Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 154 Қаулысы

Жаңартылған

      «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан «Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі - қазыналық кәсіпорын) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазыналық кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды, оларға көліктік қызмет көрсетуді және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қазыналық кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
      «7. «Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов