіленген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін шетелдік заңды тұлға;»;
      «20-1) Қазақстан Республикасының резидент еместері – Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын шетелдік жеке және заңды тұлғалар;»;
      7-тармақта:
      2) тармақшадағы «тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) медициналық техниканы сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға ұйымдастырған кезде:
      екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу;
      бір көзден сатып алу тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      8-1-тармақта «медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейін «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
      8-2-тармақта «дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды» деген сөздерден кейін «, медициналық техниканы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-бөлім мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
      «8-1-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруы
      88-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болады.
      88-2. Ағымдағы нысаналы трансферттер шеңберінде бөлінген қаражат есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома қамтылатын ақпаратты ұсынады.
      88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ақпарат алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алынуға тиіс медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың (техникалық өзіндік ерекшелігінің) оңтайлы параметрлерін анықтау үшін медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан және/немесе медицина ұйымдарының мамандарынан және/немесе медициналық техниканың сараптамасын жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құрады. Сараптама комиссияның құрамында сатып алынатын медициналық техниканың бейіні бойынша сарапшылар топтары құрылуы мүмкін. Сараптама комиссиясы және/немесе сарапшылар тобы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан және кемінде үш адамнан тұруы тиіс.
      88-4. Сараптама комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген ақпараттың негізінде үш жұмыс күні ішінде сатып алынуға тиіс медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының (техникалық өзіндік ерекшелігінің) оңтайлы параметрлерін анықтайды. Сараптамалық қорытынды әрбір бетіне қол қойылып, ал соңғы бетіне сараптама комиссиясының немесе сараптама тобының мүшелері қол қойып жазбаша ресімделеді және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қоса беріледі.
      88-5. Сараптама комиссиясы оны құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзіндік ерекшелік) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың тізімін қалыптастырғанға дейін жұмыс істейді.
      88-6. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге сатып алынатын медициналық техниканың тізімін қарау және бекіту үшін жібереді.
      88-7. Тапсырыс берушілер бес жұмыс күні ішінде сатып алынатын медициналық техниканың тізімін қарайды және жазбаша түрде бекітеді, оның әрбір бетіне қол қойылады, ал соңғы бетіне тапсырыс берушілердің өкілдері қол қояды және олардың мөрімен бекітіледі, содан кейін үш жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
      Тапсырыс берушілер сатып алынатын медициналық техниканың тізіміне тапсырыс берушілердің толық атауын, банктік деректемелерін, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефондарының, факстерінің нөмірлерін, электрондық поштасының мекенжайын, тапсырыс беруші өкілінің лауазымын және Т.А.Ә. қоса беруі тиіс.
      88-8. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тізімдерінің негізінде әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзіндік ерекшелік) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізімін құрады.
      88-9. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру осы Ереженің 3-бөлімінің 10 және 11-тарауларында көзделген тәртіппен сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізімі негізінде жүзеге асырылады.»;
      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру тәртібі»;
      91-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      92-тармақта:
      «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      «тендерлік комиссиясын» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі – комиссия)» деген сөздермен толықтырылсын;
      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «94. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға, қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және/немесе тапсырыс берушілердің өкілдері енгізіледі.»;
      95-тармақта «бірыңғай дистрибьютор басшысының орынбасарынан» деген сөздер «бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшесінің немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының басшысынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      96-тармақта «бірыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      98-тармақта «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «100. Қажет болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы клиникалық фармакологтардан және/немесе медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан және/немесе денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан не дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құра алады.»;
      102-тармақта «бірыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      103-тармақта:
      1) тармақша «бірыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша «бұйымдардың» деген сөзден кейін «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      «медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейін «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бірыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      104-тармақта «бірыңғай дистрибьюторға» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға» деген сөздермен толықтырылсын;
      107-тармақта «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      108-тармақта «Бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      109-тармақтың екінші бөлігінде «бірыңғай дистрибьютордың» деген сөздердің кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      113-тармақта «бірыңғай дистрибьютордың» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      117-тармақта «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      118-тармақтың екінші бөлігінде «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      119-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Кодекске, осы Ереженің 8 және 12-тармақтарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес сатып алынатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптарға сай келмесе;»;
      126-тармақта:
      «бұрын берген баға ұсыныстарын» деген сөздердің алдынан «лот бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      «екі кезеңді рәсімдер» деген сөздердің алдынан «осы лот бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      128-тармақта «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 129-1 және 129-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің тендер жеңімпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрі – сатып алу шарты) жасасу үшін қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге беруге тиіс.
      129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.»;
      131-тармақта:
      бірінші абзац «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада:
      «дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада:
      «жеткізу шартына» деген сөздерден кейін «немесе сатып алу шартына» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бірыңғай дистрибьюторға» деген сөздерден кейін «немесе тапсырыс берушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада:
      «жеткізу шартының», «жеткізу шарты» деген сөздерден кейін «немесе сатып алу шартының», «немесе сатып алу шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      «медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейін «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшада «нақтылайды.» деген сөз «нақтылайды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогы жоқ тек бір дәрілік заты немесе медициналық мақсаттағы бұйымы ғана тіркелгенде.»;
      132-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада «медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейін «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден мыналарды сұратады:
      1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
      2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
      3) сауда тізілімінен заңдастырылған немесе апостильденген үзінді көшірмесі не шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа заңдастырылған немесе апостильденген құжат не құрылтайшының – шетелдік жеке тұлғаның нотариалды куәландыратын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      4) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар шетелдік заңды тұлға жарғысының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі;
      5) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек сатуға шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын лицензияның заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі.»;
      133-тармақта:
      бірінші бөлік «Бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада «дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздер «дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада «жеткізу шарты» деген сөздерден кейін «немесе сатып алу шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлікте:
      «Жеткізу шарты» деген сөздерден кейін «немесе сатып алу шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бірыңғай дистрибьютормен» деген сөздерден кейін «немесе тапсырыс берушімен» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын:
      «135-1. Осы Ереженің 134-тармағының екінші абзацында көзделген жеткізу шартын жасасуға қойылатын талаптар осы Ереженің 131-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілін қолдану нәтижелері бойынша шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) жасалған жеткізу шарттарына қолданылады.»;
      138-тармақта «дәрілік заттар» деген сөздерден кейін «, медициналық мақсаттағы бұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «139. Жеңімпаз болып белгіленген әлеуетті өнім беруші жеткізу шартына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға осы Ереженің 12-қосымшаға сәйкес осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен жеткізу шарты немесе сатып алу шарты құнының 3 %-ы мөлшерінде жеткізу шартын немесе сатып алу шартын әлеуетті өнім берушінің сапалы және уақтылы орындауын кепілдікпен қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын береді.»;
      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 2 және 4-қосымшаларда:
      «жеке» деген сөз «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын, «заңды тұлғаның» деген сөздер «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 9-қосымшада:
      6-тараудың 6-тармағында:
      алтыншы бөліктегі «20» деген сандар «5» деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер тапсырыс беруші Шарттың 4-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 %-ы, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 %-ынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы шегеруге құқылы.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес осы Ережеге 12-қосымшамен толықтырылсын.
      5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1, 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысымен 
бекітілген    

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы

      1. Осы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабына және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес әзірленді.
      Қағида облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
      010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      1) 2011 жылы ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде өңірлер бөлінісіндегі дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың тізбесі мен көлемін айқындайды;
      2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарына арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ автокөліктің тізбесін келіседі.
      4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге; есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге; ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға; балалардың нысаналы топтарына «В» және «С» гепатитін анықтауға скрининг жүргізуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге; бастапқы медициналық санитариялық көмекке арналған шығыстарды теңестіруге; наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсету бөлігінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін кеңейтуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентті төлеуге (бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік); вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды, реналдық анемиясы бар бүйрек фукнциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды сатып алуға пайдаланылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 379 Қаулысымен.
      5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
      6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға арналған қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған дәрілік заттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратындарды емдеуге арналған препараттарды, реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 379 Қаулысымен.
      8. Осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.
      9. Осы Қағидаға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлікті сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.
      11. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
      12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.

Облыстық бюджеттердің,  
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2011 жылға 
арналған республикалық   
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану 
қағидасына 1-қосымша   

2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 379, 2011.06.27 № 721 Қаулыларымен.

Р/с

Атауы

1.

Рентгендік флюорографиялық стационарлық және жылжымалы цифрлық кешен

2.

Рентгендік цифрлық стационарлық және жылжымалы маммограф

3.

Ультрадыбыстық диагностика аппараты

4.

Биохимиялық талдағыш

5.

Рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

6.

Гематологиялық талдағыш

7.

Өкпені жасанды желдету аппараты

8.

Ингаляциялық наркозға арналған аппарат

9.

Жаңа туған нәрестелерге арналған стационарлық және көліктік инкубатор (кювез)

10.

Жылытқышы бар реанимация үстелі

11.

Магниттік-резонанстық томографтар

12.

Қышқылды-негізгі жай-күйді талдағыш

13.

Литотриптер

14.

Эндоскопиялық хирургияға арналған жиынтық

15.

Ангиограф

16.

Жасанды қан айналымының аппараты

17.

Қан орталықтарына арналған жиынтық

18.

Ретиналды томограф

19.

Жиынтығында 12 мониторы бар орталық байқау станциясы

20.

Кардиохирургия мен нейрохирургияға арналған зерттеу опциясы бар компьютерлік томограф

21.

Сұйықтық цитология аппараты

22.

Аралас лазерліқ қондырғы

23.

Портативті неонаталды монитор

24.

Қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар нәрестеге арналған монитор

25.

Электрокардиография және артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу жүйесі

26.

Тредмил жүйесі

27.

Жылжымалы медициналық кешен

Облыстық бюджеттердің,  
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2011 жылға 
арналған республикалық   
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану 
қағидасына 2-қосымша   

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылы жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1453 Қаулысымен.

мың теңге

Р/с

Өнірлердің атауы

БМСК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру

Туберкулезге қарсы ұйымдарды жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарын жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

1.

