Жиналмаған кемесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1039 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 295-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама коды көрсетіле отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға кеден органының рұқсат беру қағидасы;
      2) Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1039 қаулысымен 
бекітілген     

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама коды көрсетіле отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға кеден органының рұқсат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 295-бабына сәйкес әзірленді және Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға кеден органының рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат), оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару тәртібін айқындайды.
      2. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар (бұдан әрі - машина) деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90-тауар топтарында сыныпталатын өзге қондырғылар түсініледі.
      3. Рұқсатты кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана) және кеден (бұдан әрі - кеден органы) декларанттың дәлелді жазбаша өтінішінің негізінде тауарды әкелгенге дейін береді.

2. Кеден органының рұқсатты беру тәртібі

      4. Рұқсатты алу үшін декларант кеден органына еркін нысанда мынадай:
      1) декларанттың атауы, орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, есеп шоты ашылған банктің атауы мен заңды мекенжайы және шоттың нөмірі;
      2) сыртқы сауда шартының (келісімшарт және оған (шарт лизингін қоса алғанда) қосымшалар) деректемелері және сыртқы сауда шартының ажырамас бөлігі болып табылатын ерекшеліктері (шарттың нөмірі, жасалған күні және оның қолданылу мерзімі, оған ерекшеліктердің нөмірі мен күні, шарттың жалпы сомасы, шарт бойынша жеткізу мен төлем шарттары және т.б.);
      3) машинаның атауы және КО СЭҚ ТН бойынша сыныптама коды;
      4) кедендік тазалау үшін машинаның барлық құрамдастарын бір уақытта декларациялаудың мүмкін болмау себептері;
      5) машинаның барлық құрамдастарын жеткізу жүзеге асырылатын мерзім туралы мәліметтер көрсетілетін жазбаша өтініш береді.
      Егер машинаны кедендік декларациялауды кедендік өкіл жүргізген жағдайда, өтініште тұлғаны кедендік өкілдер тізіліміне енгізуді растайтын мәліметтер көрсетіледі.
      Декларант өтінішке қол қояды және мөрімен куәландырады (заңды тұлғалар үшін - міндетті түрде; өзге тұлғалар үшін - ол болған жағдайда).
      5. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай:
      1) тіркеу құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) декларантты салық төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) банктен банк шоты ашылғаны туралы анықтама;
      4) оған сәйкес машина құрамдастарын жеткізу жүзеге асырылатын (лизинг шартын қоса алғанда) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген тауарды жиналмаған түрдегі сыныптау туралы шешімнің түпнұсқасы (бұдан әрі - тауарды жиналмаған түрде сыныптау туралы шешім);
      6) қағаз және электронды түрде тауарлардың тізімі түрінде ресімделген сыртқы сауда шартының (келісімшартының) ажырамас бөлігі болып табылатын машинаға егжей-тегжейлі ерекшелігі;
      7) оларды КО СЭҚ ТН-ға сәйкес бір мәнді сыныптауға, сәйкестендіруге, саны және номенклатурасы бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік беретін машинаның жекелеген құрамдастарының сипаттамасы;
      8) позициялар бойынша орналасқан функционалдық блоктары мен жекелеген құрамдастары көрсетілген машинаның жинақтау (монтаждау) сызбасы (схемасы) қоса беріледі.
      6. Кеден органдары өтінішті оған қоса берілген құжаттармен оны тіркеген күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      7. Рұқсатты кеден органы басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолымен осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш данада жазбаша түрде кеден органы ресімдейді.
      Рұқсаттың тіркеу нөмірін осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда рұқсаттарды тіркеу журналы бойынша кеден органы береді. Осы Қағидада белгіленген тәртіппен алты айдан аспайтын мерзімге декларанттың дәлелді жазбаша өтінішімен ұзартылуы мүмкін рұқсатты қолдану мерзімі бір жылды құрайды.
      Рұқсаттың бір данасы декларантқа беріледі, екінші данасы машинаға кедендік тазарту жүргізілетін кеден органына жолданады, үшіншісі - рұқсатты берген кеден органында қалады.
      Кеден органы рұқсаттың екінші данасымен бірге жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің және осы Қағиданың 5-тармағының 6) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін машинаға кедендік тазарту жүргізетін кеден органына жолдайды.
      8. Рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді кеден органы осы Қағиданың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер ұсынылмаған және (немесе) толық емес ұсынылған немесе өтініштегі және ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген жиналмаған түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда қабылдайды.
      Декларант аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш қайта енгізіледі және осы Қағидада белгіленген тәртіппен қаралады.
      Рұқсат беруден бас тартылған жағдайда кеден органы осы Қағиданың 6-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда декларантқа хабарлайды.

3. Рұқсатты ұзартудың, тоқтата тұрудың немесе кері қайтарудың тәртібі

      9. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант оның аяқталу мерзімінен кешіктірмей рұқсат берген кеден органына ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса ұзартудың себептерін негіздей отырып жазбаша өтініш береді.
      10. Кеден органы өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы декларанттың өтінішін қарайды.
      11. Кеден органы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту немесе оны ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілген мерзім алдындағы мерзім аяқталған күнінен бастап ұзартылады.
      12. Кеден органының рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту не оны ұзартудан бас тарту туралы шешімі декларантқа осы Қағиданың 10-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жазбаша нысанда ұсынылады.
      Рұқсаттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде рұқсаттың тиісті жолында кеден органының уәкілетті лауазымды адамы қабылданған шешім туралы жазба енгізеді. Аталған жазба кеден органының уәкілетті лауазымды адамның қолымен, жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында және осы Қағидада көзделген шарттарды декларант сақтамаған жағдайда кеден органы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      13. Декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша рұқсаттың қолданылуы үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
      14. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім өтініш тіркелген күнінен бес жұмыс күні ішінде кеден органы бастығының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
      15. Осы Қағиданың 14-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күнінен бастап рұқсат бойынша машинаны кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға жол берілмейді.
      16. Декларанттың жазбаша өтініші бойынша не рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін негіз болған себептер жойылғаннан кейін оның қолданылуы кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бес жұмыс күні ішінде қайта жаңартылады.
      17. Кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның рұқсаттың қолданылуын тоқтату немесе оның қолданылуын қайта жаңарту туралы бұйрығы қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат декларантқа жазбаша түрде жолданады.
      18. Рұқсатты кеден органы:
      1) декларант біле тұра дұрыс емес мәліметтер ұсынған;
      2) рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде декларант кеден ісі саласында бірнеше қайтара әкімшілік құқық бұзушылық және (немесе) қылмыс жасаған;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және жойылған жағдайларда;
      4) декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша рұқсатты кері қайтарып алуы мүмкін.
      19. Рұқсатты кері қайтару туралы шешім бұйрық қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда декларантқа почта не факсимильді байланыспен, қолма-қол не электрондық почта бойынша жолданатын кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің 
тауар номенклатурасы бойынша бір
сыныптама коды көрсетіле отырып,
белгіленген уақыт кезеңі ішінде
өткізілетін жиналмаған немесе  
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып 
бітпеген түрдегі тауарларды   
декларациялауға кеден органының
рұқсат беру қағидасына    
1-қосымша           

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама коды көрсетіле отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсат

№ _________ рұқсат

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
             (декларанттың атауы, заңды мекенжайы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
                (құжат туралы жалпы мәліметтер)

Жиналмаған түрде тауарды сыныптау туралы шешімнің № _____________
Машинаның атауы және оның КО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды _______
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Машинаның құрамдас элементтерінің атауы және оның КО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды ___________________________________________________
Машинаның жалпы кедендік құны ___________________________________
Машинаның таза салмағы (кг) _____________________________________
Кедендік тазарту жүргізілетін кеден органы ______________________
_________________________________________________________________
                    (кеден органының атауы)
Тауарды әкелу мерзімі ___________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі _____________________________________
Өзге мәліметтер _________________________________________________
                                 (ерекше белгілері)
Кеден органының басшысы ________________ ________________________
                             (қолы)               Т.А.Ә

      М.О.

