Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1212 Қаулысы.

      Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттiк құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы ведомстволық есепкe алудың орталықтандырылған жүйесiне негiзделген мемлекеттiк статистика саласы;

      2) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесi - уәкiлеттi органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң бiрiккен статистикалық электрондық ақпараттық ресурстары;

      3) құқықтық статистикалық ақпарат - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi уәкiлеттi органға беретiн құжатталған ақпарат;

      4) құжатталған ақпарат - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер;

      5) ақпараттық есепке алу құжаты - өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық, электрондық) жеткiзушiсi;

      6) құқықтық статистикалық байқау - заңдылықтың, құқықтық тәртiптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының жалпы жай-күйiне әсер ететiн құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау;

      7) азаматтық-құқықтық статистика - азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық және әкімшілік сот iсiн жүргiзудiң, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;

      7-1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталары – мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің нақты уақыт режимінде елді мекендердің географиялық координаттарында құқықтық статистикалық ақпаратты визуализациялауды қамтамасыз ететін құрамдасы;

      8) қылмыстық-құқықтық статистика – қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстық теріс қылық пен қылмыстылықтың, сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексерудің, қылмыстық сот ісін жүргізудің, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;

      9) әкiмшiлiк-құқықтық статистика - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;

      10) ведомстволық есепке алу - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттiк органның iшкi ведомстволық қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәлiметтер жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау;

      11) арнайы есепке алу - мемлекеттiк құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау;

      12) жедел есепке алу - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жедел iздестiру қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар туралы мәлiметтердi жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау, сақтау;

      13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi - мемлекеттiк құқықтық статистика, арнайы есепке алу iсiн жүргiзу, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салаларда қолданылатын құжатталған ақпаратты зерделеу және талдау мақсаттары үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, сот органдары және өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар;

      14) уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      15) есептік-тіркеу тәртібі – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің уәкілетті орган белгілеген өлшемшарттарға, шектерге, параметрлерге, көлемдерге және мерзімдерге сәйкес құқықтық статистикалық ақпаратты беруі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Мемлекеттiк құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы

      Бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстар мен процестердiң нақты орын мен уақыт жағдайындағы сандық жағы олардың сапалық ерекшелiгiн, даму үрдiсi мен заңдылығын ашу мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканың нысанасы болып табылады.

      Статистикалық байқау жолымен бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын құжатталған ақпарат арнайы есепке алу нысанасы болып табылады.

4-бап. Мемлекеттiк құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi

      1. Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мiндеттерi:

      1) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiртұтас статистикалық принциптер және стандарттар негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртiбiнiң жай-күйi туралы ақпаратпен тиiмдi және жеткiлiктi қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн жетiлдiру және дамыту болып табылады.

      2. Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу:

      1) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн басқарудың бiртұтастығы;

      2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілiгi, жеткiлiктiлiгi, тұрлаулылығы және салыстырымдылығы;

      3) құқықтық статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектерде қолжетiмдiлiгi және ашықтығы;

      4) адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң мүлтiксiз сақталуы принциптерiнде жүзеге асырылады.

5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру

      Құқықтық статистиканы қалыптacтыpу тәртiбiн, белгiлерiн, өлшемдерiн, көлемiн және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган:

      1) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады;

      2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдармен құпия негiзде ынтымақтасып жұмыс істейтін адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзедi;

      3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына, жеткiлiктiлiгiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi;

      4) құқықтық статистикалық байқаулар өткiзедi;

      5) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және (немесе) есепке алуды жүргізеді;

      7) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) уәкілетті органның тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      10) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      11) мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық принциптер және стандарттар, әдiстеме әзiрлейдi;

      12) құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;

      12-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және есепке алуды үйлестіреді;

      12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды;

      12-3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының:

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, мониторингті жүзеге асыру;

      іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;

      электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады;

      12-4) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды;

      12-5) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, беруді, олармен танысуды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады;

      12-7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік бақылау актілерінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      12-8) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      12-9) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіреді;

      12-10) жолданымдарды қарау бойынша операциялық бағалау жүргізеді;

      12-11) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ведомство аумақтық органдармен және оларға теңестірілген органдармен өз қызметін уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi

      Ескерту. 7-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Уәкiлеттi орган өз өкілеттiктерi шегiнде:

      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелерi жөнiнде құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты тегiн алуға;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырумен және арнайы есепке алуды жүргізумен байланысты емес қызметіне араласпай, олар беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асыруға;

      3) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізуге;

      4) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға;

      5-1) құқықтық статистикалық ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қолжетімділік беруге;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Уәкiлеттi орган өз өкiлеттiктерi шегiнде:

      1) мемлекеттiк құқықтық cтaтистика және арнайы есепке алу саласында ақпарат жинауды, өңдеудi, жинақтауды, жиынтықтауды және жаңартып отыруды;

      2) жүргiзiлетiн құқықтық статистикалық байқаулардың бағдарламасын мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсудi және бекiтудi;

      3) мемлекеттiк органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудi;

      4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiн құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәлiметтерiмен өтеусiз негiзде қамтамасыз етудi;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджетке түсетiн өз қаражаттары есебiнен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi;

      6) мемлекеттiк құпиялар мен дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынған мәлiметтердiң сақталуын;

      7) ақпарат жүйелерiн заңсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердiң бүлiнуiнен немесе жойылуынан қорғауды;

      8) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу кезiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын;

      9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуды;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауды жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.28 № 522-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi

      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi өз өкілеттiктерi шегiнде:

      1) мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық байқаулар жүргізуге және жедел-iздестiру, қарсы барлау және қызметтік жұмысты қамтамасыз етуге арналған жедел, ведомстволық есепке алуды жүргізуге құқығы бар.

      2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi:

      1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шекте, көлемде және мерзiмдерде ақпараттық есепке алу құжаттарын, өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi органға беруге;

      2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, объективтiлiгiн, анықтығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге және өз өкiлеттiктерi шегiнде құқықтық статистикалық ақпараттың көрсетiлуiнiң толымдылығын және анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;

      3) мемлекеттiк құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелерден, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау туралы актілерді тiркеуге мiндеттi.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi

      1. Құқықтық статистикалық ақпаратты тiркеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және беру барысында уәкiлеттi opгaн мемлекеттік құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қорғау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.

      2. Тергеу мен анықтау деректерiн құрайтын нақты құбылыстар, процестер және тұлғалар туралы құқықтық статистикалық ақпарат жария етуге жатпайды. Егер тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының, заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылуына байланысты болмаса, бұл ақпарат тергеушi, анықтаушы, прокурор және сот мүмкiн деп таныған көлемде, олардың рұқсатымен жария етiлуi мүмкiн.

      3. Адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мақсатында уәкiлеттi органға берiлген барлық бастапқы құқықтық статистикалық ақпараттың сақталуы қамтамасыз етiледi.

      4. Уәкiлеттi орган әрбiр азаматқа арнайы есепке алудағы оған қатысты, оның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қозғайтын мәлiметтермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      5. Ол туралы мәлiметтердiң арнайы есепке алуға заңсыз енгiзiлу фактiсiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру

      Уәкiлеттi орган орындайтын статистикалық жұмыстар республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу

      Құқықтық есептiк тiркеудi уәкiлеттi орган азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк-құқықтық құжатталған ақпаратты қабылдау, есепке алу және жүйелеу арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу

      1. Арнайы есепке алу:

      1) мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарын жетiлдiру жөнiндегi қызметiн;

      2) мемлекеттiк органдардың құқық қолдану қызметiн;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған.

      2. Уәкілеттi орган арнайы есептi жинауды, тiркеудi, өңдеудi, жинақтауды, жүйелеудi, сыныптауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етедi.