Ақмола облысы

91 836

-

57 565

219 963

2.

Ақтөбе облысы

97 344

58 930

55 344

173 310

3.

Алматы облысы

88 827

-

57 420

357 667

4.

Атырау облысы

119 452

58 930

27 672

152 011

5.

Шығыс
Қазақстан
облысы

106 467

94 285

55 344

428 956

6.

Жамбыл облысы

91 145

-

55 344

307 381

7.

Батыс Қазақстан облысы

139 200

56 000

27 672

110 549

8.

Қарағанды облысы

113 287

-

55 344

454 814

9.

Қостанай облысы

89 064

69 617

55 344

186 082

10.

Қызылорда облысы

91 290

70 716

27 672

136 853

11.

Маңғыстау облысы

34 352

117 860

38 164

413 547

12.

Павлодар облысы

89 043

70 714

27 672

231 748

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

45 852

-

-

81 952

14.

Оңтүстік
Қазақстан
облысы

185 584

11 585

55 344

448 563

15.

Алматы қаласы

175 129

26 490

27 672

211 717

16

Астана қаласы

132 760

58 930

74 572

220 818


Жиыны:

1 690 632

694 057

698 145

4 135 931

кестенің жалғасы

Р/с

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханал арды жарақтанд ыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

Магнитті-
резонансты, компьютерлік томографтармен жарақтандыру

Кардио-хирургиялық, кардиологиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру


7

8

9

10

1

159 982

30 000

-

-

2

111 433

-

-

-

3

65 490

-

547 495

231 500

4

75 434

-

-

-

5

76 779

-

-

231 500

6

19 634

30 000

-

231 500

7

80 873

-

-

-

8

215 250

-

-

-

9

64 485

30 000

-

-

10

146 415

-

-

-

11

103 781

-

180 000

-

12

123 808

30 000

-

-

13

68 565

-

178 000

149 710

14

102 150

-

-

237 394

15

172 869

-

-

231 500

16

66 957

-

-

-

Жиыны:

1 653 905

120 000

905 495

1 313 104

кестенің жалғасы                                    мың теңге

Р/с №

Өңірлердің атауы

Кардиологиял ық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру

Қан орталықтар ын жарақтанды ру

Санитариялық авиация қызметін жарақтандыру

Медициналық жылжымалы кешендермен жарақтандыру

Барлығы

1

2

11

12

13

14

15

1.

Ақмола облысы

102 489

-

26 951

171 000

859 786

2.

Ақтөбе облысы

102 489

72 392

23 572

171 000

865 814

3.

Алматы облысы

204 978

108 463

26 950

342 000

2 030 790

4.

Атырау облысы

102 826

96 847

26 951

171 000

831 123

5.

Шығыс Қазақстан облысы

204 978

-

26 951

342 500

1 567 760

6.

Жамбыл облысы

136 652

-

26 900

171 000

1 069 556

7.

Батыс Қазақстан облысы

68 326

178 901

26 600

171 000

859 121

8.

Қарағанды облысы

204 978

-

26 900

256 500

1 327 073

9.

Қостанай облысы

102 489

-

26 951

171 000

795 032

10.

Қызылорда облысы

68 326

87 955

26 951

171 000

827 178

11.

Маңғыстау облысы

67 226

-

26 951

172 000

1 153 881

12.

Павлодар облысы

68 326

85 625

26 951

171 000

924 887

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

68 326

-

26 000

258 000

876 405

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

239 141

87 662

26 950

256 500

1 650 873

15.

Алматы қаласы

136 652

61 752

-

-

1 043 781

16.

Астана қаласы

136 652

-

-

171 560

862 249


Жиыны:

2 014 854

779 597

372 529

3 167 060

17 545 309

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысына   
қосымша       

Тегін медициналық көмектің 
кепілдік берілген көлемін  
көрсету бойынша дәрілік   
заттарды, профилактикалық  
(иммундық-биологиялық,    
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық  
мақсаттағы бұйымдар мен    
медициналық техниканы,    
фармацевтикалық қызметтерді 
сатып алуды ұйымдастыру және 
өткізу ережесіне      
12-қосымша         

Банк кепілдігі
(жеткізу шартын/сатып алу шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)

Банктің атауы:
________________________________________________________________
               (банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
________________________________________________________________
          (тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)

      №___ кепілдік міндеттеме
      ___________________                    ___ ж. «__»________
       (орналасқан жері)

      «Өнім беруші» ____________________________________________
                        (өнім берушінің атауы)

тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________
_________________________________________________________________
     (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сипаттамасы)

жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*
және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы _________
теңге______________________ банктік кепілдеме түрінде оның орындалуын
         (банктің атауы)
қамтамасыз етуді енгізетінін көздегеніңізді назарға ала отырып, осымен жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынымызды растаймыз және Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейін Сізге сіздің талабыңыз бойынша_________соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
      (сандармен және жазбаша жазылған сома)
      Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындаған барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілдік берушілердің қолы мен мөрі      Күні және мекенжайы

      (банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасары мен банктің бірінші бухгалтері атынан)