Сыртқы экономикалық қызметтің 
тауар номенклатурасы бойынша бір
сыныптама коды көрсетіле отырып,
белгіленген уақыт кезеңі ішінде
өткізілетін жиналмаған немесе  
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып 
бітпеген түрдегі тауарларды   
декларациялауға кеден органының
рұқсат беру қағидасына    
2-қосымша           

Рұқсаттарды тіркеу журналы

Рұқсаттың №

Рұқсаттың қолданылу мерзімі (ККААЖЖ)

Сыныптау туралы шешімнің №

Декларанттың атауы

Шарттың (келісім-шарттың/ерекшеленетін) деректемелері

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

КО СЭҚ ТН бойынша машинаның коды

Машинаның жалпы кедендік құны/таза салмағы (кг)

Машинаның барлық құрамдастарын жеткізу мерзімі

Өзге мәліметтер

6

7

8

9

      Ескертпе:
      Рұқсаттың нөмірі мына түрде қалыптастырылады:
      ХХХХХ-ХХХХХ/ККААЖЖ/0000, мұнда:
        1     2     3     4
      1) ХХХХХ - рұқсатты берген кеден органының коды;
      2) ХХХХХ - кедендік тазартуды жүргізетін кеден органының коды;
      3) ККААЖЖ - рұқсатты беру күні (күні, айы және соңғы екі сан ағымдағы жыл);
      4) 0000 - рұқсаттың реттік саны.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1039 қаулысымен 
бекітілген    

Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 295-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазарту тәртібін айқындайды.
      2. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар (бұдан әрі - машина) деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90-тауар топтарында жіктелетін өзге қондырғылар түсініледі.
      3. Осы Қағиданың ережелері кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында өзара саудада кеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізілетін кеден одағының тауарларына қолданылмайды.
      4. Машинаны кедендік декларациялау кезінде алдын ала, толық емес, мерзімдік және уақытша кедендік декларация қолданылмайды.
      5. Машинаның құрамдастарын уақытша сақтау Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Машинаны кедендік декларациялаудың тәртібі

      6. Машинаның құрамдастарын КО СЭҚ ТН бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, кедендік декларациялауды декларант немесе кедендік өкіл, мынадай:
      1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген, оларды әкелу белгілі уақыт кезеңі ішінде әр түрлі тауар легімен болжанған жиналмаған түрдегі немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімнің (бұдан әрі - жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген КО СЭҚ ТН бір кодын көрсете отырып, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсаттың (бұдан әрі - рұқсат) болуы;
      2) машинаның барлық құрамдастарының рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде бір сыртқы сауда шарты (лизинг шартын қоса алғанда, келісімшарт) бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде бір алушының мекенжайына жеткізілуі;
      3) декларацияны декларант немесе кедендік өкіл рұқсатта көрсетілген кеден органына ғана беруі;
      4) декларантта кедендік төлемдерді, салықтарды және олар бойынша өсімпұлдарды төлеу бойынша берешегінің болмауы шарттары сақталған кезде кейіннен машинаға толық декларацияны ұсына отырып, машина құрамдастарының әрбір жекелеген жеткізіліміне тауарларға декларацияны (бұдан әрі - декларация) ұсыну жолымен жүргізіледі.
      7. Машинаны кедендік декларациялау кезінде тауарларды кедендік декларациялау үшін алым машина құрамдастарының әрбір жекелеген жеткізіліміне декларация берілгенге дейін немесе бір уақытта, сондай-ақ машинаға толық декларация берген кезде төленеді.
      Кедендік баждар, салықтар халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен төленеді.
      8. Машинаны кедендік декларациялау кезінде декларацияны беру кеден органына мынадай құжаттарды ұсынумен қатар жүруі тиіс:
      1) Кодекстің 281-бабында көзделген құжаттар;
      2) жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің түпнұсқасы және оған қосымша (машина құрамдастарын алғашқы жеткізу кезінде ұсынылады, кейінгі кезде - декларант куәландырған көшірмесі);
      3) рұқсаттың түпнұсқасы (машина құрамдастарын алғашқы жеткізу кезінде ұсынылады, кейінгі кезде - декларант куәландырған көшірмесі);
      4) машина құрамдастарының шығарылған елін растайтын құжаттар;
      5) рұқсатта белгіленген мерзімдерде толық декларацияны беру туралы жазбаша міндеттеме.
      9. Машина құрамдастарын кедендік декларациялау кезінде декларацияның жекелеген бағандары мынадай ерекшеліктерді ескере отырып толтырылады:
      1) «Жүк орындары мен тауарлардың сипаттамасы» деген 31-бағанда:
      1.1 нөмірімен жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің негізінде машинаның атауы көрсетіледі;
      1.2 нөмірімен жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімге қосымшаға сәйкес машина құрамдасының атауы көрсетіледі;
      1.3 нөмірімен сыныптау туралы шешімге қосымшаға сәйкес КО СЭҚ ТН бойынша машинаның декларацияланатын құрамдасының он таңбалы сыныптама коды көрсетіледі.
      2) «Тауар коды» 33-бағанында сыныптау туралы шешімге сәйкес КО СЭҚ ТН бойынша машинаның он таңбалы сыныптау коды көрсетіледі.
      Декларацияның қалған бағандары жалпы белгіленген тәртіппен толтырылады.
      10. Ішкі тұтыну кедендік рәсімімен орналастырылған машинаның құрамдастары толық декларация бойынша машинаны шығарғанға дейін үшінші тұлғаға беру құқығынсыз шартты түрде шығарылған болып есептеледі.
      11. Машина құрамдастарының соңғы легі шығарылған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей машина құрамдастарының барлық жеткізілімдерін ескере отырып, машинаға толық декларация беріледі.
      Толық декларацияға олар бойынша машина құрамдастары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған декларацияның көшірмелері қоса беріледі.
      Толық декларация шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған машинаның құрамдастары кеден одағының тауарлары мәртебесін алады.
      12. Жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімге қосымшада көрсетілмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына өткізу кезінде оларға осы Қағиданың талаптары қолданылмайды, бұл ретте мұндай тауарлар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен декларацияланады.

3. Машинаны кедендік тазарту тәртібі

      13. КО СЭҚ ТН бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, машинаның құрамдастарын кедендік тазалауды декларант немесе кедендік өкіл осы Қағиданың 2-бөлімінде белгіленген тәртіппен және шарттарда кейіннен машинаға толық декларацияны ұсына отырып, машина құрамдастарының әрбір жекелеген жеткізіліміне декларацияны ұсыну жолымен жүргізеді.
      14. Машинаны және машина құрамдастарын кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүргізеді.
      15. Машинаны және машина құрамдастарын кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам әкелінетін машинаны сәйкестендіру мақсатында Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген тауарларға кедендік тексеруді жүргізеді.
      16. Егер машинаны және машинаның құрамдастарын кедендік тазарту кезінде пайда болған мәселелерді түсіндіру үшін арнайы танымдар талап етілген жағдайда уәкілетті лауазымды адам көрсетілген тауарларды Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен кедендік сараптамаға жолдайды.
      17. Машина құрамдастарына кедендік тазалауды жүргізген кеден органы рұқсатта белгіленген уақыт ішінде машинаның жекелеген құрамдастырының әр жеткізілімінің қозғалысына және олардың мақсатты пайдалануын іс жүзінде есепке алуды және бақылауды жүргізеді.
      Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы қажет болған кезде декларанттан машина құрамдастарының бухгалтерлік және қойма есебінің құжаттарына сұрау салады.
      Машина құрамдастарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша машинаның құрамдастарын есепке алу журналында жүргізіледі. Журнал соңғы жазба салынған сәтінен бастап бес жыл ішінде кеден органында сақталады.
      18. Уәкілетті лауазымды адам кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде уәкілетті лауазымды адам және (немесе) кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

Белгіленген уақыт кезеңі ішінде  
өткізілетін жиналмаған немесе   
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде 
жиынтықталмаған немесе жасалып   
бітпеген түрдегі тауарларды кедендік
декларациялау және кедендік     
тазарту қағидасына         
қосымша               

Машина компоненттерін есепке алу журналы

Р/с №

Декларант

Шарттың, ерекшеліктің № мен күні

Машинаның атауы мен саны (қосымша өлшем бірлігі)

Машина құрамдастарының атауы мен саны (қосымша өлшем бірлігі)

Машина құрамдастарына ТД №

Машинаға толық ТД №

Кедендік тазалауды жүргізген адамның Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе:
      журналда машина құрамдастарының әр жеткізілімі бойынша деректер көрсетіледі