      3. Уәкiлеттi орган арнайы есепке алудың мынадай түрлерiн:

      1) қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды;

      2) ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды;

      3) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген адамдарды;

      4) хабарсыз жоғалып кеткен іздеудегі адамдарды;

      5) жеке басы анықталмаған мәйiттердi;

      6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамдарды;

      6-1) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6-2) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын;

      7) сот әрекетке қабiлетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

      8) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылған адамдарды;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын;

      10-1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;

      11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;

      11-1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды;

      13) адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын;

      14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;

      15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды;

      16) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;

      16-1) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;

      16-2) туысқандарымен байланысты жоғалтқан іздеудегі адамдарды;

      16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;

      17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомаларды;

      18) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты өзара құқықтық көмек пен өзге халықаралық сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.

      19) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      20) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4. Жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.02.23 № 33, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 522-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi

      1. Шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, азаматтығына, дiнге көзқарасына, сенiм-нанымына, қоғамдық бiрлестiктерге мүшелiгiне, тұратын жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға арнайы есепке алу объектiсi болуы мүмкiн.

      2. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, өзi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органның арнайы есепке алу жүйесiне енгiзу үшiн есепке алынған объектiнiң келiсiмi талап етiлмейдi.

      3. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк орган өзiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде есепке алынған объект туралы мәлiметтердi пайдалануға оның келiсiмi талап етiлмейдi.

      4. Адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, туған жерi, сондай-ақ осы деректердi сол адамның өзгерту фактiсi, бұрынғы деректер сияқты, жеке немесе отбасылық құпия болып табылмайды. Адам заңды жолмен алынған осы, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi арнайы есепкe алу iсiне енгiзуге тыйым салуға нeмece рұқсат етуге құқылы емес.

14-бап. Арнайы есепке алуды түзу

      1. Әртүрлi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде мәлiметтерi пайдаланылуы мүмкiн арнайы есепке алу уәкілеттi органда ғана жүргізілуге тиiс.

      2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi арнайы есепке алуды түзу үшiн ақпараттық есеп құжаттарын және өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шектерде, көлемде және мерзiмдерде бередi.

15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу

      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi ведомстволық есепке алуды өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу мақсатында жүзеге асырады.

      2. Ведомстволық есепке алуды қалыптастыру тәртiбi ведомстволық нұсқаулықтармен айқындалады.

      3. Ведомстволық есепке алуда бар мәлiметтер тек қана мемлекеттiк органның құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу шегiнде пайдаланылуы мүмкін.

16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртiбi

      1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Pecпубликасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында статистикалық ақпаратты жариялауға, статистикалық жинақтар шығаруға және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсаттарында өзгедей пайдалануға құқылы.

      2. Құқықтық статистикалық ақпарат ақпараттық есепке алу құжаттары және есептiлiк нысандары түрiнде уәкiлеттi орган анықтайтын талаптарға сәйкес оның сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақталады.

      3. Құқықтық статистикалық ақпаратты сақтау мерзiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі

      1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлеріне және (немесе) жұмыскерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін құпия ақпараттық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады.

      Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Өзге де органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және өзге де органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы және ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері

      1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алуды жүйеде тіркелген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы және байланыстың қорғалған арналары арқылы жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сай келетін электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей дәрежеде болады.

      3. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, іздестіру істері мен атқарушылық іс жүргізудің шеңберінде ақпарат алу үшін сұрау салуда ақпаратты талап етіп алдыруға негіз болған мән-жайлар көрсетіледі.

      Сұрау салудың негізділігі құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының дерекқорларда пайдаланушының іс жүргізуінде сұрау салуға бастама жасау үшін негіз болған материалдардың бар-жоғын салыстырып-тексеру арқылы тексеруіне жатады.

      Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда ғана мүмкін болады.

      Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының бірлескен нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

      4. Соттарға ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес және осы баптың 3-тармағының талаптары сақтала отырып, қаралатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер шеңберінде беріледі.

      5. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Ескерту. Заң 16-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер

      1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.

      2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады.

      3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.

      4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды.

      5. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      Ескерту. Заң 16-3-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті