"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1453 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 316-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 жылға азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға қаражатты бөлуде:
      «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зиян шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету» деген 5.1.5-мақсатта:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1

Техникалық пайдалану үшін тікұшақтар мен жабдықтар сатып алу

ТЖМ

13 701 118

»;

      «Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету» деген 5.1.6-мақсатта:
      реттік нөмірі 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

3

АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту

дсм

4711

4

Бас бостандығынан айыру орындарында жүрген және одан босатылған адамдар арасында АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі әлеуметтік жобаларды іске асыру, соның ішінде облыстардың және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша

дсм

36 821

Ақмола облысы

4 086

Ақтөбе облысы

1250

Алматы облысы

2 481

Атырау облысы

1400

Шығыс Қазақстан облысы

3 926

Жамбыл облысы

1478

Батыс Қазақстан облысы

940

Қарағанды облысы

6 789

Қызылорда облысы

821

Қостанай облысы

2946

Маңғыстау облысы

1561

Павлодар облысы

3 643

Солтүстік Қазақстан облысы

1823

Оңтүстік Қазақстан облысы

2 209

Алматы қаласы

755

Астана қаласы

713

                                                      »;

      «Барлығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Барлығы

15 854 413

                                                      ».

      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов